Орман қорын қорғау, кешенді пайдалану мәселелер



Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
3
Негізгі бөлім

2.1 Қазақстанның жер ресурстары
5

2.2 Орман қорын қорғау, кешенді пайдалану мәселелері
10

2.3 Қазақстан жайылымды жер ресурстарының экологиялық мәселелері мен оны шешу жолдары

16

2.4 Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану және оны қорғаудың басты бағыттары

22
Қорытынды
26
Қолданылған әдебиеттер тізімі
28

Кіріспе

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы қоғамдық өндірістің табиғи ортамен үйлесімділігін қалайды. Өндіргіш күштер, жалпы қоғам табиғи ортада және табиғат ресурстарын пайдаланып дамиды. Табиғи ортаның тазалығы қоғамның дамуының басты шарты. Аталған үйлесімділікке табиғат қорғау мен пайдалануды ғылыми негізде басқару арқылы қол жеткізуге болады.
Қазақстан өз жерінің табиғат ресурстарына толық ие болған шақта, оларды игеру мен өндіруге бұрынғы қалыптасқан көзқарасын түбегейлі өзгертіп, өзінің негізгі байлығының бірі - табиғат шикізатын пайдалануда үнемділік, аймақтық экономикалық және экологиялық қауіпсіздікпен республика экономикасының тұрақты дамуына негізделген жаңа экономикалық саясат қалыптастыруы қажет. Осындай кезек күттірмес келелі мәселені жүзеге асырудың бірден-бір құралы табиғат ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау төлемдері мен салық жүйелерін ғылыми тұрғыдан негіздей отырып іс-тәжірибеге енгізу болып табылады.
Табиғатты қорғауды, тиімді пайдалануды ынталандырудың маңызды тетіктерінің бірі - табиғат пайдалану төлемдері. Ынталандыру табиғат пайдалану төлемдерінің ең негізгі қызметі болып табылады. Төлемдер табиғат пайдаланушылардың оны қорғауға, үнемдеп пайдалануға, сол аймақтың экологиялық теңдігін сақтауға жауапкершілікті арттыратын бірден-бір экономикалық механизм. Ресурстарды төлемсіз пайдалану ысырапшылдыққа әкеп соқтырғанын көп жылдық тәжірибеміз өте жақсы көрсетті. Табиғат пайдалануды қаншама мөлшерлеп шектегенмен, төлемдер механизмі қолданылмаса аса нәтижелі болмайды.
Қоғамның өндірістік дамуына байланысты адамның табиғи ортаға әсері; табиғат байлығын, табиғи күштерді пайдалануы артып келеді. Бұл әсер екі сипатта. Бір жағынан, ғылыми-техникалық жетістіктің арқасында табиғи орта жақсартылады, оның қорын молайтып, ұқыпты пайдалануға мүмкіндік туады. Мысалға, шөлді және шөлейт жерлерді суландыру, орман отырғызу, жерді көгалдандыру, өсімдіктердің құнды түрлерін көбейту, жалпы табиғи ортаны, ондағы өсімдіктер, жан-жануарлар дүниесін қорғауды атауға болады.
Ал екінші жағынан, табиғи ортаны бүлдіру ауқымы да артып келеді. Мысалы, өндірістің кері әсері ретінде табиғат байлығының түгесілуін, судың, жердің, атмосфераның ластануын, орманның жойылуын, жердің тозуын, ауыл шаруашылық жерлерінің қазба жұмыстарын жүргізуге, құрылыстар салуға бөлінуін айтуға болады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Егер біз бүгінгі күні өмір сүру сапасы жалпы платнета деңгейінде немесе жекелеген елдердің экономикасында болмасын арта түсті десек бұл табиғат берген мүмкіндіктің арқасында екенін мойындамауға болмайды. Бірақ бұл ылғида осылай бола береді екен, басқаша айтқанда шексіздікке дейін соққыла береді екен десек қателесеміз. Табиғаттың берер сыйының, ұсынар тартуының шегі бар. Мұның сыртында табиғатты дұрыс пайдалана білмеу оның байлық көздерінің сарқылуына әкеліп қана қоймайды, сонымен бірге оған кейін түзеуге болмайтындай қатер төндіреді. Демек, қазіргі таңда табиғатты дұрыс, кешенді пайдалана алуды тек табиғат жанашырлары мен бар күш жігерін осы бағытқа жұмылдырып жүргендер, түрлі деңгейдегі басшылар мен өндірушілер ғана біліп қоймай, бүкіл адамзат атаулының Жер деп аталатын жалғыз ғана ортақ үйінің барлық тұрғындары білуі тиіс. Және бұл қағида біреулердің бұл туарсында білгісі келе ме, келмей ме оған қатыссыз дүние. Демек, табиғатты қорғау, аялау, оны экономикалық тұрғыдан дұрыс пайдала білу әр адамның бүгінгілер мен келешек ұрпақ алдындағы маңызды міндеті мен бұлтартпас борышы.
Табиғат ресурстарын пайдалану үшін төлем төлеу табиғатты төлемді, әрі ұтымды пайдаланудың басты бір құрамдас элементі ретінде, экономикалық географияның негізгі бір жаңа бөлімі болмақ. Бұл жаңа бөлімнің пайда болуы экономикалық және әлеуметтік географияны бұрынғыдан да гөрі экономикалық ғылымдармен әлдеқайда етене, жақынырақ байланыстырады, ал табиғатты ұтымды пайдалану мәселесі төңірегіндегі қоғамдық-экономикалық қатынастар нарықтық әдістермен, негізінен табиғи рестурстарды пайдалану үшін төлем төлеумен реттеледі. Себебі, экономикалық және әлеуметтік географияның орналастыру мен бағалау бөлімдерінен табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем белгілеу бөлімінің айырмашылығы ол жоспарлық есеп беру, шаруашылықтық есеп сияқты болып табылады. яғни табиғи ресурстардың игерілу барысында шұғыл түрде реттеушілік танытады, сондықтан табиғат ресурстарын пайдалану үшін төлем төлеуді іс жүзінде қолдану экономикалық және әлеуметтік географияны экономикалық ғылымдармен және халық шаруашылығындағы іс-тәжірибемен бұрынғыдан да жақындастырады. Табиғат ресурстарын пайдалануға төлем жүйесін енгізу арқылы, табиғатты пайдалануда басым болып келген басқарудың әкімшілік-әміршілдік, жоспарлы-орналастыру әдістерінен басқарудың экономикалық-нарықтық әдісіне басымдылықпен өтеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Казақстанның биологияық қорларын қорғау және тиімді пайдалану мәселелерін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарына сипаттама беру;
- табиғат кешендерінің өзара байланысын, қоғамдық өндіріске қатынасын анықтау;
- табиғи ресурстарды тиімді пайдалану үшін төлем жүйесінің орны мен рөлі жайында ұғым қалыптастыру.

Негізгі бөлім

2.1 Қазақстанның жер ресурстары

Жер шарының түгелдей дерлік аймақтарында көрініс тапқан осы зардаптар адамдар тарапынан олардың қоршаған ортаны сақтауға тікелей тәуелді екндігін түсінуіне , табиғат қорғау проблемасына жауапкершілік көзқарастың қалыптасуына алып келді. Көптеген жүзжылдықтар бойы адамзат өзінің тіршілігін өндірістің қарқынды дамуымен байланыстырып, алынған өнімнің басым бөлігін өндірісті одан әрі дамытуға жұмсады. Бұдан қорытындылайтынымыз табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және оларды сақтау, қалпына келтіру тірі табиғатты, адамды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінен алшақтағандығында.
Адам - табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адам табиғатқа тәуелді. Сондықтан өзінің өмір сүріп, өсіп-өнетін, іс-қимыл жасайтын, аяулы армандарын жүзеге асыратын ортасы, күнкөріс көзі болып табылатын табиғатқа адамның қалай болса солай емес, аялай есіркей қарауы - оның перзенттік міндеті.
Табиғаттың тілін тауып, сырын тану арқылы оны жасартып, жаңғыртуға ғылыми практикалық үлес қосқан көрнекті табиғат зерттеуші ғалым И.В Мичуриннің өзіі большевиктік желікке бой алдырып, ашқан жаңалықтарынана жалған қорытынды шығарды: Біз табиғаттан рақымшылық күтіп отыра алмаймыз, оның бермегенін күшпен тартып аламыз , - деп, аракідік айтылып қап жүрген пікірді одан сайын асқындырып жіберді.
Ф.Н.Реймерс бойынша жүйелі түрде пайдаланатын немесе белгілі бір шаруашылық мақсатта пайдалануға болатын жерді жер ресурстары деп түсінеді. Жер ресурстарды төмендегідей мағынада түсінуге болады: а) егістік жер ресурстары; б) ауылдық жарамды барлық жерлерді; в) аумақтық (территориялық) ресурстар. Әдетте, бұл термин а) және б) мағынада түсінеді.
Белгілі бір жағдайды сақтап үздіксіз пайдаланған жағдайда жер ресурстары қалпына келетін ресурс деп есептейді. Егістік мақсатпен пайдаланғанда жер ресурстары өңдеу құралы болып табылады. Мұндай жағдайда табиғаттан жер ресурстары емес, оның көмегімен пайда болған өсімдік өнімдері алынады.
Жер ресурстарын пайдалануда барлық табиғи компоненттердің өзара байланысқан ықпалы айқын байқалады - жанама болып ландшафттың негізгі компоненттердің әрекеттестігін интегралды сәулелендіретін топырақ арқылы және тікелей, себебі жер бедері климаттың, сулардың, өсімдіктердің және жануарлардың сипаты ауыл шаруашылық әрекеттің нәтижесіне тіке ықпалы бар. Сондықтан топырақты немесе әдебиетте жиі айтылатын топырақ - климаттық ресурстары ауыл шаруашылық деп қарастыру бірнеше авторлар
дұрыс емес деп есептейді.
А.А. Минц бойынша ауыл шарауашылық ресурстар деп табиғи кешендерді түсінеміз, (ландшафт, мекеннің типтері т.с.с.). Яғни, ауыл шаруашылық ресурстардың бас қасиеттері табиғи территориалдық кешеннің қалыптасу заңдылықтарымен анықталады. Осыған байланысты жерді шаруашылықта пайдаланудың географиялық айыпмашылықтар пайда болады.
Құнарлық немесе биологиялық өнімділік ауыл шаруашылықта пайдаланатын жердің негізгі қасиеті болғандықтан табиғи шарттанған өнімділік деңгейіндегі географиялық айырмашылықтарды анықтау негізгі орын алады.
Жердің бас қасиеті, оны пайдаланудағы әмбебаптылығында. Себебі адамның іс - әрекетінің барлық түрлері жер пайдаланумен байланысты, жер еңбектің предметі және еңбектің жалпы құралы, яғни кез - келген материалдық өндірістің қажетті шарты.
Пайдаланудың белгілі бір түрлері арасында, жер бөлістірудің әлеуметтік, экономикалық факторлармен анықталатын стихиялық немесе жоспарлы механизм қалыптасуының алғышарттары болып территорияның шектелуімен ауыспашылығы, оны пайдаланудың көптеген түрлерінің бір - бірін жоққа шығаратындық сипаты болып табылады.
Әдетте пайдаланатын ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері ондай көп емес, себебі дақылдардың түрлері әрбір ауданда экономикалық және басқа да себептер бойынша ауыл шаруашылық бағытымен таңдалады, бірақ уақыт бойы қатты өзгеруі мүмкін. Таралу аймақ шегінде дақылдардың өнімділігіндегі үлкен географиялық айырмашылықтар, осындай таңдауға әсер ететіні негізгі факторлардың бірі. Дақылдардың әртүрлі экологиялық талаптарының себебінен әрбір дақылдың өнімділігінің айырмашылық сипаты ерекше болады.
Жердің әрбір түрінің өнімділігінің айырмашылығына, онда егілетін жеке бір дақыл егудің экологиялық тімділігі, сонымен бірге жалпы ауыл шаруашылық өндірістің тиімділігі тәуелді.
Қазақстан аса зор жер қорына ие. Егістікке жарамды жердің жалпы ауданы 2001 жылдың 1 қаңтарында 30,2 млн. га болды. Жайылымдық және шабындық жерлер 190 млн. гп. Республикамыздағы жайылымдық жерлердің негізгі бөлігі шөл және шөлейт зоналарында жатыр.
Ландшафтардың шөлге айналуы. Шөлді экожүйелердің жоғарғы температурада дамуы қазіргі уақыттың глобальды проблемасы. Шөлге айналу себептері: табиғи және антропогендік . Қазақстанда шөлдер мен шөлейттердің биологиялық өнімділігінің кему себептері антропогендік әрекет: жайылымдар дигродациясы,топырақтың тұздануы , техногенез болып табылады. Қазақстан территориясының 60% жуығы шөлге айналу процестерін өткеруде.
Топырақ жер ресурстарының дегредациясы.Топырақ жер ресурстарын қорғау проблемасы Жердің көптеген региондары үшін актуалды болып табылады. Қазақстанда Солтүстік Қазақстан далалық зоналарының топырақ эрозиясы мен дегулификациясы (өнімділіктің кемуі) неғұрлым үлкен қауіп төндіруде.
Қазақстанның биологиялық ресурстары.
Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі.
Республикамыздың флорасы бай және сан алуан. Елімізде өсімдіктердің 400 - ден аса, ал дәрілік өсімдіктердің 250 - ден аса түрі кездеседі.
Мұнда омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың 500 - ге жуық, бауырымен жорғалаушылардың - 49, қосмекенділердің - 12 , балықтың - 104, дөңгелек ауыздылар немесе балық тәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез - келген адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна, қаз, аққу, бүркіт, қараторғай, бұлбұл, улы сұр жылан, бақа, алабұға , шортан және тағы басқалар кездеседі.
Қазіргі уақытта сүт қоректілердің 130 түрі мен құстардың 450 түрінен (оның 350 түрі ұялайды) тұрады. Қазақстан палеарктикалық - зоогеографиялық облысқа кіреді. Қазақстанның жануарлар дүниесі барлық палеарктикалық аймақ сияқты пайда болуы мен қалыптасуы жағынан жас. Оның қалыптасуына жануарлардың дамуының жаңа тарихы мен орналасуы, сондай - ақ физикалық - географиялық жағдайлар үлкен рөл атқарған. Жануарлар дүниесінің үштік және төоттік дәірдегі даму тарихы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас.
Республикада ормандар тек 3,8% алып жатыр. Сонымен қатар орманның жартысы - сексеуілдер, бұларсыз ормандар 1,7% құрайды. Орманды жерлердің 10%- ы Шығыс Қазақстанда, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында .
Қазақстанның орман қоры 21 млн. гектар, ол жалпы жер көлемінің 3,5 пайызын алады. Орман өндірісте бағалы материал ғана емес, сонымен қатар топырақты эрозиядан сақтау, құм көшкінін тоқтату, суды реттеу, егінді қорғау, атмосфераны шаң - тозаңнан тазартуда оның маңызы зор. Сонымен қатар орман ағаштары қуаңшылық пен аңызақ желден сақтайды.
Республиканың орманды алқаптарына көз жүгіртсек, солтүстік бөлігінде қайыңды , қарағайлы орман, шығысында Алтай тауы бөктерінде майқарағай, балқарағай, сібір шыршасы орманы, оңтүстік бөлігіндегі таулардың теріскей беткейінде тянь - шань шыршасы, оңтүстіктегі шөлді аймақта сексеуіл, ал өзендердің бойында жиде, тораңғыл, жыңғыл, шырғанақ тоғайы өсетінін байқаймыз. Ел байлығы - орман ресурсын сақтай білудің маңызы зор. Орман - жан - жануарлырдың мекені, адамдар тынығатын орны. Орман ресурсына ең еөп залал келтіретін тілсіз жау - өрт. Өртке басты себеп адамдардың ұқыпсыздығы. Орман алқаптарын ұқыпты пайдалану, оларды қорғау бүкіл халық алдындағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Биологиялық әртүрлілік. Флора түрлерінің сан алуандығы: Қазақстан флорасы бірқатар бағалаулар бойынша 13 000-нан астам түрді, оның ішінде биік сабақты тамырлы өсімдіктердің 5754-тен астам түрін, саңырауқұлақтардың 5000-ға жуық, қыналардың - 485, балдырлардың - 2000-ға жуық, мүк тәрізділердің - 500-ге жуық түрін қамтиды. Өсімдіктер арасында түрлердің 14%-ы эндемиктер болып табылады.
Қазақстан өсімдіктері тым алуан түрлі. Негізгілердің ішінде - Еуразияда кеңінен таралған өсімдіктер түрлері бар. Ең көп алқапты өсімдіктердің далада және шөлде өсетін түрлері алып жатыр. Олардан басқа Тундрада, шабындықтарда, ормандарда, бұталарда және батпақты жерлерде кездесетін түрлер тән.
Орта Азияның шөлейт өңірлерімен байланысты сирек кездесетін өзіндік ерекшелігі бар түрлер арасында арша жыңғылдарын, умбелярларды, саванналық, фриганоидты (тікенек бұталы және жусанды-тау) түрлерді, ал 2 континентальдық Азия тауларымен байланысты - криофитті - жастықшалы түрлерді атау керек.
Қазақстанда флора эндемизімінің орталықтары (Қаратау таулары, Батыс Тянь-Шань) бірегей табиғи кешендері - құмдардағы қарағай тоғайлары (Ара және Аманқарағай, Наурызым); Орталық Қазақстанның аласа жоталарының далалық кешендері; Бетпақдаланың, Оңтүстік Балқаш өңірінің Іле ойпатының; Оңтүстік Алтайдың, Қалба тауларының және Тарбағатайдың, Жоңғар Алатауының орташа тау жоталарының флоралық композициясы бойынша бірегей шөл қауымдастықтары және қылқан жапырақты шыршалы ормандары мен алма ормандарының үзіктері бар Тянь-Шанның осындай қауымдастықтағы; Жайықтың төменгі саласының Торғай үстіртінің, теңіз, Алакөл көлдерінің сулы-батпақты экожүйелері; Сырдарияның, Іленің, Шарынның жайылма ормандары (тоғайлары) орналасқан. Ормандар өсімдіктерінің қауымдастықтары ағаш тұқымдыларының кең көлемді түр құрамын қамтиды - олардың 108 түрі мен бұталардың 310 түрі бар. Республиканың солтүстігіндегі қылқан жапырақты ормандар қарағайлы ормандар болып келеді, Шығыста және Оңтүстік Шығыста майқарағай, балқарағай, самырсын, шырша ағаштарынан тұратын ормандар өседі.
Жұмсақ жапырақты тұқымдылар арасында бәрінен де қайың, қатты жапырақты тұқымдыларда - сексеуіл кең тараған. Орман - дала аймағындағы ормандар орман көмкермеген учаскелерде далаға айналған шабындықтар мен шабындығы жайқалған далалар кездесетін көктерек пен талдар араласқан - негізінен қайың шоқ тоғайлары өседі.
Далалы аймақта ормандар ойпатты жерлерде орналасқан және қайың мен көктерек ормандары, ал құмайтты жерлерде - негізінен қарағай тоғайлары өседі. Қазақстанда жайылма ормандарда теректер, емендер, үйеңкілер, талдар және басқа да ағаштардан тұрады. Шөлейтті ормандарда негізінен қара және ақ сексеуіл өседі. Алтайдың Сауырдың, Солтүстік Тянь-Шанның, Жоңғар Алатауының, Батыс Тянь- Шанның таулы ормандары жоғары деңгейдегі биологиялық әртүрлілікпен сипатталады. Осы таулардың төменгі жиегінде жапырақты ормандар өседі, орта тау жоталарының қылқан жапырақты ормандар - самырсындар, балқарағайлар, шыршалар, жапырақты ағаштар алып жатыр. Биіктеген сайын аршалар мен Альпі шабындықтары көбейеді. Қазақстанда ғаламдық маңызы бар өсімдіктердің агробиологиялық әртүрлілігінің бірегей генетикалық ресурстары шоғырланған. Олар 24 ауылшаруашылығы дақылдарының генетикалық әлеуетін айқындайтын өсімдіктердің 194 түрін қамтиды. Олардың бірқатары ауыл шаруашылығын дамыту үшін де - экспорттық әлеуетті кеңейту үшін де елеулі құндылықты құрайды. Жемістердің аграрлық-биологиялық әртүрлілігі, ең алдымен жабайы Сиверс алмасының және кәдімгі сары өріктің әртүрлілігі дүниежүзіне танымал болды. Олар Батыс Тянь-Шанның, Қаратауды, Қырғыз Алатауының, Іле Алтауының, Кентменнің, 3 Жоңғар Алатауының және Тарбағатайдың таулы ормандарында өседі. Сондай- ақ, нағыз пістенің, кәдімгі бадамның және шараптық жүзімнің .
Қазақстандық генетикалық ресурстары зор, ең алдымен экономикалық перспективамен сипатталады. Фауна түрлерінің сан алуандығы. Қазақстанның қазіргі фаунасы бай және аз зерттелген. Болжаммен алғанда осында омыртқасыз жануарлардың кем дегенде 80 000 түрі, оның ішінде жәндіктердің кемінде 50 000 түрі мекендейтінін айтсақ та жеткілікті. Қазіргі кезде Қазақстан фаунасында кездесетін жәндіктердің 550 тұқымдыларының 100-ге жуығы ғана белгілі бір дәрежеде зерттелген және анықталған түр құрамы 40%-дан аспайды. Омыртқасыздардың көптеген басқа сыныптары үшін тіпті ел аумағында кездесетін түрлердің бастапқы тізімдері де жоқ. Нақ қазіргі сәтте әртүрлі дәрежеде зерттелген және әртүрлі деңгейде қорғалатын немесе пайдаланылатын 890 түрді қамтитын омыртқалы жануарларға қатысты жағдай әлдеқайда жақсы.

1 кесте Қазақстанның омыртқалы жануарлар түрлерінің саны

Тобы
Түрлерінің саны

Жалпы
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілгендері
ХТҚО Қызыл тізіміне енгізілгендері
Аңшылық түрлері
Дөңгелек ауыздылар
3
1
-

Балықтар
147
17
15

Қос мекенділер
12
3
1

Бауырымен жорғалаушылар
50
10
-

Құстар
500
57
32
59
Сүтқоректілер
178
40
31
34
Қазақстан Еуразияның басқа елдерінде қазірдің өзінде іс жүзінде жойылған, сақталып қалған далалық экожүйелердің орасан зор кеңістігіне ие екенін, осының арқасында далалық түрлер таралымының көпшілік бөлігі міне осында баспана тапқанын атап өту керек. Олар: киік (Saiga tatarica), суыр (Marmota bobac), дала тышқаны (Sicista subtilis), бірқатар тышқан тұқымдастар сияқты және де басқа да ғаламдық деңгейде қатер төнген түрлер, құстардан: ақсұңқар (Circus macrourus), (Chettusia gregaria), степная тиркушка (Glareola nordmanni), ақбас үйрек (Oxyura leucocephala) және де бірқатар құстар. Республика аумағында үй жануарлардың жабайы тектеріне жатқызатын омыртқалылардың түрлері мекендейді, сүтқоректілерден олар - буфлон немесе 4 уриал (Ovis vignei), арқар (О.аттоп), қабан (Sus scrofa), құлан (Equus hemionus), қасқыр (C.lupus), теңбіл мысық (Felis lybica) және басқа бірқатар жануарлар. Құстар арасында бұл ең алдымен барылдауық (Anas platyrhynchos), сұр қаз (Anser anser), бөдене (Coturnix coturnix) және басқалары.
Әртүрлі селекциялық жұмыстарда генетикалық банк көзі ретінде Қазақстан фаунасының рөлі зор арқар-миринос қойлары тұқымын алу генетикалық материалды ойдағыдай пайдалану мысалдарының бірі болып табылады, оны алу кезінде жабайы арқарлар пайдаланылды. Қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушылардан генетикалық ресурс ретінде ең алдымен улы жыландардың түрлері: дала жыланы мен кәдімгі жылан Coluber, Spalerosophis және Elaphe, сондай-ақ дәстүрлі шығыс медицинасында пайдаланылатын: жетісу бақатісі (Ranodon sibiricus), шығыс әбжыланы (Еrух tataricus) және басқалары (Vipera ursinu, V.berus, и Arkistrodon halys) текті кесірткелер Teratoscincus, Crossobamon, Alsophylax, Trapelus, Phrynocephalus, Ablepharus және Eremias түрлері экзотикалық түрлер ретінде өсіруге және экспорттауға бөліп алынады.
Экспорттың маңызды көзі болып табылатын Орта Азия тасбақасы (Agrionemys horsfieldi), бауырымен жорғалаушыларға деген коммерциялық сұранымының мысалы бола алады. Қазақстанның балықтары мен балық тәрізділерінің жалпы саны соңғы бағалауларға сәйкес 145 түрге жуық, алайда осы бағалаудың өзі, сірә, қуаттауды қажет ететін болар. Ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар.
Қоршаған ортаны қорғау объектілерінің тізбесіне балықтар мен балық тәрізділердің 19 түрі енгізілген. Қазақстан су айдындарының кәсіпшілік ихтиофаунасы көпшілік жағдайда климатқа бейімделген түрлерден тұрады. Әуел бастан-ақ, аборигендік ихтиофауналар Қазақстанда 100-ден аса қоймайтын түрден тұратын, бірақ климатқа бейімдеу жұмыстары есебінен біршама молайды (кездейсоқ қоныс аударушыларды қоса алғанда). Балықтар мен дөңгелек ауыздардың бүкіл түр сан алуандылығы ішінен қазіргі кезде будандарды қоса алғанда жасанды жолмен шамамен 5-8 түрі өсіріледі. Олар Каспийдегі бекіре тұқымдылар (Acipenseridae), Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы ақ сақалар (Coregonidae), Қиыр Шығыс шөппен қоректенетін балықтар (ақ Амур - Ctenopharyngodon idella - және дөң маңдайлар - Hypophthalmichthys molitrix, Aristichthys nobilis) негізінен Оңтүстік өңірлерде кездеседі, тұқы тұқымдастар (Сyprinus carpio), сондай-ақ басқа да будандар іс жүзінде барлық жерлерде бірдей мекендейді.

2.2 Орман қорын қорғау, кешенді пайдалану мәселелері

Қазақстан территориясының едәуір бөлігін жайылым мен шабындықтар алып жатыр. Жайылым 183,2 млн. га, шабындық 5,1 млн. га. Жайылымның 27%-і шөл және шөлейтті аймақтарда, 25%-і қүмда, 18%-і тау беткейлерінде, 5%-і ойпаттарда. Шабындықтар негізінен ойпаттарда, су жағалауларында (71%), жазық жерлерде (23%), тауларда (6%) орналасқан.
Жайылымның жемдік қоры 576,6 млн.ц (немесе 296,1 млн.ц жем бірлігі), шабындықта - 58,2 млн.ц (28,2 млн.ц жем бірлігі).
Қазіргі кезде ҚР ӨДМ Жер ресурстарын басқару комитетінің деректері бойынша республикада жайылымдар алқабы 186952,4 мың га құрайды, оның ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланылатыны 61123,3 мың га (33,05%), эрозияға ұшырап, тапталған жайылымдар алқабы - 27127,7 мың га. суландырылған жайылымдар алқабы 59,5 млн. га (31,8%) құрайды, ал елдімекендерге 21,4 млн. га бекітіліп берілген. Жайылымдардың азып-тозған алқаптары мынадай: тау етегіндегі жазықта - 3,8 млн. га, шөлейт аймақта - 13,2 млн. га, орманды дала және дала аймақтарында - 5,9 млн.га. 8,3 млн. га ластанып тапталған жайылымдық жерлер бар. Республикалық өңірлер бойынша тапталған жайылымдардың ең көп бөлігі Атырау (4,1 млн. га), Ақтөбе (3,9 млн. га), Алматы (3,0 млн. га), Батыс Қазақстан (2,5 млн. га), Қызылорда (2,0 млн. га), Ақмола (1,9 млн. га) облыстарында. Осыған байланысты тапталып, азып-тозған жайылымдық экожүйелерді қалпына келтіру және олардың көлемін азайту, шөлейттену процесстерін 39 болдырмау үшін, сондай-ақ тірі ағзаларды мекендеуге жарамды кеңістікпен қамтамасыз етуде неғұрлым маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Жайылымдарды жүйесіз пайдалану - ондағы өсімдік қорының азаюына, әсіресе қүнды өсімдіктердің кемуіне әкеп соғады. Ауыл шаруашылығына берілген жайылымдардың 50-60%-ке дейінгі шамасының жемдік қоры нашарлаған, қүндылығы төмендеген (тақырланған, сортаңданған, бүта, арамшөп, қүм басқан). Әсіресе, құмдауытты, шөлейтті аймақтарда жайылым күйі нашар.
Шабындықтың 18%-і тақырланған, түсімі азайған, 2%-і батпақтанған, 6%-і бұта, арамшөп басқан және эрозияға ұшыраған.
Жайылымды, шабындықты пайдалануды ғылыми негізде жүйеге келтіру өзекті экономикалық мәселе. Олардағы қүнды жемдік өсімдіктерді қорғау, қорын молайту және әр аймақтың өзіне тән өсімдіктер қорын сақтау керек. Мысалы, тау бөктеріндегі шабындықтан қазір 3-7 цга шөп дайындалады, ал ғылыми институт үсынған технология бойынша оны 30-50 ц-ге жеткізуге болады. Жүмсалған шығын бір-екі жылда қайтады.
22 млн. га сортаң жердің өнімділігін 2-3 есе арттыруға болатындығы дәлелденген. Шығын 4-5 жылда қайтарылады.
Жайылымды ғылыми негізде пайдалану арқасында әр гектардан алынатын өнімді 5-6 ц жем бірлігіне дейін арттыруға болады екен, сонымен қоса, суландырылса өнімділігі 8-10 ц-ге дейін артады. Суландырылған жайылымдар Қазақстанның барлық аймағында тиімді.
Шабындықты тиімді пайдалану мақсатында шөп шабу, тасымалдау және сақтау технологияларын жетілдіру қажет, ең бастысы шөптің жемдік қасиетін сақтау, малға сіңімділігін арттыру.
Жайылымды жақсарту үшін құнды өсімдіктердің түқымын жинап, іріктеп, қолдан сеуіп өсірудің қазіргі кезде маңызы артып келеді. Бүл жолмен изен, теріскен, күйреуік, т.б. өсірудің тіиімділігі дәлелденді, бірақ кең қолданыс тапқан жоқ.
Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің 100-ге жуық түрі өседі, бірақ олар барлық аймақтарда толығымен зерттелген жоқ, кейбір аймақтарда олардың таралуы туралы мәліметтер ғана бар. Кейбір өсімдіктөрдің таралу картасы жасалған және дайындауға болатын шамасы бағаланған.
2. Дәрілік, тағамдық, техникалық өсімдіктерді сақтаудың (қорғаудың), тиімді пайдаланудың Қазақстандағы басты бағыттары:
- дайындау, кептіру талаптарын, ережелерін қатаң сақтау;
- өсімдіктер қорының сақталуына, молаюына жағдай туғызу;
- өсімдіктердің өндірістік плантацияларын үйымдастыру;
- зерттеу, қорғау, тарату жүмыстарымен айналысатын қорықтар үйымдастыру.
Соңғы кездері республикамызда балық өнімдері азайып келеді, әсіресе Арал, Балқаш, Алакөл су бассейндерінде. Бүл да табиғатты дүрыс пайдалан-баудың бір көрінісі. Жылдық аулайтын балық шамасы 50 мың т кеміді.
Аралдың балық өндірістік қоры таусылды деуге болады, Кезінде мүнда жылына 20 мың т балық өндірілген. Балқаш балығы 10 мың т, Бүқтырма су қоймасында - 6 мың т, Алакөлде - 30%-ке кеміді. Басқа су қоймаларында да осындай қүбылыс байқалуда.
Осы жағдайларда балық өнімдерін өсірудің басты бағыттары:
- барлық су қоймаларын балықтандыру, балықтың қүнды түрлерін өсіру;
- балық шаруашылығын жетілдіру, жас шабақтарды өсірумен айналысатын шаруашылықтар құру;
- балықты қорғау жүмыстарын жақсарту, мүнда әкімшілік шаралармен қоса экономикалық шараларды кеңінен қолдану;
- су қоймаларын, өзендерді пайдалануды реттеу.
3. Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының болжамы бойынша осындай шаралар жүзеге асырылғанда таяу жылдарда жылдық өнеркәсіптік балық аулау деңгейін 46 мың т арттыруға болады, яғни екі есе арттырып бүрынғы қалпына келтіруге боладыі.
Зоология институтының деректеріне қарағанда, ғасыр басында Қазақстан жерін жабайы аңдар мен жануарлардың 250-ге жуық, құстардың 800-дей түрі мекендеген. Солардың бүгінгі күнге жеткені аңдар мен жануарлардың - 150, құстардың 300-ге тарта түрі ғана.
Кәсіптік маңызы бар тұяқты аңдар саны (мың): қарақүйрық - 540; бұлан - 3,7; қабан - 9,0; марал -18; елік - 25; таутеке - 18. Бұлардың аулауға болатын шегі: бүланның - 10-20%-і, қабанның - 50%-і, маралдың - 10-15%-і, еліктің - 20%-і, таутекенің -10-15%-і, қарақүйрықтың жылына - 75-120 мыңы ауланады.
Аң етін даярлау жүмысын дұрыс жолға қойғанда қазіргіден екі есе артық өнім алуға болады.
Терісі бағалы аңдардың 24 түрі ауланады. Оның ішінде: суыр, байбақ, саршүнақ, ақ тиін, қүндыз, қасқыр, қорқау қасқыр, түлкі, т.б.
Аң терілерін дайындауды 2-3 есе арттыруға мүм-кіндік бар. Ол үшін олардың санын, таралуын анықтап, аулауға болатын шамасын белгілеп, қорғау шараларын жақсарту, аң шаруашылықтарын ұйымдастыру қажет.
Құстарды қорғау үшін олардың тіршілік ету ортасын сақтау қажет, қорықтар, қорықшалар ұйымдастыру маңызды.
Елімізде тұқымы жойылып бара жатқан сирек кездесетін жануарлар "Қызыл кітапқа" тіркелген. Онда жойылу қаупі төнген омыртқалы жануарлардың 18 түрі, олардың 7-і сүт қоректілер, қүстардың 8 түрі, балықтың 3 түрі жазылған. мүнан басқа "Қызыл кітапқа" сирек кездесетін жануарлардың 69 түрі тіркелген.
Өсімдіктер мен жануарларды, табиғат және мәдениет ескерткіштерін қорғау үшін қорықтар, қорықшалар, ұлттық парктер және ерекше қорғалатын территориялар ұйымдастыру аса маңызды. Мұнда оларды қорғаумен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Қазақстанда ұйымдастырылған қорықтар: Ақсу -Жабағылы (1926 ж.), Алматы (1931 ж.), Наурызым (1934 ж.), Қорғалжың (1958 ж.), Марқакөл (1976 ж.), Барсакелмес (1939 ж.), Үстірт (1984 ж.), Батыс Алтай (1992 ж.), Іле Алатауы (1996 ж.).
Ақсу - Жабағылы қорығында сирек кездесетін өсімдіктің - 300 түрі, қүстардың - 259, сүт қоректілердің-42, жәндіктердің-9,балықтың - 2, омыртқылардың - 300түрі бар. Олардың - 21-і "Қызыл кітапқа" тіркелген.
Алматы қорығында қүстардың - 200 түрі, сүт қоректілөрдің - 36, өсімдіктердің - 930 түрі бар. Барсакелместе өсімдіктердің - 256 түрі, сүт қорек-тілердің -11, құстардың - 211, омыртқалылардың -20, құрт-құмырсқалардың - 107 түрі тіркелген. Қорғалжыңда гүлді өсімдіктердің - 331, оның ішінде сирек кездесетіндері - 45, сүт қоректілердің - 38, қүстардың - 298 түрі бар. Марқакөлде тек қана онда өсетін балықтың - 5 түрі бар. Өсімдіктердің - 721, олардың - 4-і "Қызыл кітапқа" тіркелген. Сүт қорөк-тілердің - 59, құстардың - 254 түрі бар, Наурызымда өсімдіктің - 687, омыртқалылардың - 700, қос ме-кенділердің - 42, қүстардың - 260-ы тіркелген. Үстіртте өсімдіктердің - 200, кесірткенің - 17, жыланның - 9, құстардың -111, сүт қоректілердің -44 түрі бар.
Жалпы барлық қорықтарда өсімдіктердің - 950 түрі, жануарлардың - 700, құстардың - 300, жәндіктердің, балықтардың бірнеше түрлері қорғауға алынған.
Елімізде ұйымдастырылған 59 қорықша бар, оның- 39-ы зоологиялық, 17-сі ботаникалық, 1-уі ботаника-геологиялық, 2-уі кешенді. Олар - 5762 мың гектар жерді алып жатыр.
Баянауыл ұлттық паркі 50,5 мың гектар жерді алып жатыр, онда 442 өсімдік түрі, сүт қоректілердің - 40, балықтың - 8, қүстардың - 54 түрі тіршілік етеді. Елімізде төрт табиғат паркі: Қарқаралы, Іле Алатауы, Бурабай, Алтын Емел құрылмақшы. Алғашқы еқеуі туралы шешім қабылданды.
Елімізде мемлекет қорғауында - 25 табиғат ескерткіштері бар, алдағы уақытта тағы - 10-ын ашу көзделіп отыр.
Республикамызда 85-тен астам емдеу-сауықтыру мекемелері жұмыс істейді. Олардың минералды арасан сулары, балшьіғы, тұздары және табиғи аймақтары әр түрлі ауруларды емдеуге пайдаланылады.
Қазақстан орман қорының жері 21.2 млн.га, оның ішінде ағашты алқап - 9.1 млн.га. Орманнан жылына 2.0-2.4 млн. м3 - ге дейін ағаш даярланады, ал есептелген кесуге болатын шамасы 3-3,5 млн. м3 - ге жетеді.
Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге болады. Еліміз жылына 11 млн. м3 - ге жуық (келтірілген шама) ағаш өнімдерін тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстан ормандары негізінене табиғат қорғау қызметін атқарады. Қазақстан орман қорына бай емес. Ағаш және ағаш өнімдерінің басым бөлігі шетелдерден (көпшілігінде Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте өзекті экологиялық, әлеуметтік- экономикалық мәселе.
Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы. Сондықтан орман қорын өсіру, қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспармен жүзеге асырылуы тиіс. Орманда әр жылдық ағаштар өседі. Бұл ағаш өсіру мен оны пайдалануды үйлестіруге мүмкінгдік береді. Яғни ағашты өсіруге, оны қорғауға жұмсалатын шығын мен оның өнімдерін пайдалану процестері үздіксіз қайталанып отырады.
Екінші мәселе- ағаш даярлау (кесу, тасымалдау) жұмыстарын ұқыпты керек. Бұл жұмыстар кезінде жас ағаштардың өсуіне нұқсан келтірмеуі қажет. Ағаш кесу орман ағаштардың құрамына, жасына байланысты белгіленеді. Ағаш даярлау кезінде әсіресе орманда құнды ағаштардың сақталуы, құнды ағаштар кесіліп, және оның орнын басқа құндылығы төмен ағаштар баспауы қадағалануы тиіс. Ағаш даярланғанда оның табиғи өсуіне зиян келтірмейтін, технологиялар қолданылуы керек.
Орман қорын шаруашылықта пайдалану тиімділігін арттыру. Орман қорын экономикалық бағалау ерекшеліктері, бағалау белгісі, көрсеткіштері және әдістері. Орман қорын жаңғырту құндылығын анықтау
Үшінші мәселе - орман қорын кешенді пайдалану. Орманды тек ағаш даярлау үшін емес, оның басқа қызметтерімен үйлесімді пайдалану. Қазақстан ормандарының басым бөлігі 1- топқа жатқызылған, онда тек қана күтіп- баптау, сауықтыру, тазарту кесімдері жүргізіледі. Бұл топтағы ормандар, негізінен экологиялық қызметтер атқарады.
Төртінші мәселе даярланған ағаш қорын кешенді пайдалану, ағаштың сүрегін ғана емес басқа бөліктерін де (бұтақтарын, түбірін, қабығын, қылқанын) пайдалану. Тақтай тілуге жарамсыз құндылығы төмен ағаштарды пайдалану. Қазіргі кезде ағаш даярлау, өңдеу қалдықтарынан, төменгі сортты ағаштардан халық шаруашылығына қажетті көптеген бұйымдар, өнімдер (целлюлоза, картон, қағавз, ДСП, ДВП, жасанды талшық пластмасса, жем, спирт, дрожжи, глюкоза, т.б.) шығарылады.
Қазақстан территориясының едәуір бөлігін жайылым мен шабындықтар алып жатыр. Жайылым 183,2 млн.га, шабындық 5,1 млн.га. Жайылымның 27%-і шөл және шөлейтті аймақтарда, 25%-і құмда, 18%-і тау беткейлерінде, 5%-і ойпаттарда. Шабындықтар негізінен ойпаттарда, су жағалауларында (71%) , жазық жерлерде (23%), тауларда (6%) орналасқан.
Жайылымның жемдік қоры 576,6 млн.ц (немесе 296,1 млн.ц жем бірлігі), шабындықта-58,2 млн.га. (28,2 млн.ц. жем бірлігі).
Жайылымдарды жүйесіз пайдалану- ондағы өсімдік қорының азаюына, әсіресе құнды өсімдіктердің кемуіне әкеп соғады. Ауыл шаруашылығына берілген жайылымдардың 50-60 % -ке дейінгі шамасының жемдік қоры нашарлаған, құндылығы төмендеген (тақырланған, сортаңдаған, бұта, арамшөп, құм басқан). Әсіресе, құмдауыттты, шөлейтті аймақтарда жайылым күйі нашар. Шабындықтың 18%-і тақырланған, түсімі азайған, 2%-і батпақтанған, 6%-і бұта, арамшөп басқан және эрозияға ұшыраған.
Жайылымды , шабындықты пайдалануды ғылыми негізде жүйеге келтіру өзекті экономикалық мәселе. Олардағы құнды жемдік өсімдіктерді қорғау, қорын молайту және әр аймақтың өзіне тән өсімдіктер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман ресурсының негізгі түсініктері
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
Табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Халық шаруашылығындағы орман саласының рөлі жайында
Табиғатты пайдалану экономикасы дәрістер тізімі
Орман қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Пайдалы ресурстар
Табиғат пайдалану экономикасы
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
Пәндер