Ауыз суды және тазартылған сарқынды суларды зарарсыздандыру


Кіріспе
Ауыз суды және тазартылған сарқынды суларды зарарсыздандыру бойынша осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы (ҚР) Су және Экологиялық кодекстерін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексін, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында әзірленген.
Ауыз суды жер асты және жер үсті көздерінің суынан (міндетті түрде алдын ала тазартқаннан кейін) дайындаудың барлық жағдайларында оны зарарсыздандыру керек. Жер асты су көзінде (су көзі қорғалған) бактериялық, вирустық және паразиттік ластанудың пайда болу мүмкіндігі болмаған жағдайларда одан алынатын суды мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың (МСЭҚ) жергілікті органдарының шешімі бойынша зарарсыздандырмауға болады. Тазартылған сарқынды сулар мен тұнбаларды зарарсыздандыру елді мекендерге су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарының жобаларына сәйкес, ал бірқатар жағдайларда су бұру жүйесінің тазарту құрылыстарының құрамына және оларды пайдалану деңгейіне байланысты МСЭҚ жергілікті органдарының шешімі бойынша жүргізілуі тиіс.
Су - табиғатта ең кең тараған зат. Ол жердің барлық жерінде кездеседі. Ғарыш көгінен қарағанда Жер көгілдір болып көрінеді, өйткені су ғаламшар бетінің үштен екі бөлігін алып жатыр. Суды аялай білу керек, өйтекні ол- нағыз қазына байлығымыз, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды. Ол жер бетінде кездесетін барлық тіршілік иелері үшін аса қажет. Онсыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Ғаламшарымыз әрқашан көгілдір болып қалуы үшін өзен-суларға, бұлақтар мен көлдерге қамқорлық керек. Бұған ормандар сенімді көмекшілер болып табылады. Олар міндетті түрде өзендер мен көлдердің жағасында өсу тиіс, өйткені ағаштар су туғандарын толықтыратын топырақ астындағы ылғалдылықты сақтайды және жинақтайды.
Суды қорғау өмір мен денсаулықты, қоршаған ортаның әдемілігі мен байлығын қорғау деп бекер айтылмайды. Су тіршілік көзі болғандықтан, су туралы зерттеу жұмысын алдым. Суды зерттеу барысында алға қойған мақсатым- тақырыптың мазмұнын айқындап ашу, судың адам өмірі үшін маңызын, және суға байланысты ұғымдардың мағынасын айқара ашу.
Қойылған мақсатқа сәкес бірнеше міндеттер қарастырылады:
- судың үш күйде болатындығы, ол бір күйден бірнеше күйге ауысатындығына шолу жасау.
- су жердің барлық бетінде таралғаны және суға байланысты әр түрлі ұғымдарды ашу.
- судың маңызы мен қолданылуы.
«Бурабай Су Арнасы» кәсіпорны туралы мәлімет
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (МКК) шаруашылық жүргізу құқығында 2008 жылдың 1 қаңтарында құрылған.
Шаруашылық жүргізу құқығы МКК «Бурабай Су Арнасы» әкімшілік ғимараты келесі мекен жай бойынша орналасқан. Зеленая көшесі, 2б. Ғимарат ішінде кәсіпорын басшысы: Курапаткина В. И., бас инжинер, бухгалтерия, абонеттік бөлім (мұнда көрсетілген қызмет үшін төлемдерге бақылау жүргізіледі), диспечирлік қызмет (мұнда қызмет көрсету, барлық түрлеріне арыздарды қабылдайды) кабинеттері, апаттық бөліктерге шығатын арнайы транспорт-автопаркі орналасқан.
Биологиялық тазарту станциясының зертханасы «Бурабай Су Арнасы» МКК-ның бөліктерінің бірі болып табылады. Ол Көкшетау - Астана трасса бойында қаладан 800м қашықтықта тазарту ғимараты территориясында орналасқан.
Канализациялық жүйелер тізбесі орталықтандырып істелген. Шайынды сулар торлар бойынша басты канализациялық насостық станцияға (5КНС) және ары қарай тазарту ғимараты аумағына түседі.
Тазарту ғимаратына шаруашылық - тұрмыстық және өндірістік шайынды суларды шығару жүзеге асырылады. ТҒ-рының жобалық қуаты қаланың, Щучинск - Бурабай курорттық зоналарының шайынды сулар ағындыларын толығымен қанағаттандыруға мүмкіндік береді және шайынды суларды тазартуды қамтамасыз етеді.
БТС зертханасы шайынды суларды тазарту сапасына бақылау жүргізеді, сосын ол Балықты көліндегі су жинағыш тоғанға барлық тазарту циклдарынан кейін торлар бойынша төгіледі.
Зертхана әр 3 жыл сайын аттестациядан өтеді және тазарту сапасын нақтылап анықтау үшін барлық қажетті құралдармен және қондырғылармен қамтамасыздандырылған. Олар: сорып шығару шкафы, құрғатқыш және тазартқыш шкафтары, КФК, иономер, аналитикалық және техникалық таразылар, термостаттар.
Зертхана штатында келесі мамандар жұмыс істейді: зертхана бастығы, инженер - гидробиолог, 3 зертханашы -химик, сынама алушы.
Зертханашы - химик мамандық нұсқауы
1. Жалпы негізі.
1. 1. Зертханашы тікелей зертхана бастығына бағынышты болады, зертханалық -өндірістік бақылау графигіне сәйкес химиялық талдаулар жүргізіледі.
1. 2. Зертханашы - химик болып орташа немесе орташа мамандық білімі бар, техникумнан немесе аттестациядан өткен тұлғалар жұмыс істей алады.
2. Міндеттері.
Зертханашы - химиктың міндеттері:
2. 1. Графикке сәйкес биологиялық тазарту станциясында (БТС) келетін және тазартылған шайындыларға физика - химиялық бақылауды жүзеге асыру.
2. 2. Реактивтердің жұмыс ерітінділерін дайындау.
2. 4. Талдаулардың есептеулерін және көрсеткіштерін тиянақтап жұмыс дәптеріне жазу.
2. 5. Химиялық талдауларды жүргізген уақытта қауіпсіздік-техникасы ережелерін, құралдардың және қондырғылардың пайдалану техникалық ережелерін, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін анықтау.
2. 6. Ыдыстардың, қондырғылардың, жұмыс орнының тазалығын сақтау, санитарлық сағаттарды жүргізуге жәнеаумақты жинауға қатысты.
2. 7. Өндірістік қажеттілік кезінде өндірістік кәсіпорындарды, су жинағыштарды сынама алуды жүргізеді.
3. Жауапкершілігі.
Зертханашы - химиктың жауапкершілігі:
3. 1. Физика-химиялық талдаулар нақтылығына.
3. 2. Тазарту сапасының кателігі туралы басшылыққа уақытылы мәлімдеуге.
3. 3. Жұмыс орнының тазалығына.
3. 4. Ыдысты жуу және сынама алу кезінде қауіпсіздік техникасын анықтауға.
Ауыз суы
Ауыз суы дегеніміз - органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т. б. ) және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады. Олардың негізгілері: иісі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы керек; түсі 200-ден төмен, мөлдірлігі 30 см-ден артық; лайлығы 2 мг/л-ден аз, кермектілігі 7 - 100 ммоль болуы керек. Ауыз судың кермектігін анықтайтын кальций және магний тұздары аз болса, адам сүйегінің морттылығы өсіп кетеді. Фтордың ауыз судағы мөлшері 0, 7 - 1, 5 мг/л-ден төмен болуы - флюороз және кариес, темірдің, кобальт, мыстың жетіспеуі -анемия, бордың аз болуы асқазан, никельдің кем болуы - көз ауруларына шалдықтырады. Ауыз судың температурасы 8 - 15 0 С аралығында, минералдығы 1 г/л-ге дейін болуы тиіс. Ауыз суға сондай-ақ нитраттар мен нитридтердің мөлшері, 1 л судағы ішек таяқшаларының саны (коли-индекс) бойынша т. б. талаптар қойылады. Ағын сулар, көлдер мен бөгендердің ластануына, олардың табиғи гидрологиялық және гидрохимиялық режимдерінің антропогендік өзгеруіне байланысты болады.
Ауыз суының түсі
Түсі деп - боялу интенсивтілігін сипаттайтын судың сапалық көрсеткішін атайды. Түсі зерттелетін су бояуымен салыстыру жолы арқылы анықталады және платинды - кобальтты шкала градусымен белгіленеді. Табиғи су түсі бірден мың градус аралығында болуы мүмкін. «Нағыз» түсі тек еріген заттармен көрсетіледі, ал «елестенетін» түс суда коллоид және өлшенген бөлшектердің болуын сипатталады.
Табиғи сулардың түсі негізінен болған органикалық заттардың болуына байланысты, негізінен ол: гуминды және фульвовты қышқылдар, қосылыстары, үшвалентті темір және басқа металдар қосылыстары. Кейбір кәсіпорындар шайынды сулары дәл солай судың интенсивті болуын қалыптастыру мүмкін.
Түсіне әсер ететін заттар саны геологиялық жағдайға, сутаситын горизонтарға, топырақ сипатына және т. б. байланысты болады. Қысқы уақытта табиғи сулардағы органикалық заттар құралы минимальды, ал көктемгі және жазғы уақытта олардың көрсеткіштері бірсыра жоғарылайды. Жер асты суының түсі үстіңгі суларға қарағанда төмен.
Міне осылай су түсінің жоғары болуы, судың сапасының төмен болуын көрсетеді. Ең алдымен суда түстің пайда болу себебін анықтау керек, себебі, судағы темірді және органикалық заттард жою әдістерінде айырмашылығы бар. Органикалық заттардың болуы тек органолептикалық қасиеттердітөмендетіп қана қоймай, сонымен өзге иістердің пайда болуына, сонымен судағы еріген оттегінің концентрациясының тез төменденуіне әкеледі, ол судың тазарып отыру процесстеріне зиянды болуы мүмкін.
Кейбір органикалық (заттар) қосылыстар химиялық рекцияға түсіп (мысалы хлормен), адам өмірі үшін өте қауіпті және зиянды қосылыстар түзуі мүмкін.
Бұл көрсеткіш органолептикалық көрсеткіштеріне жатады. Судың органолептикалық көрсеткіштеріне әсер ететін химиялық заттарға ерімейтін қоспалардан және гуминовты заттардан басқа, табиғи суларда кездесетін немесе өңдеу барыснда қосылатын хлоридтер, сульфаттар, темір, марганец, мыс, цинк, амоний, магний, калий және магний тұздары жатады. Сапалық көрсеткішінің мүмкін шекті концентрациясы Сан Пин-де №6414 28. 08. 10-нан белгіленген. Түсі бойынша МШК 20 градус.
Түсті анықтау фотометриялық әдіспен МСТ 3351-74 бойынша жүргізіледі.
«Ауыз Суы. Дәмді, иісті, түсті және лайлықты анықтау әдісі».
Судың түсі фотометриялық түрде - зертханалық сұйықтық сынамасын табиғи су түсін пайда ететін ерітінділермен салыстыру жолымен анықталады.
Ауыз суға қойылатын талап. ҚР тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету
Адамның негізгі қажеттерінің бірі - таза және қауіпсіз су. Барлық адамзат үшін таза судың жетіспеуі 20% құрайды. Жылдан жылға әртүрлі заттармен ластанған су нысандарының саны көбейіп барады. Су қоймаларының ластануы су экожүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Ол барып табиғи судың сапасын жақсартатын гидробионттардың өмірін қиындатады.
Судың сапасы дегеніміз - шаруашылық, мәдени-тұрмыстық, балық шаруашылығы және техникалық қажеттілікті анықтайтын судың құрамы мен қасиетінің сипаттамасы. ҚР судың сапасы 2. 1. 4. 559-96 сай болуы керек.
Әрбір мемлекет ауыз судың эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпсіздігін, химиялық құрамының және органолептикалық қасиеттерінің МемСТ сәйкеестігін қадағалап отырады.
Судың сапасының физикалық көрсеткіштері: температура, лайлығы, концентрациясы және тағы басқалары.
Судың биологиялық көрсеткіштерінің бірі - коли - индекс, бұл 1 литр судың көлеміндегі ішек таяқшаларының саны. Бұл көрсеткіш бойынша табиғи сулар бес түрге бөлінеді: өте ластанған − коли-индексі 10 000 - нан көп, ластанған 1000 - нан көп, аз ластанған - 100-ден көп, қанағаттанарлық - 10-нан көп, жақсы - 3-тен аз. Тағы бір көрсеткіші − коли-титр: бір ішек таяқшасы болатын судың миллилитрмен өлшенген көлемі − 300 мл кем болмауы керек.
Химиялық көрсеткіштері бойынша ауызсуға қойылатын талап 1 -кестеде көрсетілген.
1 кесте - Ауыз су құрамының сипаттамасы.
─
Құрамында әрдайым болатын заттардың 1 л судағы мөлшері 1- кесте- сінде келтірілген шамалардан аспаса, су ішуге жарамды деп есептелінеді. Мысалы: Нитраттар - табиғи суларда үнемi болатын және суаттарда, топырақта органикалық азот құрамды аэробты қышқылдардың өнімі болып табылады. Полтава мамандарының зерттеулерінің нәтижелерінде бекітілген, нитраттардың құрамы жоғарылаған құдық ауыз суын ұзақ уақыт бойы қолданған балалар организмінде азот оксидінің патогенді жинақталуы байқалады. Бұл заттар ақуыздардың кескiндi бұзылысы мен олардың денатурациясын шақырады, бауырдың гепатоциттерiнiң функционалдық күйiне улағыш әсер етіп метгемоглобинемияға алып келедi. 12-15 жас шамасындағы балалар тобы қауіп - қатерге алынған. нитраттардың концентрациясы Ауыз су құрамында шекті мөлшерде кездесетін ауыз суды пайдаланатын балалар тобымен салыстырсақ олардың қанының құрамында азот оксиді 4, 9 есе жоғары.
Кермектілік - ауыз су құрамындағы кермектіліктің жоғарылауы тұрғындар арасында қан айналым жүйесінің ауруларына, ас қорыту мүшелерінің, асқазанның жаңа түзілімдеріне және тағы басқа эдокорин жүйесінің ауруларының пайда болуына әкеледі. Мамандардың айтуынша ауыз судың кермектілігінің жоғарылауы зәр нәпсi органдарының ауруларын дамуының себепкері тұздардың мерзiмдi қатысуы деп санайды, соның iшiнде (уролитиаз) тынжытас ауруы. Судың кермектілігінің тиімді физиологиялық деңгейі 3, 0-3, 5 мг/л шамасында болады. Кермектіліктің 4, 5 мг/л шамасында жоғарылауы сумен жабдықтау жүйесінде қарқынды тұнбаның жиналуына әкеліп, тұрмыстық заттардың жұмысын нашарлатады. Кермектілігі жоғары суды қайнатқанда кальций карбонатының қаспағы жиналады.
Сульфаттар - Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша, сульфаттар құрамы жоғарылаған ауыз суды пайдаланған 7-9 жастағы мектеп оқушыларын макро және микроэлементтерінің гомеостазының дисбалансына әкеледі.
Хлоридтер - ауыз суға табиғи көздерден және ағынды сулармен түседі. Денсаулықұа ауыз судағы хлоридтер үшін қандай да бір мөлшерлі көрсеткіш ұсынылмайды. Бірақ концентрациясы 250 мг/л жоғарыласа, жағымсыз дәмінің пайда болуына әкелуі мүмкін.
Судағы әртүрлі органикалық заттардың мөлшерін анықтау қиын болғандықтан, олардың мөлшерін оттегімен тотығуына баға беру арқылы анықтайды. Судағы органикалық заттарды химиялық тотықтыру үшін қажетті оттегінің мөлшерін оттегінің химиялық қажеттілігі (ОХҚ) деп атайды. Суда органикалық ластаушылардың бар-жоғы екінші көрсеткіш − оттегінің биохимиялық қажеттілігімен (ОБҚ) сипатталады. Бұл оттегінің (мг/л) органикалық заттарды биохимиялық ыдырауға белгілі бір уақыт аралығында (1, 2, 5, 20 тәулік) қажетті мөлшері. Мысалы ОБҚ 2 − бұл екі тәулік ішіндегі оттегінің биологиялық қажеттілігі.
Судың санитарлық тәртібі ең алдымен ондағы еріген оттегінің мөлшерімен сипатталады. Жылдың кез келген мерзімінде оның мөлшері 1 л суда 4 мг болуы керек. Балықтың құнды тұқымдарын сақтап және ұдайы өндіру үшін 1 л судағы мөлшері 6 мг төмен болмауы керек.
Жалпы кермектілікті анықтау
Мақсаты: Судың жалпы кермектілігін анықтау тәсілін үйрену
Ыдыс: аликвоталық пипеткалар, бюретка, көлемі 250 мл конус тәрізді кең мойынды колбалар.
Реактивтер: 0, 02 Н трилон Б ерітіндісі: төрт негізді этилен диаминтетрасірке қышқылының екі орынбасылған натрий тұзының (Na 2 H 2 C 10 H 12 O 8 N 2 ∙ 2H 2 O) 3, 72 г көлемі 1 л өлшеуіш колбада дистильденген суда ерітіп, сызығына дейін жеткізеді; буфер ерітіндісі: химиялық таза NH 4 Cl 20 г дистильденген суда ерітіп, оған 100 мл конц. NH 3 ∙H 2 O (аммиак) қосып, көлемін 1 л дейін жеткізеді; индикатор хромоген қара мен натрий хлоридінің 1:50 еткен қоспасы (хромогеннен басқа қышқыл хром көк-қараны қолдануға болады) .
Жұмыс барысы. Көлемі 250 мл конус тәрізді колбаға пипеткамен керекті үлгі көлемін алып, 100 мл жеткенше (мензуркамен) дистильденген су қосып, тағы 5 мл буфер ерітіндісін және 10-15 г индикатордың құрғақ қоспасын салады. Сұйықты әбден араластырып алып, оны 0, 02 Н трилон ерітіндісімен күлгін түсі көгілдір түске айналғанша титрлейді. Егер колбаның қасына бұрын титрленген үлгіні қойып қойса, титрлеудің аяғын байқау оңайға түседі. Трилонды тағы қосса ерітіндінің түсі де, оның қарқындылығы да өзгермейді.
Есептеу
Зерттеліп отырған суда Са 2+ және Мg 2+ иондары қосындысының мөлшерін (ммоль/л) мына өрнек бойынша есептейді:
Х = n N ∙ 1000 / V,
бұл жерде n - анықтауға жұмсалған трилон ерітіндісінің көлемі, мл)
N - трилон ерітіндісінің нормальдік концентрациясы; V- су үлгісінің көлемі, мл.
Сульфаттар
Жер үсті және жер асты сулардағы сульфаттардың табиғи мөлшері жыныстардың шайылуымен және су қабаттарындағы биохимиялық үрдістермен себептеледі. Табиғи суларда олардың концентрациясы 0, 2-100 мг/л аралығында болады. Табиғи сулардағы сульфаттардың мөлшерінің жоғарылауы оларға құрамында күкірт қосылыстары бар бейорганикалық және органикалық қосылыстары бар технологиялық жиынды сулардың ағызылуының салдарынан болуы мүмкін. Мысалы, сульфаттар қара және түсті металлургия мекемелерінің өндірістік суларының бәрін34 09рамында болады.
Сульфаттарды сүзілген үлгілерде анықтайды. Үлгілерді бөлмелік температурада сақтауға болады. Тек минералды және органикалық күкірттің басқа түрінің мардымды концентрациясы бар үлгілер өзгеше. Оларды үлгіні алған күні талдайды. Керек жағдайда үлгілерді хлороформ мен (1 л суда 2-4 мл СНСl 3 бар) консервілеп, 3-4 0 С температурасында 1-3 тәуліктен артық сақтамайды.
Сульфаттарды анықтау үшін, әдетте, комплексонометриялық көлемдік әдісін және индикатор ретінде дитизонды пайдаланатын қорғасын нитратымен титрлеу әдісін қолданады.
1-зертханалық жұмыс
Дитизонның қатысуымен сульфат-иондарды титриметриялық әдіспен анықтау
Мақсаты: сульфат-иондарды титриметриялық әдіспен анықтауды
меңгеру
Құрылғы және ыдыс:
- Н+- түрдегі КУ -2 катиониті бар ионалмасушы құбыр
- электр пеші
- аликвоталық пипеткалар
- микробюретка
- көлемі 100 мл кең мойынды конус тәрізді колбалар
Реактивтер:
- 0орғасын нитратының 0, 02 Н ерітіндісі (бұл ерітіндінің титрін Na2SO4стандарттық 0, 02 Н ерітіндісі бойынша белгілейді) ;
- дитизон: кристалдық дитизонды бензой қышқылымен 1:50 ара- қатынаста үгітеді;
- 0, 02 Н Na2SO4ерітіндісі: 1, 4204 г сусыз Na2SO4(оны дайындау үшін кристалдық т. ү. т. Na2SO4фарфор табақшада 1000С шамасында борпылдақ ақ ұнтақ қалғанша қыздырады) ерітіп, 1л көлемге дейін дистильденген сумен сұйылтады;
- ацетон.
Катионитті қалпына келтіру үшін 1:3 арақатынаста сұйылтылған тұз қышқылын пайдаланады.
Жұмыс барысы: Анықтауға кедергі жасайтын катиондардан арылу үшін cу үлгісін Н + - түрдегі катиониті бар құбыр арқылы өткізіп алады. Сүзіндінің алғашқы бөліктерін төгіп тастап, одан SO 4 2- мөлшері
1 мг кем болмайтындай 10-20 мл алады. Егер үлгінің қышқылдығы өте жоғары болса, тура осындай көлемді метилоранж бойынша жеке титрлейді де, титрлеуге жұмсалған сілті көлемін үлгінің бірінші көлеміне қосады. Егер сульфат - иондардың үлгідегі мөлшері 10-20мг/л аспаса, пипеткамен 50 мл немесе одан көбірек үлгіден титрлеуге арналған колбаға құйып, 10-20 мл қалғанша буландырады.
Ерітінді түсі жасыл болғанша оған екі еселеп ацетон (20-40мл) және дитизон қосады. Одан кейін 50 0 С-қа дейін қыздырып, жасыл түс қызыл күлгінге айналғанша микробюреткадан қорғасын нитратымен титрлейді.
Есептеу:
Сульфат-иондардың мөлшерін, мг/л, мына өрнек бойынша есептейді:
Х = a ∙ К ∙ 0, 02 ∙ 48, 03 ∙ 1000 / V; Х = а ∙ К ∙ 960, 6 / V,
бұл жерде а - титрлеуге жұмсалған 0, 02Н қорғасын нитратының көлемі; К - қорғасын нитратыны ерітіндісінің концентрациясын дәл 0, 02Н ететіндей түзеуші коэффициент;
48, 03 - SO 4 2- ионы эквивалентінің молярлық массасы; V - зерттеуге алынған үлгі көлемі, мл.
Хлоридтер
Хлоридтік иондар барлық дерлік табиғи суларда бар. Олардың концентрациясы шамамен арктикалық қарда 0, 1 мг/л-ден тұздықтардағы 150 мг/л - ге дейін өзгеріп отырады. Жауын-шашын құрамында хлорид-ионның орташа мөлшері 1мг/л ден кем болады, жер үсті және терең емес жер асты суларында 30 мг/л-ге дейін, шөлейттік аудандарда 1000 мг/л - ге дейін болады. Табиғи суларға хлоридтер топырақтан және сулы жыныстардан, желмен және жауын-шашын салдарынан мұхиттан, ауадағы тұз шаңдарының еруінен келеді. Барлық хлоридтер жақсы ериді, судан шөгуі тек қатқанда және булану кезінде ғана мүмкін. Сонымен, егер су ерітіндісінде хлорид бола қалса, одан табиғи жолмен арылу қиын. Бірақ жер үсті суларында геологиялық текті хлоридтер мөлшерінің болуы өте сирек құбылыс. Сондықтан суда хлоридтің мөлшерінің көбеюі оның тұрмыстық немесе өндірістік жиынды сулармен ластану көрсеткіші болып келеді. Өндірістік жиынды сулардағы хлоридтер мөлшері өндіріс сипатына тәуелді. Жер сулардың құрамында хлоридтер мөлшерінің біртіндеп көбеюі сулардың жиынды суларымен ластануына ықпал етуі мүмкін.
2-зертханалық жұмыс
Судағы хлорид - ионды анықтау
Мақсаты: Аргентометриялық әдісімен судағы хлорид-ионды анықтап үйрену
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz