Психологияның ғылыммен тәжірибедегі келіспеушілік


Тақырыбы: Психологияның ғылыммен тәжірибедегі келіспеушілік
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Психологияның дербес ғылымға айналуының табиғи ғылыми негізі
2. 2. Психологияның ғылыммен тәжірибедегі келіспеушіліктер
ІІІ. Қорытынды
Әдебиеттер
Кіріспе
ХІХ ғасырдың ортасында психикалық іс-әрекет философияның ілім жүйелеріне негізделіп, психологияның өзіндік сипаты, зерттеу объектілері мен оның әдіс-тәсілдері айқындалды. Сол кезеңге тәні философиядағы позитивизм (Огюст Кант 1798-1857), иррационализм (А. Шопенгауэр 1788-1860), волюнтаризм, вульгарлық валюнтаризм бағыттары тұтынған қағидалардың мақсаты, түптен келгенде, психикалық құбылыстарды идеалистік және кертартпа жолға салу еді. Мұндай бағыттар В. Вундт, Джемс, Берсон, З. Фрейд сияқты психолог ғалымдардың болашақтағы көзқарастарының қалыптасуына теріс ықпал етті. Вульгарлық мареиализм ағымы (Мелешот, Бюхкер, Чюльбе т. б. ) деректі материализмді дәріптеп, адамның мидың қызметі түріндегі ойлауы бауырдың етті бөліп шығаратыны сияқты қатынасқа болады деген қате пікірді қолдады. Бұл зерттеушілердің психология саласына қатысты іргелі құбылыстарды қарастыруы сыңаржатқа сипатта болып, адамның жан дүниесі жайындағы түбегейлі мәселелердің шындығын аша алмады.
2. 1. Психологияның дербес ғылымға айналуының табиғи ғылыми негізі
Адамның санасы мен жеке басына тән мінез-құлықтың тарихы тұрғыда әлеуметтік өмірмен, қоғамның жағдайымен ұштаса қалыптасатындығын ХІХ ғасырда орыстың революцияшыл демократтары В. Г. Белинский (1811-1848), А. И. Герцен (1812-1870), Н. А. Добролюбов (1836-1861), Н. Г. Чернышевский (1827-1889) бірыңғай материалистік негізде гуманистік жолмен зерттеді. Сөйтіп, адам психикасының қыр-сырын табиғи тұрғыдан іздестірді. Осы дәуірде психика мен сананың дамуы туралы диалектикалық және материалистік ілім бірге алып, ол өткен дәуірлердегі саяси экономикамен, социализм жайындағы болжамдармен ұштасты. Г. Гегель (1770-1831) өз еңбектерінде сананың тарихи дамуын адамның даралық ерекшеліктерімен байланысты түрде қарастырды.
Психиканың дамуы, адамның табиғи мәні, оның қоғамдық рөлі және тарихи дамудың негізгі субъектісі екендігі К. Маркс, Ф. Энгельс, Л. Фейрбах шығармаларында материалистік тұрғыдан баяндады, адам мен табиғат жағдайына бейімделіп, өзінің белсенді іс-әрекет арқылы барлық қажеттіліктерін өтейтін ақыл ой иесі ретінде анықталды. Сөйтіп ХІХ ғасырда адамның жан жүйесін зерттейтін ғылым сапалық жаңа мәнге ие болды, адамның табиғатпен, қоғаммен тығыз қатынаста болып, оған үнемі бейімделіп отыратындығы нақтылы іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып, оның шынайы мәні айқындалды. Ғылымның мұндай жетістіктері психологияны дербес ғылыми пәнге айналдырды, оның өзіндік мақсат мінездері мен зерттеу әдістерін анықтады.
Психологияның ХІХ ғасыр ортасында дербес ғылыми пәнге айналуының табиғи-ғылыми негізі-физика мен химия, физиология мен биология, дарвинизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологиясы мен психофизикалық зерттеулердің нәтижелері.
Психология пәнін өзге ғылыми пәндермен салыстыра келе, бұл пәннің тәжірибелік ғылым екендігін айқын сезіне аламыз. Бұл анықтаманың мәнісін әрбір психикалық құбылыстар мен психологиялық сипаттардың сырын, мән жайын арнайы тәжірибелер қолданып анықтауға болатындығымен түсіндірген жөн.
Осы орайда, біз бұл пәннің тәжірибелік ғылым ретінде бой көрсетуін бірқатар зерттеулерге және теориялық көзқарастарға сүйене отырып баяндаймыз. Мәселен,
- В. Вундт және Ф. Бректано (1838-1917) көзқарастарындағы психикалық құбылыстардың әуел бастан «өзінше пайда болуы» деген пікірлердің дәрменсіздігі
- И. М. Сеченов зерттеулерінде организммен оның тіршілік ортасы өзара қатынасы алғашқы, ал психикалық құбылыстардың сол қатынастардан туындайтыны-нәтиже деп саналуы. Сөйтіп Сеченовтың материалистік бағыт ұстап, оның сол кездегі қоғамның тарихи жағдайға тәуелді деп қарастырылуы.
- Әр кезенде тарихи жағынан қалыптасқын, психологиялық бейнелеудің мәнін білдіретін организмнің биологиялық құрылымы.
- Организмнің бейнелеу қасиеті жайындағы аристотельдің, декарттың және дарвиндік зерттеу нәтижелері.
ХІХ ғасырдың ортасында психологияның дербес және тәжірибелік пән болып тарихи қалыптасуы нәтижесінде адамның жан дүниесінің сырын әр тарапты зерттеу қызу жүргізіледі.
Өмір тіршілігінің мұндай талаптары психологияның жаңа салалары мен тармақтарының өркен жайып дамуына ғылымдары арасында психологияның жетекші орын алатындығын айқын аңғартты және сол кезеңде бұл пәннің мынадай салалары өрбіді:
- экспериментальдық психология, бұл сала қазіргі кезде жалпы психология деп аталады
- дифференциалды психология, оның негізгі зерттеу объектісі -адамның даралық ерекшеліктері
- балалар мен тәлім-тәрбие (педагогикалық) психологиясы
- жануарлар психологиясы
- әлеуметтік және мәдени-тарихи даму психологиясы
- психотехника
Психологияның дамуындағы осы кезеңде әр түрлі бағыт-бағдар мен түрлі ағымдағы мектептер де тарих сахнасына келіп, бұл пәннің сан алуан мәселелерін әрқилы көзқарастар тұрғысынан қарастырды. Осы олардың негізгілері мыналар: 1) Э. Битчепер негізгі қалаған құрылым психологиясы
2) Вюрцберг мектебі (Батыс Еуропа мен АҚШ-та кеңінен таралды. Психикалық процестерде тәжірибелік зерттеулер арқылы талдады. Көрнекті өкілдері: К. Марбе, И. Орт, А. Майер, А. Мессер, Н. Ак, К. Бюлер, О. Зельц) .
Бұл мектептің негізі Германияда қаланып отырды.
Американдық психологиядағы функционализм ағымы. Негізгі мақсаты - психология ғылымының жетістіктерін тәжірибеде қолдана отырып, адамның мінез-құлқын зерттеу. Бұл ағымның көрнекті өкілінің бірі Р. Вудварст (1896-1962) болды.
Бихевиоризм -ХХ ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт. Ол адамның құлқын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу объектісін деп саналмайды. Бихевиоризмді іргесін қалаушы Эдвар Торндайн (1874-1949)
Гештальст -психологиясы. Германиядағы психологиялық мектеп. Оның негізін қалаған Макс Вертгеймер (1880-1943) . «Гештальт» немісіне тұрпат, түр, форма, құрылым. Қазақша құрылым психологиясы деп алып отырмыз. Бұл мектептің мақсаты - жеке психикалық процестердің құрылымын тәжірибе жүзінде зерттеу.
Фрейдизм. Бұл - австрия ғалымы. З. Фрейд (1856-1989) есімімен аталатын бағыт. Зерттеу ілімі психоанализ деп аталады.
Бұл ілім адам өмірінің көп жақтарын қарастырып бірсыпыра ғылымдармен байланыста болады.
ХІХ ғасырдың ортасынан бастау алып, ХХ ғасырдың барысында өрістеген психология пәнінің дербес ғылымға айналуы мен тәжірибелік сипат алуына неміс психологтары көп үлес қосты.
ХХ ғасырдың 30-40 жылдарында капиталистік елдерде бихевиоризмді психология ғылымының даму тарихында өзіндік бағыт-бағдары және ғылыми маңызы бар когнитивтік бихевиоризмді, гипотезалық-дедукциялық бихевиоризм, операнттық бихевиоризм және неофрейдизм тәрізді жаңа бағыттары пайда болды. Неофрейдизм-биологиялық еліктеудің әлеуметтік факторлармен байланысын психологиялық тұрғыдан зерттесе, ол американдық психологі Курт Левин (1890-1974) адамдардың белгілі бір топтарының қозғаушы күштерін, ондағы адамдардың өзара қарым-қатынасын қарастырып «өріс» теориясын жасады.
2. 2. Психологияның ғылыммен тәжірибедегі келіспеушіліктер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz