ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
1-дәрісбаян
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ
ӘДІСТЕРІ
Жоспар:
1. Психология пәні
2. Психологияның маңызы және оның міндеттері
3. Психологияның әдістері
4. Психологияның салалары
Психология - психикалық құбылыстардың пайда болуын, даму және қалыптасу
заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Психологиялық
құбылыс (түйсік, елес, ой, сезім, ерік, қабілет, мінез, әдеті, т.б.)
көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, күнделікті тілімізде жиі
кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырата да
білетін сияқтымызмыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми түрғыдан
түсіну арқылы жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен
баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған
психология ғылымы қарастырады. Психология - ерте заманнан келе жатқан білім
салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері - ежелгі Греция.
"Психология" грек-тіқ екі сөзінен түрады: оның біріншісі - "псюхе" (жан),
екіншісі "логос" (сөз, ілім). Сөйтіп бұл сөзді жан туралы ғылым деп
түсінген жөн. Адам баласы аспанның көгілдір,ағаш жапырақтарының жасыл
екендігін көреді, даладан келіп жатқан әр түрлі дыбыстарды естиді, бір
заттардың суық, екінші бір заттардың ыстың екендігін сезінеді, яғни әрбір
адам өзінің айналасындағы заттарды
түйсініп қабылдауға қабілетті болып келеді. Адамда ойлау, сөйлеу
қабілеті бар. Адам баласы бұрын болған оқиғаларды есте сақтайды, келешек
туралы, ойлайды. Бұл жағдай ес пен қиялдың арқасында болады] Көп жағдайлар
адамдарда қуану, не ренжу сезімін туғызады. Адам бір нәрсеге ұмтылады, сол
мақсатқа жету үшін еркін көрсетеді.
Психология ғылымы. Қазаңстанда іргелі ғылыми зерттеулер соңғы жетпіс
жыл көлемінде ғана өркен жайып, дами бастағаны белгілі. Бұл жагдай, әрине,
психология ғылымына да ортақ болатын. Әрине, осы ғылымның алдагы жерде
гүлдеп шешек атуына, біртіндеп қанатының қатаюына бірсыпыра алғышарттар
сонау ерте замандардан (әл-Фараби, Абай, Шәкәрімнің психологиялық ілімдері)
Қазан төқкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ 20-жылдарда (М.Жұмабаев, Ж.
Аймауытов еңбектері) біршама жасалған болатын. Мәселен, Бөкей Ордасында
шыққан "Мұғалім" журналында(1919ж.), Ғ.Қарашаевтіқ бірнеше пәлсапалық,
психологиялық сипаттағы туындылары, Н.Құлжанованық "Мектепке дейінгі
тәрбие" (1923 ж.), "Ана мен бала" кітаптарында да адамның жан қуаттары
жөнінде сөз қозғалған еді. Қазаңстанның сол кездегі астанасы Орынборда
кейіннен сол кездегі КСРО Педагогикалык; ғылымдар академиясының
корреспондент-мүшесі болған профессор В.Я.Струминскийдің "Психология"
кітабының жарық көруі айтарлықтай оқиға болды. Өйткені орталықтан шалғай
шетте жатқан Қазаңстанда жан туралы ғылымның іргелі мәселелері Струминский
кітабында кеңес өкіметі тұсында тұқғыш рет күн тәртібіне қойылып еді. Автор
психологияны маркстік түргыдан құруғаа талпынғанмен, бірақ мұнысы ойдағыдай
болмады. Өйткені ол психологияны ғылыми түргыдан баяндаймын деп, механистік
материализмге ұрынды. Мұнысы сол кез жағдайында кешірімді де еді. Кітап
авторының сол кездегі практикалық қызметі (Струминский 20-жылдары
Орынбордағы Қазақ ағарту институтының ректоры болған - Қ.Ж.) Қазақ
топырағына ғылыми-психологиялық идеялардың алғашқы ұрығын сепкендігіне еш
кұмән жоқ. Оның бұдан басқа бірнеше еңбектері Орынборда шығатын
журналдарда жарияланды, сол кездегі мұғалімдердің кәдесіне жарады. Осы
кездері Ташкентте П.Н.Архангельскийдің "Жұма оқулары" ("Мектептегі
психологиялық зерттеулер") дейтін шағын еңбегі Қазаң тіліне ықшамдалып
аударылды. Сол жылдары Қазаңтың біртуар ғұлама ғалым қайраткерлері А.
Байтүрсынов, Н. Құлжанова, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, X.
Досмұхамедов, т.б. педагогика мен психология саласында бірнеше төл тума
еңбектер жазды.
Отызыншы жылдары Қазақ психология ғылымының жекелеген мәселелері Ә.
Сыдықовтың (1898-1983 ж.ж.), С. Қожахметовтіқ (1910-1945 ж.ж.),
С.Балаубаевтың (1902-1972 ж.ж.) педагогикамен астарластыра жазған бірнеше
кітапшалары мен мақалаларында жарық көрді. Сол жылдары "Жаңа мектеп"
журналының беттерінде Қазаң психологтарының аға буын өкілдерінің бірі - С.
Балаубаевтың бірнеше мақалалары басылды. Мәселен, оның "Қиын балалар" атты
мақаласында жас өспірімдердің психологиясындағы кейбір ұстаз бен ата-анаға
тәрбие процесінде Қиындық келтіретін кейбір жайттар талдауға алынып сөз
болады. Мәселен, мұнда жас өспірімдердің организмінде болатын жыныстың
дамудан туындайтын биологиялық өзгерістер, сондай-ақ кейбір ақыл-ойы кеміс
балалардың түрлі топтарға бөлінетіндігі жөнінде кең түрде әңгіімеленеді.
Қазаңстанда Ұлы Отан соғысына дейін психологиялық мазмұны терең, іргелі,
қомақты еңбек-тер жарияланған жоқ. Өйткені бізде осы ғылымның теориялық
жақтарын насихаттайтын ғалымдар ол кезде саусақпен санарлық еді.
1938 жылы Т.Тәжібаев Ленинградтан диссертация қорғап, Алматыға оралған
кезден бастап психологиялық тақырыпқа жазылған төл еңбектер жиі көріне
бастайды.
Қазаңстанда 1935-1948 жылдары арасында аты бүкіл әлемге әйгілі,
Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушылардың бірі - профессор
А.П.Нечаев (1870-1948 ж.ж.) қызмет етті. Нечаев елу жылдан астам психология
саласында белсенді қызмет еткен, аты әлемге белгілі ғалым еді. Ол
араласпаған психология саласы кемде кем. Ғалым көп жылдар бойына адамның
есте сақтау ерекшеліктерін тәжірибе (эксперимент) жүзінде тексе-ріп, оны
мектеп практикасьша ендіруді көздеді, яғни психологияның қолданбалы
салаларын (жас, педагогикалық психология) дамытуға зор еңбегін сіңірді. Ол
- елуден астам кітаптың, жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Олардың
кейбірі: "Қазіргі эксперименттік психология және оның мектеп ісіне қатысы"
(1908 ж.), "Кітапхана ісінің психологиялық мәселелері" (1922 ж.), "Дене
тәрби-есінің психологиясы" (1928 ж.), "Техникалық өнертап-қыштардың
психологиясы" (1928 ж.), "Ес және оны тәрбиелеу" (1930 ж.), т.б. Ол
өмірінің соңғы жылдарында Семейдің Н.К. Крупская атындагы педагогикалық
институтында психология пәнінен сабақ берді, сырттан оқитын студенттерге
арнап, "Психология" оқулығының қолжазбасын даярлады. Оның 1940 жылы жазып
бітірген "Психофизиологиялық синдром дар жүйесі" атты еңбегін (бұл автордың
психология саласындағы қырық жылдың еңбегінің қорытындысы) еліміздің
көрнекті психолог ғалымдары академиктер Д.Н. Узнадзе мен К.Н. Корнилов өте
жоғары бағалады. Оған осы еңбегі үшін диссертация қорғатпай-ақ, педагогика
ғылымдарының докторы атағы берілді. Қазаңстанда психология ғылымының өркен
жаюына осы ғалымның да зор шапағаты тигені даусыз.
Қазаңстанда психология ғылымының қалыптасуына қолайлы жағдай жасаған
басқа факторлар да аз болған жоқ. Соның бірі Ұлы Отан согысы жылдарында
Алматы-да, сондай-ақ республиканық кейбір облыс орталықтарында Ресей,
Украина, т.б. жерлерден уақытша көшіп келген белгілі ғалымдар қызмет еткені
мәлім. Бұлардың арасында психология ғылымының көрнекті өкілдері де бар еді.
Мәселен, ҚазПИ-де профессор-психолог М.П. Рубинштейн, Қызылордада белгілі
украин психологы,кейін академик болған Г.С. Костюк, Қостанайда профессор
В.Я. Резник,т.б.жұмыс істеді.Олар жергілікті ғалымдармен бірлесіп бірнеше
еңбектер жазды.Мәселен М.П. Ру-бинштейннің "Батылдың психологиясы" атты
зерттеуіне кезінде баспасөз беттерінде жылы лебіз білдірілді.Республикадағы
психология ғылымы әсіресе соғыстан кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами
бастады. Оғанда бірнеше сәтті жагдайлар себеп болды.Мәселен,1947 жылы ҚазПИ-
де республика бойынша тұқғыш психология кафедрасы құрылды. 1946 жылғы БК
(б)П Орталық Комитетінің орта мектептерде логика мен психология оқыту
жөніндегі қаулысына сәйкес 1947-1953 жылдары Қазаң университетінде логика
және психология мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды. 1951-1953 жылдар
арасында осы бөлімді жүзге жуық адам бітіріп шықты.Оның көпшілігі
психологиядан мамандың алып, республиканық жоғары және орта арнаулы оқу
орындарына мұғалімдік қызметке жолдама алды.Республика үшін психолог
кадрларды дайындауда проф. Т. Тәжібаевпен бірге соғыс жылдары Саратовтан
келген проф. И.Л. Стычинский (1896-1969 ж.ж.) зор үлес қосты.Осы кезде
ҚазПИ мен ҚазМУ-де психологиядан аспирантура ашылды.
Республикада психология саласында диссертация қорғаған алғашқы ұлт кадр
лары Е. Суфиев, Ә.Темірбеков, М.Мұқановтар болды. Мәселен, 1952 жылы Қазаң
университетінің ғылыми кеңесінде Е. Суфиев "Қазаң мектептерінің бастауыш
кластарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің психологиясы" атты
тақырыпта диссертация қорғады. Мұнда автор Қазаң оқушыларының орыс тілі
сабагында ақыл-ойы мен ауызекі сөйлеуінің даму ерекшеліктерін психологиялық
түрғыдан талдайды.Автор оқушылардың ұғынуына Қиындық келтіретін кейбір орыс
тіліндегі атауларға тоқталып, мұның табиғи-ғылыми жағын И.П.Павловтың
жоғары жүйке қызметі туралы іліміне негіздей отырып түсіндіреді,оқушылардың
кейбір психикалық функцияларының (қабылдау,зейін,ойлау,т.б.) дамыту,орыс
тілін оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде біраз ұсыныс-кеңестер береді.
М.Мұқанов "Совет жауынгерлерінің ерлік істерінің психологиялық
ерекшеліктері" (1953 ж.) атты диссертациясында көптеген жергілікті әскери-
әдеби архивтік материалдарға сүйеніп, Ұлы Отан соғысының майдандарында
Қазаңстандыңтар көрсеткен көптеген ерлік істерге психологиялық талдау
жасаса, Ә. Темірбеков мектеп оқушыларында отаншылдың сезімнің қалайша
қалыптасатындығын зерттеді (1953 ж.).
Осы жылдары республиканық психология ғылымы саласындағы сұраныстарына
орайлас бұлардан басқа да бірнеше диссертациялар қорғалды, жеке еңбектер
жарық көрді. Мәселен, Қазақтың Абай атындағы пединститу-тының ғалымдары
халқымыздың интеллект, ақыл-ой ерекшеліктерін этнопсихология,
этнолингвистика, салыстырмалы психология ғылымдары түрғысынан зерттей
бастады.Осындай тақырыптардың бірінде "Хат танымай-тын адамдардың затты
топтастыруының ерекшеліктері" (В.В.Стативкин), "Жұмбақты шешудің
психологиясы" (Қ.Нұрғалиев), Айтыс өнері мен мақал-мәтелдердегі кісінің
ақыл-ой ерекшеліктерінің көрінісі (М.Мұқанов) зерттелді. Кейіннен
психология ғылымының жеке салаларынан да (жалпы, бала, педагогикалық,
әлеуметтік, спорт, т.б.) зерттеулер жүргізіліп, бірнеше еңбектер
жазылды.Олардың қатарына Ш.Бәймішеваның "Ней-ропсихологиядағы синдромдың
талдау формалары", М.Мұқановтың "Қабылдау мен есту микроструктуралық
талдау", Б.Есенғазиеванық "Силлогизм және ойды психологиялық
талдау",Қ.Шернияздаеванық "Мектеп жасына дейінгілердің қабылдау
ерекшеліктері", т.б. зерттеулерін жатқызуға болады.Психологияның жекелеген
салалар бойынша (жалпы жас, педагогикалық этникалық, спорт, т.б.) бірнеше
монография жарық көрді. Олардың кейбірі: М.Мұқанов, "Педагогикалық
психология очерктері" мен "Ақыл-ой өрісі", Н. Жанділдиннің "Ұлттың
психологияның табиғаты", Ө.Жөкебаевтың "Қылмыскер мінез-құлқының әлеуметтік-
психологиялық аспектілері", Ғ.Досболовтың "Алдын ала тергеудің
психологиясы", Н. Фелифоровтың "Басқарудың әлеуметтік-психо-логиялық
негіздері", В.Яковлевтіқ "Діндардың жан дүниесі", Ә. Алдамұратовтың
"Қызықты психологиясы", Р.И.Илешованық "Медицинальщ психология", т.б.
Осыжылдары проф. Қ.Жарықбаев психологиялық еңбектер жариялауда өндіре
әрекет етті. Оның қаламынан 60-90 жылдар арасында "Психология" (1962 ж.),
"Қазаң ағартушылары жастар тәрбиесі туралы" (1965 ж.), "Қазаңстанда
психологиялық ой-пікірлердің дамуы" (1968 ж.), "Әл-Фараби" (1978 ж.),
"Аталар сөзі - ақылдың көзі" (1980 ж.), "Ұстаздың еткен жалықпас" (1987
ж.), "Ақылдың кені" (1991ж.),т.б. Соңғы жылдары Қазаң халқының сан ғасырлық
тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің даму жолдарын көрсететін диссертациялар
қорғалып, бірнеше төл-тума еңбектер жарық көрді. Олардың қатарына В. Чистов-
тын, "Әбу Нәсір Әл-Фарабидің психологиялық мұрасы" (М., 1989 ж.), Қ.
Шәймерденованық "Абай Құнанбаевтың педагогикальқ көзқарастары" (Алматы,
1988 ж.), К.Ыбыраеванық "Мұхтар Әуезовтің педагогикалық көзқарастары"
(Алматы, 1991 ж.), А.Ақажанованық "Қазаң-станда жас және педагогикалық
психологияның дамып, қалыптасуы" атты диссертацияларынжатқызуға
болады.Қазірде Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтүрсынов,М.Жұмабаев,Ж.Аймауыто втардың
тәлім-тәрбиелік мұралары зерттелуде, бұлардың психологиялық көзқарастары
жайлы бірнеше еңбектер жарияланды. 1988 жылдан бастап Қазаң, кейіннен
Қарағанды, Қазаң педагогикалық, Шыгыс Қазаңстан университеттерінде, Ақтөбе
пединститу-тында психолог кадрлары даярлана басталды. Қазаң тілінде бірнеше
психологиялық төлтума оқу құралдары мен оқулықтар,терминологиялық
сөздіктер, библиографиялық көрсеткіштер, ұлттың психология салаларынан
арнаулы дәрістердің бағдарламасы,т.б.басылымдар жарық көрді. Республикадағы
психология ғылымының дамып, өркендей түсуіне: "Ойлау және қарым-қатынас"
атты бүкілодақтың симпозиумы (Алматы, 1973 ж.), "Кісінің белсенділігі және
оқыту мәселесінің психологиясы" атты республикалық конференция (Целиноград,
1976 ж.), "Мектеп реформасының талаптарына орай бала және педагогикалық
психологияның проблемаларын жанданды-ру" (Алматы, 1986 ж.), академик Т.
Тәжібаевтың туғанына 80 жыл толуына байланысты өткізілген "Қазаңстандағы
психология және педагогика ғылымдарының өзекті проблемалары" атты ғылыми-
теориялық конференция (Алматы, 1990 ж.), сондай-ақ 1992 жылғы "Хальщ
педагогикасы мен психология дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде" қолданылуы
ғылыми-практикалық конференцияның материалдары үлкен демеу болды. Қазірде
психологияның әр түрлі саласынан 70-тен аса ғылым кандидаты мен бес доктор,
профессорлар бар. Бұлардың кейбірі ұлттың психологияның дамуына елеулі үлес
қосып отыр.
Республикада 1958 жылдан бастап Қазаң республикалық психологтар қоғамы,
жастар қалалық зерттеу орталығы (1987 ж.), "Отбасы қызметі" атты
консультациялық кабинет жұмыс істейді. Психологиялық проблемаларды зерттеу
ісімен 20 педагогикалық институт пен бес университеттіқ арнаулы кафедралары
айналысады. Қазіргі кезде үш жүзден астам ғылыми қызметкер психологиялық
зерттеулер жүргізуде, орта арнаулы, жоғары оқу орындарында студенттерге
дәріс оқумен айналысуда.Бұлардың 70-тен астамы психология ғылымының
кандидаттары мен доктор профессорлары. Ғылыми кадрлар даярлау ісімен
профессор Қ. Жарықбаев, Н.А. Лоғанова, Ж. Намазбаева, Б. Хамзин, В.
Шабелышков, т.б. ғалымдар айналысып жүр.Соңғы кездері әсіресе
жариялылық,демократиялық бетбұрыстар республиканық егемендік
алып,тәуелсіздігін жариялаған тұста психологиялық зерттеулердің комплексті
тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің
қажеттігі сезіне бастады. Осындай тақырыптарға біздегі ауыл-село
мектептерінің әлеуметтік-психологиялық мәселелері, мал шаруашылыгы түрлі
салаларына қатысты мамандыңтың психологиялық ерекшеліктері, жетім балалар
үйлері мен мектеп-интернаты,лицей, медресе оқушыларының психологиялық
ерекшеліктері, ақыл-есі кенжелеу дамыған балаларды оқытып тәрбиелеу мен
талантты, дарынды шәкірттердің психологиясын зерттеу, қос тілділік пен көп
тілділіктік психологиялық астарларын іздестіру, ұлт (Қазаң) мектептерінің
бағдарламаларының психологиялық аспектілері, оларға тиісті өзгерістер
енгізу, кешкі, сырттай оқытатын орта мектептердің, кәсіптік-техникалық
училищелердің оқу мазмұнын анықтау, орта арнаулы, жоғары оқу орындарының
толып жатқан психологиялық мәселелерін қарастыру міндеттері алда тұрған
келелі проблемалар болып саналады.Халықтық педагогика көтерген тәліми
мәселелерді адамның жан дүниесіне орайластыра баяндайтын қол-данбалы мәні
зор психология ғылымының бір саласы -халықтық психология деп аталады.Мұнда
ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге тұскен ұлттың дәстүр, салт-сана,
әдет-гұрып, ұрпақтан-ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой,
эстетикалық, еңбек, дене, т.б. таптаурынды болған нормалар мен принциптер,
яғни халықтық жан дүниесі, өзіндік мінез-құлқы, іс-әрекетінің ішкі
астарлары сөз болады. Халықтық психология - психика мен мінез-құлықтың
қанға "сіқген", тез өзгеріп не жоғалып кетпейтін ұлттың белгісі, мезгіл
мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің желісі. Ұлттың дәстүр мен салт-сананың
адам психикасынан елеулі орын алатын біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр
кездері ғұмыр кешкен ғұламалар ерекше атап көрсеткен еді. Халықтық
психология - адамдардың қоғамдық көне жеке тәжірибесінен, өмірдегі
пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл
- адам мінез-құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән
психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің
жүйесі. Әйтсе де арнайы дәл ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, бұлар адам
психологиясын жан-жақты ажыратуға жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек
ғылыми психологияның теориялық мәселелерін зерттеу-мен, этнографиямен
астарласа дамыған этнопсихология дейтін арнаулы ғылым саласы шұғылданады.
Этнопсихология - әрбір халықтық рухани әрекетінің (миф, фольклор, тіл,
дәстүр, салт, әдет-гұрып, дін, т.б.) жемісін, сол халықтық психологиясын,
сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдердің бірі деп есептейді.
Этнопсихология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың орта шенінде Ресейде,
кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лацариус, Штейнталь, Вундт, т.б.) пайда
болды. Қазаң топырагында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уәлиханов
еді. Оның еңбектерінде "халық рухы" дейтін атау жиі кездеседі. Мұны
"халықтық психология" ұғымының синонимі деуге болады. Бұл жайт біртуар
Қазақ ғалымының сол кездегі еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен
хабардар болғандығын жақсы байқатады.
Психикалық құбылыстардың жіктелуі
Психикалык құбылыстар
психикалық процестер
психикалық қалып
психикалық қасиеттер
Біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз, ес, ойлау, сөйлеу, қиял, еркіміз
психикалық процестер деп аталады. Кейде психикалық процестер неғұрлым
күрделеніп кетсе, онда адам белгілі бір толқуды басынан кешіреді, бұл
психикалық қалып деп аталады. Мәселен, оқушынық сабаққа деген зейінділігі
немесе селсоқтыгы, адамда болатын шаттану не ренжу осындай жағдайлар, т.б..
Әрбір адамда өзіне тән кейбір ерекшеліктері болады. Мәселен, бір адам
кітап оқуға ықыласы күшті болады, екінші бір адам математикаға қабілетті
болып келеді, енді біреулері қызба болып келеді, мұндай адамды темпераменте
адам дейді, екінші біреулері байсалды, мұндай адамды мінезге бай адам
дейміз.
Қабілет, темперамент, мінез - бұл адамның психикалық қасиеттері.
Психикалық процестер, психикалық жағдай және психикалық қасиеттер бір-
бірімен тыгыз байланысты, бұлардың жиынтығы психика болып саналады.
Осы айтылып кеткен психикалық процестер, жагдайлар, қасиеттер бір
қалыпта түрмай, адамның іс-әрекетінде дамып, өзгеріп отырады.ІБұл
өзгерістер заң бойынша болып отырады.
Адамның психикасын, оның психикалық іс-әрекетінің заңдылықтарын
зерттейтін ғылымды психология деп атайды.
Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі грек ғалымы Аристотель (б.э.д. 384-322
ж.ж.) есімімен байланысты. 2500 жылға созылған осынау кезеңде психология
басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану,
т.б.)араласа, астарласа дамып келді. XIX ғасырдың екінші жартысынан былай
қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял, т.б.) эксперимент
(тәжірибе) жүзінде әр түрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей
бастады. Осы кезден бастап психология өз алдына дербес отау тігіп,
тәжірибелік ғылым ретінде дами бастады. Ғылымның осы саласына экспериментті
тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт (1838-1920 ж.ж.) болды.
Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы жоғарыда
аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір, талас-тартысына толы. МәселенА
ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б.э.д. 4&0-370 ж.ж.) сол кездің
өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп
түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып,
материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист
Платон (427-347ж.ж.), керісінше, жан мәңгі өлмейді, өшпейді деп
тұжырымдады.
Психологияның маңызы және оның міндеттері
Ғьілым ретінде психологияның міндеті - психикалық өмірдің негізгі
заңдарын зерттеу. Бұл заңдарды білу әрбір адамға қажет. Психологияны зер
салып зерттеген адамның қай-қайсысы болса да өзінің күшті және осал
жақтарын көре біледі, өзін-өзі тәрбиелеп, жақсы қасиеттерін жетілдіруге,
кемшіліктерін жоюға мүмкндік алады. Психологияны үйреніп білу - адамға
еңбек және оқу істерінде тигізер көмегі мол. Ой-әрекетін жақсы түсінуге,
еске сақтауға, зейін аударуға жол ашып береді. Адамның психикалық өмірін
бейнелейтін әдебиетті, тілді, тарихты және басқа қоғамдық ғылымдарды
зерттеп білуде психологияның маңызы зор. Балалардың психикалық
ерекшеліктерін білмейінше, оларды ойдағыдай оқытып тәрбиелеуге болмайды.
Жалпы психологиямен қатар психологиялық ғылымның жеке салалары да
болады.Мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін, бала және педагогикалық
психологияны білудің маңызы зор.Педагогикалық психология оқу-тәрбие жұмысы
процесінде балалардың психикасын зерттеумен шұғылданады.Ол оқушыларды
ойдағыдай оқытып тәрбиелеудің психикалық шарттарын зерттейді.Психологияның,
әсіресе, мұғалімдер үшін маңызы зор. Анатомия мен физиологияны жөнді
білмейтін дәрігердің жұмысы қандай пәрменсіз болатын болса, психологияны
білмейтін мұғалімнің де оқу-тәрбие саласындағы еңбегі нәтижелі болмайды.Осы
жайды Украинанық аса көр-некті педагогы, психолог Хблога.С. Мақаренко (1888-
1939 ж.ж.) бізге талай рет ескерген болатын. Ғылыми-техникалық прогресс
елімізде осы ғылымның ұдайы дамуына ерекше ықпал жасап келеді. Кеңес
психологтары, әсіресе оқу-ағарту, тәлім-тәрбие мәселелерінің көптеген
қырларына заман талабына сай зерттеулер жүргізді. Мәселен, төменгі сынып
оқушылары оқудың жаңа жүйесіне көшіруде психологтар (Л.Б. Занков, В.В.
Давыдов, Д.Б. Эль-конин, т.б.) елеулі еңбек сіңірді. Психологияның салиқалы
проблемалары Мәскеу, Киев, Тбилисидегі ғылыми-зерттеу институттарында,
университеттер мен пединституттардың арнаулы кафедраларында зерттелуде, осы
ғылым саласындагы үздік ғылыми еңбектері үшін С. Л. Рубинштейна 1940 жылы,
Соколянский мен Мещеряковтарға 1980 жылы Мемлекеттік сыйлықтар берілді.
Елімізде психология кадрлары көптеген университеттерде даярланады. 1957
жылдан бастап психологтардың Бүкілодақтық қоғамы жұмыс істеді.
Диссертациялық зерттеулер үшін психология ғылымының кандидаты, докторы
деген арнайы ғылыми атақтар беріледі.
Психологияның әдістері.
Психологияда қолданатын әдістер әр түрлі болады. Бақылау, эксперимент,
әңгіімелеу әдісі адам қызметінің нәтижесін зерттеу болып табылады.
Бақылау - психологияда кең тараған әдіс. Зерттеуші басқа адамның іс-
әрекетін, оның мінез-құлқын, психикасын, қозғалысын, сөйлеген сөзін
жоспарлы түрде бақылайды. Адамның мінез-құлқын дұрыс түсіне білудің де
маңызы зор. Мысалы оқушының бет-әлпетіне ден қоя берудің керегі жоқ. Кейде
оқушы зер салып отырған адамның кейпінде болады, ал шынында ол мұғалімнің
айтып жатқанын тыңдамай отырады. Сондықтан балалардың жай күйін білу үшін,
оларға зер салып қарау жеткіліксіз, басқа әдістер сұраулар қоюды қолдану
керек. Баланың іс-әрекетін сабақ үстінде сыныптан тыс оқып үйренуде үй іші
жагдайында үнемі бақылау жасай отырып, мұғалім оның оқуға, жолдастарына,
өзіне және үлкен адамдарға қарым-қатынасының қандай екендігін біледі.
Оқушыға бақылау жасау арқылы оның темперамен-тін, мінезін, қабілетін білуге
болады.
Тәжірибе. Ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперименттік әдістің мәні
сыналушыға зерттеуге қажет психикалық процесті әдейі жасатады. Мәселен,
мәтінді дұрыс түсініп, игеруде оны оқудың қолайлы шапшаңдығын білу үшін,
белгілі бір әңгіімені бір топтағы балаларға 3 минутта, сол үзіндіні екінші
топтағы балаларға 5 минутта, үшінші топтағыларға 7 минутта оқытылды. Бір
қатар тәжірибе жасаудың негізінде оқу материалын жақсы түсініп, есте сақтау
үшін оқудың орташа қарқыны дұрыс деген қорытындыға келді.Тәжірибенің 2 түрі
болады:
1. Зертханалық тәжірибе
2. Табиғи тәжірибе
Арнаулы аспаптар қолданылып жасалған тәжірибе зертханалық тәжірибе деп
аталады. Мәселен, тері сезгіштігін байқау үшін эстезиометр бар.
Қазіргі кезде ғарышты игерумен, медицинанық қарқынды дамуымен
байланысты қасындагы отырған адамның психологиялық күйін, физиология лық
қалпын біліп қана қоймай, арнаулы аспаптар арқылы алыста тұрған адамның да
ішкі күйін біле аламыз. Соның бірі - радио-рефлексометр. Бұл аспап арқылы
аспанда ұшып жүрген ғарышкерлердің рефлекстерін бақылап отыруға болады.
Психология пәнінде қолданылатын тәжірибе әдісінің тагы бір түрі табиғи
тәжірибе деп аталады. Жоғарыда айтылған әдістен мұның айырмашылығы сол
табиғи тәжірибе зертханада емес, оқушынық күнделікті үйреншікті ортасында
өткізіледі.Бұл әдісті өзінің ғылыми тәжірибесінде бірінші қолданған орыстың
психологы Лазурский (1874-1917ж.ж.) еді.Оқушылар өзін еркін сезінеді,
көбінесе оның психикалық процестері зерттеліп жатқанын, мінез-құлқы, оның
жауаптары мұқият жазылып алынып жатқанын білмейді (жабық камера, магнитофон
арқылы).
Әңгіімелесу әдісі бақыланып отырған адамның зерттеушіге берген
жауаптарынан құралады. Қойылатын сұрақтарды алдын ала ойлап алған жөн.
Сұрақтар әңгііме етілетін тақырыпты толық қамтуға тиіс, ал қойылған сұрақ
балаларға түсінікті болуы керек.Әңгіімені бір адаммен емес, бірнешеуімен
тіпті тұтастай сыныппен өткізуге болады. Әңгііменің мұндай түрі зерттеліп
отырған оқушылардың жауабын бір бірімен салыстырып отыруға мүмкіншілік
туғызады.Психологияда, сондай-ақ адам қызметінің нәтижесін зерттеу әдісі
пайдаланылады. Мәселен, шығармаларын, суреттерін, күнделіктер, хаттарын
зерттеу.
Психологиялық ғылымда сауалнамалық әдіс дейтін де әдіс қолданылады.
Мұнда сыналушыға бірқатар сұрақтарға жауап жаздыртады.
Психологияда өзін-өзі бақылау әдісі де қолданылады.Бұнда адам өзін-өзі
тәрбиелеуде сапалық жақсы қасиеттерін дамытып, кемшіліктерін жойып отыруы
керек.
Психологияның салалары
Қазіргі уақытта психология ғылымы бірнеше салаларға бөлінеді.
Адамның нақты іс-әрекеттеріне сүйене отырып, оның психикасының дамуын
былай жіктейді:
I. Тәлім-тәрбие (педагогикалық) психологиясы - адамды оқыту мен
тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтарды зерттейді.Ол оқушылардың
ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу
материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды
реттеудің мәселелерін қарастырады.Оқушылар ұжымындагы өзара қатынастар мен
олардың психологиялық даралық ерекшеліктерін, санасын айырудың
мүмкндіктерін іздестіреді.
Тәлім-тәрбие психологиясының мынадай тармақтары бар:
а) Оқыту психологиясы - дидактиканық психологиялық негіздерін, оқыту
мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен
балалардың ақыл-ойын қалыптастыру мәселелерімен шұғылданады.
ә) тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие
мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен тұзету
психологиясының негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді.
II. Жас кезеңдерінің психологиясы - әрқилы психикалық процестердің
табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтың қасиеттерін, психологиялық
саналарын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан түрады: балалар
психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер
психологиясы мен кәрілік психологиясы (геронтология). Бұл сала оқыту мен
ақыл-ойдың дамуын зерттейді.
III. Арнаулы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан
ауытқуын, ми ауруына үшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы
саладағы әр Қилы аурулардың себептерін қарастырады.
Арнаулы психологияның тармақтары: олигофренопсихология ми зақымы
ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология саңырау не
керең болып туған балалар психологиясын, тифлопсихология нашар көретіндер
мен зағиптардың психологиялық дамуын зерттейді.
IV. Еңбек психологиясы - адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын,
ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың психологиялық талаптарын
зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына ай-налған
білімдерге жіктеледі.Олардың ішінде:инженерлік психология, авиациялық
психология, ғарыштың психология, т.б. бар. :в
V. Медициналық психология - дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез-
құлқын зерттейді.
VI. Әскери психология - азаматты ел-жұрты мен Отанын қорғайтын
психологиялық түрғыдан даярлау.
VII. Әлеуметтік психология - адам мен қоғам арасындағы қатынас
мәселелерін, адамдардың әр түрлі ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған,
бейресми топтарда корініс беретін психикалық болмысын зерттеумен шұ-
гылданады.
VIII. Спорт психологиясы - спортшылардың іс-әреке-тіндегі психологиялық
ерекшеліктерін қарастырады. (спорт жетекшілері мен багынушылардың өзара
қарым-қатынасын, оларды даярлаудың, жағдайын анықтайды.
IX. Сауда психологиясы әрбір елдің саяси-экономикалық және мәдени-
материалдың қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары
белгілейеді.
X. Ғылыми - шығармашылық психологиясы-шығармашылық адамның жасампаздың
қызметі, өзіндік ерекшеліктері,белсенділігі айқын көрініп, ғылыми
жаңалықтарды ашудағы интуициясы сезімдік ролі, т.б. сипаттары зерттеледі.
Осы бағыттағы ерекше маңызды заңдылық - эвристика тәсілі.
XI. Салыстырмалы психология - психиканың физогенетикалық түрлерін
қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып
зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктерін
ажыратады.
XII. Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді зерттеу және оларды
тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл сала
сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен тұзеу психологиясы деп
аталатын тармақтардан түрады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Психология ғылымы дегеніміз не?
2. Психикалық құбылыстарға не жатады?
3. Психология ғылымы қай тілден аударғанда "жан туралы ілім" деген
ұғымды білдіреді?
4. Психологиялық құбылыстардың жіктелуі деп нені айтамыз және оның
түрлері?
5. Сана деп нені айтамыз?
6. Психикалық құбылыстардың жіктелуінің түрлеріне анықтама беріңіз.
7. Диалектикалық материализм түрғысынан алғанда психика дегеніміз не?
8. Психологиялық әдістердің түрлерін атаңыз және оларға анықтама
беріңіз.
9. Тәжірибелік әдіс дегеніміз не?
10. Тәжірибелік әдіс неше түрге бөлінеді және оларды атаңыз?
11. Психологияны білудің қандай маңызы бар?
12. Психологияның қандай салалары бар?
2-дәрісбаян
МИ ЖӘНЕ ПСИХИКА
Жоспар:
1. Жоғарғы жүйке қызметі - психиканың физиологиялық негізі.
2. Мидың рефлекторлық қызметі.
3. Ми сыңарлары қыртысындағы жүйке процестері.
4. Бірінші және екінші сигнал жүйелері.
Жоғарғы жүйке қызметі - психиканың физиологиялық негізі
Психика - жүйке жүйесінің қасиеті болғандықтан, психикалық қасиетті
түсіну үшін адам мен жануарлардың психикасының материалдың негізі болып
табылатын жоғаргы жүйке қызметінің ерекшеліктерін білу керек.Жүйке жүйесі
орталық және перифериялық жүйке жүйесі болып екіге бөлінеді. Орталық жүйке
жүйесі -бұл ми (бас миы және омыртқа жұлыны).
Перифериялық жүйке жүйесі - жүйкелер, яғни талшық шоқтары.Осы жүйкелер
бас миы мен омыртқа жұлынынан адамның барлық денесіне тарап жатады.
Жүйке жүйесінің құрылысы: 1. Бас миы. 2. Омыртқа жұлыны. 3. Жүйкелер
Ми да,жүйкелер де, нейрондардан яғни бірімен-бірі жалғасып жататын
жүйке жасушаларынан құралады.
Мидың бірнеше бөліктері болады. Омыртқадағы жұлын қарапайым қозғалысты
реттейді.
Жануарлардың миына қарағанда адам миының құрылысы күрделі болып
келеді.Адамның миының аумағы да үлкен.Маймылдардың миының орта салмагы 400-
500 грамм болса, ал адам миының орта салмағы 1400 грамм. Ағзаның өмір
сүруінде ми қызметі үлкен роль атқарады.Сонымен қатар организм тіршілігінде
ми сыңарлары қыртысының маңызы зор.Адамда ол орта есеппен алғанда 14-15
миллиард нейроннан түрады. Ми қыртысының маңдай жағы неғұрлым маңызды роль
атқарады.Жануар негұрлым дамыған болса, оның ми қыртысының маңдай жағының
үлесі соғұрлым көбірек болады.Жеке адамның психикалық өмірінде мидың көлемі
мен салмағының бірсыпыра маңызы бола тұрса да, ми құрылымының ерекше маңызы
бар. Сондықтан мидың салмағына қарай, адамның ақылы туралы кесіп-пішіп ай-
туға болмайды.Мәселен,Тургеневтің миының салмағы 2120 грамм, Павловтың миы
1653 грамм, ал кейбіреуінде кем, Анатоль Франстың миының салмагы небәрі
1170 грамм. Ми сыңарларынан айырылған ит толық мүгедек болады.Жүйке жүйесі
ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін
тітіркендіргіштерге жауап қайырады.
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке жасушалардан құрылған.Бұл
нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардъің бірі - ұзын
тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі - көптеген қысқа тармақты
дендрит деп аталынады.Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп
бітетін жерін жүйке орталықтары дейді.Бұлар орталық перифериялық (шеткі)
және вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өн бойында орналасқан.Жануарлар
мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі болып табылатын
мидың және оның бөліктерінің құрылысы тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылымда
жан-жақты, толық дәлелденген.Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы
көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса
біткен, Осы бөліктердің жоғарғысы төменгісінен құрылысы жөнінде, атқаратын
қызметі жөнінде күрделірек болып келеді. Орталық жүйке жүйесінің төменгі
бөлімі-жұлын (жуандыгы 1 см-дей) омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның
ұзындығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді. Жұлынның ішкі
жагында сұр зат орналасқан, сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын
ақ затпен қоршалған.Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп нерв талшықтары
тарайды,олардың бір тобы ортаға тебетін,екінші бір тобы шетке тебетін жүйке
деп аталады.Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталыгы емес,ал қарапайым
қозғалыстарымыздың (аяқ-қолды бүгу, керіп-созу, т.б.) жұмысын басқаратын
орталық болып табылады. Мәселен, жаңа дүниеге келген нәресте емуге
әрекеттенеді,аузына сүт барғанда,ол сілекей бөледі.Мұның бәрі жұлынның
шартсыз рефлекстері, олар ағзаға туысынан тән болады.Орталық жүйке
жүйесінің екінші бөлігі -ми.Оның орташа салмагы ересек адамдарда 1400
грамм.Мұндағы сопақша, ортақғы және аралық ми, бәрі қосылып - ми бағанасын
құрайды.Ми бағанасы әсіресе, омыртқалы жануарлардың өмірінде ерекше роль
атқарады.Сопақша ми - жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жұ-рек қызметінің,
қан айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің дем алу,
түшкіру, шайнау, жұту сияқтымыз түрлі реакцияларымыз - сопақша мидың
қызметі.Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық
орналасқан.Мишық ағзаның қозғалысын,оның бірқалыпты жүріс-тұрысын басқарып
отырады,ол шартсыз рефлекстік сипаттағы қозғалыстардың үйлесімділігін
қамтамасыз етеді.Бұлардан жоғары орналасқан орта мида құлақ пен көзден
баратын тітіркендіргіштерді,скелет еттерінің қалпын реттейтін жүйке
орталықтары бар.Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты
тармағынан түрады. Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды.Бұл
бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабыгымен байланыстырады, ал мұндағы
көру төмпешігі-афференттік талшықтардың жиынтыгы болып табылады.Афференттік-
латынның афферекс деген сөзі,қазақша "жеткізуші" деген мағынаны
білдіреді.Ми сыңарлары екі бөліктен (оқ жақ және сол жақ сыңары деп
аталатын) түрады. Ми сыңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80
пайызына тең.Мұның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар.Сұр зат ми қабығы
деп аталынады.Ол қалыңдыгы 3-4 мл. бірнеше қабаттардан тұрады.Ми қабыгы 4
бөлімге бөлінеді.Олар: маңдай,төбе,желке және самай деп аталынады.Ми қабыгы
бірыңғай тұтас мүше.Ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді көптеген
анализаторлардың (талдағыштардың) ядросынан түрады. Мида көру, есту, тері,
қозғалыс, иіс, дәм, т.б. анализаторлардың жүйке орта-лықтары бар. Мәселен,
мидың желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде есту, төбе бөлігінде
қозғалыс орталықтары орналасқан
Мидың рефлекторлық қызметі
Сыртқы орта адамның миына, жүйке жүйесіне сезім органдары арқылы үнемі
әсер етеді. Ағза бұл әсерлерді қабылдап жауап беріп отырады.Бұл процесті
рефлекс деп атаймыз. Рефлекс - латын сөзі, қазақшаға аударғанда "бейнелеу"
деген мағынаны білдіреді. Мәселен біз байқаусызда қолымызды ыстық затқа
тигізіп алсақ, сол сәтте тартып аламыз.Бұл тітіркендіргіш жүйке жүйелері ар-
қылы омыртқа жұлындарына беріледі,ал одан кейін бұлшық еттерге импульс
береді.Импульс латын сөзі қазақша аударғанда "түрткі ояту" деген мағына
береді. Рефлексті бұдан 300 жыл бұрын Француз ғалымы Ренэ Деқарт
ұсынды.Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады. Рефлекс
туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Деқарт (1596-1650 ж.ж.).
Рефлекстің биологиялық сипатын чех ғалымы Иржи Прохаске де (1749-1820)
өз еңбектерінде көрсете білді. Рефлекс терминін ғылымға енгізген.Орыс
физиологы И.М.Сеченов (1829-1905 ж.ж.) оны әрі қарай дамытты.Әрі қарай
рефлекторлық теорияны И.П.Павлов дамытты.И.П.Павлов рефлекстердің жоғарыда
келтірілген типін шартсыз рефлекстер деп атады.Бұл рефлекстер туа біткен
рефлекстер.Ал шартсыз рефлекстерден басқа белгілі бір жагдайларда ғана
пайда болатын рефлекстер бар.Бұларды И.П.Павлов шартты рефлекстер деп
атады.Мәселен, иттің күркесіне электр шамын қондыратын болсақ,бұл шам
жағылғанда иттің аузынан сілекей аға бастайды. Сөйтіп, шамның жарығы ит
үшін тамақ берудің сигналы. Шартты рефлекстер туа біткен рефлекстер емес,
өмір тәжірибесінде, іс-әрекетте пайда болады.Шартты рефлекс өмірде пайда
болып қоймайды,сонымен қатар жоғалып та кетеді.Сондықтан И.П.Павлов оны
уақытша жүйке байланысы деп атадУақытша жүйке байланысы ми қыртысында тек
тітіркендіргіштің пайда болуының нәтижесінде ғана құралмайды, сонымен қатар
мақсатқа жеткізетін байқау әрекеттерінің нәтижесінде құралады.Мәселен,ит
өзін қама-ған үйден шығудың жолын іздейді, бірнеше есіктің біреуі
жабылмаған.Әр есікті тұмсығымен түртіп, жабылмаған есікті тауып алады.2 рет
ит қамалғанда үйден шығудың жолын бірден табады.Мұндай нәтиже (үйден шығу)
мақсатына жетудегі әрекеттен ғана болып отыр.Ағза үшін ми сыңарлары
қабатындагы уақытша байланыстардың маңызы өте үлкен.Егер жануарларда тек
шартсыз рефлекстер ғана болған болса, олар өмірдің үнемі өзгеріп түратын
Қиын жағдайларында өмір сүре алмаған болар еді.Мәселен, жануарлар өзіне
төнген қатерді,тек жыртқыш аңның тырнағы қадалғанда ғана білер еді.Бірақ
жануарлар жыртқыш аңның гүжілдеген даусын немесе аяқ басуын алыстан-ақ
естиді,бұл дыбыстар қатердің жақындап келе жатқанын білдіретін шартты
сигналы болады.Шартты рефлекстердің көпшілігі үлкен ми сыңарлары қыртысында
құралады, егер жануардан оны алып тастаса ол барлық өмір тәжірибесінен
айырылады. Онда шартсыз рефлекстердің көбі сақталса да, ол жануар дәрменсіз
болып қалады.Ми қыртысы алынған ит, етті көре түра, ет пен аштықтан құтылу
арасындағы байланысты белгілей алмайды,сөйтіп жейтін тамақтың қасында тұрып-
ақ аштан өледі.Ет аузына түсіп,мидың қоректенуді басқару орталығын
қоздырып, тиісті шартсыз рефлекс туғызғаннан кейін ғана ит жей
бастайды.Адам да жоғарыда айтылғандай, жалпы мидың үлкен ми сыңарларынсыз
тіршілік ете алмайды.
Ми сыңарлары қыртысындағы жүйке процестері
Адамның да, жануарлардың да ми сыңарлары қыртысында бір-біріне қарсы
екі процесс бар: қозу және тежелу.
Заттар мен құбылыстар сезім мүшелеріне әсер етіп тітіркенуді туғызады,
бұл миға әсер етіп, қозу пайда болады.
Сонымен бірге ми қыртысында қозуға қарсы тежелу процесі болып отырады.
Ол қозуды бір жерге шоғырландырып, тежейді. Қозу мен тежелу бір-бірімен
тығыз байланысты.Мұны біз мынадан көруімізге болады,егер мидың бір
бөлігінде қозу пайда болса, онда оның айналасында тежелу де пайда болады.
Бұл құбылысты теріс индукция деп аталады.Тежелудің айналасында үлкен ми
сыңарлары қыртысында қозу басталады,бұл процестер жүйке процестерінің оқ
индукциясы деп аталады(физикадағы индукция құбылысынасай И.П. Павлов
енгізді).Тежелу шаршаған жағдайда да болады. Егер тежелу адамның үлкен ми
сыңарларын,мидың төменгі жағын қамтыса адамды ұйқы басады.Мұндай тежелу
оргнизмді шаршаудан қорғайды. Ұйықтаудың тағы бір түрі бұл -гипноз.Мұнда
тежелу ерекше сипатта болады. И.П. Павлов айтқандай ми қыртысының бәрін
қамтымайды.Мұнда адамға сіз ұйықтадыңыз, ұйқықыз келді деп сендіру арқылы
ұйықтатады.Сөзбен ұйытып, сендіру арқылы, сондай-ақ гипноз жасалған адамның
бетін аялай қолмен жайлап қозғалыс жасау арқылы жасанды түрде
жасалынады.Мұнда ми сыңарлары қыртысында мидың белгілі бір бөлігі қозу
күйінде қалады,соның арқасында ұйьқтатлған кісі гипозшынық сөзін
естиді. Ми сыңарлары қыртысының көпшілігі тежелу күйінде болғандықан,гипноз
жасалған адам өз бетімен әрекет жасай алмайды,өзін ұйықтатқан адамға
бағынады, оның бұйрығн орындайды.
Ең соңғы зерттеу адамның ояну кезінде мида жүйке жасушаларының кейбір
бөліктері ғана қозу күйінде болып, қалғандары тежелу жағдайында болады.
Ұйқы кезінде жасушалардың ролі өзінше ауысады: бұрын қозғандары енді
тынығады,бірақ қозу күйіндегі бөліктері де болады,соның арқасында ұйықтап
жатқан миы ағзаға керекті қызметтерді атқарады.
Бірінші және екінші сигнал жүйелері
И.П.Павловтың жоғарғы жүйке қызметі туралы зерттеуінде екі сигналдың
жүйе туралы ілімінің зор маңызы бар.Атақты физиолог И.П.Павловтың айтуы
бойынша мидың қызметінде екі түрлі сигналдың жүйе болады.
Оның бірі-заттармен бетпе-бет кездескенде тері, көз, құлақ мүшелері
арқылы түйсіну, қабылдау, елестету.,
Бұл жануарларда да, адамда да бірдей – 1-ші сигналдық жүйе
1- сигнал жүйесі еңбек процесінде де маңызды орын алды.Оқыту процесінде
көрнекі құралдарды пайдаланудың психологиялық негізі-осы бірінші сигналдық
жүйе өйткені оқушылардың басында айналадағы шындық уралы заттар мен
құбылыстар жайында дұрыс елес тудыру осы бірінші сигналдық жүйеге
байланысты
Сөз, сөйлеу және солардың негізінде туатын уақытша байланыстар екінші
жүйеге жатады. Сигналдың бұл түрі адамға ғана тән.
Мектеп жағдайында оқу мәселесі, тәрбие жұмысына байланысты сөздің
қатынаспайтын жері жоқ.Сабақ беру әдістерінің көпшілігі лекция оқуды,
әңгіімелесуді, түсіндіруді, көрнекі құралдарды қолданғанда оларды сипат-
тауды тілейді.Сондықтн сигналдықжүйедегі шартты рефлекстік алаын орны
зор.И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы ілімі психология пәнін,
адамның психикалық әрекетін диалектика түрғысынан дұрыс түсінуде ең қажетті
құралға айналды.
Екінші сигнал жүйесі жануарлар дүниесінде болмайды,жануарларда бірен-
саран дыбыс реакциялары бар,бірақ бұл дыбыстарда ешқандай мағна жоқ, ол жай
биологиялық қажеттіқ хабары ретінде шығып отырады.Сөйтіп, жануарлар
тіршілігі үшін бірінші сигнал жүйесі, бірден-бір жүйе болып табылады.Екінші
сигнал жүйесі,тек адамдарға ғана тән.Бірақ адамдар мен жануарлардың сигнал
жүйелерінің арасында сапалық айырмашылық бар. Егер адамдардың бірінші
сигнал жүйесінің нервтік байланыстары қоғамдық қатынастарды бейнелейтін
болса, жануарлар дүниесінде бұл биологиялық сипатта болады.Мұны қарапайым
мысалмен түсіндірейік.Үзіліс біткен соң қоңырау соғылады,балалар
сыныптарына кіреді.Қоңыраудың дауысы балалар үшін - бірінші сигнал
жүйесі.Ал үлкен үзілісте балалар мектеп маңында қо-қырау даусы естілмейтін
жерде ойнауы мүмкін.Бір оқушы жүгіріп келіп: "Қоңырау соғылып жатыр!" -
дейді.Бұл жағдайда сөз қоңырау дауысының орнына жүріп отыр.Оқушынық сөзі
екінші сигнал жүйесі болып табылады.Мұғалім балаларға өсімдік
сабақтан,жапырақтардан және тамырдан құралады деп айтады.Мұнан кейін ол
салынған суреттерді көрсетеді.Мұнда өсімдіктіқ барлық бөліктері бар.Бұл
ретте таным процесіне - екінші,сонымен қатар бірінші сигнал жүйесі де
(суретті көріп қабылдау) пайдаланылады.Сигнал жүйесінің екеуі де үнемі
өзара әрекет жасауда.Егер,екінші сигнал жүйесінің сигналдары (сөз) бірінші
сигнал жүйесіне сүйенбесе (ол арқылы алғандарды көрсетпесе),онда бұлар
түсініксіз болар еді.Мәселен,біз білмейтін шет тілінде айтылған сөздер
бізге түсініксіз, өйткені бұл сөздер бізге нақты мазмұн бермейді.Ал тек
бірінші сигналдарының өзі бізге дүние туралы толық білім бермейді.Адам тек
екінші сигнал жүйесі (сөз) ақылы жеке факторларды қорытып,өзі үшін маңызды
заңдылықтарды белгілей отырып,өзінің мағлұматтарын толықтыра түсуді
үйренеді.Екінші сигнал жүйесінің арқасында адам өзінің білімін сақтап,
тереңдете түседі.Адамның сигнал жүйелері дамудың,оқу-тәрбиенің ба-рысында
қалыптасады.Сөздік сигналдар адамның айналасындагы қоршаған дүниесімен
белсенді қарым-қатынас жасауының арқасында біртіндеп қорланып отырады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Жүйке жүйесінің атқаратын негізгі қызметі қандай?
2. Орталық жүйке жүйесі дегеніміз не?
3. Рефлекстік түрлері және оған анықтама беріңіз.
4. Рефлекс идеясын ең алғаш ұсынған кім?
5. Тежелу және қозу процестері дегеніміз не?
6. Мидың анализдік және синтездік қызметі дегеніміз не?
7. Бірінші және екінші сигнал жүйелері туралы не білесіз?
8. Екінші сигнал жүйесі кімдерде болады?
3-дәрісбаян
ПСИХИКА МЕН САНАНЫҢ ДАМУЫ
Жоспар:
1. Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы.
2. Жануарлар психикасының негізгі түрлері:
3. Инстинктер.
4. Жануарлардың дағдылары.
5. Жануарлардың интеллекті.
Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы
Бұдан миллиондаған жыл бұрын біздің жерде тек өлі табиғат қана болған,
ешқандай жанды ағза болмаған.Одан кейін тіршілік туды,өсімдіктер мен
жануарлар пайда болды.Жер бетінде тіршіліктің пайдаболуы-материя дамуының
жаңа сатысы.Материя ерекше қасиеттерге ие болды.Бұл қасиеттердің бірі-
тітіркенушілік,яғни сыртқы тітіркенуден ағзаның әсер алуы.Мәселен,Мимоза
өсімдігін алатын болсақ,оған қол тигізгенде,ол жапырақтарын жиырып
алады.Бұдан тіршіліктіқ бар екенін білуге болады. Жер үстінде жануарлар
пайда бола бастады.Бұл-сезімталдың жануарлардың жүйке жүйесінің психикалық
қасиеті.Жануарлардың нерв жүйесі мен миы күштірек дамыған сайын,олардың
психикасьіның дәрежесі де соғұрлым жоғары болады.ол адам да неғұрлым күшті
дамыған.Материяның бірте-бірте дамуы тірі организмнің өмір сүруіне қажет
жоғары қасиеттіқ -психиканың тууына әкеліп жеткізді.
Тірі организмнің психикалық дамуының бүкіл ұзақ процесі үлкен екі
кезеңнен түрады:
І.Жануарлардың психикасының дамуы (ол биология заңдарына, тұқым
қуалаушылық, құбылмалылық, табиғи сұрыпталу заңдарына бағынады).
2.Адам санасының дамуы қоғамдық-тарихи заңдылықтарға сәйкес дамиды.
Жануарлардың психикасының дамуы қоршаған дүниені бейнелеудің және оның
өзгеруіне бейімделу, күрделі психикалық процестердің пайда болуымен
байланысты болды.Жануарлардың түйсіктерінің дамуыныңнәтижесінде оларда
қабылдау туады.Снымен қатар жануарлардың есі жетіле түседі. Мәселен, маймыл
тығыпойған бананды іздей бастайды.
Омыртқалы жануарларда ойлау нышаны бар,бірақ ол адам ойлауынан
әлдеңайда шамалы келеді.Психиканың дамуы үшін жануарлардың тұрмысының,
қоршаған ортасының маңызы зор.Басқа жануарларға қа-рағанда үшатын құстар
мен балықтардың психикасы нашар дамыған.Бұл жағдай олардың тіршілік ететін
ортасына байланысты.Бірақ та құстың көзі жақсы көреді.Жемін алыстан көруіне
көп көмек көрсетеді.Маймылдардың психикасының басқа жануарлармен
салыстырғанда жоғары дәрежеде дамуының себебі орманда өмір сүруге
бейімделуінен.Ағаш арасындағы тіршілік жағдайында иіс айырудың қажеті
азайып, көру ролі арта түседі. Ағаш бұтақтарында отырып теңселу,ағаштан-
ағашқа секіру,көзбен мөлшерлеуге жаттыңтырады,дененің сезімталдығын
жетілдіреді, әрі жылдам қозғалуды талап етеді.Маймыл жаңғақтың ішіндегі
дәнін,түрлі миуа атаулыны, шөптіқ сабағын тауып жейді.Ол үшін ептілік
керек.Маймыл қолын жүру қызметіне де,ұстау қызметіне де қолдана
алады.Маймылдардың психикасының даму сатысын ақғаруға негіз болатын маңызды
бір факт - көз бақылауы мен ептіліктіқ пайда болуы.Бұл бейімділік бұтақтан-
бұтаққа секіріп,тамақ тауып жеуіне көмектеседі.Жануарлар дүниесінің
дамуында үш түрлі әрекет бар.
Олар:
1. Инстинкт
2. Дағды
3. Интеллект
Жануарлар психикасының негізгі түрлері Жануарлардың инстинкті
Инстинкт деп жануарлардың биологиялық өмірінде тұқым қуалай отырып,
бойына біткен мінезінің пайдалы тума түрін айтады.Инстинктің мынадай өзіне
тән ерекшеліктері бар:
1) Амалдың-тұтастың егерде қарапайым рефлекс организмнің жеке
мүшелерінің аз уақыт ішінде бір рет қана жауап қайыруы болса, инстинкт
ұзаққа созылып жануар үшін биологиялық мәні зор,күрделі әрекет түрінде
өтеді (ін қазу, ұя салу, ақ аулау, ұясына, ініне тамақ жинау).
2) Туа пайда болу. Бұл жануардың нерв жүйесінің бойына біткен тұқым қуу
арқылы берілген қасиеті. Бұл инстинкт қайталап отыруды тілемейді.
3) Санасыздың. Сырт қарағанда саналы сияқтымыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz