Индивид биологиялық түр өкілі, жеке тірі пенде
2-БӨЛІМ. ДӘРІС КЕШЕНІ
4-ТАРАУ. ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫ
Глоссарий (анықтама, сөздік)
Индивид биологиялық түр өкілі, жеке тірі пенде.
Жеке даралық адамның психологиялық ерекшеліктерінің үйлесімділігі,
яғни оның басқа адамдардан айырмашылығы және бірегей қайталанбастығы.
Тұлға адамзаттық индивид тұлға аралық және әлеуметтік қатынастар мен
саналы ісәрекет субъектісі ретінде.
Тұлғалық мағына тұлғаның объективті шындыққа деген субъективті
қатынасы.
Тұлға бағыттылығы тұлға мінезқұлқы мен ісәрекетіне бағдар беруші
тұрақты мотивтер жиынтығы.
Құндылық бағдар тұлғаның болмыс объектілерін олардың мәнділігі
бойынша дифференциациялау тәсілі.
Темперамент индивидтің оның психикалық ісәректінің динамикалық
ерекшелігі жағынан сипаттамасы.
Мінез ісәрекет пен мінезқұлықта қалыптасатын адамның тұрақты жеке
даралық қасиеттерінің жиынтығы, яғни тек оған ғана тән мінезқұлық
тәсілдерін шарттандырушы қасиеттер жиынтығы.
Қабілеттілік білімдер, ептіліктер мен дағыларға теңестіруге болмайтын,
бірақ оларды тез меңгеруді, бекітіп және практиада тиімді қолдануды
қамтамасыз ететін тұлға қасиеті.
Талант қабілеттіліктердің, ең алдымен арнайы қабілеттердің дамуының
еңжоғарғы деңгейі.
Дарындылық қандай да бір ісәрекетті табысты орындауға мүмкіндік
беретін адамның қабілеттерінің өзгеше үйлесімділігі.
Мотивтер күресі шешім қабылдаумен байланысты ерік әрекеттерінің
сатысы.
Ерік күші психикалық бейнелеу формасы, индивидтің сыртқы және ішкі
кедергілерден өтумен байланысты әрекетті таңдау тәсілінен көрінеді.
Ерік адамның өз мінез құлқы мен іс әрекетін саналы реттеуі,
және де мақсатқа бағытталған әрекетер мен қылықтарды жүзеге асырудағы ішкі
және сыртқы қиындықтардан өту ептілігінен көрінеді.
Психологияның жеке ғылым болып қалыптасуы және даму бағыттары.
1.1 Қазіргі шет ел психологиясының негізгі бағыттары және олардағы тұлға
мәселесі.
1.2 Кеңестік психология ғылымының қалыптасуы мен дамуы, олардағы тұлға
мәселесі.
1.3 Қазақстанда психология ғылымьшың қалыптасуы мен дамуы.
XX ғасырдың бас кезінде ғылыми білімнің ең алдымен дамыған сүраныстарының
саддарынан санада интроспективтік психологияның тоқырауы байқалды.
Иностроспективтік психология тәжірибелік талдауды талап ететін
проблемалардың алдыңда әлсіздік танытты. Капитализмнің тез қарқынмен дамуы
анықталатын тәжірибенің сұрақтарын бүрынғы субъективтік әдістермен
қанағаттандыру мүмкін болмады.
Психология ғьшымының тарихын зерттеушілердің бірі профессор
М.Г.Ярошевскийдің айтуынша, сана психологиясының тоқырауы, әсіресе
Францияда тоқырау басталғанға дейін ерекше кең өріс алған невропатология
және психиатрия саласындағы зерттеулердің нәтижелері дайындалды. Бұл
зерттеулер адам психикасына кейде санасыздық көріністер тән екендігін
дәлелдеп берді. Санасыздық саласына клиникалық және эксперименталдік талдау
жасалынды.
Жан-жақты зерттеу жұмысын Шарко (1825-1893) жүргізді. Оның жетекшілігімен
аса дарынды француз психологі Пьер Жане (1859-1937) және психоанализ
бағытының негізін салушы Зигмунд Фрейд (1859-1939) өз жұмыстарын бастады.
Көрнекті француз психологі Альфред Бине объективтік әдістерді зерттеп,
талдады. Ол балалардың интеллектісінің даму деңгейін анықтау үшін тестілер
жасады. Интроспективтік әдіс жаңа объективтік талдау және эксперименттік
зерттеу әдістерімен салыстырғанда кейінгі қатарға ығыстырылды.
Сонымен, XX ғ. бас кезінде психиканы эксперименталдік зерттеулер
психологияға сана турлы ғылым деп анықтама берудің дұрыс емес екендігін
дәлелдеді.
Бұл кезеңде психологияның дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі ерекше
рөл атқарды. Дарвиннің эволюциялық ілімі бойынша, психикалық қүбылыстарды
қоршаған ортадан, тірі организмнің бейімделу іс-өрекетінен бөліп алып
қарауға болмайтындығын дәлелдеді. Эволюциялық теорияның әсерімен бала
психикасы мен жануарлар психикасын зерттеулер жан-жақты қолға алынады. Онда
интроспекция әдістерінің қолдану мүмкіншіліктері шектеліп, адам психикасын
зерттеуге генетикалық және салыстырмалы түрде қарауға ерекше мөн берілді.
Осындай қалыптасқан жағдайдан, тоқыраудан шығудың жолдары іздестіріліп,
әртүрлі теориялар мен бағыттар қалыптасты. Соңдай теорияларға бихевиоризм,
гештальпсихология және психоанализді (фрейдизм) жатқызуға болады. Олардың
барлығы бір кезеңде жан туралы ғылымның жалпы тоқырауы негізінде дүниеге
келді.
Бихевиоризм — XX ғасырдың бас кезінде жоғарыда келтірілген себептерге
байланысты қалыптасқан психологиялық бағыттардьщ бірі. Бихевиоризм
теориясьның негізгі зерттеу нысаны сана емес, адам мінез-қүлқы болып
табылады. Мінез-қүлық психологиясы АҚШ-та ерекше дамыды. Бихевиоризм
бағытының көрнекті өкілі америка ғалымы, әрі психологі Джон Уотсон (1873-
1958) болды. Ол дәстүрлі психологияның пәнін, жан қүбылыстарын жаңа мінез-
қүлық психологиясымен өзгерту қажеттігін үсынды.
Бихевиоризм behavior — деп аталатын ағылшын сөзінен шыққан,
қазақшалағанда мінез-құлық мағынасында қолданылады. 1913 жылы америка
психологі Джон Уотсон психологияны мінез-қүлық туралы ғылым ретінде
қарастырды. Жаңа бағытгың пайда болуы "Психология, оны бихевиорист қалай
көреді" атты мақаланың шығуымен ерекшеленеді.
Бихевиоризм психологиядағы прагматистік бағыт, оның пайда болуы тез
қарқынмен дамып отырған капиталистік экономиканың сұраныстарьша
байланыстьі. Бихевиористердің мақсаты - психологияны мінез-құлықты
басқаруға қабілетті білімнің саласына айналдыру. Д.Уотсонның түсіңдіруінше,
бихевиоризмнің түпкі мақсаты — адам мінез-қүлқын түсіндіру. Бүл үшін 3
жағдай жеткілікті деп есептеді: мінез-құлықтың өзін суреттеу, организмге
әсер ететін ішкі, сыртқы дене стимулдарын және оған жауап беретіп мінез-
қүлық реакциясын байланыстыратын заңдарды тану. Адам жануарлардан тек мінез-
қүлық реакцияларының күрделілігімен, оларға жауап беретін стимулдардың
әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Бихевиористердің дәлелдеуінше, негізгі ғылыми үғымдар болып табылатын
стимул — сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш, реакция — тітіркендіргішке
ағзаның жауабы жөне стимул мен реакцияның байланысы — ассоциация. Сонымен,
Уотсон санадан ғылыми категория ретінде бас тарта отырып, өзінің еңбегінде
И.П.Павловтың шартты рефлекстер туралы әдістемесіне сүйенеді.
30-жылдардың өзінде бихевиоризм идеясьшың өміршеңдігі, оның мәнділігі
бірте-бірте шайқала бастады. Америкада кезекті экономикалық тоқырау
басталды, жаппай жұмыссыздық, халықтың жағдайы одан әрі нашарлай түсті.
Корнекті америка психологі Роберт Вудворте функционалдық психологияның
негізін салушылардың бірі (1869-1962) болды. Ол бихевиористердің ұсынған
"стимул — рекация" үлгісін жоққа шығарып, оның қүрамына аралық буын — ағза
мен ұүстанымды енгізді, түрткі туралы ілімді таддады. Сонымен, бихевиоризм
қатты сынға алынып, мінез-қүлық психологиясының реформасы басталды. Ол
реформаны Эвард Толмен және Кларк Халл сияқты ғалымдар басқарды, ал жаңа
бағыт "необихевиоризм" деп аталды. Олардың айтуынша, психологиядан дәстүрлі
ұғымдарды: образ, түрткі және т.б. шығарып тастау мүмкін емес, олар реакция
мен стимулдың арасында түрады деді.
Сонымен бихевиоризм барлық өз тарихының барсында психологияны мінез-қүлық
ағзасы туралы жаратылыстану ғылымына айналдыру ұранымен шұғылданды.
Бихевиоризмнің және необихевиоризмнің барлық нұсқаларының негізгі кемшілігі
— олардың әдіснамалық негізі позитивизм және адам механикалық философиясы.
Бірақ, нәтиже көрсеткендей, осы екі әдіснамалық ұстаным негізсіз болды.
Тоқырау кезінде пайда болған екінші бағыттардың бірі психоталдау
(фрейдизм) болып табылады. Оның негізін қалаған австриялық психиатр және
психолог Зигмунд Фрейд. Психоталдау бағыты өкілдерінің бахевиористерден,
гештальтпсихологтардан айырмашылығы психологияда ғьглыми білімді құрудың
үлгісі ретінде дәл және жаратылыстану ғылымдарьша бағдарланған жоқ, ал олар
тоқыраудан шығудың жолын медицина және психологияның өз шеңберіңде табуға
ұмтылды.
Фрейдизм, оның негізі мынада — адам туралы психологиялық білімді жаңа
өмір шыңдығымен толтыруға, практикалық психологиялық, ең аддымен
психотерапевтік міндеттерді шешу үшін пайдалы теорияны құруға және
ақпаратты қабылдауға ұмтылды.
Фрейд өзінің ғылыми ізденістерін психотерапевтік тәжірибені талдаудан
және жинақтаудан бастауы кездейсоқ емес, содан кейін жинақтаған тәжірибені
психологиялық теорияға айналдырды.
Фрейдизм үшін негізгі ұғымдарға "сана" жөне "санасыздық" жатады.
Психоталдау ілімінің болашақ тағдыры жөне оған көзқарас әртүрлі елдерде
түрліше қалыптасты. Алғашында Фрейдтің ең жақын шәкірттері мен ізбасарлары
және психиатор-дәрігерлердің кейбіреулерінен басқалары оған өте салқын
қатынаста болды. Кейіннен психоталдау бағытын жақтаушылар Германия мен
Австрияда, Еуропа мен АҚШ-та күні бүгінге дейін кеңінен таралды.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында кеңес психолог-ғалымдары оған
қызығушылық танытты. Сол кезде үстемдік еткен субъективтік идеалистік
психология бұл ілімнен материалистік балалықтың бірден бір мүмкіншілігін
көре білді. Кейін, 30-жылдары, психологиялық зерттеулерді шектеумен бірге
("Халық ағарту комиссариаты жүйесінде педологиялық бұрмалаушылықтар туралы"
белгілі қаулыда) З.Фрейдтің ілімі қатты сынға алынды. Осы қаулыдан кейін
біздің елімізде Фрейдтің еңбектерін аударуға және баспа бетінде жариялауға
тиым салынды. Соңғы жылдары әлемде кеңінен таралған Фрейдтің психологиялық
іліміне қызығушылық қайтадан өсіп отыр.
XX ғасырда психологтардың ішінде австрия дәрігері Зигмуңд Фрейдке ерекше
орын берілді. Оның негізгі еңбегі "Түс көруді талқылау" 1900 жылы жарық
көрді. Сол кезден бастап, психологияда бір-бірін әртүрлі ғылыми беделді
тұлғалар ауыстырды. Олардың ішінде бірде-бірі бүгінге дейін Фрейд және оның
ілімі сияқты ынта туғызған емес.
Адам мінез-қүлқының басты реттеушісі сана екеңдігі белгілі. Зигмунд Фрейд
(1856-1939) — австрия невропатологі, психиатры және психологі, психоталдау
бағытының негізін салушы. Фрейдизмнің концепция ретінде қалыптасуы XX
ғасырдың бас кезіне жатады. Психоталдау бірінші дүниежүзілік соғыстан
кейін, 20-жылдары кең өріс алды. Жеке тұлғаның құрылымында Фрейд
санасыздыққа ерекше көңіл бөлді жөне зерттеу нысанына айналдырды. Оның
айтуьшша, ауру адамдар өз іс-әрекетінің түрткілерін түсіндіре алмайды:
Фрейд негізін салған психоталдау әдісі санасыздықты зерттеу үшін психикалық
ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданьглады.
Фрейд тек ауру адамдардың ғана емес, дені сау адамдардың көңіл-күйі мен
мінез-құлқын түсіндіретін теорияны негіздеді. Бұл теория Батыс елдерінде
кеңінен тарады, үлкен беделге ие болды. Фрейд теориясы көптеген шет елдерде
психология, психотерапия, психиатрия оқулықтарына берік енген. Фрейдизм
бағыты адам туралы басқа ғылымдарға — социологияға, педагогикаға,
антропологияға, этнографияға,' сонымен қатар өнер мен әдебиетке ерекше
ықпал етті.
Фрейдтің еңбектерінде күрделі психологиялық проблема ретіңде адамның
сексуалдық өмірі туралы мәселе қойылды. Фрейдтің түсіндіруінше, жас
жеткіншек балалардың әртүрлі жағымсыз іс-әрекеттерге бейімділігі оларды
жыныстық инстинктердің билеуінен деп түсіндіреді.
Гештальтпсихология (немістің gestalt деген сөзінен шыққан, қазақшалағанда
бейне, құрылым, түр деген мағынаны білдіреді). Егер бихевиоризм
психологияның тоқырау жағдайынан шығудың жолдарының бірі ретінде АҚШ-та
пайда болса және өз дамуында бұл елден тысқары таралған жоқ. Ал
гештальтпсихология — психологиялық бағыт ретінде Германияда пайда болды
және XX ғасырдың бірінші жартысында көптеген Еуропа елдерінде жүргізіліп
жатқан психологиялық зерттеулерге ерекше әсер етті, оның ішінде біздің
елімізде (соғысқа дейінгі жылдарда) кеңінен тарады. Егер де бихевиоризм өз
дамуында физиология және биология ғьглымдарына жан-жақты негізделсе, ал
гештальтпсихология физика мен математиканың ерекше ықпалында болды.
Бұл бағыттың көрнекті өкілдерінің ішінде М.Вертгеймердің, В.Келердің,
К.Левиннің және т.б. есімдерін атауға болады. Гештальтпсихология өкіддерін
интроспективтік психологияға тән психикалық құбылыстарды талдауға жөне
зерттеуге жеңілдетілген атомистік тұрғыдан қарау негізінен
қанағаттандырмады. Бұл интроспективтік психология барлық күрделі
құбылыстарды қарапайым құбылыстарға бөлді, олардың тіркесінен күрделі
тұтастық заңын қалыптастыруға ұмтылды.
Гештальтпсихологтар психикалық құбылыстардың қиын да тұтас жүйесін
қалыптастырудың өзіндік заңының өмір сүруі және жүмыс істеуі туралы айтқан
болатын. Гештальтпсихологтардың зерттеулерінде күрделі құбылыстардың
элементтері және оның байланыстары бойынша зерттеу осы байланыстардың
құрылымын анықтаумен ауыстырылды. Осы себептерден ғылымдағы бұл бағытты
кейде "құрылымдық психология" деп атайды (гештальт деген сөздің қазақша
мағыналарының бірі "құрылым" деген мағананы береді)
Гештальтпсихологияның көптеген өкілдері психологиялық білімнен, басқа
жаратылыстану ғылымдарының салаларының бірінен базалық білім алды, бұл
олардың психологиялық көзқарасьша ерекше ықпал етті. В.Келер, мәселен,
физиканы оқып, үйренді және қабылдау мен ойлау үрдістерін түсіндіруде
қажетті білімді пайдаланды. Кез-келген құбылыс пайда болады және белгілі
бір жүйенің бөлігі ретінде өзіндік ерекшелік сипаттамасын алады деп жазды
В.Келер.
Гештальтпсихологияның ұстанымдары мен қағидалары тұлға мен тұлға аралық
мінез-құлыққа қолдануды өзінің теориялық және эксперименталдік
зерттеулеріңде КЛевин іске асырды. Орта, Левиннің айтуьшша, физикальгқ
бірлікте емес, психологиялық тұрғыдан анықталуы қажет, демек, адамдардың
оған әсер ететін субъективтік қабылдауы арқылы беріледі.
Гештальтпсихологияның идеялары психологияның көптеген негізгі
проблемаларын талдауда жағымды роль атқарды.
Болашақ гештальтистер екі зертханада тәрбиеленді: Ф.Брентанонның шәкірті
- К.Штумпда (Берлин) жөне Геттинген университетінде Г.Мюллерде тәрбиеленді.
Олар өздерінің мақсаты — психологияны емес, логиканы реформалау мәселесін
қойды. Олардың айтуынша, логика феноменологияға айналуы тиіс. Осы мақсатты
орындау үшін бүрынғы интроспективтік әдіс жарамсыз деп табылды. Оны
жетілдіру негізінде феноменологиялық әдіс қалыптасты. Бүл бағыттың
түсіндіруінше, бейненің негізгі қасиеті константтылық немесе қабылдаудың
өзгерген жағдайдағы түрақтылығы, сонымен қатар егер қабылданатын зат түтас
түрінде қабылданбайтын болса, қабьглдаудың түрақтылығы бүзылады. Гештальт
психология өкілдері фигура және фон, екі жақты бейнелеу, қабылдау туралы
зерттеу жүмыстарын жүргізді.
Қазіргі шетел психологиясына талдау жасағанда психиология ғьглымында
генетикалық бағыттың ең көрнекті өкілдерінің бірі, швейцария ғалымы,
психологі Жан Пиаженің генетикалық психологиясына сипаттама беруден
басталады. Әлемдік психологияда баланың интеллектісін дамыту саласында
өлшеусіз еңбек сіңірген ғалымды кездестіру қиын.
Құрылымдық — жүйелік талдауды пайдалана отырып, психологиялық
зерттеулердің басшылыққа алатын әдіснамальгқ қағидасы ретіңде Пиаже
генетикалық әдіс туралы ілімді ұсынады.
Баланың интеллектісін қалыптастыруға негізгі көңіл бөле отырып, Пиаже
ғылыми психологияда кез-келген дамуды зерттеуден бастау керектігін атап
көрсетті. Пиаженің пікірі бойынша, тек жекелеген ғылымдар емес, сонымен
қатар таным теориясы да генетикалық негізде қүрьглуы қажет деп көрсетті.
Бүл идея Ж.Пиаженің генетикалық эпистемология ғылымын жасаудың негізіне
жатты, демек, адамда әртүрлі білімнің, үғымның, таным операцияларының
түрлері мен типтерін қалыптастыру тетіктері мен жағдайлары туралы ғылым.
Пиаженің негізгі міңдеті адам интелектісінің қүрылымын зерттеу болып
табылады. Пиаженің алғашқы кітаптары 20-жылдары жарық көрді: "Баланың
сөйлеуі мен ойлауы" (1923), "Түсінуі жөне ой қорытындысы" (1924), "Баланың
дүние туралы түсінігі"(1926).
30-жылдары Пиаженің психиканың даму проблемаларына көзқарасы түбірлі
өзгерістерге үшырады. Пиаже интеллектінің даму кезеңін, оның мазмүны мен
мәнін басқаша анықтады. Оның айтуынша, басқа адамдармен қарьгм - қатынас
емес, ал операция (логикалық-математикалық қүрылым) баланың танымдық дамуын
себепке байланыстырды.
Пиаже интеллектіні зерттеуде кескіндеу өдісін қодданды. Әртүрлі жастағы
балаларға бірдей тапсырма беріп, оның нәтижелерін салыстырып көрді. Бірақ
бүл әдіс балада жаңа интеллектуалдық тәсілдерді, үғымдарды, білімдерді
психологаялық қалыптастыруды қамтамасыз ете алмады. Жан Пиаженің
концепциясының негізгі кемшілігі баланың жеке басын түтас дамытуды жоққа
шығарды, интеллекті дамуының ең басты қозғаушы күші сол интеллектінің өзі
деп бідді. Пиаженің зерттеулерінде интеллектіні дамытудың жағдайлары ішіңде
іс-әрекет жағдайының болмауы — негізгі кемшіліктерінің бірі.
Пиаже интеллектінің дамуының бір деңгейінен екінші деңгейіне өтуде
негізгі жағдай ретінде оқытудың рөлін жеткіліксіз бағалады. Отандық
психологтардың орындаған көптеген зерттеулері балалардың ойлауын дамыту
дүрыс үйымдасқан оқыту жүйесіне байланысты екендігін дәлелдеді. 50-
жыддардың аяғы мен 60-жылдардың бас кезіңде ашық тоқырау жылдарыңда
қалыптасқан (бихевиоризм, фрейдизм, гештальтпсихология), кейіннен
өзгерістерге үшыраған бағыттар өзінің маңызын бірте-бірте жоя бастады.
Эксперименталдық зерттеулер мен теория саласында жаңа бағыттар пайда бола
бастады.
Моделдеу құралдары арқылы танымдық іс-әрекетті зерттеу еаласыңца —
когнитивтік психология, гуманистік психология, ми туралы ғьглымдардың
шеңберінде адам санасын зерт-теу — нейрофизиология, нейроморфология
және нейропсихология ғылымдары қалыптасты. Адам туралы психогенетика ғылымы
кеңінен тарай бастады.
Қазіргі кезде кең таралған ғылыми бағыт — когнитивтік психология. Бұл
бағыт 60-жылдары АҚШ-та пайда болды. Ол негізінен бихевиоризмге, танымдық
үрдістер мен танымдық дамуды жоққа шығаруға қарсы бағытталды. Когнитивтік
психологияның белгілі өкілдеріне Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер,
Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г.Саймон жатады.
Қазіргі кезде бұл бағыттың бірнеше нұсқалары қалыптасты. Кеңінен тараған
бағыттарының бірі — есептеу нүсқасы. Оңда ішкі когнитивтік үлгі мен тану
үрдісінің белсенділігінің рөлі ерекше атап өтіледі. Бұл бағыттың шығуы
ақпараттық қатынастардың ьгқпалымен байланысты.
Когнитивтік психологияның негізгі зерттеу саласы таным үрдістері — ес,
тіл мен сөйлеудің психологиялық негіздері, қабылдау, есептерді шешу, ойлау,
зейін, қиял және когнитивтік даму.
Когнитивтік психология сияқты келесі ірі бағыттардың бірі — гуманистік
психология. Ол бихевиоризмге жөне психоталдау теорияларына қарсы
бағытталған еді. Гуманистік психологияның негізін салушылардың басты
мақсаты адам проблемасын түсіндіруде бихевиоризм мен фрейдизмнің
кемшіліктерін түзеу және бірден-бір дұрыс, өмірлік психологияны таңдау
болып табылады. Гуманистік бағыттың белгілі өкілдерінің бірі Абрахам
Маслоу болды.
А.Маслоу адам іс-әрекетінің, мінез-құлқының қайнар көзі адамның үздіксіз
өзін-өзі танытуға, өзін-өзі анықтауға ұмтылуы деп түсіндірді, өзін-өзі
айқындауға қажеттілік әртүрлі қызметті қамтиды: бұл гуманистік қажеттілік,
демек, адамға жақсылық істеуге ұмтылу (адам өз мәні жағынан жақсылық
істеуге жаны қүмар).
Маслоу Ч.Дарвин теориясын өзінше түсіндірді. Ол Дарвиннің агрессивті және
күшті жануарлар өмір сүре алады, өмірге бейімделеді, икемделеді деген
көзқарасымен келіспейтіндігін дәлелдейді. Маслоу антропологиялық көзқараста
бола тұрып, қажеттіліктің әлеуметтік жағын аша алмады.
XX ғ. екінші жартысында психологияға бірден-бір күшті әсер еткен ғылыми-
техникалық революция. Қазір психологияда жан-жақты математикалық, ақпарат
теориясының өдістері қолданыла бастады, сонымен қатар электрондық есептеу
техникасы, компьютерлендіру жүйесі кең өріс алды. Психология биология және
медицина салаларьшан соңғы жаңалықтарды белсеңді қабьщдап отырды. Қазір
психологияның практикаға бағытталған салалары аддыңғы шепке шыға бастады.
Психолог ғалымдармен бірге практикалық психологтар пайда болды. Олар білім
беру, өндіріс пен мекемелер, армия мен медицина салаларында жұмыс істейді.
Онда өздерінің психологиялық қызметін көрсетуде.
Кеңестік психология гылымының қалыптасуы мен дамуы.
Отандық ғылыми-педагогикалық ой-пікірдің ертеден қалыптасқан тарихы мен
дәстүрі бар. Оның тарихи тамырлары өз бастауын XIX ғасырдан алады. Біздің
елімізде психологияға деген қызығушылық тарихи түрғыдан қоғамдық ғылыми
білімнің дамуымен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік үрдістерді дүрыс
түсінуде қоғамдық үмтылыспен, адамгершілік, педагогикалық, діни, қүқықтық
сипаттағы проблемаларды қою жөне шешумен байланысты.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басыңда отандық ғалымдардың
психологиялық көзқарастары материализм мен идеализмнің, ғылым мен діннің
шиленіскен күресі жағдайыңда қалыптасты. Біздің елімізде психология
ғылымының жаңа бағытын талдауға алғашқылардың бірі болып сұраныс берген,
сол кездегі әлемде үстемдік еткен бағыттардан өзгеше, аса көрнекті орыс
физиологі И.М.Сеченовтың еңбектері болып табылады. Ол материалистік бағытты
үстана отырып, психикалық қүбьглыстар ағзаның рефлекторлық қызметінің
қүрамына кіретіңдігін көрсетті, рефлекстің бөлінбейтін бөлігін қүрайды,
сонымен қатар органикалық үрдістер ретінде мінез-құлықты басқарады.
XIX ғасырда кең тараған, үстемдік еткен ескі интроспективтік психологияны
жақтаушылар психикалық қүбылыстардың мөні мен рөлін осылайша түсіндіріп,
түпкілікті жоққа шығарған болатын.
Өткен ғасырдың аяқ кезінде Ресейде И.М.Сеченовты жақтаушылар мен ескі
психологиялық мектептің арасында өткен ғылыми пікірталас өте қызу түрде
жүргізілді.
И.М.Сеченов интроспекция әдісін психикалық қүбылыстарды тану әдісі ретінде
жоққа шығарды, ал оның қарсыластары ол әдісті психикалық қүбьшыстардың
мәнін түсінудің негізгі тәсілі ретінде қарастырды. Біздің елімізде
психологиялық білімді одан әрі дамытуда, оның ішінде іс-әрекеттің
психологиялық теориясын талдауда Сеченовтың идеялары В.М.Бехтерев және
И.П.Павлов сияқты белгілі отандық ғалымдардың еңбектеріне ықпал етті.
Сеченовтың ықпалымен ағзаның рефлекторлық қызметі туралы ілімді
В.М.Бехтерев, И.П.Павлов сияқты талантты ғалымдар негіздеді. Олар ортальгқ
жүйке жүйесі жүмысының қызметін өртүрлі атаған болатын: Бехтерев "біріккен
рефлекс", ал Павлов — "шартты рефлекс" деп атады. Олар алғаш рет
психологияға мінез-қүлықты (реакцияны) зерттеу пәні ретіңце енгізді. Бірақ
бихевиоризмді жақтаушылармен сол кезде жүмыс істеген Бехтерев пен Павлов
және мінез-қүлықты зерттеген отандық физиологтордың арасында ерекше
қағидалық айырмашылықтар болды.
Бихевиористер сананы, психиканы жоққа шығарды. "Бехтерев пен Павловтың
бихевиористерден айырмашылығы, деп жазды М.Г.Ярошевский, - олар сананың да
рөлін, субстракттылықтың да рөлін жоққа шығарған емес". Олар жаңа
материалистік психологияның қальштасуы үшін ғылыми жаратылыстану негіздерін
қалады, оның қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісінен кейін іске асты.
Қазан төңкерісінен кейін психология ғылымының дамыған ақуалы қарама-
қайшылықты және күрделі болды. Біріншіден, отандық физиологияда қалыптасқан
жетістіктер мен дәстүрлер бодды, оның негізінде жаңа психологиялық ілімді
талдауды бастауға болар еді. Екіншіден, кәсіби психологтардың арасыңда
субъективтік идеалистік психология өз ықпалын күшті, әрі толық сақтаған.
Үшіншіден, әлемдік психологияда бұл кезенде басталған тоқырау өзін көрсете
бастады. Төртіншіден, елімізде жаңа қалыптасьш келе жатқан бағыттар ене
бастады, (бихевиоризм, гештальтпсихология, фрейдизм). Тоқырау жылдарында
қалыптасқан әлемдік психологияның үш бағыты отандық психология ғылымына
әсерін тигізді. Бихевиоризмнің ықпалы, мәселен, К.Н.Корниловтың
реактологиясында, М.Я.Басовтың ғылымдағы мінез-қүлық туралы ілімдерінде
айқын аңғарылды. Гештальтпсихология идеялары Л.С.Выготский бастаған бір топ
психологтардың еңбектеріне ықпал етті. Олардың ішінде кейбіреулері,
мәселен, А.Р.Лурия психоталдау идеясын зерттеуге әрекет жасады. Бірақ
әлемдік ғылымдағы жаңа бағыттарға еліктеу ұзаққа барған жоқ. Тез араның
ішінде кеңестік психология ғылымы дамудың өзіңдік жолына түсті, 20-
жыддардың аяғына дейін жан-жақты толық ашыдды, өсіресе, екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін ерекше дами түсті.
XX ғасырдың екінші онжылдығының аяғына таман қалыптасқан бүл
тенденцияларды практикалық іске асыру отаңдық ғылымға тән психологияның
негізгі проблемаларын талдау ғылыми мектептер мен бағыттардың қалыптасуына
себепші болды: Д.Н.Узнадзе үстаным теориясы және мен соған ғылыми мектепті
басқарды, психикалық үрдістердің қалыптасуы мен дамудың медени - тарихи
теориясының негізін салушы Л.С.Выготский болды, ойлау теориясы
С.Л.Рубинштейннің және оның ізбасарларының еңбектеріңде одан өрі дамыды.
Кеңес психология ғылымының теориялық және әдіснамалық негіздерін қалаған
бұл кеңес ғалымдарының аға буыны болып табылады, ал практикалық
-эксперименталдық түрде оны таддау кеңес психологтарьшьщ келесі буынының
еншісіне тиді, оның ішінде аты әлемге танымал Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев,
А.В.Запорожец, А.Р.Лурия, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, Е.Н.Соколов,
А.А.Смирнов жөне т.б. есімдерін атауға болады. Олардың негізгі еңбектері 30-
60 жыддардың арасында дүниеге келді. Кеңес психологиясы тарихының екінші
кезеңін қүрайды. Екінші кезеңге тән ерекшелік жекелеген мектептер мен
бағыттардың төңірегіне ғалымдардың шоғырлануы тән, олар ұзақ мерзім
салыстырмалы түрде бір-біріне бағынышты болмады, сонымен қатар зерттеушілік
күш-жігер негізінен таным үрдістерін зерттеуге арналды: зейінді,
қабылдауды, есті, ойлау мен сөйлеуді талдады.
Б.Г.Ананьев қабылдау, педагогикалық бағалау психологиясы, адамтанудың
жалпы мәселелерін зерттеуге ерекше үлес қосты. Оның ерекше сіңірген еңбегі
Ленинград университетінде психология факультетін құру жөне "Ленинград
психологтарының мектебі" атымен біріккен белгілі ғалымдардың үлкен тобын
даярлаумен байланысты. С.Л.Рубинштейн мен А.Н.Леонтьев Ломоносов атыңдағы
Москва мемлекеттік университетінде психология бөлімі мен факультетін құруда
ерекше ұйымдастырушылық рөл атқарған. Сонымен қатар А.Н.Леонтьев қабылдау,
ес, сана, е тұлға және психикалық даму проблемаларын теориялық жөне
эксперименталдік тұрғыдан зерттеуге, елімізде психология ғылымын дамытуға
орасан зор үлес қосты. Ол психологиялық "іс-әрекет теориясы" деп аталатын
жаңа психологиялық теорияның негізін салды, соның нәтижесінде қабыддау, ес,
ойлау, сана мен жеке түлға үрдістері бұрын сонды болмаған ерекше шешімін
тапты. Бұл теория өз төңірегіне психолог ғалымдардың аға буын өкілдерін
топтастырды. А.Н.Леонтьевтің жетекшілігімен 40-50 -жылдары мен 60-70
жылдары өз беттерімен зерттеу жолына түсті.
Елімізде кеңестік дәуірде психология ғылымын қалыптастыруда ерекше еңбек
сіңірген қарымды да майталман психолог ғалымдарымыз Б.Г.Ананьев,
П.П.Блонский, Л.С.Выготский, А.В.Запорожец, А.Р.Лурия, Г.С.Костюк,
АН.Леонтьев, СЛ.Рубинштейн, ААСоколов, А.А.Смирнов, Б.М.Теплов, Д.Н.Узнадзе
және т.б. ерекше айта аламыз. Москва, Киев және Тбилиси қалаларының
психология ғылыми-зерттеу институттары және Москва, Ленинград, Тбилиси,
Перьм, Рязань, Владимир және басқа қалалардың университеттері мен
педагогикалық институттары ғылыми-психологиялық ой-пікірдің орталығына
айналды.
30-жылдардың орта кезінің өзіңде кеңестік психология ғьлымының негізгі
қағидалары қалыптасты: детерминизм қағидасы, сана мен іс-әрекеттің бірлігі
қағидасы, психиканың іс-әрекетте даму қағидасы.
Алдыңғы қатарлы кеңес психологтары психология ғылымының алдында түрған
міндеттерді айқындап берді, осы міндеттерді шешу негізгі педагогикалық
проблемаларды іске асырудың нәтижесіне тікелей байланысты. Кеңес
психологтары педагогикалық психология саласында біршама іс тындырды
(Л.В.Занков, В.В.Давыдов, П.Я.Гальперин, Н.А.Менчинская, Д.Б.Эльконин,
Ш.А.Амонашвили және т.б).
А.В.Запорожец Д.В.Эльконинмен бірге балалар психологиясының негізін
қалады. А.В.Запорожецтің ғылыми зерттеу саласына қабылдау, қозғалыс және
эмоция проблемалары кірді. А.В.Запорожец КСРО Педагогикалық ғылым
академиясының мектепке дейінгі тәрбие институтының үйымдастырушысы жөне
жетекшісі бодды. Д.В.Эльконин ойын теориясы мен бала психикасы дамуының
авторы ретінде белгілі ғалым, сонымен қатар В.В.Давыдовпен бірге мектепке
дейінгі жөне кіші мектеп жасындағы балаларды оқытудың жаңа тұжырымдамасының
авторы болды. Д.В.Эльконин — жұртшылыққа танымал балаларпсихологиясы
оқулығының авторы, ол оқулық бойынша педагогтардың бірнеше буыны оқып-білім
алды.
С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" атты іргелі еңбекті дайындап,
бастырып шығарды (1942, 1946 ж). Еңбекке отандық, сонымен қатар әлемдік
психология ғылымының озық жетістіктері кірді.
Педагогикалық психологияның дамуына елеулі үлес қосқан П.Я.Гальпериннің
еңбектерін атауға болады. Оның еңбектерінің ішіңде елімізге кеңінен
таралған, белгілі ойлау іс-әрекетін кезендер бойынша қалыптастыру теориясы,
ол практикалық түрғыдан ойлауға, көптеген ептілік пен дағдьшарды меңгерудің
тиімді жолы болып табылады.
Нейропсихология саласында А.Р.Лурия жоғары психикалық қызметтің
анатомиялық- физиологиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz