Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орыны


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

Психологияның мән-мағынасы және оның барша ғылымдар жүйесіндегі орны

Жоспары: 1. Психология пәні, қызметтері, міндеттері.

2. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орыны.

3. Психология салалары.

1. Психология пәні, қызметтері, міндеттері

Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу объекті болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тілі мен әдет-терін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі бол-ған емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірде-бір іс-әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Л. С. Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" (1940) атты еңбегінде «”Психология зерттеуін-дегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрініп тұр - олар біздің қабылдауымыз, сезіміміз, ойларымыз, ықлас-ниет-теріміз бен тілектеріміз, т. б., яғни біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрап, біздің жан толғаныстарымыз үшін денімізге ажырамастай болып сіңген құбылыстар жиыны” - деген. Психологиялық дүниенің бірінші ерекшелігі - әр тұлғаның (индивид) өз меншік толғанысының болуы - ол түйсік, сезімнен ғана көрінеді де оның басқаша пайда болу жолы жоқ.

Психология ерекшеліктерін танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебі әрқандай нақты заттың өзі мен оның қабылданған кейпі бір-бірінен ажыралып тұ-ратыны даусыз.

Адам психика жөніндегі кейбір түсініктерді өз өмір тәжірибесі негізінде топтайды. Әлеуметтік қатынастар мен еңбек барысында түсінісуге, бірлікті тұрмыс құруға, іс-әрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай психологиялық пайымдаулар ғылыми психологияға дейінгі білімдер ауқымын қүрады.

Психологияның жантану ғылымы ретінде мәні неде? Оның ғылыми дені (предмет) не?

ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басында танымал ғалым Г. Эббингауз психология жөнінде қысқа да дәл былай деген: Психологияның тарих алды ұланғайыр, ал тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерінің тарихы деп отырғанымыз психологияның пәлсападан бөлініп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып, өзінің эксперименттік зерттеулерін ұйымдастыра бастаған дәуірі. Бұл ХІХ ғ. кейінгі шерегі болғанымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар тереңінде өріс алды.

Пән атының өзі де грек тілінен аударуында психология - жан туралы ғылым (психо - "жан", логос - "ғылым") дегенді аңғартады. Осыдан, жан жөніндегі зерттеулер мен түсініктер психологияның пәндік аймағының кемелденуінде бірінші кезең болды да психология әуел бастан жан туралы ғылым деп танылды. Бірақ бұл жанның не зат екеніне жауап табу оңайға соқпады. Әр тарихи дәуірлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсіндірді. Психика мәніне байланысты көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы философияның өзекті мәселесін - материя мен сана, заттық және рухани болмыстардың ара қатынасын - шешуге тәуелді болып келді.

Дәл осы мәселенің шешімі төңірегінде бір-біріне тікелей қарсы философия бағыттары - идеализм мен материализм - пайда болды. Идеалистер психиканы болмыс бастауы, өз бетінше жасайтын, материяға тәуелсіз, белгісіз бір зат деп қарастырды. Ал материалистік танымда психика - туынды, материяға тәуелді құбылыс.

Идеалистік бағыт өкілдері материяға қатысы жоқ ерекше рухани бастаманың барын мойындап, психиканың әрекеті тәнсіз, мәңгі жойылмас жанның көрінісі деп біледі. Ал барша заттасқан дүние мен процестер, оларша, біздің түйсігіміз бен елестеріміздің нәтижесі.

Адам психикасы - рухи өмірдің көрінісі, сондықтан ол материалдық дүние заңдылықтарына бағынбайды деп санаған идеализм мен діни догматтар адам жан дүниесін материалистік тұрғыдан түсіндіруге ұмтылған ғылыми ой-пікірлерді көп ғасыр кейінге ысырып тастады.

Тек ХҮІІІ ғ. психология білімінің дамуында Рене Декарт жаңа дәуір есігін ашты. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене әрекетінің де жанға ешқандай қатысы болмайтыны жөнінде пікір айтып, дәлелдеді. Бұл жантану ғылымының кейінгі желісіне үлкен ықпал жасады. Декарт ғылымға екі түсінікті - рефлекс және сана - бірдей енгізді. Бірақ ол өз тағылымында жан мен тәнді бір-біріне қарсы қойды, өзара тәуелсіз екі болмыс - материя және рух - жасайтынын уағыздады. Сондықтан да психология тарихында бұл Декарт тағылымы " дуализм" (екі тарапты) атауын алды.

Шамамен осы дәуірде психология дені жөнінде жаңа түсініктер қылаң бере бастады. Ойлау, сезу, қалау қабілеттеріне сана атауы беріліп, психика санамен баламаластырылды. Осыдан жан психологиясы орнына сана психологиясы жүзеге келді. Мұндай түсінім кең етек алып, ал бұл бағыттағы идеализм интроспекттік (ішке үңілу) сана тағылымы атын алды. Осыдан сана өзімен өзі шектеліп, психика объектив болмыс пен субъекттің өзінен де толығымен ара байланысын үзді.

ХІХ ғ. екінші жартысында дербес ғылымға айналған психологияның дамуы өз алдына әртүрлі мақсаттарды белгілеп, әртүрлі зерттеу тәсілдерін қолданған, бір-бірін ауыстырып отырған теориялар таласында жүріп отырды. ХІХ ғ. аяғындағы барша теориялар, ХХ ғасырдағы біршама тағылымдар сананың осы интроспекттік психологиясы шеңберінде зерттелді. Бұл теориялар бойынша психологиялық зерттеулердің бәрі қоршаған орта мен адам іс-әрекетіне байланыссыз жан толғаныстарымен көріністеріне негізделді. Ал сана мен ми арасындағы қатынас бұл теорияларда дуализм бағытында шешімін тапты.

Бірақ бұл бақылаулардың ерекшелігі: адам өзінің ішкі жан-күйін, се-зімін, ой толғанысын өзі бақылайды, осыдан мұндай зерттеуде интроспекттік аталған әдіс қолданылды. Мұндай бақылау, әлбетте, басты ғылыми талап-обьективтілікке сай келмейді. Осының салдарынан ХХ ғ. басында, бір жағынан - ғылыми объектив білімдер дамуына орай та-лаптардан, екіншіден - әлеуметтік-экономикалық өркендеу сұраныстарынан интроспекттік психологияның дағдарысы көрініс берді.

Адам әрекет-қылығын қадағалап, бақылау құрал-жабдықтарын дайындауды қажет еткен капиталистік өндіріс әдістерінің дамуына байланысты практикалық міндеттер алдында "сана психологиясы" өз дәрменсіздігін байқатты.

Осыдан ХХ ғ. екінші он жылдығында психологияның және бір бағыты пайда болып, оның өкілдері психологияның жаңа пәнін жариялады: ол психика да емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, негізінен адам қозғалысының жиынтығы - әрекет-қылық (поведение) еді. Бұл бағыт " бихевиоризм" (ағылш. behavіour-қылық) аталып, психология пәні жөніндегі түсініктер дамуының үшінші кезеңін қалады. Бихевиоризмнің ірге тасын қалаушы Дж. Уотсон психологияның міндетін қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің қылық-әрекетін зерттеу деп білді.

Сонымен, психология өз даму жолында бастапқыда - жан туралы ғылым, кейін - жансыз ғылым, ақырында - санасыз ғылымға айналды. Психология пәнін осылай пайымдаудан оның келесі, және бір дағдарысқа кезігуінің мәнін түсінеміз.

Психология пәнін (предмет) нақтылауда болған дағдарыстар себебі аталған теориялардың негізге алған әдіснамалық тұжырымдарында болып отыр. Атап айтсақ, саналық психология болмыс пен сананың, объектив дүние мен субъектив болмыстың ара қатынасын идеалистік тұрғыдан шешті. Бихевиористер болса, сол мәселені дөрекі материализм көзқарасымен түсіндірді. Олар үшін психикалық құбылыс пен материалдық дүние арасында айырмашылық болмады. Осылай, қате әдіснамалық бастаулар өз пәнін дұрыс анықтауда психологияның жолына кесе-көлденең тұрып алды. Бұл тығырықтан шығудың жолын диалектикалық материализм тапты. Диалектикалық материализм үшін барша дүниенің негізі жалғыз-ақ - материя , ал психика, ойлау, сана одан туындағын екінші сатыдағы құбылыс.

Диалектикалық материализм тұрғысынан материя алғашқы, ал сана - екінші, одан туындаушы, яғни объектив дүниенің мидағы бейнесі. Осы түсінікке орай материалдық болмыс (заттар, дүние құбылыстары) пен идеалдық (заттық дүниенің сезім, ой т. б. түрінде бейнеленуі) бір-біріне тікелей қарама-қарсы. Бірақ бұл қайшылық салыстырмалы сипатта, себебі түйсік, ой, сезімдер т. б. - материалдық органның - мидың әрекеті, сыртқы тітіркендіру энергияларының сана өміріне айналуының нәтижесі.

Ғылыми психология тірек еткен диалектикалық материализм категориялары жүйесінде бейнелеу теориясы басты маңызға ие. Себебі осы категорияға орай психиканың жалпылама және мәнді сипаты ашылады: әрқандай психикалық құбылыстар объектив шындықтың субъектив бейнеленуінің түрлі формалары мен деңгейлерін көрсетеді. Бейнелеу теориясы психология ғылымының мәнін анықтауда, оның әдістерін таңдауда, деректер, түсініктер, тұжырымдар тобынан қажеттісін ажыратуда жалпы әдіснамалық бағдар ролін атқарады.

Сыртқы, заттасқан дүние болмайынша тіршілік иесінің ішкі психикалық өмірі болуы мүмкін емес, яғни сана, психика өзінен тыс және тәуелсіз жасайтын танымды бол-мыстың бейнесі. Егер де осы қоршаған объектив шындық болмаса, санадағы оның бейнесі жөнінде әңгіме қозғау қажетсіз. Әрқандай психикалық акт - нақты болмыстың бір бөлшегі де және оның бейнесі де.

Сонымен, психиканың қызметі, біріншіден - қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерін, байланыстарын бейнелеу, екіншіден - осының негізінде адам қылығы мен қызмет - әрекетін реттестіру. Психиканы диалектика-материалистік тұрғыдан қарастыру - әрқандай ішкі жан-күйлік құбылыстардың өзімен өзі шек-телмегенін, шындықтан бөлінбей, онымен түбегейлі әрі тығыз байланыста екенін танытады.

Ғылымдағы күрделі міндеттердің бірі - заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре білу. Ғылымдық қатал талап - объектив заңдарды ашып қана қоймастан, олардың әрекеттік аймағы мен қолдану жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психология зерттеулерінің объекті - психологиялық деректер мен қатар психологиялық заң, заңдылықтар.

Сонымен бірге ескеретін жәйт, заңдылық байланыстарды білу өздігінен заңдылықтарды іске асыратын нақты тетіктерді (механизм) ашып бере алмайды. Осыдан психологияның міндеті - психологиялық деректер мен заңдылықтарды аша отырып, психологиялық іс-әрекетті қозғаушы механизмдерді де анықтап білу. Ал енді сол механизмнің қандайда да психологиялық процесті орындайтын нақты анатомия-физиологиялық аппаратты іске қосуына байланыстылығынан, ол механизмнің табиғаты мен әрекетін психология басқа ғылымдармен бірлікте зерттейді.

2. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны

Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және, керісінше, психология олардың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете түсінуге болады. Әр түрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның орны жантаным білімдерінің даму деңгейі мен сарап (классификация) схемасынан келіп шығады. Қазіргі күнде академик Б. М. Кедров ұсынған сарап әдісі қабылданған. Бұл әдіс ғылымдар арасындағы мазмұндық жақындыққа орай көп тарапты байланыстарға негізделген. Ұсынылған схема - шыңдарына жаратылыстану, әлеуметтік және философиялық ғылымдар қонақтаған - үш бұрыш формасында. Ғылымдардың негізгі тобының мұндай орналасуы олардың пәні мен әдістерінің психология пәні мен әдістеріне нақты жақындығынан. Зерттеу барысында қойылған міндеттерге орай психология өз бағытын бұрыш шыңдарының біріне бұрып отырады.

Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі - зерттеу объекті адам болған барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру.

Психологияның негізгі міндеті - психикалық іс-әрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объектив дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні, осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні, психикалық қызметтің дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай қалыптасқаны айқындалады. Психиканың объектив шындық бейнесі екені белгілі, сондықтан психологиялық зерттеулер ең алдымен психикалық құбылыстардың адамның объектив өмір шарттары мен қызметіне тәуелділігін тануға бағытталуы тиіс.

Сонымен бір-ге, адамдардың әрқандай іс-әрекеті барлық уақытта адам өмірінің объектив жағдайларымен байланысып қалмастан, оның субъектив мезеттерімен де қатынаста болады. Осы байланыстардың түзілуі және олардың қызметтес болуынан пси-хикалық құбылыстар адам іс-әрекетіне ықпал жасап, оны реттеп, бағыттайды, шындықты санада бейнелеуде адамға өз әсерін тигізеді.

Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмірі мен әрекетінің объектив жағдайларына тәуелдік заңдылықтарын аша отырып, психология осы әсерлердің мидағы бейнелену механизмдерін де айқындайды.

Психология үшін оның қоғамдық ғылымдармен байланысы үлкен маңызға ие. Тарих, экономика, этнография, социология, өнертану, заң және т. б. зерттеулеріндегі проблемалар әрдайым психологиямен тікелей байланысты. Көп жағдайда адамдардың жеке және ұжымдық әрекеттерінің механизмі, әрекет, әдет, әлеуметтік бағыт, тәртіп-талап стереотиптерінің қалыптасу заңдылықтары жөніндегі білімдерді пайдаланбай, кейіп, сезім, психологиялық климатты танып білмей, жеке адамның ерекшеліктері мен психологиялық қасиеттерін, қабілетін, сезімін, мінезін, адам аралық қатынастарын зерттемей, әлеумет-тік процестер мен құбылыстардың мәні толық ашылмайды. Психологиялық факторлар өздігінен әлеуметтік процестерді бағыттай алмайды, керісінше, олардың өзін осы қоғамдық процестерді талдау арқылы түсіну мүмкін. Адам-ның психикалық іс-әрекеттерінің негізгі формалары қоғамдық - тарих шарттарына орай туындап, дәстүрлі объектив іс-әрекет жағдайында өрісін тауып, еңбекке, еңбек құралдары мен тілді қолдануға байланысты қалыптасады. Егер жануар қылық-әрекетінің қалыптасуы тіршіліктің биологиялық жағдайларына түбегейлі тәуелді болса, адам қылығының қалыптасуы қоғамдық тарих шарттарымен ажырамас байланыста.

Психологияның педагогикамен байланысына аса назар аударған жөн. Әлбетте, бұл сабақтастық бұрыннан да белгілі, кезінде К. Д. Ушинский: "Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет", - деген еді. Бұл арада психологияның практикалық маңызы нақты көрініп тұр. Егер педагогика психологиялық құбылыстардың табиғаты жөніндегі білімдерге сүйенбесе, онда ол қарадүрсін педагогикалық кеңестер мен көрсетпелер жиынтығына айналып, шын мәнінде ғылым болудан қалып, мұғалімге ешқандай жәрдем бере алмайды.

Қазіргі кезеңде нарықтық қоғам оқушысын неге үйрету керек? Ғылым топтаған асқар тау ақпарат қорынан мектеп үшін нендей білімді және оны қалай алу керек? - дегендей мың сан проблема қордаланып тұр. Бұлардың бәріне шешім табу, адамның әр жас деңгейіндегі психикалық даму мүмкіндіктерін және олардың шекөл-шемдерін белгілеу педагогикалық психологияның міндеті.

Психологияның аса қажеттігі педагогиканың тәрбие проблемаларына орай байқалады. Тәрбиенің мақсаты - даму жолындағы қоғам талаптарына сай жеке адамды қалыптастыру. Ал бұл мақсатқа жету жеке адамның қалыптасу заңдылықтарын: бағыт-бағдар, қабілет, қажеттілік, дүниетаным және т. б. - зерттеуді қажет етеді.

Дербес ғылым ретінде психология айма-ғында өзара байланысы сырт көзге байқала бермейтін бірқанша ерекше білім салалары ұштасып жатады, мысалы, психофизиология мен әлеуметтік психология. Бұлар, сырттай қарағанға "сыйыспайтындай" болғанымен, бір ғылым саласынан, себебі олардың түпкі де түбегейлі міндеті бір - психикалық құбылыстың мәнін зерттеу. Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның зерттеу объекті жалғыз-ақ: ол - адам, оның психикалық процестері, қалыптары және қасиеттері.

3. Психология салалары

Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес. Көп жағдайда олар қоғамдық практиканың өрістеп жатқан қажеттерімен белгіленеді. Егер психология алғашқы уақытта теориялық тарапы басымдау, дүниетанымдық пән болса, ол қазіргі кезде өзінің танымдық қызметін сақтай отырып, өндірістегі, мемлекеттік басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т. б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің бір саласына айналуда.

Сонымен, осы заман психологиясы көп тармақты білімдер жүйесі ретінде танылып, әртүрлі еңбек тәжірибесімен байланысуда. Әдетте, психология салаларын жік-теудің негізгі принципі - психиканың іс-әрекетте даму принципі. Сондықтан, көбінесе психология салаларын топтастыру негізіне адамдардың әртүрлі еңбектік әрекет-тері алынады. Осыған орай психология келесі салаларға бөлінеді.

Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнімге бағытталған әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың психологиялық тарап-тарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктеледі. Олардың ішінде: инженерлік психология, авиация психологиясы, ғарыштық психология және т. б. бар.

Педагогикалық психологияның қызметі - адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын ашу. Оның бөлімдері: оқу психологиясы, тәрбие психологиясы, сондай-ақ мұғалім психологиясы, дамуы жетімсіз балаларды оқыту-тәрбиелеу психологиясы.

Медициналық психология - дәрігер қызметі мен сырқат адам мінез-құлығының психологиялық мәнін зерттейді. Ол психикалық құбылыстардың ми физиологиялық құрылымдарымен байланысын айқындаушы - нейропсихология: емдік дәрілердің адамның психикалық жағдайына ықпалын белгілеуші - фармакопсихология; науқасты емдеуде қолданылатын психикалық әсерлерді зерттейтін - психотерапия; психикалық алдын алу (профилактика) және психогигиена тарауларына бөлінеді.

Заң психологиясы құқ жүйесін іске асыруға байланысты психикалық мәселелерді қарастырады. Олда бірнеше салаларға жіктеледі: қылмыскер психологиясы, үкім шығарушы мен орындаушы психологиясы жене т. б.

Әскери психология адамның соғыс жағдайындағы қылық-әрекетін; қолбасшы мен оның билігіндегі сарбаз арасындағы қарым-қатынастың психологиялық тараптары, әскерді рухтандырушы үгіт-насихат психологиясының әдістерін және т. б. зерттейді.

Аталған топ қатарына спорт, сауда, ғылым және өнер шығармашылық психологиясы да кіреді.

Психология тармақтарын топтастыру негізіне дамудың психологиялық қырлары да алынуы мүмкін. Бұл жағдайда психологияның даму принципі іске асады. Осыған байланысты психология келесі салаларға бөлінеді:

Жас сатыларының психологиясы жеке адамның әртүрлі психикалық процестері мен психикалық қасиеттерінің онтогенезін (жеке даму) зерттейді де келесі са-лаларды өз ішіне қамтиды: балалар психологиясы, жас өспірімдер психологиясы, ересек адамдар психологиясы мен кәрілік психологиясы (геронтология) .

Дамуы қалыптан шыққандар психологиясы немесе арнайы психология: олигофренопсихология (ақыл-ойы кемдер), сурдопсихология (кереңдер), тифлопсихология (зағиптер) .

Салыстырмалы психология - психикалық өмірдің филогенетикалық (біртұтас даму) формаларын зерттейді.

Психология салаларын топтастырудың және бір жолы - қоғам мен жеке адам арасында болған қатынастарды ескеру. Бұл әдіске орай " Әлеуметтік психология" атымен психологияның көптеген салалары бірігеді. Әлеуметтік психология адамдардың әртүрлі ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған, бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмысын зерттеумен шұғылданады.

Барша психология салаларының ішінде айрықша орынды жалпы психология иелейтінін атап өткен жөн. Бұл тараудың негізгі міндеті - психологияның әдіснамалық проблемалары мен тарихын, психикалық құбылыстар пайда болуының, дамуының және болмысының жалпыланған заңдылықтарын ғылыми нақтылау. Сонымен бірге жалпы психология танымдық және практикалық іс-әрекетті де зерттейді. Жалпы психология зерттеулерінің нәтижесі - психология ғылымының барша салалары мен бөлімдерінің ірге тасы қызметін атқарады.

Жалпы психология курсында жантану ғылымының теориялық принциптері мен маңызды әдістері жөнінде таным беріліп, оның негізгі пәндік түсініктері сипатталады. Барластыру қолайлығымен бұл түсініктер үш негізгі категориялар төңірегінде топтастырылады: психикалық процестер , психикалық қалыптар мен психикалық қасиеттер немесе жеке адамның дара ерекшеліктері.

Қайталау және бақылау сұрақтары:

  1. Адам - ғылымдық зерттеу объекті болуының мәні неде?
  1. Адам психологиясын зерттеудің ерекшелігі қандай?
  1. Психология ғылымының қалыптасуындағы алғашқы кезеңге сипаттама беріңіз?
  1. Р. Декарттың психологияға енгізген жаңалығы және ол сол кезеңдегі ғылымның дамуына қандай әсер етті?
  1. Психология дамуында "Бихевиоризм" бағытының мәнін ашып беріңіз?
  1. Диалектикалық материализм психология ғылымына қандай өзгерістер енгізді?
  1. Психология ғылымының міндеттері мен қызметтерін айқындаушы факторларды атаңыз?
  1. Психологияның философия, жаратылыстану, әлеуметтік ғылымдармен байланыс себептерінің сипаты қандай?
  1. Психология салалары және оларды топтастыру принциптері қандай?

2-дәрісбаян

ПСИХИКА ДАМУЫ. САНА.

Жоспары: 1. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары.

2. Жануарлардың тума (инстинкттік) әрекет-қылығы.

3. Жануарлар дағдысы .

4. Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар.

5. Еңбек және саналы іс-әрекет.

6. Тіл және адам санасы.

1. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары

Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы проблемалар өзара тығыз байланысты. Сондықтан да психика дамуы туралы жалпы көзқарас тіршіліктің туындауы жөніндегі мәселенің теориялық ерекшеліктерімен сипатталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
Психология ғылымының пәні мен объектісі
Психологияның ғылымдар жүйесіңцегі орыны
Эксперименталды психология курсының пәні мен міндеттері
Психика мен сана мәселелері
Психология саласы
Эксперименталды психология. ДӘРІСТІК КЕШЕН
Жалпы психология және психология ғылымының зерттеу əдістері
Жалпы ғылым туралы сипаттама. Психология ғылымының пәні мен объектісі
Мотивацияның психологиялық теориялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz