Шағын жинақталған мектепте мектеп үшін педагог кадрларды көп салалы үздіксіз даярлау жүйесі


Шағын жинақталған мектепте мектеп үшін педагог кадрларды көп салалы үздіксіз даярлау жүйесі .
Ең бастысы бүгінгі күнге дейін шағын жинақталған мектептерге педагог кадрларды дайындауды жүзеге асыру қажеттілігі негізге алынғанымен оны жүзеге асыру тетіктерінің жеткілікті деңгейде айқындалмағаны анық. Себебі мұғалімге шағын жинақталған мектепте жұмыс істеу қиын да, күрделігіне байланысты олардың сол ортаға жеңіл бейімделуі үшін алдын ала кәсіби даярлықтан өз деңгейінде және төмендегі жағдайларды ескеріп даярлануы шарт:
- мұғалім сабақтың жартысында сыныппен жұмыс істейде, қалған уақытта оқушылардың білімді өздігімен меңгеруге мүмкіндік береді. Өздігімен жұмысқа сабақтың 50% бөле білуі;
- мұғалімнің зейіні екі немес үш сыныпқа бөле алуы;
- оқушылардың өздігімен жұмысында мұғалім тарапынан тез арада көмек ала алмай, себебі басқа сыныптармен айналысады;
- оқушылардың өздігімен жұмысына басқа сыныппен жүргізіліп жатқан әңгімелесу немесе түсіндірулері кедергі келтіруі мүмкін;
- мұғалімнің педагогикалық әрекетінің көппәнділігі;
- шағын кешенді мектеп мұғалімі бірдей уақытта түрлі жастағы, түрлі сынып бағдарламасымен түрліше дайындалуы;
- бірнеше сыныппен бірдей уақытта сабақ жүргізу мұғалімнен тыңғылықты ізденісті, оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыруды, сабақ кестесін тиімді құруды және ұтқыр педагогикалық тактіні талап етеді;
- шағын жинақталған мектепте мұғалім күніне 8, 12 сабаққа дайындалуы мүмкін.
Ауыл мектеп мұғалімдерінің қоғамдық-саяси, психологиялық-педагогикалық, ауылшаруашылық, мәдени-ағарту жұмыстарына тұлғалық, адамгершілік дайындықтары, ауыл өміріне психологиялық дайындықтары қажет. Сондықтан шағын жинақталған мектептерге маман дайындауда мынандай бағыттар ескерілуі қажет: болашақ маманның пәндік білімін тереңдету, кеңейту (кең бейімді мұғалім), психология, педагогика салаларынан білімі мол, тәрбиелік және әлеуметтік жұмыстар бойынша тереңдетіп дайындау керек. Шағын жинақталған мектептердегі педагогтардың ауылдық социумға бағдарланған педагогикалық қызметі, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімі, төзімділігі, отанжандылығы, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуын талап етеді.
Бұл күрделі міндетті шешуде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде барлық мамандықтар бойынша шағын жинақталған мектептерге кадрлар дайындау қолға алынып, таңдау пәндердің есебінен қосымша мамандандыру жүргізіліп келеді. Қай кезде де шағын жинақталған бастауыш мектеп ауылдық елді мекендерде сақталады.
Кадрлармен қамтамасыз ету
ШЖМ-ны дамыту жағдайында педагогикалық кадрларды даярлау және олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру өте маңызды. ШЖМ-ның ерекше жағдайында жұмыс істейтін мұғалім бірқатар қосымша кәсіби құзыреттіліктерге ие болуы қажет:
- сынып-комплект жағдайында оқытудың тиімді тәсілдерін іріктеу, бейімдеу және құрастыру;
- жас ерекшеліктері әртүрлі оқушылар ұжымын басқару;
- бір пәндік және бір тақырыптық сабақтар өткізу барысында сынып-комплект оқушыларының іс-әрекетін басқару;
- оқушылардың жеке білім алу траекториясының дамуын жобалау;
- оқушылардың жеке дамуының мониторингі үшін бақылау-бағалау рәсімдерінің пакетін әзірлеу;
- оқушыларды жергілікті қауымдастықтағы әлеуметтік-мәдени және экономикалық процестерге қатыстыру.
Техникалық және кәсіптік, жоғары білім беруде ШЖМ-ның педагогикалық қызметінің көп пәнділігін ескеретін міндетті кіріктірілген білім беру бағдарламалары бойынша педагогикалық кадрларды даярлауды қарастыру.
Жоғары оқу орындарында екі дипломды білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық кадрларды даярлауды қарастыру.
ШЖМ-ның педагогикалық кадрларына қосымша білім беру мен біліктілігін арттыру білім саласы қызметкерлерінің біліктілікті арттыру және қайта даярлау институттарында және өңірлік орталықтарында жүзеге асады.
Өзара жүйелік қатынас шеңберінде педагог кадрлардың біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыру үшін төмендегідей ұйымдастыру түрлерін қолдануға болады:
- ШЖМ-ның даму орталығын құру (біліктілікті арттыру институттарының, білім беруді дамытудың өңірлік орталықтарының, педагогикалық жоғары оқу орындарының және университеттердің базасында) ;
- бірыңғай ақпараттық-әдістемелік банк құру;
- тәжірибе алмасу бойынша ғылыми-әдістемелік конференциялар, сессиялар, семинарлар өткізу;
- қашықтықтан білім беру бағдарламаларын іске асыру.
Осылайша, ШЖМ-ның педагог кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру сияқты мәселелер нормативтік-құқықтық және ұйымдастыру сипатындағы кешенді шараларды қабылдауды талап етеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz