Физиология пәні және оның мәселелері


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1) Физиология туралы түсінік

2) Физиология пәні және оның мәселелері

3) Физиологиялық зерттеу әдістері

4) Физиология дамуының қысқаша сипаттама

Физиология

Физиология (грекше φυσις, physis , "табиғат, тек-тамыр"; және λόγος, logos, "ғылым") тірі ағзаның механикалық, физикалық және биохимиялық функциясының ілімі.

Әдетте физиология өсімдік физиологиясы және адам мен жануар физиологиясы деп бөлінеді. Дегенмен қандай да болмасын ағза қарастырылу үстінде болса да, физиологияның принциптері жалпыға ортақ. Мысалы, ашытқы жасушасын зерттегенде алынған физиология мәліметтері адам жасушасына да қатысты болуы мүмкін.

Физиология пәні және оның мәселелері.

Физиология - тірі ағза мен физиологиялық жүйелердің, ағзалардың, тіндердің, жасушалардың қызметін зерттейтін ғылым. Ол жүйелермен ағзалардың бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Физиологияның мәселесі адам ағзасының жұмысын түсіну, оның әр бөлігінің мәнін анықтау, олардың қалай байланысатынын түсіну, олар қалай әрекеттеседі және сол қатынасу нәтижесінде қалай ағзаның жалпы жұмысы атқарылады. Физиология анатомия, циталогия және гистологиямен байланысты. Физика мен химияның жетістіктері физиология үшін өте маңызды, кибернетика мен компьютерді айтпағанда.

Физиологиялық зерттеу әдістері
  1. бақылау;
  2. эксперимент. (тәжірибе) ;

Бақылау құбылыстың мәнін аша алмайды, сондықтан негізгі әдіс - эксперимент. Ол жіті және созылмалы болады. Вивисексия - тәнтілу. Жетіспеушілігі - көп қан жоғалады, наркоз, жарақат қалыпты қызметті бұрмалай жібереді. Созылмалы эксперимент - қалыпты жағдайда ұзақ уақыт ағза қызметін зерттеуге мәжбүр береді. (фистула әдісі) . Н. П. Павлов-физиология мен медицина біртұтас деп айтты. Паталогия мәнін білу үшін тіршілік үрдісінің ағымын білу керек (phatos-детрт, ауру) .

Химиялық әдіс- физиологиялық химия тірі ағзада өтетін химиялық процестерді зерттейді. Физиологиялық химия қазіргі кезде, өз алдына- биологиялық химия болып бөлінеді. Биологиялық химия-физиологиялық прцестердің молекулярлы механизмдерін ашып зерттейді.

Физиологияның негізгі зерттеу әдісім - эксперимент. Физиология экспериментальды ғылым ретінде дамыған. Физиология адам және жануар организмінде жүретін өмір сүру процестерінтікелей зерттеулер жүргізу арқылы анықтайды. Экспериментальды физиологияның негізін салушы атақты ағылшын дәрігері Уильям Гарвей.

Жедел және созылмалы зерттеулер . Жедел эксперименті . Аналитикалық физиологияның негізгі әдісі жекеленген ағзаларға эксперимент немесе жедел зерттеулер жүргізу. Белгілі бір ағзаның немесе жүйені зерттеу үшін физиолог вивисекция жасау керек. Кез-келген ішкі ағзаның және жүйенің қызметін, және оларда өтетін процестердізерттеу үшін организмге терең ену керек. Бұл әрекеттің өзі ағзадағы процестердің жүру қалпының бұзылуына алып келеді. Сондықтан да созылмалы эксперимент әдісі енгізу қажет болды.

Созылмалы эксперимент әдісі. Аналитикалық физиология мен жедел эксперименттің кемшіліктері И. П. Павловты қатты толғандырды. Ол организмнің біртұтастығын бұзбай, терең еніп зерттеу жүргізу әдісін тапты.

Физиологиялық хирургияға» негізделген - созылмалы эксперимент әдісі. Наркоз салынған жануарға асептика және антисептика жағдайында белгілі бір ағзаға эксперимент жасау мүмкіндігін алу үшін алдын-ала күрделі операция жүргізіледі. Қуысты ағзаға «терезеше» орнатып, ол жерге фистула түтікшесін енгізіп немесе сыртқа шығарылып, бездің түтігі теріге тігіледі. Эксперименттің өзі жара жазыла бастағанда, бірнеше күн өткеннен кейін барып жүргізіледі. Мұндай эксперимент жүргізгенде физиологиялық процестер қалыпты жағдайда жалғаса береді. Қойылған фистуланың арқасында белгілі бір процесті ұзақ мерзім зерттеу мүмкіндігі бар.

Физиология дамуының қысқа тарихы. Организм қызметтері туралы өз пікірлерін айтқандар - Гиппократ (медицина атасы), Аристотель (бірінші оқытушы) - Ежелгі Рим, Клавдий Гален - эксперименталдық медицинаның негізін қалады. Физиологияның дамуында анатомиядағы табыстар көп әсер етті. А. Везалийдің «Адам денесінің құрылысы туралы» деген кітабы физиологияда көп жаңалықтарды ашуға себеп болды. XVIIғ. ғылыми физиология дамыды. Вильям Гарвей-үлкен қанағу шеңберін ашты, вивисексияны енгізді. М. Мальпиги артерия мен веналардың капиллярлар арқылы байланысатынын көрсетті. Физиологияның дамуына Рене Декарттың рефлексты ашуы өте маңызды болып табылады. XVIII-XIXғғ. Ломоносов масса мен қуат сақталу заңын ашты. Горянинов, Шванн, және Шлейден-ағзаның жасушалардан тұратынын ашты. 1859ж. Дарвин эфолюциялық ілімді дүниеге келтірді. XIX және XXғ. физиология аса гүлденуге жетті. Клод Бернар(фр) - қан тамырлары тонусының реттелуінде көміртектік алмасуда жүйке жүйесінің рөлін зерттеді. Организмнің ішкі ортасы туралы түсінік берді. Германияда Дюбуа-Реймон-электрофизологияның негізін қалады. Шерингтон - жұлын физиологиясын зерттеді. Кеннон-вегетативтік жүйке жүйесін зерттеді. Сегенов, Павлов, Боткин, Бехтерев нервизмді дамытты. XIXғ. рефлекторлық доға бөліктерінің рөлі анықталды, жүйке әрекетінің рефлекторлық теориясия, мидың үлкен шарты -шарлар маңызы ашылды. И. М. Сегенов «орыс физиологиясының атасы». Ол қан газдарды тасымалдайтынын ашты. «Ми рефлексі» деген кітап жазды. Идеяларын ары қарай И. П. Павлов дамытты. Ухтомский-доминанта туралы ілімді жасады. И. П. Павлов XV Халықаралық конгрессте (1935) -дүниежүзілік физиологтар атасы деп аталды. Павлов мына бағыттарды зерттеді:
  1. қан айналу;
  2. ас қорту;
  3. жоғарғы жүйке іс әрекеті.

Павловқа дейін физиологияда аналитикалық тәсіл басымды болса ол синтетикалық бағытты жасады. Мұсылман елінен шыққан ғалымдар Әбу Насыр Әл Фараби (екінші оқытушы) «дәрігер әрбір ағзаның саулығын анықтау үшін, оның жаратылысының қарай атқаратын қызметін білуге тиіс» - деп жазды. Дәрігерлерге жеті міндет жүктеді. «Адам физиологиясы» оқулығының 13-бетін оқы. Авторы Х. К. Сатбаева, 2005ж. ) . Абу Али ибн Сина(Авицина) «Медицина қағидалары» атты кітап жазған. Қазақстан физиологиясының іргетасын қалаған А. П. Полосухин. Ол КазМи-да физиология кафедрасын 25жыл меңгерді физиология ғылыми - зерттеу институтын ашып 20ж. директоры болды. Ғылыми бағыты лимфология болды. Н. У. Базанова- ғалым-физиолог, тұңғыш биология ғылымының докторы, профессор, академик. Еңбектері ауылшаруашылық және жануарлар физиологиясын аса дамытты. Х. К. Сатпаева -көп жылдар бойы АММИ- да физиология кафедрасының меңгерушісі болды. «Адам физиологиясы» оқулық кітабының авторы.

Павлов физиологиясының негізгі принциптері.

Тірі ағза - біртұтас. Онда жасушалар, тіндер, ағзалар, жүйелер әрекеттері байланысты және келісімді де болады. Организм өзін- өзі реттейтін қасиеті бар. Ол өзіне қажетті нәрселерді алып оған зат алмасудың соңғы өнімдерін бөліп тұрады. Организм тек қоршаған ортамен тұрақты қатынаста ғана белсенді түрде тіршілік ете алады. Нервизм принципы - жүйке жүйесінің әсерін ағзаның көптеген әрекеттеріне қаратуға тырысатын физиологиялық бағыт.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Патологиялық физиология пәні және патологиялық физиологияға үлес қосқан ғалымдар.Ауру туралы жалпы түсінік
Алғашқы ветеринарлық жәрдем өзге пәндермен тығыз байланыста
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәні, міндеттері, мақсаттары, зерттеу әдістері
Физиологияның даму кезеңдері
Физиологияның даму тарихы
Физиологияға ғылым ретінде жалпы сипаттама
Жастардың психологиялық дамуы
Балалар гигиена
Әлеуметтік педагогика - ғылым ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz