Жүйке жүйесі аурулары фармакотерапиясының дәрілерін таңдауда клиникалық-фармакологиялық жолдар принциптері.



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Жүйке жүйесі аурулары фармакотерапиясының дәрілерін таңдауда
клиникалық-фармакологиялық жолдар принциптері.

Тақырыбы: Жүйке жүйесі аурулары фармакотерапиясының дәрілерін таңдауда
клиникалық-фармакологиялық жолдар принциптері

Мақсаты: дәрілік заттардың жағымсыз жанама реакцияларын, өзара әсерлесуін,
фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының негізгі мәліметтерін қолдана
отырып, бақылаулы, жекеленген, тиімді де қауіпсіз фармакотерапияны жүргізу
үшін психотропты дәрілік заттарды және оларды мөлшерлеу тәртібін таңдауды
білім алушытерге үйрету.

Дәріс жоспары:
1. Психотропты дәрілік заттар қолданылатын аурулар мен патологиялық
жағдайлар.
2. Психотропты дәрілік заттардың жіктелуі.
3. Психотропты дәрілік заттардың клинико-фармакологиялық сипаттамасы.
4. Психотропты дәрілік заттардың жанама әсерлері.
5. Психотропты дәрілік заттардың басқа препараттармен әсерлесуі.

Психотропты дәрілік заттарды негізгі психотропты әсері бойынша
психолептикалық және психоаналептикалық болып екіге бөледі.
Психолептикалық дәрілік заттар тыныштандырғыш, тежегіш, депримирущее әсер
етеді, оның құрамына психотикалық симптоматиканы және психомоторлы қозуды
басатын антипсихотиктер (нейролептиктер) сонымен қоса тыныштандырғыш,
антифобиялық әсер етіп, үрейді басатын анксиолитиктер (транквилизаторлар)
мен ұйқы шақыратын дәрілік заттар кіреді.
Антиманиакальды әсер етіп, узақ уақыт қолданғанда аффективті және
шизоаффективті психоздардың дамуын алдын алатын нормотимикалық дәрілік
заттарды (нормотимиктер, тимолептиктер, көніл – күй стабилизаторлары) бөлек
топқа жатқызады.
Психоаналептикалық дәрілік заттар қоздырғыш, стимуляциялаушы белсендіруші,
психоэнергизациялаушы әсер етеді, оның қурамына патологиялық төмен көңіл –
күйді қалпына келтіретін антидепрессанттар (тимоаналептиктер,
тимолептиктер) және науқас адамдар мен сау адамдарда да психомотрлы
белсенділікті тудыратын психостимуляторлар (психотониктер) кіреді.
Кей жағдайларда психоаналептиктерге бас миы жасушаларындағы метаболизм мен
энергетикалық үрдістерді белсендіретін нейрометаболитті стимуляторларды
(ноотроптар, церебропротекторлар, адаптогендер және цереброваскулярлы
қасиеттері бар дәрілік заттар) жатқызады, бірақ, бул дәрілік заттардың
терапевтік әсерінің кеңдігін, қолдану көрсеткіштерінің көптігін сонымен
қоса неврологиялық бұзылыстарда қолданатындығын ескере отырып жеке топ
ретінде қарастырған жөн.
Бұл келтірген жіктелу шартты сипатта жасалған. Мысалы бір препарат әртүрлі
жағдайлаарда қолданыла береді. Атап айтқанда карбамазепан, бұл препарат тек
тырысуға қарсы ғана әсер көрсетіп қоймай, сонымен қоса мания, депрессия,
агрессивті жағдай, ауырсыну синдромдарында да қолданылады. Кейбір
антидепрессанттар депрессияларда ғана емес, сонымен қатар үрейлі
жағдайларда да жақсы нәтиже көрсетеді.

Антипсихотикалық дәрілік заттар (нейролептиктер).
1. Дәстүрлі антипсихотиктер.
2. Атипті антипсихотиктер.
3. Узақ әсер ететін антипсихотиктер.

Антипсихотиктер (нейролептиктер, транквилизаторлар) – бұл психотикалық
симптоматиканы және психомоторлы қозуды басатын, психолептикалық әсер
көрсететін психотропты дәрілік заттардың тобы. Нейролептиктердің
антипсихотикалық әсер Д2 – дофамин рецепторларын тежеп, дофаминергиялық
нейро трансмиссияның өзгеруімен байланысты. Сол әсердің салдарынан
экстрапирамидті бузылыстар және пролактинемия туындауы мүмкін.
Кейбір препараттар төмен дозада пресинаптикалық Д23 рецепторларын тежеп,
пародоксальды түрде дофаминергиялық нейроберілісті жеңілдетеді. Клиникада
бұл дезингибирлеуші және белсендіруші әсер түрінде көрінеді. Атипті
антипсихотиктер серотонинді 5 – НТ2 рецепторларын тежеп, шизофрениямен
сырқаттанған науқастардағы негативті симптоматика мен когнитивті
бұзылыстардың қарқындылығын басады.

Антипсихотикалық дәрілік заттардың химиялық құрылымы бойынша жіктелуі.
Антипсихотикалық дәрілік заттарды келесі топтарға жатқызады:

1. Фенотиазиндер және басқада үш циклды туындылар:
• Алифатикалық (промазин, хлорпромазин)
• Пиперидинді (перициазин, пипотиазин, тиоридазин)
• Пиперазинді (перфеназин, тиопроперазин, трифлуоперазин,
флуфеназин).
2. Тиоксантендер (зуклопентиксал, флупентиксол, хлорпротиксен).
3. Бутирофенондар (галоперидол, дроперидол).
4. Алмастырылған бензамидтер (сульпирид, метаклопромид, сультоприд,
тиоприд).
5. Д2 Бензодиазепин туындылары (клозапин, олонзапин, кветиапин).
6. Имидаззолидинон туындылары (рисперидон).
7. Индол туындылары (дикарбин)

Алифатикалық фенотиазиндердің күшті адреноблокаторлық және
холиноблокаторлық қасиеттері бар, клиникалық экстрапирамидалық жүйеге
жұмсақ седативті әсер етеді. Пиперазинді-фенотиазин және бутирофенондардың
адреноболкаторлық, холиноблокаторлық әсерлері әлсіз, бірақ
дофаминоблокаторлық құрамы күшті. Олар айқын глобальды антипсихикалық және
экстрапирацидті, нейтоэндрокриндік жағымсыз әсер көрсетеді. Пиперидинді
фенотиазиндер және тиоксантен мен бензамидтер орташа антипсихикалық әсер
көрсетеді.
Жалпы көрсеткіштер:
Жедел және созылмалы психоздар және этиологиясы әр түрлі психоматорлы
синдромдар шизоафективті психоз және басқа сандырақты психоздар, шизофрения
сонымен қоса органикалық және интоксинациялық психоздар, делириозды
жағдайды қосқанда. Ақыл-ойы төмен және психопатия маникальді жағдай
депрессиялық сандырақтық жағдай, кейбір объективті – компульсивті
самотоформды бұзылыс, Жилль Турет синдромы, хорея және тағы басқа
гиперкинетикалық қозғалғыс бұзылыстары, ауыр ұйқысыздық, ұзаққа созылған
ықылық, лоқсу.
Глобальді антипсихотикалық инцизивті әсер.
Дәрілік заттар психоздың әртүрлі көріністерін редуцирлейді. Бұл әсермен
нейролептиктердің аурудың прогредиенттілігін тежеу қасиетін де
байланыстырады.
Біріншілік седативті (тежегіш)әсер.
Елес сандырақтың немесе маникальді қозуды тез тоқтату үшін қажет. ОЖЖ
глобальды депримирующее әсер етеді, сонымен қатар брадипсихизм, көңіл
аудару концетрациясының бұзылуы гипотикалық әсермен жүретін жағдайларда. ДЗ
дұрыс тағайындалса емнің бірінші сағатында әсерін көруге болады.
Таңдамалы (селективті) антипсихотикалық әсер.
Әр түрлі жағдайларда мысалы, сандырақ елес, ойлау қабілетінің бұзылуында
қолданылады, әдетте глобальді антипсихотикалық немесе бірінші реттік
седативті әсерден соң дамиды.
Белсендіруші (тоқтатушы дезингибирлеуші антиаутистикалық) антипсихотикалық
әсер.
Бұл әсер негативті симптоматикасы бар шизофрениямен сырқаттанған
науқастарда жақсы байқалып, психотерапевтік және социореабилитациялық
мүмкіндік тудырады.
Когинтивті әсер жоғарғы қыртыстық қызметтерді жақсартады (еске сақтау,
көңіл болу, коммуникативті үрдістер). Мұндай әсер атипті антипсихотиктерде
байқалады.
Депрессогенді әсер – кейбір антипсихотиктерді ұзақ уақыт қолданғанда
(седативті) арнайы депрессияны тудыруы.
Неврологиялық әсер бас миының экстрапирамидті жүйесіне дофаминоблокаторлық
әсерімен байланысты. Жедел және созылмалы неврологиялық бұзылыстармен
көрініс береді. Атипті нейропептиктерде экстропирамидті әсері аз.
Сомототропты әсер препараттардың адреноблокаторлық және антихолинергиялық
қасиеттерімен байланысты, нейровегативті және эндокринді жағымсыз әсер
түрінде, сонымен қоса гипотензивті реакция гиперпролактинемия түрінде
көрінеді.
Клиникада маңыздысы аталған параметрлердің алғашқы екеуінің бір біріне
қатысы (глобальды антипсихотикалық және бірінші реттік седативті әсерлер).
Осыған негізделе отырып жіктеледі.
1. Седативті антипсихотиктер. (левомепромазин,
хлорпромазин, промазин,) Мөлшеріне байланысты тежегіш
әсер көрсетеді.
2. Күшті глобальді антисихикалық әсері бар немесе
иницизивті антипсихотиктер (галоперидол, зуклопентиксол,
пипотиазин, тиопроперазин, трифлуоперазин, флуфеназин)
олар аз мөлшерде белсендіруші әсер, ал көп мөлшерде
психотикалық және маниакальды симптоматиканы басады.
3. Дезингибирлеуші антипсихотиктер (сульпирид, карбидин
т.б.) (кең диапазондды мөлшерде) тежегіш, белсендіргіш
әсеркөрсетеді.
4. Ерекше әсер ету механизміне және психотропты
белсенділігіне байланысты жеке атипті антипсихотикалық
топты бөледі. (клозопин, оланзапин, рисперидон,
кветиапин) .
Ажыратпалы тағайындау клиникалық көріністерді ескере отырып жүргізіледі.
Сонымен қоса ДЗ психотропты әсер спектрі мен жанама әсерлерін еске ұстау
қажет. Антипсихотиктерді шизофрения кезінде жедел психозды шешу үшін
курспен қабылдауға болады және жедел психозда қабылдауға болады және жедел
психоз кезінде продуктивті симптоматиканы басу үшін асқынудың алдын-алу
үшін қолданылады.
Бір антипсихотикті екіншісіне ауыстырғанда келесі кестені қолдану керек.

Антипсихотикалық дәрілік заттардың аминазинді эквиваленттері

1 Дәстүрлі антипсихотиктер.

Хлорпромазин.
Көрсеткіштері: Шизофрения және басқада психоздар, психомоторлы қозу,
гипоманиакальды және маниакальды жағдайлар, жедел галлюцинаторлы-сандырақ
синдромы, агрессия көріністерімен жүретін психоздар; деменция және ақыл-ой
кемісігі кезіндегі қозу; үрей, қорқыныш сезімі; анестезияға дайындық,
анестезияны узарту; босану кезінде жансыздандыру, эклампсия; тоқтамайтын
құсық кезінде; кейде эпилептикалық статусты басу үшін қолданады (басқа ем
нәтижесіз болса).
Қарсы көрсеткіштері: Дәрілік заттардың әсерінен болған комотозда
жағдайлар. Феохромоцитона ауыр дипресситі бүзылыстар, жедел инфекциалық
аурулар, бауыр және бүйрек қызметтерінің нашарлауы, қан түзетін мүшелердің
аурулары, микседема, бас миы және жүлынның жүйелі өршімелі аурулары. ЖТЖ
декомпенсацияланған аурулары, тромбоэмболиялық ауру, инсульт, лейкопения,
ЖМЖ жедел кезеңі, жабықбұрышты глоукома, жүктілік және лактацио кезі.
Жанама әсерлері: апатия, әлсіздік және ұйқы шақырады, гипотермия, бас
айналу, диспепсиялық құбылыстар, сарғайю, агренулоцитоз, экстапирамидті
бұзылыстар, кеш дискинезиялар, ЭЭГ өзгерістер, тырысу; антихолинергиялық;
ауыз құрғауы, іщтің қатуы, зәр щығарудың қиындауы, диплопия;
кардиоваскулярлы: артерияльды гипотензия, тахикардия, аритмия, ЭКГ
өзгерістері тыныс алу орталығының тежелуі.
Эндокриндік менетруальды циклдің бұзылуы, галактарея, генекомостия,
импотенция, артық салмақ қосу гиперсезімталдық реакциялар огранулацитоз,
лейкопения, лейкоцитоз, гемалетикалық анемия, фотосенисибилизация, тері
пигментациясы, контакті аллергия сарғаю (сонымен қоса холестатикалық) және
бауыр қызметінің өзгерістері парентералдық қолданғанда тіндердің
тітіркенуі, енгізген жерде ауыратын инфильтраттардың пайда болуы.
Сақтандырулар: емдеу кезінде жылдам реакцияны қажет жұмыстан бас тартқан
жөн. Алькоголь қабылдауға болмайды. Өт және зәр шығаратын жолдар
ауруларында зәр тасты ауыру жедел пиелит, ревматизм, ревмокардит, ЖТЖ
ауыруларында эпилепсия, қант диабеті кезінде байқап қолданған жөн,
гипертермия дамыған жағдайда дәрі қабылдауды тез тоқтатқан жөн (ЖЖА дамуы
мүмкін). Лебедоно, изанетидин, метин тұздары этанол және құрамында этанолы
бар препараттармен қабылдауға болмайды.
Мөлшері және қолданылуы.
Ішке шизофрения басқа да психоздарда психоанаторлы қолдануда бастапты
мөлшері 25-75 мгтәуліәгіне, содан кейін біртіндеп орташа тәуліктік
мөлшерін 300-600 мгға дейін жоғарлатады (3-4 қабылдауға бөледі) тамақтан
соң ЖТМ (жоғары тәуліктік мөлшер) – 100 мг. Қарт және санатикалық әлсіз
науқастарды мөлшерін 2-3 есе төмендетеді. Балаларға (шизофрения және аутизм
кезінде) 1-5 жас аралығында 500 мкгкг әрбір 4-6 сағат сайын. ЖТМ-40мг., 6-
12 жас аралығында ересектер мөлшерінің жартысы, ЖТТ-75мг.
• Аминазин (Россия) драже 25,50 және 100мг, балаларға
арналған таблеткалар 10мг, ерітінді 2,5 %-1,2,5,10мл

Галоперидол
Көрсеткіш (хлорпромазинді қара) көбінесе психомоторлы қозуды бақылауға
қолданады. Сол сияқты биполярлы бұзылыс кезіндегі маникальді жағдайда.
Қарсы көрсеткіш. (хлорпромазинді қара)
Жағымсыз әсер: седация, гипотензивті және холинотроптық жағымсыз әсері аз,
экстрапирамидті бұзылыс (тремфор, акатиазия, дистония) жиі кездеседі,
әсіресе тиреотоксикозы бар науқаста; сирек-пигментация,
фотосесенсибилизация және дене салмағын жоғалту. Балаларға тағайындалмайды.

Мөлшері және қолданылуы: Ішке бастапқыда емді қозу болмаған кезде 1,5
мгтәулігіне 2-3 рет тамақтан соң 30 минуттан өткен соң. Біртіндеп
жоғарылатамыз 10-15 мгтәулігіне шизофренияның созылмалы түрінде 20-60
мгтәулігіне дейін ұзықтығын жеке анықтаймыз. Төмендетуін біртіндеп
жүргіземіз. Ұстап тұратын мөлшер 0,5 мгтәулігіне. Үлкендерде 2-3 есе
төмендетеміз. Балаларда бастапқы мөлшер 25-50 мкгтәулігіне күшіне (2
қабылдау) ВСД – 10 мг. Бетішілшік 15-10 мг 2-3 реттәулігіне бірнеше күн
ішінде.
ЖТМ 40 мг. Инфузияны сирек қолданады. Тамшымен енгізу үшін 200-300 мл 0,9
% NaCl, 5% глюкоза, полиглюкин қолданамыз. Галоперидол мөлшерін біртіндеп
5-тен 30 мгтәу. дейін жоғарлатамыз. Енгізу жылдамдығы минутына 60 тамшы
2-4 сағ. Ішінде.
Тоқтаусыз құсу 0,5-2 мг.
• Галоперидол (Ресей) кейде 1,5 және 5 мг ерітінді бірлігін
енгізу (амп. 0,5 % 1 мл).
• Галоперидол таблетка 1,5 мг, ерітінді 5 мг, 1 тип.
• Галоперидол форте таблетка 5 мг.

Дроперидол.
Көрсеткіші. Психоз кезіндегі тез психомоторлық қозу; нейролептанальгезия
науқастарды аспаптық зерттеу мақсатында, хирургиялық әр түрлі наркоз,
операциядан кейінгі психоматорлық қозу, сол сияқты күйік, улану.
Кері көрсеткіш. Кеер тілігі, гиперсезімталдық.
Жағымсыз әсері, сақтану. Психомоторлы қозуды азайту үшін 10-20 мгтәулігіне
бі немесе ті ЖТМ-4 мг галоперидалға қарағанда t12 (4-6 сағ) қысқа,
сондықтан біріншілік және енгізу седация ретінде қолданады.
Перемедикация үшін үлкендерге 2,5-5 мг (1-2 мл) бі 15-45 мин хирургиялық
емге дейін. Балаларда 100 скгкг наркоз енгізу үшін ересектерге 15-20 мг,
балаларға 200-400 мкгкг. Жалғасқан операцияларда наркоз сақталу үшін
екінші рет 205-5 мг енгіземіз. Операциядан кейін ересектерге 2,5-5 мг 6 сағ
сайын енгізуге болады.
Дроперидол ерітіндісі дин 0,25 % амп., 2 және 5 мл, флокон 5 мл.

Сульпирид.
Көрсеткіш. Хлорпромазинді қара. Невротикалық бұзылыс, депресивті бұзылыс.
Ойық жаралы ауыру, геморагиялық, проктоколит алькогольді психоз.
Қарсы көрсеткіш. Хлорпромазинді қара. Төспен емізу,порфирия.
Жағымсыз әсері. Хлорпромазинді қара. Седация шамалы ғана. Экстрапирамидалы
көрініс 400-600 мгтәулігіне мөлшерден көп қолданғанда дамиды.
Сақтандыру. Бүйрек жеткіліксіздігі негізінде эпилепсия, паркинсонизм,
порфирия, қарт адамдар. 14 жасқа дейінгі балаларға тағайындалмайды.
Мөлшері және қолданылуы. Ішке, ті, бі. Бір реттік мөлшері 50-100 мг,
орташа тәуліктік мөлшері 100-600 мг, ЖТМ– 1200 мг. Аз мөлшерде (300-400
мгтәул) жақсы әсер береді. Шизофрениясы бар науқаста негативті
сиптоматиканың коррекциясы үшін. Үлкен кісілерде емді төмен мөлшерді
біртіндеп жоғарылатып бастайды, егер қажет болса.
Веросульпирид (Ресей) капсула 0,05 және 0,2 г., ерітінді 5%, амп – 2 мл.
Эктонил (Франция) капсула 50 мг, таблетка 200 мг, ерітінді ішіне қабылдау
үшін (флак) 0,5%, 200 мл ерітінді дик, (ампула 100 мг, 2 мл).

2 Атипті антипсихотиктер

Бұлар жақсы көтеріледі,экстрапирамидалық бұзылыстар және
гиперпролактенимия сирегірек байқалады. Психопатологиялық симптоматиканың
кеңірек шеңберіне әсер етеді –шизофрения науқастарында когнитивті
бұзылыстарды және негативті симптоматиканы редуцирлейді,ремиссияны
ұзартады.
Сақтандыру . ЖТЖ, эпилепсия, қант диабеті, Паркинсон аурулары бар
науқастарда атипті антипсихотиктермен емді жүргізген жөн,классикалық
нейролептиктермен салыстырғанда аз дәрежеде болса да,бірақ ішімдік әсерін
күшейтеді,потенциальді қауыпты өызмет түрлерін атқаратын жіне транспорттық
заттарды басқаратын науқастар үшін маңызды болып табылатын реакция
жылдамдықтарына әсер етеді.
Жалпы жанама әсерлері. Дене салмағының артуы, бас айналу, ортостатикалық
гипотензия (әсіресе мөлшердің титрациясы кезінде), экстрапирамидалық
симптоматика (ереже бойынша әлсіз айқын және транзиторлы мөлшерін
төмендетуімен немесе коррекцияланады), сирек жағдайда кеш дискинезия, одан
да сирек ЗНС.

Клозапин (CLOZAPINE)
Көрсеткіштер. Шизофрения және басқа да психоздық жағдайлар, әсіресе
классикалық нейролептиктерге тұрақтылығы бар науқастарда, психомоторлық
қозғыштық, агрессивті жағдай, ұйқының ауыр бұзылыстары.
Қарсы көрсеткіштер. Қан түзу жүйесінің аурулары, алкогольді және
интоксикациялық психоздар, бауыр мен бүйректің және ЖТЖ ауыр аурулары,
миастения, глаукома, ішек атониясы, жүктілік және омыраумен тамақтандыру,
қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы.
Жанама әсерлер. Бұлшықет әлсіздігі, ес шатасуы, ұйқышылдық, ортостатикалық
гипотензия, тахикардия, орталықтың гипертермиясы, іш қату, ішек
өтімсіздігі, аккомодацияның бұзылысы, ауыздың құрғауы, жүрек айну, құсу,
бас ауру, гиперсаливация. Ауыр асқыныстар-гранулоцитопения(агранул оцитозға
дейін), сарғаю,гепатит, аритмия.
Сақтандыру. Емді бастамас бұрын қандағы лейкоцит құрамын тексеру қажет және
біртіндеп жүргізіліп жатқан нейролептикалық терапияны тоқтату керек.
Бастапқы 18 аптада емді апталап жүргізу керек, ал кейіннен жалпы қан
анализін 2 аптада бір рет тексеріп, гранулоцитопения, бауыр
жеткіліксіздігі, ДГПЖ, жабық бұрышты глаукома, ішектің маторлы қызметінің
бұзылыстарының белгілері пайда болса ДЗ қабылдауды жедел тоқтатады, жылдам
реакцияларды қажет ететін жұмыстарды жүргізу, алкогольді ішімдіктерді
қолдану ұсынылмайды.
Өзара әсерлесу. Хлорпромазинді қараңыз. Лейкопоэзді тежейтін ДЗ, сол
сияқты іш қату мен ішектің моторлы қызметінің әлсіреуін шақыратын ДЗ
араластырмаған жөн.
Дозасы мен қолданылуы. Дозаны минимальді эффект қолдана отырып, жеке науқас
ерекшелігін ескере отырып таңдайды. Курстық емді 25-50 мг тәулігіне 1-2 рет
қабылдайды. Орташа тәуліктік антипсихотикалық доза 300-450 мг, ЖТД-900 мг.
Ерекше қауіп тобына жататын науқастарда:егде жас науқастарға бірінші күні
12,5 мг, мөлшерді қажеттілігінше 25 мг тәулігіне дейін жоғарылатады,
анамнезінде ЖТЖ, бауыр мен бүйректің аурулары, пароксизмальді жағдайлар –
алғашқы күні 12,5 мг, мөлшерді қажеттілігінше жоғарылатады. Ұстамалы
жағдайлар дамыса емді тоқтатады, ол аз мөлшердің өзінде 24 сағаттан кейін
қайта жаңаруы мүмкін.
- Азалептин ( Рессей), ерітіндіні дайындау үшін балаларға пакетиктер 0,5
және1г, табл., 25 және100 мг
- Лепонекс ( Novartis Pharma AG, Швейцария) , табл., 25 және100 мг ,
инъекцияға арналған ерітінді, амп.,25 мг, 2 мл.

3 Әсері ұзартылған антипсихотиктер

терапияны жүргізу мүмкіндігін жеңілдету үшін, шизофренияның созылмалы
түрлері бар науқастарда емге дейінгі немесе рецидивке қарсы терапия
жүргізгенде қолданады.
Қолданылуы. Емді әдетте стационарда жедел психоздық симптоматиканы
басқаннан кейін дереу бастайды. Таблетка қабылдау фонында препаратты аз
мөлшерде бұлшықетке енгізеді.Егер науқас бұрын корректарлар қабылдаған
болса, оларды тоқтатпайды. Жақсы көтере алған жағдайда (емнің бірінші
аптасында кері әсерлерінің болмауы) әсері ұзартылған препараттар дозасын
біртіндеп көбейтеді, ал таблетканы тоқтатады. Емнің мақсаты – минимальді
әсерлі доза көмегімен науқастың оптимальді функциональдық деңгейін ұстап
тұру. Психикалық жағдайы тұрақталған соң нейролептиктер дозасын екі әдіспен
біртіндеп төмендетуге болады, бір реттік дозасын төмендету арқылы немесе
инъекция арасындағы ара қашықтықты ұлғайту арқылы. Әсері ұзартылған
антипсихотиктер терең бұлшықет ішілік инъекция түрінде, 1-2 апта
интервалымен тағайындалады.
Дозалары.Ориентерленетін эквиваленттер флупентиксол деканоат 40 мг әр 2
апта сайын= флупентиксол деканоатқа 25 мг әрбір 2 апта= галоперидол
деканоатқа 100 мг әр 4 апта сайын = гипотиазин пальмитатқа 50 мг әрбір 4
апта = зуклопентиксол деканоатқа 200 мг әрбір 2 апта.
Бұл эквиваленттер максимальды дозаға шұғыл ұзартыла алмайды.
Ажыратпалы көрсеткіштер. Әсері ұзартылған препаратарды тағайындауға
верифицирленген ажыратпалы көрсеткіштер жоқ. Бірақ та зуклопентиксол
қозғыштық және агрессивтілігі бар науқастарға жиі қолданылады, ал осы
уақытта флупентиксол осы симптоматиканы өршітеі мүмкін. Экстрапирамидылық
реакциялар жиілігі басқа антипсихотиктер қолданғанға ұқсас.
Қарсы көрсеткіштер. Балалық шақ, ОЖЖ тежейтін ДЗ-мен шақырылған шатасу,
кома жағдайлары, паркинсонизм, антипсихотиктерді көтере алмау.
Жанама әсерлер. Инъекция аймағында ауырсыну, сирек эритема, қышу, тығыздану
болуы мүмкін. Жанама әсерлері әсері ұзартылмаған препараттарға ұқсас.

Галоперидол деканоат ( Haloperidole deconoatе)
Көрсеткіштер. Шизофренияның созылмалы түрлерінің ұстап тұрушы терапиясы
(галоперидол әсерлі болғанда).
Қарсы көрсеткіштер, жанама әсерлері, сақтандырулар, өзара әсерлесуі.
Жоғарыда галоперидолды қараңыз.
Дозасы мен қолданылуы. Терең бұлшықетті инъекциялар. Бастапқы дозасы 50 мг
2-4 аптада 1 рет, қажеттілігінше оны әр 2 апта сайын 50 мл-ға 300 мг 4
аптада 1 ретке дейін жоғарлатуға болады. Егде жастағыларда- бастапқы дозасы
12,5-25 мг 4 аптада 1 рет.
- Галоперидол деканоат ( Gedeon Richter Ltd., Венгрия ); инъекцияға
арналған ерітінді. Майлы ( амп.), 50 мгмл, 1 мл.

Анксиолитиктер (транквилизаторлар) және ұйықтатқыш (снотворные) заттар.

Анксиолитиктер (транквилизаторлар)
Анксиолитиктер – үрей, қорқыныш және эмоционалдық күш түсу
айқындылығын төмендетуге қабілетті ДЗ. Әсер ету сипатына байланысты
транквилизаторларды айқын седативті әсері бар препараттар( ұйықтатқыш
дәрілер ретінде қолданылады) және айқын ұйқышылдық пен миорелаксацияны
тудырмайтын күндізгі транквилизаторлар деп бөледі.
Қатынасы және айқындылығы көлемді ерекшелікте болатын, транквилизаторлардың
негізгі әсерлері:
- анксиолитикалық немесе транквизирлеуші (қорқынышты, үрейді,
эмоциональды күш түсуді азайтатын)
- тыныштандырғыш немесе седативті ( зейін қоюдың төмендеуімен,
реакциялар жылдамдығының азаюымен жүретін психомоторлы тежеулер,
күндізгі ұйқышылдық, ОЖЖ тежейтін ішімдік және тағы да басқа
заттардың әсерінің потенцирленуі)
- миорелаксантты (әлсіздік, шаршағыштық сезімдері түрінде көрініс
береді)
- талмаға қарсы
- ұйықтатқыш (барлық бензодиазепиндерге, бірақ әсіресе қысқа Т12
препараттарға тән қолданылатын дозаға байланысты)
- амнестиялық
- вегетотұрақтандырғыш (үрей мен диэнцефальді криздердің
нейровегетативті көріністерін басу үшін қолданылады)
Әсер ету спектрінде кейбір транквилизаторлардың қосымша әсерлерін
ажыратады:
1) психостимулдаушы (медазепан, клоразепан, оксазепан, тофизопан) және
тимоаналептикалық (алпразолам) әсерлер; 2) антифобиялық әсер (мысалы,
алпразолама, клоназепамда).
Кез келген күш түсумен байланысты бұзылыстарда бұл ДЗ тағайындау
тенденциясы үнемі ақталмайды. Анксиолитиктерді қолдану, қажетті әсерге жету
үшін дозаны үнемі жоғарлатып отыруды талап ететін, үйренудің (адаптация)
дамуына, сонымен қатар физикалық жәненемесе психикалық тәуелділіктің
құрылуына алып келуі мүмкін. Бұларды минммальды эффектті дозада қолдануды,
ал терапияны мүмкіндігінше ұзақ уақыт көлемінде, әдетте үрей мен стресстің
жедел көріністерін басу үшін қолдану ұсынылады. Препараттарға тәуелділіктің
дамуы, әсіресе анамнезінде алкоголь немесе нашақорлықпен жағымсыз әсер
еткен науқастарда және жеке тұлғасы бұзылған науқастарда дамуы мүмкін.
Бензодиазепиндер. (алпразолам, диазепам, клоназепам, клоразепат,
ларазепем, медазепам, нейразепам, оксазепам, темазепам, тофизопам,
триазолам, феназепам, флунейразепам, хлордиазепоксид) –
транквилизаторлардың және гипнотиктердің әсерлірек және кеңірек таралған
топтары. Олар ГАМКА – рецепторларымен байланысқан бензодиазепам
рецепторларына әсер етеді. Мепробамат және барбитураттар сияқты ескірек
анксиолитикалық заттар, бензодиазепиндерге қарағанда ауыр жанама әсер
көрсететіндіктен, қазіргі кезде тәжірибе жүзінде қолданылмайды.
Көрсеткіштер. Невротикалық және үрейлі бұзылыстар, жайылмалы үрейлі
бұзылыстар, жарақаттан кейінгі стресстік реакциялар;жүйкелік күш түсулер ,
үрей және психосоматикалық аурулар, соматоформды бұзылыстар, эндогенді
психоздар (көмекші заттар ретінде), ішкі мүшелер ауруларымен жүретін
қобалжулы жағдайлар, спазмдар, бұлшықеттер регидтілігі, контрактуралар,
эклампсия, сіреспе және ұстама жағдайларының барлық түрлері, қозғалыс
қобалжуымен, қозушылықпен, жедел үреймен жүретін психикалық аурулар,
абстиненция көріністері және алкоголизм кезіндегі делириялар, премедикация,
енгізілген наркоз, уақытынан бұрын басталған босанулар және бұлшықет
спазмына байланысты ерте босануға қауіп (тек қана жүктіліктің үшінші
триместрінің аяғында), босану қызметін жеңілдету (парентеральды енгізу
үшін), плацентаның уақытынан бұрын ажырауы (парентеральды енгізу үшін),
балалардағы невроздық бұзылыстар, бұлшықет тонусының жоғарлауымен,
спастикалығымен немесе гиперкинезімен жүретін аурулар, эпилептикалық статус
(парентеральды енгізу үшін).
Науқастарды жүргізу ерекшеліктері. Бензодиазепинді анксиолитиктер қысқа
курс түрінде 2-4 апта, жеке немесе ұйқысыздықпен, қысқа уақытты психозбен,
психосоматикалық немесе органикалық аурулармен қабаттасуымен байқалатын,
күшті дезадаптирлеуші немесе субъективті ауыр көтерілетін симптомдарды
жеңілдету үшін тағайындалады. Бензодиазепиндерді ұзаққа созылмайтын жеңіл
үрей жағдайларын емдеу мақсатында қолдану адекватты емес және ақталмаған.
Ұйқысыздықты емдеу үшін бензодиазепиндер, дезадаптацияға немесе науқастың
айқын дистрессіне алып келетін ауыр жағдайларда қолданылады.
Бензодиазепиндердің тәуліктік дозасын есептегенде, 5 мг диазепам шамамен 15
мг хлордиазепоксидке, 0,5 мг лоразепамға, 5 мг нитразепамға, 15 мг
оксазепамға, 10 мг темазепамға эквивалент екенін ескеру керек.
Қарсы көрсеткіштер. Жоғары сезімталдық, бауыр және бүйректің ауыр
бұзылыстары, миастения, порфирия, жүклілік, омыраумен қоректендіру,
глаукома, ішімдікпен зиянды әсер ету, ауыр жүрек және тыныс
жеткіліксіздігі, атоксия.
Жанама әсерлер. Қызба, ұйқының бұзылысы, ұйқышылдық , шаршағыштық пен
әлсіздіктің жоғарылауы, есте сақтаудың бұзылысы, депрессия, бұлшықет
әлсіздігі, тремор, атоксия, тәбеттің төмендеуі, сарғаю, бауыр қызметінің
бұзылысы, кіші дәретті ұстай алмау немесе тоқтап қалуы, дене салмағының
өзгерісі, жүрек айну, құсу, диарея немесе іш қату.
Парадоксальді реакция. Сирек қозғалыс қозғыштығын, тітіркендіргіштікті,
агрессивті тәртіпті байқайды. Үрейдің күшеюі және қабылдаудың бұзылысы,
оған қоса галлюцинация( жиі ішімдікпен және нашақорлықпен зиянды әсер
еткенде, ОЖЖ тежейтін басқа да дәрілік заттарды қабылдаңанда).
Мөлшерден артық қолдану (передозировка).
Ұзақтығы екі күнге дейінгі терең ұйқы, ступрға дейінгі жедел тежелумен,
дизартриямен, керілуімен (регидтілікпен), аяқ – қолдың клоникалық
тартылуымен көрініс береді. Өліммен аяқталу сирек кездеседі.
Сақтандырулар. Ұзақ уақыт, үзіліссіз (1 айдан ұзақ), әсіресе көп мөлшерде
қолдану тәуелділіктің дамуына жоғары қауіп төндіретіндіктен қолайлы емес.
Транквилизаторлар зейінді төмендетуі және қозғалыс реакцияларының
жолдарындағы әлсіретуі мүмкін, соның нәтижесінде олар механизімдермен және
транспорттық заттармен басқару қабілетіне әсер етеді, сирек жағдада,
препараттардың көрсетілген әсерлері, ұйықтар алдында қабылдағанда, келесі
күні белсенділіктің төмендеуіне алып келеді (бұлар әсіресе Т12 ұзақ,
диазепам, флуразепам, феназепам сияқты препараттарға тән), сонымен қатар
үнемі қабылдағанда, бұл дәрілік заттың кумулициясы болуы мүмкін. Емдеу
кезінде ішімдік ішуге тиім салынады. Бауыр және бүйрек аурулары кезінде
байқап және аз дозада қабылдайды.
Терапияны тоқтату. (әсіресе қысқа әсерлі транквилизаторлармен, мысалы,
триалаламол), доғару синдромы дамуының алдын – алу үшін біртіндеп
жүргізілуі қажет. Эпилепсияда препаратты жедел тоқтату қалтырау ұстамаларын
шақыруы мүмкін. Қабылданып жатқан препараттың тәуліктік дозасын әр бір екі
апта сайын орташа 18 (110-нан ¼- ке дейін) азайту ұсынылады, толық
тоқтатуға жету уақыты, дозаны баяу титрлап төрт аптадан бір жылға дейін
жекеше ауытқи алады.
Доғару синдромы ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін ұйқысыздықпен, үреймен,
тәбеттің төмендеуімен, дене салмағының төмендеуімен, тремормен,
тершенділікпен, шатысулармен қабылдаудың бұзылыстарымен көрінеді.
Доғару синдромы жиі препаратты қабылдауды тоқтатқан соң 2-3 аптада дамиды,
бірақта кейінгі кездері бірнеше сағаттан кейін де дамуы мүмкін (T ½ қысқа
Д3 қабылдағанда). Көрсетілген симптомдардың кейбіреулері терапияны
тоқтатқан соң бірнеше айдан кейін пайда болуы мүмкін. Доғару синдромы
белгілері науқастың бастапқы шағымдарымен бірдей болуы мүмкін және дозаның
негізсіз көтеруге және препаратты әрі қарай тағайындауға алып келуі мүмкін.

Анксиолитиктер (транквилизаторлар)

Бензодиазепинді құрылымды анксиолитиктер үрейлі бұзылыстардың кез - келген
түрінде әсері болып табылады. Бірақ та оларды кез - келген стресстік
жағдайларда, жекеше қайғы және соматикалық ауралар кезінде тағайындауға
болмайды. Сонымен қатар бензодиазепиндерді эндргенді депрессияларда,
обсесивті-фобиялық симптоматикада немесе созылмалы психоздарда тағайындаған
адекватты емес. Анксиолитиктерді балаларда белгілі жағдайлармен шақырылған,
мысала, хирургиялық аурулар алдында, ұйқысыздықпен қосарласқан үрейдің
жедел көріністерінде ғана қолдану нәтижесі ақталған.
Анксиолитиктерді минимальді әсерлі дозада және мүмкіндігінше қысқа уақытқа
тағайындау қажет. Физикалық және психикалық тәуелділік бар және тәртібі
бұзылған науқастарда жиі дамиды.
Кейбір седативті әсері бар антипсихотиктер ауыр үрейлі бұзылыстарда аз
мөлшерде айқын әсер береді, бірақ та кеш дискенезияның дамуына қауып
болғандақтан оларды ұзақ уақыт қабылдаудан бас тарту керек. Кейбір
антидепрессанттар, әсіресе сератониннің кері ұсталуының селективті
ингибиторлары, үрейлі бұзылыстарда көрсетілген.
Циталопрам және пароксипин, кейбір ТЦА – лар сияқты паникалық бұзылыстарды
емдегенде қолданылады. Маклобемит әлеументтік фобияда қолданылады.
Бензодиазепиндер
Ауыр үрейлі бұзылыстарда қысқа уақыттық курстармен қолданылады, ұзақ уақыт
қолдағаннан бас тартқан жөн.
Диазепам, клорезепат, хлордиозепоксиоз және феназепам – қабылдағаннан
кейін келесі күні де сезілуі мүмкін, ұзақ әсерлі жоғары эффективті
препараттар.
Лоразепам және оксазепам қысқарақ әсер етеді және бауыр ауруы бар
науқастарға ұсынылады,бірақта айқын доғару синдромын шақыруы мүмкін.

Диазепам ( diazepam ).
Көрсеткіштер. Үрейлі бұзылыстардың барлық түрлері, созылмалы алкоголизмде
абстинентті синдром, эпилептикалық статус, орталық генездегі спастикалық
жағдайлар, миозит, сіріспе, наркоз алдындағы премедикация анксиолитиктіктен
басқа седативті, ұйықтатқыш, орталықтық миорелаксирлегіш, ұстамаға қарсы
және амнестикалық әсерлер көрсетеді.
Қарсы көрсеткіштер. Миастеия, тыныс алудың тежелуі, ұйқыдағы апноэ
синдромы, бауырдың ауыр зақымданулары, жоғары сезімталдылық .
Жанама әсерлер. Ұықышылдық, бұлшықет әлсіздігі, жеңіл бас аурулары, сирек
пародоксальды реакциялар, ұзақ уақыт қабылдағанда тәуелділіктің, есте
сақтаудың бұзылыстары дамуы мүмкін. Парентеральді енгізгенде артериальды
гипотензия, тыныс алудың бұзылысы.
Сақтандырулар. Тыныс алу мүшелерінің ауруларында, бұлшықет әлсіздігінде,
анамнезінде алкогольдік немесе дәрілік тәуелділік бар адамдарға, жүктілікте
(1 триместрінде тағайындамайды), жіне омыраумен қоректендіретіндерге,
бүйректің ауыр ауруларында сақтандықпен тағайындайды; егде адамдарда аз
дозада тағайындайды.
Дозасы мен қолданылуы. Ішке : үрей кезінде бір реттік дозасы 5– 10 мг ( ЖБМ-
20 мг), орташа тәуліктік 15-30 мг ( ВСД -60 мг). Үреймен қоса жүретін
ұйқысыздықта, түнде 5-15 мг. Егде адамдарда: дозасының жартысы, 2мг
тәулігіне 2 реттен әсеріне қол жеткізгенше. Балаларда түнгі шошынуларда
және сомнабулизмде: түнге 1-5мг. Бұлшықетке, көктамырға (баяу -0.5мл 30
сек. бойы ):ауыр үрейде, паникалық атаканы баяу үшін, алкоголизм кезіндегі
абстиненцияда – орташа бір реттік дозасы 10 мг ( ЖБМ– 30 мг ), орташа
тәуліктік 30-40 мг.
- Сибазон (Рессей); табл., 5 мг.
- Валиум рош ( F. Hoffmann .La Roche Ltd., Швейцария ); табл., 5
және 10 мг; инъекцияға арналған ертінді ( амп. ) , 10 мг, 2 мл.
- Седуксен ( Gedeon Richer Ltd., Венгрия ); табл., 5 және 10 мг;
инъекцияға арналған ертінді ( амп. ) , 10 мг, 2 мл.

Алпразолам ( Alprazolam ).
Көрсеткіштер. реактивті депрессиялар, паникалық бұзылыстар.
Психомоторлы тежелулі депрессияларда, көңіл–күйдің биполярлы
бұзылыстарында, психоздық жағдайларда қолданылмайды.
Қарсы көрсеткіштер, жанама әсерлері, сақтандырулар. Диазепамдағыдай, 18
жасқа дейінгі балаларға тағайындамайды.
Дозасы мен қолданылуы. Бір реттік мөлшері 0.25-0.5 мг, орташа тәуліктік 1-
2 мг, ЖТМ-4-6 мгтәу. ( негізінен паникалық бұзылыстар ). Егде
жастарғыларға 0.25 мг тәулігіне 3 рет, жақсы көтере алған жағдайда дозаны
жоғарлатуға болады.
– Алпразолама табл. (Рессей); 0.25 мг және 1 мг.
– Ксанакс, ксанакс ретард ( Pharmacia N . V . S .A. ; Pharmacia &
Uhjohn N . V . S .A Бельгия ); табл., 0.25 ; 0.5 ; 1 және 2 мг;
табл., ретард, 0.5 және 1 мг.

Медазепам ( medazepam )
Басқа бензодиазепндерге қарағанда миорелаксирлеуші және седативті әсері аз
дәрежеде айқындалады. Күндізгі транквилизатор ретінде кеңінен қолданылады.
Көрсеткіштер. Диазепамды қараңыз, үрейлі бұзылыстардың барлық түрлері,
мигрень.
Қарсы көрсеткіштер, жанама әсерлері, сақтандырулар. Диазепамды
қараңыз. Балаларға препаратты қатаң көрсеткіш бойынша тағайындайды (есте
сақтау қабілеттін төмендетеді).
Дозасы мен қолданылуы. Бір реттік дозасы 10-20 мг, орташа тәуліктік 20-30
мг, ЖТМ -60-70 мг. Егде жастағы және бүйрек қызметі бұзылған науқастарға 5-
10 мг күніне 1-2 рет немесе түнге10 мг тағайындайды. Балаларға әдетте
күніне 2 мгкг.
- Мезапам (Рессей); табл., 10 мг;дприг. сусп. Балаларға ішке
қабылдауға: пакеттер, 1 г ; банкалар, 20г.
- Рудотель ( Arzneimittelwerk Dresden GmbH, Германия); табл., 10 мг.

Феназепам ( phenazepam )
Транквилиздеуші белсенділігі жағынан көптеген басқа анксиолитиктерден басып
озады.
Көрсеткіштер. үрейлі бұзылыстардың барлық түрлері.
Қарсы көрсеткіштер, жанама әсерлері, сақтандырулар. Диазепамдағыдай.
Дозасы мен қолданылуы. Бір реттік дозасы 0.5-1 мг, орташа тәуліктік 2-3 мг,
ЖТМ-6-8мг. Егде жастағыларға сақтықпен қолданады, балаларда тәуліктік
дозаны 2-3 есе азайтады.
– - Феназепам (Рессей); табл., 0.25 мг және 1 мг және 2.5 мг;
инъекцияға арналған ертінді ( амп. ) ,0.1% және 3%,1мл.

Хлордиазепоксид ( chlordiazepoxide )
Көрсеткіштер. Диазепамды, 5.1.2. бөлімін қараңыз, үрейлі бұзылыстардың
барлық түрлері, климактерикалық және предменструальды жағдайларда.
Қарсы көрсеткіштер, жанама әсерлері, сақтандырулар. Диазепамды, 5.1.2.
бөлімін қараңыз, ұйқылы апноэда қарсы көрсетілген.
Дозасы мен қолданылуы. Бір реттік дозасы 5-10 мг, орташа тәуліктік 30-50
мг, 3-4 қабылдауда. 4-7 жасар балаларда 5-10 мгтәу., 8-14 жас 10-20
мгтәу.
- Хлозепида табл., қаб. қапт., 0.005 г. (Рессей); табл., қаб.
қапт., 5 мг.
- Элениум ( Polfa , tarchomin Pharmaceutical Works S.A., Польша)
табл., қаб. қапт., 10 мг.

Бензодиазепинді емес құрылымды анксиолитиктер.
Гидроксизин ( hydroxyzine )
4 гл. да қараңыз. Антигистаминді , седативті, қышуға қарсы және М-
холиноблоктаушы әсер көрсетеді.
Көрсеткіштер. Үрейлі жағдайларда, жоғары қозғыштық, тітіркендіргіштік,
қышулы дерматит, премедикация.
Дозасы мен қолданылуы. Ішке , вм, (ірі бұлшықет аймағын), 25-100 мг күні
бойы бәрнеше рет қабылдайды немесе түнге (жалпы тәжіребеде),100-300 мг.
Психиатрияда бұлшықетке енгізу әсіресе шұғыл терапияда көрсетілген.13
айдан15 жасқа дейінгі балаларға -1 мгкг тәулігіне бірнеше рет қабылдайды.

Мепробамат ( Meprobamate )
Бензодиазепиндерге қарағанда аз әсерлі, передозировкада қауіптірек,
тәуелділікті шақыруға қабілетті, вегетативті жүйке жүйесіне айқын әсер
етпейді.
Көрсеткіштер. Үрейлі жағдайларда, нейроциркулаторлы дистония, АГ, ойық
жара ауруы, климактерикалық және предменуструальды синдромдар.
Қарсы көрсеткіштер. Созылмалы алкоголизм, анамнезінде дәріге тәуелділік,
эпилепсия, бүйрек жәненемесе бауыр қызметінің бұзылыстары, порфирия,
жүктіліктің 1 жартысы, жоғарғы сезімталдылық, 6 жасқа дейінгі жас.
Жанама әсерлері. Сөл бөлінудің азаюы, жүрек айну, құсу, диарея, терілік
аллергиялық реакциялар, сирек қан түзілудің бұзылыстары, парадоксальді
реакциялар, бронхоспазм.
Сақтандырулар. Ұзақ уақыт қабылдағанда ауыз қуысының кандидозы, парадонтит,
бас айналумен, ориентация мен сөйлеудің бұзылысымен, жүретін созылмалы
уланулар, дамуы мүмкін, дәрілік тәуелділік құрылуы мүмкін.
Дозасы мен қолданылуы. Үлкендерге орташа доза -400 мг 3-4 реттәул. ( ЖТД
-2.4г ). Егде жастағыларда дозаны 2 есе азайтады, балаларда -100-200 мг 2-
3 реттәул.
- Мепротана табл. (Рессей); табл. 200 -400 мг.

Ұйықтатқыш заттар(гипнотиктер).

Ұйқыны шақырады немесе оның басталуынан жеңілдетеді. Бұл препараттар жеке
топқа бөлінген, бірақта ұйықтатқыш әсерді көптеген кластардың дәрігерлік
заттары береді (мысалы, нейролептиктер, антигистаминділер, ұстамаға қарсы
препараттар). Барлық ұйықтатқыш заттар ұйықтар алдындағы, маужырау
кезеңінің ұзақтығын қысқартады және ұйқының ұзақтыңын ұзартады, бірақта
паралрксальды және баяу ұйқы фазаларына әртүрлі әсер етеді. Ұйқының
физлогиялық құрылымын минимальды өзгертетін препараттар, ұйқысыздықты
емдеде жиі таңдалады.
Гипнотиктерді тағайындамас бұрын, ұйқысыздықтың себебін табу және
мүмкіншілігінше оны жою қажет. (агкогольмен зиянды әсер ету, күндіз ұйықтау
әдетін, физикалық қолайсыздық – ауырсыну, қышу, тыныс алудың қиындауы,
уақыт белдеуін ауыстыру және т.б.). Гипнотиктерді тек ұйқысыздық айқын
дистресске алып келгенде ғана тағайындау қажет.
Транзиторлы ұйқысыздық денісау адамдарда әр-түрлі ішкі себептер нәтижесінде
байқалуы мімкін (шулар, шаршау) бұндай жағдайда ұйықтатқыш дәрігерлерді
қолданудан бас тарту қажет немесе қысқа t12 гипнотиктермен және екі
кезеннен асқан қабылдаумен шектелу керек.
Қысқа уақытты ұйқысыздық стресті жаңдайлар немесе ауыр аурулар нәтижесніде
пайда болады, бірнеше аптаға рецедивпен созылуы мүмкін.Қысқа t12
гипнотиктерді максимальды мерзім 3 аптаға дейін тағайындайды және
мүмкіншілігіше күнде емес.
Созылмалы ұйқысыздық идеопатикалық түрде сирек кездеседі, жиі оның себебі
тәуелділікке алып келген, гипнотиктерді дұрыс қолданбау болып табылады.
Үрейлі бұзылыстар дипрессия, алкогольді және дәрілік тәуелділік жие
созылмалы ұйқысыздықпен жүреді. Депрессия кезінде ұйқының бұзылыстары ең
ауыр түрде көрініс береді. Бұндай жаңдайларда терапевті тактика ұйқының
бұзылысын ескере отырып негізгі бұзылысты емдеуге негізделеді. Мысалы,
депрессияларды қолданылатын амитриптимін, түнде қабылдағанда ұйқының пайда
болуын жеңілдетеді.
Дәріге тәуелділік ұйқысыздықтың жедел рецедивіне байланысты препаратты
тоқтауға мүмкіндік болмайтын жағдай түрінде көрініс береді және терапияның
2-3 аптасында пайда болуы мүмкін.
Сақтандырулар. Тәуелділіктің даму қаупін төмендету үшін, препаратты
ауыстырып отырып, науқас қабылдап жатқан дозаны бақылай отырып, үзілісті
курстарды қолдану ұсынылады. Тұрақтылықтың дамуы ұйықтатқыш әсерді ұстап
тұру үшін, препараттың дозасын үнемі жоғарылатып отыру қажеттілігімен
көрінеді. Гипнотиктерді тоқтатқанда бірнеше күн бұрын табиғи ұйқы мен
сергектік тәртібі қалпына келгенше ұйқы сапасының нашарлауы байқалады.
өзара әрекеттесуі. Гипнотиктерді қолдану жиі симптоматикалық сипатта болады
және әдетте басқа ДЗмен араластырады.
Балалар гипнотиктерді балаларға тек қорқынышты түстерге және сомнабулизмде
ғана тағайындайды
Егде жастағылар гипнотиктерді атоксияның және сананың шатасуының күшеюіне
алып келуіне мүмкін жағдайларда тағайындауынан бас тартқын жөн.
Бензодиазепин туындылар.
Гипнотиктер түрінде нитрозепам, флунитрозепам қолданылады. Олар үнемі
қабылдағанда кумуляцияланады, бұл қабылдағаннан кейінгі күні резидуальді
әсерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүкті әйелдердің, емізу кезіндегі (лактация) және қарт адамдардағы фармакотерапия
Миорелаксанттар
«жүйке жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен
Ішек цестодоздарын емдейтін дәрілер
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Дофаминергиялық синапстан қозудың берілуіне әсер ететін дәрілік заттар
ЖИА және артериалды гипертония фармакотерапиясы үшін дәрілерді таңдаудағы клиникалық-фармакологиялық жолдың принциптері
Абцесс(этиологиясы,клиникасы,емі)
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер жиынтығы
Тірек - қимыл аппараты аурулары әдебиеттерге шолу
Пәндер