Муниципалдық тұрғын үй саясаты


Ж О С П А Р
КІРІСПЕ 3
1 ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС КЕШЕНІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1. 1 Тұрғын үй қатынасын реттеудегі мемлекеттің рөлі
1. 2 Тұрғын үй құрылыс кешенін теориялық негіздері 13
2 Тұрғын үй құрылысы кешенін қалыптастыру және дамыту жолдары 17
2. 1 Тұрғын үй құрылыс кешенінің қазіргі жағдайы және даму барысын талдау 17
2. 2 Тұрғын үй құрылысы кешенін қаржылық дағдарыс жағдайында қалыптастыру және дамыту жолдары 20
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Экономиканың салалық құрылымы мен өндірістік кешендерді басқару тетіктерінің өзгеруі, тұрғын үй құрылыс өнімдерін пайдалану төңірегіндегі қоғамдық көзқарастың өзгеруі және тұрғын үй құрылысы кешеніне байланысты басқа да мәселелердің барлығы мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет етеді. Бұл мәселелердің қатарында тұрғын үй құрылысы нысандарын тұрғызуда тиімсіз сәулетті-құрылыс жүйесінің қолданылуын, өндірілген құрылыс материалдары мен қондырғылардың құрылымында тепе-теңдік және пропорциялық сәйкессіздіктің болуын және аймақтарда құрылыс индустриясының кәсіпорындарының тиімсіз орналасуын атап айтуға болады.
Тұрғын үй құрылыс кешеніндегі дағдарыстың шиеленісуіне нарықтық қатынасқа өту барысында, оған белсенді әлуеметтік-экономикалық жүйе ретінде тұжырымдамалық-әдістемелік дайындықтың болмауы да себеп болды. Сонымен қатар, оған объективті себептер де әсер етті. Олардың қатарында: негізгі инвестициялық ағымдардың мемлекеттік саладан, әр түрлі бөлшектелген кәсіпорындарға ауысып өтуіне байланысты, инвестициялық белсенділіктің төмендеуін; мемлекеттік қаржылық қолдаудың қысқаруын; құрылыс саласында әрекет етуші кәсіпорындардың санының өсуін; құрылыстық материал өндіру мен құрылыспен шұғылданатын алаңда жобалық-ізденіс жұмыстарын тиісті сапада қамтамасыз етуге қабілетсіз шағын кәсіпорындардың болуын және меншіктік түрлері бойынша кәсіпорындардың әр түрлілігін бөліп көрсеткен дұрыс.
Қазіргі таңда тұрғын үй құрылыстық кешенде тұрақтылық беталысы қалыптасты. Құрылыс материалдары мен құрылыс қондырғыларының өндірісі және тұрғын үй құрылысының көлемі өсті.
Тұрғын үйге деген қоғамның бүгінгі үміті - қолайлы, әрі ыңғайлы тұрғын үймен тұрғындардың барлық әлеуметтік топтары үшін қол жетімді тұрғын үй нарығын қалыптастыру. Ол үшін, тұрғын үй құрылысында бұрыннан қабылданған мемлекеттік мақсатты бағдарламаларда жасалынған шараларды дамыту үрдісі ойдағыдай және тиімді жалғасын табуы қажет.
Құрылыстық ұйымдардың қызмет етуінің болашаққа дамуына болжам жасау, оларға ұзақ мерзімге бәсекелестік үстемділікті қамтамасыз етеді. Ол, өз кезегінде, тұрғын үй құрылысы нарығындағы тұрақты жағдайдың қалыптасуына, өндірістік қуаттардың оңтайлы жұмыспен қамтылуы мен қажетті тиімділік деңгейіне жетуіне мүмкіндік береді.
Жоғарыда көрсетілген мәселелер таңдалып алынған тақырыптың өзектілігін айқындай түседі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Құрылыс кешені мәселесін зерттеуге шетел және отандық ғалымдардың көптеген ғылыми және арнайы еңбектері арналған, соның ішінде тұрғын үй құрылысы кешенінің қалыптасуы мен дамуы төңірегіндегі мәселемен шетелдік Н. Баррос, Б. Рено, Р. Страйк және т. б. ғалымдар айналысқан.
Курстық жұмыстың мақсаты және міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты аймақтық тұрғын үй құрылысы кешенін қалыптастыру мен дамытудың теориялық-әдістемелік негіздерін құру және тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар беру. Мақсатқа сай оның негізгі шешуін табатын міндеттері төменде анықталған:
- құрылыс кешенін қалыптастыру мен дамытудың теориялық және әдістемелік негіздерін анықтау;
- тұрғын үй құрылыстық кешені қызметтерінің тиімділігін бағалаудың көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру;
- қаржылық дағдарыстың отандық үй құрылысы кешеніне әсерін анықтау және оның салдарын жою жолдарын ұсыну.
Курстық жұмыстың пәні: тұрғын үй құрылыс кешеніндегі ұйымдар мен түтынушылардың арасындағы экономикалық қатынастар мен жүйелер.
Курстық жұмыстың нысаны болып құрылыс кешені, оған қарасты мердігерлік және мамандандырылған құрылыстық ұйымдар, жобалау, іздену және ғылыми-зерттеу мекемелері және басқа құрылыс саласына мамандандырылған ұйымдар алынды.
Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері. Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық базасы күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйені дамыту параметрлерінің фундаменталдық тұжырымдамасын, теориялық заңдылықтарын және әдіснамалық үлгісін бейнелейтін отандық және шетел ғалымдардың еңбектерін зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыс экономикалық талдау, басқару, экономикалық-математикалық үлгілеудің әдістері мен әдіснамасына сүйенеді. Қойылған зерттеу мәселелерін шешуде келесі әдістер қолданылды: монографиялық, абстрактілік-қисындық, жүйелілік, экономикалық-статистикалық, экономикалық-математикалық және т. б. әдістер.
Зерттеудің ақпараттық базасында статистикалық басқарманың материалдары (соның ішінде Алматы облысы), арнайы құқықтық және нормативтік құжаттар қолданылды.
Зерттеудің тәжірибелік мәні тұрғын үй құрылыстық кешенін қалыптастыру мен дамыту үшін құрылған теориялық-әдістемелік әзірлеме мен ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарды пайдалану мүмкіншіліктерінен құралады. Курстық жұмыстағы ұсынылған тұрғын үй құрылыстық ұйымдардың қызметтерін жүйелік талдаудың нақты әдістемесі мен олардың бәсекелік қабілеттілік деңгейін бағалау қабылданатын шешімнің сапасын артыруға, басқару үрдісінің тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
1 ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС КЕШЕНІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Тұрғын үй қатынасын реттеудегі мемлекеттің рөлі
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй оған мұқтаж, осы елдi мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзiмiне қарамастан) және халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi. [1]
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге және сайланбалы мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдарға берiледi. Оларға берiлетiн тұрғын үй, жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді қоспағанда, қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiледi.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй өздерiнiң жалғыз тұрғын үйi ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша ипотека нысанасы болған және оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңдарына сәйкес жергiлiктi атқарушы орган сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi.
Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын топтарына:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдар;
2) I және II топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда) ;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма жасқа жетпеген жетiм балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7) оралмандар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар;
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар жатады.
Азаматтарды тұрғын үйге мұқтаж деп тану [2
Азаматтар егер:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығымен өздерiнiң тұрғын үйi болмаса;
2) осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан, сондай-ақ меншiктiң мемлекеттiк емес нысанына негiзделген заңды тұлғаларға тиесiлi үйлерде, соның iшiнде тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативтерiнiң үйлерiнде өздерiнiң тұрақты пайдаланатын үйлерi болмаса;
3) отбасы тұрып жатқан тұрғын үй нормативтiк санитариялық және техникалық талаптарға сай келмесе;
4) оқшауланбаған, шектес тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса;
5) отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып (заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аурулардың тiзiмi бойынша), бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.
Азаматтардың мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу құқығы
Ерлi-зайыптылардың әрқайсысында некеге тұрғанға дейiн осындай тұрғын үйi болған жағдайларды қоспағанда, азамат (зайыбымен және кәмелетке толмаған балаларымен бiрге) осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiр тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға құқылы.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады.
Есепке алу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi мен нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Азаматтардың қандай да болсын қосымша құжаттар беруiн талап етуге тыйым салынады.
Азаматтардың өздерiн және өздерiнiң отбасы мүшелерiн мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге мұқтаждар есебiне қою туралы арыздары тұрғылықты жерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органда бiр ай iшiнде қаралады.
Арыз берушiлерге қабылданған шешiм туралы аталған мерзiм аяқталғанға дейiн жазбаша түрде хабарланады. [3
Егер азаматтың соңғы бес жылдың ішінде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мынадай жолдармен мұқтажға айналғаны:
1) тұрғын үй-жайын ауыстырғаны;
2) оның Қазақстан Республикасының белгілі бір елді мекенінде орналасуына қарамастан, өзіне меншік құқығымен тиесілі, тұру үшін жарамды тұрғын үйді, жергілікті атқарушы орган тұрғын үйді сәйкес сатып алғаннан басқа жағдайларда, иелігінен шығаруы;
3) тұрғын үйдің өз кінәсінен бұзылуы немесе бүлінуі;
4) тұрған кезінде оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуіне мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйінен кетуі;
5) жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызғаны анықталса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру үшін есепке қоюдан бас тартылуы мүмкін.
Азамат мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаждар есебіне ол үшін негіздер болмаса да қойылып, тәртіп бұзушылық байқалған, бірақ кейіннен мұндай негіздер пайда болған (отбасы мүшелері санының көбеюі, отбасының жиынтық табысының кемуі және сол сияқтылар) жағдайларда ол негіздер пайда болған күннен бастап мұқтаж деп танылады және оның кезегі соған сәйкес ауыстырылады.
Мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаждар есебінің тізімін былайша бөлек жүргізеді:
1) әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз азаматтар;
2) мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер.
Бөлек тізім бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй бөлуді, егер басқа да заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, бөлек тізімдердің санына қарай ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.
Аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға бұл тізімге енгізілген басқалар алдында ешкімнің де басымдық құқығы болмайды.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй әр адамға кемінде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер мөлшерінде беріледі.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй мемлекеттік немесе әскери қызмет атқармайтын, сондай-ақ бюджеттік ұйымдарда (мекемелерде) жұмыс істемейтін әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мөлшерде, бірақ Республикада бір адамға қолданылатын санитариялық нормадан кем емес тұрғын алаң және кемінде бір бөлме мөлшерінде берілуі мүмкін.
Заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген мүгедектердің жекелеген санаттарына және аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын азаматтарға бөлек қосымша бөлме беріледі. Аталған қосымша алаң артық деп есептелмейді.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй мөлшерін анықтаған кезде отбасында жүкті болғанына жиырма аптадан асқан әйелдің болуы ескеріледі.
Азаматтарға тұру үшін берілетін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй сол елді мекеннің жағдайларына қарай тұрмысқа жайлы және мұқтаж адам есепте тұрған елді мекеннің шегінде болуға тиіс.
Белгіленген талаптарға сай келмейтін тұрғын үй мұқтаж адамның және оның отбасының кәмелетке толған барлық мүшелерінің жазбаша келісімімен ғана берілуі мүмкін. Мұндай тұрғын үй беру мұқтаж адамдарды есептен шығаруға әкеп соғады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру кезінде бір бөлмеге жеті жастан асқан әр жынысты адамдарды (ерлі-зайыптылардан басқа) олардың келісімінсіз тұрғызуға жол берілмейді.
Мүгедектерге, қарттарға, жүрек-қан тамырлары және басқа ауыр науқастармен ауыратын адамдарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй олардың тілегі ескеріліп, төменгі қабаттардан немесе лифтісі бар тұрғын үйлерден беріледі.
Сауықтыру жөніндегі дербес бағдарламаға сәйкес, мүгедектерге үйдің үлгісін, қолайлылық деңгейін және тұруға қажетті басқа да жағдайларды ескере отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы беріледі.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, арыз берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен берiледi.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу есебiнде тұрған адамдардың тiзiмi, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан соңғы жиырма төрт ай iшiнде тұрғын үй алған адамдардың тiзiмi осы тiзiмдерде тұрған адамдардың талап етуi бойынша танысу үшiн берiледi. Мұндай тiзiмдердiң нысанына отбасының құрамы, есепке қойылған уақыты, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға арналған негiздер және оның көлемi, тұрғын үй берiлген уақыт туралы мәлiметтер мiндеттi түрде енгiзiлуге тиiс.
Егер әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз адамдар тұратын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйден немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден бөлек тұрғын бөлме (бөлмелер) босаса, ол мұқтаждар есебінде кезекте тұрғандарға беріледі. Бұл орайда осындай тұрғын үйде тұратын және қолда бар тұрғын жағдайларын жақсартуды мұқтаж ететiн азаматтар босаған бөлменi (босаған бөлмелердi) .
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты тұрғын үй беру туралы шешімнің негізінде жергілікті атқарушы органның немесе мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігі (жалға беруші) мен азаматтың (жалға алушының) арасында жазбаша түрде жасалады. Мұндай шарттар мемлекеттік тіркеуден өткізілмеуге тиіс.
Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді қосымша жалдау шарты тұрғын үй беру туралы шешімнің негізінде жергілікті атқарушы орган мен азаматтың арасында жазбаша нысанда жасалады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаудың үлгі шартын, тұрғын үйді пайдалану, тұрғын үйді және үй маңындағы аумақты күтіп ұстау ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартынан
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының нысанасы бөлек тұрғын үй болып табылады. [4]
Басқа тұрғын бөлмеге (бөлмелерге) шығатын (кіретін) есігі бар тұрғын бөлме, бөлменің бір бөлігі, сондай-ақ пәтердегі қосалқы үй-жайлар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының дербес мәні бола алмайды.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты:
1) азаматтар мұндай тұрғын үй берiлуiне мұқтаждық туралы шындыққа сай келмейтiн мәлiметтер берген;
2) шартта көрсетiлген тұрғын үйге басқа азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарын бұзған;
3) лауазымды адамдар тұрғын үй беру туралы мәселенi шешу кезiнде заңсыз әрекеттер жасаған;
4) тұрғын үйдi беру кезегi бұзылған;
5) заңдарда белгiленген тұрғын үй берудiң тәртiбi мен шарттары бұзылған өзге де жағдайларда жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Шартты жарамсыз деп тану туралы талап шарт жасалған күннен бастап үш жыл iшiнде мәлiмделуi мүмкiн.
Жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерiнiң ауқымы.
Жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерi жалға алушымен тең құқықтарды пайдаланады және мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартынан туындайтын мiндеттердi атқарады. Отбасының кәмелетке толған мүшелерi аталған шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жалға алушымен (қосымша жалға алушымен) бiрге мүлiктiк жағынан жауапты болады.
Егер аталған азаматтар жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерi болуын тоқтатса, бiрақ олар тұратын тұрғын үйде тұруды жалғастырса, олар да жалға алушы (қосымша жалға алушы) мен оның отбасы мүшелерi сияқты тұрғын үй құқықтары мен мiндеттерiн сақтап қалады.
Жалға алушы (қосымша жалға алушы) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы өзі тұратын тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге жұбайын, балаларын, ата-анасын өз отбасының кәмелетке толған мүшелерінің жазбаша келісімін алып кіргізуге құқылы.
Кәмелетке толмаған балаларын ата-аналарымен бірге тұрғызуға отбасының басқа мүшелерінің келісімі талап етілмейді.
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге отбасының мүшелері ретінде кіргізілген адамдар осы бапқа сәйкес, егер кіргізілген осы азаматтардың, жалдаушының (қосымша жалдаушының) және онымен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің арасында өзгеше бір жазбаша келісім болмаса, бұл тұрғын үй-жайды онда тұратын қалған адамдармен бірдей пайдалануға құқық алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz