Радиотолқындардың таралуы



Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Радиотолқындардың таралуы

Радиобайланыс үшін радиотолқындарды пайдаланғанда радиотолқындардың
көзі де, қабылдағыш та көбінесе Жер бетіне жақын орналасады. Жер бетінің
пішіні және физикалық қасиеттері, сондай – ақ атмосфераның күйі
радиотолқындардың таралуына күшті әсер етеді.
Радиотолқындардың таралуына әсіресе елеулі ықпалын тигізетін – Жер
бетінен 100 – 300 км биіктіктегі атмосфераның жоғарғы бөліктеріндегі
иондалған газ қабаты. Осы қабаттарды ионосфера деп атайды. Атмосфераның
жоғарғы қабаттарындағы ауаның ионизациясын туғызатын – Күннің
электромагниттік толқындар шығаруы және Күннен шығатын, зарядталған
бөлшектер ағыны.
Ионосфера электр тоғын өткізеді де, кәдімгі металл пластина тәрізді
толқын ұзындығы λ 10 м радиотолқындарды шағылдырады. Бірақ ионосфераның
радиотолқындарды шағылдыру және жұту қабылеті жыл мезгілдеріне және тәулік
мезгілдеріне қарай күшті өзгереді.
Толқындардың ионосферадан шағылуы арқасында және радиотолқындардың
Жердің дөңес бетін орағыта алатын қабілеті арқасында Жер бетіндегі шалғай,
тікелей көрінбейтін, орындардың арасында тиянақты радиобайланыс мүмкін
болады. Неғұрлым толқын ұзындығы үлкен болса, соғұрлым бұл орағыту күштірек
білінеді. Тек 100 м – ден едәуір артық толқын ұзындықтарында ғана,
толқындар (орташа және ұзын толқындар). Жерді орағыту есебінен шалғай
аралықтармен радиобайланыс жасауға болады.
Қысқа толқындар (толқын ұзындығының диапозоны 10 – нан 100 м – ге
дейін) үлкен қашықтықтарға тарай алатыны ионосферадан және Жер бетінен көп
қайтара шағылу есебінен болады. Қысқа толқындардың көмегімен Жер бетінде
қалаған шалғай аралықтардағы радиостанциялар арасында радиобайланыс жасауға
болады.
Ұзын радиотолқындар Жердің беткі қабаттарында және ионосферада
әжептәуір жұтылатын болғандықтан, бұл мақсат үшін жарамсыздау. Алайда
шектеулі қашықтықтарда хабарлаушы радтостанцияның қуаты едәуір болғанда
бәрінен де сенімді радиобайланыс ұзын толқындарымен қамтамасыз етіледі.
Ультрақысқа толқындар (λ 10 м) ионосферадан әрі өтіп кетеді де, Жер
бетін орағытпайды дерлік. Сондықтан олар тікелей көріну шегінде жатқан
орындар арасында радиобайланысын жасау үшін, сондай – ақ ғарыш кемелерімен
байланыс жасау үшін пайдаланады.
Радиотолқындардың таралуы олардың толқын ұзындығына тәуелділігі күшті.
Қысқа толқындар (λ ~ 10 – 100м) ионосферадан және Жер бетінен қайтара
шағылады. Ұзын толқындар (λ 100 м) Жер бетін бойлай “сырғанайды”.
Ультрақысқа толқындар (λ 10 м) ионосфераны тесіп өтеді.
Радиолокация. Осы кездегі техникада түрлі бөгеттерден
радиотолқындардың шағылу құбылысы кең құбылысы қолданылады. Толқын шағылған
нәрсені тауып, оның қай жерде екені туралы информация алу сезгіш
қабылдағыштар шағылған сигналды тұтады және күшейтеді.
Радиотолқындар арқылы обьектіні ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сантиметрлік радиотолқындардың радиорелелік және спутниктік байланыс желілерінде таралуы
Қысқа толқындар диапазоныңдағы 1 буын радиоқабылдағышын есептеу
Қарапайым вибрациялық антенналар
Электромагниттік толқындарды пайдалану
Электромагниттік толқынның таралуы
Радиожиілігінің ЭМӨ аумағы, олардың қоршаған ортаға әсері және қорғау әдістері
Аса кеңжолақты радиолокациялар
Тропосфералық радиорелейлік байланыс
Радиотолқындар
Радиотаратушы жүйелер және телевидение
Пәндер