Райымбек батыр қазақтың маңдайына біткен бағы



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
XVIII ғасырдан қазақ қоғамдығы батырлық – бұл елдің өзін - өзі
сақтау, қорғау қажеттілігінен туындаған, өмірлік негізі терең тарихы да
табиғи құбылыс, жалпыұлттық өмірдегі үрдіс. Дегенмен, батырлық өте сирек.
Алладан бұйыратын құбылыс. Жаугершілік заман – XVIII ғасырда қазақ
қоғамында батырлық, яғни қазанат баптап, сауыт – сайман сайлап, дүім жұрт
аузына қараған қариядан бата алып, жарыққа аттану, сөйтіп ата жау –
жоңғардың ең кем дегенде зайсанның ордасын ойрандап, малы мен мүлкін,
бойжеткен қфзфн олжалау – бұл жаудан кек алу оны ықтыру ғана емес, сонымен
бірге батырлықтың дәлелді көрінісі болған. Міне, осындай мәрт, шорт қимыл -
әрекет арқылы батырлық бүкіл қазақ қоғамы пір тұтқан оның іргелі
құндылықтарының біріне айналған.
Райымбек батыр қазақтың маңдайына біткен бағы, заманына сай туған
біртуар перзенті. Жерімізді жау алып, өзегіміз өртеніп, азамат парымыздан
айырылып, сорымыз қайнап, қызымыз қүң, ұлымыз құл болып, шаңырағымыз
шайқалып, даламыз қанға бөгіп, қайғыдан қапа болып, еңсесі түскен еліміздің
есі кеткен заманда бала да болса бас көтеріп, елінде пана, жеріне қорған
болуға ұмтылды. Халқымыз Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама атаған заманда
еліміз Райымбектей батырды аңсады. Тұтастай ұлтымызға жойылып кету қаупі
туған сол бір сұрқия замандағы ел жүрегіндегі аңсауды Мұқағали сөзімен
жеткізсек:
Соңынан жұртын ергізер,
Бар қазақтан – бір қазақ
Тумас па екен, әулие?!
деген өлең жолдары айтылады. Райымбек дара туған дабылды жаратылыс екенін
байқатады. Сондықтан болар, нағашы атасы жиен ұлдың туа біткен болмысын
жыға таныған, бала жеті жасқа келгенде нағашы атасы бір көк тай, садақ,
айбалта, қылыш, найза мен сауыт даярлап, алып келіп: Мынау менің жиенімнің
жігіт болған кезде киер жорық жарағы, - деп атасы Қанкелді батырға
тапсырады. Өсіп, ержеткен Райымбек 15-тен асып 16-ға әлі толмаған кезінде
ата жау – жоңғарларға қарсы жорықтарға қатыса бастайды, ерлікке толы
жорықты жолы басталады. Оның негізгі ұстанымы: аз шығынмен жеңіске жету
екен. Ол қасиет Іле бойындағы шайқаста анық көрінеді. Сонан соң жас батыр
жаудан Түргенді азат етеді. Осыдан соң Райымбек жаудан Сөгеті мен Ойрантөбе
және Жалағашты босатады. Қашқан қалмақтардың:
Орантөбе ойылды,
Секер, Барақ жойырды.
Райымбек келді де,
Алмадай үзді мойынды, - деп зарлайтыны міне
сол тұс еді.
Райымбек батыр қатысқан бұл бірінші жорықтың маңызы түгендеуімен
болды. Бұдан кейінгі жорығы Суықтоғайдың арғы жағындағы жоңғар қолдарына
шабул. Ол Жіңішкеде, Таушілікте, Қарабұлақта, үш Меркі мен Кеңсуда және
Қарқарада жалғасып, қазақтардың толық жеңісімен аяқталады.
Осы жеңістің нәтижесінде екі жақ Шалкөдеде келіссөзге жиналады, ел
арасындағы жер шебі мынадай мазмұнда реттеледі. Ол Қарасаздан Қарақүңгей
мен Сарытауға шығып, Сарытаудың күңгейі, Сүмбе суының күншығыс қырымен
Текеске түсіп, шапқан жол арқылы Мұзартқа тік көтеріліп, күнбатысы –
қазаққа; күншығысы – қалмаққа болсын деген тоқтам – тын.
Райымбек батырдың бұдан кейінгі үлкен жорығы Орта жүз еліне көмекке
баруы – Сарытау, Үйгентасты азат етуге атсалысып, Ілені бойлаған күйі
Қорғаспен бері қайтады. Бұл жорық жолдары батыр бабаның қазақ жұртына
танылудағы бірінші кезеңі. Екінші кезең XVIII ғасырдың 50-ші жылдарының
ортасына тұспа – тұс келеді.
Қазақ жерінде орын тепкен жоңғар қолдары мен ауылдарын үрей билеген
кез бұл сөзсіз 1755 ж. кейінгі мезгіл. Ұлы жүздің барлық батырлары,
қолбасшылары бастарын қосып, енді соғысты қалай жүргізу жоспар – үлгісін
жасайды, Жетісу шекарасынан ойраттарды ары асырып жібереді. Осы фактілер
Райымбек бабаның қазақ – жоңғар соғысының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Райымбек батыр және ұлттық патриотизм
Махамбет – ұлт рухының айбары
Жоңғар мемлекетінің тарих сахнасына шығуы
Қазақ драматургиясы туралы
Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы
Көше 1990 жылдан бері Райымбек батыр атында
Төле би туралы мағлұматтар
Ер бағынан ат бағы артық
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫНЫҢ СОҒЫС ӨНЕРІ
Ер бала – абыройлы әке болсын, ел есінде қалғандай!
Пәндер