Тілсіз қарым қатынасқа деген қызығушылық ежелгі дәуірден бастау алған
БЕЙВЕРБАЛДЫ КАРЫМ-КАТЫНАСТЫН ҰЛТТ ЫҚ СИПАТЫ
Тілсіз қарым қатынасқа деген қызығушылық ежелгі дәуірден бастау алған.
Ұлы грек философы Платон дене қимылдарын қолдануды жоғары бағалаған. Атақты
шешен Цицерон басқа шешендерге: Барлық жан қимылы ишаралармен үстемеленуі
тиіс, - деп кеңес береді [1].
Тілсіз қарым-қатынасты зерттейтін сала – паралингвистика (гр. para -
жанында, қасында деген мағынаны білдіреді). Яғни ол хабарланатын ойдың,
пікірдің вербалды (сөзбен білдіру) тәсілдерімен қоса, сөйлеу үстінде
қолданылатын вербалды емес (тілсіз) амалдармен берілуін және сөйлеу кезінде
қолданылатын вербалды емес, тәсілдердің жиынтығын зерттейді. Бұл терминді
алғаш ұсынған американ ғалымы А.Хилл болса, жаңа ғылым саласының зерттеу
аясын белгілеген зерттеуші Дж.Трейгер [2].
Паралингвистка сөйленіс кезіндегі, оның ішінде ауызша қатынас кезінде
қатарласа жүретін дыбыстық кодтармен шұғылданады. Бұл дыбыстық кодтар –
информацияның белгілі бір мән-мағынамен баюын, бағалауыштық және мағыналық
түрлі реңктердің болуын, сонымен бірге олардың тілдік қатынас кезінде өмір
сүруін қамтамасыз ететін мағыналық, дыбыстық кодтар [3].
Сөйлеу кезінде паралингвистикалық тәсілдер үш түрлі қызмет атқаруы
мүмкін: қосымша ақпарат береді, айтылмаған сөз орнына қолданылады, сөзбен
бірге, аралас қолданылады.
Қандайда бір ақпараттарды арнайы белгілер жүйесі арқылы бере аламыз.
Коммуникативтік процесте қолданылатын бірнеше белгілер жүйесі бар, соған
сәйкес қылып қарым-қатынас үдерісінің топтастырылуын жасауға болады. Егер
коммуникацияны бөліп қарастырсақ, олардың белгілік жүйелердің әртүрлісін
колдануына байланысты вербалды және вербалды емес деп бөлуге болады.
Соның ішінде Бейвербалды қарым-қатынас – бұл сөздер мен басқа да
тілдік бірліктерге сүйенбейтін ым-ишара тілі. Адамды оның вербалды емес
сигналдар жүйесі: ым-ишара, жесттер, позалар, сөйлеу, жазу ерекшеліктерін
бақылау, талдау және зерттеу. Осы сигналдарды оның мінезімен байланыстыру.
Адамдар арасындағы контакт тіл мен сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу
коммуникациясының негізгі тәсілі болып табылады. Ол адам санасын белгілік
жүйелер арқылы обьективтеу ретінде қарастырылуы мүмкін.
Австралиялық ғалым А.Пиздың пікірінше, адамдар арасындағы қарым-
қатынастың 7% вербалды (сөздер, сөйлемдер); 33% вокалды (интонация, дауыс
ырғағы, дауыс немесе дыбыс әуезділігі, екпіні мен қарқыны, т.б.) және 55%
бейвербалды элементтер арқылы жүзеге асатыны көрінеді [4]. Көптеген ұлттар
мен халықтардың тіліндегі бейвербалды элементтер жүйелі әрі кешенді түрде
зерттелген. Қазақ тіл білімінде М.Мұқанов, С.Татубаев, А.Сейсенова,
Қ.Қажығалиевалар ым және ишараттарды әр түрлі қырынан фрагментарлы түрде
зерттеген. Бейвербалды амалдардың негізгі типтері: кинесика, просодика,
такесика, проксемика. Қазақ халқының тұрмыс-салтында да осы аталған
бейвербалды амалдардың барлық түрі орын алған.
Кинесика – адамдардың эмоциялық рефлекстерін бейнелейтін дене
мүшелерінің қимыл-әрекеті. Кинесикаға қимыл, ым-ишара, қозғалыс, кейіп,
жүріс-тұрыс жатады.
А) Жүріс-тұрыс. Бұл адамның қозғалыс стилі. Жүріс-тұрысқа қадамның
ырғағы, ритмі, қозғалыс барысындағы дене амплитудасы жатады. Жүріс арқылы
адамның көңіл-күйін, мінезін, жас ерекшелігін білуге болады. Мәселен: 1) Оң
қолын төсіне (кеудесіне) қою – үлкенді сыйлаудың, құрметтеудің және
сәлемдесудің белгісі; 2) Қол жаю – құран оқып болған кезде жасайтын ишарат
немесе керісінше, қолды теріс жаю - қарғыс айту, қазақ халқының салт-
дәстүрі бойынша теріс бата беру; 3) Екі бүйірін таяну – салт бойынша қазақ
әйелдері баласы (ұлы, қызы) я болмаса ері қайтыс болғанда осылайша
жоқтайды. Бүйіріңді таянба деген тиым қазақ халқында осыдан қалыптасқан;
4) Иілу – сәлем беру.
Б) Дене қалпы. Адамның денесі 1000 түрлі қалып-күйде қозғалуы мүмкін.
Дене қалпын бейвербалды амалдардың бір түрі ретінде психолог А.Шефлен
көрсеткен болатын. Мәселен 1) Қос қолды кеудеге қою – сәлемдесу; 2) Желке
қасу – қолдан келер қайрат, амалы жоқ жігерсіздікті,
әрекетсіздікті танытады; 3) Желкеге қолын қою – айыпталу, тұтқын болудың
айғағы; 4) Басын төмен салу – ұялу, қымсыну, қысылу.
В) Қимыл-әрекет. Қимыл-әрекет тілі – қарым-катынасқа түсудің ең көне
түрі. Әр дәуірде әр халык түсінісу үшін белгілі бір арнайы амал-әрекеттер
жиынтығын қолданған. Қимыл-әрекеттің саны ең негізгі мәселелердің бірі. Бұл
этностық, ұлттық болмысқа байланысты болады. Мәселен, 1) жағын таяну –
торығу, қамығу, мұңаю белгісі. Жағыңды таянба деген тиым қазақ халқында
осыдан қалыптасқан; 2) Басын изеу – келісу, мақұлдау.
Г) Мимика. Түрлі сезімдерді білдіретін бет бұлшықеттерінің қозғалысы.
Бет-әлпет мимикасы негізгі алты түрлі эмоцияны білдіреді: ашу, қуаныш,
қайғы, қорқыныш, таң қалу, жиіркену. Мәселен, 1) қасын керу – таңданысты
білдіру; 2) Мұрнын тыржиту – мазақ қылу, жаратпау; 3) Қабағын шыту –
біреуге күш көрсету, ренжу, қатты ашулану, көңілі толмау.
Ғ) Визуалды контакт – қарым-қатынастың негізгі элементі. Трансмиссорға
карап тұру тек қызығушылыктың белгісі емес, сонымен қатар рецепиентке
акпаратқа назар аударуға көмектеседі. Мәселен, 1) Көзін қадау (оқты көзін
қадау)- жиіркенуді, жек көруді аңғарту; 2) Көзімен адырая (бажырая) қарау –
шектен шыққан ашуды білдіру; 3) Ала көзімен қарау – көңілі толмау, жек
көру; 4) Көзін төңкере қарау – сұхбаттасына қылымсу, еркелеу; 5) Көзін қысу
– ниеттестікті білдіру;
Просодикаға тембр, дыбыс ырғағы, тон сияқты амалдарды жатқызамыз.
Коммуниканттардың дауыс екпінін, тонын, жиілігін, ырғағын байқау олардың
ойы мен сезімдерінен хабардар болу үшін маңызды. Мәселен, 1) Ішін тарту –
мәз-мейрам болып қатты куану немесе таңырқау, таңдану, шошыну; 2) Таңдайын
қағы – біреудің ісін жақтыртпау, кінәлау.
Такесика – коммуниканттардың арасындағы қарым-қатынас кезіндегі дене
мүшелерінің түйісуін қарастырады. Оған қол беріп амандасу, арқа қағу, сүю
сияқты амалдар жатады. Мәселен, 1) Құшақтасу – біреумен кездесуге қатты
қуану, сүйіспеншілік белгісі. Салттық ишарат бойынша, жақыны, туысы қайтыс
болған адамды жұбату, көңіл айту мақсатымен жасалады; 2) Арқасынан қағу –
мақұлдау, қоштасу немесе еркелету; 3) Төс қағыстыру – амандасу; 4) Бетінен
сүю – еркелету, жақсы көруді білдіру. 5) Бауырына басу (алу) – амандасудың
белгісі немесе жақсы көру, еркелету.
Проксемика – адамдардың коммуникация процесіндегі ара
қашықтықты (дистанция) және коммуни кацияға түсушілердің бір-біріне қатысты
кеңістіктегі бағдарын (ориентация) қарастырады. Мәселен, 1) Бұрыла қарау –
қасындағы адамның сөзін тыңдауға, әңгімелесуге дайын, пейілді екендігін
білдіру; 2) Шалқайып отыру – бәрінің айтылып болғанын, әңгіменің
таусылғанын білдіру.
Қорыта келсек, тілсіз қарым-қатынас – кинесикалық, просодикалық,
такесикалық, проксемикалық бейвербалды амал-тәсілдер арқылы іс жүзіне
асатын қарым-қатынас түрі. Жоғарыда келтірілген мысалдардан қазақ халқының
салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы арқылы халық мінез-құлқын жақсы білетін
тәжірибелі адамдар әр адамның жүріс-тұрысынан, іс-әрекетінен, қас-қабағынан
оның көңіл-күйін айтпай-ақ сезіп-біліп отыратындығын байқаймыз.
Қазақ халқының тұрмысында біте қайнасып кеткен сан алуан бейвербалды
амалдар ұлтымыздың салт-сана, тәлім-тәрбие, әдеп, үлгі-өнеге, тағылым және
таным саласындағы ғасырлар бойы жинақталған, дәстүрге еніп, қалыптасқан бай
қазыналарының бір тармағы.
Адам - бұл әлеумет, осыған орай қарым-қатынас әлеуметтік бағытта
жүреді, сондықтан қоғамдағы жағдай қазіргі заманғы жасөспірімдердің
қызығушылықтарының мотивациялық құрылымдарының өзгерістеріне тәуелді,
осыған орай қазіргі жасөспірімдердің қарым-қатынас ерекшеліктерін игеру өте
өзекті мәселе болып отыр. Жасөспірімдік кезең тәрбиелік жұмыстардағы ең
күрделі кезең болып табылады және жасөспірімдік кезеңнің қиындықтары
жыныстық пісіп-жетілумен байланысты.
Тұлғаны тәрбиелеудегі күрделі тапсырмаларды шешуде ең маңызды рөл -
тұлғаның қарым-қатынас жасай алуында болып табылады, осыған орай,
жасөспірімдік кезеңде ұйымдастыру, коммуникация секілді қасиеттердің дамуы
өте маңызды рөл атқарады. Жасөспірімдік кезеңде жасөспірімдер арасында
қарым-қатынасқа деген қажеттіліктің жоғары екендігі байқалады. Сондықтан
келешекте тұлғаның жан-жақты дамуы үшін, ең алдымен оны қарым-қатынасқа
ерте кезден дағдыландыру керек. Адамның психикалық дамуында қарым-
қатынастың рөлі аса үлкен мәнге ие, өйткені белсенді қарым-қатынасты ең
алдымен жанұя мүшелерімен, кейін құрбыларымен орната отырып, жасөспірім
дамыған тұлға болып қалыптасады. Қазіргі таңда қарым-қатынас күресі
немесе қиындығы әр түрлі бағыттар бойынша қарастырылуда. Мысалы,
Т.В.Драгуновтың көзқарасы бойынша, іс-әрекеттің негізгі түрі - бұл қарым-
қатынас болып табылады. Қарым-қатынас жасөспірімнің мінез-құлқының, жүріс-
тұрысының, іс-қимылының барлық жақтарын анықтайды. Қарым-қатынас процесі
кезінде жасөспірімдерде әр түрлі қиындықтар пайда болады. Қарым-қатынастағы
мұндай қиындықтар психологиядағы ең күрделі мәселелердің қатарына
жатқызылады. Ал, А.Н.Леонтьев қарым-қатынас кез-келген іс-әрекетте
байқалады деп есептесе, В.М.Соковин (1974 ж.) тұлға қарым-қатынасын
коммуникация, іс-әрекет, қарым-қатынас ретінде қорытындылайды.
Жасөспірімдік психологиядағы қарым-қатынас мәселесінің маңыздылығы көптеген
елдердің психологиясында қарастырылған. Гештальтпсихологияның негізгі өкілі
К.Левин жасөспірімдік және жастық шақ кезеңіндегі қарым-қатынасты
әлеуметтік-психологиялық құбылыс жағынан қарастырды. Левиннің тұжырымдауы
бойынша, осы кезеңде жасөспірімнің өмір сүру әлемі, қарым-қатынас жасау
шеңбері кеңейеді деген пікірді ұстанса, Д.Б.Эльконин жасөспірімдік
кезеңдегі қарым-қатынастың маңыздылығын мәдени-тарихи теориясы жағынан
қарастырады. Элькониннің айтуы бойынша, жасөспірімдік кезеңде қарым-қатынас
іс-әрекеттің негізгі түрі болып табылады, бірақ жастық шақ кезеңінде де ол
өз маңыздылығын жоғалтпайды.
Қарым-қатынас жасау арқылы балалар қандай да бір байланыс құрады, әр түрлі
әрекеттерге енеді. Барлық зерттеушілер (Л.С.Выготский 1984, Л.И. Божович
1968, И.С. Кон 1989 және т.б.) мен психологтардың айтуы бойынша, жасөспірім
үшін ең маңыздысы – бұл оның құрбыларымен қарым-қатынас жасауы. Бұл жастағы
жасөспірімдер үшін ең бастысы құрбыларымен бірге болу ғана емес, сонымен
қатар достарының арасында қандай да бір статусқа ие болу. [1,55б].
И.С.Конның зерттеулері бойынша, мұндай әрекеттерге қол жеткізе алмау көбіне
жасөспірімдердің құқық бұзушылығының бір себебі болып табылады. Ол
жасөспірімдердің өз тобына қатысты кикілжіңдердің жоғары болуымен қоса
беріледі. Жасөспірімдер өмірінде қарым-қатынастың маңызы өте зор және бала
өскен сайын ол да ары қарай дамып отырады. Қарым-қатынас арқылы тұлғаның
кәсіби әрекеттегі жетістігі, қоғамдық өмірдегі белсенділігі, және
әрқайсысының өзіне тән бақыты анықталады.
Жасөспірімдік кезеңнің ең негізгі бағыты – бұл ересектермен қарым-қатынас
жасауы, ал ең басты қажеттілік – ата-ананың бақылауынан, қамқорлығынан және
де орнатылған ережелер мен тәртіптен құтылу, өзін еркіндікте ұстау. Оған
деген себеп көбіне ата-ананың, жалпы ересек адамдардың жасөспірім бойындағы
ішкі әлемінің өзгеруіне көңіл аудармауында болып табылады. Абстракті түрде
ойлай отырып, ата-ана өз баласы жайлы басқаға қарағанда көп біледі. Бірақ
балада болып жатқан өзгерістер тез жүріп жатыр. Ересектер жасөспірімнің
есейгенін көре, көбіне бұл процесте оның жағымсыз жақтарын ғана көреді.
Осылайша, жасөспірімдік кезеңнің ең басты тенденциясы – ата-анамен,
мұғаліммен, жалпы ересектермен қарым-қатынас жасауы.
Қарым-қатынас жасаудың эмоционалды функциясының рөлі екі аспектіде
қарастырылады: 1.Адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасау тәжірибесін
игеру; 2.Жасөспірімдердің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауы –
ақпарат алудың ең басты спецификалық каналы (жынысқа қатысты ақпаратты
жасөспірім көбіне құрбыларынан жинақтайды, ал оның болмауы жасөспірімнің
психосексуалды дамуын кешіктіруі мүмкін немесе оған дені сау емес мінез-
құлық берілуі мүмкін). Бұл тұлғааралық қарым-қатынастың спецификалық түрі,
жасөспірімдік кезеңнің басында болатын қозғалыстар жасөспірімдегі жаңа
қажеттіліктердің, ұмтылыстардың, ересектерге деген талаптарының ұқсастығын
анықтайды. Жасөспірімде ересектерге қарағанда өз құрбысына деген түсінікті
құндылықтар қалыптаса бастайды. Ересектермен қарым-қатынас жасау толығымен
өз құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуді ауыстыра алмайды. Топтық
қажеттілікті, көмекті сезіну бір жағынан эмоционалды тұрақтылықты береді.
Алайда жасөспірімдердің қарым-қатынасы эгоисттік болып келеді, ал өз
толқыныстарын, реніштерін ашып көрсетуге деген қажеттілігі сезімнен де
жоғары болады. Жасөспірімдік кезең үшін өз құрбыларымен салыстыруда өзінің
көзқарасын құра алуы тән. Жасөспірім үшін ең басты құндылық қарым-қатынас
процесіне ену болып табылады. Сонда ғана ол өзін тұлға ретінде сезіне
алады. Қарым-қатынас жасөспірімнің тұлға болып қалыптасуына үлкен әсер
етеді. Қарым-қатынас тек ақпарат алмасу ғана емес (мысалы, мұғалім мен
оқушы арасындағы қарым-қатынастың болуы), сонымен қатар бірге әрекет ету,
бір-біріне әсер ету болып табылады. Жасөспірім қарым-қатынасты тек
интеллектуалды деңгейде ғана емес, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz