Резеңке қоспасын даярлау



Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Резеңке қоспасын даярлау
Тек каучук пен күкірттің химиялық қоспасы шектеулі практикалық
қолданыста болар еді. Каучуктың физикалық қасиетін жақсарту үшін және оны
әртүрлі қолданыстарда эксплуатациялауға пайдаланылымға жарамды ету үшін
оның қасиеттерін басқа заттарды қосу арқылы модификациялау қажет.
Вулканизация алдында каучукпен араластырылатын барлық заттар, күкіртті қоса
алғанда, резеңке қоспасының ингредиенттері деп аталады. Олар каучукте әрі
химиялық, әрі физикалық өзгерістерге алып келеді. Олардың тағайындалулары –
майларға, оттегіге, химиялық еріткіштерге, жылу мен шытынауға төзімділікті
арттыру және беріктілік пен пәрменді тұтқырлықты модифицирлеу болып
табылады. Әртүрлі қолданыстағы резеңкелерді дайындау үшін әртүрлі құрамдар
қолданылады.

Үдеткіштер мен архиваторлар
Үдеткіштер деп аталатын кейбір химиялық активті заттар күкіртпен
бірігіп қолданылған кезде вулканизация уақытын азайтады және каучуктың
физикалық қасиетін жақсартады. Бейорганикалық үдеткіштерге мысал ретінде
қорғасын ағартқысын, қорғасын глетын (қорғасын монооксиді), әк және
магнезийді (магний оксиді) айтуға болады. Органикалық үдеткіштер неғұрлым
активті және кез келген резеңке қоспасының маңызды бөлігі болып табылады.
Олар қоспаға қатысты кіші мөлшерде енгізіледі: әдетте каучуктың 100
бөлігіне 0,5-тен 1,0 бөлікке дейін. Үдеткіштердің көпшілігі өз тиімділігін
мырыш тоты секілді архиваторлар ішінде көрсетеді, ал кейбіріне органикалық
қышқыл, мысалы стеариндік қышқыл қажет. Осыған байланысты қазіргі резеңке
қоспаларының рецептураларына әдетте мырыш тоты мен стеариндік қышқылдарды
қосады.

Жұмсартқыштар мен пластификаторлар
Жұмсартқыштар мен пластификаторлар әдетте резеңкелік қоспаның
даярлану үақытын азайту үшін және үрдістің температурасын төмендету үшін
қолданылады. Олар каучуктың бөртуі немесе еруін тудыра отырып, қоспаның
ингредиенттерінің диспергирленуіне себепші болады. Типтік жұмсартқыштар
болып парафин және өсімдік майлары, балауыздар (воск), олейн және стеарин
қышқылдары, қылқан шайыры (смола), таскөмір шайыры саналады.

Беку толықтырғыштары
Кейбір заттар каучукты оған беріктілік пен тозуға қарсы тұрушылық
бере отырып күшейтеді. Олар беку толықтырғыштары деп аталады. Көміртек
(газдық) күйесі жұқа ұсақ күйінде – кең таралған беку толықтырғышы болып
табылады; ол арзанырақ және ол осындай түрдегі ең тиімді заттардың бірі
болып саналады. Автомобиль шинасының протекторлық резеңкесі каучуктың 100
бөлігіне көміртек күйесінің 45-ке жуық бөлігін құрайды.
Кең түрде қолданылатын басқа беку толықтырғыштарына мырыш тоты,
магний карбонаты, кремнезем, кальций карбонаты және кейбір саз балшықтар
жатады, алайда олардың барлығы газ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ шығарудың жабық әдістері
Бетон полимерлі қадалар
Каучук және резеңке туралы мәліметтер
Жасанды каучук алу
Каучук және резеңке
Кітап басу
Полимерлер макромолекулаларының пішіндері
Өлшеуге арналған газ шығысы учаскесін таңдау
Қоректендіру жүйесі
Технологиялық карта
Пәндер