ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ КЕДЕЙШІЛІКТІ ТӨМЕНДЕТУ ЖОЛДАРЫ



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тулеев Жумахан Мирзашевич

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ КЕДЕЙШІЛІКТІ ТӨМЕНДЕТУ
ЖОЛДАРЫ (ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ)

22.00.04 - әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар және үдерістер
мамандығы бойынша әлеуметтану ғылымы кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
жазылған диссертация авторефератына

ТҮЙІН

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қоғамның әлеуметтік құрылымын құрайтын
әлеуметтік –демографиялық жіктердің ішінде кедейлер де бар. Кедейлік –бұл
тек қана тамақтану, киім, тұрмыс, үй, денсаулық сақтау және білім беру
сияқты негізгі қажеттіліктерді қағаттандыруға қажетті жеткілікті табыс
немесе мүмкіндіктердің болмауы ғана емес, сонымен қатар сау және ұзақ өмір
сүруге, білім берудің жеткілікті дәрежесіне, қоғамдық өмірге қатысу
мүмкіндіктеріне және өзге де әлеуметтік – мәдени қажеттіліктерді
қанағаттандыруға жеткілікті табыс деңгейінің болмауы.
Диссертациялық зеттеу тақырыбының өзектілігін келесілерден көреміз:
- бүкіл әлемдік проблема болып отырған кедейшіліктің қазақстан
қоғамының әлеумметтік құрылымыда ерекше әсер етеді;
- қазақстандағы кедейшіліктің негізгі себептері, оның ұлттық, аймақтық
көріністерін білу өте маңызды;
- кедейшілікті төмендету жолдарын әлеуметтанулық талдау деңгейі мен
нәтежиесін анықтау өте маңызды.
Осы жағдайдың өзі – ақ қоғамдық өмірімізде әлі де болса орын алып
отырған кедейшілік проблемасын зерттеушілердің алдына зор жауапкершілік
жүктеп, артылып жүгі ауыр болса да, зерттелуі қажетті проблеманың есігін
ашып беріп отыр.
Зерттеу объектісі: Қазақстан кедейлерінің әлеуметтік құрылымы және
кедейшілікті төмендету жолдары.
Диссертациялық жұмыстың зерттеу пәні. Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан
қоғамындағы кедейлердің әлеуметтік құрылымын құрайтын кедей топтар: олардың
арасындағы өзара байланыстар, қарым-қатынастары қарастырылған. Зерттеу пәні
ретінде осы нысананың ішкі құрылымына, әлеуметтік функциялары, қоғамдағы
орны мен рөлі, статусы, әлеуметтік топ ретіндегі белгілері қарастырылады.
Кедей топтар: мүгедектер, жұмыссыздар, табысы төмен топтағы адамдар,
зейнеткерлер, жетім балалар, асыраушысы жоқ отбасылар.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты: Қазақстан кедейлерінің өмір сүру
деңгейін, тұрмыстарын жақсартудың оларды жұмыспен қамтамасыз етудің жаңа
нысандары мен амалдары туралы ұсыныстар жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер кедейлердің әлеуметтік құрылымын және
кедейшілікті төмендету жолдары ғылыми-теориялық тұрғыдан айқындалып
әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін мемлекеттің кедейшілікпен күрес
жүргізу бағытында қолданса, онда бүгінгі қоғамдағы кедей топтардың
әлеуметтік мәртебесі жоғарылайды.
Зерттеу жұмысының теориялық- методологиялық негізі. Дессертациялық
жұмыста жүйелі және салыстырмалы түрдегі талдаулар, отандық және шет елдік
ғалымдардың қарастырылып отырған мәселеге қатысты еңбектері пайдаланылды.
Әлеуметтік құрылымның теориялық-әдіснамалық негізін жасаған әлеуметтанушы
ғалымдар П.Сорокин, М.Вебер, Огюст Конт, Герберт Спенсер, Эмиль Дюркгейм,
Талкотт Парсонс т.б. ілімдерді зерттеудің негізгі әдіснамалық базасын
құрады және қоғамдық дамудың түрлі сатыларында тұрған елдердің
кедейшіліктің философиялық даму дәрежесін анықтау үшін әлеуметтік тұтыну,
өмір сүру деңгейінің ерекшелігі көрсетілді. Сонымен қатар қазақ даласында
өмір сүрген философ-ойшылдар А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғыровтың
кедейшілікті зерттеуге арналған құнды еңбектері басшылыққа алынды.
Қазақстандық әлеуметтанушы ғалымдардың М.С. Аженов пен М.С.
Садырова бірлесіп әлеуметтік зерттеулер “ Кедейлік социологиясы” атты
еңбектері зерттеудің қайнар бастауы ретінде танылып, жұмысқа бірнеше
сілтемелер жасалды. К. У. Биекеновтың, З. Ж. Жаназарованың, З. Шаукенова,
Қ.Ғабдуллина, Г.Абдирайымова, Б.Алдашов, О.Нұсқабаев, С.Сейдуманов, Е.
Раисов, Ш, Жаманбалаева және басқалары кедейшілікті төмендету жолдарына
әлеуметтік зерттеулер жүргізіп теориялық-әдіснамалық ұсыныстар жасаған.
Зерттеу жұмысының ғылыми және практикалық маңызы.
Деректік және фактілік қоры ретінде халықтың жұмыспен қамтылуы мен
халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғау мәселелері өзектелген мерзімді
басылымдардың материалдары, нақты – социологиялық зерттеулердің және
статистикалық органдадың мәліметттері алынды.
Жұмыстың эмперикалық қайнар бастауына автор жүргізген нақты –
әлеуметтанулық зерттеу мәліметтері алынды. Зерттеу барысында байқау,
бақылау, сауалнама жүргізу, интервью алу, салыстырмалы талдау, контент –
анализ, соцеметриялық талдауды тағы басқалай әдістерді пайдаланылды.
Ғылыми жұмыстың зерттеу нәтижелері жоғарғы оқу орындарының экономика,
құқықтану, әлеуметтану, саясаттану мамандарын даярлау бағыттында
студенттеріне дәріс оқығанда пайдалануға әбден болады.
Зертеудің қорғауға ұсынылып отырған ғылыми негізгі нәтижелері мен
тұжырымдары. Кедейлердің әлеуметтік құрылымын және кедейшілікті төмендету
жолдарын, әлеуметтік үрдіс ретінде тікелей зерттеу құндылықтарын өзара
байланыстыруды нығайту. Кедейлердің әлеуметтік құрылымын оларды құрайтын
әртүрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік мәселесін жақсарту негізінде
әлеуметтік саясатты жетілдіру қажет. Ол үшін;
- кедей топтардың негізгі белгілері мен себептерін анықтау және
олармен күрес жүргізуді жетілдіру;
- кедейшіліктің заңнамалық базаларына талдау және қайта қарау қажет;
- кедейлікті төмендетудің мемлекеттік бағдарламасын толықтыруға жаңа
өзгерістер енгізу керек;
- кедейшілікті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жұмыс істейтін
қызметкерлердің рөлін арттыру керек.
- кедейшілік Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа әлеуметтік
бағдарламаларымен салыстырмалы түрде жақсарту;
- мемлекеттің әлеуметтік қолдау жүйесіндегі кедейшілікке бөлінетін
әлеуметтік көмекті қайта қарау маңызды.
Зерттеу жұмысының қортындысы: Қазіргі қоғамдағы кедейлердің әлеуметтік
құрылымын және кедейшілікті төмендету жолдарын объективті шарттарын
1) Қазақстандағы кедейлердің әлеуметік құрылымы зерттеудің әлеуметтік
құқықтық базасы құрылды (Кедейшілік туралы заң. Қазақстан Республикасының
Конституциясы)
2) Қазақстанның аймақтық ерекшеліктеріне байланысты кедейшілікке қарсы
әлеуметтік бағдарламаның өзгешелі қалыптасты.
3) Диссертацияда кедейлердің әлеуметтік құрылымын және кедейшілікті
төмендету жолдарының теориялық-практикалық мәселері қаралды.

әлеуметтік құрылымын қоғамдық үрдісте ретінде зерттеу құндылықтарын,
олардың арасындағы:
- ерекше әлеуметтік байланыстары мен белгілерін,
- күнкөріс деңгейі, (әлеуметік жәрдемақы)
- әлеуметтік тұрғыдан қорғалуын Зерттеу жұмысның сыннан өтуі мен
жариялануы. Жұмыстың негізгі мазмұны автордың республикалық
деңгейдегі басылымдарда жарияланған мақалаларында және ғылыми –
практикалық конференциялармен ғылыми семинарларда жасаған
баяндамаларында өзектелік, жергілікті билік органдарының іс –
тәжірибеіне енгізілген.
Қазақстандағы кедей топтардың әлеуметтік белгілерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан әлеуметтік жүйесінде терең және түбегейлі өзгерістер
Кедейлер қоғамның әлеуметтік құрылымының төменгі табы ретінде
Кедейлердің әлеуметтік құрылымы мен кедейшілікті төмендету жолдарының ғылыми–методологиялық концепциялары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕДЕЙШІЛІК ЖӘНЕ КЕДЕЙЛЕРДІ ӨЛШЕУДІҢ, САНЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ
Кедейлік - әлемдік қауіпсіздіктің қатері
Кедейшілік әлеуметтік феномен ретінде жан-жақты әрі кешенді түрде зерттеуді қажет ететін проблема
Қазақстандағы кедейшілік және кедейлердің әлеуметтік құрылымы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТУРАЛЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Кедейшілік ұғымынның мәні
Тулеев Жумахан Мирзашевич
Пәндер