Рекреациялық географияны дамыту және оны ұйымдастыру


- ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1- лекция. Таќырыбы: КIРIСПЕ
Жоспары:
- Рекреациялық түсінік.
2. Рекреациялық географияны дамыту және оны ұйымдастыру.
3. Рекреациялық географияның негізгі проблемасы, оны шешу жолдары.
4. Рекреациялық географияның игеру обьектісі территориялық рекреациялық жүйені оқып үйрену, оның негізгі типтері.
5. Емдік, сауықтыру, спорттық және танымдық типтерге жалпы шолу жасау.
Лекция маќсаты: Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастырушылар тұрақты туристік легті қалыптастыратын демалыс орындарын білуі қажет. Олар тұрақты болмауы мүмкін. 20-30 жыл шамасында демалыс орны болып, кейін түбегейлі өзгеріп кетеді. Бұл өзгерістің өзіндік логикасы бар, оны міндетті түрде түсіну қажет
Лекция мєтіні
Рекреациялық іс-әрекет - күрделі үрдіс. Оны зерттеуде жер шарындағы көрікті жерлерді есте сақтау ғана емес сонымен қатар сипаттау да қажет. Мұндай деңгей кезекті демалысын өткізетін жер іздеп жүйелі түрде туристік буклеттерді қарастырып жүрген адамдарға өте қолайлы. Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастырушылар тұрақты туристік легті қалыптастыратын демалыс орындарын білуі қажет. Олар тұрақты болмауы мүмкін. 20-30 жыл шамасында демалыс орны болып, кейін түбегейлі өзгеріп кетеді. Бұл өзгерістің өзіндік логикасы бар, оны міндетті түрде түсіну қажет.
Мұндай түсіністік әсіресе ТМД елдеріне тән. 1991 жылғы оқиғадан кейін бізге кеп нәрсе өткен өмірде қалды. Сонымен қатар рекреациялық іс-әрекеттің географиясы да өзгерді. Қашан және қайда демалу туралы жаңа түсініктер қалыптасты, жаңа туристік лег қалыптасты және әлі де жалғасуда. Біздің көз алдымызда өтіп жатқан үрдісті және тұтастай туристік іс-әрекеттің дамуын түсіну үшін халықаралық туризм географиясы мен тарихына үңілуіміз қажет.
XX ғасырда жер шарының кейбір аймақтарында туризм жалпы құбылыс болғаны сондай, рекреация ерекше көңіл аударатын пән болды. Экономикаға ерекше әсер ететін жаңа мамандар мен зерттеулер пайда болды.
Нарықтық экономика жағдайында туристік бизнесті дамыту үшін рекреациялық ресурс, қаржы қоры, жаңа технология және мамандар қажет.
Экономиканың басқа салаларына қарағанда туристік ресурс өте көп түрлі. Жаңа технологияның және қолда бар материалдық жағдайдың көмегімен нақты адамдар тобының сауығуы мен демалуын ұйымдастыруға болатын рекреациялық қызметке байланысты тұтынушылық бағасы мен қолайлы жағдайы бар табиғи және антропогендік геожүйе, табиғи құбылыстар мен артефактілер де кіреді. Туризм саласында қызмет істейтін немесе рекреациялық қызметті ұйымдастыруға және қызмет көрсетуге араласқан адамдар да рекреациялық ресурстің бір бөлігі болып саналады. Туристік бизнестің қарқында дамуы инфрақұрылымның дамуын қажет етеді. Инфрақұрылым дамымай жоғарғы белсенді табиғи және мәдени кешендердің өзін кең көлемде тұтынушылармен қамтамасыз ету мүмкін емес.
Рекреациялық ресурстарда басқа ресурстар сияқты шексіз емес. Оларда да қолдану уақыты, эксплутация жағдайы, бағасы және белгілі бір көлемі болады.
Туристік қызмет үрдісінде міндетті түрде қоршаған ортаның өзгеруі жүреді. Туризмнің қоршаған ортаға әсері тура, қосымша, қозғаушы, сонымен қатар оң және кері әсері болуы мүмкін. Туризмнің кері әсері қолданылған территорияның ластануынан, табиғи үрдістердің кейбір қолайсыз жағдайларының артуынан, орманды аудандарда өрттің жиілеуінен, топырақтың тығыздалуы мен өсімдіктердің тапталуынан, жекелеген жануарлар түрінің жойылуы немесе олардың тіршілік етуіне қажетті экологиялық жағдайдың бұзылуынан көруге болады.
Рекреация (латынның rесrеаtіо - қалпына келтіру) - еңбек етіп шаршағаннан кейін тынығу арқылы адамның күш қуатын қалпына келтіру. Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер шоғырланған жерлер - Рекреациялық аудандар деп аталады.
Реакциялық географияның негізгі түсініктері
Реакциялық географияның негізгі түсініктеріне бос уақыт, демалыс, рекреация және туризм деген түсініктер кіреді. Бос уақыт -рекреациялық үрдістің дамуына қажетті жағдай. Бос уақыт -динамикалық категория, ол белгілі бір дәуірдің, кластың, әлеуметтік топтың шегін көрсетеді, ол көлемі және мазмұны жағынан да өзгеріп отырады. Бос уақыт жұмыс уақытынан басқа уақыттың бір бөлігі болып табылады. Жұмыс уақытынан басқа уақытты әр түрлі 4 функционалдық топтан тұрады: 1) жұмыс орнына бару уақыты; 2) эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру уақыты (ұйықтау, тамақтану, жеке бастың гигиенасы) ; 3) үй еңбегі және тұрмыстық қажеттіліктер уақыты; 4) бос уақыт болып табылатын физикалық, интеллектуалдық даму уақыты. Бос уақыт 2 бөліктен тұрады: 1) демалу уақыты; 2) жоғары іс-әрекет уақыты.
Демалыс адамның жұмыс, нервтік және психологиялық, қабілеттілігін қалпына келтіреді, ал физикалық еңбектегі адамдардың физикалық шаршағанын түсіреді.
Адамның іс-әрекеті демалыс уақытында былай классификациялануы мүмкін:
1) белгілі физикалық салмақпен байланысты іс-әрекет (спортпен айналысу, қыдыру) ;
2) қызығушылықпен айналысуы - аң аулау, балық аулау, жидек және саңырауқұлақ жинау, коллекция жинау және т. б.
3) өнер әлеміне араласу (театрларға, концерттік залдарға, көркем суреттік галереяларға, т. б. бару) .
4) жоғары мәдениетті іс-әрекет (өздігінен білім алу, әдебиеттер, газет-журнал оқу) ;
5) өз қалауынша және қызығушылық бойынша қарым-қатынас;
6) белсенді (ойындар, би) немесе белсенді емес (көрікті жерлерге бару) көңіл көтеру;
7) қанғаттану үшін демалыс жасау.
"Рекреация" демалу, көңіл көтеру, спортпен айналысу жиынтығын көрсетеді: rесrеаtіо (лат) - қалпына келтіру, rесrеаtіоп (франц) - көңіл көтеру, демалу, іс-әрекеттің өзгеруі.
Рекреация - бұл адамдардың өз бос уақыттарын арнайы тұрғылықсыз территорияларда сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени көңіл көтеру әрекеттер үрдісінде қолданылатын көрініс және ара қатынастар жиынтығы. Рекреацияны ұзақтығына қарай қысқа уақытты жерге демалуға оралу және ұзақ уақытты демалуға тұрғылықсыз жерге оралу. Территориялық қысқа уақытты рекреация қала шетіндегі аймаққа 1-2 сағаттық жаяу немесе транспортпен жүруге шектеледі, ол ұзақ рекрсация жасағанда территориясы шектелмейді.
Ұзақ рекреация сыйымдылығы жағынан туризм түсінігіне сәйкес келеді.
Туризм - бұл адамдардың саяхат және тұрғылықсыз жеріне бару процесінде пайда болатын қатынастар мен көріністердің жиынтығы. Бұдан халықаралық туризм шығады. Ол Римде 1963 ж. БҰҰ-ң халықаралық туризм және саяхат конференциясында тұжырымдалып және Дүниежүзілік туристік ұйым деп танылады. (Д. Т. Ұ)
Халықаралық турист деп - өзінің тұрғылықты жері болып саналмайтын, елде 24 сағат және оданда көп болған тұлғаны айтады. Турист деп сонымен қатар шет мемлекетте жүрген студенттер мен оқушылар да саналады.
Туристердің мынадай топтары анықталған:
а) көңіл көтеру, жанұя жағдайына байланысты және курорттық емделуге, т. б. баратын тұлғалар;
б) конференцияға (ғылыми, әкімшілік, спорттық және т. б. ) баратын тұлғалар;
в) уақыты 24 сагат толмаса да теңізбен саяхат жасайтын тұлғалар.
Турист деп саналмайтындар:
а) мемлекетке келісім шарт немесе келісім шартсыз жұмыс іздеп келген тұлғалар;
б) тұру үшін келген тұлғалар
в) шекаралық аймақта тұрып, келесі жаққа жұмысқа баратын адамдар.
Бір жерге баратын немесе тұрған аймаққа барып, бірақ түнеуге қалмайтын тұлғаларды - экскурсанттар деп атайды.
Рекреациялық потенциал рекреацияның дамуы үшін қажетті жағдай болып табылады. Ол әр түрлі маштабта бағаланады: әлемдік, елдік, аудандық деңгейде және т. б.
Рекреациялық потенциал былай түсіндіріледі: яғни, белгілі территорияда рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру үшін қажетті табиғи, мәдени - тарихи жерлерді жиынтығы болып табылады.
Рекреациялық потенциал құрайтын негізгі бөлігі -рекреациялық ресурстар.
2- лекция. Таќырыбы: Рекреациялық географияның зерттелу методикасы және басқа ғылымдарымен байланысы
Жоспары:
1. Рекреациялық географияның зерттелу методикасы, оның дамуындағы негізгі заңдылықтар, қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас, олардың байланыстары.
2. Рекреациялық географиядағы бос уақыт және оған берген К. Маркстың анықтамасы.
3. Рекреациялық жұмыстармен туристік сфераның айырмашылықтары мен ұқсастықтары, олардың арасындағы байланыс.
4. Рекреанттарды есепке алудың методикасы.
5. Рекреациялық географияның басқа ғылым салаларымен байланысы
Лекция маќсаты: Жүйелі анализ жасау әдісі мен жүйелілік тәсілі рекреациялық қызметтің территориялық түрлерін ұйымдастыруда, ішкі, салааралық, ауданаралық байланыс түрлеріде, қоғамдық міндеттерді түрлендіруде, даму жағдайы мен факторларында кеңінен қолданылады.
Лекция мєтіні
Рекреациялық географияның зерттеу әдістері және басқа ғылымдармен байланысы
Рекреациялық географияның жалпы методологиялық негізі диалектикалық көзқарас болып саналады. Ол әлеуметтік-экономикалық формацияның негізін, оның негізігі даму заңдылықтарын, қоғамдық ұдайы өндіс үрдісіндегі табиғат пен қоғамның өзара әсерін, әртүрі қоғамдық және табиғи құбылыстардың өзара байланыстарын ғылыми негізде түсіну тұрғысынан ашады. Сонымен қатар географиялық, тарихи, салыстырмалы, картографиялық, аналитико-статистикалық, экспедициялық зерттеулер, математикалық әдістер де кеңінен қолданылады.
Жүйелі анализ жасау әдісі мен жүйелілік тәсілі рекреациялық қызметтің территориялық түрлерін ұйымдастыруда, ішкі, салааралық, ауданаралық байланыс түрлеріде, қоғамдық міндеттерді түрлендіруде, даму жағдайы мен факторларында кеңінен қолданылады. Жүйелілік тәсіл әдісі қолдану рекреациялық географияда рекреациялық жүйе концепциясын дамытуға мүмкіндік береді.
Жүйелілік тәсіл, жүйенің компоненттік (пәндік), функциональдық және тарихи аспектлердің қалыптасуын, динамикасы мен дамуына сараптама жасауға бағытталған. ТРЖ және рекеациялық аудандарда жүйелі зерттеудегі компоненттік аспек өзара байланысты екі тапсырманы шешуге бағытталады. 1. зерттеліп отырған қалалық, қаласырты, алысқа демалу ТРЖ қандай элеметтерден тұрады (компоненттік сараптама) . 2. бұл элеметтер бір-бірімен қалай байланысты (құрылымдық байланыс) . Бұл жүйенің біртұтастығын көруге, күрделілігін анықтауға, оның элементтерінің өзара байланысының заңдылығын ашуға, берілген жүйені басқалармен салыстыруға мүмкіндік береді.
Функциональдық аспект ТРЖ-ң құрамдас элементтері өзара әсері үрдісінде ішкі қызмет механизмі мен қоршаған орта және сыртқы қызметтің өзара әсерін зерттеуге бағытталған. Ішкі өзара әсерлесу анализі ТРЖ нысаны - орталықтандыру және субекът - орталықтандыру моделін, ал қоршаған орта мен өзара әсерімен сыртқы байланыс жүйесін айқындау - рекреациялық аудан тұжырымдамасын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Жүйелі зерттеудің тарихи аспектісі екі бағытта жүреді.
- Генетикалық. Аталған ТРЖ-нің шығу тегін ашатын даму және қалыптасу кезеңдеріне сараптама жасау.
- Болжау. Рекреациялық қызмет көрсету және оның аумақтық ұйым түрінің әрі қарай даму болашағын анықтаумен байланысты. Бұл аспект рекреациялық шаруашылықтың және оның жеке салаларының қалыптасуындағы негізгі кезең болып саналады.
Экспедициялық зерттеу әдісі- дәстүрлі географиялық әдіс болып есептелінеді. Рекреациялық география қалыптасуында нақты мәліметтерді жинауда, аумақтық рекреациялық шаруашылықты ұйымдастыру ерекшеліктері мен дамуында кеңінен қолданылады. Ол нақты ақпараттарды алудағы жалғыз тәсіл болып саналады.
Картографиялық әдіс - рекреациялық география ғылым ретінде қалыптасқаннан бастап кеңінен қолданылып келеді. Карта тек қана ТРЖ(тұрақтылығы, қолайлылығы т. б) жеке қасиеттері немесе туризмнің материалдық- техникалық базасы, рекреациялық ресурстардың ерекшеліктерін кеңістікте бейнелеу тәсілі ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа деректер алуға және оның жұмыс істеу заңдылығын көрсетуге пайдаланылады.
Математикалық сараптау немесе моделдеу әдісі ЭЕМ көмегімен ақпараттардың үлген бөлігімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Дала деректерін камералық өңдеуде уақытты үнемдемейді.
Әлеуметтік әдіс рекреациялық зерттеуде әлеуметтік пән ретінде кеңінен қолданылады. Әлеуметтік зерттеулерде анкеталық сұрақтар, әлеуметтік интервью, газеттер арқылы сұрақтар, жеке бақылау әдісі және құжаттарды зерттеу(туристік жолдамаға сұраныс, диспечер журналдарын, ұсыныстар мен шағым кітаптарын) әдістері біршама кең таралған.
Материалдық техникалық базаның сиымдылығын, рекреациялық және материалдық ресурстарды, рекреациялық сұраныстың көлемі мен құрылымын ескере отырып ТРЖ- нің дамуын жоспарлау мен болжау әдістерінің жиынтығы баланс әдісі. Ол халықтың қаржы кірісі мен демалысқа бөлінетін шығынын есептеуге де, сұраныс көлемін есепке ала отырып рекреациялық аумақтың қажетті көлемін анықтауда да қолданылады.
Сонымен қатар рекреациялық географияда экономико- математикалық, экономикалық, медико-биологиялық және эксперттік бағалау әдістері қолданылады. Бұл әдістер рекреациялық қызмет көрсетудің экономикалық нәтижелілігін, оның сауықтыру және профилактикалық рөлін, туристік маршруттар жүйесі мен туристер(рекреанттар) легінің үйлесімділігін, туристік сұраныстар мен ұсыныстарды болжаумен айналысады.
Рекреациялық география басқа ғылымдармен, әсіресе география, оның ішінде :экономикалық және әлеуметтік география, халықтар географиясы, физикалық география және медициналық географиямен тығыз байланысты.
Экономикалық және әлеуметтік география - туризмнің елдің немесе ауданның салалық және аумақтық шаруашылығының құрылымына әсерін зеттеуге қатысады. Рекреациялық қызмет көрсету аумақтық әлеуметтік-экономикалық кешеннің құрамдас бөлігі ретінде қарайды. Экономикалық және әлеуметтік география рекреациялық ауданда аумақтық ұйымның қызмет көрсетуінің үйлесімділігін, рекреациялық сұраныстар мен ресурстар балансын өңдеуде, рекреациялық ауданның сиымдылығының негіздеуде қолданылады. Экономикалық және әлеуметтік география экономикалық тиімділіктің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Халықтар географиясы - рекреациялық қызмет көрсетудің орналасу жүйесіне, қалалар мен елді мекендердің түрлерін бөлуге, демалыс зонасына, туризм, агломерация аралық демалыс зоналары орталығына кіретін, курортты қалалардың және ірі курорт агломерацияларының дамуын және қалыптасуын қарастырады. Халықтар географиясының әдісі рекреациялық жүйені жұмыс күшімен қамтамасыз ету, анықталған аумақтық заңдылықтар динамикасын және еңбек ресурсы мен халықты рекреациялық сұранысты болжауға ұдайы пайдалану.
Физикалық география - табиғи кешеннің тұрақтылығы мен динамикасы құрылысының заңдылығы туралы ақпарат береді, ландшафтқа эстетикалық, физиологиялық және технологиялық баға беру әдісін өңдеуге қатысады, табиғи кешеннің рекреациялық жүкке тұрақтылығын және сиымдылығын зерттеуге, демалушының талғамын ескере отырып оның жабдықталуы, рекреациялық қызметтің әлеуметтік экономикалық нормативтерін қарастырады. Физикалық география әдісі табиғи кешенге аймақтық дифференциялық нормалардың рекреациялық қуатын, табиғатты қорғау шараларын қарастыру, ландшафтағы рекреациялық дигрессияны ескерту, рекреациялық ауданның экологиялық жағдайының үйлесімділігін анықтауға қолданылады.
Медициналық география - табиғи жағдайлардың адам ағзасына әсерін, оның жаңа игерілген аудандарға икемделу ерекшеліктерін, аурулардың кейбір түрлерінің таралуын зерттейді. Бұл пән рекреациялық ортаның минералды емдік су және батпақтық, климаттың, психо-физиологиялық қолайлылығын зерттеуде, әртүрлі санаторилі курортты емдеуді қолданудың аймақтық құрылымын анықтауда негізгі рөл атқарады. Медициналық географияның әдісі рекреациялық қызмет көрсетудің нәтижелілігін және әртүрлі аурулардан сақтандыруда оның рөлін анықтауға қолданылады.
Рекреациялық география ғылымына жатпайтын ғылымдардың да ақпараттарын және әдістерін кеңінен пайдаланады. Оларға: қоғамдық ғылымдар қатарындағы туризм экономикасы, медициналық ғылымдар жүйесіндегі курортология және физиотерапия жатады.
3-4 лекция. Таќырыбы: Рекреация-әлеуметтік экономикалық құбылыс
Жоспары:
1. Рекреацияның дамуы және қалыптасу кезеңдері.
2. Орта ғасырдағы теңізшілердің саяхатқа шығуы және Бейжің қаласындағы Олимпиадалық ойындардың рекреациялық
қозғалыстардың дамуына әсері.
3. Алғашқы темір жолдар, теңіз жолдары және автомобиль жолдары ашылуының рекреацияның қарқынды дамуына тигізетін әсері.
4. Халықаралық туризмніңэкономикалық тиімділігі.
Лекция маќсаты: Рекреациялық іс-әрекетгің қарқынмен дамуы және үлкен проблемалардың қиындығы өзіне білімнің әр саласындағы ғалымдарды, сонымен бірге географтарды өзіне тартады. Қандай рекреациялық жүйеде болмасын қарым-қатынасқа: демалушылар тобы, табиғи кешендер, техникалық инфраструктура, қызмет көрсету сферасы, еңбек ресурсы, орналастыру жүйесі кіретіндіктен рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру кешенді болып табылады.
Лекция мєтіні
Рекреациялық география - жаңа әлеуметтік географиялық ғылым
Рекреациялық іс-әрекет қазіргі кездің әлеуметтік-экономикалық негізгі факторларының біріне айналады. Біздің көз алдымызда белгілі бір ресурстардың жиынтығына сүйенетін, өзінің кадрлары бар, басқа салалармен байланысы бар және белгілі әлеуметтік экономикалық эффект беретін халық шаруашылығының жаңа саласының қалыптасу үрдісі жүріп жатыр.
Рекреациялық іс-әрекетгің қарқынмен дамуы және үлкен проблемалардың қиындығы өзіне білімнің әр саласындағы ғалымдарды, сонымен бірге географтарды өзіне тартады. Қандай рекреациялық жүйеде болмасын қарым-қатынасқа: демалушылар тобы, табиғи кешендер, техникалық инфраструктура, қызмет көрсету сферасы, еңбек ресурсы, орналастыру жүйесі кіретіндіктен рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру кешенді болып табылады.
Рекреациялық география пәні материалдар жинауда физикалық география, экономикалық география, халықта географиясы, медициналық география және елтану пәндерімен тығыз байланысты.
Рекреациялық географияның қалыптасуына алгашқы үлкен қадамды В. С. Преображенский жасаған. Халық шаруашылығында рекреациялық жүйе қоғамдық қажетті рекреациялық функция болып табылады. Рекреациялық жүйеге материалдық өндірістік жүйе (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, аграрлы-өнеркәсіптік, транспорттық) және өндірістік емес сферасының жүйесі кіреді. Рекреациялық географияны оқыту пәні территориялық рекреациялық жүйені оқу болып табылады. Территориялық рекреациялық жүйе - әлеуметтік географиялық жүйе болып табылады. Ол басқа да өзара байланысқан жүйелерден тұрады: табиғи және мәдени кешендер, инженерлік құрылыстар, қызмет көрсетуіпілер тобы, басқару органы және демалушылар.
«Табиғи және мәдени» кешенің жүйесі ресурстар және рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандыру талабы болып табылады. Табиғи және мәдени кешендер белгілі бір сыйымдылығымен, тұрақтылы толық, жабдықталғанымен, әртүрлілігімен және тартымдылығымен ерекшеленеді.
"Инженерлік құрылыстар" жүйесі бір жағынан демалушылардың және қызмет көрсетуші қызметкерлердің күнделікті өмір іс-әрекеттерін қамтамасыз етеді, ал 2-ші жағынан демалушылардың ерекше рекреациялық қажеттіліктерін қанағаттандыру.
"Қызмет көрсетуші" жүйесінің функциясы көбінесе демалушыларға қызмет көрсетуге бағытталған.
"Демалушылар" жүйесі басқа жүйелерге деген талаптарды анықтайды, ол әлеуметтік, жас, ұлттық, региондық және жеке демалушылардың ерекшелігіне байланысты.
1. Рекреациялық география мынадай заңдылықтарды көрсетеді: қалыптасу динамикасы, дамуды, әр түрлілікті, территориялық рекреациялық жүйенің (Т. Р. Ж) таралуын, олардың морфологиялық құрылымын, территориялық дифференциясы және интеграция, ішкі байланыстарды, Т. Р. Ж-ң бүтіндігін көрсететін, Т. Р. Ж-ң арасындағы байланыстарын, Т. Р. Ж-ң басқа географиялық жүйелермен байланысын, өзіндік және бағытталған мақсатының жұмысын болжайды, танымдық тәсілдер жүйесін жасайды.
Рекреациялық география қоғамдық, арнайы географиялық ғылымдармен бірге мәдениет гоеграфиясы, білім беру, денсаулық сақтау және басқа ғылымдарға жатады. Онда объектінің мақсаттық функциясын және оқу пәні әлеуметтік болып анықталуы мүмкін.
Рекреация әлеуметтік экономикалық құбылыс.
Саяхатты шыққанды ұнататындар, жолға шығар алдында алдарында әртүрлі мақсат қояды. Біреулері көрікті жерлермен танысқысы келсе, ал келесі біреулері орманның немесе таудың таза ауасын жұтып табиғаттың сұлулығын тамашалағысы келеді, ал үшіншілері үшін туристік жорық- спорттық шара. Басқа сөзбен айтқанда рекреацияда 3 негізгі функцияны- танымдық, спорттық-сауықтыру, емдік деп бөлуге болады. Осындай бола тұра танымдық функциясына барлығы үлкен мән береді. Танымдық бұл- психологиялық күшті қалпына келтірудің ерекше түрі. Саяхатшы келген жердің ерекшелігіне қызығушылық таныту арқылы ол өз ойын оятады немесе сана адамның ойын оятады және сонымен қатар миды психологиялық шаршаудан азат етеді.
Танымдық функциясы саяхатшының табиғи, мәдени-тарихи, этнографиялық, шаруашылық және басқа көрікті жерлерге деген қызығушылығынан байқалады.
Табиғи-климаттық көріктілікке қолайлы климаттық жағдай, ауаның орташа температурасы, құрғақ күндер, ашық күндер, желсіз күндер және т. б. пейзаждың әсемдігіне- орман, тау, теңіз, көл, өзен, үңгір т. б. Мәдени-тарихи көрікті жерлерге - тарихи, археологиялық, архитектуралық ескерткіштер мұражайлар көркемсурет галереялары, театр т. б. Саяхатшылардың ерекше этнографиялық көріктілікке- әдет-ғұрып, киім, ұлттық тағам, фольклор, халықтық шығармашылығы т. б. Шаруашылық көріктілікке - сол ауданның өзіне тән шаруашылықты жүргізуі немесе жоғарғы жетістіктері, қызмет көрсету саласының дамуы. Сонымен қатар саяхатшылардың белгілі бір территорияға келуіне жергілікті оқиға, мысалы : музыкалық және театр, кино фистивальдар, слеттар, конгресс, жәрмеңке, көрме, карнавал, спорттық шаралар себеп болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz