Биоресурстанудың экологиялық аспектілері



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Биоресурстанудың экологиялық аспектілері

Тірі организмдер белгілі бір жерде қоныстаныи өмір сүреді
сонымен қатар қоршаған орта мен және өзара байланыстар жасайды.

Табиғат байлықтарын есепсіз, бақылаусыз жұмсауға болмайтынын,
қоршаған орта бүлініп, істен шығуы оңай екенін адамдар XX ғасырдың алғашқы
жылдарынан түсіне бастады. Сол кезден бастап қоршаған ортаны қорғау деген
ұғым пайда болды.

Табиғатымыздың күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан
ұсыныстар жасайтын ғылым саласы соңғы жылдары экология деп аталып жүр. Ол
гректің "Oicos" - үй, мекен, тұрғын жер, және Logos - білім, ғылым,
зерттеу деген екі сөзден құралған. Экология - барлық тірі организмдерді,
олардың тұратын "мекен - жайын" және сол "үйді" тұруға қолайлы ету ушін
атқаратын міңдетті зерттейді.

Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900 ж. қалыптасты. Алғаш рет
экология деген терминді 1869 жылы белгілі табиғат зерттеушісі, неміс
биологі Э.Геккель ұсынған. Біздің планетамызда өмір сүруге қолайлы орта
онша көп емес.

Ауаның, судың және топырақтың жұқа қабатында ғана тіршілік бар. Тірі
организмдер өмір сүретін ортаны биосфера деп атауды 1875 жылы- австрияның
ғалымы Э.Зюсс ұсынған болатын. Профессор А.Баешов экологияға мындай
анықтама берді:

Экология - биосферадағы тепе теңдікті жан-жақты қарастыратын,
оның бұзылуының себептерін болжайтын және анықтайтын, сонымен қатар
тепетеңдіктен аутқудың, қоршаған ортаға әсерін зерттейтін ғылым саласы
Экологияның зерттейтін негізгі аймақтарға байланысты ол үш бөлімге
жіктеледі:

1. Аутоэкология.

2. Синэкология.

3. Адамдар экологиясы.

Экологияның тематикасы көбінесе биологиялық салалар мен тоғысып
жатады.

Биология ғылымдарының құрылымын "қатпарлы самса" түрінде бейнелесек
(1.1-сурет) оны екі түрлі әдіспен "бөлшектеуге" болар еді: көлденеңінен
тілсек, морфология, физиология, генетика, цитология т. б. тіршіліктің
негізгі қасиеттерін зерттейтін іргелі "функционалды" ғылымдар шығады.
Тігінен бөлген жағдайда онда ағзалардың табиғы топтарын зерттеумен
шұғылданатын таксиомялық ғылымдар анықталады. (ботаника, микробиология,
зоология).

Экология - биологияның фундаменталды іргелі ғылым қатарына жатады және
әрбір таксономиялық бөліктерінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Біз өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар экология туралы айта аламыз,
ал осы бөлімдердің нақты элементтерін қарастырсақ, құстар, балықтар буылтық
денелінер экологиясы туралы да сөз қозғаймыз.

Соңғы кезде биологиядан аулы алыс мамандықтар экологияға жақындасып
келеді. Қазірдің өзінде жаңа ғылыми бағыттар пайда болды: инженерлік
экология, қала құрылысы экология, сәулет экологиясы, видео экология,
медициналық экология т. б.

Сондықтан экологияны жаратылыстану саласындағы ғылым немесе
биологияның бір тарауы деп қарау дұрыс емес. Әлеуметтік - экономикалық
проблемаларды зерттейтін болғандықтан оны қоғамдық ғылымдар саласына
жатқызуға тиіс.

Экология зерттейтін проблемалар өте күрделі әрі көп сырлы:

1. Тірі организмдердің ортаға бейімделудің экологиялық механизмдерді
анықтау.

2. Популяцияның санын реттеу.

3. Ландшафты сауықтыру.

4. Бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру.

5. Қалалардан шыққан органикалық қоқысты пайдаға асыру.

6. "Кәсіпшіліктен", тегін "терушіліктен" интенсивті
шаруашылыққа көшу.

7. Биосфераның эталондық бөліктерін сақтап қалу.

Экологиялық факторлар ұғымы.

Экологияда жағдайлар ұғымы фактор ұғымына алмастырылған.

Экологиялық тұрғыдан орта дегеніміз - табиғи денелер, тау тас, орман,
кол, өзен, мұхит және жаратылыста орын алатын құбылыстар Тіршілік иелерін
қоршаған орта, сан қилы құбылыстар мен әр түрлі элементтерден тұратын,
уақыт және кеңістік бойынша үнемі өзгерісте болып ықпал ететін факторлардан
құралады.

Экологиялық фактор - тірі организмнің кез келген даму сатысының
бірінде, тікелей не жанама түрінде ықпал жасайтын орта әсері.

1. Мысалы, су қоймасының тереңдігін немесе тіршілік ету орнының теңіз
деңгейінен биіктігін, экологиялық фактор ретінде қарастыруға болмайды,
себебі тереңдік суды мекендеуші организмдерге тікелей емес, кысымның артуы,
жарықталудың кемуі, температураның төмендігі арқылы әсер етеді.

Шын мәнінде температура, жарықталу, атмосфералық қысым, қышқылдық,
тұздылық т, б. тірі организмдерге тікелей әсер етуші сыртқы ортаның
экологиялық факторлары ретінде білінеді.

Экологиялық факторлар табиғаты жағынан қай түрде болмасын оларды
экологиялық тұрғыдан салыстыруға болады, өйткені олар әркашанда
организмдердің тіршілік әрекетінің өзгерісі арқылы білінеді.(2.1-сурет).

Сурет - 2.1. Экологиялық факторлардың жіктелуі.

Осы тәуелділікті талдау оның төмендегідей заңдылықтарын атап көрсетуге
мүмкіндік береді.

1. Фактордың белгілі бір мәндерінде организмдердің тіршілік етуі үшін
ең колайлы жағдайлар туады; бұл жағдайлар оптималды жағдайлар деп аталады,
ал фактор мәні шкаласындағы тиісті аумақ оптимум деп аталады.

2. Фактордың мөлшері оптималдық жағдайдан неғұрлым көбірек болса кез
келген организмдердің тіршілік жағдайы солғұрлым нашарлай түседі; осыған
байланысты қалыпты тіршілік ету және жүдеу аймағы ажыратылады.

3. Организмдер тіршілік ете алатын аралығы төзімделік шектері деп
аталады.

Барлық тірі организмдер тіршілік барысында экологиялық ең аз шама
(минимум) және экологиялық ең көп шама (максимум) аралығында өмір сүреді.

Американдық ғалым "В.Шелфорд осы тәуелділікті анықтап шектеуші
(лимитирующий) фактордың артық не кем мөлшерде болуы дары организмдердің
өсуіне, көбеюіне кері әсер ететінін дәлелдеді. Осыған сәйкес 1913ж.
қабылданған ереже "Толеранттық шек" заңы деп атауына ие болды.

Лимиттеуші факторларға көбінесе ауа-райы, климатқа байланысты
жағдайлар жатады:

1. Күн көзінің сәулесі.

2. Жарықтық режим.

3. Ауа ылғалдылығы.

4. Ауаның температурасы.

5. Атмосфералық қысым.

6. Ауа қозғалысы (жел).

7. Атмосфераның газдық құрамы.

8. Атмосфералық осадкілер.

Экологиялық факторлардың классификациясы.

Экологиялық факторларды негізгі және дәстүрлі жолмен 3 топқа бөледі:

1. Абиотикалық

2. Биотикалық

3. Антропогендік

1) Абиотикалық факторлар - организмдерге тікелей немесе жанама ықпал
жасайтын жансыз бейорганикалық компоненттері мен құбылыстар.

Олардың ішінде басты роль ойнайтын:

А) Климаттық факторлар (жылу, жарық, температура, ылғал, ауа ағыны,
қысым, атмосфералық осадкілер).

Б) Эдафикалық факторлар (эдафос - топырақ) механикалық құрамы,
құрылымы, ауа өткізгіштігі, тығыздылығы.

В) Гидрографиялық факторлар (оттегі мөлшері, тазалығы,
тығыздылығы, жылуды тарату қабілеттілігі, капилярлық қасиеті, т.б.)

Г) Химиялық - ауаның газдық құрамы, судың тұздылығы, қышқылдығы,
топырақ бойындағы ертінді құрамы, т.б.

2) Биотикалық факторлар - қоректену факторлары және тірі
организмдердің өзара әсерлесуінің әртүрлі формалары жатады (жыртқыштық,
бәсекелестік, паразитизм, мутализм, комменсализм, симбиоз т.б.).

3) Антропогендік факторлар - адамзаттың түрлі іс - әрекетіне
байланысты жағдайлар.

Экологиялық факторлардың жоғарыда аталғандардан басқа орта
факторлардың әсеріне организм реакциясын бейімделгіштік дәрежесін бағалауға
негізделген классификация да бар.

Оны отандас ғалым А.С. Мончадский ұсынды. Ол барлық экологиялық
факторларды үш топқа жіктеді:

1. Бастапқы периодты факторлар - (температура, жарық, мұхит пен
теңіздің толысу мен қайтуы, жыл мезгілдерінің, және маусымдардың аусуы
құбылыстар жатады.

2. Туындауіны периодты факторлар қашан болсада бастапқы периодты
факторлардың өзгеруіне тәуелді болады. Сол үшін оларға туындаушы деп ат
қойды: ылғалдылық, атмосфералық осадкілер, суда еріген газ құрамы, өсімдік
жамылғысының дамуы дәрежесі, атмосфералық қысым, т.б.

3. Периодсыз факторлар организмнің тіршілік мекенінде қалыпты
жағдайда ұшыраспайды, олар кенеттен білінеді сол себептен организмдер оған
бейімделіп үлгермейді.

Бұл топқа кенеттен соққан дауылдар, өрттер, жанар таулардың
атқындылары, жер сілкінестер т.б. стихиялық құбылыстар жатады.

Барлық экологиялық факторларды синтетикалық жүйе түрінде жинақтайды:

1) Климаттық факторлар.

2) Физикалық факторлар.

3) Химикалық факторлар.

4) Қоректену факторлар.

5) Биотикалық факторлар.

Биотикалық факторлардың экологиялык рөлі.

Биотикалық факторларга организмдер арасындағы өзара арақатынастар
жатады.
Гомотиптік реакция дегеніміз бір түрге жататын дара організмдердің
арасындағы қатынастардың жиынтығы болып табылады. Бұл төңіректе топ және
масса эффектісі ажыратылады.
Топ эффектісі - бір түрге жататын дара организмдердің сезім мүшелері
арқылы бір бірімен топтасуы қабілеттілігі. Бұл қасиет топ құрамындағы дара
организмдердің тығыздылығына, даму мен кобеюіне жағымды ықпал етеді.
Масса эффектісі - керісінше бір түр особтерінің бір бірімен топтасу
қабілеттігі сезім мүшелеріне байланысты емес. Бұл қасиет жануарлардың көбею
қабілетіне, өсу жылдамдығына, тіршілік ету ұзақтығына жағымсыз ықпал етеді.
Гетеротиптік реакциялар дегеніміз әр түрлі түрлерге жататын дара
организмдер арасындағы озара әрекеітесулер болып табылады. Егер екі
популяцияның мүшесі бір-біріне жағымсыз әсер ететін болса, онда олардың
арасындағы катынастар бәсекелестік сипатта болады. Егер екі популяция бір-
біріне ықпал етпесе онда нейтрализм орын алады.
Екі жакқа бірдей пайда әкелетін қарым - қатынастар мутализмге
жатқызылады. Егер екі популяция бір бірінсіз өмір сүре алмайтын болса
бұндай қатынасты симбиоз дейді.
Комменсализм жағдайда бір популяция мүшесі бірлесіп тіршілік етуден пайда
табады, ал екінші түрдің популяциясы ешқандай пайда көрмейді. Түр ішіндегі
бәсекелестік түраралық бәсекелестікке карағанда катандау, дегенмен
бәсекелестік ережесі-соңғысынада қолданылады.

-

Екі түрдің мұхтаждыктары неғұрлым ұқсас болса, соғұрлым олардың арасындағы
бәсекелестік күшейеді және екі түр қатар тіршілік ете алмайды. Осы
тәуелділік бәсекелестілік арқылы жою принципі немесе Гаузе принципі деп
аталып, кейін заң дәрежесіне ие болды.(сур.-6.1 а,б)
Г. Гаузе экспернмент барысында екі турге жататын инфузорияларды
бөлек өсіріліен жағдайда олардың саны өзінің шегіне жеткенше арта береді
(сур.-6.1.а). Аралас өсірілген жагдайда (сур.-6.1.б) бірінші түрдің
популяциясы тезірек өседі сөйтіп екінші түрдің шектелуіне әкеліп соғады.
Егер бәсекслестік жағдайда өзгеріс болмаса, белгілі бір мезгіл уақыттан
кейін бірінші түрдің популяциясы екіншіні міндетті түрде қатардан
ығыстырады.
Осы сияқты фактілер экологиялық қуыс ұғымына жетелеп әкеледі.
Экологиялық куыс — организмнің тіршілік ету жағдайларына қояр
шарттарының жалпы жиынтығы, соның ішіне организмнің орналаскан кеңістігі,
атқаратын функциолналдық ролі және қоршаган орта факторларына тұрақтылығы
кіреді.
Түраралық бәсекелестің нәтіжесінде экологиялық куыстардың бөлінуі
экологиялық диверсификация деп аталады. Бұл кұбылыс өте күшті эқологиялық
фактор ролін атқарады. Бірге тіршілік етіп жаткан түрлер арасындағы
диверсификация көпшілік жағдайда мынадай үш параметр бойынша жүзеге
асырылады. Кеңістік орналасуы бойынша
Азықтық мамандануы бойынша
Активтілік мезгілі бойынша
Автотрофты организмдер (жасыл осімдіктер) — бейорганикалык ресурстарды
ассимиляциялап органикалык молекулаларды (белоктарды,
көмірсуларды.липиттерді) түзеді. Осы органикалық заттар жоғары энергиялы
ресурстарға мүқтаж организмдер, яғни гетеротрофтар үшін азыққа айналады.
Өсімдіктердің көректенуініц негізгі әдісі фотосинтез болып табылады.
Фотосинтез барысында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм инфрақұрылымының тұрақты дамуы экологиялық аспектілері
Кәсіпорынның экологиялық менеджменті
Экологиялық туризмнің қазіргі тұжырымдамасы жəне негізгі ұстанымдары
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері
Экотуризм бойынша халықаралық бағдарламалар
Ұлттық қауіпсіздік ұғымы
Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер бойынша жасасқан халықаралық шарттары
Қой терісінен жасалған велюрді өңдеу
ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Ұлттық қауіпсіздік түсінігі, мақсат құрамы
Пәндер