Ресейдегі 2002 жылы басталған зейнетақы реформасы іске аспады…



Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ресей

Ресейдегі 2002 жылы басталған зейнетақы реформасы іске аспады...

Оның мақсаты Ресейге кеңес уақыттарынан мұраға қалған бөліп таратушы
зейнетақы жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне біртіндеп көшу болды.
Жұмыс берушілерден біртұтас әлеуметтік салық ретінде жиналып алынатын
қаражаттардың бір бөлігі қазіргі қарттардың зейнетақыларын төлеуге
жіберілмесін, жұмыскерлердің жеке шоттарына жинала берсін деп шешім
қабылданған болатын. Ал болашақ зейнеткерлерге таңдау мүмкіндігі берілді:
оларға өз ақшаларын жекеменшік басқарушы компанияға, немесе мемлекеттік
емес зейнетақылық қорына беруге болады. Таңдауға қатысты бір тоқтамға келе
алмағандардың қаражаттары жалғыз мемлекеттік басқару компаниясы –
Внешэкономбанкке келіп түседі. Азаматтардың қартайған шағына қаражат
жинаумен қатар, зейнетақылық реформасының тағы да бір мақсаты бар еді, ол –
ресей экономикасын ұзақмерзімді қаражат салымдарымен қамтамасыз ету.

Бірақ сенімдер ақталмады. Азаматтардың барлығына дерлігі – 90%-дан астамы –
ынта көрсетпеді, ақшалардың бәрі Внешэкономбанктің шоттарында қала берді,
ол бұл ақшаларды тек сенімділігі жоғары құнды қағаздарға ғана сала алады.
Ақиқаты, экономикаға ақшалар түспеді, есесіне оларды мемлекет алып,
пайыздарымен қайтарып алу үшін қайда және неге саларын білмей басы қатты.
Мұнай бағасы мұндай үлкен қарқынмен көтеріліп, еңбекақылар өсіп жатқан
кезде елдегі зейнеткерлер әлі күнге дейін халықтың ең бір қорғалмаған тобы
болып қала беруде.

Шындығында Ресейдегі зейнетақы жүйесі тез арада реформалануы тиіс.
Шенеуніктер бұл мәселеге қатысты әрекеттерін бастап та үлгерген. Дмитрий
Медведев елдегі басталғалы тұрған зейнетақылық реформасы туралы сыбыстарды
растады, сонымен қатар оның басталу мерзімін де нақтылы анықтап берді, ол –
2008 жыл:

“Мен, біз зейнетақы жүйесін жетілдіруге міндеттіміз, біз азаматтарымыздың
басым көпшілігі алып отырған мардымсыз зейнетақыларын көтеруге міндеттіміз
деп, есептеймін. Бұл жүйені жетілдірудің негізгі бағыттары да түсінікті –
бұл зейнетақы жүйесіндегі сақтандыру принциптерінің әсерлерін жақсарту, бұл
біз федералдық бюджеттің ақша қаражаттарын, сондай-ақ азаматардың өздеріне,
болашақ зейнеткерлерге тиесілі ақша қаражаттарын, және, мүмкін, жұмыс
берушінің қаражаттарын тарту жолымен зейнетақы төлемдерін бірлесіп
қаржыландыру мүмкіндігін алған кездегі жинақтау механизмдерін дамыту. Сірә,
зейнетақы жүйесін жетілдірудің негізгі бағыты осы шығар. Бірақ, тағы да
қайталаймын: оны жетілдіру зейнетақыны жаппай көтерумен тығыз байланысты
болуға тиісті, қабылданған шешімдер бойынша бұған бүгін қолымыз жеткен де
сияқты ".

Дегенмен, Медведев былай деп мәлімдеген еді: Біз, ештеңені бүлдіріп алмас
үшін, бұл істі абайлап жүргізетін боламыз. Зейнетақы жүйесі шын мәнінде де
күрделі жүйе, тіпті ең күрделі жүйе десе де болады. Бірақ біз бұл жүйені
өзгертуге ниеттіміз

Ресейде зейнетақы алу жасы жоғарлай бермек

Капитал ЖЗҚ АҚ сарапшыларының берген бағасы бойынша, Ресейде әлемдегі ең
нашар зейнетақы жүйелерінің бірі жұмыс істеуде. Зейнетақылық жарналарының
жоғары болуына қарамастан, Ресейдегі зейнетақының еңбекақымен арақатынасы
салыстырып қарағандағы дамыған және дамып келе жатқан елдердегімен
салыстырғанда бір жарым-екі есеге төмен. Бұған қоса үкімет зейнетақының
қазіргі деңгейін де сақтап қала алмайтын сияқты: оның еңбекақыға салынатын
салықтарды екі-үш есеге көтеруіне немесе бюджеттік төлемдерді екі есеге
өсіруіне тура келеді, бұл іс жүзінде мүмкін емес. Мұндай қортындылар үкімет
комиссиясына ұсынылған биліктің маңайындағы Экономикалық сарапшылар тобының
(ЭСТ) есептерінен шығады. Сарапшылар Ресейдегі зейнетақы алу жасын 60–62
жасқа дейін көтеруге қолқа салып отыр. Дегенмен халықаралық салыстыруларға
қарап отырып бұл жасты төмендету керек екендігін көреміз, өйткені ресей
зейнеткерлері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының 1991-2001 жылдардағы экономикалық жағдайы
Қазақстан Республикасының валютасының даму перспективасы
Ақша реформасының маңыздылығы
Ақша жүйесінің элементтері мен ақша айналысы
1995 - 1999 жылдар аралығындағы экономикалық тұрақтану негізінде еліміздегі әлеуметтік мәселелерді шешудегі шаралар
Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы
Ақша реформасы және ақшаның табиғы ерекшеліктері
Ақша жүйесі және ақша айналымы. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы
Ақша реформасы жайлы мәлімет
Пәндер