Орта Азияны экономикалық бағындырудың тәсілдері



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Патша өкіметі Орта Азиядағы Хиуа хандығын басып алғаннан кейін, алынбаған
Түркмения ғана қалды. Мұнда патша өкіметінің ішкерілей енуі 60-жылдардың
аяғында басталды. 1869 жылы Красноводск қаласының негізі каланды. Бұл қала
Түркменияға жылжып кірудің ең үлкен базасы болды. 1877 жылы генерал Ломакин
Қызыл Арбатты басып алды, бірақ текеліктер оларды бұл жерден жылдам қуып
шықты.
Түркмения өзінің территориясы, табиғи байлығы жағынан, сонымен қатар
Англия басып алушыларына қарсы стратегиялық шабуыл жасау үшін де қолайлы
жер көрінді. Патша өкіметі Азияның бұл бөлігінде Англияны әлсіретуді
көздейді. Жаңа шабуыл 879 жылы генерал Лазаревтің басшылығымен басталады.
Осы жылдың тамыз айының ортасында ол өлгеннен кейін Түркмениядағы әскери
басшылық генерал Ломакинге берілді. 28 тамызда Ломакин Геок-Тепеге шабуыл
жасады, бірақ текеліктер бұл шабуылға шешуші тойтарыс берді. Орыс әскерлері
көп шығынға ұшырап, шегінуге мәжбүр болды. 1880 жылдың наурызында жаңа
экспедиция жасақталып, оның басшысы болып генерал Скобелев тағайындалды.
Оның 11 мың әскері, 97 зенбірегі қару-жарағы болды. Ломакиннің жеңілісін
ескере отырып, Скобелев елге қарай жайлап еніп отырды. Өз жолында ол
бекініс орнықтыра отырып, азық-түлік қорын қамтамасыз етті. Осы қорларына
сүйене отырып, Скобелев текеліктердің басты қорғаны Геок-Тепені қоршап
алды. 1878 жылы патша өкіметінің шабуылын жеңілдету үшін Красноводск
қаласына темір жол салынған болатын. Орыс әскерлерінің дайындығы мен жылжып
отыруы 1880 жылдың аяғына дейін созылды. Геок-Тепеге шабуыл 1880 жылдың
желтоқсанында басталды. Шабуылға дейін траншеялар мен окоптар қазылып,
қамалдың қабырғасына мина койылды.
Текеліктер патша өкіметінің әскерлеріне қарсы батыл карсыласқанымен, патша
әскерлерінің күші басым екендігі көрініп тұрды. 20 желтоқсанда орыс
әскерлері Геок-Тепе қамалыньгң бірден-бір қорғаны болған Янги қала-селосын
басып алды. Қамалдың ішінде 25 мың текеліктер, олардың әйелі, бала-шағасы
болды. 1881 жылы 12 каңтарда Скобелев шешуші шабуылын бастады. Текеліктер
орыс әскерлерімен батыл соғыса білді. Осы соғысты көзімен көрген дәрігер
Чербан былай деді:"Күркелердің арасында үйінділер өртеніп жатты. Текеліктер
арыстанша арпалысты". Бұдан кейін ол Геок-Тепені алар кездегі ауыр
көріністі былай суреттейді: "Есі кеткен әйелдер балаларын шұбыртып, бір
күркеден, екінші күркеге, жер үйлерге қарай ерсілі-қарсылы жүгірді. Айғай-
шу, жылаған қатты дауыстар, адамдардың ыңырсыған дауыстары, қару-жарақтың
дауысы, осының бәрі жағымсыз естіліп, адамдар жабайы аңдарға ұқсады". Қамал
алынғаннан кейін патша әскерлері қарапайым халыққа зорлық-зомбылық жасай
бастады. Олардың да әскері көп шығынға ұшырады. Түркмендер үлкен ерлікпен
қорғана білді. Геок-Тепе қамалы алынғаннан кейін түркмендердің өмірі күрт
өзгерді. 1881 жылы 18 қаңтарда Ашхабад қаласы алынды. Осы басып алынға
аудандардан Закаспий облысы құрылды. Орталығы Ашхабад каласы болды. Келесі
үш жылда бұл жерге Мерв және оңтүстік территориялар қосылды. Сөйтіп, бүкіл
Түркмения Ресейге бағынышты болды. Түркменияны басып алу Ресейді
ағылшындардың қол астындағы Ауған елімен шекаралас етті. Мұнан кейін Англия
мен Ресей арасындағы қарым-қатынас күрт нашарлады. Англия Ауған әміршісі
Абдурахманды Ресей отаршыларына қарсы соғысуға мәжбүр етті. Абдурахман
Пензі алқабына қарай қозғалды. Орыс әскерлері оған қарама-қарсы шықты.
Сөйтіп, 1880 жылы 18 наурызда соғыс басталып, ауғандықтар жеңіліске
ұшырады. Орыс әскерлерінің Гератқа қарай жолы ашылды, енді Герат орыс
әскерлерінің қол астында болды. Англия мобилизация жариялады. Олар өз
иеліктерін Ресейдің қол астына бергісі келмеді, бірақ соғыс болған жоқ,
Англия өздерінің табысқа жететініне күмәнданып, келіссөзге келісті.
1885жылы 10 қыркүйекте Петербург қаласында орыс-ағылшын келіссөзі
жүргізілді. Осы келісім бойынша,орыс-ауған шекаралары бекітілді. Ресей
бүкіл Пензі алқабы мен Кушка өзенін алды. Англия Ауған жеріндегі өз
күштерін нығайтты. Сөйтіп, екі отарлаушы мемлекет Орта Азиядан басып алған
жерлерін бөлісуге кірісті. 1895 жылы Ресейге Памир қосылды. Сонымен, Орта
Азия және онын аудандары түгелімен Ресей қол астына алынып, оның отарына
айналды.
Орта Азияны экономикалық бағындырудың тәсілдері: Ресейдің жаулап алуы
нәтижесінде Орта Азияда бірнеше облыстар құрылды. Олар: Сырдария, Ферғана,
Самарқанд, Закаспий, Жетісу облыстары, бұлардың барлығы Түркістан генерал-
губернаторлығының құрамына кірді. Жетісу облысы 1882 жылдан бастап қайтадан
құрылған Дала генерал-губернаторлығына кірді. Барлық жерде әскери
әкімшіліктер орнады. Оларды әскери тәсілдермен генерал-губернаторлар
басқарды. Ол барлық халықтардың тағдырын шешуші болды. Патша шенеуніктеріне
қарсы ешқандай арыздар мақсатына жете алмады. Осы жаулап алынған
облыстардың наместниктері, генерал-губернаторлары — басында Орта Азияға
жорық жасағандар еді. Халық қозғалысын тұншықтырушы және жаулап алушылар:
Кауфман, Черняев, Скобелев, Головачев, Куропаткин — Орта Азиялық
облыстардың алғашқы басшылары болды. Әскери және азаматтық шендер барлық
тәсілдермен сол жер халқын қысып, орыстардың орыс еместерге жаулығын
өршітті. Оларға өздерінің жиіркеніштерін білдіртті. Орыс шенеунікгері
жергілікті халықты талап, ең жақсы жер бөліктерін тартып алып, шаруаларға
сатты. Бұлар орыс сатиригі Щедрин бейнелеген сол баяғы ташкендіктер еді.
Шемеуніктер жергіліктілерге мәдениет сіңіруші деп саналды.
Орта Азиялық облыстарда басқа жердегі сияқты патшалық қатан тәртіп
орнады. Орынсыз пара алу, ұрлық күштеу орын алды. Оны орыс білгірлердің өзі
де мойындауына тура келді. Мысалы, 4-ші мемлекеттік Дума мүшесі, орыс өкілі
Мансуров 1916 жылы желтоқсанда Дума мәжілісінде орыс шенеуніктігіне және
Орта Азия жағдайына анықтама бере тұрып, былай деді: Мен өлкенің Ресейге
қосылғанынан 30 жыл өткеннен кейін келгенде сол жердегі шенеуніктердің
орнында тіпті өзгеше кастаны байқадым, оның алдында бәрі тағзым етуге тиіс,
каста өзіне-өзі разы және ол өлкенің жалғыз иесі сиякты еді.
ВКП (б)-ның қысқаша тарихында орыс патшалығының ұлттық саясатына
анықтама берген: Ұлттық облыстарда барлық дерлік мемлекеттік қызметтерде
орыс шенеуніктері отырған. Барлық жұмыс орындарында, сотта іс орыс тілінде
жүргізілді, ұлттық тілде газет-журнал, кітап шығартпауға, мектептерде ана
тілінде оқытпауға тырысты, орыс емес ұлттарды орыстандыру саясатын
жүргізді. Патшалық орыс емес ұлттардың қанаушысы және азаптаушы болды.
Жаулап алынған Орта Азияда 1867 жылы арнайы казак қоныстанушылары
құрылған, олар — Жетісу казак әскері және Орал казак әскері. Орал казактары
1875 жылы Қазалы және Сырдария облыстарында орналастырылды.
70 — 80-жылдары казак емес крестьяндар да көшіріле бастады. 90-жылдары
Түркістанға көшіру қозғалысы күш алды. Әсіресе көшіп келушілер саны XX
ғасырдың басында өте көбейді. Ресейдің тұрғылықты жерлерінеи Орта Азияға
көшіруде патшалық өкімет екі мақсат көздеді: бодан болған облыстарда көшіп
келушілер ішнен мықты тірек жасау, екіншіден, Орталық Ресей аудандарында
көшіп келушілердің тез орнығып кетуін көздеді. Патшалық Ресейдің шенеунігі
Кривошейн: Болашақ көшіп келушілер поселкелері кедей емес, бай болу
керек, - деді. Бұл патшалық жүргізген саясат.
1916 жылы Орта Азияға көшірілгендер саны 32000 шаруа отбасы, көшіру
негізінен көшпелі аудандарда жүргізілді. Жерлер тартып алынып, қоныс
аударушыларға берілді, 1906 жылы 136 жаңа көш 451988 десятина жерге ие
болды. Әрқайсысына 35 десятина жақсы жер тиесілі болып бөлінді. Бұл жерлер
негізінен суармалы еді. Осылайша Жетісу облысында суармалы жерлер 62,5
процентке жетті. Көшпенділерді көшіріп, сонымен жергіліктілерді
кедейлендіріп, патшалық көшіп келушілердің баюына жол ашты. Сөйтіп,
жергілікті халықты оларға жалдануға мәжбүр етті. Батырақтар, негізінен
көшіп келген казактарға жалданды. Осылайша көшіп келушілердің кейбіреулері
ірі жер иелеріне айналды. Ішкі істер министрлігінің арнайы тапсырмалары
жөніндегі шенеунігі Половцев 90-жылдар аяғындағы жағдай
туралы былай деді: Жергілікті адамдардың айтуынша, кейбір жеке үй иелері
200-ден астам десятина жерге ие болып, бірнеше қырғыздың арзан жұмысшыларын
ұстайды, сонымен қатар оларды 15 наурыздан 15 қарашаға дейін жалдайды.
Осындай жолмен патшалық қоныс аударушылар арасынан Орта Азиядағы өз
саясатына тіреу қалыптастырды. Әскери әкімшілік аппаратпен бірге
бодандаушылар патшалыққа бүкіл даланы билеуге мүмкіндік әперді. Бұған
жергілікті байлардан сайланған билік қосылды. Негізінен, олардың рөлі бос
және мақта өндіретін аудандарда еді. Орта Азия, негізінен, Ресейге — мақта
базасы және тауар өндіру көзіне айналды. Экономикалық жаулау саяси
жаулаудан кейін басталды. Экономикалық жаулауда темір жол құрылысы үлкен
рөл атқарды. Ал 1878 жылы Каспий жағалауынан Орта Азия түбіне дейін темір
жол салу құрылысы басталды. Жол Қызыл-Арбатқа, одан әрі Чарджоуға жетті.
Кейінгі уақытта Мервтен Кушкаға, Самарқанға. Ферғанаға, Ташкентке,
Әндіжанға дейін жетті. XX ғасырдың басында Орталық Азияда 2368 км темір жол
болды. Тауар алып келу және әкету артты. 1883 жылы Закаспий облысынан
467493 сомға тауар шығарылып, 1104 121 сомға шеттен әкелінді, Ал 1889 жылы,
яғни темір жол салынғаннан бір жыл өткен соң бұл облыстан 3 600 мың сомға
шығарылып, 6 млн.-ға жуық әкелінді. Орта Азия орыс өнеркәсібінің ірі өндіру
рыногына айналды. Түркменияны алғаннан кейін 15—20 жыл өткен соң сауда
қатынастарында осындай жетістіктер болды. Үлкен тауар кіргізу, сонымен
қатар Орта Азия пункттерінен өтіп, тауар айналысы осылай тез өсті.
Бірақ Орталық Азияның экономикалық маңызы - Ресейдін мақта өндіру базасы
болуында. 1884 жылы Ташкент округінде 300 десятин, ал 1887 жылы 17 мың
десятин мақта егілді. Жергілікті мақта түрі нашар болғандықтан, сапалы
Америка мақтасын өсіре бастады. Бұл тез арада мынадай көрсеткіштерге жетті.
Бүкіл орталық Азияда 1884 жылы 372 га, ал 1900 жылы 520 га өсті. Мақта
жинау да көтерілді. 1884 жылы Мәскеулік саудагер Кудрин алғаш 100 пұт, І890
жылы 2673 мың пүт, 1890— 1896 жылы 2.6-3,5 млн.пұт, ал 1907 жылы 10,7 млн.
пұт шығарып әкетті.
Түркістан мақта өндірісінің дамуына патшалық кеден саясаты әсер етті.
Шетел мақтасына кеден салығы өсіп отырды. 1878 жылы 1 пұттан 40 тиын, ал
1900 жылы 1 пұттан 4 сом алынатын болды. Бұл берілгендер Орталық Азияға
капитализмнің енуін көрсетеді.
Орта Азия рыногында көп тауардың пайда болуы жергілікті түрлі қол
өндірісін және патриархалды феодалдык тұрмысты жойды. Бұлар қол
өнершілердің мақта тазалайтын зауыттарға қара жұмыскер немесе жай батырақ
болуына алып келді. Капитал күші ескі шаруашылықты жойып, Орта Азияны
олемдік тауар
Т ү р к і м е н стан Республикасы — Орта Азияның оңтүстік-батысында
орналасқан тәуелсіз бейтарап мемлекет. Негізгі заңы — 1992 ж. 21 маусымда
қабылданған конституция. Мемлекеттің әрі атқарушы биліктің басшысы —
президент. Жоғары өкілетті органы — Халық маслихаты. Ол конституцияға
өзгерістер мен толықтырулар енгізу, бүкілхалықтық референдумдар өткізу,
мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік саяси дамуы негізгі бағыттары т.б.
туралы мәселелерді карайды. ІІІешім қабылдайды. Жоғары заң шығарушы органы
— Меджлис (парламент).Оның міндетіне Конституция және заңдарды қабылдау,
өзгерту олрды түсіндіру, Президент, Меджлис сайлауларын тағайындау,
министрлер кабинетінің бағдарламаларын мақұлдау, ел бюджетін бекіту, т.б.
қызметтері жатады. Сот билігі тек соттарға ғана тиемел. Түркіменстан
солтүстігі мен шығысында — Казақстанмен, Өзбекстанмен, оңтүстігінде —
Иранмен және Ауғанстанмен, батысында Каспий теңізімен шектеседі. Жер аумағы
— 488,1 мың км2, халқының саны — 4,567 млн. адам, олардың 45%-і — қалада,
55%-і ауылдық жерде тұрады (1996). Астанасы — Ашғабат қаласы 5 әкімшшілік-
экономикалық аймақ — Ахал, Балқан, Лебап, Марый және Дашховуз уәлаяттары
бар; олардың құрамына 20 қала, 46 аудан кіреді! Табиғаты. Түркіменстан —
Орта Азиядағы жер бедері ең жазық республика. Жері-
нің 45-і Тұран ойпатында (Қара-құм) орналаскдн. Оңт. бөлігін Ко-петдаг
тауының сілемдері мен төбешіктері, оңт.-шығысын — Па-ропамыз тау етегі
(Бадхыз бен Карабел шыңы) алып жатыр. Әму-дарияныи оң жағалауын Сүндүклі
шағылы көмкерген. Каспий теңізінің шығыс жағалауынан сортаң мен сусыма құм
қаптаған Батыс Түрікмен атырауы басталады. Қиыр шығысы Гиссар жотасының ең
биік жері — Күгитанг тауына (3139 м) тіреледі. Юшматы тым континенттік:
жазы ыстық, қысы жұмсақ, көктемі қысқа өрі ылғалды, күзі қуаң келеді.
Ауаның жылдық және тәуліктік температура амплитудалары өте жоғары. Қаңтар
айының орташа температурасы —5°С-тан (солт. шығысында) 4°-қа дейін (Атрек
маңында; ең төменгі температура — 32°С (Дашховуз облысында). Шілде айының
орташа температурасы 28°, 32°С, ең жог. температура 50°С (Репетекте). Т.
жеріне жылына орташа есеппен 76 мм-ден (Гарабогазгөл) 398 мм-ге дейін
(Копетдаг) жауын-шашын түседі. Топырағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Осман империясының құрылуы мен мәдениеті
Орта ғасырлардағы Tүркия
Осман империясының құрылуы
Қазақстанды зерттеген ғалымдардың еңбегі
Халықаралық терроризммен күресудің жаңа кезеңі
Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде. Алтын Орда
Қазақстанның мұнай өнеркәсібі және оның экологиясы
ХІХ ғасырдың 1-жартысындағы Ресей өкіметінің отаршылдық саясатына байланысты Қазақстанның экономикалық жағдайының өзгеруі
Қазақстандағы жекешелендіру кезеңдері, оның мәні, жүргізу әдістері
Жекешелендіру негіздері
Пәндер