Абайдың педагогикалық көз қарасы
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І.А.Құненбаевтың педагогикалық көз қарастары
1.1 Абайдың ағартушылың ой.пікірлерінің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2Абай шығармаларының жастарды тәрбиелеудегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3Оқушылардың ұлттың тәрбиесін қамтуда Абай шығармаларының маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.4Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.5Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі мен парасаттылығын арттыру ... ... ...19
ІІ.А.Құнанбаев мұраларының қазіргі мектептегі оқу тәрбие процесінде қолданудың әдістемелік жолдары
2.1 Оқу процессінде қолдану әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.2 Сыныптан тыс кезде қолдану әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Сан ғасырлық Абай поэзиясы, ел қамын жақтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.
Ол халықтың түбегейлі мүлдесін, арман-тілектерін оқу-білім қаншалықты терең үғып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік
қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында ақын үлкен творчестволық тұлға,қазақ халқының маңдай алды ақыны жүздеген поэзия туындыларының авторы,ұлы ойшыл ұстаз.
Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы - сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады.
Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп берді. Бірақ, ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана, білім-ғылым түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыр әріде жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы - ағартушылық көзқарасы қоғамның дамуындағы бір елеулі кезенді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді.
Курыстық жұмыстың мақсаты: Ұлы ақын Абайдың ағартушылық көзқарастары мен тәрбиелік идеаларын теориялық тұрғыдан талдау және зерттеу.
Курыстық жұмыстың міндеті:
-Абай шығармаларындағы тәрбие және ағартылушылыққа қатысты идеяларға талдау жасау.
-Абай туындыларын жинақтап,танысу.
-Абай шығармаларындағы ағартушылық көзқарастар мен тәрбиелік тағлымдарын практикада қолдану жолдарын көсету.
Зерттеу көзері: Зерттеуге байланысты поэзиялық туындылар,Абай шығармалары,мерзілімді басылмдағы материалдар мен басқа ғылымдардың Абай шығармашылығын зерттеу туралы еңбектері.
Зертеу әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты теориялық ғылыми әдебиеттер негізінде талдау,тұжырымдау және тәжірбиелік тұрғыдан салыстырмалы түрде зерттеу.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы:
Зерттеудің теориялық маңызы: Абай шығармаларын таныстыру, ағартушылық, тәрбиелік идеаларынның ерекшеліктерін көрсету,талдау оқырман қауымының ой- өрісін, тіл байлығын артыруға көмектесу.
Практикалық маңызы: Абай шығаршылықтарындағы ағартушылық және тәрбиелік идеаларды орта мектепте тәрбиелік және ашық сабақ өткізу кезінде пайдалану,ғылыми еңбекпен шұғылдануда көмекші құрал ретінде қолдану.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Жұмалиев Қ. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі. Алматы, 1948
2.Абай Құнанбайүлы. Толық жинақ. Қызылорда, 1933, 18-6.
3.ӘуезовМ.Уақыт және әдебиет. Алматы,1962, 371-бет.
4.Абай Құйанбайұлы. Толық жинақ. Қызылорда, 1933, 17-6.
5. Абайдың революцияға дейінгі басылған өлеңдері жайлы. «Жұлдыз»,
1963, № 5, 147—153-6.
6.Қазақтың халық жұмбақтары. Алматы, 1959, 6, 187-6.
7.Жұмалиев.К.Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай
позиясының тілі. Алматы, 1960.
8.Әуезов М. Абай Құнанбаев.-Қазақ әдебиетінің тарихы.Алматы, 2 том. 1961.
9.Исаев.С. Қазақ әдеби тілі тарихы.-А.1996.
10.ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі.-Астана,2000.
11.Келімбетов.Н. Қазақ әдебиет бастаулары.-А.2001.
12.Кенжебев.Б. Әдебиет белестері.-А1998.
13.Абайдың қара сөздері.-Алматы,1998.
14.Мақмұтов.А.Абай поэзиясының тілі.-Абай журналы.N4,2005.
15.Омаров Е.С. Казахстан - наследник империи гуннов. - Вестник университета "Кайнар", 1997, №2.~с. 33-35.
16. Тынышпаев М. История казахского народа. - Алматы, 3993.
17. Бержанов К.Б. Русско-казахское содружество в развитии про¬свещения. - Алма-Ата,1965.
187 Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана в 1917-1940гг.~ Алма-Ата, 1991.
19. Джуринский А.Н. Зарубежная школа: история и современность.-М.,1992.
20. Жарикбаев К.Б. Развитие психологической мысли в Казахстане. -Алма-Ата, 1968.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І.А.Құненбаевтың педагогикалық көз қарастары
1.1 Абайдың ағартушылың ой-пікірлерінің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..4
1.2Абай шығармаларының жастарды тәрбиелеудегі
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3Оқушылардың ұлттың тәрбиесін қамтуда Абай шығармаларының
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.4Нақыл сөздердің тәрбиелік
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.5Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі мен парасаттылығын
арттыру ... ... ...19
ІІ.А.Құнанбаев мұраларының қазіргі мектептегі оқу тәрбие процесінде
қолданудың әдістемелік жолдары
2.1 Оқу процессінде қолдану
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...21
2.2 Сыныптан тыс кезде қолдану
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .29
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Сан ғасырлық Абай поэзиясы, ел қамын жақтаған
жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай
орнының ерекше болуы тегін емес.
Ол халықтың түбегейлі мүлдесін, арман-тілектерін оқу-білім қаншалықты
терең үғып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік
қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында ақын үлкен творчестволық
тұлға,қазақ халқының маңдай алды ақыны жүздеген поэзия туындыларының
авторы,ұлы ойшыл ұстаз.
Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара
қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың
ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы - сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек
ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады.
Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы
ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық
бейнелеп берді. Бірақ, ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи
дәуірді танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана,
білім-ғылым түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыр әріде
жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы - ағартушылық көзқарасы қоғамның
дамуындағы бір елеулі кезенді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық
мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін
ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді.
Курыстық жұмыстың мақсаты: Ұлы ақын Абайдың ағартушылық көзқарастары мен
тәрбиелік идеаларын теориялық тұрғыдан талдау және зерттеу.
Курыстық жұмыстың міндеті:
-Абай шығармаларындағы тәрбие және ағартылушылыққа қатысты идеяларға
талдау жасау.
-Абай туындыларын жинақтап,танысу.
-Абай шығармаларындағы ағартушылық көзқарастар мен тәрбиелік тағлымдарын
практикада қолдану жолдарын көсету.
Зерттеу көзері: Зерттеуге байланысты поэзиялық туындылар,Абай
шығармалары,мерзілімді басылмдағы материалдар мен басқа ғылымдардың Абай
шығармашылығын зерттеу туралы еңбектері.
Зертеу әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты теориялық ғылыми
әдебиеттер негізінде талдау,тұжырымдау және тәжірбиелік тұрғыдан
салыстырмалы түрде зерттеу.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы:
Зерттеудің теориялық маңызы: Абай шығармаларын таныстыру, ағартушылық,
тәрбиелік идеаларынның ерекшеліктерін көрсету,талдау оқырман қауымының ой-
өрісін, тіл байлығын артыруға көмектесу.
Практикалық маңызы: Абай шығаршылықтарындағы ағартушылық және тәрбиелік
идеаларды орта мектепте тәрбиелік және ашық сабақ өткізу кезінде
пайдалану,ғылыми еңбекпен шұғылдануда көмекші құрал ретінде қолдану.
1.1 Абайдың ағартушылың ой-пікірлерінің маңызы
Абай — Семей өңіріндегі алғашқы мәдени-ағарту ошақтарының
ұйымдастырылуына ұйытқы бола жүріп, сол кездегі білім беру жүйесінің
көптеген мәселелерімен танысты, педагогиканың қыр-сырына қанықты. Әсіресе
екі қоғамдық ұйымның жергілікті кітапханалар мен музейлерді жабдықтауға
араластырылуы, соған сай көптеген ғылыми басылымдар мен құнды деректердің
жинақталуы көп септігін тигізді.
Ұстаз сөзінің биік мағынасы Абай-ағартушыға өте орынды айтылған. Абай
халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік
қажет еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-
жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиетгердің асыл үлгілерін жырымен де,
ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық тұғырдары
педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін
нағыз азамат — "Толық адам" етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған.
Ұлы ұстаздың ағартушылық көзқарастарының алтын дінгегі — адам тәрбиесі,
содан туындайтын бүкіл халық тәрбиесі. Қазақ халқының болашағы оның өз
бетінше ел болуына, саяси бостандығына қол жеткізуіне, экономикалық және
мәдени кешеулеуден шығуына, қарңғылық пен кедейшіліктен құтылуына апаратын
бірден-бір жол — бүкіл елдің сауатын ашу, жастарды адамгершілікке
тәрбиелеу, өнер мен еңбекке баулу деп анық айтты. Ақыл-ойдың, сауаттылықтың
дамуы үшін дүниеге шын көзбен қарап нақтылы сезінудің қажеттігін барынша
қорғап бақты. Әрбір жас адам ақыл-ойдың, мидың, жүрек пен сезімнің күшін
пайдаланып, өз елінің "кетігін" бітейтін "кірпіш" болса деп армандайды.
Абай қоғамның тәрбиесі жеке адамнан басталатынын көрсетті. Өйткені
"адам түзелмей заман түзелмейді" деп ашық айтып, тобырдың ішінде тұлға
жүрмесе мәнінен айрылатынын мегзеп "не болады өңкей нөл" деп налыды.
Сонда адам мұраты мен халық мүддесін ұштастыратын тәрбиедегі басты
нұсқа қандай десек, ұлы ақын ақыл сенбейтін іске сенбе, ондай іске кіріспе,
әуелі білім, ғылым, өнер жолын таңдап алып "естілерден үлгі ал, еңбекпен
ғана мал тап" деп жол сілтейді. Осындай адамдары бар елдің келбеіі түзік
болатыны хақ.
Ұлы ұстаз жан-жақты, кемел тәрбиелі адам ғана "толық адам" санатына
қосылады деп есептейді. Ал кемелдікке жетудің тура жолы — адам бойында
имандылық қасиеттердің туындауынан басгалады. Тәрбиенің қалған түрлері —
адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, дене тәрбиесі, бәрі де осыңдай мұсылмаңдыққа
ден қойған жастың бойына тез үйірімді деп пайымдайды. Ол оз заманындағы
мекгеп медреселердің қызметіне көңілі тоймайтындығын үнемі байқатып
отырады. Әсіресе, дүмше молдалардың баланы бұрыс уағыздап, теріс жолға
салатынын айта келе, ұстаздың тұлғасын ерекше жоғары қояды, оларға үлкен
сеніммен қарайды.
Абайдың ұстаздық ойларының ішінде білімді өмір бойы игеру, оны кітаптан
іздеу, өз бетінше оқу, естіп білгенді есте сақтау мәселелері айқын көрініс
дамытқан. Өз басындағы тәжірибесі болар, Абай әр шәкірттің өзін өзі ғылым
мен білімге жетелейтін жолдарын көбірек сөз етеді.
Нәресте дүниеге келгенде-ақ оның бойында екі құмар-лықтың - "тән және
жан құмарлығының" бірге болатыны, соның соңғысын — "білсем екеи, көрсем
екен, үйренсем екен" деп бөледі. Дәл осының өзі ойшылдың педагогакалық
көргендігіне айқын мысал. Білімді игерудің негізігі үш сатысы — кез келген
жаңалықіъі білудің естуден басталатыны оны түсіну үшін әр шәкірт өзі не
оқып, не көру қажет екендігін, ал содан соң барып қажетгі жерді пайдалануды
үйрететінін айқындап беріп тұр. Әрі бұл оқудың сапасын анықтайтын білім,
білік дағдымен де сәйкес келеді.
Жалпы, ағартушы ретінде Абай білім алу жолын нобайлап айтпайды, оның
қалай оқу керек, ал меңгерген білімді қалай өмірде қолданып, жүзеге асыруға
болатындығы жөнінде ойлары осы заманғы педагогика тұрғысынан өте орынды,
әрі байыпты. Білім шәкіртке сөз арқылы беріледі әрі ақын ретінде Абай
көбіне сөз қүдіретіне жүгінеді. Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез
- дей келе ұлы ақын білімнің нұрлы сырын көруге "Жүрегі-айна, көңілі-ояу",
көкірегінде көзі бар, ынталы, сөзді баяу тыңдайтын шәкіртті іздейді. Ол
бұрыннан да ізденгіш, "өз өнері таяу тұрған", сөзді тез ұғатын болса тіпті
ғанибет. Абайдың айтуынша, адамның білімге қүштарлығы оны тәрбиелі етеді.
Ақын ел қамы үшін емес, өз қамы үшін, елді бірлестіру үшін емес,
араздастыру үшін оқитын, оына "я тілмаш, я адвокат болу" ғана жүрген
жастарды сынап, ғалым болу үшін ғана емес, сол алған білімін туған халқының
мәдениетін, экономикасын, сана-сезімін көтеру үшін жұмсауға шақырады. Ойшыл
ақын ғылымды үйренушілерді екі топқа бөледі. Бірі — білімді ақиқатгы .тану,
азамат болу үшін үйренушілер де, екіншісі — бақастық, яғни біреуден озу,
артық болу мақсатын көздеушілер. Ақын ғылым жолын қалаган жастарға ғылымды
жеке басының қамы, бақастық үшін емес, халқына адал қызмет ететін жан-жақты
жетілген, білімді — "толық адам" болып шығу үшін үйренуге ақыл айтып:
"үйреніп жеткенше осы да болады ғой деи тоқтамай, үйрене беру керек. Кімде-
кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны құдай ұрды, ғибадат
болмайды" деп, оларға тынбай талаптануға, үздіксіз ізденуге кеңес береді.
Абай қазақ жастарын желөкпе, әр нәрсеге көрсеқызар болмай, өнерді үйренуге,
табиғатгы тануға, ғылыми көзқарасқа негізделген тиянақты білім алуға
үндеді. Ол оқу-ағарту саласындағы таитық, ұлттық және мүліктік шекгеулерге
қарсы шығып, оқьггудың ана тілінде жүргі-зілуіне баса назар аударды. Ол
жеке адамның қалыптасуына оқу-ағарту ісін ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесімен
тығыз сабақтастыра. Ақын түсінігіиде адамгершілік тәрбиені құрайтын
қасиеттер: адам баласын сүю, адамдардың бір-біріне адал, мейірімді және
бірлік, ынтымақта болуы. Ол адамгершілікке баулуда жастардың сол замандағы
мінез-құлық ақымақтарын өз бойларынан өздетіп, олардан арылуға, өзін-өзі
тәрбиелеуге өсиет етті. Жасөспірімдердің мінез-құлық, адамгершілік
тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген Абай:
Тез үйреніп, тез жойма, жас уақытта көңіл гүлдеп, жас баланы
тәрбиелеуді өте ерте қолға алып, олардың дақ түспеген санасына ізгі
қасиеттерді еге білу қажеттігін ескертеді. Ол өзі өмір сүрген әлеуметтік
ортада орын алған бес түрлі зиянды мінез-құлықтан адам боламын деген әрбір
жасөспірімнің сақтану керектігін ашық айтады.
Адам өзіне-өзі сыншы болу керек: "Егер есті кісілердің қатарында болғың
келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір
өзіннең есеп ал", - деген Абай тұжырымы жастардың қоғам алдындағы
жауапкершілігін арттырып, олардың бойында өзіне деген берік сенімін
қалыптастырады.
Ойшыл ақын адамдар арасындағы адалдық пен сезім тазалығына негізделген
шынайы достық пен жолдастықты жоғары бағалады. Достық бағзы заманнан бері
адамзатпен бірге жасалып келе жатқан жасампаз ұғымдардың қатарына жатады.
Ол туралы әр ұрпақ заман шындығы мен талабына орай ой қорытты. Абай
Диуанидың достықтың табиғаты мен негізгі өлшемі жайлы айтқан пайымдауларын
жүйелі тұжырымдармен байытып, достықтың мәнін кең тұрғыдан терең түсіндіріп
берді.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым, етек басты көп көрдім елден бірақ -
деп, озі есксрткендей, заманында достық пен қастықты, әділдік пен қияиатты
басынан мол кешіріп, өмір талқысы ой салған Абай өзі қастерлеп, ардақтағаи
достық пен жолдастықты келер ұрпаққа өсиет етіп жеткізуді азаматтық борышым
деп білді. Ақын әділетсіздік жайлағаи феодалдық қоғамдағы достықтың өлшемі
— малы үшін, күні үшін жағым-иазданып, екіжүзділік жасау деи түсінетін
жалған достықты жеріне жеткізе сынайды.
"Жаман тату қазады өзіне ор.
Оған сенсең бір күні боларсың қор" — деп жалған достықтың бет пердесін
әшкерелеп, жастарды жағымсыз жалған қылықтан сақтандырады. Ақын нағыз адал,
шынайы достықтың қүдіретті күшіне терең талдау жасайды. Ол-құрбы-қүрдас,
дос-жолдас болып жүріп, козі жоқ жерде жолдасын жамандап, келеке ететін
екіжүзді залымдарды сынға алып, оларға адал достық пен шынайы жолдастықты
қарама-қарсы қояды. Ойшыл ақын жастарды адамгершілікке тәрбиелеуде
гуманизм, отаншылдық және интернационализм принцинтеріне достықты,
әділеттілік пен мейірімділікті негізгі қазық етіп алады. Абайдың ұлттар
достығы, интернационалдық тәрбие жайлы ойлары оз халқына деген
сүйіспеншілік сезімінен туындады. Көршілес халықтардың озық дәстүрлеріне,
жетістіктеріне үңіле қарап, соларды үлгі-өнеге тұтты. Озық ойлы ақыл-ой
иелерінің шығармаларын қазақ тіліне аударыи, жақсы тәлім-тәрбие үлгілеріи
батыл насихаттады. Жастарды адамгершілік рухында тәрбиелеп, оларға ғылым
мен білімге бастар жолды көрсете отырыи, ақын бұл мәселелердің шешімі
еңбекте деп білді. Ол еңбектің адам мен қоғам өмірінде алатын қызметіне зор
мән берді. Абай шығармалары олардың әр түрлі кәсіпті еркін меңгеруіне ықпал
етіп, еңбекті тиімді ұйымдастыру жолдарына баулыды.
Абай жастарды еңбекке баулуда күнделікті отбасы тәрбиесіне, ата-ананың
жауапкершілігіне ерекше мән берді. Баланың болашағына жауапкершілік алдымен
әкеге жүкгелетінін ескеріп, әкенің ақылы мен ықпалы болмай адал еңбекке,
мағыналы өмірге дұрыс баулу, жас жеткіншектің бойында адамгершілік
қасиеттерді қалыптастыру мүмкін еместігін атап көрсетті. Сондықтан баланы
ұлағатты азамат - "толық адам" етіп тәрбиелеу үшін ата-аналарының өздерінің
сан дәрежеге сай, үлгілі, өнегелі болуын талап етті. Ойшыл ақын әкенің ізгі
қасиетгері — оның адамгершілік, еңбек сүйгіштігі отбасы, жарына деген
сүйіспеншілік сезімі үй-ішін нұрландырып тұрса, ері
ақылды, әйелі мінезді боп, тату болса, үстіндегі үй жұмаққа
айналып, бала жақсы мінезге, асыл қасиетке тәрбиеленс алаты-
нын атап өтті. Керісінше, ақын өз отбасынап суынып, ел кезіп,
қыдырымпаздыққа салынған, өз үйінің шырқын бұзған, бала
тәрбиесіне мән бермейтін әкелерді сынға алады. Абай бала
келешегіне қамқоршы ұстазы - әке деп білумен қатар ұрпақ
тәрбиелеудегі ананың орнын да ерекше бағалады. Өз анасы
Ұлжан мен әжесі Зеренің құшағында болып, қос мейірім бұла-
ғынан сусындап өсуі оның ана қасиетін биік тұғырдан тануына
игі әсер етті. Аналық мейірім арқылы берілетін нәзік те пәк
адамгершілік асыл қасиетті ерекше қастерлеуі. Ананы өз
баласының алғашқы ең аяулы тәрбиешісі деп білді. Қыз баланың
тәрбиесіндегі ана тәлімінің ықпалына Абай педагогикалық тұр-
ғыдан жан-жақты талдау жасап, өрелі тұжырымдар айтты. Ол
қыз балаларды жұбайылық өмірге балғын шақта, жинақы болып
жүріп, тұрмыс құрған соң берекесі кетіп, салақ әйел атануы,
әсіресе қарекетсіз оскен бай қыздарының жастайынан еңбекке
етене баулынбағанынан деп білді. Сондықтан аналарға қыз бала
тәрбиесінде ұлтгық дәстүрді басшылыққа алуды ұсынады. Халық
тәрбиесінде абзал аналар есейе бастаған қыз балаларына іс
тіктіріп, үй шаруасына үйреткен. Осындай аналарды Абай қатты
құрметтеп, қалындық іздеген жігітгерге тәрбиелі ананың қызына
көз салуды ескертті. Бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін
жинақтаған қыз балаларды болашақ көтерілер шаңырақтың берік
қазығы деп есептеді. Болашақ отау құру мәселесінде қыз бала-
лардың ақылды, білімді болуына ерекше мән берді. Ол өзінің
қызы Күлбаданның сауатты болуын қолдады. Ең болмағанда
хат танып, оқу-жазуды игеру керектігін ескертті, маңайындағы
адамдардың қыз балаларының сауатын аштырып, өлең-жыр
көшіртіп, ән мен музыкаға баулыды. Ол тұрмыс құрар жастарға
қалындықты көркі мен сымбатына ғана қарап бағаламай, оның
адамгершілік қасиетіне, ішкі жан-дүниесіне, ақыл-парасатына,
көргендігі мен тәрбиелігіне көңіл бөлу керектігін ерекше атап
көрсетті. Абай болашақ отау құрушы жастарға жұбайлық өмірдің
елеулі қиындықтары да болатынын, ол қиындықты жеңуге
алдын-ала әзірлеу керектігін ескертті.
1.2Абай шығармаларының жастарды тәрбиелеудегі рөлі
Абай Құнанбаев жастардың жалынды ақылшысы болды. Оның шығармаларының
барлығы дерлік ғибратты тәрбиелік сипатта келіп отырады. Абайдың
пікірлерінің көпшілігінен-ақ жастарды тәрбиелеу, оқыту жөнінде айтьшған
методикалық және дидактикалық қағидаларды табуға болады. Мұның үстіне Абай
соның бәрін терең психологиялық дәлелдермен баяндайды.
Абай Құнанбаев адам жанының нәзік сыршысы, терең білгірі болды. Өзінің
көптеген өлеңдері ұлы сөз ұстазы адамдардың психологиялық көңіл-күйінің
ерекшеліктерін айрықша шеберлікнен аша білуі әлде қалай емес.
Өз шығармаларының көпшілігінде Абайдың қазақ халқының ортасында орын
тепкеи надандық пен мешеулікке қарсы күрескенін жоғарыда айтгық. Ол өз
шығармаларында халық ішіндегі қарны тоқтарға, қайғысы жоқтарға, рухани
азықты ұмытқандарға, еңбексіз мал тауып, біреудің есесінен байғысы
келетіндерге, тоғышарлық өмірдің, думан-тойдың қызығына белшесінен
батқандарға, жағымпаздықпен, жаламен ұлықтардан мақтау алғысы келетін шен-
шекпен құмарларға қарсы күреске аттаңды.
Адал еңбектен бойын аулақ салып, өтірік-өсекпен, аста-төкпен өмір сүрген
адамдарда ақын қатты түйреи отырды; ауылдан-ауылға қыдырып, думан мен сөз
қуып жүретін еңбексіз жандарды, ақыл мен адамшылықтан безгендерді, өзі
білмей, білгеннің тілін алмай өткен керенау-кербездерді, сырты бүтін
болғанмен іші түтін халыққа қас адамдарды, мақтан үшін, мансап үшін, ұлық
болғысы келетіндерді ақын өлтіре шенейді. Наданға арзан, ақылды құлаққа
ілмек. Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек, - дейді Абай.
Ұлы ағартушы өз айналасында болып жатқан барлық әділетсіздікті, отірік
пен алдауды, жаулықты, надандылық пен қараңғылықты көрді, мұның бәрі қазақ
халқын орға жығады, жас ұрпақтардың тәрбиесіне теріс ықпал тигізеді деп
білді, ал ұлы ағартушының бар үміті — жастар еді, сондықтан ол халықты,
әсіресе жастарды адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу жолында күресіп, бар
дауыспен қараңғылыққа, ескілікке қарсы майданға шықты. Адамгершілік деген
ұғым оның әрбір шығармасынан дерлік айқын және күшті түрде қорініп отырады.
Ол адамгершіліктің жаулары — дәулетгілерді ұлы тілмен түйреп, келеке етеді,
ал жастарды өздерін жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге шақырады,
ал адамгершілік қасиеттер дегеніміз білім алумен, өнімді адал еңбек етумен
ғана пайда болады.
Әр алуан айла-шарықпен әуес болып, еңбекке қырсыз қарап жүрген жастарды
көріп, ол бұлардың келешегінен қауіптенеді ("Өкінішті көп өмір кеткен
өтіп'1 деген өлеңінен қараңыз), сенімі жоқ, серменде, жалқаулыққа, өтірік
пен мақтанға берілген, адамдық қасиеттерден ат-тонын ала қашқан
бозбалаларды қатты шенейді.
Надандарды Абай терең ойы жоқ, қайраты жоқ, басқаның ақылымен, айтуымен
күн көрген, терін сатпай телміріп көзін сатқан, қамсыз, бейшара таяз ойлы
адамдар ретінде сипаттайды. "Қайнайды қаиың, ашиды жаның,мінездерін
көргенде" деп олар үшін өкініш білдіреді. Осы бір арсыз падандар, дейді ол,
білім бергісі келген, мінездерін түзегісі келген ақылдан теріс айналады,
ондай ақылды салқын тыңдайды. Басында миы жоқ, өзінде ой жоқ адам адамшылық
ақылды арзан санайды. Өтірік-өсек тарату, тіреуді аяқтан шалып жығу —
бұлардың кәсібі осындай дейді Абай. Ол жастарга пайдалы кәсіппен
шұғылдануға кеңес береді, мұндай кәсіптің материалдық жағынан да, рухани
жағынан да адамға беретін игілігі көп деп біледі. Қастаншыл, жікшіл болма,
бос белбеу іссіздіктен, қамсыздықтан бойындағы қашыр, ерінбей еңбек істе-
міне ұлы ағартушының айтқандары осындай. Осы жөніндегі ойын ол "Сегіз аяқ"
деген өлеңінде былай баяндайды:
... Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде.
Адал бол, бай тап,
Адам бол, мал тап,
Қуансаң, қуан сол кезде...
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын,
Таласын босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып, құрып барасың;
Өтірік шағым болды ғой,
Өкінер уақытың болды ғой... абайша айтқанда да, еңбек сүйгіштік —
адамгершілік қасиет, сол себепті адам болғысы келген жанның бәрі де адал
еңбек істеулері керек. Тек еңбек қана адамды адам етеді, материалдық
молшылық жасайды, рухани қайрат береді.
Абай былай дейді: "Егер еңбек етпесең - онда сен телмірумен өтесің,
қарынынды да, көңіліңді де жүұата алмайсың. Тек еңбек қана саған абырой мен
құрмет әпереді. Еңбекте кірлі жұмыс жоқ, несімен болса да бой тартпа."
Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,
Еңбек қылмас еріншек адам болмас.
Есек көтін жусаң да мал тауып кел,
Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас.
Қулық, сұмдық, ұрлықнен мал жиылмас.
Сүм нәзсің үйір болса тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмассың ондай істен,
Мал кетср, мазаң кетер, ар бұйырмас.
Асаған, ұрттағанға өз жұбанар,
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы сықылды тез суалар.
Әралуан қолөнершілік, егіншілік пен оқу, білім алу — осының бәрін Абай
нағыз пайдалы еңбек деп санайды. Осылармен шұғылдануға жастарды шақырады
да.
Жас адамдардың бастапқыда әлі таза тұрған, ешнорсемеп кірлемеген жаны
әрнеге сенгіш болатынын айта келіп, Абай оларды надандықтың, азғындық нен
кеселдің дергті ықпалдарынан сақтап қалуға тырысады.
"Жас өспірім замандас қапа қылды (1894) деген өлеңінде ақын жастардың бір
бөлігінде сабыр, ар жоқ, аял жоқ, өнерлі іске икем жоқ деп мазаланады.
"Жамандық, жақсылықпен оған бір бәс" — дейді ол. Олардың пайдалы еңбекке
қабілетсіз, біліміе ынтасыз екенін, еңбек емес, еппен тұрғысы келетінін
айтады. Өзінің көптеген шығармаларында, әсіресе сүйікті ұлы Абдрахманның,
інісі Оспанның өлімдеріне байланысты жазған өлеңдерінде, "Жігптер, ойын
арзан, күлкі қымбат", "Интернатга", "Сегіз аяқ", "Көзінен басқа ойы жоқ",
"Жастықтың оты жалындап", "Жас өспірім замандас қапа қылды", "Сенбе жұртқа
тұрса да қанша мақтап", "Ұяламын дегені көңіл үшін" деген өлеңдерінде және
басқаларында, ғақлия сөздерінде Абай патриотизмнің, ерліктің, табандылық
пен қайсарлықтың, адамгершіліктің, адалдық пен шыншылдықтың,
кішіпейілдіктің, еңбек сүйгіштіктің, білімге құмарлықтың, ақыл-парасаттың
уағыз-даушысы болып көзге түседі.
Туған еліне қызмет етуді Абай өз өмірінің басты мағынасы деп білді;
туған елі мен халқының ұлы мұраты үшін ол "махаббат ғадауатпен
майдандасқан" зор күреске аттанды.
Абайдың достық туралы пікірлері оның адамгершілік гуманизм идеяларымен
тығыз байланысты. Абай адамның бәрі бірдей, оның туысы, өлімі — бәрі бір.
Олардың айырмасы ақылында, мінезінде деп бағалайды; басқа дәулет дәрежемен
оздым деу бос кеуде керушілік, орынсыз және надандық деп біледі.
Адам өмірінде достықтың зор маңызы бар. Ақын Абай таластартыс, ру аралық
қақтығыс қазақ халқын тозғындатады деп білді. Еркіндік иен шындыққа қазақ
халқы бір жағадан бас, бір жеңнеи қол шығарғандай достықпен ғана жете алады
деді ол.
Ол жастарға әділ достықты, қалтқысыз, бүкпесіз достықты тіледі. Достық -
өзара сыйластық, өзара сенім, өзара берілгендік, адалдық деп білді.
Бірақ досты таңдай білу керек дейді Абай, дос дегенің қас болып шығып,
өмірлік өкінішке қалып жүрме. Кейбір достар — уақытша дос, ондайлар бүгін
дос, өйткені сен жақсы жайдасың; ертең дос емес, өйткепі сентығырықта,
сәтсіздік үстінде тұрсың; мұндайлардың достығы — сатымсақ достық. Жаман дос
— көлеңке, басынды күн шалса, қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт алса,
іздеп таба алмайсың, сондықтан жылмаңдыққа сеніп, қаиы қалма, бір күндікті
дос деп білме. "Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас; қайғысыздан сақ
бол, қайғылыға жақ бол" дейді Абай өзінің мақал болын кеткен атақты 38-ші
сөзінде.
Жаман дос сенің сеніміңді пайдаланып, өзіңе ор қазады, отқа итермелейді.
Тек ары бар, ұяты бар жанға ғана сену керек. Баянсыз дос жөнінде ақын былай
деген:
Кей құрбы бүгін тату, ертең бату,
Тілеуі, жақындығы бәрі сату.
Көкірегінде қаяу жоқ, қиянат жоқ,
Қажымас, қайта айнымас, қайран тату.
Ақынның өз басы өмірінде дүшпанның айла-амалын көп кездестірді, халық
сүйген ақынды халықтың дұшпандары — дәулет иелері көре алмады, оны мерт
етуді талай ойлады, сондықтаи Абай пасық жандар туралы өлеңдерінде ерекше
күймен айтады.
Ақын балалар достығының ерекшеліктері туралы да айтқан. Ол былай деген:
балаларда нағыз достық болмайды, олардың достасуы да, бұзылысуы да оңай.
Сондықтан, көбінесе болатынындай, балалардың ұрыс-қағысына араласу, есесі
кеткеніие болысу дұрыс емес. Балалар ауыр ой мен қайғыдан аулақ, олар
кіммен болса да достаса кетеді. Балалықта қиял жақын болып
көрінеді, қуаныш та, қызық та, құмарлық ташектен тыс мол болады. Жалпы
адамды ізгілікке тәрбиелеудің ерекше белгілерінің бірі кішіпейілдік деп
білді Абай.
Мақтаншақтық - адамның жауы, ол теріс жолға салады. Мақтаншақтық -
надандық белгісі. Кішіпейіл болу керек, шеңберден шықиау қажет, артық
айтып, семіз шық; азга қанағат қыл — міне Абай кеңесі осындай.
Абай өз шығармаларында бір адамға қажет болатын жақсы өсиеттерді
тізіп береді. Ол қасиеттер — адалдық, ақылды іс, батылдық, орынды өжетік,
білмекке құмарлық, ғылымға құнықтық; қайрат-жігердің жастық дәрежеде болуы,
ақыл-ойдың егделігі, пікір-ой мен дүние танудың өрістілігі. "Досқа — жылы
көктемдей, жауға-суық аяздай болу" - міне Абай ұраны осындай. Ақын жастарды
тәрбиелеуде әдебиеттің, ең алдымен поэзияның көрнекті орын алатынын да
айтты. Бірақ поэзияның тәрбиелік маңызы болу үшін оның тек көркем жазылуы
жеткіліксіз, ол сонымен қатар әр адамға түсінікті де болып, тілге жеңіл,
жүрекке тиіп келуі керек.
Ұлы ақын Абай қараңғылық жайлаған сахарада түнерген түндегі жанған оттай
жарқырап, жол көрсетті. Ол нағыз адам мұратын қалыптастырып қана қойған
жоқ, сонымен бірге ол осы мақсатқа жетудің шынайы жолын көрсетіп берді.
Сондай-ақ ол мұрат пен шындықтың қатынасы туралы ой тербеді. Ойшыл өмірінде
мұрат пен шындық әрқашан дәл келе бермейтінін жақсы түсінді. Осыған қарамай
ол нағыз адам ұғымынан тым алшақ эмприкалық өмір сүруші шынайы адамды сын
тезіне салды. Нағыз адамды, білімділік, ақылдылық, біліктілік, ғылым
сүйгіштік қасиеттер анықтаса, шынайы адам сүйкімсіз, ойлаудан, ғылымнан
жырақ. Егер мұраттағы адам иманды, қарызы мен парызын түсінетін болса,
шынайы адам келеңсіз қасиеттен арылмаған. Егер нағыз адам белсенді қызмет
еңбегіне арқа сүйей алса, ал шынайы адам жалқау, іссіз, жатыпішер. Міне,
сондықтан Абай шынайы өмір сүруші адамды, замандастарын жан-жақты
әшкерелеуді, сынауды адамзаттық парыз санады.
1.3Оқушылардың ұлттың тәрбиесін қамтуда Абай шығармаларының маңыздылығы
Қазақ халқының өте әрідегі ата-балаларының өмір сүрген кезінен бастау
алып күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі —
халықтық педагогика. Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәрбиесі
және өндірістік білім, дағды, шеберлікгерді ұрпақтан ұрпаққа қалдыру.
Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесіиде жас буын
жадыыа біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәмілдер ие
болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне
байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда ақыл-ой
тәрбиесі, өлең, жыр-дастандарда - әсемдік (эстетикалық) тәрбиесінің негізгі
принциптері, ал ертегілер — халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін
қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылган. Демек, халықтық
педагогика - тәлім-тәрбиелік, ой-пікірдің ілгі бастауы, халықтың рухани
мұрасы.
Халықтық педагогикамен қатар "этнопедагогика" дейтін атау да жиі
қолданылады. Этноиедагогика — халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжерибесін
қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипатгағы ғылым саласы. Ол халықтық
педагогиканы ғылыми педагогикамен байланыстырып отыратын өткел іспеттес
ғылым. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен
батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешен-дік сөздер мен айтыс-
термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің
негізгі түйіні — адамгершілік, имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене,
отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.
Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары
(ясли, балалар бақшасы, т.б.) болмаса да өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен
бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп
отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған ортаның құпиясын ғылыми
тұрғыдан сезініп білмесе де, жапан дүзде жолсыз жерлермен жүлдыздарға,
түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан-ақ есту, көру сезімдері
шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшіл де, құралайды көзге
атып түсіретін мерген де болған. Кәсібі, тіршілігі мал щаруашылығына
байланысты болғандықтан, бала 5-6 жасынан-ақ ат құлағында ойнай бастайды.
Оқусыз-ақ бір есіткенін қалтықсыз есте сақтайтын қабілеті күшті, әңгімеге
үйір көшпелі халықтың баласы небір қызық ертегілерді, жыр-дастандарды
жаттап алады. өз өнерінің әдемі кестелері олардың сөйлеу қорын байытып,
мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра беретін. Халықтық шығармалар ішіндегі
әржақты айқын бейне, қызықты оқиға, әдемі қисын, жақсы ұйқас — бәрі-бәрі
балаларды қуантып, еліктіре әсер етіп, ой-пікірін шыңдап отырған.
Қазақ отбасында тәрбие ісі негізінен басты-басты сегіз түрлі мәселені
қамтыған. Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген,
әке-шеше баласына "әдепті бол" дегенді басты міндет етіп қойған. Екіншіден,
олар баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген. Үшіншіден, тіл
алғыш, елгезек болуға баулыған. Төртіншіден, адал, шыншыл болуға үйреткен.
Бесіншіден, ұстаз бен көпті көрген қарияны тыңдап, "ақпа кұлақ болмай,
құйма құлақ бол" дегенді бойларына біртіндеп сіңіре берген. Алтыншыдан,
үлкенді, ата-ананы сыйлап құрметтеуге үйретуді ең басты міндет етіп қойған.
Жетіншіден, кісі айыбын бетіне баспай, біреуге орынсыз тіл тигізбейтін
әдепті азамат бол, әсіресе қаріп-қасерлердің табиғи кемдігін бетіне баспа
деп үйреткен. Сегізіншіден, ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет,
бар өнерінді соған жүмса дегенді ерінбей-жалықпай айтып қана қоймай, жеке
өнегелер арқылы көрсетіп отырған.
Міне, осындай тәрбие коріп, анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің тәлімін
тыңдап, халық өмірімен жастайынан етене танысқан Абай - өз халқының
мүддесін, салт-санасын, дәстүрін бойына сіңіріп, халық мұрасының озығы мен
тозығын айыра отырып, өзі өмір сүрген күннің талап-тілегімен байланыстыра
пайдалана білді.
Абай Құнанбаев — жазба әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен
бірге ұлы ойшыл екені бәрімізге мәлім. Ол қазақ халқының саяси-экономикалық
және мәдени артта қалушылығы — оның феодалдық-патриархалдық қатынасынан,
рулық талас-тартыстары етек алған көшпелі тұрмысынан туындап отырған
бытыраңқылығының салдары екендігін жақсы білді. "Күнде ұрлық, күнде
төбелеспен күн кешкен" алты бақан алауыз елінің "жақсыларына" налыған Абай
"малыңцы жауға, басынды дауға" салып, өмірінді қор қылмай татулас, бірлесіп
ел боп "Егіннің ебін, сауданың тегін" үйрен, "жан аямай кәсіп қыл" деп
өсиет айтгы. Ол қазақ ауылындағы тап тартысын көре білді, бірақ сол таптық
қанаудан құтылудың жолы оқу, ағарту деп қарады.
Сезімтал ақын, сергек ойшыл ғұлама дала тіршілігін өзге ғұмыр
тіршілігімен салыстыра зертгеп барып түсінгісі келді. Бала кезінен таныс
араб, парсы тіліндегі кітаптарды қайта ақтарып,
Шығыс поэзиясына, тарихына, философиясына сын көзқараспен қарап, жаңаша
баға берді. Әсіресе Табари, Рабғузи, Рашид-әд-Дин, Бабыр, Абылғазы
еңбектеріне ерекше зейіл қойды. Шығыстық логика мен мұсылман правосын үңіле
зерделейді. Өз тұсындағы Кіндік Азия мен Күнгей Азияның мәдени-рухани
өмірінен мейлінше хабардар болып отырды.
Абай зердесі тек сыртқы дүниеге ғана назар аударып қоймай, ұлттық
болмысты пайымдайтын тол мұраларға да коңіл болді. Қорқыт, Асан Қайғы,
Доспамбет, Шалкиіз, Шоже, Марғасқа, Жиембет ақындар жырларындағы уайым мен
жігер, Толе, Қазыбек, Әйтеке өсиеттеріндегі өміршілдік Абай дүниетанымының
ең терең және етене қабаттары еді.
Оған тұрандық ғұламалар Қожа Ахмет Иассауи, Әл-Фараби, Жүсіп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz