Кедейшілік әлеуметтік феномен ретінде жан-жақты әрі кешенді түрде зерттеуді қажет ететін проблема


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тулеев Жумахан Мирзашевичтің 22. 00. 04 - әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар мен процестер мамандығы бойынша социология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған «Қазақстандағы кедейлердің әлеуметтік құрылымы және кедейшілікті төмендету жолдары (социологиялық талдау) » тақырыбындағы диссертациясына ресми оппоненттің

ПІКІРІ

1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпы ғылыми және жалпы мемлекеттік бағдарламалармен (практиканың және ғылым мен техника дамуының сұраныстарымен) байланысы.

Кедейшілік қай кезеңде болмасын көкейтесті проблемалардың қатарынан саналып келеді, әсіресе, қазіргі кезде бұл аса өткір қойылып отырған мәселе. Біздің еліміз нарықтық экономикалық қатынастарға көшкеннен кейін, қоғамның әлеуметтік құрылымында көптеген өзгерістер орын алды. Әлеуметтік стратификациялық процестер қарқынды түрде жүріп, аталмыш проблема күрделене түсті. Соңғы кездері ғаламдық деңгейде орын алған қаржылық-экономикалық дағдарыс та бұл мәселеге өзінің салқынын тигізбей қоймады.

Бүгінгі күні дүниежүзінде жарты миллиард адам кедейшілікте өмір сүруде және олардың саны жыл сайын бірнеше миллион адамға көбеюде. Өкінішке орай, Қазақстан да бұл үрдістен тысқары қалып отырған жоқ. Жақында Саяси шешімдер институтының еліміздің он алты қаласында жүргізген зерттеулерінің нәтижесі бойынша халықтың жартысынан көбінің жоқшылықта өмір сүріп отырғандығы анықталды. Соған сәйкес, кедейшіліктің деңгейін төмендету Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Кедейшілік әлеуметтік феномен ретінде жан-жақты әрі кешенді түрде зерттеуді қажет ететін проблема. Сондықтан, ізденуші Ж. М. Тулееевтің аталмыш диссертациялық жұмысы қазіргі күннің өзекті проблемаларының біріне арналған және қоғам талабына сай зерттеу жұмысы екендігін айта кеткен жөн. Кедейшілікті зерттеу кез-келген әлеуметтік теңсіздікті зерттеу мәселесінде маңызды орын алады.

Қоғамның барлық мүшелерінің және барлық әлеуметтік топтардың, жіктердің өмір сүру деңгейін ұдайы жақсартуда, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, аталған бағыттағы мемлекет саясатын жетілдіру жолдарын анықтау мен оларды жүзеге асыру ғылыми тұрғыдан негіздеулерді қажетсініп отырғандығы анық. Сондықтан, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде іске асыру үшін және кедейшілікпен пәрменді күрес жүргізу үшін ғылыми дәлелденген тұжырымдамалық негіздер қажет-ақ.

Қазіргі таңда кедейшіліктің әлеуметтік құрылымын және әлеуметтік бейнесін қарастырып, әлеуметтік зерттеулер жүргізу әрбір мемлекет, қоғам үшін маңызды. Бұл қоғамның әлеуметтік-саяси тұрақтылығын айқындайтын факторлармен де байланысты.

Қазақстанның әрбір өңіріне кедейшіліктің өзіндік деңгейі мен сипаты тән.

Кедейшіліктің әлеуметтік бейнесін анықтау, талдаулар барысында оның зерттелу тарихына, кедейшілікті өлшеу мен зерттеудің негізгі тұжырымдамаларына назар аудару кедейшіліктің түрлі деңгейлерін басынан өткеріп отырған әлеуметтік-территориялық елді мекендердегі кедейшілік себептерін анықтауға, онымен күресу жолдарын жетілдіруге, жалпы алғанда, кедейшіліктің әлеуметтік құрылымын өзгертуге бағытталған әрекеттерге алып келетіндігі сөзсіз.

Міне, сондықтан да осы мәселенің қойылуы және жан-жақты зерттелуі, ғылыми негізделген шешімдер қабылдау жолдарын айқындай түсу оның өзекті проблема екендігін айғақтай түседі.

Осы орайда, Ж. М. Тулеевтің диссертациялық жұмысы өз уақытында орындалған, тәжірибелік маңызы бар еңбек деп есептейміз. Сонымен бірге, әлеуметтік мемлекет және азаматтық қоғам қалыптастырудың айқын жолын таңдаған біздің еліміздегі басты әлеуметтік проблеманың біріне арналғандықтан, теориялық-тәжірибелік тұрғыдан маңызды саналады және жалпы ғылыми және жалпы мемлекеттік бағдарламалармен сәйкес келетін ғылыми жұмыс болып табылады.

2. Диссертацияларға қойылатын (Ғылыми дәрежелер беру ережелерінің 9, 10 тармағында және ғылыми қызметкерлердің тиісті мамандықтарының төлқұжаттарында) талап деңгейіндегі ғылыми нәтижелері.

Диссертациялық жұмыста Қазақстан Республикасындағы кедейшілік әлеуметтік феномен ретінде қарастырылып, төменгі таптың әлеуметтік құрылымына, кедейшіліктің ұлттық, аймақтық ерекшеліктеріне, оны туындататын себептерге әлеуметтану ғылымы тұрғысынан кешенді түрде зерттеулер жүргізіліп, осы талдаулар мен сараптаулар нәтижесінде төмендегідей теориялық және практикалық ғылыми нәтижелерге қол жеткізілген:

1-нәтиже. Қоғамдық ғылымдардағы адамзаттың даму тарихындағы кедейшілікке қатысты теориялар мен тұжырымдамалардың мазмұны және алуан түрлілігі талданып, олардың қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік ақиқатта алар орны және әлеуметтік дамуға ықпалы анықталған;

2-нәтиже. Кедейшіліктің пайда болу себептері заңды әлеуметтік құбылыс ретінде нақтыланып, оның ерекше әсері, нақты Қазақстан жағдайындағы оның мәні және жай-күйі сарапталған;

3-нәтиже. Қазақстан Республикасының түрлі аймақтарындағы кедейлердің саны, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы олардың орны, әлеуметтік ортаға тигізетін ықпалы ашып көрсетілген;

4-нәтиже. Көп ұлтты Қазақстан қоғамындағы кедей топтардың ұлттық ерекшеліктері, өмір салты, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына талдау жасалған;

5-нәтиже. Қазақстандағы кедейшілікті төмендетудің механизмдері мемлекеттің жол картасы бағдарламасының негізінде қарастырылып, соған сәйкес тиісті шаралар мен оны шешудің қайшылықты тұстары зерделеніп, жетілдірілу жолдары қарастырылған;

6-нәтиже. Қазақстандағы әлеуметтік саясатты оңтайландыруға және кедейшілікпен күрестің мемлекеттік бағдарламасын жетілдіруге байланысты бірқатар теориялық-қолданбалы ұсыныстар мен тұжырымдар жасалған.

3. Ізденушінің диссертацияда тұжырымдалған әрбір нәтижесінің, тұжырымдары мен қорытындыларының негізделуі және шынайылық дәрежесі.

Зерттеу жұмысындағы диссертанттың қол жеткізген нәтижелері шынайы және дәйекті деректермен негізделген. Зерттеуші әлеуметтанудың және басқа да әлеуметтік-гуманитарлық ғылым салаларының ғылыми әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдаланып, алынған нәтижелердің әрқайсысының негізделуіне және шынайылығына қол жеткізе білген. Енді осы нәтижелердің негізділігі мен шынайылық дәрежесін былайша көрсетеміз:

Бірінші нәтиже. А лыс-жақын шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттердегі теориялар мен тұжырымдамаларға талдау жасалып, Қазақстандағы кедейлер әлеуметтік категориясының әлеуметтік құрылымдағы орнын, елдегі кедейшіліктің орын алып отырған түрлерін нақты деректермен дәлелдеген. Бұл тұрғыдан алғанда диссертант жүйелік талдау әдісін және тарихи әдістерді пайдаланып өзінің ғылыми қорытындыларының негізділігін ашып көрсеткен.

Екінші нәтиже. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан қоғамындағы кедейшіліктің пайда болу себептерін қоғамның даму аспектілерімен байланыстырып, нақты әлеуметтанулық зерттеулермен негіздеген.

Үшінші нәтиже Қазақстанның әр түрлі өңірлеріндегі кедей топтардың табысы мен шығындары, білім деңгейі, мамандығы сияқты әлеуметтік өлшемдерін анықтап, салыстыру арқылы дәлелденген.

Төртінші нәтиже - Оңтүстік өңірдегі кедейлердің түрлі әлеуметтік жіктерінің әлеуметтік көңіл-күйіне әсер ететін факторларды анықтау арқылы, ұлттық құндылықтармен байланыстырыла отырып, эмпирикалық зерттеу қорытындыларына сүйеніп анықталған.

Бесінші нәтижені кедейшілікті төмендетудің жолдары мен механизмдеріне әлеуметтанулық талдау жасау арқылы қоғамды жедел дамыту шаралары бойынша қабылданған шешімдерге жан-жақты талдаулар жүргізіп, дәлелдеген.

Алтыншы нәтиже Қазақстандағы әлеуметтік саясатқа тиімді өзгерістер енгізу жолдарын анықтай отырып, қоғамымыздың даму ерекшеліктеріне сай негізделіп көрсетілген. Әлеуметтік өмірді жетілдірудің қажеттілігін шынайы деректермен негіздеген.

Осы алынған нәтижелер ізденушінің диссертациялық жұмысының теориялық бөлімінде автор негіздеген тұжырымдармен үндесе келіп, оның шынайылығын дәлелдейді.

4. Ізденушінің диссертациясында тұжырымдалған әрбір ғылыми нәтижесі (қағидасы) мен қорытындысының жаңалық дәрежесі.

Бірінші нәтиже - салыстырмалы жаңа. Өйткені төменгі таптың әлеуметтік құрамына қатысты зерттеулер ішнара болса да жүргізілген. Алайда, бұл жұмыстың авторы кедейшілік туралы тұжырымдамаларды салыстыра отырып, кедей таптың әлеуметтік құрылымын тыңғылықты зерттеген.

Екінші нәтиже - салыстырмалы жаңа. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін кезеңдегі қоғамның әлеуметтік құрылымындағы кедей топтардың пайда болуының кейбір аспектілеріне зерттеушілеріміз азды-көпті назар аударып жүр. Бірақ, ізденуші бұл процесті зерттей отырып, тың ғылыми тұжырымдар жасаған.

Үшінші нәтиже - жаңа. Қазақстан Республикасының әрбір аймақтарындағы кедейшілікті туындатқан себептер анықталып, оның нақты көріністеріне баға берілген. Кедейшіліктің үлес салмағын төмендетудің жолдары мен тетіктері қарастырылған.

Төртінші нәтиже - жаңа. Қазақстандағы ұлттық құндылықтардың ықпалы арқылы кедей тапты жаңа әлеуметтік қолдаулар бүгінгі Қазақстан жағдайында кең сарапталып, оны жетілдірудің жолдары қарастырылған.

Бесінші нәтиже - жаңа. Қоғамның аз қамтамасыз етілген, әлсіз топтарына қолдау көрсету, сол арқылы кедей санатындағылардың тұрмыс жағдайын жақсарту мәселесі жүйелі түрде зерттелген.

Алтыншы нәтиже - жаңа. Қазақстанда кедейшілікке қарсы күрес жүргізудің өзіндік моделін қалыптастыруды әлеуметтік саясатпен байланыстыра отырып қарастыру көзделген.

5. Алынған нәтижелерінің ішкі бірлігінің бағалануы.

Жұмыста Қазақстандағы кедейлердің әлеуметтік құрылымының негізгі мәселелері зерттелген. Оның әлеуметтік бет-бейнесін ашып көрсету үшін алдымен тарихтағы кедейшілік туралы концепциялар талданған. Ізденушінің осы зерттеулерді жүргізу барысында алған нәтижелері мен тұжырымдары ішкі бірлігінің жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Диссертацияның мақсаты айқын, құрылымы жете негізделген. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен (7 параграфтан), қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Зерттеу жұмысында кедейшіліктің қазіргі таңдағы мәні мен мазмұны анықталған. Содан кейін оларды топтастырудың әлеуметтанулық методологиясы жасалған. Диссертант онымен шектеліп қалмай, кедейшілікті төмендетудің тиімді жолдарын іздестіріп, өзінің жүргізген нақты әлеуметтанулық зерттеулері арқылы әлеуметтік саясатқа өзгерістер енгізуді ұсынған.

Зерттеу жұмысының екі бөлімі бір-бірімен тығыз байланысқан және зерттеудің мақсат-міндеттеріне бағындырылған. Қол жеткізген ғылыми нәтижелері қисынды және өзара үйлеседі. Диссертант зерттеу барысында тиімді ғылыми әдістерді қолдана білген.

Бұл зерттеулерді жүргізу кезінде мемлекетіміздің әлеуметтік саланың дамуы жөніндегі стратегиялық бағдарламалары негізге алынған.

6. Ізденушінің алған нәтижелерінің тиісті өзекті мәселені, теориялық немесе қолданбалы міндетті шешуге бағытталғандығы.

Диссертациялық зерттеудің нәтижесінде алынған ғылыми тұжырымдар мен қорытындылардың теориялық-тәжірибелік деңгейі жоғары. Аталмыш зерттеу жұмысының мәліметтерін еліміздегі ЖОО-ында, орта оқу орындарында әлеуметтану пәнін оқытуда, әлеуметтану ғылымы бойынша арнайы курстарды оқытуда, оқу бағдарламаларын жасауда, «Әлеуметтік құрылым әлеуметтануы», «Кедейлік әлеуметтануы» және т. б. бойынша оқу-әдістемелік құралдар дайындауда пайдалануға болады. Жұмыс қазіргі қоғамымыздағы өткір әлеуметтік проблеманы шешуге тікелей бағытталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социология түрлері
Кедейшілікке қарсы күресудің халықаралық тәжірибесі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕДЕЙШІЛІК ЖӘНЕ КЕДЕЙЛЕРДІ ӨЛШЕУДІҢ, САНЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан-2050 стратегиясының саяси мәні неде
Популяциялар экологиясы - демэкология
Терроризмнің жалпы сипттамасы, терроризмнің түсінігі, түрлері және негізгі белгілері
Жастар әлеуметтануы туралы
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік проблемаларды реттеудегі мемлекет функциясының басты бағыттары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТУРАЛЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Қызылорда облысы материалдары бойынша)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz