Қазақстан әлеуметтік жүйесінде терең және түбегейлі өзгерістер


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тулеев Жумахан Мырзашевичтің 22. 00. 04 - Әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар мен процестер мамандығы бойынша социология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған «Қазақстандағы кедейлердің әлеуметтік құрылымы және кедейшілікті төмендету жолдары (социологиялық талдау) » тақырыбындағы диссертациясына ресми оппоненттің

ПІКІРІ

1. Зерттеу тақырыбының өзектілігімен және оның жалпы ғылыми және жалпы мемлекеттік бағдарламалармен (практиканың және ғылым мен техника дамуының сұраныстарымен) байланысы.

Қазақстан әлеуметтік жүйесінде терең және түбегейлі өзгерістер жүріп жатқандығында кедейшіліктің орны ерекше. Кедейшілік - әлеуметтік құбылыс ретінде қоғамдық қарым-қатнастар мен әрекеттердің негізін қалыптастырады.

Кедейлер қоғамның әлеуметтік құрылымының төменгі табы ретінде негізделген. Кедейлердің әлеуметтік құрылымы мен кедейшілікті төмендету жолдары әлеуметтік зерттеулермен негізделген. Кедейшілік-жекеменшік пен нарықтық қарым - қатынасы дамыған таптық қоғамның жемісі ретіндегі құндылықтары теориялық-методолгиялық түсіндірмелермен қарастырылған. Олар ең төмен әлеуметтік мәртебеге ие, төменгі деңгейдегі қызмет түрлерімен айналысады және мамандану деңгейлері де төмен ғылыми жұмыста өзіндік ерекшеленеді

Кедейлердің әлеуметтік жағдайы төмен, ал кейбіреулері тіптен шектен шыққан. Осындай ерекшеліктерімен қоғамдық дамуда ауқымды өзектілігімен кедейшілік мәселесі кеңінен зерттелген. Кедейлер негізінен әлеуметтік-мәдени дамуы жағынан артта қалған адамдардың тобынан тұрады. Кедейлік қоғамның әлеуметтік құрылымында бір саласында туындайтын әлеуметтік жағдайларға күшті әсер ететін келеңсіз әлеуметтік құбылысы ретінде нақтыланған.

Сонымен, қазіргі таңда Қазақстан кедейшілікті төмендетудің жолдары, жол қартасы бағдарламасымен байланыстырылған. Кедейлердің әлеуметтік құрылымын және кедейшілікті төмендету жолдарын ғылыми-теориялық негіздеу мен әлеуметтік талдаудың қажеттілігі туындап отырғандығы айтылады. Айтылған мәселерді зерттеу қажеттілігі, тақырып бойынша тиісті практикалық ұсыныстар жасау диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігіне негіз болады.

Осы орайда, Тулеев Жумахан Мирзашевичтің диссертациялық жұмысы өз уақытында жасалып отырған, тәжірибелік маңызы зор еңбек деп білемін. Аталған әлеуметтік мәселелер кедейлердің әлеуметтік құрылымын ғылыми деңгейде сарапталып, даму барасында ел ерекшеліктеріне сай туындап отырған проблема аясында қаралуы күн тәртібінде.

2. Диссертацияларға қойылатын (Ғылыми дәрежелер беру ережелерінің 9, 10 тармағында және ғылыми қызметкерлердің тиісті мамандықтарының төлқұжаттарында) талап деңгейіндегі ғылыми нәтижелері.

Диссертациялық жұмыста төмендегідей теориялық және қолданыстық ғылыми нәтижелерге қол жеткізілген:

2. 1 Тарихтағы кедейшіліктің концепциялары мен моделдерінің мазмұны және олардың қазіргі Қазақстандағы кедейшілікті төмендету жолдарының ықпалы анықталған;

2. 2 Қазақстандағы кедейлердің өмір сүру деңгейінің ерекшеліктері өтпелі кезеңдегі сипаты салыстырмалы түрде сарапталған;

2. 3 Қазақстан Республикасындағы әр аймақтарындағы кедейшіліктің сандық көрсеткіштері мәні мен мазмұны ашып көрсетілген;

2. 4 Кедейшіліктің әлеуметтік тетіктері, әрбір ұлтың кедейшілік деңгей әлеуметтік зерттеулермен ерекшеліктеріне талдау жасалған;

2. 5 Әлеуметтік қамсыздандыру, кедейшілікке берілетін төлемдерді көбейту, кедейшілікті төмендетудің механизмдерін жетілдіру жолдары қарастырылған;

2. 6 кедейшілікті төмендетуде мемлекеттік саясаттың шет елдердің тәжірбиесін пайдалануды жолдары анықталған, тиісті ұсыныстар жасалған.

3. Ізденушінің диссертацияда тұжырымдалған әр бір нәтижесінің, тұжырымдары мен қорытындыларының негізделу және шынайылық дәрежесі.

Диссертацияда жасалған ғылыми тұжырымдар мен нәтижелер қисынды және дәлелді. Бұл әдететте методологиялық және теориялық әдістер орынды пайдаланылған.

Бірінші ғылыми нәтиженің негізділігімен дәлелділігі.

Қазақстандағы кедейлердің әлеуметтік құрылымына және кедейшілікті төмендету жолдары жөніндегі коцепциялардың ықпалы анықталған. Либералдық әлеуметтанулық теориялардың классикалық варианты өзінің жақсы жақтарымен қатар кемшіліктері де талданған. Мысалы, кедейшілік көп өлшемді әлеуметтік бірлікпен өлшенетіндігі дәлелденген. Ондағы кедейшіліктің материалдық, рухани көрністері жан-жақты топтастырылып көрсетілген. Бұның кедейшілікпен күрес жүргізудің әмбебеп салалы екендігін маңызы бар екендігі күмәнсіз. Диссертант қазақ даласында ертеден келе жатқан кедейлердің әлеуметтік құрылымының болғанын, мысалы, жарлы, кедей, мүгедектер, адамдарға көмек көрсету, жетім-жесірлерді бар екенин көрсетті және арнайы тақырып ретінде қарастырғанын алып, А. Құнанбаевтың. Ы. Алтынсаринның қазақ ағартыушылырының еңбектері кеңінен талдаған. Кедейшіліктің ұлттық менталитеті мен суверенділігіне сай қалыптастыру қажеттігі дәлелденген.

Екінші ғылыми нәтиженің негізділігімен дәлелділігі.

Мұнда тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның кедей топтардың пайда болуының негізгі себептері Кеңес Одағының таралуымен бағытталған шаралары сарапталған. Өйткені, қазіргі жаңа кезеңде нарықтық қарым қатнастар жүйесі кедейшілікті түбегейлі зерттеу әдісінің маңызы үлкен екені белгілі. Осыған байланысты кедейшілікті өлшеудің әлеуметтік тұжырымдамалары: табыс, шығын, баспана, азық-түлік себетімен ерекшеленіп анықталған.

Үшінші ғылыми нәтиженің негізділігімен дәлелділігі.

Қазақстандағы кедейлердің әлеуметтік құрылымы әлеуметтік жүйенің өзгеруінің мәні мен мазмұны ғылыми еңбек ретінде жан-жақты көрсетілген. Бүл шараның бұрынғы құрылымдардан ерекшеліктері бар. Оларды салыстырғанда аймақтық ерекшеліктердің табысы, жалақысы, жұмыс орындарының сұраныымен екені дәлелденген. Бұл ретте әлеуметтік зерттеулер жүргізілген аймақтардағы кедейшіліктің көрнісі кеңінен сарапталған. Кедейшілікті төмендетудің аймақтық ерекшеліктері арнайы әлеуметтік ұсыныстар бойынша қабылданған шешімдерге жан-жақты талдаулар жасалған.

Төртінші ғылыми нәтиженің негізділігімен дәлелділігі.

Қазақстандағы кедейлердің ұлттық ерекшеліктері, қоғамдағы орны әртүрлі әлеуметтік тетіктермен негізделген. Қазақ ұлтының кедейшілік деңгейі біршама жоғары екендігі арнайы зерттеулермен анықталған. Оңтүстік аймақтың кедейшілік деңгейі көтеріңкі екендігі әлеуметтік сауалнамалар арқылы қарастырылған. Осы негізде кедейшілікке қарсы күрес жүргізудің аймақтық бағдарламасы ерекше орын алатындығы айтылған, өзіндік пайымдаулар жасалынған.

Бесінші ғылыми нәтиженің негізділігімен дәлелділігі.

Жұмыста қала мен ауылдық кедейшіліктің өзіндік ерекшеліктері әлеуметтік зерттеулермен қарастырылған. Қала тұрғындарының табысының көп мөлшері пәтер жалдауға кетіп, әлеуметтік қажеттіліктердің жетіспеуі осы жұмыста кеңінен қаралтырылған. Қаладағы қайыршылар мен қаңғыбастардың әлеуметтік проблемасы бойынша әлеуметтік жұмыстарды жетілдіруге байланысты ұсыныстар айтылған.

Қазақстан ауылдардағы кедейшілік әрдеңгейде орын алып, түрлі көрсеткіштерді қалыптастырған. Ауылшаруашылығының қиын да ауыр тұрмыс тіршілігі әлеуметтік зерттеулердің негізі болған. Ауылдағы кедей отбасылардың әлеуметтік төлемдерді қаншалықты төмен екендігі айтылған, ол жөнінде тиісті ұсыныстар жасалған.

Алтыншы ғылыми нәтиженің негізділігімен дәлелділігі.

Мұнда мемлекеттік саясатының негізінде кедейшілікке қарсы жұмыстарды әлеуметтанулық талдау жасау Дегенмен соңғы жылдары Қазақстандағы сайлаулар туралы заңнаманың бірсыпыра жетілдірілгеніне қарамастан, әлі де болса ЕҚЫҰ талаптарына сай жетілдіруді керек ететін жағдайлар анықталып, оң мағыналы ұсыныстар енгізілген.

Жұмыста мемлекеттің әлеуметтік саясаты кедей, заңдардағы пікір-талас тудырып жүрген шикіліктерді жоюдың, мысалы, тәуелсіз телеарналар құрудың жолдары зерделенген.

4. Ізденушінің диссертациясында тұжырымдалған әрбір ғылыми нәтижесі (қағидасы) мен қорытындысының жаңалық дәрежесі.

Бірінші нәтиже - салыстырмалы жаңа. Кедейшілік концепциялары мен модельдерінің Қазақстандағы кедейлердің әлеуметтік құрылымына ықпал ету деңгейі тыңғылықты зерттелген.

Екінші нәтиже - салыстырмалы жаңа . Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін кедейлердің пайда болу себептері, кедей топтардың әлеуметтік өлшемдері зерделеніп, тың ғылыми тұжырымдар жасалған.

Үшінші нәтиже - жаңа. Қазақстан әрбір аймақтардағы кедейшіліктің ерекшелігі, қоғамдағы өзара байланыстары мен іс-әрекеттерінің мәні мен мазмұны отандық тәжірибелік арнада ғылыми зерделенген.

Төртінші нәтиже - жаңа. Кедейшіліктің ұлтық көрнісінің ерекшелігі Қазақстан жағдайында кең сарапталып, оны төмендету жолдары қарастырылғын.

Бесінші нәтиже - жаңа. Жұмыссыздықты азайту, білім беру және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, әлеуметтік қолдау көрсетуді одан әрі дамыту ғылыми сарапталып, авторлық ұсыныстар жасалған.

Алтыншы нәтиже - жаңа. Қазақстанда мемлекеттік саясаты кедейшілікті төмендету жолдарынын әлеуметтік жүйесін жетілдіру жөнінде бірқатар жаңа пікірлер мен тыңғылықты ұсыныстар жасалған.

5. Алынған нәтижелерінің ішкі бірлігінің бағалануы.

Жұмыста Қазақстандағы кедейлердің әлеуметтік құрылымының жан-жақты элементтері мен қызметтері әлеуметік сарапталып зерттелген. Ол үшін алдымен оған әсер ететін тарихтағы кедейшілік концепциялары талданып оның Қазақстандағы кедейлердің әлеуметтік топтарға жіктелуінің мәні анықталған. Содан кейін кедейшілікті төмендетудің тиімді жолдарының мәні ашып көрсетілген. Дисертант онымен шектеліп ғана қоймай кедей топтардың іс-әрекеті мен өзара байланыстарын жан-жақты зерттеген. Сол сияқты андертаптардың негізгі тұжырымдамасына тоқталып, олардың ерекшеліктерін әлеуметтік фактілермен байланыстырған. Бұл кешенді зерттеу Қазақстан азаматтарын кедейшілікті алдын алуға, тәрбиелеу және үйрету жолдарын анықтаумен аяқталады. Осы зерттелген мәселелерге екі тарау 7 параграф арналып, олар бір-бірімен тығыз байланысты және қисынды зерттелген.

Бұл зерттеулер барысында Президент Н. Ә. Назарбаевтың әлеуметтік жүйесін дамытудың стратегиялық бағдарламасы негізге алынған. Бұл ретте тиімді методологиялық және теориялық әдістер пайдаланып, қол жеткізген ғылыми нәтижелері диссертанттың өзінің де жүргізілген нақтылы әлеуметтік зерттеулері арқылы дәлелденген және дәйекті ғылыми қорытындылар мен ұсыныстар жасалған.

6. Ізденушінің алған нәтижелерінің тиісті өзекті мәселені, теориялық немесе қолданбалы міндетті шешуге бағытталғандығы.

Диссертация теориялық және практикалық жағынан құнды. Кедейлердің әлеуметтік құрылымы құрайтын топтардың әлеуметтік белгілері мен ұстанымдары, қоғамдағы орны әлеуметтану ғылымы саласында жан-жақты ашылған. Кедейшіліктің салыстырмалы, абсолютті, қайыршылық түрлері объективті зерттелген. Қазақстанның әлеуметтік жүйесінің дамуында ұлттық моделін қалыптасты жолдары ғылыми талданған. Бұл салаларда кедейшілікті төмендету жөніндегі пікір-таласты күрделі мәселелер бойынша, біздіңше, диссертант өзінің ғылыми тұжырымдарымен пікірлерінің және ұсыныстарын айта білген.

Диссертанттың кедейлердің әлеуметтік құрылымын одан әрі жетілдіру туралы ұсыныстары ұтымды және дәлелді, мысалы, әлеуметтік төлемдерді дер кезінде нарықтың өзгеруіне байланысты реттеп отыру қажет.

7. Диссертацияның негізгі қағидасының, нәтижесінің, тұжырымдары мен қорытындыларының жариялануының жеткілікті толықтығына растама.

Диссертациялық жұмыстың мазмұны, негізгі қағидалары, тұжырымдары, нәтижелері және ұсыныстары халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда баяндалған. Диссертацияның мазмұны мен тұжырымдық қорытындылары ізденушінің мынадай еңбектерінде жарық көрген.

1 Қазақстандағы кедейшілік және кедейлердің әлеуметтік құрылымы // Ұлт тағылымы. Ғылыми - педагогикалық басылым. - 2008. - №3. - 318-321 бб.

2 Кедейшілік және онымен күресу жолдары // «Ізденіс» - Поиск. Халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал «Қазақстан жоғарғы мектебі» журналының ғылыми қосымшасы. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. - 2008. - №4 /(2) . - 116-119 бб.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесі
Саяси бәсекелестік
Демократиялық режимнің белгілері
Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
12 жылдық білім жүйесіне көшу жағдайындағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Саясаттану ғылымының болашақ мамандардың білімін жетілдіру
Қазақстандағы ұлттық этникалық және әлеуметтік құрылымдарының негізгі қазіргі күнгі проблемаларының зерттелуі аспектілері
Жаңа білім беру жүйесі
Оқыту мекемелерінде оқушының жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған педагогикалық үлгіні өңдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz