1965 жылғы экономикалық реформаның аяқталмауы және ғылыми-техникалық прогрестің Қазақстан өнеркәсібіне әсері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

1965 жылғы экономикалық реформа және оның аяқталмауы.

Ғылыми-техникалық прогресс-қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды факторы. 60-жылдары ғылыми-техникалық прогрестің табыстары кең көлемде енгізілді: электрлендіру және химияландыру, кәсіпорындарды бір жолғы қуаты күшті жоғары өнімді жабдықтармен жарақтандыру, учаскелерді, цехтарды кәсіпорындарды және т. б. механикаландыру жәке автоматтандыру есебінен өндіріс интенсивтендірілді.

Кен шығару өнеркәсібінде көмір өндірудің негізгі процестері: қазу, құлату және тазалау забойлар сткізу, жср астыңда тасымалдау және темір жол вагондарына тиеу және т. б. механикаландырылды. Республиканың жетекші кен өндіру кәсіпорындарының қазіргі заманғы еңбек құралдарымен жарақтануы, онда қолданылатын технология жөнінен олар дүние жүзінің таңдаулы кәсіпорындры дережесінде, ал тіпті жабдықтардың кейбір түрлері
жөнінен олардың алдында болды. Жер астына кен өндірудің озық
жүйесі, жоғары өнімді жабдықтар, шапшаң бұрғылау барған сайын
кеңінен енгізіле берді, тиеу-тасамалдау процестері механикаландырылды. Металлургия кәсіпорындарында технологиялық процеетерді шапшандатушы фактор ретінде оттегі үлкен көлемде қолданылды, Балхаш кен-металлургия комбинатында мыс концентраттарын тікелей конверторлардың өзінде өңдеу процесі енгізілді.

Іздеу барлау жұмыстарының мұнай өндірудің, мұнай өндеудің технологиясы мен техникасы түбірімен өзгерді, 1965 ж. 308 мұнай скважинасында мұнай шығару процестері комплексті автоматтандырылды және , 198 мың тонна мұнай жер қабатына қолдан ықпал жасау тәсілі арқылы шығарылды 2 . Машина жасауда құюдың озық әдісі енгізілді, жинау, ) ұста-пресс және басқа цехтардың техникасы тынымсыз жетілдірілді.

Дегенмен -жоғары өнімді процестер мен технология мейлінше шабан енгізілді. Шығарылған бұйымдардың конструкцияларында озық материалдар: полимерлер, ағаш пластиктер және басқалар пайдаланылмады. Электр энергетикасында жабдықтардың құрылымы өзгерді, бір жолғы қуаты күшті агрегаттар енгізілді, жоғары қысымда жұмыс істейтін агрегаттар көбейді. Автоматика, телемеханика және электронды есептеу техникасы енгізілді.

Сайып келгенде республика өнеркәсібінде кәсіпорындарды қайта құру және техникамен қайта жарақтандыруда жаңа техниканы, озық технологияны енгізуде белгілі табыстарға қол жетті.

Осымен бірге ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске үлкен қиындықпен және өмір сүріп отырған шаруашылық механизмінің арқасында емес, қайта оның еркінен тыс енгізілді. Кәсіпорындар және тұтас салалар іс жүзінде алып қарағанда өнімдердің техникалық дәрежесін арттыруға мүдделі емес, өйткені олардың көздегені жоспар, көлем, жалпы өнім болды.

Республиканың бүкіл экономикасы сияқты өнеркәсіп те өндіріс алаңдарын кеңейту, шаруашылық айналымға шикізаттың жаңа көздерін тарту, кадрлардың санын көбейту есебінен дамып отырды. Өнеркәсіптің шығарушы және өңдеуші салалары арасындағы сәйкессіздік тереңдеді, мұндай жағдайда шығарушы салалары басым дамыды. Табиғатты қорғау мәселелерін шешуге комплексті көзқарасты қамтамасыз ете алмаған, қалыптасқан, мейлінше орталықтандырылған әкімшілік жоспарлау жүйесі, демократия мен жариялылық дәрежесінің жеткіліксіздігі, экологиялық мәдениеттің болмауы салдарынан индустрияның дамуымен бірге зиянды қалдықтардың қоршаған ортаға әсері қауырт күшейе түсті. Экономикада экологиялық -«лас» шикізат салалардың басымдығы жағдайды онан сайын қиындата түсті, бұл салаларда жетілдірілмеген, табиғатқа залалды технология пайдаданылды.

60-жылдарда-ақ халық шаруашылығына демократтық жолмен басшылық жасаудың өміршең емесгігі айқын сезіле бастады. Елдің сол кездегі басшылығы өзгеріс жасаудың қажет екенін түсініп, экономиканы терең құруға әрекет жасады.

1959 ж. -ақ түсті металлургияның барлық кәсіпорындары (29) Қазақстанның қарамағына берілді, олардың негізінде тиісті

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1960-1970 жж. Қазақстанындағы партиялық басқарудың өзгерістері, 1965 жылғы экономикалық реформаның аяқталмауы және идеологиялық тоқырау
1960-1985 жылдардағы Қазақстан: ғылыми-техникалық прогресс, 1965 жылғы экономикалық реформалардың нәтижелері және экологиялық-әлеуметтік проблемалар
Нарықтық экономикадағы ғылыми-техникалық прогрестің дамуы мен әсері
Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы мен өндірістегі қолданылуы Қазақстан жағдайында
Қазақстан жағдайында ғылыми-техникалық прогрестің тиімділігі, нысандары және даму стратегиясы
Ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары мен оны жетілдірудегі мемлекеттің рөлі
1960-1970 жж. Қазақстанның экономикалық дамуы және 1965 жылғы шаруашылық реформалары
Қазақстандағы көпұлтты әдебиеттің дамуы және Хрущев кезеңі мен 1965 жылғы экономикалық реформалар
Кәсіпорындағы негізгі қорлар: құрамы, есеп-қисабы, амортизациясы және өндірістегі ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық тиімділігі
Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық қызметі және ғылыми-техникалық прогрестің нарық экономикасындағы рөлі мен тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz