Рим қаласы тарихының пайда болуы және ежелгі кезеңі


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

І. Кіріспе.

І Тарау. Рим қаласы тарихының пайда болуы және ежелгі кезеңі.

1. 1. Рим қаласының пайда болуы. . . . 5

1. 2. Ерте республикалық кезеңдегі Рим. . . . 9

1. 3 Ертеректегі Рим республикасының мемлекеттік құрылысы. . . . 17

1. 4. Рим армиясы және оның ұйымдары. . . . 22

ІІ тарау. Римнің Италияны жаулап алуы.

2. 1. Римнің Италияны жаулап алуы. . . . 24

2. 2. Тарентпен соғыс. Оңтүстік Италияның жаулап алынуы. . . . 28

ІІІ. Қорытынды. . . . 31

Пайдаланылған әдебиеттер. . . . 34

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Б. э. дейінгі IV ғасыр ортасына қарай этрускі қалаларының федерациясы құлдырауға келіп, галлдар Падус өзенінің аңғарында орнығып, Апеннин түбегінің орталық бөлігі аймағына тонаушылық шабуылдар қолдана бастағанда, италия тайпалары оларға тойтарыс беру үшін жаңа саяси және әскери орталық - Рим қаласының төңірегіне бірігеді.

Б. э. дейінгі V-IV ғасырлар бойында патрицийлік аристократиялық республика конституциясының бірте-бірте қалыптасып, даму процесі жүріп жатады.

Плебейлер барған сайын көптеп шұғылдана түскен қолөнер мен сауданың дамуы Рим плебейнің жіктелуіне әкеп соқты. Плебейлер арасынан бай сауда-қолөнер шонжарлары шықты. Екінші жағынан, мүліксіз плебейлер саны өсті. Патрициан рулық ұйымдарынан тыс бола отырып плебейлер жеке меншік праволарында өте шағын жер учаскелерін иеленді. Соғыстар, егіннің шықпай қалуы, жаулап алған аймақ тұрғындарының бір бөлігінің Римге қоныстануы, Рим жер тапшылығы жағдайында халықтың табиғи өсімі жерсіз плебейлер санын өсіре түсті. Бұлардың көбі жерін алып сатарларға кепіл ретінде өткізді, бұл рулық аристократияға жиі тиісті болып келетін еді. Төлей алмайтын борышкер жерді меншіктену правосынан айрылады, ал егер кредитордың ырқы бойынша бұрынғы жер учаскесінде қала берсе, өзінін жеке басының еркіндігін кепілдік етіп арендатор ретінде ғана болады, Патрицийлер, сондай-ақ бай плебейлер өз борышкерлерін кіріптарлыққа түсірді. Олар бұларды Тибр сыртына, яғни Рим қауымынан тыс жерге құлдыққа сатуға праволы болды.

Курстық жұмыстың мақсаты: Курстық жұмысты өз деңгейінде жазып, тақырыпты өз деңгейінде аша білу. Дерек көзднріне негізделіп жазылған материалдарды пайдалану барысында тақырыпты нақтылап мүмкіндігінше жан - жақты дерек көздерін іздестіріп, мол деректерді пайдалана отырып түсінікті әрі сауатты түрде жазып зерттеп отырған тақырыптың мазмұнын аша білу.

Курстық жұмыстың міндеті.

  • Рим қаласының пайда болуы туралы.
  • Ерте республикалық кезеңдегі Римнің жағдайы.
  • Ертеректегі Рим республикасының мемлекеттік құрылысының ерекшеліктерін көрсету. .
  • Рим армиясы және оның ұйымдарының жеңіске жету себептері.
  • Римнің Италияны жаулап алуы.

Курстық жұмыстың дереккөздері мен тарихнамасы: Рим қаласы қашан және қалай пайда болды?

Өздері құштарланған сұраққа жауап алуға тырыса отырып, Италия гректері түрлі аңыз-әңгімелерді жинайды, бұлар грек тарихшыларының өндеуінде Рим қаласы мен Рим кұл иеленуші қауымының тууы мен өмір сүруінің ежелгі заманы туралы баяндаудың негізіне алынады.

Б. э. дейінгі II-І ғасырларда Рим тарихының ежелгі кезеңі туралы аңыздар мен ертегі әңгімелер Рим халқының мәдени жіктерінің арасына кеңінен тарала отырып, рим авторларымен қабылданып, шығармаларының негізіне алынды. Бұларды көрнекті рим тарихшысы Тит Ливий ( б. э. дейінгі 59 жыл - б. э. 17 жылы) мейлінше толық та, егжей-тегжейлі етіп баяндайды.

Қазіргі кезде Рим тарихының пайда болуы мен ежелгі кезеңі
туралы ғылыми ұғым ежелгі аңыздарды аналитикалық зерттеуде ғана емес, сондай-ақ XIX-XX ғасырларында Рим қаласының территориясында жүргізілген археологиялық қазбалар материалы негізінде тұжырымдалады.

Осы заманғы зерттеушілердің пікірі бойынша Римнің ежелгі тарихын Тибр өзенінің сол жақ жағасындағы төбелер үстінде жеке қоныс-жайлардың пайда болуын б. э. дейінгі X ғасырға жатқызуға болады.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, алты бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

І Тарау. Рим тарихының пайда болуы және ежелгі кезеңі.

1. 1. Рим қаласының пайда болуы. Б. э. дейінгі IV ғасыр ортасына қарай этрускі қалаларының федерациясы құлдырауға келіп, галлдар Падус өзенінің аңғарында орнығып, Апеннин түбегінің орталық бөлігі аймағына тонаушылық шабуылдар қолдана бастағанда, италия тайпалары оларға тойтарыс беру үшін жаңа саяси және әскери орталық - Рим қаласының төңірегіне бірігеді. Осы күшті құл иеленуші қауымның басшылары өзінің үстемдігіне көршілес тайпалар мен қала қауымдарын бағындырып алып, галлдардың басып енуін тоқтатты да, шабуыл жасаушыларды солтүстікке серпіп тастады. Кейінгі жылдарда Рим қауымының басшылары өзінің ықпалын Этрурдың көп бөлігіне, сондай-ақ Камяанияға, әрі рим-италиялық құл иеленушілері қуатты конфедеративтік одағының ұйытқысын құраған орталық Италияның басқа аймақтарына да тарады, бұл б. э. дейінгі III ғасырдың басына қарай әскери жағынан Жерорта теңізі дүниесінің ең күшті құл иеленуші державаларының бірі болып алады.

Рим қаласы қашан және қалай пайда болды?

Өздері құштарланған сұраққа жауап алуға тырыса отырып, Италия гректері түрлі аңыз-әңгімелерді жинайды, бұлар грек тарихшыларының өндеуінде Рим қаласы мен Рим кұл иеленуші қауымының тууы мен өмір сүруінің ежелгі заманы туралы баяндаудың негізіне алынады.

Б. э. дейінгі II-І ғасырларда Рим тарихының ежелгі кезеңі туралы аңыздар мен ертегі әңгімелер Рим халқының мәдени жіктерінің арасына кеңінен тарала отырып, рим авторларымен қабылданып, шығармаларының негізіне алынды. Бұларды көрнекті рим тарихшысы Тит Ливий ( б. э. дейінгі 59 жыл - б. э. 17 жылы) мейлінше толық та, егжей-тегжейлі етіп баяндайды.

Қазіргі кезде Рим тарихының пайда болуы мен ежелгі кезеңі
туралы ғылыми ұғым ежелгі аңыздарды аналитикалық зерттеуде ғана емес, сондай-ақ XIX-XX ғасырларында Рим қаласының территориясында жүргізілген археологиялық қазбалар материалы негізінде тұжырымдалады.

Осы заманғы зерттеушілердің пікірі бойынша Римнің ежелгі тарихын Тибр өзенінің сол жақ жағасындағы төбелер үстінде жеке қоныс-жайлардың пайда болуын б. э. дейінгі X ғасырға жатқызуға болады.

Б э дейінгі VIII ғасырдан кейін Рим қаласының орталық бөліктері болған аудан арқылы таулы мекендерден оңтүстік-шығысқа Тибр өзеніне қарай үлкен жол өтетін. Осы «тұзды жолды» бойлап теніз жағалауына таяу Тибрдін, оң жақ жағасында орналасқан тұз қайнатуларына баратын. өзен арқылы өтетін жолаушы саудагерлер шоғырланған жерлерге қолөнершілер де келіп қоныстана бастайды. Б. э. Дейінгі VІІ ғасырда төбе үстіндегі және өткел маңындағы бытырап жақын жатқан мекен-жайлар тұтас қалалық қауымға ұштасып бірігеді. Тибр өзенінін жағасы үстінде тік дөңкиіп жатқан Капитолий төбесіндегі бекініс жаңа қаланың орталығына айналды. Бұрын адамдарды жерлеуге пайдаланылып келген Капитолий және Палатин төбелері арасындағы ойпаң жазык кеністік жана қаланын орталық алаңы - «форумға» айналдырылады. Осы жерде, форумда дағдылы күндері сауда жүргізілді. Осы жерде азаматтар басын қосып жиналды, коғамдык істер талкыланды, аксақалдар кенесінін («сенаттық») шешімдерін азаматтарға хабарлаған жаршылар, әр қауым жетекшілері шығып сөйледі, діни шерулер, құдайларға табыну, әйгілі марқұмдармен қоштасу салттары, женістер мерекелеу, басқа да коғамдык іс-әрекеттері өткізілді.

Жана қалалар ежелгі италия тайпалары коныстарынык түйіскен жерінде пайда болғандықтан, оның халқы алғашында жеке тайпа бірлестіктерінен тұрды. Тарихи дәстүрлерге сәйкес ежелгі тайпалар: тицилер, рамналар, луцералар деп аталады. Қазіргі ғалымдардың пікірлері бойынша бұл атаулар Римнің атам заманғы көп тайпалық Құрамын растап, сабиналарды, латындарды және этрускілерді атады.

2. Әлеуметтік Құрылыс. Тайпалар - «трибалар» ру бірлестіктерінен -«куриялардан» тұрды. Әр курия - он рудан, әр триба - он курийден тұрады. Сонымен, үш трибаның әрқайсысы жұз рудан, ал бүкіл қауымның -халқы үш жүз рудан тұратын. Ру бірлестіктеріне кіретін азаматтар өз әкелерінің білетін халықтың негізгі бөлігін Құрап, қауымның алғашқы мүшелері саналады. Бұл «патрицийлер» еді. Тек осылар ғана алғашқы толық провалы азаматтыкты кұрастырды.

Әрбір рудың өз аты-жөнімен, жеке адамдардын, немесе семья топтарының атағымен қатар, әр жолы ру бірлестіктерінің мүшелеріне тағылатын өзінің рулық аты болды. Сондықтан да тілі неғұрлым кейініректегі тарихи заманда да римдіктің үш белімінен тұратың аты-жөні болды: Гай Юлий Цезарь: . Гай - Юлийлер руынан, Цезарьла$> семьясынан деген еді және т. б. Рудың басшысы, ақсақалдар кеңесіне, атап айтканда сот функ-циясын жүзеге асыратын сенатка енді. Әуел баста Рим қауымы үш жүз рудан тұрғандықтан, ежелгі сенат үш жүз сеиатордан түрды.

Сенат өмірлік көсемді («гех»-«патша») сайлады. Патша сенатта председатель болды, бүкіл қауым атынан тәңірге кұрбандық шалды және азаматтардың жасағы - «Легионды» басқарды.

Көршілес халықтармен бітім және соғыс, сенат шешімдерін бекіту т. б. аса маңызды мәселелер - курия өкілдерінің жиналысы «куриат комицияларында» қойылды.

Уақыт өткен сайын ескі рулық жер бөліктеріне ие болған, запас рулық жер иеліктеріне ие болған, запас жыртылатын жерлерді - «қоғамдық танап» өзара бөліскен және қала жасағын құрайтын атам заманғы патрицийлермен қатар Римде еркін халықтың басқа жігі - «плебейлер» де пайда болды.

Плебейлер патрицийлердің рулық бірлестіктеріне кірмеді.
Ежелгі заманда олардың қала жерін иеленуге правосы болмады
және жас патрицийлер сияқты қоғамдық танаптардан басы артық жер учаскесін алмады. Бұлардың көпшілігі қолөнермен және саудамен шұғылданды, екінші біреулері жеке патрицийлер мен патриций руларының қамқорлық етуіне енді де, өз камқоршыларынан («патрондарынан») жер учаскесін алды. Бұл тәуелді адамдар («клиенттер») патронның айтқанына көнуге, бейбіт және соғыс уақытында оған еріп жүруге, жұрт алдында оған
құрмет көрсетуге міндетті болды.

Ежелгі Рим тарихының казіргі зерттеушілерінін пікірі бойынша плебей халқының жігі ішінара еркін қоныс аударушылардан, ішінара еркіндікке жіберілген құлдардан, Римде қоныс тебуге римдіктер зорлап көндірген кейбір көршілес кішкене қалалардың тұрғындарынан құралды.

Плебей азаматтык праволарды пайдаланбады, бірақ уақыт өткен сайын рим әскери жасағының құрамына енгізетін болды.

Рим халқының теменгі жігі құлдар болды. Бұлардын көбі со-ғыс тұткындары катарынан енді, басқалары көршілес тайпа-лардан немесе келген құл сатушылардан сатып алынган еді. Ақыры, кұлдарды толықтырып отырудың маңызды көзі - кіріптарлық құлдык болды. Ежелгі сот әдет-ғұрпы бойынша астыкты, малды, кайсы бір каруды немесе (неғұрлым кейінгі заманда) ежелгі Италияда акша орнына жүрген жезді карызға алған адам өзіне ссуда берген адамға (кредиторға) алғандарының бә-рін біраз артығымен - процентімен кезінде кайтаруға тиіс бол-ған. Керісінше жағдайда кредитор борыштыны сотка әкеліп, одан борышка алғаяын қайтарып беруді немесе бірдемемен ор нын толтыруды - құлдықка баласын, әйелін немесе борышты-ның өзі сатылуып талап етуге праволы болды. Ал көптеген жарлы-жақыбайлар борышын немесе олбойынша процентті кезінде төлеуге шамасы келмегендіктен, олардың өздері және семья мүшелері құлдар қатарын толықтырады.

Катал борыштық право плебейлердің наразылыгын тудырды. Бұл, әсіресе, Рим және онын аймағы этрускі жаулап алушыла-рының кол астында болған кезде күшейе түсті. Қазіргі кездегі зерттеушілер б. э. дейінгі VII ғасыр аяғында этрускі қаласы Тарквинийдің бнлеушілері Римді өзіне бағындырды деп санайды. Олардын аңызға айналған тарихынын нақтылы егжей-тегжейлері неғұрлым кейінірек ойдан шығаруға болатын болса да, соңғы үш Рим патшасы (Таркэиний Приск, Сервий Туллий, Тарквиний Суперб) нақтылы адамдар болды деп санауға негіздер бар. Тарихи дәстүр патша Сервий Туллийге таңылатын аса маңызды реформаны б. э. дейінгі VI ғасырдың орта шеніне жатқызады.

1. 2. Рим патрицийлік республикасы. Ерте республикалық кезеңдегі Рим.

Б. э. дейінгі V-IV ғасырлар бойында патрицийлік аристократиялық республика конституциясының бірте-бірте қалыптасып, даму процесі жүріп жатады.

Тек патрицийлерден ғана сайланған барлық магистраттар (қызмет бабы адамдары) сенатқа бағынды. Ақсақалдар кеңесінен сенат бірте-бірте өзінің Құрамы жағынан патрицийлік, үнемі жұмыс істейтін мемлекеттік органға айналады.

Сөйтіп, құрылып отырған реслубликада саяси өкіметтің барлық органдары патрийцийлердің қолында болып шығады. Рим плебсі патша кезіндегідей экономикалық және саяси жағынаи правосыз болып қала береді. Патрицийлік құл иеленуші республиканың жариялануы қоғамдық құрылысты елеулі өзгерістерге жеткізбеді.

Ерте республикалық кезеңде полис, яғни еркін құл иеленушілерден тұратын азаматтық қауым болып қалды. Құрамына туысқандық тораптармен байланысқан адамдар және кұлдар кіретін семьялардың
Рим қауымының өміріне зор қоғамдық және шаруашылық маңызы болды. Семья басы семьялық меншікке жарлық етті, үй тәртібінің абызы міндетін атқарды, семья мүшелерінің тағдырын шешетін (құлдықка сатып, өлтіре де алатын) бірден бір төреші болды. Мемлекет семья ісіне араласа алмады, семья басының әрекетін қайткенде де бақылай алмады.

Рим халқы егіншілікпен, мал шаруашылығымен және қолөнермен шұғылданды. Римдіктер астық дақылдарын, жүзімдерді, зәйтүндерді егіп өсірді, бақша шаруашылығымен шұғылданды. Диқаншылар темір еңбек қаруларын қолданды. Олар ірі және ұсақ қара мал, шошқалар өсірді.

Патшальгқ басқару кезінің өзінде-ақ басталған қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуі б. э. дейінгі V-IV ғасырларда жалғаса түсті. Музыканттардың, алтын істері шеберлерінің, құрылысшылардың, былғарышылардын, етікшілердің, жезшілердің, қышшылардың және қолөнер коллегиялық мекемелерінін құрылуы қолөнер дамуы туралы дәлелдейді. Рим қауымы территориясындағы археологиялық ізденістер Этрурияға тән болып келетін көп қола және темір бұйымдарды тапты. Сірә, темір Этруриядан әкелінсе керек, өйткені бұл Лациумда болмаған еді. Жаппай керамикалық материалдың болуы қыш өндірісінің дамуын көрсетеді. Римде үлкен құрылыс жұмыстары жүргізілді: аумақты қабырғалар, храмдар (Юпитер Капитолийдің храмы, Сатурн храмы т. б. ) тұрғызылды, қалалық канализаңия жүйесі салынды.

Сауданың дамуы қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуінің салдары еді. Форум - Римнің басты алаңы апта сайынғы базар орнына айналды. Қалада мал және құлдар сататын арнаулы орындар пайда болды. Жыл сайын діни мерекелер күндерінде жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Италияның ең көп кеме жүретін өзені Тибр үстінде Римнің орналасуы римдіктерге латын қалалары, этрускілер, финикийлер мен гректер арасында делдалдық саудамен шұғылдануға мүмкіндік бердуАқша система-сы туды. Салмағы Рим фунтының бөліктеріне тең болып келетін мыстың, кейінірек қоланың, кесектері алғашқы ақша баламасы- малды ығыстырды. Біраз уақыттан кейін түрлі жануарлар бейнесі немесе металдың тазалығына кепілдік беретін белгілі бір таңбалары бар кұйылған шомбалдар пайда болады. Күміс ақша соғып шығарудың басталуы б. э. дейінгі Ш ғасырдың орта кезіне жатады.

3. Плебейлердің патрицийлермен күресі. Плебейлер барған сайын көптеп шұғылдана түскен қолөнер мен сауданың дамуы Рим плебейнің жіктелуіне әкеп соқты. Плебейлер арасынан бай сауда-қолөнер шонжарлары шықты. Екінші жағынан, мүліксіз плебейлер саны өсті. Патрициан рулық ұйымдарынан тыс бола отырып плебейлер жеке меншік праволарында өте шағын жер учаскелерін иеленді. Соғыстар, егіннің шықпай қалуы, жаулап алған аймақ тұрғындарының бір бөлігінің Римге қоныстануы, Рим жер тапшылығы жағдайында халықтың табиғи өсімі жерсіз плебейлер санын өсіре түсті. Бұлардың көбі жерін алып сатарларға кепіл ретінде өткізді, бұл рулық аристократияға жиі тиісті болып келетін еді. Төлей алмайтын борышкер жерді меншіктену правосынан айрылады, ал егер кредитордың ырқы бойынша бұрынғы жер учаскесінде қала берсе, өзінін жеке басының еркіндігін кепілдік етіп арендатор ретінде ғана болады, Патрицийлер, сондай-ақ бай плебейлер өз борышкерлерін кіріптарлыққа түсірді. Олар бұларды Тибр сыртына, яғни Рим қауымынан тыс жерге құлдыққа сатуға праволы болды.

Плебейлердің осылай жіктелуі тап күресінің шиеленісуіне әкеп соқты.

Б. э. дейінгі V-IV ғасырдағы Рим плебейі бүкіл рим қауымына тиісті болып келген жердің қоғамдық танабын бөлуге, еркін кіруге рұқсат алуға ұмтылады. Қоғамдық танап жекелген халықтардан римдіктер тартып алған жер есебінен өсіп отырды (барлық жердің 1/з-нен 2 / 3 -не дейінгісі алынды) . Алайда патри-інйлер ғана оккупациялай, яғни жердін қоғамдық танабын, ала элатын еді. Оккупациялаудың осындай правосын алу үшін пле-эейлер саяси праволарда патрицийлермен теңдікке жетуге тиіс болды,

Сонымен, плебейлердің патрицийлермен экономикалық тұр-ғыдағы күресі жер үшін күрес болды. Бұл кедейленген плебей-лердің аграрлық мәселелерді борыштық кіріптарлығымен коса жою талаптары арқылы киындай түсті.

Б. э. дейінгі V-IV ғасырларда плебейлер экономикалық жә-не сәяси қатынастарда патрицийлермен тендік жолындағы үзак күреске кірісті. Олар патриццйлер ие болып отырғандай азаматтық праволарды: магистратураларды, сенаттан орын алу праволарын талап етті. Дәстүр бойынша плебейлердің патрицийлер-мен күресінін басталуы б. э. дейінгі 494 жылға жатады. Эква-лармен соғыс кезінде борыш ауыртпалығын тартқан плебейлер рим әскерлерікде қызмет етуден бас тартты, Римді тастап кетіп Әулие тау үстіндегі лагерьде түрды. Плебейлердің Рим армиясын әлсіретіп, кетіп калуынан шошынған патрицийлер кеқшілік етуге бой ұрды. Плебейлердің дербес ұйымдасу правосы танылды. Олар өз ортасынан б. э. дейінгі 493 жылдан бастап жыл сайын екі лауазымды адам - халық трибундарын сайлай алды. Три-бундар, плебетердің мүдделеріне қайшы келетін, сенат пен магистраттардың шешімдеріне тыйым (вето) салу правосын алды. Сонымен, олардың міндеті плебетерді патрициан магистраттары мен сенаттың жүгенсіздігінен қорғау болып табылады. Алға-шында 2 трибун, содан соң 4 (қала трибтарынын санына қарай), ал кейінірек 10 трибун сайланды.

Аграрлық мәселелерді шешуге жасалған плебейлердің алғашқы әрекеттері б. э. дейінгі V ғасырдың бірінші жартысына жатады. Б. э. дейінгі 486 жылы консул Спурий Кассий соғыс кезінде басылып алынған жерлерді плебейлер арасында бөлгісі келді. Патрицийлер консулды зорлыққа ұмтылды деп айыптады. Алайда б. э. дейінгі 456 жылы халық трибуны Ицилий Авентин төбесіндегі жерлерді жарлы-жақыбай арасында бөлу туралы заң жүргізді.

Плебейлер б. э. дейінті V ғасырдың ортасында үлкен жеціске ие болды. Олар қолданылып жүрген правоны тіркеуді қорғап қала алады. Б. э. дейінгі 451 жылы 10 патрицийлерден (децем-вирлерден) комиссия сайланды, бұл заңдардың жазба жннағын құрастыруға тиіс болды. Алайда ол мұны бір жыл ішінде жасай алмады да, б. э. дейінгі 450 жылы тағы да 10 децемвирлер сай-ланды (патрицийлерден - 5, плебейлерден - 5), бұлар қолданылып жүрген праволық нормаларды жинап жүйеге келтірді. Б. э. дейінгі 449 жылы 12 мыс тақталарға ойылып жазылған заңдар форумға қойылды.

ІІ таблица зандарын қабылдау Рим плебсінің үлкен жеңісі болды. Патриций мен плебске ортақ заңдар плебейлерді патрицийлердің жүгенсіздігінен қорғауға тиіс болды.

XII таблица тексінін, түп нұсқасы сакталмаған. Текст цатат және неғұрлым кейініректегі авторлардың айтып беруі бойынша қалпына келтірілді. Дегенмен б. э. дейінгі 451-450 жылдардың зан жобалары әлі де болса рулық құрылыс нормаларының табы жатқан ертеректегі Рим республикалық қоғамының әлеуметтік-экономикалық қатынастары туралы ұғым беретін бағалы түп дерек болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дүние тарихы пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Анатомия терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңызы туралы
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы жайлы
Латын тілінің шығу тарихы және оның ғылымдағы маңызы
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы орны
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы жайлы мәлімет
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңызы туралы мәлімет
Ежелгі Рим елінің материалдық мәдениеті
Латын тілінің шығу тарихы. Мемлекеттік тілде оқитын студенттерге арналған оқулық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz