Россияда философиялық ой-пікірдің өз дәстүрлері мен ерекшеліктері



Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Россияда философиялық ой-пікірдің өз дәстүрлері мен ерекшеліктері бар.
Олар, көбінесе, Россияда ғасырлар ойы орын алған мәдени-әлеуметтік
процестерге байланысты. Орыс философиясындағы материалистік дәстүрлер
байланысты. Орыс философиясындағы материалиятік дәстүрлер Ломоносовтан
басталды. М. В. Ломоносов (1711-1765) аты әлемге әйгілі бірінші орыс
ойшылы, ғалымы, ғылымның сан-саласын дәйекті дамытқан данышпан.
Философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шеше отырып,
Ломоносов материя атомдардан тұрады, ал атомдар өзара қосылса келе
молекулаларды құрайды, ал соңғылардың қосылысынан барлық заттар түзіледі
деп есептеді. Жаратылыстану-ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ол материя
мен қозғалыстың мәңгілігін және жойылмайтындығын дәлелдеді, зат пен
қозғалыстың сақталу заңын ашты. Материя мен қозғалыс ажырымас бірлікте,
материя үздіксіз қозғалыста болатынын атап көрсетті.
Ломоносов дүниені танып-білуге болатынын мойындады. Таным сезім
мүшелері арқылы қабылдаған құбылыстарды ой жүзінде талдау, қорытындылау
барысында іске асады деді ол. Дүниетану процесінде Ломоносов экспериментке,
тәжірибеге, сондай-ақ теориялық үлкен мән берді, тек солардың бірлігі
арқылы ғана ақиқатты танып-білуге болады деп есептеді.
әлеуметтік өмірді түсіндіруде Ломоносов ағартушылық, гуманистік
көзқарасты ұстады. Сондай-ақ оның көзқарасында деизмнің элементтері де бар
еді. Әуел баста дүниені жаратқан құдай, бірақ ол кейінгі өзгерістеріне
араласпайды, сондықтан дін ғылымның ісіне қол сұқпауы тиіс деді.
Ломоносов сияқты А. Н. Радищев те (1749-1802) дүниенің материалдығын,
атап айтқанда қозғасын материаның негізгі бір қасиеті екенін уағыздады. Бұл
мәселеде ол өзінің замандастары –француз материалистерінің көзқарасын
қолдады. Дүниенің танымдылығын мойындады.
Радищев патшалық самодержавие мен креспостнойлыққа қарсы шыққан
бірінші дворяндық орыс ревллюциялық жолмен азат етуді талап етті. Оның
әлеуметтік-философиялық көзқарасына француз ревалюциясы тікелей әсерін
тигізді.
Орыс философиясының тарихындағы ХІХ ғасырдағы ревалюцияшыл
демократтардың материализмі мен диалектикалық ой-пікірлері ерекше орын
алады. Бұл философияның басты өкілдері, көрнекті орыс материалистері
В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Гецен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1829-
1889), Н.А.Добролюбов (1836-1861), Д.И.Писарев (1840-1868) тек теория
жүзінде ғана емес, сондай-ақ патшалық Россияда 40-60 жалдары пісіп жетіліп
келе жатқан шаруалар ревалюциясының идеологтары болды.
Ревалюцияшыл демократтардың философиялық ілімі, бір жағынан, өздерінің
бұрыңғылардың, әсіресе, Ломоносов, Радищев пен декабристердің материалистік
идеаларына сүйенсе, екінші жағынан, Батыс Европа ойшылдарының, ең алдымен
Гегель мен Фейрбахтың озат философиялық дәстүрлерінен бастау алды. Сонымен
қатар ревалюцияшыл демократтар жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін
барынша пайдаланды.
Бірақ ревалюцияшыл демократтар Фейрбах сияқты Гегельдің идеализмін
сынағанда оның диалектикалық тәсілін лақтырып тастаған жоқ, қайта оны
материализммен байланыстырып, материалистік түсініктеме беруге тырысты.
Герцен мәселен, Гегельді сынай отырып, табиғаттың қоғам мен ойлаудың жалпы
даму заңдарын ашып беретін оның диалектикасын аса жоғары бағалады, оны
“ревалюция алгебрасы” деп есептеді. Сонымен бірге ол Гегельдің обьективиік
идеализммін аяусыз сынады: Гегель, оның пікірінше, “дүниеде бардың бәрін,
рух мен ойдың құрбанына айналдырды: жасайтынан тәрбиленген, анасының
сүтімен бірге бойына сіңген идеализм оын сыңаржақтыққа итермеледі... Сөйтіп
ол табиғатты рухқа, логикаға бағындыруға тырысады”. Идеалардың логикалық
дамуы, Гегель ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОРЫС ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІ
ХІХғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ.І жартысындағы Ресейдегі саяси ойлар
Америка Құрама Штатындағы педагогиканың дамуы
Алтынсарин орыс мұғалімдерімен тығыз байланыс жасады, олардың бірсыпырасы
Педагогика ғылым ретіндегі жалпы түсінігі
XХ ғ. батыс философиясы, экзистенциализм
Саясат тарихы туралы ақпарат
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану (Ана тілін оқыту үдерісі негізінде)
Отандық философия
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Пәндер