Румыния шекарасы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Румыния

Румыния Социалистік Орталық Европаның оңтүстік-шығысында Төменгі Дунай бассейніне орналасқан. Оның шекарасы 1947 жылы бейбіт келісім бойынша белгіленді, жалпы ұзындығы 3159, 9 км-ге созылады. Шығысында Румыния Қара теңізге тіреледі. Теңізбен шектескен жерінің ұзындығы 245 км. Румыния Социалистік Республикасы солтүстігі мен оңтүстік-шығысында СССР-мен (1328, 8 км), солтүстік-батысында Венгриямен (442 км), оңтүстік-шығысында Югославиямен (546, 6 км), оңтүстігінде Болгариямен (590, 9 км) шектеседі. Румыния территориясы 237, 5 мың шаршы км. Жалпы жер көлемінің 30 процентін тау, 37 процентін төбелер мен үстірттер алып жатыр, 33 проценті жазық жер. Ауа райы бірыңғай континентальді. Мемлекеттік тілі - румын тілі.

Соғыстың алдыңғы жылдары буржуазиялық - помещиктік Румыния артта қалған аграрлық ел еді. Халқының ¾-і ауыл шаруашылығымен айналысатын. Сыртқа шығаратын заттарының басым бөлігі ауыл шаруашылық өнімі болатын. Ауыл шаруашылығы өндірісінің табыстарын алдымен ірі жер иелері, помещиктер иеленді. Қарызға белшесінен батқан ұсақ және орта шаруалар қайыршылыққа ұшырады. Деревняда феодалдық қалдықтар өмір сүрді.

Өнеркәсіп нашар дамыды. Тек мұнай өндіру, ағаш дайындау, т. б. да шетел капиталына қажетті салалар ғана біршама өрістеді. 1938 жылғы мәлімет бойынша, мұнай өнеркәсібіндегі шетел капиталынының үлесі 92 процентке, электр энергиясы мен газ өндірісінде - 95, металлургияда - 74, химия өнеркәсібінде - 72, ағаш өндеуде - 70 процентке жетті. Өнеркәсіптің көптеген салалары шеттен келтірілген шикізаттарды пайдаланды. Румыния экономикасын билеп-төстеген мұнай монополиялары гитлерлік Германиямен бірлесіп жұмыс істеді.

1944 жылғы 23 августегі қарулы көтеріліс Румыния тарихындағы түбірлі бетбұрыстың бастамасы болды. Елде шиеленіскен таптық күрес өріс алды. Румыния компартиясы социал-демократиялық партия, «Егіншілер майданы», біртұтас кәсіп одақтар мен басқа да прогресшіл ұйымдар қатысқан, империализмге, фашизмге, феодализмге қарсы ұлттық-демократиялық майданның ұйымдастырушы болды.

Румынияның жер қойнауы қазба байлықтарына бай. Мұнай мен жоғары сапалы табиғи газ қоры жөнінен Румыния Социалистік Республикасы Еуропада екінші орын алады. Мұнай мен газ елдің отын ресурстарының 80 процентіне жуығы, көмір - 19, 6 проценті. Сондай-ақ мырыш, қорғасын, марганец және боксит қоры да елдің ішкі қажетіне жеткілікті. Өз темір рудасы, мыс және кейбір түсті металдар жағы жетімсіз. Құрылыс материалдары өнеркәсібінің шикі заттары, сондай-ақ слюда, талька, графит т. б. қорлары едәуір. Алтын, күміс, уран рудалары шығатын жерлер де бар.

Ішкі ресурстарды пайдаланумен қатар социализмге материалдық - техникалық базасын жасауда туысқан елдермен, ең алдымен - Совет Одағымен қарым-қатынас жасаудың үлкен маңызы болды.

Экономикалық дәрежесі жағынан, халық шаруашылығының құрылымы жағынан бүгінгі Румыния орта дәрежеде дамыған индустриялы - аграрлы ел қатарына жатады. Оның үлесіне жер шары халқының 0, 56 проценті, жер шарының 0, 18 проценті тиеді. Румыния Социалистік Республикасы шамамен жер жүзі өнеркәсіп өнімінің 1 процентін өндіреді, астықтың 1, 9 процентін өндіріледі, оның дүниежүзілік саудадағы үлесі - 0, 67 процент.

1973 жылғы бесжылдық жоспардың директиваларын және елдің дамуы жөнінде болжам жасауға қажетті. Румыния Социалистік Республикасын әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытудың Жоғары Советі, мемлекеттік өкіметтің орталық және жергілікті органдарының, экономикалық ұыймдар және әлеуметтік - мәдеди ұйымдардың қызметін жақсарту жөніндегі Совет, финанстық бақылаудың жоғары палатасы және басқалар құрылды. 1976-1990 жылдары өнеркәсіптің ұлттық табыстың өсуінің жоғары қарқынның сақтау көзделіп отыр. Өнеркәсіп өнімінің жартысынан астамын беретін машина жасау мен химия басым дамылады. Ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығын озық өркендету көзделуде.

Табиғат ресурстарын игеру, комплекті механикаландыру мен басқаруды автоматтандыруды енгізуге байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары кеңейтілуде. Елде ірі сериялы, тиімділігі жоғары өндіріс процесін, атап айтқанда, халықаралық социалистік еңбек бөлісіне, халықаралық экономикалық бірлестіктердің әртүрлі формаларына Румынияның барынша белсене қатысуы арқылы тездету белгіленіп отыр. Перспективалық экономикалық программа Румыния Социалистік Республикасының енді жиырма жылдан кейін еңбекшілердің материалдық және рухани қажеттерін қанағаттандыруды қамтамасыз ете алатын, жан басына шаққанда ұлттық табыс өндіру дәрежесі жоғары дамыған индустриялы елге айналуына бағыттылған.

Буржуазиялық - помещиктік Румынияда 52 ғылыми-зерттеу институттары болса, қазіргі уақытта олардың саны 310-ға жетіп отыр.

Ғылыми мекемелердің үш буыны бар: 61 зерттеу институттарын қамтитын Ғылым академиясы немесе орталығы; ведомостволық зерттеу мекемелері - 164 зерттеу институты немесе орталығы, жоғары білім беру жүйесінде мамандырылған 36 зерттеу бөлімі.

Халықтың өкімет жылдарында румын ғылымының дамуы ССР-ғылыми қызметкерлерінің басқа да социалистік елдер ғалымдарымен достық және жан-жақты ынтымағымен тығыз байланысты. Румыния атом энергиясын бейбіт мақсатқа пайдалану, сондай-ақ бүкіл дүниежүзілік социалистік системаның экономикалық проблемаларын зерттеу саласында экономикалық проблемаларын зерттеу саласында экономикалық өзара көмек Советі мүшелері елдерінің ғылыми - зерттеу ұйымдарының жұмысына қатысады.

Халықтық өкімет жылдарында румын әдебиетіне жұмысшы табы мен еңбекші шаруалар қатарынан шыққан көптеген жас жазушы прозаиктер, ақындар, драматургтер;

Совет әдебиетінің таралуы қазіргі румын әдебиетіне жемісті ықпалын тигізді. Өз кезегінде көптеген румын жазушылары да СССР-де жақсы ықыласқа ие болуда.

Әдебиет пен өнердің өркендеуінде әдеби және көркем сының да өзіндік үлесі бар. Румын әдебиет зерттеушілері әдебиеттің партиялық принципін қаралауға тырысқан батыстың ревизионистік эстетикасына соққы берді. Мәдениет саласында өзгеріс жасау процесінде өткеннің ғылыми, әдеби және көркем мұраларын сын көзімен бағалаудың орны өзгеше болмақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуропадағы соғыс алдындағы дағдарыс
Румыния мемлекеті
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзі Версаль-Вашингтон жүйелері
Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945 ж.ж.)
Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары
ЕУРОПА АЙМАҒЫНА ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Екінші дүниежүзілік соғыс. «Қырғи-қабақ» соғысының ақырғы белесі
Потсдам конференциясының ашылуы
Үлкен Үштік конференциялардағы АҚШ дипломатиясы
ЕУРОПА ДЕРЖАВАЛАРЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ ЖӘНЕ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz