РУХАНИ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ЖЫРАУЛЫҚ ДӘСТҮР

Қазіргі таңда орта білім беру ошақтары мен жоғары оқу орындарында
жастарға діни білім беру ең өзекті мәселеге айналып тұр. Бұл мәселенің
кезек күттірмес қауырттығын, ұлт ретінде сақталып қалу мен жойылудың
аралығындағы жағдай екендігін қоғамымыз әлі де жете ұғына қойған жоқ.
Кеңестік кезеңнің құдайсыздық идеясымен өсіп, ержеткен жоғалған
ұрпақтың балалары – XXI ғасырдың перзенттері – рухани болмысын іздеп
жанталасуда. Біздің, жоғалған ұрпақтың, оларға беретін азығы не болмақ?
Барлық білім беру сатыларында Қожа Ахмет Ясауи – тарихи, әдеби тұлға
ретінде ғана танытылып оқытылады. Ясауи ілімін жалғастырушы жыраулар
поэзиясы құрғақ ақыл-өсиет айтылатын, дидактикалық, ары кетсе, азаматтық
идеядағы көркем сөз кестесі ретінде ғана үйретіледі. Сопылық ілімнің
шырағын жаққан киелі орындары: жерасты мешіттері, шілханалар, адамзаттың
тәубеге келіп, құдайын еске алу үшін әулиелерге салынған қасиетті
ғимараттар туристер қызықтайтын тарихи сәулет орындарына айналдырылған.
Жүрек ілімін меңгерген әулиелердің тылсым болмысына илана
қоймайтын, жан азығынан гөрі тәннің сұранысын көбірек күйттеуге бейім,
атеист ата-анадан жүректері қатайып туған қазіргі жастарымызға осы заманғы
оқыту жүйесіне оңтайландырылған рухани білім беру көзін қайдан алып, қандай
тәсілмен егуге болады деген сауал ұлт жанашырларының қай-қайсысын да
мазалайтыны сөзсіз.
Қожа Ахмет Ясауи ілімін Қазақстан, Орта Азия елдеріне таратып, әсерлі
әуенмен, көркем поэтикалық өрнекпен, терең күрделі қисынмен жұртшылықтың
жүрегіне егуде 6 ғасырдан астам қызмет еткен жыраулық дәстүр рухани
ізденісіміз, адами қалпымыз тығырыққа тірелген дәл қазіргі сәтте ең
таптырмас құрал бола алатыны сөзсіз.
Қазақстанның қай өңірінде де сопылық ілімді насихаттаушы ақын-
жыраулардың мұралары ел жадынан өшпей жеткен. Бұл жәдігерліктердің бәрінің
әр қиырда, әр кезеңде дүниеге келсе де, бір идеологияны, кісілік
идеологиясын, оның зікір, пікір, шүкір – үш негізгі амалын бір кісідей
уағыздауы жыраулық дәстүрдің құдайлық миссиясын танытса керек.
Біздің ойымызша, діни пәннің бір саласы жыраулық дәстүрдің болмысын
танытумен байланысты болуы керек. Жыраулық дәстүрдегі сопылық ілімнің
негізін балаға үйрету үшін алдымен білім мазмұнының белгілі бір жүйесі
жасалуы қажет деп ойлаймыз. Алдымен жырау дегеніміз кім? Жыраулықтың
табиғаты, болмысы, қазақ халқының тарихи, рухани өміріндегі қызметі, орны
талдану қажет.
Маңғыстау өңірінде дүниеге келіп, Қазақстан, Қарақалпақстан,
Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Ауғанстан елдері аумағында поэтикалық
мектеп қалыптастырған 30 шақты ақын-жырау белгілі. Аталған жыраулардың қай-
қайсысы да осы өңірлердегі ясауилік діни мектептерден дәріс алған. Оларға
дәріс беруші ұстаздары Хиуа, Бұхардағы сопылық ілімді ұстанушы атақты
ғұлдамалардың шәкірті болса керек. Сондай-ақ, жыраулардың қатарында сопылық
ілімнің белгілі бір сатыларына қол жеткізіп діни дәреже алған нағыз тақуа-
діндар, оқымыстылары бар: Ыбырайым-ахун, Өр Ишан Дарханұлы, Түйте ахун
Өтесбайұлы, Абыл ахун, Түмен ахун т.б.
Ыбырайым-ахун Құлбайұлы туралы мынадай дерек бар: 1893 жылы 7 жасында
Ыбырайым Қараш Байғұл қажы салдырған, Бейнеудің қасындағы Құландысайдағы
медресеге оқуға алынып, Қараш Тұрғамбай, Шегем Қайырмұқамбет, Шоңай Шайқы
ахундардан дәріс алған. Бұл ұстаздары Хиуадағы жоғарғы діни медресені
бітіргендер. Ыбырайым “ахундық” атақты 25 жасында алған. Ыбырайымның есімі
діни сауаттылығымен бірге өз жанынан жыр-дастандар шығарғандығымен де
жұртқа таныла бастаған. Ақындық өнерін байқаған белгілі жырау Қашаған бірде
оған шапан сыйлапты деген де дерек бар, ал ишандық атаққа Қожа Ахмет Ясауи
жолының үлкен ғұламасы өзбек Қозы ишанның баласы Әбдіқадырға қол беріп,
сұпы болғаннан кейін 1947 жылы ие болған. [1].
Жоғарыда келтірген деректерден шығатын қорытынды: жыраулар – өздері де
осы ілімді арнайы ұстаздардан оқып, меңгеріп, ілімнің кәміл адамдыққа
жету, Алланың сүйген құлы болу жолын ұстанған, ол үшін рухани тазалықты
басты мұрат тұтқан жандар.
Ғалымнан сұпы-ғазиз білім алдым,
Құлпырған сахарада гүлдей болып,
Лабызым жақты жұрттың жүрегіне
Зарлаған саһардағы үндей болып. (Сүгір)
Әуелі, Алла, ылым бер,
Ылым берсең, білім бер,
Исламның дінін бер. (Ыбырайым ахун Құлбайұлы)
Өнер шашқан жыршылық, – Құдайға бұл да құлшылық! деген ұстанымды
үнемі естен шығармаған. Жұпыны киіммен үнемі ел аралап жыр айтуы, адамзатты
жақсылыққа үндеуден қандай қиын заманда да бас тартпауы бір жағынан оларды
сопылық жолдағы дәруіштерге жақындатады. Сопылық жолдың шынайы адамдыққа
жету ұстанымы жыраулар дүние танымында ең негізгі мәселе ретінде
жыраулықтың басты мақсат-мүддесі болып саналған.
Келесі мәселе жыраулардағы дүниені, жаратылысты тану концепциясын
үйретумен байланысты болу керек. Батыстық өркениетке негізделген
философиялық таным бойынша адам алдымен өзін қоршаған дүниені тануға
ұмтылады, сол арқылы өзінің кім екенін ұғынады, ал жыраулардың
концептуалдық дүние бейнесінде адам баласы өзін-өзі тану арқылы Алланы,
Алланың болмысы арқылы 18 мың ғаламды таниды.
Жыраулардың дүниетанымы мен кіммін? мені кім жаратты? мені қалай
жаратты? деген сұраққа жауап іздеуден басталады.
3. Жәбірейіл періште
Жетпіс жыл илеп адамды
Топырақтан жан беріп,
Дүреттің жоқтан бар етіп. (Сүгір)
4. Жүрият болып үдіредік
Әуелде жалғыз Адамнан
Бір теректен көгеріп
Бұтағымыз көбейіп
Жер-жиһанға таралған. (Аралбай)
5. Дүние деген ғаламат
Бір тамшы судан қан болып,
Анамыздың қарнында
Бірқатар мезгіл өткенде
Қимылдадық жан болып... (Нұрым)
Алланың он сегіз мың ғаламды жаратуы
Дүниенің басы – әуелі
Меруерт тастан жаралған,
Меруерт тас еріп су болған,
Судан түтін бу болған,
Аспан мен жер содан жаралған
Адам, Лаухы, Ғалам, Абзал – баршасы
Сол заттан дейді жаралған.
Он сегіз мың ғалам болғанда,
Үш бөлім болып таралған:
Алтауы болар жәмәдәт,
Алтауы болар нәбәдәт,
Алтауы болар хайуанат –
Үш алтыны қоса ғой,
Он сегіз мың жан болар
Білмеген адам таң болар. (Қашаған)
Дүниенің материалдық, рухани тірегі не? деген сұрақтың жауабын да
жыраулардан табамыз:
Жан жаратып, жан берген,
Тіл жаратып, тіл берген
Аспан мен жердің арасын
Азғантай емес, мол берген
Он сегіз мың ғаламның
Тірісі дәурен сүрсін деп,
Өлгенін қазып көмсін деп,
Жеті қабат жер берген.
Аспаннан нұрын төктіріп,
Шапағын шашып күн берген,
Жер реңі келсін деп,
Жарқыратып көл берген,
Көлдің көркі келсін деп,
Қаптай көшкен ел берген.
Елдің сәні келсін деп,
Қатар-құрбы тең берген.
Теңнің көркі келсін деп,
Сөйлесетін сөз берген,
Сөйлеп қызық көрсін деп,
Оралған қызыл тіл берген.
Жақсы мен жаман көрсін деп,
Жарқыратып көз берген.
Бұл дүниені байқадық,
Қасиетті сол бір көзбенен.
Әрбір түрлі сөз айттық,
Оралған қызыл тілменен.
Жан барында сөйлейін,
Неше күн жолдас болармыз,
Баянсыз пәни сенімен. (Нұрым)
Дүниенің материалдық тірегі: аспан (көк), жер, күн, ай, көл, ел, қатар-
құрбы, тең. Рухани тірегі: жан, тіл, сөз, оралған қызыл тіл, көз. Жыраулар
танымында дүние (аспан мен жердің арасы) кең, шексіз әлем. Себебі ол
адамның санасына, болмысына сыймайтын кеңістік, өлшем. Сондықтан да адамзат
дүниетанымындағы шексіздік ұғымы аспан мен жердей немесе жер мен көктей
деп беріледі. Адамға жан беруші (өмір, тіршілік сыйлаушы) – Алла жанмен
бірге тіл берген. Тіл – адамдықтың негізі. Тілді жанмен қатар қою арқылы
жыраулар оған үлкен философиялық мән жүктейді.
Тіл мен жан тірліктің рухани көзі болса, өмір сүрудің материалдық
негіздері де бар. Олар – аспан (Аспан мен жердің арасын, Азғантай емес мол
берген), жер (Он сегіз мың ғаламның, Тірісі дәурен сүрсін де, Өлгенін қазып
көмсін деп, Жеті қабат жер берген), жарық, нұр (Аспаннан нұрын төктіріп,
Шапағын шашып күн берген), су (Жер реңі келсін деп, Жарқыратып көл берген).
Адамның өмір сүру әрекеті қоғамнан тыс бола алмайды, жалғыздық
(жекелік, даралық) тек құдайлық мәнге ғана тән ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz