Рухани дүниенің құндылықтық-жалпыадамзаттық маңызы
Мазмұны
Кіріспе
I Рухани дүниенің құндылықтық-жалпыадамзаттық маңызы
1.1 Рухани құндылықтар жүйесінің философиялық ілім ретінде қалыптасуы
1.2 Жеке тұлғаның қалыптасуындағы рухани дүниенің орны
II Рухани құндылықтардың ұлттық негіздері
2.1 Қазақтың дәстүрлі рухани құндылықтарының өлшемдері
2.2 Халықтың мәдени жүйесіндегі ұлттық және діни құндылықтардың
сабақтастығы
2.3 Ұлтық мәдениетіміздегі құндылықтарға бағдарланудың бүгінгі таңдағы
маңызы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыпты зерттеудің өзектілігі. Қазақ халқының философиялық
көзқарасы мен ұлттық ой-санасының өркендеуінде рухани құндылықтар ілімінің
өзіндік орны бар. Өз кезегінде ұлттың рухани бағдары, негізгі өмірлік
позициялары, дүниетанымы да осы құндылықтарға байланысты қалыптасты.
Дәстүрлі танымдағы құндылықтар әлемі – адамның рухани әрекеті, рухани
байлығы, оның адамгершілік санасының сипатын білдірді. Бұл қоғам мен
адамдарға жақсылық пен жамандықты, ақиқат пен адасуды, әсемдік пен
сиықсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, рұқсаттылық пен тиым
салушылықты, мәнді мен мәнсіздікті ажыратуға негіз болды.
Қазіргі қазақ қоғамындағы әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени
өзгерістер мен жаңғырулардың үдерісі бұл мәселенің маңыздылығын арттыра
түсуде. Осы орайда, рухани құндылықтардың ұлттық негіздерін жаңа қоғамдық
қатынастар талабына бейімдеу, оны рухани өмірдің өзегіне айналдыру тек
философиялық, дүниетанымдық мәселе ғана емес, сонымен қатар саяси мәселе.
Түрлі жалған ұстанымдарды лаңкестік әрекеттермен ұштастырып, рухани
құндылықтарды өз қажеттілігінде таныта білмеу қоғамда теріс көзқарас
туындатуда. Рухани құндылықтарды өз деңгейінде бағаламау қоғамды аздырады.
Ал, адамзат санасын дендеп келе жатқан рухани бостық жалған дүние
кеңістігіндегі зұлымдық, менмендік әрекетінен туындайды. Сондықтан
демократиялық қоғамның талаптары рухани құндылықтардың ұлттық негіздері
мен ерекшеліктерін мәдени-философиялық тұрғыдан зерттеуді қажет етеді.
Бүгінгі таңда рухани құндылықтардың мәнін, маңызы мен ұлттық
ерекшеліктерін анықтау ұлттық сана-сезіміміздің бағдар бағыттылығын қалпына
келтіруге ықпал етеді. Сондықтан Қазақстан үшін рухани құндылықтар туралы
ілім (аксиология) дәстүрлі дүниетаным мен жаңа жағдайға бейімделу кезінде
туындайтын құндылықтардың ақиқаты мен жалғанын ажыратудың, ұлттық
болмысымызды танудың негізіне айналып отыр.
Елбасымыз Н:Ә: Назарбаев Біздің суверенді және тәуелсіз Отанымызда
өзіндік құндылықтарымыз бар және оларды сақтап, қорғай білуіміз керек.
Бірде бір қоғам және бірде бір мемлекет патриотизм, бейбітшілік пен
келісім, әлеуметтік серіктестікпен үйлесімділік, құқықтық тәрбие идеяларын
жүргізбестен аяғынан тік басып тұра алмайды,(1) - деген болатын. Шынында
да отаншылдық, өзара түсіністік, бауырмалдық, батырлық, парасаттылық, ой
еркіндігі, қайырымдылық, ар-ождан, әділеттілік пен бостандық сияқты
құндылықтарсыз қоғамның жеке мүшелері адамдарды да елестету мүмкін емес.
Бұлар адамның рухани күшінің қайнар көзі, адамгершілік қасиеттерінің
қалыптасуында ынталандырушы шарт. Бұл орайда Ә.Нысанбаевтің мына сөзін
келтіре кету ойымызды нақтылай түседі: Адам бойындағы рухани даму
мүмкіндігін көрсететін тағы бір жайт – оның айқын өмірлік позициясының
болуы. Егер ол тек ғана баюға ұмтылатын, бірақ еліне өз отандастарына қол
ұшын беруді, көмектесуді ойламайтын, имандылық пен адамгершіліктен аулақ
тұрған болса, қанша кітап оқыса да, бәрібір, ондай адамның руханилығы
туралы сөз болуы да мүмкін емес (2). Алайда тарих процесс арқылы жалғасып
келе жатқан құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа табыстау дәстүрі кеңестік
идеология тұсында жолдан шығып қалды. Тоталитарлық жүйенің құндылықтарын
зорлықпен санаға сіңіру, адамдардың іс-әрекетімен дүниетанымының өзегіне
айналдыру жаппай етек алды. Бәрін бір идеологияға бағындыру нәтижесінде
ұлттар дәстүрлі өмір сүру тәсілінен айырылды. Адамның рухани дүниесінен
гөрі материалдық бастамалар, қажеттіліктер алғашқы орынға қойылды. Бір
ғасыр ішінде жүріп өткен саяси-әлеуметтік өзгерістер, қоғамның экономикалық
негіздерінің ауысуы, қолдан жасалған аштық, саяси қуғын-сүргін, халықты
жаппай жайлаған үрей, шовинистік саясаттың нәтижесінде жазу үлгілерінің
өзгеруі, ұлт тілінің қолданылу аясының тарылуы ұлттық құндылықтардың, яғни
халық шығармашылығы – фольклор, мақал-мәтел, эпос жырларымыздың қоғам
сұраныстарынан аластатылуы, ислам дінінің теріске шығарылып, атейстік
көзқарастың басты ұстанымға айналуы және тағыда басқа өзгерістер ұлт
санасындағы рухани құндылықтарға кері әсерін тигізбей қалмады. Рухани
құндылықтарды бағалай білуге әлемді, адамдарды, табиғатты сүю ғана
үйрететіндігі естен шықты. Алайда еріксіз істелінген нәрсенің адамнан
бәрібір де еріксіз қалатыны, бағаланбайтыны негізделді. Бұл туралы
С.Нұрмұратов: Ақиқатты түсінуге, игеруге болмайды, оны тек таза жүрекпен
қабылдау керек, адам сол әлемге ақ ниетпен ұмтылуы қажет (3), деп жазады.
Рухани құндылықтар адамдар жүрегінде емес, әдебиет беттерінде сақталып
қалды.
Нарықтық қатанастар кезеңінде қазақ қоғамының санасы комунистік
идеология мен тоталитарлық жүйе құрған түсініктер мен көзқарастарға толы
еді. Оның үстіне нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңінің алғашқы
жылдарында жіберілген ағаттықтар мен кемшіліктер қоғамның рухани және
моральдық азғындауына әкеп соқтырды. Дәстүрлі дүниетаным мен нарықтық
қатынастар тудырған құндылықтар арасында қайшылықтар пайда болды.
Ұлттың рухани тазалығын сақтауда рухани құндылықтардың ұлттық
негіздері қандай, жаңа ғасырда оларды адамдар санасына қалай енгіземіз, ұлт
дүниетанымында қалыптасуы мен даму ерекшеліктері қандай, жаңа жағдайға
бейімделуі қалай жүреді, оның ішкі қайшылығын анықтау, бағыты мен бағдарын
көрсету осы тақырыптың өзектілігін көрсетіп отыр.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Құндылықтарды зерттейтін саланың
аксиология деп аталатыны зерттеушілерге белгілі.Философия мен
мәдениеттануда мейлінше мол тағлым-тәжірибесі бар құндылықтар туралы ілімді
зерттеу қызу философиялық пікір таластың негізінде қалыптасып келе жатыр.
Ал рухани құндылықтардың ұлттық негіздерінің қалыптасуы мен даму
ерекшеліктерінің зерттелуіне тоқталатын болсақ, бұл мәселе әлеуметтік
философиялық тұрғыдан әлі толық зерттеліп болмаған, философ ғалымдардың көз
қырына енді ілініп келе жатқан мәселелердің бірі. Құндылықтардың ұлттық
негіздерінің уақытқа сай зерттелмеуі, оның халық танымынан жасырын қалуына
алып келді. Бұл түрлі теріс көзқарастар мен пікірлердің туындауының
себебіне айналды.
Құндылықтардың абсолютті және салыстырмалы қасиеттері туралы
түсініктер антика заманында өмір сүрген Сократ, Платон, Аристотель
еңбектерінде өздерінің даму деңгейіне сәйкес анықталып отырған. Өз
кезегінде немістің ұлы философтары Кант пен Гегель де құндылықтар
мәселесіне назар аударып, әрқайсысы талдаулар жүргізген.
Г.Риккерт, ВВиндельбанд (4), Э.Кассирер (5), М.Шеллер (6), Дильтей,
Шпенглер, Тойнби, Сорокин (7), Ф.Ницще (8) тәрізді шетел ғалым-философтары
аксиологияның ілім ретінде қалыптасуына өз үлестерін қосқан. Аталған
философтардың алуан түрлі құндылықтар теориясынан бір бірінен ерекше
философиялық және социологиялық концепциялар қалыптасты.
Қожа Ахмет Йасауи, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Йүгінеки, ақын жыраулар,
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев шығармашылығындағы рухани құндылықтар
әлемі және адам жанын кемелдендіру туралы айтылған ойлар ұлттық
дүниетанымызды құндылықтармен қуатты етті. Ал хх ғасырдың басындағы қазақ
ұлт азаттық қозғалысының көрнекті өкілдері А.Байтұрсынов, А.Бөкейханов,
М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев және басқалары қазақ халқын жалпы
зиялылармен адамзаттық құндылыққа жақындастыруды уағыздады.
Қоғамымыздағы өзгерістерге байланысты рухани дүниемізді жаңғыртып,
ұлттық мұрамыздың қайта түлеуін көздеген А.Х.Қасымжанов (9), Ә:Н. Нысанбаев
(10), О.А.Сегізбаев (11), Ғ. Есім (12), М.С. Орынбеков (13), С.Е.
Нұрмұратов (14) және т.б. ғалымдарымыз рухани құндылықтарға
немқұрайлылықпен қараудан арылуға шақырады. Сондай-ақ, рухани
құндылықтарымызды философиялық тұрғыдан талдауға мән беріп, оны дамытуға
және сол арқылы әлемдік мәдениеттермен бір ырғақта болуға үндейді.
Сонымен қатар қоғамымыздағы рухани құндылықтардың ұлттық негіздерін
танып білудің көзі, ол сол ұлттың ғасырлар бойы жинаған ұлттық бет әлпетін
өзгеден ерекше етіп көрсететін салт дәстүрі , мақал – мәтелдері, шешендік
толғаулары, аңыз-ертегілері фольклоры , діні, ауыз әдебиеті. Бұл салада ұлт
санасының табиғатын ашуға үлкен септігін тигізген Ә.Қоңыратбаев (16),
Р.Бердібаев (17), М.Мырзахметұлын (18) жатқызуға болады.
Қорыта келе, қазақтың ұлттық дүниетанымындағы рухани құндылықтарды
зерттеуге бағытталған жоғарыда аталған еңбектерде біз зерттегн тақырып,
яғни қоғамымыздағы рухани құндылықтардың ұлттық негіздері мен соның
негізінде туындаған мәселелер қаралмаған. Міне, осы зерттеу рухани
құндылықтарды қалыптастыруда ата жұртымыздың мәдениетінің өркендеуіне
септігін тигізген ілімдер мен дәстүрлерді қайта ашады.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты мен міндеттері – құндылықтардың
жалпы мәні мен жіктелуін, рухани дүниенің табиғаты мен құндылықтық
бағдарының мазмұнын аша отырып, қоғамымыздағы рухани құндылықтардың ұлттық
негіздерін, ондағы ислам дінінің, мәдени мұраларымыздың орны мен мәнін
анықтау. Оны қазіргі Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуда, этномәдени
саясатты жүргізуде құндылықтық бағдарланудың ұлт менталитетіне сай
жүргізілуін, өмір практикасында тиімді болуын қамтамасыз етуге септігін
тигізу. Осы мақсаттарды негізге ала отырып , дипломдық жұмыста мынадай
міндеттер алға қоылады:
- Құндылықтар туралы ұзақ уақыт бойына дамыған философиялық ілімнің
негізгі тұжырымдары мен ұлттық бағыттағы рухани құндылықтар
түзілуінің ерекшелігін анықтау;
- рухани жағынан жұтаң адам өмірде де белсенді емес, сондықтан
адамдардың руханилығын дамыту жолдарын көрсету;
- ислам діні құндылықтарының қазақ дүгиетанымы мен философиясындағы
орнын көрсету арқылы адамдардың діни құндылыққа бағдарлануына жол
көрсету;
- рухани құндылықтар арқылы тәрбиелеуде қажетті ұлт санасындағы
негіздерді түсіндіру, мәнін ашу;
- жаһандану жағдайындағы этномәдени құндылықтарға бағдарланудың
тіректерін анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында төмендегідей ғылыми
жаңалықтар анықталған:
- Ұлт танымындағы рухани құндылықтардың қалыптасу еркшеліктері
қарастырылды. Сондай-ақ, ұлттық бағыттағы бағалаулар мен
дүниетанымдық сабақтастықтар анықталды.
- Әлемді рухани-практикалық игеру барысында тұлғаның болмысты өз
құндылықтары арқылы қарастыратындығы көрсетілді.
- Мәдени, саяси, экономикалық өрлеуге негіз болған өзгерістер адам
болмысынадағы құндылықтар ерекшелігінің, оның бойындағы әртүрлі
қасиеттердің жан-жақты бағалануының нәтижесі екендігі көрсетілді.
- Қазақ дүниетанымдық құндылықтарының қалыптасуы мен даму
ерекшеліктерінің тарихи қажеттілігі, алғышарттары анықталды.
- Ислам діні, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тиымдар рухани құндылықтар
өмір сүруінің негізі ретінде жеке даралық деңгейде қарастырылды.
- Қоғамымыздағы рухани құндылықтарды ұлттық негіздермен ұштастыра
ұарастырғанда ғана мағынасын, маңызын анықтауға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Бұл дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, және падаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
I Тарау Рухани дүниенің құндылықтық-жалпыадамзаттық маңызы

Адам адамдардың, заттардың, идеялардың, мағыналардың арасында өмір
сүреді. Бұл адамдардың, заттардың, идеялардың маңыздылығы адам үшін
әртүрлі. Оларды әр түрлі бағалайды. Адам әлемі - бұл құндылықтар әлемі. Ал
құндылықтар әлемі-адамның обьективті шындыққа қатынасын көрсетеді.
Құндылықтық қатынастар философияның негізгі мәселесі Адам-Әлем
қатынасының ажырамас бөлігі болып табылады. Ол танымдық, болмыстық және
логикалық негіздермен қатар тұратын философиялық теорияның бір саласы,
әлеуметтік философияның бір саласы.
Әлемді рухани-практикалық игеру барысында адам болмысты өз
құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар мен
құбылыстар тұлғаның сезімдеріне, ұмтылыстарына сәйкес келетін әлемге деген
ерекше эмоционалды реңге ие болатын қатынасты білдіреді. Адамның әлемге
қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге адамдарды, қоршаған дүниедегі
заттарды, құбылыстарды, үдерістерді қайырымдылық, әділеттілік, сұлулық,
пайдалық т.б тұрғысынан бағалап, құндылықтар арқылы қарастырумен
сипатталады. Бұл құндылықтық сананың негізінде ғана жүзеге асады. Алайда
құндылықтық сананың танымдық санадан ерекшелігі заттың өзі не екеніне
қызықпайды, ол заттың біз үшін қандай маңызы бар, құндылығы неде екенін
негізге алады. Қысқасы, бұл әлемге құндылықтық көзқарас, қатынастан басқа
ешнәрсе емес. Құндылықтық қатынас әрқашанда субьектінің бойында белгілі
бір эмоцияларды - қуану, сүйсіну, таңдану, табыну
т.б. туғызады. Оның ішіндегі ең жоғарғысы табыну (19). Яғни белгілі бір
нәрселерге табыну тән болып келеді. Оларға деген табынушылық қатынас бала
кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы, мораль негізі ретінде, өз
тарихын, мәдениетін, әдет ғұрыптары мен салт дәстүрлерін игеру нәтижесінде
орнығады.
Құндылықтық сананың қайнар бұлағы адамның өзінде, оның мәдениетті,
өркениетті қалыптастыруға, талаптанған іс әрекетінде.
Құндылықтар мәселесі ғылыми обьект ретінде 19 ғасырдың ортасынан
бастап жан жақты зерттеле бастады. Әрине оған дейін құндылықтарға ғылыми
мәселе ретінде назар аударылмай келді деп айта алмаймыз. Ал, енді сол
құндылықтар мәселесіне философия тарихында қандай пікірлер білдірілді соған
тоқтала кетелік. Антика заманында өмір сұрген Сократ Игілік дегеніміз
не? - деген сұрақты қойған болатын. Ол уақыттағы философтар құндылықтарды
болмысқа барынша жақындатып, кейбір жағдайда бір-бірімен сәйкестендіріп
келді, яғни аксиология онтологиялық формаға ие болды.
Аксиология теориясы туралы айту үшін ол онтологиялық негіздерден
өзінің салыстырмалы еншісін алу керек еді. Сондықтан антика заманында
өзіндік құрылымы бар, құндылықтар туралы ілім – аксиология қалыптаса
қойған жоқ еді. Бірақ құндылықтардың абсолютті және салыстырмалы
қасиеттері туралы түсініктер ерте заманнан ақ пікірталастар туғыза
бастады. Мәселен, Плотон үшін ең жоғарғы құндылықтар абсолютты түрде
өмір сүреді. Ал софистер болса өздерінің Адам барлық нәрсенің
өлшемі деген тезисі арқылы барлық құндылықтардың адамдардың
бағалауынан өтетінін білдіріп, олардың салыстырмалы қасиетіне назар
аударған. Ал, Аристотельдің әрбір шығармасында құндылық мәселесінің
бөліктеріне жеке жеке жауаптар берілген. Органон да ақиқат құндылығына,
Никомахова этикасында ахлахқа, Экономика да үнемділікке, Поэтика мен
Риторика да адам құндылықтарына орын береді (20).
Сөйтіп әр түрлі ойшылдар, тарихи кезеңдер мен діни ағымдар
құндылықтарды өздерінің даму деңдейіне сәйкес анықтап отырған. Олардың
бір біріне өзара әсері зор болатын. Бірақ өз заманынан аттап кету
мүмкін емес еді .
Әлемнің миллиардтаған пенделерінен тұратын халқының дүниетанымының
негізі болып табылатын діни көзқарастар ерте заманнан қалыптаса бастаған,
сондықтан діни құндылықтарды дәстүрлі мәдеиниеттің қазіргі индустриалды
қоғамға берген мұрасы деп қабылдауға болады. Үндістан, Таяу Шығыс, Араб
жерінде пайда болған үш дүниежүзілік дін кездейсоқ рухани құбылыстар емес.
Діндердің пайда болар кезеңдерінде қоғамда әлеуметтік дағдарыстар,
құндылықтық құлдыраулар белең алып, әлеуметтік дүние өзін өзі сақтап
қалудың әрекетіне көшеді. Міне осындай құбылыстардың нәтижесінде адамзат
ірі –ірі діни ағымдардың туындауына куә болды. Сөйтіп діни құндылықтар –
адам табиғатына са й, өмір қажеттілігімен астасып жататын рухани
құбылыс. Бірақ оның да догмалық түрге айналып, саясат пен құқықтың
қызметтерін өз мойнына ала бастауы көптеген проблемаларды туындатуы мүмкін.
Мысалы, Қайта Өрлеу кезеңінің өкілдері гуманизм принциптерін алға тартып,
ғылым мен білімге бет бұру қажеттілігін бекер айтқан жоқ.содан кейін Жаңа
заманда ғылым мен техниканың рөлі қоғамдық процестерде нығая түсті.бұл
рационалистік үлгілердің кең өрбуінің нышаны еді. Ал осы процестердің
абсолюттенуі қоғамды руханилықтан алыстата түсетіні де байқалды. Әсіресе,
технократиялық дүниетанымның пайда болуы – осы үрдістердің нәтижесі.
Кезінде немістің ұлы философтары Кант пен Гегель де құндылықтар
мәселесіне назар аударып, әрқайсысы талдаулар жүргізген. Кант,
аксиологиялық түсініктердің қалыптасуы үшін әлемді нақты (реалды) және
идеалды деп екіге бөлу керек деген шартты ұсынады. Ал құндылықтар болса
адамның алдына қойған мақсаттарына жету жолындағы факторлардың мәнділігінен
туындайды деген ойды білдіреді.
Ал тарихтың соңғы ғасырларында философтар мәселенің жігін ашып,
құндылықтар теориясының өзіндік ерекшелігі бар екеніне тоқтала бастады.
Енді құндылықтар теориясының әртүрлі типтерін құрайтын философиялық және
социологиялық концепцияларға тоқтала кетелік. Әсіресе Канттың ізбасарлары
жаңа кантшылдар трансцендентті рефлексия анықтайтын таза сананың құндылық
қалыптық компоненттері туралы айта бастады (21). Мәселен, В.Виндельбанд пен
Г. Риккерт үшін құндылық идеалды болмыс нормасы ретінде қарастырылды. Бұл
ойшылдардың ерекшелігі – құндылықтарды идеалды, трансцендентті әлеммен
тығыз байланысты нормалардан іздеуінде. Бұл нормалардың қалыптасуы өте
күрделі процесс және ол бірсәттілік құбылыс деп есептелмейді, оның құрылымы
әртүрлі рухани қатынастардың өзіндік қордалануы деп түсінді. Бұл
құндылықтардың қатарына Ақиқат, Сұлулық, Игілік, Еркіндік сияқты рухани
әлемнің құбылыстары жатады. Сонымен құндылық – қоршаған ортаның нақты
нәрселері емес, сананың қатпарларында қалыптасатын трансцендентальды
нормалардың әрқилы формасы.
Экзистенциализмдегі М.Хайдеггер, Сартр сияқты зерттеушілер
құндылықтардың қоғамдық маңызына мән беру қажеттілігіне шақырды (22).
Витгенштейн құндылықтық сананың лингвистикалық аспектілерін зерттесе,
Гадамер құндылықтарды герменевтикамен байланыстырады (23).
Маркстік философия құндылықтарға арнайы тоқталмаса да, оларды
әлеуметтік тарихи, экономикалық және таптық мәселелермен тығыз байланыста
қарастырады. Марксизм көтерген құндылықтар теңдік, еркіндік, еңбек,
әділеттілік және т.б. жалпыадамзаттың рухани құндылықтар қатарына жатады.
Бірақ, бұл қасиетті құбылыстардың қоғамда орнауы, орнығуы жөніндегі
мәселеге келгенде, үлкен ағаттық жіберілді. Яғни күштеу, зорлау, басқа
сөзбен айтқанда революциялық жол таңдалды.бұл біреуді бақытсыз етіп, екінші
адамды бақытты етуге тырысушылық еді. Құрбандығы мол коммугизм жолы өз
ықпалын азайтып, тарих сахнасынан бірте бірте өткен күндерге ауысуда.
Аксиологияның ілім ретінде қалыптасуына үлесін қосқан философ Ницще
болды. Ол өзінің Мораль генеалогиясы деген еңбегінде құндылықтар
дүниесімен философтар айналысуы керек екендігіне, негізінен адамдардың
жақсы мен жаман, игілік пен зұлымдық сияқты қарама-қарсылыққа бөлу
дәстүрін терең талдаудан өткізу қажеттілігіне назар аударады. Ницщенің
пайымдауынша құндылық мәндік категорияға жатпайды, ол тек бағалау, немесе
субьектінің әлемді танудағы ішкі тәжірибесі.
Құндылықтар теориясының алуан түрлі көріністерінен біртұтас
құрылым туындап, өзінше философиялық келбет қалыптасады. Құндылықтар
теориясының әр түрлі типтерін құрайтын философиялық және социялогиялық
концепциялар дүниеге келді. Бірін бірі толықтыратын бұл концепциялар жаңа
жүйенің пайда болуына себеп болып отыр.
Сөйтіп, құндылық бұл құнды нәрсе. Алайда, адам үшін не құнды. Кейде
біреу үшін құнды нәрселер өзгелер үшін құнсыз болатын да кездері кездеседі.
Бірақ онымен ешкімнің келіскісі келмейді. Әрқайсысы өзі үшін құнды нәрсені
нағыз құндылық деп есептейді. Бұл мәселелерді құндылықтар теориясы немесе
аксиология шешуге ұмтылады. Аксиология –құндылықтардың мәні мен табиғаты,
олардың пайда болуы мен жіктелуі, адам мен қоғамның бағдарлануындағы орны,
бағалау және т.б мәселелерді зерттейді.
Құндылықтарды анықтау үшін алдымен субьект оны бағалау кезеңінен
өткізу керек. Адамның дүниеге қатынасы онтологиялық қатынас. Олай болса
барлық категорияларда адамнан сыртқы дүниенің оған тәуелсіз болмысы мен
мазмұны адамның болмыс тұрғысынан бағалаумен ұштасады. Онсыз адам сыртқы
дүниені обьективтік тұрғыдан көре де бағалай да алмас еді. Сыртқы дүниеге
өзіндік тұрғыдан да сыртқы дүниенің адамға тәуелсіз мазмұны жағынан да
қарай алмас еді. Бағалаушылық қатынас қана адамды сыртқы дүниеде жоғалып
кетпеуге мүмкіндік береді., оған өзгеше сырт көзқараспен қарауға негіз
болады. Ал, тек сырт көзқарас тұрғысынан ғана біз дүниенің не екенін,
өзінше қандай екенін, яғни оның бізден өзгеше, біршама басқа дүние екенін
аңдай аламыз, сезінеміз. Ақиқат, көркемдік және жақсылық осы жалпы
қатынастың екі жағының бірлігін көрсетеді немесе жалпы адамзаттық құндылық.
Құндылықтардың жалпы адамзаттық мазмұны адам болмысының бүтіндігі, оның
әрекеттерінде басшылыққа алатын құндылықтар жүйесінің ортақтығымен
анықталады. Жалпы адамзаттық құндылықтардың болуы ұлттық ерекшелігіне сай
қалыптасқан рухани құндылықтардың мазмұнын төмендетпейді. Керісінше оның
мағынасын толықтыра түседі. Міне ұлттардың жалпы адамзаттық мағынаға ие
болуы осы жерден келіп шығады.
Құндылықтық қатынастардың қалыптасуы үш элементті құрылымның
негізінде жүзеге асады.
• Құндылықтар субьектісі – адам, әлеуметтік топтар;
• Құндылықтар обьектісі – нәрсе, үдеріс, құбылыс,дерек;
• Құндылықтар мағынасы – рухани санаттық мағынаға ие болуы,
тұжырымдамалардың жасалуы.
Қалыптасқан құндылықтардың жіктелуінде әртүрлі көзқарастар мен
тұрғылар бар. Философия мен мәдениеттану оқулықтарында, әдебиеттерінде
олардың жіктелуі былай беріледі:
1. витальдық құндылықтар: өмір, тәнділік, қауіпсіздік, тұрмыс халі,
адамның хал-жағдайы (экологиялық құндылықтар
,пысықтық,тұтыну,комфорт,тұтынудың деңгейі және т.б;
2. Әлеуметтік құндылықтар: әлеуметтік орны, статус, еңбекқорлық,
байлық, еңбек, мамандық, отбасы, патриотизм, сабырлық, тәртіп,
кәсіпқойлық, тәуекелге бел байлаушылық, әлеуметтік теңдік, жыныс
теңдігі, қол жеткізе білу қабілеттілігі, қоғам өміріне белсенді
қатысу, өткенге немесе болашаққа бағытталғандық, жоғарғы
локальдылық (мемлекеттік интернационалдылық ,бағытталу);
3. Саяси құндылықтар: сөз еркіндігі, азаматтық еркіндік, заңдылык,
жақсы билеуші, тәртіп, конституция,азаматтық, бейбітшілік;
4. Моральдық құндылықтар: жақсылық, игілік, махаббат, борыш намыс,
шыншылдық, адал ниеттілік, парасаттылық, берілгенділік, өзара
көмектесу, әділеттілік, үлкенге ізеттілік және балаларға деген
ілтипаттылық;
5. Діни құндылықтар: құдай, сену, құтқару, рақат, ритуал, шіркеу,
мешіт;
6. Эстетикалық құндылықтар: әсвемдік (немесе эстетикалық сиықсыздық),
идеал, стиль, үйлесімділік, дәстүрлі бағыну, жаңалық, эклектика,
ерекше мәдениет, сырттан енгізілген модаға еліктеу.
Сол сияқты әртүрлі аксиологиялық теориялар адамдардың құндылықтық
қатынастары тәжірибелерін қорытындылай келіп, құндылықтардың қайталанып
отыратын топтарын қарастырады. Шелердің жіктеуінде құндылықтар әлемі
адамның тәндік өмірімен қатысты төменгі гедонистикалық және витальдық
құндылықтардан мәдениеттің рухани құндылықтары арқылы жоғары діни
құндылықтарға өту ретінде көрсетіледі (24).
Сонымен қатар қазіргі таңда құндылықтар типологиясын Қазақстандық
ғалымдарда келтіреді. Мәселен ҚР ҰҒА саясаттану және әлеуметтану институты
1999 жылғы мәліметі бойынша республика тұрғындары үшін ең басты
құндылықтарды былайша үш ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz