Рухани тазалық тән-саулығының алғы шарты

Осы сұрағыңа жауап беру үшін Киелі кітаптың мақсаты қандай екеніне назар
аударуымыз қажет. Киелі кітапта аталған түрлі жануар, жәндік, өсімдік, ағаш
пен геологиялық құрылымдардың сипаттаулары сияқты нәрселердің ғылымға
қатысы болса да, Киелі кітаптың өзі ғылыми таным жүйесін енгізбейді. Оның
жазбаларында ғылымға қатысы бар нәрселер туралы айтылғанда, кейде олар біз
үйренгендей нақты сипатталып емес, жалпылама айтылса да, олар біздің
қазіргі білімімізге сай келеді. Себебі Құдайдың Рухының жетелеуімен Киелі
кітаптың бөлімдерін жазып қалдырғандар өздеріне дүниені бүгінгі ғылымға сай
нақты сипаттау мақсатын қоймады. Мысалы, жер шары өз осінен айналатындықтан
ғана Күн шыққан, батқан сияқты болып көрінетінін біз қазір білсек те,
күннің шығуы, күннің батуы деп айта береміз. Сол сияқты, Киелі кітапта
бейнеленген тұлғалар да қоршаған дүниені өз көргендері бойынша сипаттайтын
еді. Бірақ олардың айтқан сөздері ғылымға қайшы келеді деп те айтуға
болмайды.
Кейбіреулер Киелі кітапқа жерді шар тәрізді емес, жалпақ деп үйретеді
деген мін тағады, ал шын мәнінде Киелі кітапта мұндай пікір тәлім ретінде
берілмеген. Жер жалпақ деген ұғымды алға тартқан — ежелгі грек ойшылдары
әрі жұлдыз санаушылары Аристотель мен Птолемей болатын. Сол сияқты, Киелі
кітапта көптеген жануарлар да суреттелген. Олардың жалпы дұрыс екендігі осы
заманда анықталды. Уағыздаушы деген жазбада ежелгі пайғамбар әрі патша
Сүлеймен желдің пайда болуын, табиғаттағы судың айналымын ғалымдардан көп
бұрын сипаттап берді (Уағыздаушы 1:6-7). Таураттағы тамаққа байланысты
ережелерден де түрлі жануарлардың етін тамаққа қолданудың пайдасы мен
зиянының дұрыс топшыланғанын көре аламыз. Осы заманғы тоңазытқыштар мен
тамақты сақтаудың басқа да тәсілдері ежелгі заманда қауіпті болған тамақты
жей беруге мүмкіндік береді. Ал сол ережелер ежелдегі исраилдіктерге одан
аулақ болуға көмектесті. Мұса пайғамбар жұрт ішетін ауыз суы (Леуілік.
11:29-36) және тазалық сақтау (Заң. қайтал. 23:12-14) туралы да өте маңызды
ережелерді тапсырды. Сонымен Киелі кітап ғылымға қатысты көптеген
мәселелерге байланысты сөз қозғаған жайттарды бүгіндері көп ғалымдар
тәптіштеп зерттеп келеді. Олар қазіргі заманғы ғылым тілімен емес, сол
кездегі тілдерде берілген болса да, әрқашан шындыққа сәйкес болып
шығатындары анықталған.
Ал эволюция ше? Ол Киелі кітапқа қайшы келмей ме?
Мұрат, бұл өте күрделі тақырып, оны толығымен қамтып шығуға ұзақ уақыт
керек. Бірақ сенің сұрағыңа ауыз тұшытарлық жауап беретін біраз жайттарды
айта аламын.
Біріншіден, сол даму іліміне сенетін ғалымдар оның бір-бірінен алшақ екі
түрі туралы айтып, соларды микроэволюция және макроэволюция деп атайды.
Микроэволюция тірі ағзалардың (организмдердің) бір түрінен басқа бір түр
шығады демейді. Қайта, ол Құдай жаратқан жануарлар мен өсімдіктердің
түрлерінің өз ішіндегі шағын өзгерістерін ғана сипаттайды. Сондықтан оны
вариация деп атаған дұрыс. Киелі кітап бұндай вариацияны жоққа шығармайды.
Ал макроэволюция болса, қазіргі тіршілік иелерінің барлығы бастапқы зат
пен энергиядан табиғи заңдардың негізінде, кездейсоқ жайттардың ықпалымен
бірте-бірте өрбіген дейді. Макроэволюциялық болжамды жақтаушылар үлкен
жарылыстан бастап, осы күнгі екеуімізге дейінгі барлық нәрсе кездейсоқ
пайда болды дейді. Расында бұл тәлімді ғылыми ілім емес, пәлсапалық
көзқарас деген жөн. Себебі оны ғылыми тәжірибе мен бақылау арқылы
дәлелдеуге болмайды. Оның көп қағидаларының, мысалы, табиғи сұрыпталу
теориясының көмескілеу анықталғандығы себепті оларды нақты тексеруге
болмайды. Сондықтан бұл теорияны нақты ғылымға емес, пәлсапаға жатқызуға
тура келеді. Бүгінгі күнгі ғалымдардың көбі мұны ашық мойындайды. (Өкінішке
орай, мектеп оқулықтарының басым көпшілігі макроэволюцияны әлі де ғылым деп
түсіндіреді.)
Макроэволюцияны ғылыми әдістермен тексеруге болмайтынымен қатар, ол
физиканың негізгі заңдарының бірі — Термодинамиканың екінші заңына да
қайшы. Макроэволюцияның айтатыны — зат пен энергия өз-өзінен ұйымдасып,
қарапайым қалыптардан күрделі қалыптарға дами береді дейді. Ал
термодинамиканың екінші заңы болса, егер сырттан еш әсер жасалмаса, кез
келген жүйқ (тірі организм, зат не адам қоғамы болсын) күрделіден
қарапайымға дамып, ыдырауға, өлуге, өшуге бейім тұрады дейді. Қазірге дейін
бүкіл дүниеде осы заңды бұзатын, оған қайшы келетін ешқандай құбылыс
байқалған емес.
Макроэволюцияның тіршіліктің қалай пайда болғанын түсіндіретін болжамын,
яғни, баяғы заманда химиялық заттар бір-бірімен кездейсоқ қосылыс түзеп,
тіршілік пайда болды деген болжамын растайтын дәлелдері де жоқ. Ғалымдардың
өз зертханаларында түрлі химиялық қосылыстарды бір-бірімен қосып,
тіршіліктің қасиетіне ие затты алуға тырыса бастағандарына ондаған
жылдардың жүзі болды. Олар өз істерін жеңілдету үшін тәжірибелерін жай
химиялық элементтермен емес, күрделі химиялық қосылыстармен жүргізсе де,
шын мәнінде тірі затты ешқашан ала алған жоқ. Олардың әзірше қол
жеткізгендері — тіршіліктің кейбір қасиеттеріне ие заттар. Бірақ осыған да
ғалымдар кездейсоқ емес, көп еңбектің және тәжірибе жасағанда белгілі
талаптар мен жағдайларды қатаң сақтаудың арқасында ғана қол жеткізді.
Әрине, бұл жерде мен олар ешқашан зертханада тіршілікті қолдан жасауға жете
алмайды деп кесіп айтқым келмейді. Өз басым ғалымдардың осыны жүзеге асыра
алатынына қатты күмәндансам да, менің айтпағым басқа: тіршіліктің өлі
заттан кездейсоқ, өзінен-өзі пайда болуы мүмкін емес, тіршілікті жасау үшін
зор ақыл керек, басқаша айтқанда, бұл тек Құдайдың қолынан ғана келеді.
Дүниедегі алдыңғы қатарлы астрофизик ғалымдардың бірі — Н. Чандра
Викрамасингхе, өзі тегі бойынша Шри-Ланкалық, қазір Уельстегі Кардифф
қаласының Университет колледжінде ғылыми зерттеумен шұғылданып, дәріс те
береді. Ғылым докторы Викрамасингхе сонымен бірге математиканың және
ықтималдықтар теориясының кең танымал тұлғасы. Оған тіршіліктің өзінен-өзі
пайда болуының ықтималдығы қандай деген сұрақ қойылды. Ғалымның жауабы
мынау болды: Тіршіліктің өзінен-өзі пайда болуының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz