Желтоқсан оқиғасының ұлттық рух пен тәуелсіздікке әсері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік Қазақстан

педагогикалық университеті

Отырар институты

Тақырыбы: «Рухы мықты елдің келешегі кемел»

Орындаған: Қалыбаев А.

Шалбаев Б.

Топ тәлімгері: Кенжебекова И.

Шымкент - 2008 ж.

Рухы мықты елдің келешегі кемел

Тарихи оқиғалардың бүкіл тағылымы терең танылып, санамызға одан әрі ұялай түсуде. Ешнәрсе ұмытылмайды, ешкім ұмыт қылмайды. 1986 ылғы Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдағы осындай оқиғалардың тап төрінен табылған. Өйткені, ол ұзақ жылғы кеңестік жүйенің озбырлығы мен үстемділігіне қарсы халықтық еркіндік пен азаттықтың, ерік-жігер мен арман- мақсаттың бетпе-бет келуі еді. Ол Қазақстандық жастардың коммунистік өктемдікке қарсы тұруы еді. Ол - демократиялық жаңғырудың бастауы.

Желтоқсан дүниені дүр сілкіндірді. Желтоқсан оқиғасы кеңестік жүенің және әл-дәрменінің әбден титықтағанын көрсетті, тоталитаризмнің соңғы тұяқ серпуін дәлелдеді, кеңестік дәуірдің күйрей бастағанын әлемге аян етті. Ел мен ұлттық тәуелсіздік құқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді.

Бірақ Желтоқсан оқиғасы кезінде сонмың адамның тағдыры тәлкекке түсті, жазықсыз қуғын -сүргіннің құрбаны болды, азап шекті, Сотталды. Түрмеге қамалды. Қыршыннан қиылды. . Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.

Желтоқсан оқиғасының боздағы, қайсар рукты жас Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағының берілуі ерлікті қастерлеу мен тағзым етудің бір үлгісі.

Желтоқсан көтерілісі еліміздің тарихынан ерекше орын алары, халқымыздың саласында мәңгі сақталары хақ.

Ата-баба аманатынан бастау алған жастардың арманы енді, мәне, ақ таң болып атты. Тәуелсіздік тұғыры көк байрақпен ақсқақьап тұр. Демократиялық жаңғыру мен егемендіктің аясында бүкіл тірлігіміз елдік пен ауыз бірліктің, тұрақтылық пен бейбітшіліктің бастауы бола берсін деп тілейік. Рухы мықты елдің келешегі де мықты болады.

Дәл қазіргі таңда тәуелсіздік әрбір қазақ үшін қастерлі ғана емес, еліміздегі ұлттар мен ұлыстарды сүттей ұйытып отырған бейбітшілік пен тыныштық ұғымдарына пара-пар деп қарауымыз керек. Осы қағиданы әр адам дұрыс түсіне білуі қажет. Бір аймақтағы екі ұлттық басы піспей жақанда жүз бірдей ұлт өкілінің тілін тауып, тату-тәтті өмір кешуге қол жеткізгінімізге шукіршілік етуіміз керек.

Бейбітшілік елшісі атанған, ішкі, де сыртқы саясатта бірлікті уағыздап, егескенді елдестірем деп жүрген Перезидентімізді ынтымағымызды ыдыратып алмағаны үшін де қолдауымыз керек. Мұның бәрі де тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өз кемесін жартастар арасынан шебер алып өткен байсалды саясатының жемісі болар.

Ендеше, тәуелсіздігіміздің алғашқы баспалдақтан сүрінбей - қабынбай аман-есен атап өткеніне шын қуануымызщ керек.

Конститутцияда «республиканың ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бастандықтары» деп атап көрсетілген. Осыған сәйкес адамдардың бостандығы мен құқықтарының кепілдігі ұлтаралық келісім мен барлық ұлттар мен ұлыстардың теңдігі, адамгершіліктің биік идеялары заң жүзінде бекітілген. Олай болса барлық материалдық, құқықтық және рухани мүмкіндіктерді пайдаланып, белгіленген реформаны іске всыруда зор үлес қосу - басты мақсатымыз.

Біз тәуелсіздік таңы атқан күнді қадірлі күн деп санаймыз. Себебі, сол күш қазақ басына тумағанда ары қарай не болатыны бір Аллаһқа мәлім еді.

Бізге 90-шы жылдары тұңғиық түбіне бір қадам ғана қалған еді. Себебі, азғындаудың шырқау шегіне жеткен едік. Рухани азғындаудың түбіне батып бара жатқан болатынбыз. Қазақ өзінің бар байлығынан айырылуға сәл-ақ қалды. Бірақ қазақ өзі аңсаған еркіндікке, кеңдікке қол жеткізді. Сүрініп, құлап қалу оңай. Ең қиыны - нық тұрып, қайта аяқ басып кету. Қайран қазақ сол құлағаннан қайта тұрып, еңсесін тіктеп келеді.

Тәуелсіздік - бүгінгі ұрпақтың бақыты, оны сақтап, баянды ету халқымыздың тарихи тағдырына қосқан басты үлесі болмақ, сондықтан да тәуелсіз мемлекетіміз өз азаматтарын отандық және әлемдік тарихты терең білуге үндеп, сол жаңа тиісті.

Қолғабысын аямауға бел байлауы қажет.

Қырандарға қиянат

Тәкаппар құс, талғамы қыр ақсатқан.

Ерлігіңе мың дуға мінәжаттан.

Ұлы дала ұлдарының ұрпағы,

Қылығына қайранмын қыран сатқан.

Білсең еді мұзбалақтың ерлігін,

Қайран ерге кез келеді шерлі күш

Шерлі күннің шеккенінен сен қарап,

Қыран сатып байымақсың сен бүгін

Қыран сатып байымақсың сен бүгін,

Найзаларға намыс таққан елдігін

Қырандарға еліктеумен келген-ді

Сен шаттанып, тойлап жүрген теңдігің

Қалай енді жаралады мұзбалақ,

Ерлік, сымбат, кімге өсер ұл қарап

Еркін құстың аспанында ұшпауын,

Дұшпаның да қызғанышпен тұр қарап.

Қыран ұшса көгімізде керілген,

Тәуелсіздік орын алған төріңнен

Мәні кеткен, мәңгүрт бола, ойланғын

Қыран емес, ту кеткендей жеріңнен

Қырандарға ұласса жастар жиі

Қияларға қырағы бастар әні

Еркіндіктің еркін құсы бапталса,

Елдігіміз осыдан басталады.

Құралбек Тойғанбаев

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының ұлттық сана мен тәуелсіздікке әсері
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи және ұлттық маңызы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тәуелсіз Қазақстан қалыптасуына әсері
Қазақстан тәуелсіздікке жету жолы: Желтоқсан көтерілісінен мемлекеттік құрылыс пен экономикалық реформаларға
Әлима Сұлтанғалиеваның 1986 жылғы Желтоқсан туралы естеліктері және тәуелсіздікке тағылымы
Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себептері, қозғалыс сипаты және тарихи маңызы
1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының тарихи рөлі мен қоғамдық-саяси салдары
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себептері мен құқықтық-әлеуметтік салдары
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі: тәуелсіздікке бастау және құрбандарды еске алу
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы: жастар қозғалысы мен тәуелсіздікке ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz