Жалпы рыноктағы Астана қаласы әуежайының бәсекелестерi мен үлесi



Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
1.2. Рынокты (қызмет саласын) талдау

Жалпы рыноктағы Астана қаласы әуежайының бәсекелестерi мен үлесi
Қазақстанның авиациялық рыногы авиакөлiк инфрақұрылымының тиiсті
жұмысын қамтамасыз ететін әуетасымалдаушылардан, әуежайлардан, навигациядан
тұратын күрделi, тармақталған жүйе болып табылады.
Республикада 22 әуежай жұмыс iстейдi, олардың екеуi - Астана және
Алматы қалаларындағы ИКАО-ның II санатына сәйкес.
Қазақстанның авиациялық рыногы әуежайлар арасында мынадай тәртіпте
бөлiнген:
"Алматы халықаралық әуежайы" ААҚ рыноктың негізгі үлесiн алып отыр.
Әуежайдан республика бойынша жалпы көлемнен ұшақ ұшудың 28%, жолаушылар
жөнелтудiң 50% және жүкті, почта мен багажды өңдеудiң 68% орындалады;
"Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ Қазақстанның авиарыногында екiншi
орынды алып отыр: жалпы көлемнен жөнелтілген жолаушылардың 18%, рейсті
жөнелтудiң 12% және өңделген жүк, почта және багаждың 6%;
Рыноктың қалған үлесiн республиканың басқа қалалары мен облыс
орталықтарының әуежайлары өз арасында бөлiп алады.
Өңiр iшiнде iшкi және халықаралық маршруттарда (республика
әуежайларында қонулармен) әуе кемелерiне әуежайлық қызмет көрсету
монополиялық қызмет болып табылады.
Сонымен бiрге, елiмiздiң географиялық орналасуы авиатасымалдар
рыногында және әсiресе, Еуропа-Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерi бағытының
маршруттарында бәсекелестік ортаны құрайды. Нарықтық экономика жағдайында
Астана қаласының әуежайы көрсетілген транзиттік маршруттарға қатысты қатаң
бәсекелестік ортада болып отыр. Әуежайлық және навигациялық қызметтер
көрсетуге шегерiмдер мен жеңілдiктер беру мүмкiндігі, көршілес елдер
қалаларының (Ташкент, Мәскеу, Новосибирск, Омбы) әуежайларындағы авиациялық
отынның неғұрлым төмен құны Еуропадан Азияға транзиттік тасымалдаушылар
үшiн анағұрлым тартымды болып табылады.

Мақсаттары мен міндеттері
Болжанып отырған кезеңде әуежайдың мақсаты әуежайдың кiрiсiн ұлғайту
болып табылады.
Болжанып отырған кезеңге негiзгі мақсаттар мыналар болып табылады:
авиациялық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету деңгейін арттыру;
транзиттік әлеуетті пайдалану;
халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес әуежайдың инфрақұрылымын
құру және әуежайдың техникалық жарақтануын арттыру;
әуе кемелеріне және жолаушыларға қызмет көрсетуде сапаның жоғары
стандарттарына қол жеткізу.

1.4.2. Астана қаласы әуежайының транзиттік әлеуетiн дамыту
Жоспарланып отырған кезеңге әуежайдың басты мақсаты Қазақстан
Республикасының басым инвестициялық жобаларының тізбесінде көзделген
"Астана қаласының халықаралық әуежайын қайта жаңарту" жобасы шеңберiнде қол
жеткізілетін, елорда әуежайының жаңа қуатын барынша пайдалануды қамтамасыз
ету болып табылады. Әуежайдың жаңа объектілерiн 2005 жылы толық пайдалануға
беру оның өткiзу қабілетін екi есе арттырады, бұл авиатасымалдар көлемiн
тиісті көбейтудi талап етедi. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Үкiметінің
тапсырысы бойынша CHZMHILLKKAAPCI консорциумы әзiрлеген "Астана қаласының
халықаралық әуежайын қайта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әуе көлiгiндегi жүк тасымалдау және жүк айналымы көлемi
Кітап шығару
Қазақстанның туристік индустриясын дамытудағы көліктік инфрақұрылымның ролі
Алси фирмасының сипаттамасы
Еліміздегі бүгінгі күні қалыптасқан маркетинг теориясы мен практикасын талдай отырып, оның экономикамыздың алға басуында ерекше орын алуы жайлы сөз қозғап, отандық кәсіпорындардың, соның ішінде АЛСИ ЖАҚ-ның маркетингті қолдану процесін зерттеу
Динамикалық жүктемесі жетерлік
Кәсіпорынның маркетингтік іс-әрекеттері
Қазақстан экономикасындағы монополиялар
Алматы қаласы экскурсиялық нысандарына бай қала
Рынок құрылымы және рыноктағы монополия табиғаты
Пәндер