Талғат Рысқұлбеков Жалған желтоқсаншылар көп



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Талғат Рысқұлбеков: Жалған желтоқсаншылар көп
Былтырғы жылдың желтоқсан айында Екпін журналы 1986 жылғы
толқуларға қатысқандармен сұхбат жасаған еді. Алаңға шыққан сол кездегі
Алматы студенттері бүгінде елуге таяп қалды, әрқайсысы желтоқсанның ызғарлы
күндерін еске түсіріп, өз шындығын айтудан бас тартпай, бүгінгі
жастармен бөлісті. Бүгінгі материалда Желтоқсан құрбаны болған Қайрат
Рысқұлбековтың інісі Талғат Рысқұлбековтың естелігін жариялап отырмыз.

Талғат Рысқұлбеков:

Өз халқын өзге ұлт өкілінің билеуіне қарсы болған жастардың арасында
мен де, менің туған ағам Қайрат та болдық. Қайрат көтеріліске шықпай тұрып
алдын ала екі досымен барып академиясындағы (Қайрат Қазақ бас сәулет-
құрылыс академиясында оқыған — "Екпін") Әркен Уақов деген кісіге жолығып
ақыл сұраған. Ол кісі қазір демократия, перестройка, қолдарыңа
плакаттарыңды алып, ұрандатып бейбіт шеру жасауға болатындығын айтады.
Сөйтіп Қайрат пен оның өзімен бірге жатақханада тұрған Е және Б деген
достары Алаңда болғанымызды ешкімге айтпаймыз. Егер біреуіміз ұсталсақ,
әрқайсымыз өзімізге жауаптымыз деп уәделесіп, алаңға шығып кетеді.

Бірақ екі досы ұсталған кезде сөздерінде тұрмақ түгілі Әркен Уақов бізге
алаңға шығыңдар деді деп ағайларын да сатып кеткен. Сөйтіп ол 8 жылға
сотталып кетеді. Әркен Уақов абақтыдан шыққаннан кейін мені тауып алып,
үйіне шақырып қонақ қылып, қолымнан алып, бетімнен сүйіп: Егер Қайрат тірі
болса, тізерлеп тұрып рахмет айтатын едім деді. Өйткені Е мен Б оны айтып
бергенде Қайрат қана оны мойындамаған, сол үшін Қайратқа өле-өлгенше риза
болып өтетіндігін жеткізді. Егер сол кезде Қайрат та мені көрсеткенде, ату
жазасына кесер ме еді дейді Әркен Уақов.

Қайраттың ерлігі - өзі ұсталып кетіп бара жатса да басқаны өзімен ала
кеткен жоқ. Ол сот залында тұрып айтқаны қазір протоколда, Мұхтар
Шахановтың кітабында да бар: Мен алаңға бірінші елімді, жерімді
басындырмаймын деп шықтым. Қылмысым сол болса, соттай беріңдер. Бүкіл
жастарды, жатақханаларды көтергенім рас, сол үшін соттаймын десеңдер
де соттай беріңдер. Екі мыңдай адамды алаңға алып барғаным рас.
Мойындаймын. Бірақ ана Савицкийдің өліміне қатысым жоқ. Егер қатысым болса,
оны да мойындайтын едім. Бір милиционер қазақ қызының шашынан сүйреп бара
жатқандығын көріп жебер деген едім, жіберемеді, сонда мен оны ұрдым
да қызды ажыратып алдым. Ол міне сот залында отыр деп, Алмабеков деген
кісіні көрсетеді. Ол сол кезде жәбірленуші болып сотқа қатысқан.

Қайрат: Қазақ қыздарын шашынан сүйреп жатқанын көргенде мен шыдап тұра
алмадым. Қарындасым ғой, қазақтың қызы ғой. Адам емес, аң екеш аңның еркегі
ұрғашысына мүйіздісі мүйізін, тұяқтысы тұяғын көтерген емес. Оның қасында
біз Адам атадан тараған адамзат деген атты алып жүрген жоқпыз ба, - деп,
өзі үлкен жазаға кетейін деп тұрса да, - ...және мен оған еш өкінбеймін.
Мына оңбағаннан (Алмабековтен)кешірім сұрамаймын. Сол үшін соттаймын
десеңдер соттай беріңдер. Егер осы оқиға қайталанса, мен қайтадан осыны
істейтін едім, сол қарындасыма қайтадан араша түсер едім, - дейді 21 жасар
бала.

Бүгінгі Тәуелсіздік, біріншіден, ата-бабамыздың сонау заманнан құдайдан
сұраған дұғасының қабыл болғандығы. Екіншіден, 86-жылғы желтоқсан
көтерілісіне қатысқан бүкіл қазақтың ар-намысының оянуы. Үшіншіден, Грузия,
Прибалтика елдерінің бізден кейін іле-шала көтеріліп, КСРО-ның құлауына
алып баруы еді.

Қайрат:

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең, алыңдар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық.

Атам десең атыңдар! — деп өз сөзінде соңына дейін тұрды. Ал достары оны
сатып кетті. Жай ғана сатса мақұл екен, сорақысы, сол екеуі оған жала
жапты. 11.30 мен 12.15 минуттың арасында Қайраттан көз жазып қалдық, қайда
кеткенін білмедік. Біз сол уақытта Сәтпаев пен Фурманов көшесінің
қиылысында едік, ол 40-45 минуттан кейін қасымызға қайтадан келді деп жала
жабады. Сөйтіп 20 мың адамның арасынан Қайрат Сәтпаев-Желтоқсанға барып
Савицкийді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қалаларында болған демократиялық сипаттағы қазақ жастарының шерулерінің Желтоқсан көтерілісі
1986 жыл. 16 желтоқсан
Желтоқсан оқиғасының тарихтағы орны
Тәуелсіздік жолындағы күрес
Қазақ әдебиетіндегі желтоқсан тақырыбы
Жалаулы жастардың алаулы шағы
«1986 жылғы желтоқсан оқиғасы және оның тарихи маңызы»
Қазақстанда тың жерлерді игеру шаралары
Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы
Ел мәртебесі тәуелсіздік туын тұңғыш көтерген желтоқсан
Пәндер