Қазақ әдебиетінің тарихы және оны дәуірлеу мәселесі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Алғы сөз

Қазақ әдебиетінің тарихы және оны дәуірлеу мәселесінде еліміз егемендік алғалы қайта қаралып жатқан тұстары аз емес. Соның бірі, - Қазақ әдебиеті тарихының ХІХ ғасырдың екінші жартысымен ХХ ғасырдың бас кезіндегі кезеңі. Қазақ әдебиетіне қатысты айтылмай жүрген жайлар толықтырылды. Әдебиет өкілдері әдебиет тарихы іліміне қайта ендірілді. Мысалы, Алаш қайраткерлері шығармалары қайта қаралып, түгенделіп жинақ болып баспа бетін көрген, тіпті шығармалар жинағы болып, томдықтарға топтастырылып, жүйеленіп қайта басылып жатқаны қаншама. Яғни қазақ әдебитінің кемшілігі түзелді, тарихы түгенденді. Әйтсе де осы мәселеде әлі де жете айтылмай, өз дәрежесінде зерттеліп, зерделене қоймай келе жатқан жәйт әсіресе ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы жартысында шығармашылық етіп, жемісті еңбек еткен қазақ әдебиетіне тақырыптық, жанрлық, көркемдік тұрғыда мол табыс әкелген ақындар шоғыры бар. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында ерекше өркендеген қазақ әдебиетінің осы саласы жөнінде ғалымдар әркез ойларын ортаға салып, өз тұжырымдарын ұсынып отыр. Қазақ діни шығармалары жөнінде өткір, сыни көзқараста болған Ш. Уалихановтан бастап А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, Б. Кенжебаев, Ә. Қоңыратбаев, М. Қаратаев, С. Телжанов, Ә. Сатыбалдиев, М. Бөжеев, Ә. Жиреншин, З. Ахметов, С. Қарабаев, Р. Бердібай, С. Қасқабасов, М. Мырзахметов, Ш. Елеукенов Ө. Күмісбаев, А. Қыраубаева, Б. Әзібаева, Ш. Елеукенов, Ү. Сүбіханбердина, Ж. Шалғынбаева секілді ғалымдар қазақ кітаби ақындары және олардың әдеби мұрасы жөнінде кейде арнайы орындалған ғылыми еңбектеріде, кейде өзге тақырыптар барысында жанама сөз етіп отырды. Оларды бүгінгі әдебиет тарихы ілімінде «кітаби ақындар», «қиссашыл ақындар» немесе «шайырлар» секілді түрлі атаулармен беріп келеді. Бұл жәйт олардың мұсылманша оқып, арап, парсы тілдерін, ислам діні ілімін меңгеріп өсуі мен шығармашылықтарының дінмен, шығыс әдебиетімен байланысты қалыптасқанын аңдатады. Дегенмен олардың ислам және шығыс әдебиетімен қатар өзіміздің «түркі», «қадым», «шағатай» аталатын ескі әдебиетке көп барғаны да байқалады. Сол арқылы өзіміздің ежелден келе жатқан қадым жазулы, күллі түрік жұртына ортақ әдебиет дәстүрін жалғағаны көрінеді. Олардың еңбегінен екі нәрсе анық аңғарылады; бірі, - ежелгі ортақ әдеби дәстүрді жалғау, кейінгі ұрпақ керегіне жарату, екіншісі, - сол арқылы орыс астарлығына, орыс миссионерлерінің қазақ халқының жаппай шоқындыру саясатына қарсы күресу, қазақ халқының дінін, тілін, ділін қорғау. Олар өз еңбектері, миллиондаған тиражбен шығарған кітаптары қисса, хикаялары арқылы едәуір жеңіске жетті, еңбектері нәтижелі болды деуге болады. Олар діни және шығыс әдебиеті материялдарын қазақ тілінде қисса етіп жырлап, кітап етіп бастырып отырды немесе қолдан-қолға көшіріп таратып отырды. Бүгінгі қазақ фольклоры мен әдебиеттану ілімінде олардың шығармаларын біріңғай фольклорлық туындылар ретінде қарау және дастан жанрына жатқызуы басым. Біздің айтуымызша олар өз шығармаларын тек қисса, кейде аздап хикая деп айдар тағып беріп отырған. дастан сөзін тек парсы әлеміне онда да «Шаһнама» оқиғаларын жырлағанда ғана қолданған. Сондықтан да қазақтың ескі жазба әдебиетінің дәстүрін жалғаған, сол арқылы қазақ әдебиетін сан қырлы әдеби, діни тақырыптармен байытқан, жаңа жанрлармен толықтырған, әдеби көркемдік аясын кеңейткен және кейінгі жаңа жазба әдебиеттің қалыптасуына да ықпал еткен ақындар ретінде олардың шығармашылығын қазақтың дәстүрлі жазба әдебиеті деп қорытып отырмыз. Демек кітаби, молда ақындар ежелден келе жатқан дәстүрлі жазба әдебиет өкілдері еңбек еткен арнасы- қазақтың дәстүрлі жазба әдебиеті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
Алаш әдебиеттануын совет кезінде дамытқан ғалым
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Шортанбай - қазақ әдебиетіндегі зар заман дәуірінің көрнекті өкілі
Ежелгі түркі әдебиеті
Т.Жомартбаевтың публицистикалық шығармалары. Уәйіс Шондыбайұлы шығармашылығының зерттелуі. Қайым Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
Қазақ жазба әдебиетін дәуірлеу мәселесі
Ғалым еңбектеріндегі қазақ әдебиеттануының мәселелері
Ежелгі дәуір әдебиетінің кезеңдерін сипаттау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz