Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістер


С. Қалиевтың еңбектеріндегі оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселелері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістер жағдайында дамып келеді. Бұл өзгерістердің нәтижесі білімдік реформалардың табысты дамуына байланысты.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, төл тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлғалардың еңбектерін зерделеп, зерттеу маңызды мәселелердің бірі болуда.
Қазақстан жағдайында ұлттық тәлім-тәрбие саласында әртүрлі проблемалары әсіресе, халықтың педагогикалық тағылымдарын жастар тәрбиесінде тиімді пайдалану негізгі проблема болып отырғаны Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Г. Шәймерденова, К. Қожахметова, Г. Хамитова, С. Ұзақбаева, С. Ғаббасов, Қ. Бөлеев, Г. Әлсатов, Ж. Асанов, Ә. Табылдиев т. б. ғалымдардың зерттеулерінде жан-жақты қарастырылды. Егемендік алған күннен бастап елімізде білім беру жүйесінде жаңа өзгерістер болды.
Қазақстан үкіметі қабылдаған «Білім туралы Заңының», «Білім жүйесі» аталатын екінші бөлімінде «Білім беру жүйесінің басты міндеттері Қазақстан Республикасына шын берілген, адал патриот азамат даярлау . . . олар мемлекеттің белгілерінің мәні мен маңызын терең түсінген, халықтың дәстүрлерін қастерлейтін . . . халықтар достығының негізінде тәрбиеленген халық Отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын терең түсінген . . . Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқының басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қадір тұтып, игеріп, кепілді азамат болуы керек» [1] - делінген. Психология, этнопсихология, этнопедагогика ғылымдарының жағдайын талдау арқылы тарихи педагогикалық білімнің және этнопедагогика теориясы мен практикасының даму перспективасын анықтауға мүмкіндік туды.
Қазақстанның этнопедагогика және этнопсихология ғылымдарының дамуына үлкен үлес қосқан белгілі ғалым-педагог С. Қалиевтің этнопедагогикалық идеяларын зерделеуге арналған зерттеулер жоқтың қасы екенін байқадық. Ғалым туралы газет-журналдардағы мақалалар көлемінде ғана жарық көрген. Профессор С. Қалиевтің этнопедагогикалық идеялары белгілі дәрежеде арнайы зерделеніп, өз бағасын алған жоқ десек те болады.
Сонымен, келтірілген шағын талдау негізінде профессор С. Қалиевтың этнопедагогика, педагогика ғылымдарына қосқан үлесі біздің таңдаған проблемамыздың көкейтестілігін көрсетеді және зерттеуді «С. Қалиевтың еңбектеріндегі оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселелері» деп атауға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: С. Қалиевтың педагогикалық және ғылыми-әдістемелік еңбектеріне таңдау жасау, жүйелеу және оны оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың жолдарын анықтау.
Зерттеудің нысаны: С. Қалиевтың ғылыми педагогикалық еңбектері.
Зерттеу пәні: Профессор С. Қаливтың еңбектеріндегі ұлттық тәлім-тәрбие идеялары.
Зерттеудің міндеттері:
- С. Қалиевтың ғылыми-педагог ретінде қалыптасуына әсер еткен жағдайларды негіздеу;
- Қазақстанның этнопедагогика ғылымының дамуында қосқан үлесін көрсету;
- С. Қалиевтың жалпы педагогикалық, этнопедагогикалық идеяларын пайдаланудың жолдарын анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, С. Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәлім-тәрбиелік көзқарастарына тарихи этнопедагогикалық тұрғыдан талдау жасалынып жүйеленсе, олар мемлекеттің оқу-тәрбие үдерісіне ендірілсе, сонда жастардың ұлттық құндылықтарды бағалауына, намысын оятып, патриоттық сезімінің оянуына, елін, жерін, тарихын, туған тілін құрметтеп, адамгершілік-имандылық қасиеттерін дамытуға әсерін тигізіп, тұлғасын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Зерттеудің жетекші идеясы: С. Қалиевтың қазақ халқының сан ғасырлық асыл мұраларын зерттеу негізінде олардың даналық дәстүрлерін, тұжырымдарын, тәлім - тәрбиелік ойларын айқындады. Халқымыздың тәрбие құралдары мен бағыттарын мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану оқушылардың ұлтжанды, саналы азамат болып қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері: Этнопедагогика, философия және психология ғылымдарының жеке адамды дамыту туралы ілімдері, жеке тұлғаны қалыптастыру теориясы, іс-әрекет теориясы, таным теориясы, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардың тарихи сабақтастығы, жүйелілік принципі, ғылыми-тарихнамалық принцип, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалар, жеке тұлғаны әлеуметтендіру теориясы болып табылады.
Зерттеу көздері: С. Қалиевтың ғылыми педагогикалық еңбектері, С. Қалиев туралы жазылған мерзімді басылым материалдары, ұлттық кітапхана мен Республикадағы өзгеде кітапханалардағы С. Қалиевке қатысты материалдар.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, этнопсихологиялық, этнопедагогикалық еңбектерге теориялық, әдістемелік тұрғыдан талдау; оқу тәрбиесінде этнопедагогика материалдарын пайдалану әдістемелеріне сипаттама, жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие жұмыстарына бақылау, сауалнама жүргізу; алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді жинақтау, қорыту.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2010-2011ж. ж) зерртеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды; С. Қалиевтың шығармаларының негізгі бағыттары анықталып, сипатталды; зерттеудің ғылыми аппараты анықталды.
Екінші кезеңде (2011-2012ж. ж) Зерттеу тақырыбы бойынша жинақталған материалдарды талдау жалғастырылды; зерттеу тақырыбы бойынша сауалнама, тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Жинақталған материалдар және бақылау, тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері сараланып, магистрлік диссертация әдеби тұрғыда рәсімделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- профессор С. Қалиевтың қазақ этнопедагогикасының дамуына қосқан үлесіне жан-жақты сипаттама берілді;
- оқу үдерісі, оқыту барысында және аудиторияда, аудиториядан тыс жұмыстарда ғалым-педагогтің еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы тұжырымдары жүйелі түрде пайдалану жолдары анықталды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- С. Қалиевтың ұлттық тәрбиенің мазмұны, әдістері туралы ой-пікірлері оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланылды;
- зерттеу материалдарын педагогика мамандарының біліктілігін жетілдіру институтында пайдалануға болады;
- арнайы курс ұсынылды;
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге енгізу:
«Педагогика және психология» мамандығы бойынша «Педагогика тарихы», «Этнопедагогика» пәндерінен лекциялық, семинар сабақтарында, өздігінен орындалатын жұмыстарда пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері бойынша 2 ғылыми мақала жарияланды.
Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І С. Қалиевтың педагог-ғалым ретінде қалыптасуына тарихи-педагогикалық сипаттама
1. 1 Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері
Еліміздің ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласында - қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау проблемаларын шешу қажеттігін қойып отыр.
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістердің қарсаңында дамып келе жатыр. Осы өзгерістер позитивтік нәтиже беру үшін көп жағдайда білім беру реформаларына байланысты болады. Білім беруде дәстүрлі ұлттық құндылықтармен қатар педагогиканың инновациялық талаптарымен және қоғамның гуманистік, демократиялық құндылықтарымен тығыз байланысты болады.
Қазақстанда жүріп жатқан терең әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер адамдардың бір-біріне деген көзқарасын өзгертіп, келеңсіз жағдайлардың өрбуіне, рухани құндылықтардың төмендеуіне әкеліп соқтырғаны белгілі. Ал, ол өз кезегінде жас ұрпақ тәрбиесін жаңаша жүргізуді талап етеді. Бүгінгі таңда жас ұрпақ тұлғасы ұлттық құндылықтар негізінде жаңаша тұрғыда қажет болып отыр. Жастарға ұлттық тәрбие беру мәселелерін теориялық тұрғыдан терең зерттеп, елеулі үлес қосқан Қазақстанның көрнекті ғалымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Қалиев.
Серғазы Қалиев 1929 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл селосында дүниеге келген. 1949 жылы Семей педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітіргеннен кейін бірнеше орта мектептерде мұғалім, 1957 жылдан 1966 жылдары Аягөз қаласындағы қазақ орта мектебінің директоры, 1966 жылы оқу бөлімінде мектеп инспекторы, ал 1981-2005 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында зертхана меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. Ғалым 2005 жылдан бүгінгі күнге дейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында профессор қызметін атқарып, мектеп мұғалімдері мен студенттеріне өзінің бойындағы бар білімін, бай тәрбиесін жалықпай беріп келеді.
Серғазы Қалиұлының ұстаздық-ғалым жолы, өзі айтқандай үш кезеңнен тұрады. Өмірінің алғашқы 20 жылы есею, орта және жоғары білім алу жылдары, екінші 30 жылы институт бітіріп, мектепте мұғалім, мектеп инспекторы, Аякөз аудандық жастар комитетінің 1-ші хатшысы, аудандық кеңес парткомы төрағасының орынбасары, Аякөз қаласындағы Теміржол қазақ орта мектебінің директоры, кейінгі 15 жыл қазақ теміржолы оқу бөлімінің бастығының орынбасары, қазақ темір жолы оқу бөлімінің бастығының орынбасары, қазақ темір жол басқармасы оқу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. Ал, өмірінің үшінші кезеңі 1980 жылдан бергі 30 жыл педагогика ғылымына арналды. Соның 24 жылы Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдар академиясында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, институт директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, педагогикалық зерттеу орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Соңғы жылдары Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінде профессорлық қызметті атқарып келеді.
«Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында қиындықты халықпен бірге көріп, өзінің бар білімін шәкірттеріне беруге тырысқан ұстаздарды күні бүгінге дейін ұмытпаймын. Мен 1936 жылы бұрынға Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл селосындағы Абай орта мектебіне оқуға барып, 1944-45 оқу жылында осы орта мектепте 9-сыныпты бітірдім. Соғыстың ауыр жылдарында бізді Т. Мақпозов, О. Асылаев, С. Қарымсақов, К. Алдабергенов, Н. Құлжанова, З. Сүлейменова, Т. Әбдірахманова, Т. Жабагин сияқты өз ісіне шынайы берілген ұстаздар оқытты. Олар оқу құралдарының тапшылығына қарамастан, конспекті жаздырып, жаттатып, суық мектеп ішінде өздері де шыдап, бізді де шыңдап шығарды. Ол кезде оқулық, дәптер дегендер жоқ. Дәптер орнына ескі кітаптың беттерін пайдаланғанбыз» [2. 6] .
«1991 жылы профессор Қ. Жарықбаев екеуміз Монғолияның Баян-Олгий аймағында 10 күн жолсапарда болып, су мұнараларын аралап, ата-аналармен, мұғалімдермен, оушылармен дидарласу - көп нәрсені білуге себепкер болды. Қай елге бармайыз, қай жерде болмайық шетел зиялылары қазақ мәдениеті мен өнеріне ықылас білдіріп, зор баға беретінін байқадық» [2. 13] .
Бүгінгі жаһандану кезінде ұлттық менталитетті жоғалтпай әлемдік өркениетке өзіндік қолтаңбасымен ену аса жауапты жұмыс. Бқл істе этномәдениеттің бұрынын және бүгінін жалғастыра жастар бойына дарыту этнопедагогтардың ел алдындағы абыройлы борышы болмақ.
«Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып отырған жағдайда, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде өайта құрылуы білім беру саласында - Қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған қазіргі педагогтар мен болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау проблемаларын шешу қажеттігін қойып отыр» [3. 22] - дейді Қазақстанның белгілі этнопедагог ғалымы Қ. Бөлеев.
Енді С. Қалиұлының өз шәкірттері туралы сөзін келтірейік: «Бәрінен де зор атақ - ұстаздың шәкірттер жүрегінен мәңгі орын алуы. Менің көптеген шәкірттерім жаңа жыл, жеңіс күнімен Қазақстан Республикасынң егемендігі т. б мереке күндерінде ашық хат, жеделхат жолдап немес телефон арқылы ыстық ықыластарын, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп жатады. Мен үшін осыдан артық алғыс, осыдан үлкен сый болмас деп ойлаймын».
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор С. Қалиұлы еңбек жолын мектеп мұғалімінен бастаған.
Ол 1949 жылы Семей педагогикалық институтының тіл және әдебиет факултетін бітіріп, облыстық оқу бөлімінің жолдамасымен Семей облысы, Аягөз ауданы, Сергиполь орта мектебіне мұғалім болып келеді. Бір жыл мұғалім қызметін атқарып шыққаннан кейін Аягөз аудандық оқу бөліміне инспектор болып тағайындалады.
Өзінің өмір тәжірибесінің аздығына қарамастан аудандағы 58 мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, өз білгенін басқаларға үйрете жүріп, өзі де тәжірибелі Қ. Жилысов, М. Жантасов, М. Жүсіпов, Т. Жоламанов, С. Күдерин, Ғ. Қасенғазин, А. Мусин, А. Алыбаев секілді озат мұғалімдерден әдіскерлік шеберлікті үйренді. Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін қорытып, «Олардың ісі көпке үлгі» атты жинақ шығарады. Аудандық «Жаңа ауыл», облыстық «Екпінді» газеттеріне мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен жиі-жиі мақалалар жазып тұрды.
С. Қалиұлы 1951-1954 жылдары Аягөз аудандық Жастар комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқару кезінде де жастар ұйымына тікелей басшылық жасап, оқушы жастар слетін, олимпиадалық, спортакиадалық жарыстарын өткізуге белсене қатысып, жастар арасында көпшілік тәрбие жұмыстарын жандандыруға ерекше назар аударды.
1953 жылы тың игеру науқаны кызу басталған кезде С. Қалиев Қарақол, Сарытерек, Мыңбұлақ совхоздарына Украина, Молдавия, Беларуссия республикаларынан келген жастардан комсомолдық екпінді жастар бригадасын құрып, еңбекке жұмылдыру ісін қолға ала отырып, жастардың спротпен, көркемөнермен айналысуына да баса көңіл бөлді. Мектеп бітіруші оқушылардан шопандар бригадасын құрып, Ақшатау қой совхозындағы жастар тобына басшылық жасайды.
1953 жылы С. Қалиұлы Қазақстан Жастар одағының IV съезіне делегат болып қатысады.
С. Қалиұлы 1954-1957 жылдары Аягөз аудандық Кеңес атқару комитетінің орынбасары қызметін атқарып, оқу-ағарту, мәдениет, денсаулық сақтау, сауда және спорт жұмыстарына басшалық жасайды. Егіс алқаптарына ағаш отырғызу, ауыл-селоны көгалдандыру істерінде де С. Қалиұлы өзінің шебер ұйымдастырушылығын танытты. Ол 1951-1959 жылдары бірнеше рет Аягөз аудандық Кеңестеріне депутат болып сайланды.
1957 жылдан 1966 жыл аралығында С. Қалиұлы өзінің сұрануымен Аягөз қаласындағы 1700 оқушысы, 85 мұғалімі, 200 балалық қоғамдық интернаты бар теміржол қазақ орта мектебінде директорлық қызметін атқарады. Мектепте оқу-тәрбие ісін жолға қоюмен бірге хор, оркестр, спорт командаларын ұйымдастырып, оқушылардың аудандық жарыстардан жүлделі орындарға ие болуына мүмкіндік туғызды.
С. Қалиұлы 1959-1961 оқу жылдарында оқушылармен ата-аналардың күшімен ағаш, тігін шеберханаларын салып, іске қосады. Сөйтіп, оқуды өнімді еңбекпен тығыз ұштастырады.
С. Қалиұлы 1966 жылы Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының аспирантура бөліміне сырттай оқуға түседі. Осымен байланысты Алматы қаласына ауысып, Қазақ темір жолының оқу бөліміне мектеп инспекторы болып орналасады. Алғашқыда мектеп инспекторы, кейінгі екі жыл оқу бөлімі бастығының орынбасары, 1972-1981 жылдары оқу бөлімінің бастығы қызметін атқарады.
1971 жылы «Ғ. Мүсірепов творчествосын мектепте оқыту» деген тақырыпта Қырғыз мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесінде педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін диссертация қорғайды.
С. Қалиұлы Қазақ теміржолына қарасты 560 мектеп, 260 мектепке дейінгі мекеме, 4 техникум, 6 техникалық мектептерге он төрт жылдай басшылық жасап, олардың оқу-тәрбие жұмысын жақсартуда, материалдық-техникалық базасын нығайтуда, білікті кадрлармен қамтамасыз етуде игілікті істер атқарды. Мектептерді кабинеттік жүйеге көшіруді ұйымдастыруда белсене жұмыс атқарып, 800-ге тарта кабинеттерді жабдықтайды. Гурьев-Бейнеу-Астрахан, Володаровка-Қызылту теміржол линияларында жаңадан 68 мектепті, 29 балабақшасын, 2 техникумды іске қосып, теміржол бойында оқу-ағарту ісін дамытуға сүбелі үлес қосты. Осы еңбектері үшін С. Қалиұлы «Еңбектегі үздік еңбегі» медалімен, КазССР және КСРО ағарту ісінің озаты белгілерімен және КСРО Қатынас жолдар министрлігі мен Орталық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталады. 1974 жылы мұғалімдердің Бүкілодақтық ІІІ съезіне делегат болып қатысады.
С. Қалиұлы 1981 жылы Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдарды ғылыми-зерттеу институтына аға ғылыми қызметкер болып орналысып, 1984-1987 жылдары педагогика тарихы бөлімінің меңгерушісі, ал 1987-1993 жылдары институт директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, педагогикалық ғылыми орталықтың директоры қызметтерін атқарады.
С. Қалиұлы итнститут директорының орынбасары қызметін атқарған кездерде де ғылыми-зерттеу ісін жолға қоюда елеулі істер атқарып, тер төкті. Оның басшылығымен мектептерде оқуды жаңа бағдарлама бойынша оқыту, 6 жасар балаларды мектепте даярлау, оларға сай оқу-әдістемелік құралдар жасау, «Қазақтың тәлімдік ой-пікірлер антологиясының» екі томын даярлау істері, институттың 60 жылдығын өткізу, ұлы педагог Ы. Алтынсариннің 150-160 жылдық, көрнекі педагог-ғалым Т. Тәжібаев, Қ. Жұбанов, Ә. Сембаевтардың 80-90 жылдығына арнап конференциялар өткізу, ғылыми жинақ шығару істерінің бәрі С. Қалиұлының тікелей араласуымен іске асырылады. Соңғы жылдары этнопедагогика және тәрбие лабораториясын басқара жүріп, академик М. О. Әуезовтің 100 жылдығына, ұлы ақын Абайдың 150 жылдығына, көрнекті педагог-ғалым Ә. Сыдықов пен академик-ғалым Ә. Марғұланның 100 жылдығына арнап ғылыми конференциялар өткізу, педагогикалық жинақтар шығару істері де С. Қалиұлының басшылығымен істелген істер.
Серғазы Қалиұлы педагогикалық ынтымақтастық идеясын басшылыққа ала отырып, өзінің 1980 жылы жызған «Түркісіб және оқу-ағарту ісі» атты еңбегінде теміржол орта мектептерінде оқуды өнімді еңбекпен ұштастырудағы істелген игілікті істерге кеңінен тоқталып, мектептердегі кабинеттік жүйе бойынша оқыту, өндіріс бригадасын құру, өндірістік цехтар мен бригадалардың мектептегі оқу-тәрбие істеріне белсене араласуы, қамқорлыққа алу т. б мәселелері талдауға алған. С. Қалиұлы мектеп бітіруші шәкірттердің теориялық білімдерін өндіріс цехтары мен мектеп шеберханаларында, оқу кабинеттері мен лабораторияларында тәжірибелік жұмыстарды шебер ұштастыруға баса көңіл бөледі. Соның нәтижесінде мектеп бітіруші жастар аттестатпен бірге токарь, слесарь, тігінші, аспазшы, машинист жүргізуші, электрик-монтер мамандықтарын қоса меңгерген куәліктерге ие болды.
Педагог - ғалым С. Қалиұлы өзінің тәжірибесін ғылыми тұрғыда жинақтап еңбек жазумен бірге, республикадағы басқа озат тәжірибелі ұстаздар еңбегіне де зер салып, олардың оқыту мен тәрбие істеріндегі озат тәжірибелерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан қарастырып, басқаларға үлгі етіп ұсынуды ұмытпады. Мәселен, оның Көкшетау облысы Щучинск қаласындағы қазақ орта мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қазақ ССР-і оқу-ағарту ісінің озық қызметкері Таңсық Жұрынованың жиырма жылдық ұстаздық шеберлігін ашып көрсетуге арналған (1988 жылы «Мектеп» баспасынан жарық көрген) «Оқушыларды оқу еңбегінде дағдыландыру» атты ғылыми-әдістемелік еңбегін атауға болады. Сексенінші жылдары баспасөз беттерінде педагог-методист ғалымдар арнайы сөз етіп жүрген проблемалар: дамыта оқыту, проблемалық оқыту әдісі, оқу процесін оптимизациялау мәселелері болатын. Бұл проблемалармен Ресейде Ю. К. Бабанский, М. М. Паташник, ал Қазақстанда Ақтөбе қаласындағы №17 орта мектептің директоры Ә. Алғиев, педагог-ғалымдар Г. Лұқпанов, Я. С. Бенцион т. б айналысқан еді.
Олар бүкіл мектеп ұжымының бірлескен іс-тәжірибесін оңтайландыру тұрғысынан жинақтау ісімен айналысса, С. Қалиұлы жеке озат мұғалімдердің ұзақ жылдық тәжірибесін оқу-тәрбие ісінде қолдану не берді дегенге нақтылы жауап іздестірді. С. Қалиұлы баланы оқу еңбегіне үйрету үшін озат мұғалімдердің оқушыларымен үздіксіз жүйелі жаттықтыру жұмысын жүргізу арқылы, оларды кітапқа, білімге деген құмарлығын туғызудағы әдіс, шеберлігін аша білді. Білімге қызығушылық бала бойында оның басқаларға еліктеуінен, оқу еңбегіне шығармашылық табыспен ізденіс, ұдайы дәне жүйелі түрде кірісе білу арқылы дамиды деген тұжырым жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz