Оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының тарихы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...3-5
І - Тарау. Оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының тарихы
1.1 Сабақ - оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ... ... ... ... ..6-8
1.2 Сабақ, оған қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-10
1.3 Сабақтың типтері мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11-16
ІІ-Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жумысын ұйымдастыру әдістемесі
2 1 Мұғалімнің сабаққа әзірленуі, оны жоспарлауы ... ... ... ... ... ... ... ..17-20
2.2 Сабақтың типтері, түрлері олардың
құрлымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21-26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27-28
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 9

Кіріспе

Дидактикалық жүйелер өткен кезеңге із-түссіз кетпейді. Олар қазіргі
кезеңнің талаптарына сай жаңа жүйеге трансформацияланып, бүгінгі күнмен
үндеседі. Гербарт дидактикасын, Коменскийдің дидактикасы элементтерін
пайдаланды, Ушинский түрлендіріп пайдаланды, Алтынсарин оны лайықтады, ал
қазір халықаралық талаптар деңгейіне, бәсекеліктікке бағыттап, Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңы, Қазақстан Республикасының жалпыға
міндетті орта білім беру стандарты талаптарға қатысты нақты сапалы
жетілдіруде, үдеріс дамуда.
Оқытуды ұйымдастыруды формалары – ол оқыту мазмұнына қатысты мұғалім
мен оқушының қызметтерінің сыртқы келісімдерінің өрнектелуі. Олар
дидактикалық жүйелердің пайда болуы және жетілдіруіне сай дамуда. Оқытудың
формалары түрлі шама-шарықтарға қатысты жіктеледі. Оқушыларды оқытуға қамту
санына қатысты:
- жеке;
- топтық;
- жаппай болып бөлінеді.
Оқушыларды оқыту жайына қатысты:
- мектептік;
- мектептен тыс;
- экстернат формада болып аталады.
Оқытудың ұзақтығына байланысты:
- классикалық сабақ – 45-50 минут;
- қысқартылған сабақ – 30-35 минут;
- Қоңыраусыз сабақтар – еркін қызметтердегі сабақтар регламентінде
болады.
Мектептің даму тарихы түрлі оқыту жүйелерге бөледі:
- жекелей (ертедегі антика елдерінде);
- жеке-топтық (Орта ғасырдағы мектептер);
- өзара оқыту (Англиядағы белль – ланкастерлік жүйе);
- саралап оқыту – дифференциялы – оқушылардың қабілетіне қатысты
(мангеймдік жүйе);
- бригадалық оқыту (кеңес мектептерінде ХХ ғасырдың 20-шы жылдары);
- американдық Трамп жоспары - оқушылар үлкен топтарда (100-150
оқушылармен) жалпы уақыттың 40 % бірге болуы;
- ал 20 % - аз оқушылар өзіндік жұмыстарға арнаған.
Бастауыш мектептің мұғалімдері үшін Дальтон – жоспары Дальтон
қаласындағы бастауыш сынып мұғалімі ХХ ғасырдың басында Э. Паркхерст (1887-
1973) ұсынған қызықты. Оның ерекшелігі:
- оқыту мазмұнын еркін таңдау оқушыларға беріледі;
- мәндерді оқыту ретін өзгерту;
- өзінің жұмыс уақытын пайдалану;
- белгілі пәндерді оқыту келісімдерін жасау.
Дальтон – планы негізінен жеке кабинет-зертханаларда ұйымдастырылады.
Қазіргі кезеңде уақыт сынынан өткен, ХҮІІ ғасырға пайда болған, 300
жылдан астам уақыт жетіліп келе жатқан сыныптық – сабақтық жүйенің басты
элементі – сабақ, оқыту маңыздылығы үлкен.
Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдалану
маңыздылықты анықтауда, жалғасуда. Оқытудың алғашқы жобасын голландия
педагогы Д. Сил, неміс профессоры И. Штурм, жүйені жобалаған И. Лойологт,
ал теориялық негіздемені Я. А. Коменский жасаған.
Сонымен білім берудің, оқытудың басты формасы сыныптық сабақтық жүйе.
Қазіргі кезеңде
а) – қосымша;
ә) – сыныптан тыс;
б) – сабақтан тыс;
в) – жұмыстары;
г) - өзіндік;
д) - өзін-өзі тану; деп аталатын формалары қолданылады.
Сыныптың - сабақтық формасы келесі ерекшеліктер айғақтайды:
– жастары шамалас және дайындық деңгейі жуық бірдей жастағы тұрақты
құрамдағы оқушылар.
– әрбір сыныпта жылдық жоспарға – оқу жоспарына қатысты жұмыс оқу-
тәрбие жұмысында (оытуды жоспарлау)
– оқу процесі өзара байланысқан, бірінен кейін бірі өтілетін бөліктерден,
сабақтардан тұратын өтетін үрдіс.
– әрбір сабақ тек бір пәнге арналады (монизм);
– сабақтардың тұрақты алмасуы (сабақ кестесі);
– мұғалімнің басқарушылық ролі (педагогикалық басқару);
– оқушылардың танымдық қызметтерінің түрі мен формасының әртүрлілігі;
Сыныптық – сабақ форманың басқа формалармен салыстырғанда бірқатар
артықшылықтары бар:
– қатаң ұйымдастырушылық құрылымы бар.
– оқушылармен бір мезгілде жұмыс істеуі;
– оқушыларды өзара білім алуына ыңғайлы;
– ұжымдық қызмет, біріне -бірі көмектеседі;
– тәрбиелеу, білім алу, дамытылуда жарысушылық.
Тәрбиелі, білімді, өзін -өзі жетілдіруге, бірін -бірі тануға, өзін
-өзі тануға салыстыру, қарама -қайшылықтар қозғаушы күш туындатады.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың формаларын
пайдалану әдістемесіне талдама жасау;
Зерттеу міндеттері:
– Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдалануы
арқылы оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің мәнін анықтау;
– Педагогикалық жағдайларды анықтау;
– Технологиясына талдама жасау.
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі;
Зерттеу пәні: бастауыш сыныпты оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын
пайдаланулар нәтижесін анықтау.
Зерттеу әдістері:
- педагогикалық зерделеу;
- педагогикалық бақылау;
- педагогикалық талдау, салыстыру;
- мұғалімдермен әңгімелесу;
- оқушылармен пікірлесу;
- ата-аналармен кеңесу;
- озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және қорытындылау;
- педагогикалық эксперимент.
Жұмыста психология, педагогика, этнопедагогика, педагогика тарихы,
Қазақстан Республикасындағы білім берудің негізгі тұжырымдамалар жайлы
әдебиеттер пайдаланылды.

I.Оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының тарихы
1.1. Сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы

1. Педагогика тарихында алуан түрлі оқыту нысандары болды. Олардың пайда
болуы, дамуы, кейбіреулерінің жойылуы қоғамның талабына
байланысты еді. Жекелеп оқытудың жақсы жақтары:
1. Мұғалім оқушының нені білетінін, нені білмейтінін анықтайды.
2. Оқушының қатесін уақытында түзетеді.
3. Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді. Кемшіліктері:
4. Мұғалім оқушыға білім беріп, оны оқушы қалай түсінгенін тексерумен
шектеледі.
5. Оқушы басқа оқушылармен қарым-қатынаста болмайды.
• Бала ұжымда, әлеумет арасында жұмыс істеуге үйренбейді.
Міне, сондықтан жекелеп оқыту XI ғасырдан бастала азая бастады
Балаларды жекелеп - топтап оқыту түрі қалыптасты. Мүғалім түрлі
жастағы балаларға тапсырма берді. Олардың дайындық деңгейлері де түрліше
еді. Сондықтан мүғалім әр оқушымен жеке жүмыс жүргізді. Мүғалім әрбір
оқушыдан өткен материалдарды сұрап, әрқайсысына жаңа тақырыпты түсіндіріп,
жеке тапсырмалар берді. Оқушылар оқуға жылдың кез келген уақытында келді.
Жеке, жеке-топтың оқыту түрлері XI ғасырдың аяғы, XII ғасырдың басында
қоғам сұранысын қанағаттандырмады.
Х-ХІ ғасырдағы Еуропаға білімді адамдар өте қажет себебі қолөнер,
сауда, өнер, әдебиет, сәулет өнері дамыды. Осыған байланысты оқитын
балаларды ұжымға біріктіру туралы үсыныстар алғаш рет Белоруссия,
Украинаның туысқандың мектептерінде жүзеге асты. Оны балаларды сынып-сабақ
жүйесі арқылы оқыту деп атады. Сынып - сабақ жүйесінің тәжірибесін зерттеп,
оны дүние жүзінің мектептеріне таратқан Я.А.Коменский.
Оқытудың бүл түрі жетілдірілген түрде дүние жүзінің мектептерінде
қолданылуда. Сынып-сабақ ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды.
Трамп жоспарын АҚШ профессоры Ллойд Трамп жасады. Білікті мүғалімдер,
профессорлар ОТҚ арқылы 100-150 кісіге дәріс оқып болған соң, 10-15 кісіден
түратын азғантай топтар дәріс материалдарын талдап, ол туралы өз пікірлерін
айтады, пікірсайыс өтеді.
Бригадаларға біріктіріп оқыту. Тапсырма бір топ оқушыларға беріледі.
Олар өз беттерімен зертханаларда жұмыс істеп, мүғалімдер оларға кеңес
береді. Есепті бригадир береді. Кемшілігі: оқушылардың білім деңгейінің,
жауапкершілігінің төмендеуі, оқытудың нәтижесінің жоқтығы, мұғалімнің
түсіндіруінсіз тапсырманы орындай алмау.
Дальтон жоспары. Оны XX ғасырдың басында Дальтон қаласының (АҚШ)
мүғалімі Елена Паркхерет үсынады. Оны зертханалық жұмыс деп те атайды.
Аталған жоспармен оқытқанда сабақтар болмайды, мүғалім сабақты
түсіндірмейді, оқушыларға өз бетімен оқитын әдебиеттер көрсетілген жазбаша
тапсырма береді. Оқушылардың әрқайсысы материалды өз бетімен оқып мүғалімге
есеп беріп отырды.
Бірақ көптеген оқушылар мүғалім көмегінсіз тапсырманы орындай алмады.
Сондықтан дальтон жоспарымен оқыту мүмкін болмады
Оқушының әртүрлі сыныптарда оқуы. Ол бір пән бойынша 7-сыныпта, екінші
пән бойынша 5-сыныпта оқиды.
Оқытуды ұйымдастырудың ерекше түрі оқушылардың бірнеше күн бойы бір не
екі пәнді оқуы. Осылай оқыту Вальдорф мектептерінде бар. Сынып-сабақ
жүйесінің мәні мен ерекшеліктері.
• Жастары жэне дайындықтары бірдей оқушылардан сынып құрастыру.
Сыныптың қүрамы мектеп бітіргенше өзгермейді.
• Оқу процесі өзара байланысты, бірінің соңынан бірі келіп отыратын
сабақ
түрінде жүреді.
1. Сынып жылдың жоспар, бағдарлама, тұрақты сабақ кестесі бойынша жұмыс
істейді. Балалар мектепке жылдың бір уақытында қабылданады.
2. Жұмыстың негізгі түрі - сабақ.
• Сабақ бір оқу пәнін, тақырыпты түсіну үшін өткізіледі.
• Оқушылардың жұмысына мүғалім басшылық етеді. Ол оқушылардың білім,
іскерлік, дағды деңгейлерін анықтап, оларды жыл аяғында келесі сыныпқа
көшіру туралы шешім қабылдайды.
1. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің алуан түрі;
2. Әр сабақта үш мақсатқа жету үшін жүмыстар жүргізіледі.
Сынып - сабақ жүйесі әлі зерттелуде. Жақсы жақтары оның бөліктері бір-
бірімен байланысты, мұғалім барлық оқушылармен жүмыс істейді, оқушылардың
бір-бірін оқытуына мүмкіндік жасалады. Оқушылар тәрбие-ленеді, дамиды, бір-
бірімен жарысады. Сабақ оку-тәрбие жұмысын реттейді, оны басқарады, балалар
бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істейді, мұғалім оқушылардың сезім әлеміне
әсер етеді, тәрбиелейді, көп оқушылармен жұмыс істейді. Кемшілігі: үлгерімі
нашар оқушыларға қиын, ал жақсы оқитындардың қабілеті тежеледі. Мұғалімге
әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу қиын. Басты кемшілігі "орташа" оқушымен
жұмыс істеудің, жеке оқу-тәрбие жұмысын жүргізу мүмкіндігінің жоқтығы.
Сондықтан ғалымдар сынып-сабақ жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіруде.
Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ ақыты қысқа,
сондықтан ол күрделі және жауапты кезең себебі сабақтың сапасы
оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа
технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде, оқу міндеттерін орындау
үшін жұмыстануда сыныптан тыс оқу, үй жұмыстары және басқалары қолданады.
Кейде сыныптан тыс оқытатын нысандарға экскурсияларды, мектеп жанындағы
үлеске, шеберханадағы жұмысты, туған саяхатты, спорт жарыстарын, т.б.
жатқызады.

1.2. Сабақ оған қойылатын талаптар

Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы
қажет. Бұл орайда Ж.Аймауытовтың мүғалімге байланысты берген төмендегі
бағалы нұсқауларын есте сақтаған жөн:
• жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлүматтарымен ұштастыру;
1. тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат
аудару;
2. сабақты алдын ала даярлайтын сұрақтар қою арқылы оқушының ынтасын
арттыру, ілтипатын сақтау;
• қажетсіз мағлұматтардан сақтанып, баланың ілтипатын оятатын қызықты
нәрселерді ғана сөйлеп үйрету;
• баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлүматтардан сақтану; лайықты
салыстыру, ұқсастыру тәсілдер арқылы оңтайлы оқытуды жандандыруға
тырысу;
1. алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекі болуы керек;
2. өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы оқытатын пэніне өзі де ынталануы,
өзі де жақсы көруі тиіс, оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді.

I. Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
3. білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға және тәрбиеге ықпалын
анықтау,
4. оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсатына сай, оқушылардың
білім деңгейлеріне қарап сабақты жоспарлау, оқушылар меңгерген ғылыми
білімдерді, іскерлік дағдыларды анықтап отыру;
• оқытудың тиімдірек әдістерін, тәсілдерін жэне құралдарын
таңдау,
оқушыларды ынталандыру, меңгеру барысын бақылау,
танымдық
белсенділікті арттыру, ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін үштастыру,
өздік жұмыстарды ұйымдастыру;
1. оқыту принциптерін қолдану;
2. оқушылардың жақсы оқуына жағдай жасау.
II. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:
• оқу пәні жэне нақты сабақ арқылы әр оқушынын, дамуын жобалау;
оқушыларды дамытатын психологиялық-педагогикалық құралдарды,
әдістемелік тәсілдерді табу;
оқушылардың репродуктивтік және шығармашылық жұмыстарының
көлемін анықтау; жұмылдыра білуі. Ақыл-ойының дамуы;
білім деңгейлеріне сәйкес оқушыларды топтарға бөлу,
олардың әрқайсысымен жеке жұмыстар жүргізу. Жаппай жұмысты ұйымдастыру.

Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру:
- жақсы және нашар оқитын оқушылармен жұмысты жоспарлау;
- оларға жеке тапсырмалар беру;
- әрбір оқушының белсенді оқуына жағдай жасау.

III. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
1. қалыпты температураның болуы;
2. ауаны тазартып түру; жарықтың болуы;
3. балаларды шаршатпау;
• іс-әрекетті түрлендіріп отыру. Мысалы, тыңдауды санаумен, іс
және
практикалық жұмыстарымен ауыстыруға болады;
1. сергіту сәтін уақытында және сапалы өткізу;
2. оқушылардың жұмыс істеген кездегі дұрыс қимыл-қозғалыстары;
• сынып жиһаздарының оқушының дене бітістеріне сәйкес 1 және оның
өсуіне ықпалы.
IV. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар:
• сабақтың эсерлілігі, оқуға қызығушылыцты және білімге деген сұранысты
арттыруы;
1. сабақтың қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы
жүмыстарының нәтижелілігі;
2. мұғалім мен оқушы арасында жұмыс барысында пайда болатын тығыз
байланыс. Әр оқушыға сенім білдіру;
• мүғалім көңілінің көтеріңкілігі, белсенді шығармашылық жұмыс.
Тәрбиелік талаптар:
• оқу материалының, іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігін
анықтау
орындалатын тәрбиелік мақсат қою;
• оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан туындайтын тәрбиелік міндеттер
қою;
• оқушылардың бойында өмірге керекті қасиеттерді, атап
айтсақ:
табандылықты, орнықтылықты, ұқыптылықты,
жауапкершілікті,
орындаушылықты, өздікті, жұмыс істей білуші, зейінділікті, адалдықты,
ұжымшылдықты тәрбиелеу;
• балалармен ынтымақтасу, олардың табысқа жетуіне көмектесу;

1.3 Сабақтың типтері мен құрылымы

Алуан түрлі сабақтардың бәріне ортаң бір белгіні табу үшін оларды
"жіктеу" керек.
Сабақтарды бірінші рет топтастырған И.Н.Казанцев сабақтарды мазмұны
мен өткізу тәсілдеріне қарап топтастырды. Мазмұнына қарай топтастырғанда
бір топқа арифметика, алгебра, геометрия сабақтары, ал олардың ішінде
жекелеген тақырыптарды өтуге арналған сабақтар белгіленеді. Оқу жұмысының
тәсілдері бойынша экскурсия-сабақ, кино-сабақ, өздік жұмыс сабағы болып
бөлінеді.
Оқу жұмысының жүйесі мен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипатына
қарай кіріспе, материалмен бірінші танысу, жаңа білімдерді тәжірибеде
қолдану, дағдыларды қалыптастыру, қайталау, бекіту және жинақтау, бақылау,
аралас сабақтар деп бөлінген.
Теоретиктер мен практиктердің арасында дидактикалық мақсат бойынша
топтастырылған сабақтар кең қолдау табуда. Олар: 1) аралас сабақ; 2) жаңа
материалды оқу; 3) жаңа іскерлікті қалыптастыру; 4) білім, іскерліктерді
бекіту; 5) жинақтау және жүйелеу; 6) білім, іскерліктерді тәжірибеде
қолдану; 7) білім, іскерліктерді бақылау және түзету.
Сабақ құрылымы – сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге
жасайтын алуан түрлі жұмыстар.
Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақтың түрін анықтайтын, жекелеген
кезеңдерден тұрады. Құрылымдағы бөліктер сабақтың түрін анықтайды. Мысалы,
сабақтың мақсаты білім және іскерліктерді бекіту болса, онда сабақтың түрі
білім, іскерліктерді бекіту болады. Бұл оқу жұмысы негізгі, мұғалім оған
көп уақыт бөледі.
Жаңа оқу материалын оқу сабағы Мақсаты - оқушыларға жаңа білім беру.
Мұғалім оқушыларға жаңа оқу материалын түсіндіріп, оқушылардың іс-әрекетін
ұйымдастырып, білімдерін тәжірибеде қолдануға үйретеді. Жаңа ұғымдар мен іс-
әрекет тәсілдерін жақсы меңгеру үшін оқушылар белсенді түрде жұмыс істеу
керек.
Жаңа материалды көбірек беру үшін ірі блоктың тәсілдер қолданылады.
Бір сабақта бірнеше, мысалы, 4 сабақтың материалы оқылады, қалған 3 сабақ
іскерлік пен дағдыға машықтануға арналып, тақырыптар терең оқылады. Жаңа
материалды оқу түрлі әдістер арқылы жүзеге асады. Оқушылардың оқу жұмысына
қызығушылығын ояту үшін енжар іс-әрекет түрлері (мұғалімнің әңгімесін
тыңдау, сыныптасының жауабын тыңдау) және белсенді жұмыс түрлері (тәжірибе
және зерттеу түріндегі өздік жұмыстар) орындалады.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді ету үшін проблемалық әдіс,
қызықты мысалдар, фактілер қолданылады, талқы ұйымдастырылады, кейбір
теориялық ережелерге оқушылар өз мысалдарын келтіреді, көрнекі және
техникалық құралдар пайдаланылып, меңгерілген білімдер ретке келтіріледі
және бекітіледі. Кейбір жаңа оқу материалын өткен оқу материалын білмей
меңгеру мүмкін емес. "Таза" күйдегі жаңа оқу материалын оқу орта және
жоғары сыныптарда қолданылады. Себебі жаңа материал көп, оқушылар белгісіз
оқу материалдарымен ұзақ жұмыс істей алады. Бастауыш мектепте тек жаңа
материалды оқыту қиын, себебі оқушылар әлі күрделі оқу жұмыстарына әзір
емес. Аралас сабақ жаңа материалдың шағын бөлігін бекітумен ұштасады.
Оқылатын материалды бекіту сабағы жекелеген тақырыптарды, бөлімдерді
өткен соң, материалды терең түсіну және меңгеру мақсатында өткізіледі.
Мысалы, қазақ тілінде "Зат есім" тақырыбына көптеген сабақтар арналып,
соңғы сабақта оқылған материал бекітіледі. Оқушылардың сабақтың өтетін
уақытын және оның негізгі міндеттерін білгені жақсы. Мұғалім бекітетін
негізгі сұрақтарды бөліп, білім тексеруді ауызша, жазбаша, тәжірибелік
жұмыстармен, өздік жұмыстармен ұштастырады. Осы жұмыстар бекіту
сабақтарының құрылымына кіреді. Ол өткен оқу материалын әрбір оқушыдан
немесе бәрінен сұраудан басталады. Содан кейін білім тексеру тақырыптың
күрделі жерлерін бекіту үшін жаттығулар жүргізумен ұштасады.
Сабақ соңында шағын өздік жұмыс өткізіледі. Математика, физика, химия
сабақтарында ол есептер және мысалдар шығарумен байланысты. Тіл
сабақтарында диктанттың алуан түрлері, шығарманық қысқаша мазмұны жазылып,
оларды мұғалім тексереді және бағалайды. Әдісі: ауызша, жазбаша жаттығу,
білім тексеру, бағалау. Тәсілдер: перфокарта, карточкалармен жұмыс, кесте
жасау.
Білімді тәжірибеде қолдану
Оның кезеңдері:
•    ұйымдастыру;
•    мақсат қою;
•    үй тапсырмасын тексеру;
•    білімді еске түсіру;
•    білім, іскерлік, дағдыларды тәжірибелік міндеттерді шешу үшін
қолдану;
•    оқушылардың орындаған жұмыстары жөнінде есеп жазуы;
•    үй тапсырмасын беру.
Оқушылар бұрынғы білімдеріне сүйеніп тәжірибелік жұмыстар жасайды, алдымен
үй тапсырмасы тексеріледі.
Мысалы, экскурсия кезінде жинаған материалдарға сүйеніп, мектеп жанындағы
алаңға егілетін өсімдіктердің сызбасын жасайды. Шет тілі сабағында түрлі
тақырыптарға диалог құрастырады. Осылайша оқытудың өмірмен байланысы жүзеге
асады.
Жаппай, топтың және жеке жұмыстар жүргізіледі. 3 оқушыдан тұратын
бөлім мектеп алаңында егілетін өсімдіктердің сызбасын жасайды.
Түрлі ұжымдық жұмыстар оқушылардың арасындағы ізгі қатынастарға жақсы әсер
етіп, білімдерін жаңа жағдайда шығармашылықпен қолдану оқушыны дамытады.
Практикум мақсаты – зертханалық жұмыстар өткізу.

Кезеңдері:
•    ұйымдастыру;
•    мақсат қою;
•    білімді еске түсіру;
•    нұсқау;
•    құрал-жабдықтарды іске қосу;
•    эксперимент және оны бақылау;
•    бақылау нәтижелерін талдау және безендіру;
•    есеп жазу;
•    есепті мұғалімге тапсыру.
Ол жоғары сыныптарда бағдарламанық бөлімдерін, курсты оқып біткеннен кейін
өткізіледі. Бұл сабақ оқушылардан бағдарламаны жақсы білуді, дамыған
іскерлік пен дағдыларды талап етеді.
Оқушылар аппараттарымен, приборлармен, өлшеуіш техникамен жұмыс істеп,
эксперимент барысын жазады, талдайды, қорытынды жасайды, күнделік
жүргізеді.
Мұғалім эксперимент кезінде оқушының білімін қолдануына көмектесіп,
оқушының жұмысына бақылау жасап, керек болса түзетеді.
Тәжірибелік сабақтар шеберханаларда, оқу цехтарында, оқу-тәжірибе
учаскелерінде өтеді.
Кезеңдері:
•    ұйымдастыру;
•    мақсат қою;
•    білімді еске түсіру;
•    нұсқау;
•    тәжірибелік жұмыс;
•    жұмыс нәтижесін шығару.
Сабақтың көп уақытында оқушылар тәжірибелік жұмыспен айналысады. Мысалы,
шеберханада түрлі бұйымдар жасайды.
Оқу-тәжірибе учаскесінде жерді өңдеп, өсімдік өсіреді, өнім жинайды.
Репродуктивтік және ішінара ізденіс әдістері қолданылады.
Әр оқушыға тапсырма, технологиялық карта беріледі, сол бойынша ол жұмыс
істейді.
Бақылау сабақтары оқушылардың теориялық материалдарды, оқылып отырған
курстың негізгі ұғымдарын меңгеру деңгейін, іскерлік, дағдылардың, оқу-
танымдық іс-әрекет тәжірибесінің қалыптасқандығын анықтап, оқыту
технологиясына қандайда бір өзгеріс, оқушылардың білімдеріне сәйкес оқу
процесіне түзету енгізу мақсатында өткізіледі.
Бақылау және түзету сабақтарының түрлері: ауызша сұрау (жаппай, мазмұндама,
есептер және мысалдар шығару, т.б.) сынақ, тәжірибелік (зертханалық),
сынақ, практикумдар, өздік бақылау жұмыстары, емтихандар, т.б. Осы сабақ
түрлері пәннің тұтас бөлімдерін, ірі тақырыптарды өткен соң өткізіледі.
Оқушылардың білімін тексеру және бағалаудың соңғы, жоғары түрі - емтихан.
Бақылау сабақтарында оқушылардың өз білім, ісқорлік, дағдыларын танымдық-
тәжірибелік іс-әрекетте, әр түрлі оқу жағдаяттарында қолдануға дайындығы
айқынырақ көрінеді.
Бақылау сабақтарын өткізгеннен кейін оқушылардың білім, іскерлік,
дағдыларындағы, оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруындағы кемшіліктер
анықталып, оларды талдап, жоятын арнайы сабақ өтеді, оқушылардың және
мұғалімдердің іс-әрекеттеріне керек болса түзетулер енгізіледі.
Әдістері: түсіндіру, әңгіме, салыстыру, дәлелдеу, бағалау.
Тәсілдері: бақылау жұмысын жаздыру, қорыту.
Жаңа материалды оқу сабағының құрылымы:
•    оқу материалын бірінші рет түсіндіргенде, таным процесінің,
заңдылықтарына сәйкес оқушылардың ақыл-ой белсенді арттыруға баса назар
аудару;
•    есте сақтау керек мәліметтерді оқушыларға айту;
•    есте сақтауға және ұзаң уақыт есте сақтауға ықпал ететін жағдайларды
жасау;
•    оқушыларға есте сақтаудың техникасын хабарлау. Мәліметтерді еске
түсіруге тірек болатын сызбалармен жұмыс, оларды мағыналарына қарай
топтастыру;
•    мұғалімнің басшылығымен қайталау, бірінші рет бекіту;
•    есте сақталған мәліметтерді анықтау;
•    қайталау, жеке тапсырмалар беру іштей қайталау, алған білімді,
үйренген іс-әрекетті түрлі тапсырмаларды орындағанда қолдану;
•    білім, іскерлік, дағдыларды оқушылардың есінде қалдыруға көмектесетін
тірек мәліметтерді жиі қолдану.
Білімді білік және дағдыларды қолдану сабағының құрылымы:
•    сабақтың басын ұйымдастыру;
•    оқушыларға сабақтың тақырыбын және оның алдында тұрған міндеттерді
айту;
•    іскерлікті қалыптастыруға керекті жаңа білімдерді оқып үйрену;
•    біліктілікті бірнеше рет үйрету, жаттықтыру, үлгілер бойынша жұмыс
істету;
•    білімді және біліктілікті шығармашылықпен қолдану;
•    дағдыларды бекіту үшін жаттығулар беру;
•    үйге тапсырма;
•    оқушылардың жұмыстарына баға беру және сабақты қорытындалау.
Білім, іскерлік және дағдылары дамыту сабақтарының құрылымы.
•    оқу жұмысының мақсатын оқушыларға хабарлау;
•    оқушылардың тапсырманы орындауға керекті білім, іскерлік, дағдыларын
естеріне түсіріп қолдануы;
•    оқушылардың түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауы;
•    олардың орындаған жұмыстарын тексеру;
•    қателерді талдау және оларды түзету;
•    қажет жағдайда үйге тапсырма беру;
•    қайталау сабағының құрылымы;
•    ұйымдастыру бөлімі;
•    білімдік, тәрбиелік, дамыту міндеттерін қою;
•    негізгі ұғымдарды, онымен байланысты біліктілік, дағдыларды
(тәжірибелік және ақыл-ой) қайталау үшін үйге берілген тапсырманы тексеру.
Келесі сабақтарда қайталанатын материалдарды анықтау, оларды үйге беру;
•    тексерудің нәтижесін шығару, сабақ үстіндегі оқу жұмысының нәтижелерін
тексеру;
•    үйге тапсырма.
Іскерлік және дағдыларды қалыптастыру сабағының құрылымы:
•    сабақтың мақсатын қою;
•    жаңа іскерлік, дағдыларға керекті бұрынғы іскерлік, дағдыларды
қайталау;
•    бұрынғы іскерлік, дағдыларды тексеру үшін оқушыларға тапсырма беру;
•    жаңа іскерлікпен таныстыру, жасап көрсету;
•    жаңа іскерлікті меңгеру үшін оқушыларға түрлі жаттығулар жасату;
•    іскерлікті шыңдап, бекіту үшін жаттықтыру жұмыстарын жүргізу;
•    үлгі, алгоритмге, нұсқау бойынша машықтану;
•    іскерлік пен дағдыны ұқсас жағдайларда қолдануға жаттығу;
•    шығармашылық жаттығулары;
•    сабақтың қорытындысы;
•    үйге тапсырма.
Қайталау сабағы. Бұл сабақтардың мақсаты - оқушылардың білімдерін еске
түсіру және кеңейту.
Түсіндіретін бөлік мұғалім нұсқауы, оқушыларды оқу жұмыстарына
психологиялық жағынан әзірлеп, есептер шығару, шығарма, диктант,
шығармашылық жұмыстар жазу. Негізгі бөлімде оқушылардың өз күшіне сенуіне
және бірқалыпты жұмыс істеуіне мұғалім кеңес береді. Соңғы бөлімде өткелі
отырған жаңа бөлім, курс тақырыптарын оқу қай бағытта жүретіні айтылады.
Кейде сабақтың осы типінің мынадай элементтері болады:
•    мұғалімнің тапсырманы түсіндіруі;
•    оқушылардың сұрақтарына жауап;
•    оқушыларға тапсырма беру;
•    тапсырманы тексеру;
•    үйге тапсырма, сабақтың аяқталуы.
Қорытынды – жинақ сабақтың құрылымы:
•    ұйымдастыру бөлімі;
•    тақырыптың маңызы, сабақтың мақсаты және жоспары туралы мұғалімнің
кіріспе сөзі;
•    жеке оқушыларға, сыныпқа, топтарға ауызша және жазбаша түрде
орындалатын тапсырмалар беру;
•    оқушылардың жұмыстарын тексеру, қажет болса түзету;
•    оқылған материалды қорытындылау;
•    сабақтың нәтижелеріне баға беру;
үйге тапсырма.

2.1 Бастауыш сынып оқушыларының оқу жумысын ұйымдастыру әдістемесі
2.1.Мұғалімнің сабаққа әзірленуі, оны жоспарлауы
1. Амандасу - әдептіліктің қарапайым түрі, педагогикалық процестің, оқушы
мен мүғалімнің қарым-қатынасының басы: Оған қарап мұғалім мен оқушылар
арасындағы қарым-қатынас қандай екендігі туралы пікірлер айтуға болады.
Амандасудан өзара сыйластық, бірін-бірі жақсы көру, бір-біріне жақсылық
тілеу көрініп түру керек. Бұл ынтымақтастыққа жол ашады. Сондықтан
амандасуға үстірт қарауға болмайды. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
Егер оқушы сабақты себепсіз жіберсе, онда жазалау әдісі қолданылады
да, ал ауырып жатса оған көмек беріледі. Жолдастарынан міндетті түрде
оқушының денсаулығын сүрап, сырқат оқушыға "тез жазылып кетсін",- деп тілек
айтып жіберген дұрыс.
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Бұл сәтте
мұғалім оқушылардың сырт келбетіне, жұмыс істеген кездегі қимыл-
қозғалыстарына, жұмыс орнына назар аударады. Әдептілік, сезімталдық
оқушының талғамын, сырт келбетінің әсемдігін тәрбиелейді.
4. Сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру.
Сынып бөлмесі оқушылар мен мүғалімнің жұмыс орны, сондықтан оған көңіл
бөлмеуге болмайды. Әркімнің өз денсаулығын күтуі оның өзіне деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология оқыту әдістемесі
Оқытуды ұйымдастырудың нысандары
Математикадан факультатив жұмыстарды ұйымдастыру
Оқыту процессінің әдістері мен формалары
Биологияны оқыту әдістемесінің пәні
Орта мектепте сабаққа қойылатын негізгі талаптар
Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ғылыми - теориялық негіздері
САБАҚ ӨТКІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Мектептегі факультатив курстарды өткізу әдістемесі
Химия сабақтарының жіктелуі
Пәндер