Сабаққа қолданылатын оқытудың әр түрлі формалары


Жоспары:
І-Кіріспе . . . 1-2
І-тарау.
1. 1. Сабаққа қолданылатын оқытудың әр түрлі формалары . . . 2-5
1. 2. Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары . . . 2-10
1. 3. Сабақтың типтері, түрлері олардың құрылымы . . . 10-19
ІІ-тарау.
2. 1. Мұғалімнің сабаққа дайындау жолдары . . . 13-24
2. 2. Тақырыптық және с абақ жоспарын құруға қойылатын негізгі
талаптар . . . 24
Қорытынды . . . 24
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 24
Кіріспе.
Мұғалім сабақты ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізу үшін өзінің жұмысын жоспарлауы тиіс. Ол сабақты жоспарлауда сабаққа қолданылатын оқытудың әр түрлі формаларын, оқытуды ұйымдастырудың басқа формаларын, яғни жаңа формаларын, сабақтың типтерін, түрлерін, олардың құрылымын, тақырыптың және сабақ жоспарларын жасауды және олардың құрылымын білуге тиіс. Осы айтып өтілген барлық аспектілерді қолданып сабақты ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізу мұғалімнің жұмысы.
Сабақты жоспарлау кезінде барлық дидактикалық принциптерді қолданады. Жасалған сабақ жоспары бойынша мұғалім сабақ тақырыбы бойынша оқулықты, оқу құралын және түрлі қосымша әдебиеттерді пайдаланып, өзінің білімін, дайындығын тексереді; алдын-ала есептер шығарады; жаттығуларды дайындап, тәжірибелерді істейді. Жабдықтарды тексереді.
Келесі сабаққа дайындалу үшін бүгінгі өткен сабақты талдау мұғалім үшін өте қажат. Өйткені ол талдау кезінде тақырып мазмұнын оқушылар қалай игергенін, сабақтың дидактикалық және тәрбиелік мәселелерінің қалай шешілгенін, сабақтың жақсы жақтарымен кемшіліктерін, сабақ процесінде болған кемшіліктерді келесі сабақта болдырмау жолдарын қарастырады.
Сабақта қолданылатын оқытудың әр түрлі формалары.
Оқытуды сабақта ұйымдастырудың әр түрлі формаларына ұжымдық, топтық, жұп және дербес формалары жатады. Барлық мұғалімдерінің педагогикалық құралы балалар ұжымы. Сабақ мұғалім мен балалардың ұжымдық еңбегі әрбір баланы оқытады, тәрбиелейді, ал әрбір бала жолдастарымен белсене қатысады. Мұғалім сабақ кезінде әрбір баламен жұмыс істеп отырып, әрбір баланы оқытады және тәрбиелейді. Ол балаларды зорламайды, мәжбүр етпейді, атап айтқанда олармен оқу процесіне қатыстырады.
Оқытудың ұжымдық формасы динамикалық (қозғалғыш) жұп немесе ауыспалы жұп түрінде өтеді. Бұл жерде оқушылар бір-бірімен әншейін жұптасып қоймайды, әрбір бала кезек бойынша әрбір баламен жұмыс істейді. Олар үнемі жұптасып жұмыс істейді, бірақ ұжым құрамы өзгеріп отырады.
Бұл жағдайда мұғалім алдында «бұл жағдай сабақ кезінде қалай іске асырылады» сұрау тұрады.
Әрбір минут сайын балалардың ішінен біреуі тез жан-жаққа қарап бір оқушыны табады, серігімен жұмысты аяқтаған немесе бітіре бастаған оқушы қолын көтеріп, оған белгі береді. Осыдан кейін екеуі бірігіп, жұмысты жалғастырады. Бұл жөнінде жаңашыл мұғалім В. Ф. Шаталовтың тізбек және десант әдістерін тиімді қолдануға болады.
Оқытуды ұйымдастырудың топтық формасы сабақта қолданылады, бірнеше топқа бөлінеді. Әрбір топта 4-5 оқушы болады. Оқушылар белгілі оқу тапсырмаларын орындайды. Мысалы:
а) талдауды және материалды салыстыруды қажет ететін тапсырмалар;
ә) жаттығуды қажет ететін тапсырмалар;
б) теориялық материал негізінде есептер шығару;
Барлық тапсырмалардың сұрақтарына барынша жауап үшін оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Осыдан кейін әрбір оқушы топтық тапсырманың бөлігін өз бетімен орындайды. Әрбір топтық жұмыс қоытындысы ұжымдық түрде талқыланады. Жұмыстың нәтижесін жолдастарының ұсынысы бойынша бір оқушы баяндайды. Мұғалім жеке жетістіктерді бағалайды және топтың әрбір мүшесінің бағасын жинақтайды.
Сабақта жұмыстың мұндай формасы оқушылардың өзара әрекеттесу тәс ілдеріне себепші болады. Мысалы, олар топтық айтыс, ынтымақтастық, өзара жәрдем, өзара түсінісу, оқушылардың тұйық мінезділігін, тұйық оңашалануын, бөлектенуін болдырмау.
Оқытуды ұйымдастырудың дербес формасы бойынша әрбір оқушы тапсырма алады, оны өз бетімен орындайды. Тапсырманың түрлері: тіл сабағында жаттығулар математика, физика, химия сабақтарында есептертер шығару, оқу кабинеттерінде тәжірибе жасау, оқу-тәрбие учаскесінде жеке оқу тапсырмаларын орындау, үйірмелер сабақтарында дербес жұмыстарды, саяхат жеке тапсырмаларды, үйге берген оқу тапсырмаларын орындау т. б.
Оқытудың дербес формасын ұйымдастырудың өте құнды түрі бағдарламалап және компьютерлі оқыту.
Жоғары сыныпта әрбір оқушығы дербес оқып зерттеуге тапсырмалар беруге болады. Бұл өз бетімен іздену жұмысының өте болымды формасы. Әрбір оқушы тақырып бойынша әдебиеттерді, материалдарды, құралдарды пайдаланып, тапсырманы жоспарға сәйкес орындайды. Олардың негізінде оқушы семинарларда сөйлеп, өзінің пікірін айтады.
Оқушылардың өз бетімен орындайтын дербес жұмысы білімді терең және берік игеруге ғана мүмкіндік туғызбайды, ал жеке адамның құнды қасиеттерін-өзін-өзі билеушілікті, ұйымшылдықты, өзінің түпкі ойына жету мақсаттылығын қалыптастырады.
Сонымен, оқыту формаларын таңдап алу, біріншіден, оқу-тәрбие жұмысының міндеттеріне, екіншіден оқу-материалының көлемі мен күрделігіне, үшіншіден ұжымдығы оқушылардың оқу мүмкіншілігіне байланысты.
Оқыту процесіндегі ең басты тұлға -бала. Егер мұғалім әрбір балаға сабақта дербес назар аударып, дер кезінде көмектесе, зер салса, онда әрбір оқушы өзін мұғаліммен теңімін деп сезінеді, оның адамгершілік көмегін шын ниетінен қабылдайды. Осындай ынтымақтастық педагогикасы жағдайында барлық балалар жұмыс істей білуді, ойлауды сүйеді, қуаныш етеді.
Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары.
Мектепте сабақтан басқа оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формалары бар: оқу саясаты, семинар сабақтары, практикумдар, факультативтар, кансультациялар, үйде оқу жұмысы т. б.
Саяхат пәндер бойынша жоспарланып, мектептің жалпы іс жоспарларына кіреді. Саяхатты ұйымдастыру үшін түрлі объектілер пайдаланылады. Оларға музей, көрме, табиғат, өндіріс жатады.
Оқу (саясаты) саяхаты оқытудың дидактикалық және политехникалық принциптерін іске асырады, оқушылардың техникалық ой-өрісіне кеңейтеді, өсімдіктер дүниесін, тірі организмдерді зерттеуге мүмкіндік туғызады, танымдық ынтасын дамытады.
Оқу саяхатының түрлері:
а) кіріспе-саяхат-жаңа тақырыпты (оқу материалдарын) түсіндіру алдында оқушылардың қажетті білімді жинастырады,
ә) кезектегі саяхат-ұзақ мерзімде оқушылардың үлкен тақырыппен жұмыс істеуі, кейбір мәселелерді иллюстрациялау;
б) қорытынды саяхат курстың белгілі тарауы аяқталғаннан кейін өткізіледі. Мақсаты: сыныпта өтілген оқу материалдарын тереңдету және бекіту.
Саяхатты өткізу үшін жоспар жасалады, онда мынадай мәселелер бейнеледі:
- Саяхаттың мақсаты мен объектісі;
- Оқушылармен алдын-ала объектіге байланысты түрліжұмыстар жүргізіледі: әңгіме, бақылау, тәжірибе т. б.
- Саяхат барысында істелетін жұмыстар: бақылау, өлшеу, сурет салу, есептеу, жазып алу, объектіні толық қарау.
- Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, оларға нақты тапсырмалар беру. Мысалы, бірінші топ-бақылау, өлшеу, екінші топ-сурет салу, сызу, үшінші топ-есептеу, жазып алу жұмыстарын орындайды.
- Кіріспе сабақта мұғалім оқушыларды саяхат жоспарымен таныстырады, олармен ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.
Саяхат біткеннен кейін оқушылармен оқу конференциясы өткізіледі.
Онда оқушылар алған тапсырмалары бойынша баяндама жасап, сөз сөйлейді. Конференцияны бірнеше қатар сыныптар оқушыларымен өткізу өте тиімді болады. Ең соңында конференция жұмысын жетекші мұғалім қорытындылайды.
Семинар сабағы - бұл жоғары сыныптарда тарих, әдебиет, жалпы биология т. б. пәндер бойынша өткізіледі. Семинарға қатарынан екі сабақ беріледі, онда 2-3 мәселелер қарастырылады. Оқушылар сабаққа дайындалу үшін әрбір мәселе бойынша материал жинайды, бақылау жасайды, кітапханаға, музейге, көрмеге, архивке барады, құжаттармен танысады, қосымша әдебиеттерді зерттейді. Семинар сабақтары оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді: зерттелген материалдың мәніне жете түсінеді, өз ойын мазмұндап дәлелдейді. Демек, семинар сабақтары оқушыларды зерттеу жұмысының кейбір элементтерімен таныстырады.
Практикумдар -курс тарауы аяқталғаннан кейін оқушылардың өз бетімен орындайтын лабораториялық жұмысының кешендісі. Лаборатоиялық жұмыстарды оқушылар топ-топ болып дербес орындайды, эксперименттік есептер шығарады.
Мұғалім оқу бағдарламасының материалдарын және мектептің нақтылы жағдайын есепке алып, практикумдар тақырыбын анықтайды. Оқу жоспарларындағы сабақтардың есебінен практикумдарды өткізуге 6-8 лабораториялық сағаттар бөлінеді. Лабораториялық жұмыстар негізінен химия, физика, биология т. б. пәндері бойынша өткізіледі.
Факультативтік сабақтар - оқытудың формасы оқушылардың қалауы бойынша жүргізіледі. Негізгі мақсат: оқушылардың ғылыми теориялық білімін, танымдық ынтасын, шығармашылық қабілетін дамыту, факультативоқушыларға кәсіби бағдар беру ісінің тиімді формаларының бірі. Факультатив сабақтары жалпы орта білім беретін мектептің өтпелі базистік оқу жоспарының жылжымалы бөлімінде 5-ші сыныптан бастап өткізіледі. Ал (8-ші) тереңдете оқуға арналған типтік оқу жоспары бойынша 8-ші сыныптан басталады.
Үй оқу жұмысы - бұл жұмыста оқушылардың дербес қасиеті және қабілеті байқалады. Үй тапсырмасы олардың жауапкершілік сезімін тәрбиелейді, қауныштармен, қиыншылықтармен күресуге үйретеді. Үй тапсырмасысабақ кезеңдерінің бірі, білімді іскерлікті және дағдыны бекіту үшін пайдаланылады. Бірақ үй оқу жұмысын орындауда балаларға шамадан тыс күш түседі. Мәселен, әр түрлі пәндер бойынша оқушыларға үйтапсырмасы беріледі. Оның бір күндік көлемі орта есеппен алғанда 4-5 сағаттан кем болмайды, 5-6 сабағын қоссақ оның жұмыс күні кем дегенде 9-11 сағатқа созылады. Бұл балалар үшін өте ауыр. Сондықтан олардың денсаулығын қорғау және сақтау үшін жұмыс қабілетін арттыру үшін барлық мұғалімдерді ойландыратын, жеке зерттеуді қажет ететін және кезек күттірмейтін проблемаларының бірі үй оқу жұмысы болып табылады.
Осыған байланысты, мұғалімдердің мына мәселелерді ескергені жөн. Бірінші, әр бір мұғалім сабақ үстінде оқушылардың оқу материалдарын толық игеруін қамтамасыз ету жолдарын іздестіреді, екінші, жаңащыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін терең оқып шығармашылықпен пайдалану әрбір сабақтың теориялық және практикалық дәрежесін көтереді.
Міне, осы жағдайда үй оқу жұмысының көлемі бірте-бірте азайып, оқушыларға бос уақытында өз бетімен түрлі іс-әрекеттерімен айналысуына мүмкіндік туады. Бұл пікіро экспериментшіл-мұғалімдердің «Бала күнінің жартысы» деген идеясын толық қуаттайды.
Үйге оқу жұмысы бойынша тапсырма беруде әрбір түрлі қарама-қарсы пікірлер баспа беттерінде жазылып жүр. Осыған байланысты: «Егер оқушылар сабақ үстінде оқу материалдарын толық игерсе, онда үй тапсырма берудің қажеті бар ма?» деген сұрақ туады.
Әрине, қажеті жоқ деп бір мағыналы жауап беруге болады. Бірақ кейде қайсы бір оқушылардың ұғымын өткен сабақтың материалдары бойынша байқау немесе анықтау үшін оқу тапсырмасын тексеру артық болмайды, қайта, бұл оқушылардың жауапкершілік сезімдерін арттырады.
Дегенмен экспериментшіл-жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйеніп, келешекте бірте-бірте үй оқу тапсырмасын мейлінше азайту және қысқарту үшін екі жағдайды еске алған жөн бірінші, мұғалімнің білімдарлығы, педагогикалық шеберлігі, екінші, бірінші жағдайдың негізінде оқушылардың сабақ материалдарын терең және саналы игере білуі. Міне осындай жағдайда ғана оқушылар мектептен кейінгі уақыттарда, яғни «күннің жартысын», өздеріне қажетті іс-әрекеттерін толық пайдалануына мүмкіндік алады.
Сабақтың типтері, түрлері, олардың құрылымы.
Сабақтың типологиясы әрі қиын, әрі күрделі мәселе. Бұл жөнінде көптеген авторлардың еңбектері жарық көрді. Олардың қатарына С. В. Ивановтың «Типы и структуры урока» 1952, Н. В. Казанцевтің «Урок в советской школе» 1956, М. А. Данилов пен Б. В. Есиповтың «Дидактика» 1957,
Педагогика, курс лекций. Под общей редакцией Г. И. Щукиной, Е. Я. Галанта и др. 1966, «Основы дидактики», Под редакцией Г. И. Щукиной, 1977 т. б. жатады.
Сабақтың типологиясы мен құрылымы туралы педагогикалық баспа сөз беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келеді. Бірақ, біріңғай жалпы танылған сабақ типологиясы әлі жасалған жоқ.
Мұны түсіндіруге болады? Дидактикалық тұрғыдан қарастырсақ оның себептері:
а) оқыту процесі өте күрделі диалектикалық процесс, онда сабақтың ұйымдастыру формасы, оқыту әдістері мен тәсілдері әр түрлі кезеңде өзгеріске ұшырады, олардың жаңа түрлері пайда болды;
ә) Мектептің әр түрлі даму кезеңдерінде оқытудың мақсаты мен мазмұны өзгерді;
б) сабақты жіктеу принциптерін анықтауда әрбір автордың көзқарасы әр түрлі болады.
И. Н. Казанцев сабақтарды жіктеу үшін 3 принципті басшылыққа алады:
а) мазмұны бойынша математика сабақтары алгебра, геометрия т. б. сабақтарға бөлінеді;
ә) дидактикалық мақсат бойынша әрбір сабақта шешілетін нақты міндеттерге түсіну;
б) сабақты өткізу тәсілі бойынша -бұл лекция әңгіме, кино және практикалық сабақтар.
Көптеген дидактар сабақтарды жіктеудің негізгі принциптерін түсіндіруге дидактикалық міндеттерге сүйенеді.
Осы тұрғыдан И. Н. Казанцев көрсеткен принциптердің екінші вариантын қолдануға болады.
Б. И. Есипов, Н. И. Болдырев, Г. И. Щукина, В. А. Онищук, т. б. жасаған сабақтар жіктеуі мектептерде жиі қоданылуда. Ол негізгі дидактикалық міндеттер бойынша жасалған. Бұл жіктеуге сабақтардың әр түрлі типтері кіреді:
- оқушылардың жаңа сабақты игеру тиімділіктері;
-іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабақтары;
-қайталау, бекіту, яғни білімді, іскерлікті және дағдыны кешенді қолдану сабақтары;
-іскерлік, білімді және дағдыны бақылау, тексеру сабақтары;
- аралас сбақтар мұнда бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі.
Сабақтардың жіктелуі әрі зерттуді қажет етеді. Қазіргі кезде сабақтың құрылымына аса көңіл бөлінуде. Сабақ құрамы- сабақ тұтастығын қамтамасыз ететін, оның элементтерінің жиынтығы. Әрбір сабақтың құрылымы оның мақсатына, оқылатын материалдың мазмұнына, оқытудың әдістеріне, тәсілдеріне, оқушылардың дайындық деңгейіне тәуелді болады.
Әр түрлі сабақтар құрылымының ұқсас болуы мүмкін емес. Сондықтан сабақты әрдайым белгіленген үлгімен жоспарлауға болмайды. Мұны төмендегі сабақ типтерінен байқауға болады. Әдетте, мұғалім аралас сабақ типін мына үлгі бойынша жоспарлайды.
а) ұйымдастыру кезеңі;
ә) үйге берілген тапсырманы сұрау;
б) жаңа материалды мұғалімнің баяндауы;
в) жаңа матенриалды бекіту;
г) үйге тапсырма беру.
Сабақтың бұл тілін ғалымдар және мұғалімдер кезінде сынаған болатын. Қазірге аралас сабақ мектепрде әр түрлі вариантта шырағармашылықпен пайдаланылады.
Оқушылардың жаңа білімді игеру сабағының құрылымы жаңа материалды баяндау, алғашқы бекіту, үй тапсырмасы. Мұндай сабақты әр түрлі вариантта өткізуге болады.
- Мұғалім барлық оқу материалдарын баяндайды, оны оқушылар сыныпта ұғады және бекітеді.
- Мұғалім тек қана кейбір басты мәселелерді баяндайды, ал оқушылар барлық оқу материалын өз бетімен игеріп қабылдайды.
- Жаңа материалды оқып білу үшін мұғалім оқушылардың өз бетімен орындауын ұйымдастырады және бағыт береді.
Қазіргі кезде сабақ құрылымы мынадай элементтерге де (кезеңдерге) бөлінеді:
а) танымдық міндеттерді қою (не оқылуы қажет) ;
ә) мотивация (нені оқу және білу керек)
б) таңдау және оқып білудің бірізділігі;
в) тәсілдерді және құралдарды қолдану (бақылау, өзін-өзі тексеру, білімді,
іскерлікті пайдалана отырып, қалай және ненің көмегімен нәтижеге жету керек) . Сабақтың мұндай жүйесі оны вариативті құруға мүмкіндік береді, балалар алдына оқу міндеттерін қояды, оларды проблемалық ситуациямен таныстырады, жауап іздеуге кірістіреді.
Сабақтың құрылымы мұғаліммен оқушылардың іс-әрекетінің сыртқы
жағы ғана емес оның ішкі процесінің мәнін де бейнелейді (фактылар, идеялар, заңдылықтар қалай қабылданады, оқушылар олардың мәнін қалай түсінеді) .
Қазіргі кезде сабақтың 20-дан астам типтері бар. Бірақ, олар бірыңғай
жүйеге келтірілмеген. Соңғы жылдары В. О. Онимуктің (1976), Г. Д. Кирилованың (1980), М. И. Махмутовтың (1981) кітаптарында кейбір құнды пікірлер сұрақтар түрінде айтылған:
Сабақтың қандай элементтері өзгермейді? Сабақты құрудың негізгі не болу керек? Әрине бұл сұрақтарға бір мағыналы жауап беру мүмкін емес. Өйткені, бұл сұрақт арға бір мағыналы мәселелер терең теориялық зерттеуді талап етеді. Ал жоғарыда көрсетілген еңбектерде сабақтардың бірыңғай типологиясы жөнінде нақты пікірлер айтылмаған.
Бірсыпыра зерттеушілердің айтуы бойынша жіктеу негізіне сабақтың
ұйымдастыру мақсатын қою, ал, типтерін, оқыту әдістерін іске асыру формалары негізінде түрлерге бөлу. Мысалы: әңгіме сабағы, өз бетінше жұмыс істеу сабағы т. б.
Осыған сәйкес сабақтарды былай бөлуге болады:
- Жаңа білім беру сабағы (лекция сабағы, әңгіме сабағы, кино сабақ, ЭВМ және басқа техникалық құралдарды қолдану сабағы) .
- білімді, іскерлікті және дағдыны жетілдіру сабақтары (өз бетінше жұмыс сабағы, лабораториялық және практикалық жұмыстар, семинар т. б. )
- Жинақтау және жүйелеу сабақтары (әңгіме сабағы, семинар сабағы т. б. )
- Аралас сабақтар барлық типтер функциясын орындайды. Бұл сабақта танымдық іс-әрекеттің барлық кезеңдері жүзеге асырылады.
- Бақылау сабағы (барлық сабағы, бақылау, сұрау-қайталау, сынақ, өзара және өзін-өзі бақылау жұмыстары т. б) .
Соңғы жылдары, әсіресе 1990 жылдан бастап қазақ мектептерінде
көптеген сабақтың жаңа түрлерін тәжірибелі мұғалімдер қоданып келеді. Қазіргі сабақ түрлері сан алуан. Олар: инт егралдық және ойын сбақтары, конференция және лекция сабақтары, сайыс және семинар сбақтары, индекс және жарыфс сабақтары лабораториялық зерттеу сабағы, жарнама сабағы т. б.
Әрине әр түрлі сабақты ғылыми-әдістемелік негізде қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін, мәдениеті мен тарихын және (тарихы) шаруашылық салаларын еске алып, тиімді өткізудің танымдық және тәрбиелік маңызы өте зор.
Тәжірибешіл мұғалімдердің осы талаптарға сай әр түрлі сабақ түрлерін өткізгендігі жаңалықтарын іс-тәжірибиесінен байқауға болады. Өйткені, олардың оқыту жұмысының нәтижесі, асқан педагогикалық шеберлігі көзге түсіп бүкіл мұғалім жұртшылығына болымды әсер етуде.
Тәжірибелі ұстаздардың сабақ беру әдістері көптеген басқа беттерінде, әсіресе «Қазақстан мектебі» журналында жазылып жүр. Солардың ішінде кейбір шебер мұғалімдердің дәстүрлі емес сабақ түрлерін жоғары ғылыми әдістемелік деңгейде өткізетіндігін көруге болады.
Осы тұрғыдан кейбір шебер мұғалімдердің сабақтың түрлерін шығармашылықпен қолдану тәсілдерін сөз етпекшіміз. Семей облысы Аягөз қаласындағы № 32 орта мектептің әдіскер-мұғалім К. Шәкенова әрбір сабақты өткізудің жолдарын іздестіреді. Осының нәтижесінде ол пән аралық байланысын жетілдіру мақсатымен сабақтың әр түрін пайдаланады. Шәкенова «қазақстанның металлургия және химия өнеркәсібі» тақырыбына өз пәні бойынша интегралдық сабақты өткізудің әдістері мен тәсілдерін қолданып, лекциялық сабақта оқу материалын «Қазақстанның металлургиясы» туралы Шәкенованың өзі түсіндіреді, ал «Қазақстанның химия өнеркәсібі» туралы материалды химия өнеркәсібі туралы материалды химия пәнінің мұғалі түсіндіреді.
Мұндай интегралдық сабақтың мақсаты: Республикамыздағы металлургияны, химия өнеркәсібінің негізгі салаларының дамуы және олардың қазіргі замандағы маңызы туралы география және химия пәндеріндегі оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабаілетін дамыту.
Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан, жыл сайын әрбір мұғалім пәндер бойынша оқу материалдарын біріктіру, яғни пән аралық байланыс принципі мақсатымен интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабақта пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.
Ізденімпаз, өз ісіне шебер ұстаздардың саны көбеюде. Олардың бірсыпырасы оқытуды ұйымдастырудың формаларына, әдістеріне, сабақ құрылымына жаңалық енгізуде едәуір еңбек етіп келеді.
Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы «Рождественка мектебінің мұғалімі Айтқалы Садықов оқу процесін өзі енгізген «Құпия кодекс» әдісін тарих сабақтарында қолданады.
Мұндай әдістің пайда болуы неге байланысты?
Көптеген қазақ мектептерінде мұғалімдердің жиі қоданатын сабағы-бұл аралас сабақ. Оның құрылымы бас элементтен тұрады:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Өткен оқу материалын қайталау
- Жаңа сабақ материалын түсіндіру
- Жаңа материалды алғашқы бекіту
- Үйге тапсырма беру
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz