Тауарлы – материалдық қорлар туралы жалпы мағлұмат


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1. Тауарлы - материалдық қорлар туралы жалпы мағлұмат.
1. 1 Тауарлы - материалдық қорлардың ұғымы және классификациясы . . . 5
1. 2 Кәсіпорынның қоймасына тауарлы - материалдық қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу . . . 7
1. 3 Кәсіпорының қоймасынан тауарлы - материалдық қордың шығуын құжаттық рәсімдеу және материалдардың өндірістегі жұмсалуына бақылау жасау әдістері . . . 10
1. 4 Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі . . . 13
2. Тауарлы - материалдық қорлардың есебі.
2. 1 Тауарлы - материалдық қорлардың бағалануы . . . 16
2. 2 Тауарлы - материалдық қорлардың синтетикалық есебі мен материалдардың қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі . . . 19
2. 3 Тауарлы - материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары . . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
Пайдаланған әдебиеттер . . . 29
ҚОСЫМША . . . 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
КІРІСПЕ.
Курстық жұмыста тауарлы - материалдық қорларды есепке алу мәселелері қарастырылған. Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары - бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі.
«Тауарлы -материалдық қорларды есепке алу» атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы - материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.
Курстық жұмыстың мақсаты - тауарлы -материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру.
Осыған орай курстық жұмыста мынадай міндеттер қойылады:
1. Тауарлы -материалдық қордың ұғымы және бағалау тәртібін қарастыру.
2. Тауарлы -материалдық қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке алу сұрақтарын зерттеу.
3. Тауарлы -материалдық қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыста «Энергия плюс» ЖШС практикалық материалдары қолданылған.
«Энергия плюс» ЖШС 14 сәуірде 2003 жылы Қарағанды облысының Басқару юстициясында тіркелген. Серіктестік қызметінің мақсаты тауарлар нарығын кеңейту, пайда табу, қоғам қажеттігін қанағаттандыру. «Энергия плюс» ЖШС негізінен мынадай іс -қызмет түрімен айналысады:
- коммерциялық қызмет;
- жанар-жағармай сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшек саудалау, сату;
- күрделі құрылыс жұмыстары, жөңдеу, монтаждау жұмыстары;
- көлікпен қамтамасыз ету;
- қоғамдық тамақтандыру пунктері мен азаматтардың демалыс орындарын ашып, олардың жұмысын ұйымдастыру;
- ҚР заңында тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.
Өз қызметінің барысында «Энергия плюс» ЖШС-ң қолданыстағы бухгалтерлік есептің негізгі заңдарын, бухгалтерлік есеп шоттың үлгі жоспарын, қолдана отырып шаруашылық операцияларын жүзеге асырады.
Курстық жұмыстың өзектілігі - ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы - материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды.
Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесін реттейтін нормативтік құжаттар, отандық және шет елдік авторлардың жұмыстары, периодикалық басылымдар пайдалынады.
Курстық жұмыстың зерттелу обьектісі - тауарлы - материалдық қорлар болып келеді.
Осы жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады. I- бөлімнің аты «Тауарлы-материалдық қорлар туралы жалпы мағлұмат», II-бөлімнің аты «Тауарлы -материалдық қорлардың есебі». I-бөлім төрт бөлімшеден тұрады, ал II-бөлім үш бөлімшеден тұрады. Сонымен бірге қорытынды, қолданылған әдебиеттер, қосымшалар келтірілген.
1. Тауарлы - материалдық қорлар туралы жалпы мағлұмат.
- Тауарлы -материалдық қорлардың ұғымы және классификациясы.
Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет.
13. 11. 96 жылғы № 3 бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссияның қаулысымен бекітілген 7 «Тауарлы - материалдық қорлар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына, 28. 01. 2003 жылы 27 ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, тауарлы - материалдық қорлар - бұл:
- Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар мен тетіктер, отын, ыдыс, ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арналған өзге материалдар;
- Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;
- Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлар түріндегі активтер.
Соған сәйкес тауарлы - материалдық қорлардың келесідей топтарды бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктелуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып болып табылады:
- Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін - шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін - материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға, наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді. (қант, сүт, хош иіс)
- Сатып алынатын жартылай фабрикаттар - өндеудің белгілі бір сатыларынан өткен, бірақ әлі дайын өнім болып табылмайтын шикізат және материалдар. Әзірленген өнім де негізгі материалдар сияқты рөлді атқарады, яғни оның материалдық негізін құрайды (тоқыма өндірісінде иірілген жіп, машина жасаудағы моторлар, автомобиль жасаудағы дөңгелектер) .
- Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, жағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді.
- Ыдыс және ыдыстық заттар - бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар. Былайша бөлінеді:
а) қызмет мерзімі мен құнына байланысты НҚ немесе материалдардың құрамында ескерілетін инвентарлық ыдыс;
ә) өндірістік қорлардың құрамында ескерілетін инвентарлық емес ыдыстар.
Жеткізу талаптарына сай ыдыстар қайтарымды(әдетте бірнеше рет пайдаланылатын) немесе кепілді болуы мүмкін. Мұндай кезде жеткізуші сатып алушыдан кепіл алады, ал оны ыдыс тапсырылғаннан кейін қайтарады.
- Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді.
- Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді.
- Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар - бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар.
- Құрылыс материалдары - құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж жұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды білдіреді. Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар.
Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін есепке алу үшін 1300 «Қорлар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары қолданылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді :
1310 «Шикізат және материалдар»;
1311 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, детальдар»;
1312 «Отын»;
1313 «Ыдыс және ыдыстық материалдар»;
1314 «Қосалқы бөлшектер»;
1315 «Басқа материалдар»;
1316 «Қайта өңдеуге берілген материалдар»;
1317 «Құрылыс материалдары».
1310 «Шикізат және материалдар» шотында шығарылатын өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар есепке алынады.
Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар және материалдың есебі бойынша аналитикалық шоттар аша алады. Сонымен қоса, кәсіпорын өзіне жатпайтын материалдарды, баланстан тыс шоттарда есепке алады. (002, 003) .
Атап көрсетілген шоттар дебеті бойынша әртүрлі көздерден түскен тауарлы - материалдық қорлар операциялары, ал кредит бойынша тауарлы - материалдық қорлардың әртүрлі бағыттар бойынша шығарылу операциялары көрсетіледі. Шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа қосалқы материалдар кәсіпорын балансында өздерінің нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есеп - тұрақты есеп бағасымен (келісімді немесе жоспарланған) көрсетіледі.
Мысал. «Шығыс» ААҚ аяқ киімді өңдеу үшін, сары ЦЛ терісін жабдықтаушыларға тапсырыс берген, оның 1 дм 90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады. Келісім шарт жасақан соң, «Шығыс» ААҚ-на тапсырыс берген материалы келіп түскен. Барлық келіп түскен терінің мөлшері 3555, 6 дм құраған, ал оның сомасы 324 теңге болған. Тасымалдау шығыны (түсірушілер жалақысы - 3 және әлеуметтік - 56700 ( 3-3*10%*21%) ) 356700 теңге құраған. Түсіруге дейінгі қоймада сақтау шығыны 63 теңге құраған. «Шығыс» ААҚ теріні өңдеудің тәсілін жетілдірудің арқасында, оның құнын 90 теңгеден 75 теңгеге дейін түсірген, нәтижесінде алынған терінің нарықтық бағасы 16, 67 % төмендеген.
Біз бұл мысалда алынған терінің өзіндік құны 4545324 теңге немесе 1 дм -ты 127, 84 теңге құраған:
- сатып алу бағасы - 2758624 теңге (ҚҚС - сыз)
- ҚДШ - 1156700 теңге (8 + 356700) ;
- Сақтау шығындары - 63 теңге.
Енді осы операциялар бойынша жасалатын шоттар корреспонденциясы 1-кестеде көрсетілген (қосымша №1) .
1. 2. Тауарлы -материалдық қорлардың түсуін құжатпен рәсімдеу.
Тауарлы - материалдық қорларды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станцияларынан, аймақтардан, аэропорттардан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.
Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарлы - материалдық қорды алған кезде алушы кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырылады. Материалдардың қозғалысын есепке алынған кезде мынадай типтік құжаттар пайдалынады.
Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхат беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М - 2а типтік ведомосы арқылы нысаны, алдын -ала нөмірленген және түптелген Журналға (ү. № М-3) тіркеледі. Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғада сақталады. Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатты алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы жағында жазылады.
Бір қоймаға жататын тауарлы - материалдық қорлар алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладной нөмірі, күні көрсетілуі тиіс.
Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны «Сенімхаттарды есепке алу журналына» тіркейді және оның түбіршегіне «пайдаланбаған» деген белгісін жасайды. Жабдықтаушылар тауарлы - материалдық қорларды босатқан кезде, әрбір жіберілген тауарлы - материалдық қорларды бақылау жасау үшін пайдалынады. Ал 3-шісі бухгалтерияға беріледі. Тауарлы- материалдық қорларды босатып біткен соң ең соңғы партиясының құжаттарымен бірге сенімхатта бухгалтерияға тапсырылады.
Жабдықтаушылардан сатып алушының қоймасына автотранспортпен тауарлы -материалдық қорларды жеткізіп берген кезде, сатып алушылардың материалдарын материалды жауапты тұлға жабдықтаушылардың экспедиторынан алған тауарлы -материалдық қорлардың санын және брутто салмағын, тауарлы - көліктік накладной мәселесімен салыстырады, ол екі данада жасалады. Егер олардың мәлімдемесінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып, тауарлы -материалдық қорлар қабылданды деп жазады. Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты адамда қалады. Ал егер сомасы мен санында айырмашылық болса, Акт жасалады. Ол екі дана қылып жасалады және оған жауапты адамдар қол қояды.
Тауарлы - материалдық қорларды қабылдау кезінде жүзеге асырылатын операциялардың барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелетін жүктердің операцияларына ұқсас болып келеді.
Тауарлы - материалдық қорларды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады:
- шот фактура, онда: тауар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен тауарлы - материалдық қорларды сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген тауарлы - материалдық қорлардың атаулары мен саны құны, акцизделетін тауарлы - материалдық қорлардың сомасы т. б.
Кіріс ордері . Жабдықтаушылардан немесе өңдеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдалынады. Ол бір ғана данада жазылады және ол қоймаға келіп түскен кезде толтырылады.
Материалдарды қабылдау туралы акті . Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады. Құндылықтарды қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, ал екіншісі - жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау бөліміне жіберіледі.
Материалдық құндылықтарды өндірісте дайындалған және сақталған кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы актісі . Бұл құжат материалдарды қабылдау жөніндегі Акт-ге тіркеледі. Екі данасы толтырылады, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға, ал екіншісі - бөлімшеде қалады.
Сауда мекемелерінде тауарларды қабылдау, біріншіден кімнен тауар жеткізілген және ол қандай түрде - упаковка жасалған немесе упаковкасы алынған күйде ме.
Сандық және сапалық тауарды жергілікті жабдықтаушылардан қабылдағанда жабдықтаушының қоймасында егер тауарлар менеджерлермен немесе жүргізушімен, онда қоймада, егер тауарлар көліктік жеткізушілермен әкелінсе.
Тауарларды саны мен сапасы бойынша сату кәсіпорындарда болса, «тауарлардың сапасы мен саны және өнімнің қабылдауы»бекітілген тәртіпке сүйене отырып қабылданады, ол ҚР Министрлер кабинетінің қаулысымен бекітілген № 1240 09. 11. 1994 ж және т. б. нормативтік актілерге байланысты. Тауарды қоймадан мекеме өкілі алуы үшін ол міндетті түрде сенімхат және куәлік көрсетуі тиіс. Жабдықтаушылармен тауар жіберілген кезде сенімхат алынады, ол менеджерге керекті тіркемелі құжаттар және тауарларды қабылдағанда, жатқан тауарлар қабылдағанда тауар көлемі, сапасы құжатқа сәйкес тексеріледі. Егер қабылданып жатқан тауар упаковка ішінде болса, онда міндетті түрде ілеспе құжат жазылуы тиіс «Тауар массасы брутто және орын мөлшері нақты тексерілмеген» және «Тауар құжаттама келтірілген сапаға сәйкес нақты тексерілмей қабылданды», бұл құжат тапсырған және қабылданған адамдардың қолдарымен рәсімделеді.
Егер тауарларды қоймаға жабдықтаушы немесе жүргізуші үш - төрт тауарлы - көлік накладнойымен жеткізеді.
Түскен тауарларды қоймада қабылдауды қойма меңгерушісі және МЖА сапасы және санын тексеріп қабылдайды. Жергілікті жабдықтаушылардан тауарларды қабылдау мерзімі тауар түскеннен бастап 10 күн, басқа қалалардағылардан - тауарлар станцияға түсу күннен кейін - 20 күн. Тез бұзылатын тауарларды 24 сағат ішінде сапасы мен санына сәйкес қабылданады. Егер тауарды қабылдау мерзімі кешіктірілсе, ол тауар айналымының көлемі азаюына әкеледі, ол дегеніміз шығындардың ұлғаюына және табыстың азаюына әкеліп соғады. Қабылдап алынған қоймадағы тауарларды бағытталған түрде тіркейді, ал ілеспе жабдықтаушы тауарлардың құжаттарын қолдана отырып, бұл үшін қойма меңгерушісі арнайы штамп қояды, онда келесілер көрсетіледі:
Тауар қабылдау күні, нөмірі және ілеспе құжат күні, нақты өзіндік құны және бөлек ыдыстар, ол материалды жауапкершілік адам қолымен расталады.
Бұндай тауар қабылдауды құжаттық рәсімдеу тәртібі рационалды болып саналады, сондықтан құжат санын азайтып, оларды құруға жұмсалатын шығындарды азайтады. Егер тауар қабылдау бойынша келіспеушілік туындаған жағдайда бекілген тәртіпте акті жазылып, арнайы комиссия құрылады. Ол үшін шешім комиссия шешімімен сәйкес шешіледі.
Тауарлы - материалдық қорларды жабдықтаушы жөнелткенде оған келесі құжаттар толтырылады:
Тауарлық, есептік және көліктік .
Тауарлық құжат - деп, жіберілген тауарлар саны мен сапасы, яғни толық мәлімет беріледі. Оларға: шоттар, шот - фактуралар, тауарлы - көліктік накладнойы, спецификасы, жүк жіберуші түбіртегі және т. б.
Есеп айырысу құжаттары - бұл түскен тауарларды түсіргенде есеп айырысу және жүк жіберушімен олар банкқа беріледі. Мұндай құжаттарға: төлем талап - тапсырмасы жатады.
Көліктік - бұл құжаттар тасымалданған жүк көлемін айқындайды және көліктік қызмет және көліктік органдарға есеп айырысуға арналған құжаттар. Тасымалдау үшін қолданылатын транспорт түрі:
- теміржол накладнойы - теміржол көлігімен тасымалдайтын тауарлар.
- Тауарлы - көліктік накладнойы - автокөліктік тасымалдайтын тауарлар екі бөлімнен тұрады: тауарлық - транспорттық;
- Коносамент - су жолымен тасымалданатын тауарлар;
- Авиа накладнойы - әуе жолымен және су жолымен тасымалдайтын тауарларды жеткізгенде беріледі.
- Шот - фактураны есепке алу «Шот - фактураны тіркейтін журнал», бұл журнал есеп беру мерзіміне сәйкесті келесі түрде жүргізіледі.
Тауар түріне байланысты және оның шот - фактурасын немесе тауарлы - көліктік накладнойына жабдықтаушы көптеген басқа құжаттар беріледі, бір бөлігі мөлшерді растайды және түскен тауарлар санын, ал басқасы - сапасы және т. б. тауарлар бірлігі.
ҚР заңына сәйкес «Стандартизация және сертификация жайлы» тауарлардың халық тұтыну үшін сертификация жасалынады, ол тізімді Республика Парламенті тағайындайды.
- Тауарлы - материалдық қорларды босатқанда рәсімделетін құжаттар және материалдардың өндірістегі жұмсалуына бақылау жасау әдістері .
Өндірістегі босату дегеніміз - өнім әзірлеу, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін материалды босату.
Кәсіпорын қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай - ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдалынады. Тауарлы - материалдық қорларды цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады.
Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді:
Лимиттік - жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға арналған талап -актісі; материалдарды босатуға арналған талап накладнойы, накладной.
Жабдықтаушылар тауарларды босатқан кезде әрбір жіберілген бөлігіне 3 данада накладной жазады. Онда сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. 1- ші данасы тауарларды алушыда, ал екіншісі жіберушінің өзінде қалады, үшіншісі бухгалтерияға беріледі. Тауарларды босатып біткен соң ең соңғы партиясы құжаттарымен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырады.
Лимиттік - жинақтама картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдалынатын құндылықтарды бостау, сондай - ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылауға және оларды есептен шығаруға негіз бола алатын құжат. Лимиттік жинақтама карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа қорды пайдаланушыға, 2-ші қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік - жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да босатылған қордың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы шығарылады.
Қоймашының лимиттік - жинақтама картасын цех өкілі, ол цехтың лимиттік - жинақтама картасына қоймашы қол қояды. Цех өнім қорларды алу кезінде тікелей материалдар есебінің картотекасына қол қояды, ал қоймашы лимиттік - жинақтама картаға қол қояды.
Материалдарды айырбастауға арналған талап - актісі. Бұл құжат қорлардың белгіленген лимиттен артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай -ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болып табылады. Ол екі дана етіп дайындалады: біріншісі алушыға, ал екінщісі - қоймаға. Қоймашы актінің екі данасына да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, содан соң қалдығын шығарады. Алушының актісіне қойма меңгерушісі, ал қойма актісіне - алушының өкілі қол қояды.
Материалдарды босатуға арналған талап накладнойы . Босалқыларды субъектінің өз ішіндегі қозғалысына және олардың кәсіпорынның аумағынан тыс жердегі шаруашылықтарына, сондай - ақ басқа мекемелерге босатуды есепке алғанда пайдалынады.
Ол екі данада дайындалады. Материалдарды өз кәсіпорынының шаруашылықтарына босатқанда бірінші данасын алушыға, екіншісін - қоймаға, кейінірек бухгалтерияға өткізіледі. Бір данасы қоймаға, ал екіншісі цехқа құндылықтарды кіріске алуға негіз бола алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz