Психология – ғылым ретінде. Дәрістер



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
1 ГЛОССАРИЙ

1. Абстракция – заттар немесе құбылыстарды зерттеу мақсатындағы оның
белгілі бір белгілері мен қасиеттерін ойша бөліп алу.
2. Психология – психиканың даму заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін,
ғылыми теориялық ұғымдардың қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.
3. Психика – тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі ағза мен сыртқы
ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі.
4. Адаптация – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының ерекшеліктеріне
сезім мүшелерінің бейімделуі.
5. Анимизм – жан мен рухтың ауыспалылығы және олардың объективті тірлігі
туралы ежелгі ілім.
6. Ассоциация – психикалық құбылыстардың өзара байланысы.
7. Аутагенді жаттығулар – адамның өз психикалық құбылыстары мен әрекет
қылығын басқаруға бағытталған өзін-өзі сендіру, бағыттауға арналған
арнайы жаттығулардың комплексі.
8. Сана – психиканың жоғары деңгейде дамуы.
9. Бейсана (астар сана) – адамның психологиялық қасиет, процесс және
кейіпінің санадан тыс көрнісі.
10. Методологиялық принцип – детерминизм принципі, сана бірлігі мен
әрекеттің дамуы.
11. Жеке тұлға - әрекеттің субъекті мен объектісі ретінде.
12. Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай
және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.
13. Темперамент – жүйке жүйесінің тума қаситтерінен туындайтын ерекшелік.
14. Индивид - әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.
15. Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің
жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.
16. Ассоциация – ол байланыс елестеуі, олардың арасындағы сыртқы
механикалық байланыстар.
17. Экстриоризация - әрекет барысында белгілі бір қиындықтардың туындауы.
18. Анализатор – тітіркендіргіштерге орай рефлекторлы түрде қайтадан
өзгеріп, жасалып отыруы.
19. Символ – белгі.
20. Ретикулярлық формация – импульстардың төменнен жоғары ми алаптарына
жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алуы.
21. Рефлекс – Сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның жауап
беру реакциясы. Латын тілінен аударғанда “бейнелеу” деген мағынаны
білдіреді.
22. Тест – сынақ. Психологияда адамның дара басындағы психологиялық
ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар
тұрғысынан іздестіретін әдіс.
23. Стимул – қозғаушы, жандандырушы әсер.
24. Динамикалық стереотип – шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы
және оның тұтастық жүйесінің құрылуы.
25. Интериоризация, экстериоризация – сыртқы болмыс әрекеттерінің ішкі
идеалық факторларға, ал адамның ішкі ақыл-ой әрекетінің сыртқы іс-
әрекеттерге айналуы.
26. Дедукция – жалпыдан жекеге қарай дамитын ой қорытындысы, логикалық
ойлау формасы.
27. Индукция – жекеден жалпыға қарай дамитын логиклық ой қорытындысы.
28. Аналогия – жекеден жекеге қарай дамитын продуктивті ой қорытындысы.
29. Инстинкт – ағзада туа берілетін шартсыз рефлекстер негізінде сыртқы
және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету
құлқы.
30. Перцептивті әсер – қабылдау поцесіне қатысты әсерлену түрлері.
31. Иллюзия – латын сөзі, мағынасы – алдану. Алдануда қабылданған нәрселер
мен заттар бір-біріне сәйкес келмей, бұрмаланады.
32. Галлюцинация – қиялдану, шатасу деген түсінікті білдіреді. Жүйке
жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған теріс, бұрмаланған
бейнелердің тууы.
33. Апперцепция – латын сөзі, қазақша “жан толқуы”.Бұл адамның
психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын
көрінісі.
34. Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі “төркін” дегенді білдіреді.
Бұл- психскалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын
және дамуын зерттейтін әдіс.
35. Интероверт – кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-
пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері.
36. Экстраверт – Адамдардың ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан
дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отыруы.

2.1 І-МОДУЛЬ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ

1-тақырып. Психология пәніне кіріспе.
1. Психология – ғылым ретінде.
2. Психологиялық білімнің маңызы.
3. Негізгі психологиялық түсініктер және категориялар.
Психология аймағында қарастырылатын білімге деген қызығушылық өте
ертедегі, б.э.д. соңғы ғасырлардағы философиялық ойлардан әлем
жаратылысының, оның ішінде жан мен рух мәселелерінің құпияларын ашуға
тырысқандықтарын байқауға болады.
Психология ғылым ретінде басқа пәндерге қарағанда ерекше қасиеттерге
ие. Психологияны зерттелген, тексерілген білімдер жүйесі ретінде көпшілік
біле бермейді. Түрлі ғылыми және практикалық міндеттерді шешу арқылы ғана
психологиямен арнайы айналысуға болады.
Ал өмірлік құбылыс жүйесі ретінде психология кез-келген адамға таныс.
Адамға психология өз түйсінігі, бейнесі, елестетуі, ойлауы, сөйлеуі, қиялы,
қызығушылығы эмоция-сезімі және т.б. түрінде беріледі.
“Психология”термині алғаш ХҮІ-ғасырда пайда болып, ол адамның өз
санасында оңай бақыланатын психикалық құбылыстарды зерттеумен айналысса,
ХҮІІ-ХІХ ғасырдың ортасы аралығында психологтардың зерттеу сферасы кеңейе
түсіп, бейсаналық процестер мен адамның іс-әрекетін зерттей бастады. Одан
кейін психологиялық зерттеулердің аумағы кеңейіп, “психология” атауы
бастапқы тар мағынасын жоғалта бастады. Дегенмен ғасырлар бойы қалыптасқан
дәстүрдің нәтижесінде бұл ғылым саласы өзінің бұрынғы атауын сақтап келеді.
Психологияның зерттейтін объектісі - өзінде бірнеше көптеген
субъективті құбылыстарды енгізетін адам және жануарлар психикасы,
психологиялық деректер мен заң, заңдылықтар.
Психика – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының адам миында бейнеленуі
және соның негізінде адам қылығы мен әрекетін реттестіру. Мысалы, оның бір
компоненті ретінде түйсік, ес, ойлау арқылы адам қоршаған ортаны танып
біледі. Сондықтан бұларды танымдық процестер деп атайды. Ал кейбір
құбылыстар оның басқалармен қарым-қатынасын реттейді, әрекет қылықтарды
басқарады. Оларды психиклық қасиет, психикалық кейіптер дейді(қажеттңлік,
мақсат, қызығушылық, эмоция ,сезім, икемділік, және т.б..
Адам баласы өзінің танымдық процестері арқылы ортаны танып, біліп қана
қоймайды, оған әсер етеді, өзінің түрлі материалдық және рухани
қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Адамның бұндай қылықтарын ұғып,
түсіндіру үшін біз келесі “жеке тұлға ” ұғымына кездесеміз.
Психикалық процестер, психикалық қасиеттер және қалып негізгі
психологиялық категогриялар бола отырып жеке дара зерттелінгенімен, олар
өзара бір-бірімен өте тығыз байланыста, және адамның өмір сүру қызметі
болып табылады. Адам психологиясын және әрекет- қылығын зерттей отырып,
ғалымдар оны бір жағынан адамның биологиялық табиғатынан, екінші жағынанан
– оның өзіндік жеке тәжірибесінен, үшінші жақтан – қоғамда қалыптасатын
заңдылықтардың негізінде іздестіреді.
Сонымен, қазіргі психологияның зерттейтін негізгі құбылыс типтерін
схема түрінде көрсетуге болады:
психикалық психикалық психикалық
процестер кейіптер қасиеттер

жекелік топтық

ішкі сыртқы
(психикалық) (әрекет-қылықтық)

Бұлар, психологияда зерттелінетін құбылыстарды анықтайтын негізгі
түсініктер.

2-тақырып. Психиологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
1. Психологияның басқа ғылымдармен байланысы.
2. Психолгияның жеке салаларға тарамдалуы.
3. Қазіргі заман психологиясының міндеттері.
Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық
деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше,
психологияның оларадың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете түсінуге
болвды. Әр түрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның
жаратылыстану білімдерінің даму деңгейі мен классификациялау схемасынан
келіп шығады. Қоғамның рухани даму тарихында бірде-бір білім саласы
ғылымдар жүйесіндегі өз орнын психология іліміндей жиі өзгертіп көрген
емес. Академик Б. М. Кедров ұсынған сарап бойынша мазмұны жағынан
психология көп тарапты байланыстарға негізделген. Олар: жаратылыстану,
философиялық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар.
Ғылымдардың негізгі тобының мұндай орналасуы олардың пәні мен әдістерінің
психология пәні мен әдістеріне нақты жақындығынан.
Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі – зерттеу
объектісі адам болып табылатын барша ғылым салаларының жетістіктерін
біріктіріп, байланыстыру.
Психоллогиялық құбылыстардың адам өмірі мен әрекетінің объектив
жағдайларымен тәуелдік заңдылықтарын аша отырып, психология осы әсерлердің
мидағы бейнелеу механизмдерін де айқындайды. Осыған байланысты, психология
физиологиямен , дәлірек айтсақ жоғары жүйке қызметі физиологиясымен өте
жақын.
Қоғамдық ғылымдармен байланыс үлкен маңызға ие. Тарих, эконмика,
социология, өнертану, заң және т.б. салалардағы зерттелінетін проблемалар
психологиямен тікелей байланысты. Психологияның педагогикамен байланысы
туралы К.Д.Ушинский: “Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу
қажет”, - деді.
Дербес ғылым саласы ретінде психолгия аймағында өзара байланысы сырт
көзге түсе бермейтін бірнеше салалар бар. Егер психологияның алғашында
теориялық тарапы басымдау, дүниетанымдық пән болса, қазіргі кезде өзінің
танымдық қызметін сақтай отырып өндірістегі, мемлекеттік басқарудағы, білім
беру жүйесіндегі, денсаулық сақтау, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі,
спорттағы және т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің бір саласына айналуда.
Психология салаларын жіктеудің негізгі приципі – психикалық іс-әрекетте
даму принципі.
Бүгінгі күне психологиның көптеген салалары бар. Мысалы: педагогикалық
психология – адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын
ашады. Салалары: оқу психологиясы, тәрбие психологиясы, мұғалім
психологиясы.
Медициналық психология – дәрігер қызыметі мен сырқат адамның
психологиялық мәнін зерттейді. Салалары: нейропсихология, фармопсихология,
психотерапия, психопрофилактика.
Заң психологиясы – құқық жүйесін іске асыруға байланысты психикалық
мәселелерді қарастырады. Салалары: қылмыскер психологиясы, үкім шығарушы
психологиясы, орындаушы психологиясы.
Жас ерекшелік психологиясы – жеке адамның әртүрлі психикалық
құбылыстарының онтогенезін зерттейді. Салалары: балалар психологиясы, жас
өспірімдер психологиясы, ересектер психологиясы, герантология
Арнайы психология – дамуы қалыптан шыққан адамдар психологиясының
ерекшеліктерін зерттейді. Салалары: олигофренопсихология, сурдопсихология,
тифлопсихология.
Салыстырмалы психология – психикалық өмірдің филогенетикалық формаларын
зерттейді.
Қазіргі кезде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық
міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның
негізгі міндеті – психикалық іс-әрекетті даму барысында байланыстыра
зерттеу. Соңғы кезде психологиялық зерттеу аймағы кеңейіп, жаңа ғылыми
бағыттармен толығуда. Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді, бұрын
кезікпеген эмпирикалыұ деректермен толығуда.
Психология зерттейтін құбылыстар әлемі өте үлкен. Оның ішінде күрделілігі
әр деңгейдегі адам қалпы мен қасиеттері, процестері, яғни сезім мүшелеріне
әсер етуші объектінің қарапайым белгілерінен бастап,жеке адам мотивтерінің
өзіндік ерекшеліктері кіреді.

3-тақырып. Психологияны зерттеу әдістері.
1. Психологияның әдіснамалық проблемалары
2. Психологиялық зерттеу әдістері
3. Психологиялық зерттеудің көмекші әдістері

1.Психологияның әдіснамалық проблемалары
Психологияның бастапқы әдінамалық проблемасы – бірыңғай ғылыми
парадигманың-психологиялық зерттеулердің жалпы негіздемесінің болмауы.
Бүгінгі таңда, психолог-ғалымдар психологиялық танымның пәні мен әдісін
түсінуде, тым болмаса, салыстырмалы келісушілікке жеткен жоқ. Бұл
тенденция, психологияда жаратылыстану және гуманитарлық парадигмаларының
жақтаушылары арасындағы ұзаққа созылған конфронтациядан айқын байқалады.
Бұл проблеманы сыншыл ұғу психологиялық ғылымның әдіснамалық дағдырысы
туралы елес тудырды. (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев). Бұл көзқарасқа сәйкес,
психологияның өзіне тән ерекшелігі, ол пайда болғаннан қайта-қайта қарама-
қарсы. Мектептерге, зерттеушілік тәсілдерге, бағыттарға бөлініп, жүйелі
әдіснамалық дағдарысты өткеріп жатыр. ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі
психолог А.Н.Леонтьев осыған байланысты былай жазған: Дүниежүзілік
психологияның әдіснама дағдарысы (кризис методологии) жағдайында дамып
жатқанына бір ғасыр болып қалды.
Өз уақытында жаратылыстану және қоғамдық суреттемелі және түсіндірмелі
деп бөлініп, психологиялық білімдер жүйесі жаңа жіктер түзіп жатыр (дает
новые трещины), сол жіктерге психология пәнінің өзі жоғалып бара жатқандай.
А.Н.Леонтьев белгілеген жіктелу тенденциясы (тенденция раскола)
әдіснамалық дуализм деген атқа ие болды және де XIX ғ. Аяғында,
психология өзінің пәнін айқындап, оған сай болатын әдіснамасын жетілдіре
бастағанда байқалды. Алдымен, барабар әдісті іздеу интроспекционизм мен
натурализм шектерінің диапазондарында жүзеге асып отырды. Бірінші тәсіл,
психика феномендерінің объективті берілгендерге сәйкес еместігін
болжамдайды да жаратылыстануда бекіген ғылымилық (научность) стандарттарына
психологияның қарама-қарсы қояды. Екінші, керісінше, психологияның,
психиканы объективті түрде зерттейтін ғылым ретінде дамуын қарастырады
және тереңдік, көп өлшемдік, адамның ішкідүниесінің мағыналық
сарқылмастығы (смысловая неисчерпаемость) туралы психология үшін маңызды
түсініктерді күмәнға салада (ставит под сомнение).
Ғылыми қоғамданудың тұрақтануы кезеңінде бұл әдіснамалық дуализм
қалыптасып жатқан қоғамдық ғылымдардың көбіне тән. Әрі бірлестіктерді
тұтас жүйелер ретінде талдау; әлеуметтік эволюциялардың заңдарын, нақты
индивидтердің мінез-құлық мотивациясымен сәкестіріп анықтау қажеттілігі
–қоғам танудың зерттеушілік аппаратының екігі бөлінуінің негізгі алғы
шарты.
Адамның психикалық болмысында бірыңғай және жалпыға бірдейді ашу
мәселесін шешу үшін, бір-біріне сәйкес келмейтін, қарама-қарсы болатын
ғылыми әдіснамалардың үйлесуін қажет етті:
Номотетикалық – жүйелі оқиғалардың байланыс принциптерімен жалпыға
маңызды, әмбебап заңдарын орнатуға міндетті;
Идеографикалық – ерекше, қайталанбас фактілерді суреттеу үшін
қолданылады.
Психологиялық зерттеулерде әртүрлі бағыттардың әдіснамасы олардың
дүниетанымдық бағыттылығымен тығыз байланысты. Осылайша, бихевиоризм
әдіснамасы мінез-құлықты механистикалық (механистическое) түсіндіруге
сүйенеді, ал фрейдизм негізінде иррационализм мен пансексуализм сияқты
дүниетанымдық бағдарлаулар (ориентации) байқалады. Осымен байланысты, тағы
бір әдіснамалық проблема туындайды – психологияда, ғылыми дүниетанымның
ойшылардың психологиялық тұрпатына тәуелділігі. Психологиялық типтер
деген еңбегінде К.Г.Юнг психологиялық типологиямен сананың өзіне тән
бағдарларының ғылыми ойлау спецификасына әсерін атап көрсетті. Юнг
бойынша, ойшыл-интроверт көбінесе субъективті аспектілер мен мәліметтерге
сүйенеді, ойша құруға бейімді (склонен к умозрительным построениям), ал
экстраверт – зерттеуші тек объективті, эксперименталды тексерілген
мәліметтерге ғана сене алады. Психологиялық бағдарларымен жеке
ерекшеліктері себеп болатын, зерттеушінің теріс түсінігін қалайша өзгертуге
болады? Пигмалион эффектісі деп аталатын – сыналушылардың мінез-құлқына
экспериментатордың сенімдері мен күтулерінің әсерін қалайша жоққа шығаруға
болады? Бұл меселені шешу үшін, эксперименттің гипотезалардан, теориялық
пікірлерден және экспериментатордың мінез-құлықтың реакциялардан
салыстырмалы тәуелсіздігін қамтамасыз ететін қосымша әдістемелік
процедуралар жасалды.
Сонымен бірге, психологиялық танымның кез-келген формаларының мәдени-
тарихи байланысын атап көрсету керек; осы өзгешелік ескере отырып,
психиканың жалпы, әмбебап заңдарын орнату ниеті көптеген салыстырмалы
(кросс-мәдени) зерттеулермен бекітулуі керек.

1. Психологиялық зерттеу әдістері
Психологиялық зерттеуді эмпиризмдік зерттеулердің жалпы сұлбасы арқылы
көрсетуге болады; ол мынандай міндетті сатылардан тұрады:
1)дайындық сатысы, проблеманы айқындау және зерттеу гипотезасын
ұсынудан тұрады – алдын-ала мәліметтер негізінде жасалған, эмпиризмдік
тексеруді талап ететін, кейбір психологиялық заңдылықтар туралы болжамдар;
бұл сатыда ең бара-бар әдісті таңдау жүзеге асады;
2) зерттеудің өзі – арнайы таңдалған немесе жасалған әдістемелер
көмегімен жүзеге асатын - гипотезаны эмпиризмдік тексеру;
3)эмпиризмдік зерттеу берілгендерін өңдеу – олардың сапалық және
сандық анализі;
4)алынған нәтижелерді талдау (интерпритация) – эмпиризмдік
мәліметтермен бастапқы гипотезамен ара қатысын белгілеу, осы арқылы
гипотезаның шыңдылығы туралы қорытындылар жасауға болады; айқындалған
фактілер заңдылықтарды толық ғылыми түсіндіру.
Ғылыми психологияның түрлі зерттеу әдістері бар, олар әртүрлі
критерийлер бойынша жіктеледі.
Психологтар Ананьев пен Дружинин ұсынған жіктеулерді бөліп көрсету
қажет.
Ананьев бойынша:
1.Ұйымдастырушылдық:
а)салыстырмалы – ұқсастықтар мен ерекшеліктерді анықтау мақсатында
сыналушылардың жеке топтарын салыстыру;
б)лонгитюдты – зерттелетін қасиеттер динамикасвн анықтау мақсатында бір
тұлғаларды көп рет зерттеу.
в) кешенді – құбылыстар арасындағы күрдері байланыстырды айқындау
мақсатымен, шектес ғылыдардың өкілдері қатысатын пәнаралық зерттеушілік
бағдарламаларды жүзеге асыру.
2. Эмпиризмдік:
а) обсервациялық (байқау және өзін-өзі байқау);
б) эксперименталды (қалыптастырушы, табиғи және дала эксперименті);
в)тпсиходиагностикалық;
г)биографиялық;
д) үлгілеу;
е) әрекет процестерінің және нәтижелерінің анализі.
3.Берілгендердің өңдеу әдістері:
а) сандық (статистикалық) анализі;
б)сапалық анализ.
4.Интерпритациялық:
а) генетикалық;
б)құрылымдық.

В.Н.Дружинин әдістердің і класын ұсынды:
1.теориялық – зерттеушінің зерттеу объектісінің үлгісімен ойша
әрекеттесі;
а)дедуктивті –жалпыдан жекеге, абстрактіліден нақтыға өту әдісі
(аксиомалық және гипотеза - дедуктивті);
б)индуктивті -жекеден

4-тақырып. Психиологияның жаратылыстану-ғылыми негіздері.
1. Жүйке жүйесі туралы жалпы түсінік.
2. Адамның орталық жүйке жүйесінің құрылысы.
3. Қызметі және қасиетіне сипаттама.
Адам әрекет-қылығы сәтті болуы үшін оның ішкі кейіпі мен ол өмір сүріп
отырған сытрқы ортаның шарттары және қолданылатын практикалық әрекеттері
бір-біріне сәйкес келіп отыруы қажет. Физиологиялық деңгейде бұлардың
барлығының фукцияларын біріктіруді қамтамасыз ететін орталық жүйке жүйесі.
Органикалық дүниенің ұзаққа созылған эволюциясында – қарапайым
тіршілік иелерінен адамға дейін - әрекет-қылықтың физиологиялық
механизмдері үздіксіз жетілуде болды. Мысалы қарапайым жәндіктер түйсік,
қозғалыс, ас қорыту сияқты қарапайым қызметті орындай алады. Олардың
мүмкіндіктері шектеулі. Ал жоғары дамыған жануарларда арнайы қызмет
орындаушы тән мүшелері даралана бастады. Қарапайымдар сигналдарды қабылдау
қызметін (рецептор. атқарса, екіншілері – бұлшық еттер мен әртүрлі без
секрецияларын (эффектор. іске қосады.
Сонымен, қажеттілікке орай жеке мүшелер мен олардың қызметі
жіктелгенімен, организмнің біртұтас тіршілігі мен тән мүшелерінің өзара
байланысын орталық жүйке жүйесі (центральная нервная система) қамтамасыз
етеді.
Ж.Ж. жалпы түзілімі барша омыртқалылада бірдей. Бұл жүйенің негізгі
элементі – жүйке жасушалар немесе нейрондар. Нейрон жасуша тәнінен (дендрит
– қозу қабылдау. және өсінділерден (аксон – қозуды жеткізу. құралады.
Аксонның дендритпен байланысы синапс деп аталады. Негізінен нейрондар
орталық жүйке жүйесінде атқаратын ерекше арнаулы қызметтеріне қарай оларды
үш типке бөлуге болады: сенсорлы нейрон – рецептордан о.ж.ж. жүйке
импульстарын жеткізуші, қозғаушы нейрон – о.ж.ж. жүйке импульстарын
қозғалыс мүшелеріне жеткізуші, локальды байланыс нейроны – жүйке
импульстарын о.ж.ж. бір бөлімінен екіншісіне жеткізуші. Осы нейрондардың
тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді.
Ж.Ж. орталық және перифериялық (шеткі. бөлімдерден тұрады. О.Ж.Ж бас
миы, аралық ми және арқа миынан тұрады. ЖЖ қалған бөліктері перифериялық
бөлімге кіреді. Бұл шеткі жж миға сырттан келетін әсерлерді жеткізіп, сол
әсерлерге мидың реакциясын жүзеге асырып отырады. Бұл жүйенің екі түрлі
жүйкелік өткізгіш талшықтары бар: 1. сырқы тітіркендіргіштерден алынған
қозу толқындарын ми және басқа орталық жж бөлімдеріне жеткізетін
афференттік жүйке талшықтары. 2. ми және басқа да бөлімдердің импульстерін
бұлшық етке, сезім мүшелеріне жеткізуші эфферентік жүйке талшықтары.
ЖЖ барша бөлімдері өзара тығыз байланыста. Бірақ олардың әрқайсысының
ролі бірдей емес. Арқа миы мен мидың бағаналы бөлігі – сопақша ми, орта
мимен қосыла тума рефлекстер орталығына бірігеді. Арқа миында ең қарапайым
рефлекстер орталығы (тізе рефлексі. бар. Дене мен қол-аяқ бұлшық еттерін
реттейтін , ішкі мүшелер жұмысын басқарушы рефлекторлық орталықтар да осы
арқа миында. Жоғары психикалық функциялармен, атап айтқанда ойлау мен
сананың қызметі бас миы қабығының қызметімен байланысты.

5-тақырып. Бас миының құрлысы
1. Ми қыртысының негізгі өрістері және қызметтері.
2. Бас миы қабығының қызметі.
3. Орталық жүйке жүйесіндегі жағдай, ролі және ретикулярлық формацияның
қызметі.

Бас миы дистантты рецепторлық мүшелердің эволюциялық дамуының негізінде
қалыптасқан ж.ж. өте күрделі бөлімі б.т. Ерекше рольді бас миында оң және
сол жақ жартышарлар, сонымен қатар олардың негізгі тарамдары атқарады.
Ми бөліктері сан алуан жүйке қызметін орындайды. Олардың орналасу
деңгейі жоғарлаған сайын, оның қызметі де күрделене түседі. Бәрінен төмен
орналасқан арқа миы, оның қызметі - бұлшық ет топтары мен ішкі мүшелер
қызметін реттеу.Оның үстінде мишықпен бірге сопақша ми орналасқан.Сопақша
ми дененің қызметтерін орайластыра басқарады (дем алу, қан айналу, ас
қорыту және т.б... Бұлардан жоғарыорталық жүйке бөлігі – күрделі
қозғалыстар менбүкіл дене қалпын реттеуге қатысатын – орта ми орн-ды.
Сопақша ми мен орта ми бас миының бағаналы бөлігін құрайды. О.Ж.Ж. ең
жоғары бөліктері бас миының үлкен жартышарларына біріккен.үлкен
жартышарлардың құрамына қабық асты түйіндері деп аталатын тереңдегі жүйке
клеткаларының тұтас жиынтығы кіреді.Жартышарлардың үстіңгі бетінде жүйке
жасушалар қабаты – бас миы қабығы көмкерілген. Бұл қабық қыртыс, сай,
қатпар күйінде анықталады. К.Бродман ұсынған классификацияға байланысты,
б.м.қ. 11 аймақ., 52 өріске бөлуге болады.
Неғұрлым дамыған өрістерінде жүйке клеткаларының 6-7 қабаттары орналасқан
және қабат саны сол бөліктердің ескілігіне байланысты. Ескі қабық бір ғана
қабаттан тұрады және қабық астынан толықтай бөлінген. Адамның бүкіл б.м.қ.
95,6 % көлемі жаңа қабықтан, ежелгі қабық – 0,6 %, ескі қабық – 2,6 %
аумақты алып жатыр.
Үлкен ми сыңарларының бүкіл бет аймағын бірнеше көлемді бөліктерге
жіктеуге болады.Бас миы сыңарларының сырқы бөлігі – желке аймақ(қара құс.,
ол алдыңғы таратпа төбе (еңбек. аймақтарына жалғасады.Алдыңғы, аумағы
жағынан ми сыңарларының ең үлкен бөлігі – маңдай аймағы – адамда ғана жақсы
дамыған. Осындай жіктеулерге сәйкес көру әсерлерінің анализі мен синтезі –
желке аймағының жоғары бөлігінде (есту зонасы.; сезу және ет-сүйек
аппараттарындағы тітіркенушілер – төбе (еңбек. аймағының алдыңғы бөлігінде
орналасқан.
Күрделі психикалық процестердің мидағы ұйымдастырылуын жете түсіну
үшін адам миы қызметі туралы қазіргі заманғы ғылыми деректерді білу қажет.
А.Р.Лурия бойынша бас миы аппараттарының қызыметімен байланысты келесі
принциптерді білуіміз қажет.
Ақпаратты қабылдау мен өңдеуді қамтамасыз етуші,өз әрекетінің
бағдарламасын түзу, олардың өзара әрекеттес қызметте болуын бақылайтын
адамның бас миы құрылымдары әрдайым бүтін бірлікте жұмыс атқарады. Бұл
аппарат өте күрделі, сондықтан бұл жете дараланғанбірнеше бөліктерден
тұрады. Дегенмен,бір бөлігі зақымдалатын болса, бүкіл аппараттың қызметіне
зақым тиеді.
Адам бас миында үш негізгі блок дараланады. Біріншісі – ақпарат
қабылдап, өңдеуге, сонымен бірге бағдар түзу процесі мен олардың іске асуын
қадағалап, қажетті ми қабығының іс-қуатына жәрдем береді. Екінші блок –
адамға сыртқы орта мен өз тәні мүшелерінен жететін ақпараттардың
қабылдануы, өңделуі және сақталуына байланысты процестерді жүзеге асырады.
Үшінші блок - әрекет жоспарын түзейді, оның орындалуын реттеп , іске
асырады және табысты нәтижеге жетуін қамтаамасыз етеді.
Адамныңсанлы іс-әрекетін қалыптастырушы осы үш блок бас миының
оқшауланған бөліктерінде орналасып, өзара үйлесімді қызмет атқарады.
Бірінші блокқа сипаттама. Бұл блокты – ми қабығына қуат беру (тонус.
блогі немесе энергетикалық болок деп те аталады. Түрлі процестердің өз
деңгейінде орындалуы үшін ми қабығының қуатын қажетті дәрежеде тұрақты
сақтау қажет.Тек тиісті қуатпен қамтамасыз етілген жағдайда ғана, одан
тиісті ақпараттытаңдап,қабылдау; олардың ізін жадыда қалдыру, нақты әрекет
мазмұны мен бағытын қалыптастырумүмкін болды, яғни қозу мүмкіншілігі
жеткілікті болу қажет.1-ші блок қуаты негізінен екі жағдайға тәуелді. 1-
шісі, ми қабығының сергек қалпын сақтау үшін оған сыртқы орта ақпараты
ізінүзбестен, легімен келіп жатуы қажет. Болмаса, жануар мүлги бастайды
немесе адамның сергектігі төмендейді. 1-шісі, сонымен шеткі аймақтардан
түсетін тұрақты тітіркендіргіштер. 2-шісі бұл ағзаның ішкі зат алмасу
процестері мен биологиялық қуаттар негізін құрайтын – импульстер. Мысалы,
қарын ашқанда, ол туралы хабар ми қабығына ретикулярлы формацияның(мидың
белсенділік қуатын көтеруші нейрондар шоғы. көмегімен жеткізіледі. Осыдан
организм жағдайының импульстері қабық қуатын төмендетпей, оның
сергектігінің кепілі болады.
Екінші блок, сезім органдарының сырттан жеткізген сигналдарының
анализі және синтезіне байланысты қызмет атқарып, адамға келіп түсетін
ақпаратты қабылдайды, өңдейді, сақтайды.Бұл блок аппараттарын талдағыштың
(анализаторлар. орталық бөліктері деп те атауға болады.
Үшінші блок, оның құрамына үлкен ми сыңарларының алғы бөліктеріндегі
маңдай аппараттары кіреді. Адамның саналы іс-әрекеті ақпаратты қабылдау мен
өңдеуден басталып, тиісті іс жоспарын жасап, қажетті ниет қалыптастыру және
түзілген іс-әрекеттік бағдарламаға сай сыртқы (қозғалыс., ішкі (ақыл-ой.
қызметін орындаумен аяқталады.
Ми қабығы қуатының тұрақтылығын қолдаушы екінші көз – ағзаның ішкі
зат алмасу процестері мен биологиялық қуаттар негізін құрайтын –
импульстер. М-ы, аштықтан хабар беруші ағза қалпы жоғары баған мен
гипоталамус аппараттарымен реттеледі.Ми қабығына ретикулярлы формацияның
көмегімен жеткізілген осы ағза жағдайының импульстері қабық қуатын
төмендетпей, оның сергектігінің кепілі болып табылады.Ми қабығында тіл, сөз
араласуымен тек адамға ғана қатысты ең жоғары ниеттер мен қажеттерді
тудырушы ақпараттарға орай туындайтын әрекет- қылық бағдарламасының қуатын
сақтауда маңызға ие болатын үшінші көзі – бәсеңдеуші ретикуляциялық
формация болып табылады.

6-тақырып. Адам миы және психи-ка: байланыс принципі және жалпы
механизмі.
1. Писхикалық құбылыстарды ми жұмысымен салыстыру.
2. Рефлекторлық доға туралы негізгі концепцуалдық моделдер.
3. Локализация ұғымына қарсы және оны қолдайтын аргументтер.
Психикалық құбылыстар мен адам миының қызметінің өзара байланысы туралы
өте ерте кезде айтыла бастаған (Алкмеон Кротонский, Гиппократ).
ХХ ғ. басында адам миында жүзеге асырылатын органикалық процестер мен
психикалық құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін арнайы екі ғылым
саласы қарастырыла бастады. Олар: жоғары жүйке қызметі физиологиясы және
психофизиология.
Біріншілер ағзаның жаңа тәжірибені меңгеруі және дене реакцияларын
басқаруға байланысты мида жүріп жатқан органикалық процестерді зерттеді. Ал
екінші сала өкілдері психиканың анатомиялық-физиологиялық негіздерін
зерттеді. Бірақ ортақ болып, еспен байланысты құбылыстарды енгізетін үйрену
(научения) түсінігі. Психологиялық құбылыстар мен әрекет-қылықтың адам
организімі және ми жұмысымен байланыстылығын И.М.Сеченев ұсынып, оны
И.П.Павлов дамытты. Ол шартты рефлекторлық үйрену құбылысын ашты. Бұл
теорияны жалғастырған Н.А.Бернштейн, К.Халл (организм әрекет-қылығының
теориясы – тірі организмнің өзін-өзі ерекше әрекет-қылықтық және
генетикобиологиялық механгизмдер арқылы реттестіруі), П.К.Анохин
(функционалды жүйе моделі).
Жоғарыда айтылған ми құрылымының үш блоктілігімен психикалық
функциялардың локализациясы проблемасы п.б.
Бұл б-ша локализационизм және антилокализационизм деп аталатын екі
көзқарас бар. Біріншісі бойынша , адамның әрбір психикалық қасиеті немесе
қалыпы мидың белгілі бір шектеулі аймағымен байланысты. Демек психикалық
құбылыстарды адам миының жоғарғы және төменгі бетіндегі нақты орындарға
орналастыруға болады.
Бұдан кейін ми участогінің біреуінің қызыметінің бұзылуы басқа да
түрлі функциялардың бұзылуына әкелетіндігі анықталды. Бұл келесі
альтернативті білімнің -антилокализационизмге жол ашты.

7-тақырып. Мидағы психикалық процестер және адам жағдайының анатомиялық
физиологиялық көріністері.
1. Таным процестерінің қалыптасуына қатысатын дене органдары, ми
құрылымы және физ. механизмдер.
2. Мотивация мен эмоцияның органикалық негіздері.
Сенсорлы процестердің негізгі құрылымы және олардың анатомиялық-
физиологиялық субстраты
Таблица 7
Модальдік Сезім органы Түйсіну сапасы Берілген
түйсіктердің
жұмысымен
байланысты
рецепторлар
Көру Торлар Қанықтылық Таяқшалар мен
Контраст колбалар
Қозғалыс
Ауқым
Түс
Есту Улитка Жоғарылылығы Тарамша клеткалар
Тембр
Тепе-теңдік Вестибулярлы Ауыртпалық күші Макулярлы және
аппарат Айналыс вестибулярлы
клеткалар
Сезіну Тері Қысым Руфини шектеулері
Вибрация Меркель дискілері
Дәм Тіл Тәтті немесе қышқыл дәмТіл ұшындағы дәм
бүршіктері
Ащы немесе тұзды дәм
Иіс Иіс жүйкелері Гүл, жидек, мускус жәнеИіс рецепторлары
пикантты иістер

Басқа да мидағы психикалық процестер және адам жағдайының анатомиялық
физиологиялық көріністері кесте-суреттер
арқылы түсіндіріледі.

8-тақырып. Психика мен әрекет-қылықтың төменгі формаларының қалыптасуы.
1. Психика туралы түсінік.
2. Психиканың даму сатылары.
3. Жануарлар психикасының ерекшеліктері.
Психика – ғылым ретінде психолгоияның зерттейтін көптеген субъективті
құбылыстарын біріктіретін жалпы түсінік. Психика табиғатын түсіндіретін
философиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік. Бірінші
түсінік бойынша , психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып
білудегі жоғары дамудағы тірі материяның ерекшелігі. Ал идеалистік көзқарас
бойынша, психиканың түсіндірілуіне бір емес екі бастама. Материалдық және
идеалистік. Олар бір-біріне тәуелсіз, бір-біріне тең келмейтін жеке
бастамалар. Дамуда байланыс жасай отырып, олар өз заңдары бойынша дамиды.
Материалистік түсінік бойынша психикалық құбылыстар ұзақ биологиялық даму
негізінде п.б. Қазіргі уақыт тірі материаның жоғары дамуын көрсетеді.
Қазіргі зерттееулер б-ша бір клеткалы қарапайымдардың психикалық
құбылыстарына тән ерекшелік,: биологиялық маңызды деген тітіркендіргіштерге
сыртқы белсенділік,ішкі жағдайдың өзгеруін реттеуге деген
қабілеттілік.Материалистердің айтуынша, психикалық құбылыстар жерде
тіршілік болғаннан кейін, көп уақыт өткеннен кейін ғана пайда болған.
Алғашқы кезеңде тіршілік иесі биологиялық тітіркенушілік пен өзін-өзі
сақтау қасиетіне ие болды.Ол қоршаған ортаменбайланыс механизімін жүзеге
асырды, көбейді, ұлғайды. Кейін дамудың келесі сатысында оларға сезімталдық
пен үйренуге деген қабілеттілік қосылды.
Жер бетінде алғашқы тіршілік белгісі 2-3 миллиард жыл бұрын химиялық,
органикалық қосылулардан, одан кейін қарапайым бір клеткалы тіршілік иелері
п.б. Олар биологиялық эволюцияға жол салып, көбею, генетикалық жүре п.б.
ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы беруге жол салды.
Кейін тіршілік иелерінің эволюциялық өзін-өзі жетілдіруі арқылы
организмдерде ерекше органдар п.б. Бұл – жүйке жүйесі. Оның дамуы мен
жетілуіне орай, психикалық өмір сүруге қажетті: түйсік, қабылдау, ес,
ойлау, сана, рефлексия қалыптаса бастады. Ж:Ж құрылысының күрделенуі
психика дамуының қайнар көзі болды.
Дамудың келесі маңызды стимулы өмір сүру шарттарының күрделенуі. Ол
организм құрлысын өзгертуге әкеледі. Дүниені бейнелеу қабілеттілігі п.б.
Психиканың жетілуіне шындық өмір әсерін тигізеді: ол тіршілік иелерінде
Ж.Ж.Ж. мен психиканың бейнелеу деңгейлері болуын талап етті.
Психика дамуы мен жан-жанкарларда тәртіп дамуы қалай жүзеге асты?
Психикалық бейнелердің даму деңгейі мен стадиясына байланысты божамдарды
А.Н.Леонтьев өзінің “Писихиканың даму проблемасы”еңбегінде ұсынды. Кейін
оны толықтырып, нақтылаған К.Э.Фабри болды. ОЛ жануарлар психологиясының
соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, дәлелдемелер келтірді.

Жануарлар тәртібі мен психикасының даму деңгейінің стадиялары.
(А.Н.Леонтьев, К.Э.Фабри бойынша.)
Кесте 2
Псикалық бейнелеу Ерекшеліктері Бұл даму деңгейіне
деңгейі мен стадиясы жеткен тіршілік
иелері
І.Элементарлы сенсорлы
психика стадиясы
І.І. Төменгі деңгей – Ортаның биологиялық мәнді Арапайым төменгі,
сезгіштік элементінің ерекшелігіне байланысты нақты, көпклеткалы
примитивтілігі, анық реакцияларды қозғалыс организмдер.
тітіркенушіліктің бағыты мен жылдамдықты
дамуы өзгертуге бағыттау. Қозғалыстың
қарапайым формалары. Мәнерлі
тәртіптің әлсіздігі,
биологиялық бейтарап. Ортаның
өмірлік маңызы бар әсерлеріне
қалыыптаспаған, қабілеттілік
әлсіз, бағытталмаған
қимыл-қозғалыс белсенділігі.
І.ІІ. жоғары деңгей – Биолог. Бейтарап Сақиналы құрттар,
түйсіктің болуы, тітіркендіргіштерге анық бауырымен
манипуляцияның негізгіреакция, дамыған жорғалаушы
органы – жақтың пайда қимыл-қозғалыс, жағымды молюскалар және
болуы. Қарапайым тітіркендіргіштерді белсенді т.б.
шартты рефлекстерді іздеу. Индивидуалды тәжірибе
қалыптастыруға үйрену ролі мөлшерінің аздығы.
қабілеттілігі. Тәртіпте негізгі мән – қатал
туа біткен бағдарламалар.
ІІ. Перцептивті
психика стадиясы.
ІІ.І. Төменгі деңгей –Қозғалыс дағдыларын Балықтар және т.б.
сыртқы әрекетті қалыптастыру. Ригидті, омырқасыз
заттардың формасы, генетикалық бағдарланған жәндіктер.
образына қарай компоненттер басымдылық
бейнелеу. Интеграция көрсетеді. Қимыл-қозғалыс
зат образын жүйелеуде қабілеттілігі күрделі және
әсеретуші факторлерді әртүрлі (сүңгу, жүгіру, секіру,
біріктіру. өрмелеу,ұшу және т.б.., жағымды
тітіркендіргіштерді белсенді
іздеу.Жағымсыздардан бас тарту,
дамыған қорғаныс тәртібі.
ІІ.ІІ. Жоғары деңгей –Әрект-қылықтың жоғары дамыған Жоғары омыртқалылар
ойлаудың элементарлы инстинктивті формалары.
формалары. Үйренуге деген қабілеттілік.
ІІ.ІІІ. Ең жоғары Арнайы маманданған органдар Маймылдар және
деңгей – практикалық манипуляциясын анықтау: табан, кейбір жоғары
әрекеттерде ерекше қол. Әрекет-қылықтың омыртқалылар.
бағдарлама зерттеушілік формаларының
–зерттеушілік, дамуы. Олардың бұрын
дайындық формаларын қабылданған іскерлік, білім
анықтау. Бір міндетті дағдыларын кеңінен пайдалану.
түрлі жолдармен шешу
қабілеттілігі. Бір рет
табылған шешімді жаңа
жағдайға тасымалдау.
Қарапайым құралдарды
әзірлеу, оны
іс-әректте қолдану.
Биологиялық
қажеттіліке
байланыссыз қоршаған
ортаны танып білу
қабілеттілігі.

Жануарлар психикасының ерекшеліктері эволюцияда қалыптасқан тума
(инстинктік. әрект-қылығымен, олардың жеке ауыспалы немесе дағдылы әрекет
формаларыжәне интеллекттік әрекет-қылыққа байланысты анықталады.

9-тақырып. Адамның жоғары психикалық функцияларының дамуы.
1. Адам психикасы - даму өнімі ретінде.
2. Психиканың дамуындағы негізгі мәселелер.
3. Психика мен әрекет-қылық дамуының негізгі этаптары: инстинкт, дағды,
интеллект.
Адам психикасы дамудың өнімі б.т.
Даму дегеніміз – кез-келген құбылыстың сандық және сапалық өзгеруін
көрсететін объективті процесс. Адамға қатысты дамудың келесі түрлерін
көрсетуге болады: физикалық даму, физиологиялық даму, әлеуметтік даму,
рухани даму, психикалық даму.
Психиканың даму мен қалыптасуын генетикалық психология,
зоопсихология,және жас ерекшелі психологиясы зерттейді және бұл мәселеге
елеулі жаңалықтардыХХ-ғасырдың ортасында көптеп енгізілді.Бұл мәселені
зерттеуге байланысты екі үлкен ағым қалыптасты: эволюцианистік және
диалектикалық материалистік.Бірінші ағым – психиканы үздіксіз немесе
бірізділікпен байланыстырады. Ал екінші ағым – психикалық дамуды зерттеудің
бір аймағы деп қана емес, психологияның барлық мәселелерін зерттеудің әдісі
және жалпы принципі ретінде қарастырды. Өйткені психиканың және барлық
құбылыстардың заңдылықтары тек дамуда деп түсіндірді.
Адамның психикалық даму процесін дұрыс тсіну үшін, оның негізгі мазмұнын
түсініп алу қажет. Яғни, психикалық даму дегеніміз, шындықты бейнелеудің
танымдық және әрекеттік формаларының күрделенуі.
Кез-келген организм қоршаған ортаның бір бөлігі бола отырып, одан бөліне
бастайды, бірақ сол ортамен байланыста болады. Сол сияқты психикалық даму
процесінде де тұлға өзін шындықтан неғұрлым алып шыққанымен , соғұрлым
онымен байланыста болады. Бейнелеудің неғұрлым жоғары формаларына ауыса
отырып, м-ы, зат немесе құбылысты қабылдап, түйсінудегі сенсорлы
талдаулардан ортаның байланыс қатынастарын ажыратушыойлауға ауысуында,
тұлға шындықтың неғұрлым кеңірек сфераларына еніп, онымен байланысқа
түседі. Психика дамуының сатылары – байланыс, бөліну сатылары б.т.
Адамның психикалық дамуының қарқынына адамзаттың қол жеткізген негізгі үш
жетістігі өз әсерін тигізді. Олар:
1. еңбек құралдырын жасау;
2. материалдық және мәдени-рухани заттарын өндіру;
3. тілдің, сөздің қалыптасуы.
Психика мен әрекет-қылық дамуының негізгі этаптары:
Әрект-қылық дегенде қоршаған ортамен байланысты қамтамасыз ететін
ұйымдасқан іс-әрекеті ұғымын жатқызуға болады.
Адамның санасының ішкі жоспары әрекет-қылықтан бөлек қарастырылса
жануарларда психика менәрекет-қылық бірге қарастырылады, сондықтан
психиканы оқып-зерттеу , оның компоненті ретінде әрекет-қылықты да
қарастыруға болады.
Негізінен түрлі әрект-қылыққа байланысты, индивидтің эволюциялық
дамуында психологиялық табиғаты жағынан үш түрлі типтегі әрекет- қылықты
ажыратуға боады:
1. инстинктивті әрект-қылық,
2. дағды,
3. интеллект.
Жануарлардың барлық әрекет-қылығы “инстинктивті” б.т. Бұлардың психика
мен әрекет-қылық формаларының барлығы тіршілік етудің биологиялық
формаларының негізінде қалыптасады. Яғни, бұл формалар саналы емес,
биологиялық қажеттіліктен туындайтын “соқыр” әрект.
Инстинктивті әрекет-қылық келесі ерекшеліктермен анықталады:
✓ Мотивтің спецификалық тәсілі;
✓ Орындаудың өзіндік ерекше спецификалық механизмі.
Сондықтан инстинктивті әрекет-қылық өте күрделі процесс, ол орг.
мотивациядан туындайды да, алғашқыда автоматталған реакциялар арқылы
орындалады.Бұл әрекет-қылықтың басқа формаларынан ерекшелене отырып,
олармен тығыз байланыста. М-ы, балапанның шоқу әректі – туған бетте дайын
тұрған инстинктивті механизм бола отырып, дағды, интеллектінің элементтері
біртіндеп қосылады. Шоқу ол үшін инст. әрекет, ол басында бидайды да , ұсақ
тасты да, моншақты да бірдей шоқып көреді.Осы жерде онда қайсысы жеуге
жарамды, қайсысы жарамсыз екендігі ас қорыту реакциясы арқылы ажыратады.
Дағды үйрену немесе жеке тәжірибенің негізінде туындаған, нәтижесінде
автоматталынған әрект. Көптеген жәндік, жануарларда шарсыз
тітіркендіргіштерді пайдалана отырып белгілі әрекеттерге дағдыландыруға
болатындығы туралы көптеген эксперименттер жасалынды (Керен Иерекс,
К.Т.Тернер.. Дағды – тарихи ұғым. Дағды да түрлі даму сатыларына қарай
өзгеріп отырады және дағдының табиғаты қабылдау табиғатына байланысты
болады. Өйткені қабылдау негізінде дағды байланысатын сәйкес әрекеттер
дифференциалданады.
Сонымен қатар, оқыту, үйрету процесінде дағды әрекет-қылығының екі
компоненттен тұратындығы анықталды (Э.Толмен.:
✓ Білім
✓ Білімді қолдану
Бұнда адамға тән қателесу, қолданып көру әдістері байқалады.
Адам психикасының генезисінің даму мәселесі бұдан әрі алдыға жылжуды
талап етеді. Бұл неғұрлым жоғары форма – “интеллектуалды” әрекет-қылық..
Интеллектуалды әрекет әрқашан біртіндеп қолданылатын операциялар
түріндегі автоматты да, стереотипті де компоненттерден тұрады. Бұл мәселе
олардың күрделенуіне байланысты түрлі даму стадияларынан өтеді.
Интеллектуалды әрекеттің дамуымен әрекет-қылықтың икемділігі арта түседі.
Интеллектуалды әрекеттің негізіндегі “саналы” әрекет-қылық, бір жағынан
белгілі ситуацияларға деген объективті қатынас ерекшелігімен және екінші
жағынан , индивидтің тарихи дамуымен анықталады.
Адам интеллектісі қоршаған ортаны, шындықты танып білуге, әрекетін
басқаруға бағытталады және сол шындықпен тікелей әсерлесу процесінде
қалыптасады. Ол қоршаған ортаға деген қызығушылық деңгейі танымдық форманың
өзіндік ерекшелігі ретінде қызмет атқарады. Интеллект дамуы , тек сандық
өлшемнің өзгеруімен емес, оның сапалық өзгеруімен анықталады.

10-тақырып. Сананың пайда болуы және дамуы
1. Сананың негізгі белгілері.
2. Сана шындықты бейнелеудің формасы ретінде.
3. Сананың қалыптасуының алғышарттары.
Шындықтың жаңа формасы, яғни өмірдің адамдық формасының қалыптасуының
нәтижесінде сана қалыптасты. Бұндағы субъект (адам) өзінің тіршілік
аймағынан шыға алатындығы, өзінің өмірлерін түрлі міндеттергебағындыруға,
өз ісіне жауап беруге , алдына түрлі міндеттерді қоя білуге ,сондай-ақ ,
өзінің өмір сүру ортасының шарттарына бейімделіп қана қоймай, оны өзгертуге
қабілетті екендігі байқалады.
Барлық тіршілік иелерінің ішіндегі адамның өмір сүру формасы ерекше,
осыған сәйкес психиканың жаңа және жоғары формасы – адам санасының
қалыптасуы және оның дамуы психология ғылымының негізгі мәселелерінің бірі.
Сананың пайда болуымен психикалық іс-әрекет жаңа сапалық ерекшелігіне
ие болады.
Қоршаған орта мен ондағы қарым-қатынасты адамның түсінуі, олармен
әрекеттесуі кезінде, онда қоршаған және өз өміріне деген рефлексиясы п.б.
Сондықтан сананың болуы адамды оны қоршаған ортадан бөлектендіреді. Сананың
ерекшелігін, санадан бөлек зат немесе құбылысқа танымдық әрекет көрсетуінен
байқаймыз.
Адамның шындықты бейнелеуінің ерекше тәсілі ретінде пайда болуы, тілдің
пайда болуымен тікелей байланысты: тіл – сананың пайда болуының негізгі
шарты.Санадан өткізу – объективті шындықты көпшілік қабылдаған зат немесе
құбылыстың мағынасын сөз арқылы бейнелеу. Сана мен тілдің байланысы тығыз
және шартты.
Тіл - әлеуметтік индивид ретіндегі адамның саналылығының белгісі.Бұнда
тілдің өзі бірқатар байланыстарға : қоғамдық әрекеттерге, онда қалыптасқан
білімге және т.б. тәуелді. Осы тәуелділіктің негізінде ғана тіл адам санасы
үшін маңызды ролге ие болды.Сана мәселесін дайын, қалыптасып болған құрылым
ретінде қарастыруға болмайды. Сана адамның қоршаған ортамен әрекеттесу
деңгейіне қарай, яғни бүкіл өмір сүру процесінде дамып отырады.Бұл жағдайда
негізгі психологиялық орталық проблемасы – адамның ортаны түсінуі болып
табылады. Сана адамның психикалық іс-әрекеттін толық қамтымайды.Сана әрекет-
қылықты басқару қызметін атқарады.
Сана – психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекетінің формасы, адамның
еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында
қоғамдық-тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Сана – бұл қоғамдық
болмыс.
Сонымен, сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады:
1. Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрамына
барша танымдық процестер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.
2. Санада субъект пен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем
тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектей, олармен салыстыра алады.
Жалғыз адам ғана тіршілік иелері арасында өзін тануға, психика әрекетінің
бағытын өзіне бұруға қабілетті.
3. Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген
заттың формасын өзгерте алады, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық
сипатқа ие саналымақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен
тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана
қызметі: мақсат қалыптастыру,себеп салдарын анықтау, еріктік шешім
қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолдарын айқындау және т.б.
4. Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті
түрде өз ішінде күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық
қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.

11-тақырып. Сана және бейсана (астар сана).
1. Психикалық процесс, қасиет және қалыптағы бейсаналық бастаудың
көрнісі.
2. Бейсаналық психикалық құбылыстардың типтері.
3. Сана және бейсананың өзара байланысы.
Адамның психикалық процесс, қасиет және қалыпының реттеуші деңгейі болып
тек қана сана болып табылмайды. Кейбір жағдайда адам өзінің ішкі дүниесі
туралы мәселенің барлығын түсіндіре алмайды, кейбір жағдайда өзінің әрекет
–қылығын басқара алмауы мүмкін.
Санамен қатар адамда бейсана бар., және ол адам психикасының ажырамас
құрамды бөлігі. Бейсаналық бастау барлық психикалық процесс, қасиет және
қалыптарының функциясында болады. М-ы, бейсаналы түйсікке – тепе-теңдік
түйсігін жатқызуға болады. Бейсаналы көру және есту түйсіктері болады, олар
арқылы есту және көру орталықтарында түрлі ырықсыз рефлекстік реакциялар
жүзеге асырылады. Бейсаналы бейнелер бұрын көргенді тануда, түрлі
объект, зат, құбылысты қабылдауда тану сезімінің болуы арқылы байқалады.
Бейсаналы ес – бұл ұзақ уақыттың және генетикалық есептің жемісі. Бұл ес,
ойлау, қабылдау, зейінді басқарады. Бейсаналы ойлау адамның түрлі
шығармашылық міндеттерді шешу кезінде туындаса, бейсаналы сөйлеу – бұл ішкі
сөйлеу б.т. Сннымен қатар бейсаналы қозғаушы күштер болады. Олар адамның
түрлі әрекет қылықтарында байқалады. Сонымен қатар бейсаналы құбылысқа
адамдардың белгілі уақыттағы саналы әрекетінің уақыт өте келе бейсаналыққа
айналуы. М-ы, жүзу, түрлі құралдыарды пайдалану.
Бейсаналық құбылыстың келесі типіне, З.Фрейд келтірген жеке тұлғалық
бейсаналылық құбылыстарды жатқызуға болады: түрлі цензура, тиым салулардың
негізіндегі адам санасы сферасынан алшақтатылынған ой, ықылас, қажеттілік,
ұмтылыстар.
Аталған бейсаналық құбылыстардың барлық типтері адам әрекетімен және оның
саналы реттелуімен тікелей байланысты. Бірінші тип – бұл, жалпы психикалық
әрекет-қылықтарын реттестіру звеносына жатады және мәліметтің сезім
мүшелерінен немесе ес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
В. Вундттың психологияда сіңірген еңбегі
Педагогика пәні және ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беру. тәрбиенің мақсаты мен тұлғаны дамытудың қозғаушы күштері жайлы ілім деген не?
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау ата - аналар үшін ақысыз
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Студенттің өзіндік жұмысы
Психологияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Психология ғылымының зерттеу пәні - психика
Психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық саласы
Пәндер