Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

1 Психологияның ғылымдар жүйесіңдегі орыны.
2 Психология салалары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

1 Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай
психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және,
керісінше, психология олардың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете
түсінуге болады. Әр түрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы
психологияның орны жантаным білімдерінің даму деңгейі мен сарап
(классификация) схемасынан келіп шығады. Атап айту керек, қоғамның рухани
даму тарихында бірде бір білім саласы ғылымдар жүесіндегі ез орнын
психология құсап жиі өзгертіп тұрған емес. Қазіргі күнде академик
Б.М.Кедров ұсынган сарап әдісі қабылданған. Бұл әдіс ғылымдар арасындағы
мазмүндық жақындыққа орай көп тарапты байланыстарға негізделген. Ұсынылған
схема шындарына жаратылыстану, әлеуметтік және философиялық ғылымдар
қонақтаған - үш бүрыш формасында. Ғылымдардың негізгі тобының мүңцай
орналасуы олардың пәні мен әдістерінің психология пәні мен эдістеріне нақты
жақындығынан. Зерттеу барысында қойылған міндеттерге орай психология өз ба-
ғытын бұрыш шыңдарының біріне бүрып отырады.
Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі - зерттеу
объекті адам болған барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп,
байланыстыру.
Психологияның аталған ғылымдық үш бұрышпен байланысының мазмүндық
сипаты қандай?
Психологияның негізгі міндеті - психикалық іс-әрекет зандарын даму
барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объектив дүниенің адам миында
қалай бейнеленетіні, осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні,
психикалық қызметтің дамуы мен жеке адамның психикалык, қасиеттері
қалай қалыптасқаны айқындалады. Психиканың объектив шындық бейнесі екені
белгілі, сондықтан психологиялық зерттеулер ең алдымен психикалық
болмыстардың адамның объектив өмір шарттары мен қызметіне тәуелділігін
тануға бағытталуы тиіс. Сонымен бір-ге, адамдардың әрқандай іс-әрекеті
барлық уақытта адам өмірінін объектив жағдайларымен байланысып қал-мастан,
оның субъектив мезеттерімен де қатынаста болады. Ғыными психология барша
психикалық құбылыстардың (қаншама Күрделі болмасын) материалдық негізі бас
миы ыртысыңцағы уақытша байланыстар жүйесі болатындығына арқа сүйей отырып,
субъектив жене объектив жағдайлардың өз- ара ықпалды болатынын шынайт
заңдылықты дәлелге негіздеп бере алады. Осы байланыстардың түзілуі және
олардың қызметтес болуынан психикалық құбылыстар адам іс-әрекетіне ықпал
жасап, оны реттеп, бағыттайды, шындықты санада бейнелеуде адамға өз өсерін
тигізеді.
Психологияның педагогикамен байланысына аса назар аударған жөн.
Әлбетте, бұл сабақтастық бұрыннан да белгілі, кезінде К. Д.Ушинский:
"Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет", - деген еді.
Бұл арада психологияның практикалық маңызы нақты көрініп түр. Егер
педагогика психологиялық қүбылыстардың табиғаты жөніндегі білімдерге
сүйенбесе, онда ол қарадүрсін педагогакалық кеңестер мен көрсетпелер
жиынтығына айналып, шын Мәнінде ғылым болудан қалып, мұғалімге ешқандай
жәрдем бере алмайды. Педагогиканың барша салаларының (жалпы теория,
дедактика, пән әдістемесі, тәрбие теориясы) даму барысында психологиялық
зерттеулерді қажет ететін проблемалар туындап отырады. Психикалық процесс
жүру заңдылықтарын; білім, ептілік және дағдылардың қалыптасуын; адам
қабілеттері мен мотивтерін, оның психикалық дамуын тұтастай білу оқудың әр
сатысындағы Білім мазмұнын анықтау, оқу мен тәрбиенің ең тиімді әдістерін
нақтылау және т.б. сияқты өзекті педагогикалық проблемаларды шешуде келелі
мағына маңызға ие.
Қазіргі кезенде нарықтық қоғам оқушысын неге үйрету керек? Ғылым
топтаған асқар тау ақпарат қорынан мектеп үшін нендей білімді және оны
қалай алу керек? -дегендей мың сан проблема қордаланып түр. Бұлардың бәріне
шешім табу, адамның әр жас деңгейіндегі психикалық даму мүмкіндіктерін және
олардың шеккөл-шемдерін белгілеу педагогикалық психологияның міндеті.
Психологияның аса қажеттігі педагогиканың тәрбие проблемаларына орай
байқалады. Тәрбиенің мақсаты - даму жолындағы қоғам талаптарына сай жеке
адамды қалыптастыру. Ал бұл мақсатқа жету жеке адамның қалыптасу
заңдылықтарын: бағыт-бағдар, қабілет, қажеттілік, дүниетаным және т.б. -
зерттеуді қажет етсді. Айтылғандар қазіргі заман психологиясының ғылымдар
тоғысында тұрғанының дәлелі, яғни психология бір жағында философия
ғылымдары, екінші тарапында жаратылыста-ну ғылымдары, үшінші жағында
әлеуметтік ғылымдар болған аралықта орналасқан.
Солай болса да, барша ғылымдармен байланыса, психология өз пәніне,
өзінің теориялық принциптеріне және өзінің зерттеу әдістеріне иелігімен
дербестенетінін ұмытпау керек. Дербес ғылым ретінде психология аймағында өз-
ара байланысы сырт көзге байқала бермейтін бірқанша ерекше білім салалары
үштасып жатады, мысалы, психофизиология мен әлеуметтік психология. Бұлар,
сырттай қарағанға "сыйыспайтындай" болғанымен, бір ғылым саласынан, себебі
олардың түпкі де түбегейлі міндеті бір - психикалық құбылыстың мәнін
зерттеу. Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның зерттеу объекті
жалғыз-ақ: ол - адам, оның психикалық процестері, қалыптары және
қасиеттері.

Психология салалары
Психологиялық білімдердің даму ерекшелікгері психологияның басқа
ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес. Көп жағдайда олар қоғандық
практиканың өріс-теп жатқан қажеттерімен белгіленеді. Егер психология
алғашқы уақытта теориялық тарапы басымдау, дүниетанымдық пән болса, ол
қазіргі кезде өзінің танымдық қызметін сақтай отырып, ендірістегі,
мемлекеттік басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық, заң
мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби практикалық іс-
әрекеттің бір саласына айналуда.
Сонымен, осы заман психологиясы көп тармақты білімдер жүйесі ретіңде
танылып, әртүрлі еңбек тәжірибесімен байланысуда. Әдетте, психология
салаларын жіктеудің негізгі принципі - психиканын іс-әрекетте даму
принципі. Соңдықтан, көбінесе психология салаларын топтастыру негізіне
адамдардың әртүрлі еңбекгік әрекеттері алынады. Осыған орай психология
келесі салаларға бөлінеді.
Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнімге бағытталған әрекетінің
психологиялық ерекшеліктерін, еңбекгі ғылыми үйымдастырудың психологиялық
тараптарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған
білімдерге жіктеледі. Олардың ішінде: инженерлік психология, авиация
психологиясы, ғарыштық психология және т.б. - бар.
Педагогикалык психологияның қызметі - адам-ды оқыту мен төрбиелеудің
психологиялық заңдылықтарын ашу. Оның бөлімдері: оқу психологиясы, тәрбие
психологиясы, сондай-ақ мұғалім психологиясы, дамуы жетімсіз балаларды
оқыту-тәрбиелеу психологиясы.
Медициналык психология - дәрігер қызметі мен сырқат адам
мінез-құлығының психологиялық мәнін зерттейді. Ол психикалық құбылыстардың
ми физиологиялық құрылымдармен байланысын айқындаушы - нейро-
пхология: емдік дәрілердің адамның психикалық жағадайын ықпалын
белгілеуші - фармакопсихология; науқасты емеуде қолданылатын
психикалық өсерлерді зерттейтін-
психотерапия; психикалық аддын алу (профилактика) және психогигена
тарауларына бөлінеді.
Заң психологиясы құқ жүйесін іске асыруға байланысты психикалық
мәселелерді қарастырады. Олда бірнеше салаларға жіктеледі: қылмыскер
психологиясы, үкім шығарушы мен орындаушы психологиясы жене т.б.
Әскери психология адамның соғыс жағдайындағы қылық-әрекетін;
қолбасшы мен оның билігіндегі сарбаз арасындағы қарым-қатынастың
психологиялық тараптары, әскерді рухтандырушы үгіт-насихат
психоло-гиясының әдістерін және т.б. зерттейді.
Аталған топ қатарына спорт, сауда, ғылым және өнер шығармашылық
психологиясы да кіреді.
Психология тармақтарын топтастыру негізіне дамудың психологиялық
қырлары да алынуы мүмкін. Бұл жагдайда психологияның дамү принципі іске
асады. Осыған байланысты психология келесі салаларға бөлінеді:
Жас сатыларының психологиясы жеке адамның әртүрлі психикалық
процестері мен психикалық қасиеттерінің онтогенезін (жеке даму) зерттейді
де келесі салаларды өз ішіне қамтиды: балалар психологиясы, жас өспірімдер
психологиясы, ересек адамдар психологиясы мен кәрілік психологиясы
(геронтология).
Дамуы калыптан шыққандар психологиясы немесе арнайы психология:
олигофренопсихология (ақыл-ойы кемдер), сурдопсихология (кереңдер),
тифлопсихология зағиптер).
Салыстырмалы психология - психикалық өмірдің филогенетикалық (біртұтас
даму) формаларын зерттейді.
Психология салаларын топтастырудың және бір жолы коғам мен жеке
адам арасында болған қатынастарды ескеру. Бұл әдіске орай "Әлеуметтік
психоло гия" атымен психологияның көптеген салалары бірігеді.
Әлеуметтік психология адамдардың әртүрлі үйывдасқан ресми немесе
ұйымдаспаған, бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмысын
зерттеумен шұғылданады.
Жоғарыда келтірілген деректер психологияның қолдану аймағының кең
екенінен хабар береді. Мүнда орындалатын міндеттердің де сипаты сан алуан:
адамның қарапайым қабылдауын зерттеуден бастап, жалпы өріс алған күрделі
психикалық құбылыстарды тануға дейін. Психологиялық бітістерді қазіргі
заманның дүниежүзілік проблемаларына байланысты да (бейбітшілік үшін күрес,
қоршаған ортаны қорғау, ғарышты игеру және т.б.), адамдардың күңделікті
тұрмысына орай да (эмоциоалдық күйзелісті басу, адам аралық қақтығыстарды
үйлестіру және т.б.) зерттеп, олар бойынша қажетті шешімдерге қол жеткізуге
болады. Бұлай болуы орынды да, себебі аталған проблемалардың бәрі қалайда
адамға байланысты болғандықтан, бізді ең алдымен оның психикалық жан
дүниесі қызықтыратыны сөзсіз.
Барша психология салаларының ішінде айрықша орыңды жалпы психология
иелейтінін атап өткен жөн. Бұл тараудың негізгі міндеті - психологияның
әдіснамалық проблемалары мен тарихын, психикалық құбылыс-тар пайда
болуының, дамуының және болмысының жалпыланған заңдынықтарын ғылыми
нақтылау. Сонымен бірге жалпы психология танымдық және практикалық іс-
әрекетті де зерттейді. Жалпы психология зерттеулерінің нәтижесі -психология
ғынымының барша салалары мен бөлімдерінің ірге тасы қызметін атқарады.
Жалпы психология курсында жантану ғылымының теориялық принциптері мен
маңызды әдістері жөнінде таным беріліп, оның негізгі пәндік түсініктері
сипатталады. Барластыру қолайлығымен бұл түсініктер үш негізгі категориялар
төңірегінде топтастырылады: психикалык процестер, психикалык калыптар мен
психикалык касиеттер немесе жеке адамның дара ерекшеліктері.
Сонымен, қазіргі кезеңдегі психология - қалыптасудың әр түрлі
сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми
пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын
жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады.
Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-
әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның
төмендегідей салалары бөлініп шығады: 
Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық
ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық
аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып
табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация
психологиясы, ғарыш психологиясы. 
Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің
психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау
жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен
ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді
мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі
тармақтарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы психологияның мән-мағынасы және оның барша ғылымдар жүйесіндегі орны
Қазіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны
Психология ғылымының пəнi жəне мiндеттерi
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Психология ғылымының зерттеу әдістері мен салаларын анықтау әдістер
Писхология мән-мағынасы және оның барша ғылымдар
Психологияның ғылымдар жүйесіңцегі орыны
Қазіргі заман психологиясының міндеттері
Психологияның құрылысы және зерттеу әдістері
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Пәндер