Бала-бақша топтарнын бағдарламалары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Сәбилердің бірінші және екінші тобының бағдарламалары.
2. Сәбилердің екінші тобына арналған бағдарламалық мазмұны.
3. Естиярлар тобының бағдарламасы, естиярлар тобындағы балалардың
даму ерекшеліктеріне сипаттама.
4. Әуенді қимыл – қозғалыс.
5. Өнер көзі - халықта.
6. Балабақша, ойыншықтар.

Пайдаланылған әдебиеттер
Балбөбек қазақ балабақшаларына арналған бағдарламалар.
Өңделіп толықтырылған екінші басылым. Алматы 2006 ж.

Авторлар.
1. Б.Баймұратова.
2. М.Сәтімбекова.
3. Ф.Жұмабекова.
4. Ә.Әмірова.
5. Г.Дүкенбаева.
6. С.Бәтбаева.
7. Г.Өтебаева.
8. Ж.Әкімбаева

Сәбилердің бірінші және екінші тобының бағдарламалары
Сәбилер тобындағы балалардың даму ерекшеліктеріне сипаттама
Екі-үш жастан бастап ойын - мектеп жасына дейінгі баланың жетекші
әрекетіне айнала бастайды. Бұл топтағы балалар ойынының негізгі мазмұны -
ойыншықтармен және ойыншықты алмастыратын заттармен әрекет ету. Ойынды
ойнау уақыты шектеулі. Олар бір - екі рөлді және қарапайым сюжетті ойындар
ойнаумен шектеледі. Ережелі ойындар бұл жаста жаңадан қалыптаса бастайды.
Баланың бейнелеу іс-әрекеті бұл жаста жаңадан қалыптасса зат туралы
түсінігіне тәуелді. Кейбір балалардың заттарды бейнелеуінде жекелеген
бөліктер жетіспесе, кейбір суретте бөліктерді біршама толық бейнелейді.
Сондай-ақ түстерді қолдануға қызығушылығы пайда болады.
Сәбилердің ұсақ саусақ қимылдарын дамытуда мүсіндеудің маңызы зор.
Олар ересек адамның басшылығымен қарапайым заттарды мүсіндеп жасай алады.
Жапсыру - бала қабылдауының дамуына оң ықпал етеді. Бұл жастағы -
балалар жапсырудың өте қарапайым түрлерінің бірі -желімсіз жапсыруды ғана
орындай алады.
Сәбилердің құрастыру әрекеті - үлгі бойынша және өз ойынан жеңіл
құрылыстарды құрастырумен шектеледі. Осы жас кезеңінің аяғына таман сәбилер
заттардың 5 түрлі формаларын және 7-ге жуық түстерді қабылдай алады,
заттарды көлеміне қарай саралап, топ бөлмесі кеңістігінде және балабақша
ішінде бағдар жасай алады.
Зейіні мен есі дами түседі. Ересек адамның өтініші бойынша 3-4 сөзді
және 5-6 заттың атын есгне сақтай алады. Осы жас кезеңінің аяғына таман өзі
ұнататын шығарманың елеулі бөлігін есінде сақтауға қабілеті жетіп қалады.
Көрнекі-әрекеттік ойлауы дами түседі. Заттар арасындағы көрінбейтін
байланыс пен қарым-қатынасты түсіне алатын дәрежеге жете бастайды. Бүл
кезеңде баланың қиялы дами бастайды, бұл әсіресе бір затты өзге зат ретінде
елестетіп пайдаланатын ойын барысында анық байқалады. Балалар арасындағы
қарым-қатынас өздері меңгерген ережелерге сәйкес жүреді. Арнайы үйреткен
жағдайда өз әрекеті мен өзгелер әрекетін бағалауға негіз болатын көптеген
нормаларды игере алады. Өзара қарым-қатынасы ойын әрекетінде айқын
көрінеді. Сәбилер қарым-қатынасқа белсенді түсіп, қатар ойнағанды ұнатады.
Басқа балалармен келіспеушілігі тек ойын үшін ғана туындайды.
Естиярлар тобында балаларды ауызекі сөйлеуге үйрету әрі қарай
кеңейтіледі.
Тілдің дыбыстық мәдениетін жетілдіру. Балалардың с, з, ц, ж, ч, р
дыбыстарын дұрыс айтуын нақтылау және бекіту. Ана тілінің барлық дыбыстарын
дұрыс айтуға үйрету.Сөйлеу мақамын жетілдіру, дауыс аппаратын, сөзді есту
қабілетін, фонетикалық қабылдауын дамыту
"Сөз", "дыбыс" ұғымдарын практикалық жолмен меңгерту және оларды
сөздік ойындар ойнаған кезде пайдаландыру. Сөз дыбыстардан тұратынын, әр
дыбыс өзінше айтылатынын, кейбірі бір-біріне жақын дыбысталатынын байқату.
Қатаң жене ұяң дауыссыздарды есту арқылы айта білуін қалыптастыру
(міндетті түрде). Сөздегі бірінші дыбысты анықтау және оны жеке айту,
берілген дыбысқа сәйкес сөздер табу. Сөздегі бір дыбысты жеке дауыстап
айтуға үйрету.
Айналадағы дүниені, табиғатты бақылату, көрсету, түсіндіру. Сөздік
қорларын жаңа сөздермен байытып отыру (ұшақ, қызанақ, отбасы, аялдама,
таңқурай, құлпынай т. б.) Арнайы өтілетін сабақтарда тәрбиешіні тыңдап,
жауап беруге, белгілі мерзім (15-20 мин) бойында дұрыс отыру, тәрбиеші
тарапынан берілетін тапсырмаларды зейін қойып тьңдау, өзіне ұсынылған
жұмысты дұрыс, әдемі, таза орындай білу дағдыларын қалыптастыру. Зейін,
қабылдау, есте сақтай білу, қиялдау қабілеттерін жетілдіру. Тәрбие
жұмыстарында табиғи дарыны бар баланың қабілетін дамытуға айрықша көңіл
бөлу.
Өз елі, оның табиғаты, байлығы, үлкендердің еңбегі туралы түсініктерін
кеңейту. Адамдардың мамандығы қоғамдық өмір, табиғат өзгерістері. түрлі
заттар туралы түсініктерін кеңейту, олардың өзгеруі, түр-түсі, көлемі,
пішіні жайлы сөздермен белсенді сөздік қорларын кеңейтіп отыру. Антоним,
синоним сөздерді дұрыс айта білуге үйрету.
Заттың сыны, пішіні, түр-түсі, көлемі, сапасын білдіретін сөздерді
меңгерту.
Іс-әрекетті білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін айтуға жаттықтыру
(секірді, шапты, орды, кесті, аралады, жонды, есті, айтты, санады,
жапсырды, бояды, иледі т. б.)
Заттың кеңістікте орналасуын білдіретін сөздер (ішінде, ортасында,
қасында, жоғары, төмен: астында, үстінде т, б.) заттың сан мөлшерін
білдіретін сөздерді меңгерту, бірден онға дейін реттік сан және есептік сан
есімдерді дұрыс айтуға жаттықтыру.
Жалпы ұғым беретін – адам, отбасы, үй жануарлары, мал, ойыншық. Ыдыс-
аяқ тағам, құс, аң т. б. сөздерді түсініп, дұрыс айтуға, даралай, жалпылай
білуге үирету.
Тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту. Ауызша сөйлеуде сөздерді
грамматмкалық формада жекеше, көпше, септеп, тәуелдеп, жіктеп айта білу
(ереже айтылмайды). Грамматикалық құбылыстарды меңгерту ауызша орындалатын
логикалық ойын-жаттығулар арқылы іске асырылады. Тәрбиешінің басшылық
жасауымен әр түрлі сөйлемдер (жай, жайылма, құрмалас, лепті. сұраулы) құрап
айтуға үйрету. Осындай сөйлемдерді тірек сөздермен құрастыра білуге
жаттықтыру. Күнделікті өмірде көргендері жайында сөйлем құрату, суреттер,
ойыншықтар көрсету, ілік септік жалғауының жекеше-көпше түрін.
(ойыншықтардың, малдардың, кісілердің т. б.) етістіктің бұйрық рай түрін
(иле, мүсінде, жапсыр, ән сал, би биле т. б.), қалау рай түрін (менің әжеме
барғым келеді), ауызекі сөйлесу кезінде дұрыс айта білуге үйретіп отыру.
Сөздерді жеке сөйлем ішінде байланыстыра айтуға, сөз тіркестерін
орынды қолдана білуге, сөз мәнін түсініп айтуға жаттықтыру.
Үй, түз жануарларының кейбіреуін, олардың төлдерін, тұз жануарларының
күшіктерін, бөлтірігін (тулкінің күшігі, аюдың қонжығы) танып, ажырата
білуге үйрету. үй жануары, түз жануары, төлдері, күшігі, баласы деген
сөздерді дұрыс айтуға үйрету.
Заттарды қажеттігіне қарай атай білу - сүт құйғыш, қант салғыш, ет
табақ, май салғыш, нан салғыш, ожау, шөміш, көже құятын тегене"
Сөздермен қатар ағаштардың (гүлшетен, аққайың), жеміс-жидек-тердің де емдік
қасиеті бар екендігін түсіндіру.
"Қызыл кітап" туралы түсінік беру. Тәрбие жұмысы барысында ауыз
әдебиет үлгілерін, мақал-мәтелдер, жұмбақ жаңылтпаштар, тиым сөздерді
кеңінен қолданып, халық болжамдары жайында алғашқы түсініктер беру.
Ойна да, Ойлан
Естиярлар тобында санның натурал қатары туралы түсінік алады. Сан және
көлем туралы ұғым беріледі. 1-ден 5-ке дейінгі сандар тура және кері
санауға үйретіледі де, бес саны туралы жаңа ұғым меңгертіледі.
3 санының цифрлық таңбасымен таныстыру. Заттарды толықтыру және
теңестіруге үйрету. Әр түрлі заттардан екі топ құрауға жаттықтыру.
5 санының цифрлық таңбасымен таныстыру, 5 көлеміндегі сандарды ретімен
санауға, қатардағы орнын анықтауға, "барлығы қанша"?, "нешінші"? деген
сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету. Екі топтағы заттарды салыстыра білуге
жаттықтыру (бір екі, үш, төрт барлығы төрт киіз қалпақ) төрт - үлкен, ал үш
- кіші. Топтағы аз затқа қосып немесе көп заттан біреуін екінші топқа
ауыстыру арқылы екі топтағы заттарды теңестіруге, олардың пішіні түрліше
болғанымен, саны бірдей екенін түсіндіру.
Топтағы заттардың тең және тең еместігін анықтау, заттардың саны
олардың үлкен-кішілігіне, арақашықтығына, кеңістікте орналасуына, санау
бағытына (солдан оңға қарай немесе солға қарай) байланысты еместігін
ұғындыру.
Әуенді қимыл-қозғалыс
Естиярлар тобында бұрын үйренгендерін қайталап тиянақтап, негізгі
әуенді қимыл-қозғалыс түрлері: жүру, жүгіру, лақтыру, еңбектеу және
өрмелеу, тепе-теңдік сақтау, бұлшық еттерді жетілдіретін жаттығулар түрлері
(кеуде, аяқ, қол бұлшық еттерін жетілдіру), би қимыл-қозғалысын жетілдіру
бала жасына лайықты ұсынылған музыкалар тыңдатылып, түсіне білуге
үйретіледі.
Әуенді би қимылдары. Кез-келген өлең, музыканың махамынына
сәйкестендіре қимылдар жасауға дағдыландыру, музыка әуеніне өз еркімен
еліктеуін арттыру. Өлең айта жүріп аяққа, қолға, денеге арналған би
қимылдарын жасау, шеңбер жасап тұрып ортаға бірнеше баланы шығарып, қазақ
және басқа да ұлт билерін билету.
Сапқа тұру. Музыка әуенін тыңдап сапқа тұру, бір қатар екіден, төрттен
тұрып сап түзеп жүр, 3-4 топқа бөлініп, жеке-жеке шеңбер жасау; көрсетілген
(айтылған) жаққа барлығы бірдей бұрылу; өз беттерімен сапқа тұру түрлерін
білу. Әнді жеке және бірлесе айту, музыка тыңдау қабілеттерін жетілдіру,
ойын-жаттығуларды орындатуды кеңейте жүргізу.
Спорттық ойындар. Сырғанау. Аяқпен сырғанау: арнаулы төбешіктерден
бірден, екіден жүрелерінен отырып сырғанау, фанера мен кішкентай
тақтайшаларға, спорт құралдарына отырып сырғанау;
Шанамен сырғанау: шанамен артынан итере жүгіріп келіп
үстіне жата қалып сырғанау, төбешіктен төмен сырғанағанда оңға, солға
бұрылуға үйрену, 30-60 м жерге дейін шананың артынан итере жүріп жарысу;
Шаңғымен сырғанау; таяқсыз сырғанау, төбешіктен сырғанап түсіп, қайта
шығу, таяқтың көмегімен шаңғының басын қозғап оңға, солға, кері бұру, шаңғы
жолмен бірінің артынан бірі жүру сырғанау, шаңғымен 800-1000 м. қашықтыққа
дейін тоқтамастан жарысу. Ойындар: "Сақ бол", :'Жықпа т.б.
Велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедпен тік және шеңбер жасап тебу
- екіден қатар тұрып. 60-100 м. жерге жарысу, арттарына бір баланы тұрғызып
алып тебу қатар қойылған заттардың арасынан өту. Өз еріктерімен тебу.
Күрес. Жазда көгалда, кілем үстінде топтағы балалардың күш-қайратына
үйлесімді күрес әдістерін жүргізу өз еріктерімен күрестіру.
Жүзуге дайындық. Су қоймаларының, өзен мен арықтардың таяз жерлеріне
отырып, аяғымен суды шалпылдату, судың ішіне отырып тұру, судың
ішінде жүгіріп ойнау үрленген ойыншықтармен, тақтайлармен етпетінен жатып
малту.
Өнер көзі -халықта
Бейнелеу енерінің қарапайым негіздеріне - сурет салу, мүсіндеу, қиып
жапсыруға үйрету, сәндік-қолданбалы өнер туындыларын пайдаланып, композиция
жасату, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларға инклюзивті білім беру
Түркия елінің беделді қонақ үйлерінің тур пакеттері
Мемлекеттік салықтық бақылаудың құқықтық негіздері: құқықтық институт ретінде мән-жайы,мақсат міндеттері,қағидаттары
Әлеуметтік қызметкер және отбасы
Ұлыбритания мен Қазақстанның білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау
Инклюзивті білім берудің мәні мен құрылымы
Бала дамуында туындаған мәселелерді ескерту
Балалар бақшаларын ашу
Қазақстан білім беру жүйесінің жалпы құрылымы
Әлеуметтік жұмыс технологиясының түсінігі
Пәндер