Оңтүстік Қазақстанда жүннің өңделу жолдары



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстанда жүннің өңделу жолдары

Садыкова Г.Н. -МЛП-13 1к

М.Әуезов атындағы ОҚМУ

Түйіндеме

Бұл мақалада Оңтүстік Қазақстан облысында жүнді өңдеудіңтехнологиясына
тоқталып және жүннің түрлері жайлы мәлімет беріледі.

Кілтті сөздер: жүн, түбіт, қылшық.

Резюме

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2014 жылдың 17
қаңтары күнгі Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Қазақстан жолы – 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты жолдауында: Басты мақсат –
Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – Мәңгілік
Қазақстан жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел
келбеті. Әрбір отандасымыздың жүрегіне өз еліне деген шексіз мақтаныш
сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен
қарайды. Қазақстан - 2050 стратегиясы – барлық саланы қамтитын және
үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен
бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын
үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту –
ортақ парыз, абыройлы міндет,- деп атап көрсетті [1].
Оңтүстік Қазақстан облысында жүннің алғашқы өңдеу технологиясын
жасау жолдары жақсы жолға қойылған. Мысалы жүн деп маталар дайындауда
колданылатын малдың түк жабындыларын айтамыз. Малдың табиғи жүнінен
жасалған заттардың түрі өте әдемі, мықты болады және өте жоғары жылу
өткізгіштілігі қасиетімен сипатталады. Қой жүні өзінің теңдесі жоқ
қасиетімен және басқа да материалдармен сәйкестендіріледі, қолдан және
синтетикалық жолмен алынған талшықтарды өндірісте көп өндіру кезеңінде
болса да, оларды артқа қалдырады, болашақта тігін өнеркәсібінің
таптырмайтын қоры болып қызмет жасайды. Барлық малдың түрінің ішінен
негізгі көлемді жүнді қойдан алады. Жылқының және ірі караның жүн түгі мал
өлген немесе сойылған кезінде алынса, ол тек лайықты техникалық заттар
(киіз) жасау үшін жүнді кайта өңдейтін өндірісте пайдаланылады, бұл
шикізаттың техникалық қасиеті жоғары емес.
Жүн талшығы терінің қасаңданып түзілуі болып табылады және барлық
ерекшеліктері: жүннің физикалық және техникалық қасиеті терінің тіршілік
әректімен және оның қоректенуімен тығыз байланысты.
Жаңа туған қозының жақсы немесе шағын дамыған жүн жамылғысы болады. Теріде
жүн түгінің түзілуі ұрықтың жатырда даму кезеңінде басталады. Әр тұқымға
жататын қой тұқымын құрсақтағы дамуының әр кезеңін зерттегенде, алғашқы
түктің салына басталуы эмбрион өмірінің 50-70 күн аралығында болады.
Сыртқы бейнесіне, гистологиялық құрылысына, техни- калық қасиетіне
байланысты жүнді мынадай келесі түрлерге бөледі: түбіт, қылшық, аралық,
өлі, құрғақ қайратты талшық және песига.
Түбіт - өте жұқа және иірімді жүн талшығы, өзегі жоқ болғандықтан өте
бағалы талшыққа жатады, олардың көбінің қалыңдығы 15-тен 25-аралғындағы мкм
ауытқиды.
Қылшық - иірімі аз, кейде жүн талшығы тіптен түзу болатын, қалың, ожар
талшық, көбісі түбіттен де ұзын, сондықтан да көрініп тұратын жүн түгінің
жоғары көрініп тұратын қабаты, өзегі өте жақсы дамыған. Техникалық қасиеті
жағынан қылшық түбіттен көп төмен, сондықтан да селекциялық маңыздылығы
болмайды. Талшықтың қалыңдығы тым әртүрлі 20-35 -тен 100-120 мкм.
Аралық талшық - бұл түбіт пен қылышық аралығы болып табылады. Ол түбіттен
қалың, бірақ қылшықтан жұқа. Техникалық қасиеті бойынша аралық талшық
қылшықтан айтарлықтай жақсы, неғұрлым қалыңдығы бойынша түбіттен аз
айырмашылықта болады, соғұрлым сапасы жағынан оған жақын. Ұзындығы бойынша
көп өзгереді: жүннің көп түрінде оны түбіттен айыру қиын.
Өлі талшық - өте ожар және үзілгіш қылшық талшығы. Оны аздап тартып
көргенде, ол үзіліп кетеді. Оның жабағы жүнде болуы, жүннің бағалылығын көп
төмендетеді. Бұл да селекциялық белгілерге жатпайды.
Құрғақ талшық - ожар қылшық, сыртқы талшық ұштарының үлкен қаттылығымен
сипатталады. Техникалық жағынан алғанда, құрғақ талшық қылшықпен өлі талшық
арасындағы аралық жағдайда болады.
Қатты, қайратты талшық — түзу, өте қатты, жылтыры күшті түк. Қалыңдығы
және құрылысы бойынша қылшыққа жақындау. Басқа жүн талшықтарынан
айырмашылықтары өте қысқа, шамамен ұзындығы 3-5 см. болады. Көптеген
жағдайларда ол сұр (ақ) және жабағы жүнде ақ түске боялған. Қайратты қатты
түктер тек құлақтың ұшында, кейбір қойлардың аяқтарында, бастарында, кейде
құйрығында кездеседі.
Қозы түгі - биязы жүнді және биязы жүнділеу қозылардың жүн жабындыларында
үлкен ұзындықта және қалыңдығы мен иірімділігі аз болып бөлектеніп тұратын
бөлек жүн талшығы. Ары қарай жасы өскен сайын өмірінің алғашқы ағымында
олар биязы және жартылай биязы жүнді қойларға тән типтік кәдімгі
талшықтармен алмасады.
Қырқылып алынғаннан кейінгі табиғи жағдайындағы жүннің массасын, яғни
барлық қоспаларымен оның ішінде шайырмен қоса алғандағыны физикалық деп
атайды. Жүн шайылғаннан кейін оны таза немесе жуылған деп, ал оның массасын
жуылған (таза) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақтадан жасалған жіптер
Е витаминінің қошқарлардың өніміне тигізетін әсері
Бояғыштар
Табиғи талшықтар мен маталар классификациясы
Ұлтарақтарға арналған табиғи талшықтардан жасалған беймата материалдарының тұтынушылық қасиеттерін зерттеу
Тоқыма материалдарын сынау тәсілі
Қазіргі кезде киім тігу өңдірісінде көптеп қолдаңылатын жануарлардан алынатын шикізаттардың бір түрлері
Қазақстанда қой шаруашылығының дамуы
Қаракөл қозыларын бонитировкалау
АҚ КӨГЕРШІН СӘН ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ КӨРКЕМДІК МОДЕЛЬДЕРІН АНЫҚТАУ
Пәндер