Әлеуметтану пәнінен лекциялардың қысқаша мазмұны
Лекциялардың қысқаша мазмұны
№1 лекция. Кедейлік әлеуметтік құбылыс ретінде
Қазақстандағы кедейлік табиғи, экономикалық, әлеуметтік-саяси
себептерге негізделген. Кедейлікті зерттеудің негізгі көрсеткіштері ретінде
табыс, шығын, тұрғындардың өмір сүру деңгейі анықталған. Бұл тұрғыдан
алғанда, кедейлік негізінен әлеуметтік-экономикалық категория ретінде
қарастырылады, яғни кедейлікті анықтаудың объективтік параметрлеріне көп
көңіл бөлінеді. Кедейшілік мәселесі қандай қоғамның болмасын өзекті
мәселесіне айналып отырғаны баршаға мәлім.
Кедейлік дегеніміз дені сау өмір сүруді қолдауға қажетті материалдық
және мәдени ресурстардың жеткілікті болмауы.
Кедейшілік- тұрғындардың немесе жанбасылардың белгілі бір бөлігінің ең
төменгі деңгейдегі ақшалай, мүліктік және басқа да ресурстармен қамтамассыз
етілуінің, дәлірек айтқанда өзінің жаратылыстану- физиологиялық,
материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруының ең төменгі
деңгейдегі әлеуметтік- экономикалық жағдайы[2]. Кедей адамдар тек қана
табысы жағынан төмен жандар емес, ол қоғамның нақты бір мүшелері болып
табылады.
Кедейлік сонымен қатар адам мен отбасының өмір сүруінің барлық
қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда кедейлік
адамның, не әлеуметтік топтың қоғамдағы белгілі бір құндылықтарға қол
жеткізе алмауын, ресми және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді.
Кедейлік сонымен қатар адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен, оның
кедейлік туралы субъективтік түсініктерімен анықталады. Бұл факторлар
адамның мәдени келбетінің, өмір салтының өзгеруіне алып келеді. Яғни,
кедейлік тек объективтік факторлармен ғана емес, субъективтік факторлармен
де анықталады. Сондықтан да кедейлікті зертттеуде жүйелік әдісті қолдану
керек. Кедейлікті адамдардың экономикалық, саяси, мәдени, психологиялық
жағдайы ретінде талдау қажет.
Кедейлер экономикалы тәуелсіз азаматтар қатарына жатпайды. Олар
мемлекеттің көмегіне сүйенбей өзінің отбасының материалдық жағдайын
қамтамасыз етуге қабілетсіз. Қоғамдағы дотация, жәрдемақы, әртүрлі төлемдер
алушылардың саны қоғамдағы кедейліктің деңгейін көрсетеді.Әлеуметтік
мүмкіндіктерге қол жеткізудің нақты жабықтығы, өздерінің құқықтарын жүзеге
асырудың мүмкін болмауы кедейлердің экономикалық тәуелділігін арттыра
түседі. Кедейлер машина, қазіргі тұрмыстық техника, супермаркеттер
қызметін пайдалану, қаланың мәртебелі жерінде мекендеу, жақсы тұрмыстық
жағдайлар, мәртебелі білім және жұмыс сияқты материалдық байлықтары
болмауымен сипатталады.
Кедейлік тек қана экономикалық құбылыс емес. Кең тұрғыдан алғанда ол
әлеуметтік құбылыс. Кедей тап әлеуметтік баспалдақтың ең төменгі баспасында
тұрған төменгі тап. Ол ең төменгі әлеуметтік статусқа ие, мәртебесі өте
төмен жұмыстың түрімен айналысады, мамандығының деңгейі төмен не мамандығы
жоқ.
Кедейлік бірінші кезекте экономикалық құбылыс ретінде сипатталады.
Кедейлік – тамақтың, киімнің, тұрғын ұйдің жетіспеуі не жоқтығы. Кедейлік –
жоғары емес не өте төмен материалдық табыс. Кез келген елдің кедей бөлігі
негізінен жұмыссыздар не төменгі деңгейдегі табыс табушылар.
Бірақ, кедейлік тек қана экономикалық құбылыс емес. Ол - әлеуметтік
құбылыс. Кедей тап - әлеуметтік баспалдақтың төменгі баспасында тұрған
төменгі тап. Олар ең төмен әлеуметтік статусқа ие, мәртебесі төмен қызмет
түрлерімен айналысады, мамандану деңгейі төмен. Кедейлердің жалпы білім
деңгейі төмен, ал кейбіреулері сауатсыз. Білімнің, мамандықтың,
мүмкіндіктің материалдық шектеулерге байланысты болмауы, рухани
құндылықтарды қолдана алмауы кедейлерді мәдени артта қалуға алып келеді
Кедейлер негізінен әлеуметтік-мәдени дамуы жағынан артта қалған адамдар.
Кедейлік адамның моралдық-адамгершіліктік жағдайына күшті әсер ететін
келеңсіз құбылыс. Көбінесе бұл әсердің кері жатары көп болып келеді.
Аристотель айтқандай байлар үлен ұрылар мен алдаушылар, ал кедейлер кіші-
гірім ұрылар мен алдаушылар. Бұл кедей адамдардың бәрі тәртіпсіз,
адамгершілігі жоқ адамдар деген сөз емес. Олардың арасында да шыншыл,
адамгершілігі жоғары адамдар баршылық. Дегенмен, кедейлік адамдарды
қоғамға жат қылықтарға не қылмысқа итермелейді. Кедейлік әлеуметтік
мәртебесі жоғары әлеуметтік құбылыс бола алмайды.
Кедейлік бүгінде адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ғана емес,
жалпы қоғамның тіршілік тынысын анықтайды. Кедейліктің ушығуы қоғамның
әлеуметтік өміріне кері әсер етеді. Кедейлік тұрақты әлеуметтік құбылыс
ретінде әлеуметтік құрылымның бұзылуына, оның жаңа түрлерінің қалыптасуына
алып келеді. Дүниежүзінде кедейліктің таралу ауқымы кеңи түсуде. Дүние
жүзінде қазір 1,3 миллиард адам қайыршылық жағдайында өмір сүруде. Соңғы
отыз жыл ішінде өте байлар мен өте кедейлердің арасалмағы 30:1 ден 61:1
дейін өсті. [3] Бүкіләлемдік Банктің 2000 жылғы жылдық есебіндегі
мәліметтерге сәйкес, алдағы 20 жылда жер бетіндегі халық саны 2 миллиард
адамға көбейеді. Сонымен қатар, әлемдегі кедейлер саны 2,8 миллиард адамды
құрайды, жер бетінің әрбір 7-інші адамы азық-түлік жетіспеуінен, әрбір 5-
інші адам күніне 1 доллардан төмен ақшаға күн кешіп отырғандығы
көрсетілген. [4] Егер кедейлік түсінігі кедейліктің не екендігін анықтаса,
оны эмпирикалық өлшеу әдістері кедейлер дегеніміз кімдер екенін не
болмаса кедейлерге кімдерді жатқызуға болатынын анықтауға бағытталған.
Бұл мәселені зерттеуде кедейлікті түсінуге байланысты үш түрлі
көзқарасты бөліп көрсетуге болады.
1. Кедейлікті табыс негізінде түсіну – кедейлік мәселесін тар
ауқымда түсіну. Адамның табысы анықталған деңгейден төмен
болса оны кедейлер қатарына жатқызады.
2. Кедейлікті негізгі сұраныстар деңгейінен түсіну – кедейлік
мәселесін кең мағынада түсіну. Бұл жерде кедейлік адамның
сұраныстарын, тамаққа деген сұранысын қосқанда, ең төмен
деңгейде қанағаттандыруға қажетті материалдық алғышарттардан
тыс қалуы ретінде қабылданады.
3. Кедейлікті адамдық потенциалдардың даму мүмкіндіктері тұрғысында
түсіну – адамның негізгі мүмкіндіктері мен таңдауының
жоқтығын көрсетеді. Адам тамаққа, киімге, баспанаға, білімге,
денсаулықты сақтауға деген негізгі сұраныстарын
қанағаттандыру мүмкіндігінен шектеулі емес, сонымен қатар
адам өзінің одан да кең қажеттіліктерін, салауатты және ұзақ
өмір сүруге, қажетті білімге, қоғамдық өмірге араласуға,
басқа да әлеуметтік-мәдени сұраныстарын қанағаттандыруға
деген қажеттіліктерін, қатағаттандыруда да шектеулі.[5]
Өмір сүру деңгейі теориясы кедейлікті жеке жағдайдың қыры ретінде
анықтайды. Демек, кедейлік адамның нені иеленуіне байланысты. Кедейлік шегі
бұл концепцияда индивидтің және отбасының физикалық қабілетін сақтауға
қажетті өмір сүрі деңгейімен анықталады. Өмір сүру адамның маңызды
қажеттіліктерін төмен деңгейде қанағаттандыруға мүмкіндік беретін табыс
деңгейімен өлшенеді.
Салыстырмалы кедейлік концепциясына сәйкес кедейлік индивид пен
отбасының тек қана экономикалық мүмкіндіктерін бейнелеп қана қоймайды,
сонымен қатар оның өмір салты мен өмір сүру деңгейін, өмір сапасын
көрсетеді.
№2 лекция. Кедейлікті зерттеудің бағыттары
Батыстық ғалымдар кедейлік туралы
Кедейлікті зерттеудің 200 жылдан астам тарихы бар. АҚШ пен Батыс
Еуропада бұл мәселе еретден қарасырылып келеді.
Кедейлікті ХУ111 ғ. А. Смит., Т. Мальтус, Д. Рикардо сияты ұлы
ойшылдар өндірістік дамудың нәтижесінде міндетті түрде туындайтын құбылыс
ретінде сипаттаған. Т. Мальтустың айтуы бойынша, кедейлік халықтың шектен
тыс өсуі мен азық-түліктің жетіспеуі болғанда орын алады. Яғни, кедейлік
адамзаттың тым көбеюіне байланысты және оның туындауына кедейлердің өздері
кінәлі деген ой айтады. Т. Мальтустың көзқарасы бойынша мемлекеттік көмек
жүйесі осындай адамдардың санын тек қана арттырады, бұл процесс аштық,
әртүрлі ауырулар, соғыс сияқты тиімді “көмекшілер” арқылы реттеліп отырады.
Х1Х ғ. Ортасында Г. Спенсер кедейлікке қоғамдағы заңдылықтардың бірі
ретінде баға береді. “Әлеуметтік статика” деген еңбегінде ол кедейлік пен
теңсіздік қоғамдық өндірістің өсуіне орай туындап, өсіп отырады дейді.
Яғни, өндірісті тоқату мүмкін болмағандықтан бұл мәселені толық шешу мүмкін
емес. Г. Спенсер кедейлікке қоғамдық құбылыс емес, ол әр адамның жеке
проблемасы деген пікір айтады. Бір адамдар қыйыншылыққа мойымай,
проблемаларын шешіп жатса, екіншілері кедейліктің болуына өздері жол
береді. Ол сонымен қатар кедейліктің нақты критерийлерін анықтау мүмкін
еместігін өзінің методологиялық тұжырымдарында көрсетеді. Кедейліктің ең
ауыр түрі – қайыршылық. Г. Спенсер кедейлікті тұлға дамуының қозғаушы күші
ретінде де бағалайды. Ф. Гиддинс кедейлікті екі түрлі бағалайды: бір
жағынан ол жоюға болмайтын зұлымдық, екінші жағынан әлеуметтік прогресс
серігі.
Ж. Прудон кедейлік - әлеуметтік игілік, оны жою жолдары еңбек
өнімділігінің өсуімен қатар ашылады деген қөзқарас айтады. Ол абсолюттік
және салыстырмалы кедейлік түрлерін бөліп сипаттайды. Салыстырмалы кедейлік
адамзатқа тән белгі. Өндіріс өскен сайын адамдардың да қажеттіліктері өседі
де, адамдардың жағдайы қоғам талаптарына сәйкес келмей қалады.
Э. Реклю “Байлық пен кедейлік” атты еңбегінде кедейліктің ең ауыр
түрі – қайыршылықты бөліп көрсетеді. Ол адамға өмір сүруге қажетті минимум
керекті заттарды есептеп көрсете отырып, негізгі қажеттіліктерін
қанағаттандыра алмайтын адамдарды ғана кедейлер қатарына жатқызған. Оның
тұжырымдауы бойынша, кедейлікті жеңудің шарты – ауыл шаруашылығы мен
өндіріс өнімдерін қоғамның барлық қабаттарына бірдей бөлу.
Ағылшын ғалымдары Ч. Бут пен С. Раунтри Х1Х ғ. аяғында зерттеу
жүргізіп, кедейлікті анықтаудың негізі ретінде индивидтің өзінің тамақ ішу,
киім кию, баспанамен қамтамасыз етілу қажеттіліктерін өтей алу
мүмкіндіктерін алған. Ч. Бут адамның табыс деңгейін, негізгі
қажеттіліктерін өтеу деңгейін, денсаулығы мен жұмысқа деген қабілетін
сақтап отыруға керекті нормалар мен стандартттарды анықтауға тырысқан. Ч.
Бут пен С. Раунтри бірінші болып кедейлік шегін анықтаған ғалымдар. Олар
Лондон мен Нью-Йоркте жүргізген социологиялық зертеулерінің нәтижесінде
халықтың 30 пайызы өмір бойы кедей күйінде болып отыратынын дәлелдеген. С.
Раунтри зерттей келе, кедейліктің алғашқы және екінші кезектегі түрлерін
бөліп көрсеткен. Алғашқы кезектегі кедейлік түсінігі адамдар қаражаттарын
дұрыс пайдаланғанның өзінде негізгі қажеттілктерді өтеуге шамасы келмеген
жағдайда, ал екінші кезектегі кедейлк түсінігі адамдардың ақшаны дұрыс
қолданбауына байланысты төмен материалдық жағдайға ұшырағанда қолданылады.
С. Раунтри алғаш болып кедейлер мен жай ғана қаражаттарын дұрыс
қолданбайтын адамдардың арасындағы айырмашылықты көрсеткен. Ол тек қана
негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға керекті отбасының деңгейін есептей
отырып, кедейліктің шегін анықтаған. С. Раунтри абсолюттік кедейлік
түсінігі қаражатты дұрыс қолданудың өзінде отбасының негізгі
қажеттіліктерін өтеуге жағдайы келмегенде қолданылса, салыстырмалы кедейлік
түсінігі адамның не отбасының ақшаны дұрыс қолданбауының нәтижесінде
кедейлікті бейнелейді.
ХХ ғасырдың 60-ыншы жылдары кедейлікке жаңа көзқарас қалыптаса
бастады. М. Оршанский бюджетті сұраудың мәліметтер бойынша тұрмыстың, киіну
және т. б. ең керекті қажеттіліктердің сандық параметрлерін қалыптастырған.
Ол Энгель коэффициентін қолдана отырып, АҚШ-та 80-інші жылдарға дейін
қолданылып келген кедейліктің салыстырмалы шегін анықтаған. Энгель
коэффициенті бойынша табыс мөлшері төмен болған сайын тамаққа белгіленген
шығын көлемі ұлғая түседі.
ХХ ғасырдың 70-інші жылдары жоқшылық концепциясы қалыптасты. Оның негізін
салушылар Маршалл мен П. Таунсенд. Олардың қөзқарасына сәйкес, қоғамда ел
қатарлы өмір сүруге мүмкіндіктері жоқ адам немесе отбасы кедей деп
есептелген. П. Таунсенд “Ұлы Британиядағы кедейлік” атты еңбегінде
салыстырмалы кедейлікке мынадай анықтама береді: “ Өздері өмір сүретін
қоғамның өміріне араласа алмайтындар,қоғамда қалыптасқан өмір сүру деңгейі
мен керекті диетасын ұстауға мүмкіндіктері жоқ адамдар кедей болып
есептеледі”.Оның айтуынша ағылшындардың 25 пайызы үнемі кедейлікте өмір
сүрсе, 50 пайызы кедейліктен қорқып өмір сүреді.
А. Маккоулидің айтуынша, адамдардың жағдайы өмір сүріп жатқан
қоғамның өмір деңгейіне сәйкес келмесе, кедей болып саналады.
Отандық ғалымдар кедейлік турады
Кедейлік мәселесі ТМД елдерінде соңғы 10-15 жыл көлемінде кеңінен
зерттеліп келеді. Бұл мәселе Кеңес өкіметі құлағаннан кейін өзекті зерттеу
объектісіне айналды. Кеңес өкіметі кезінде С. Г. Струмилиннің бастауымен
1918 жылы Петроградта жұмысшылардың бюджеті мен тұрмысы алғаш рет
зерттелді. С. Г. Струмилин жұмыс бюджеті мен тұтынуды талдаудың негізінде
алынған ақпараттар бойынша өмір құны индексін жасап шығарған.
Кейін осы зерттеуді А. М. Стропани одан әрі жалғастырып, Кеңес Одағының 40-
тан астам қаласында жүргізген. Бұл зерттеулердің нәтижесі жұмысшы табының
материалдық жағдайы, тамақтануы туралы біраз ақпарат алуға мүмкіндік берді
және 1920 жылы Харьков, Донбасс, Петроград, ал 1921 жылы Ташкент, 1922 жылы
Орал, т. б. аймақтарда бюджетке байланысты жаңа зерттеулер жүргізуге жол
ашты.
Г. С. Полляк жұмысшы табының өмір сүру деңгейін өлшеудің әдістеріне
байланысты мәселеге жаңаша қарауға тырысқан. Ол жеке жалақымен қатар
жұмысшылардың бюджетінде мемлекет тарапынан берілетін ақшалай және заттай
әлеуметтік жәрдемдердің барлығын ескерген.
1918 жылы міндетті минималды жалақы енгізу үшін өмр сүру минимумын
есептеуге алғаш рет талпыныстар жасалған. Өмір сүру минимумын есептеу
методологиясы болмагандықтан, оның негізі ретінде азық- түлікке кететін
шығын алынып отырған. Ол нақты тұтынуға байланысты жүргізілген бюджеттік
зерттеулердің не физиологиялық нормалардың негізінде есептелген. Ал бұл
көрсеткіш физиолог-ғалымдардың есептеген физиологиялық нормаларынан
әлдеқайда төмен болған. Азық-түлікке кететін шығындардың үлесі өмір сүру
минимумының жалпы көлемінің 26-72 пайыз аралығын құраған. Өмір сүру
минимумы әртүрлі болуы минималды жалақы орнатуға мүмкіндік бермеген. Соған
байланысты Кеңес Одағында 30-шы жылдардан бастап өмір сүру минимумын
есептеу толығымен тоқтатылған.
Отандық ғалымдар кедейліктің тұрақты және жылжымалы түрлерін
ажыратады. Біріншісі кедейлік кедейлікті тудырады деген көзқарасқа сәйкес
келеді. Әлеуметтік жағдайдың төмендігі денсаулықтың нашарлауына,
біліктіліктің төмендеуіне алып келеді. Соның нәтижесінде тұлға өзін төмен
бағалап, құнын жоя бастайды. Кедей обасыларынан шыққан балалар келешекте
кедейлер санын толықтыруы әбден ықтимал. Бұл райда ұрпақтан ұрпаққа
берілетін кедейлік туралы айтылады. Жылжымалы кедейлік кедей адамның жоғары
сатусқа өтуін не бай, орта тапқа жататын адамның статусының төменге қарай
жылжуын бейнелейді. Л. А. Гордон кедейліктің әлеуметтік және экономикалық
түрін бөліп көрсетеді. Әлеуметтк кедейлік әлсіз кедейлерге, экономикалық
кедейлік күшті кедейлерге қатысты. Әлсіздердің кедейлігі түсінігі еңбек
етуге жарамсыз, аз еңбек ететін адамдарға, көп балалы отбасыларына,
асыраушысы жоқ отбасыларына, мүгедектерге, ауыру, психологиялық тұрақсыз
адамдарға қатысты қолданылады. Күштілердің кедейлігі түсінігі жұмысқа
қабілетті, қалыпты өмір стандарты бойынша өмір сүруге жағдайы келетіндердің
қиын жағдайға түсуін бейнелейді.
№3 лекция. Кедейлікті өлшеу әдістері
Кедейлік көп мағаналы, қарама-қайшы түсінік. Кедейлікті тамақ, баспана
сияқты материалдық ресурстар тұрғысынан ғана түсінуге болады. Сонымен қатар
өмір сапасын да ескеру керек. Оған тұрғындардың денсаулық жағдайы, таза
сумен, су құбырымен, канализациямен, жылу беру жүйесімен қамтамасыз етілу
не қолы жетпеуі кіреді. Кедейліктің таралуы және көлемі туралы ақпаратты
балалар өлімі, сауаттылық пайызы, мектептік біліммен балалардың қамтылуы
сияқты көрсеткіштер де береді. Кедейлікті сипаттайтын көрсеткіші адамның
қоғамның өміріне белсенді қатысуға қол жеткізілуі.
Ғылымда кедейліктің деңгейін анықтауға көмектесетін әртүрлі категориялар
мен түсініктер бар. Ең көп қолданылатын категориялардың бірі өмір сүру
деңгейі категориясы. Өмір сүру деңгейі жалпы индикатор ретінде көрінеді.
Өмір сүру деңгейі дегеніміз тұрғындардың қажетті материалдық қажеттіліктер
мен қызметтермен қамтамасыз етілуі, олардың қол жеткен тұтыну деңгейі және
тиімді қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі.
Өмір сүру деңгейін зерттеуге мемлекеттің тұрғындары не жекелеген
әлеуметтік топтар, табысы әртүрлі деңгейдегі отбасылары қатыстырылады.
Социологтар түрғындардың өмір сүру деңгейінің төрт деңгейін көрсетеді:
1. Жеткіліктілік.
2. Қалыпты деңгей ( адамның физикалық және интеллектуалдық күшін қалыпқа
келтіруді қамтамасыз етуші ғылыми негізделген нормаларға сәйкес
тұтыну).
3. Кедейлік (Адамның жұмысқа қабілеттілігін сақтау мақсатындағы тұтыну).
4. Қайыршылық ( биологиялық критерийлердің минималдық деңгейіне сәкес
адамның тек қана өмір сүруін ғана қамтамасыз ететін жағдайлар мен
қызметтерді тұтыну).
Халықаралық деңгейде өмір сүру деңгейінің көрсеткіштер жүйесін құруға
алғашқы талпыныстарды 1960 жылы БҰҰ-ның жұмыс тобы жасаған. Қазіргі кезге
дейін бұл көрсеткіш нақты жалақы индексімен анықталып отырған. Өмір сүру
деңгейінің соңғы нұсқаларының бірін БҰҰ-ы 1978 жылы жасады. Оған
көрсеткіштердің 12 негізгі топтары кіреді.
1. туу, өлім және т. б. демографиялық сипаттамалар;
2. өмір сүрудің санитарлық-гигиеналық жағдайлары;
3. азық-түлік тауарларын тұтыну;
4. тұрмыс жағдайы;
5. білім және мәдениет;
6. еңбек жағдайлары мен еңбекпен қамту мәселелері;
7. халықтың табысы мен шығыны;
8. өмір құны мен тұтыну бағалары;
9. көлік мәселесі;
10. демалысты ұйымдастыру;
11. әлеуметтік қамсыздандыру;
12. тұлға бостандығы.
Өмір сүру деңгейінің ең маңызды құрамдас бөлігі ретінде халықтың табысы,
әлеуметтік жағдайы, материалдық игіліктерді қолдануы, өмур жағдайы, бос
уақыты алынады. АҚШ-та өмір сүру деңгейінің көрсеткіштер жүйесі 13 бөлімнен
тұрады; қоршаған орта, демографиялық жағдай, еңбекпен қамту, еңбек
жағдайлары, өмір деңгейі, әлеуметтік қамсызданьыру, денсаулық сақтау
мәселесі, білім, тұрмыстық жағдайлар, мәдениет, демалыс, көлік, ұлттық
қорғану, азаматтардың құқықтарының қорғалуы.
Әлеуметтік жағдайды анықтаудағы келесі категория - өмір сүру жағдайы. Бұл
кедей халықтың өмір сүруінің объективті жағдайын сипаттайды. Өмір сүру
жағдайы еңбекпен қамту мәселесін, еңбектің сипатын, халықтың қоныстану
түрін, тұрмысын, табысын, заттай мүлік сипатын, әлеуметтік төлемақылар мен
әлеуметік саланың дамуын қамтиды.
Өмір сүру сапасы дегеніміз қоғамдық өмірдегі топтар мен жеке адамдардың
қажеттіліктерін сипаттайды. Бұнда адамның өмір сүру ұзақтығы, физикалық
және психикалық жағдайы, денсаулық деңгейі, білімі, мәдени, интеллектуалдық
потенциалы, өмір сүру жағдайының қолайлылығы, адамдарды қоршаған орта
сияқты белгілер қарастырылады.
Кедейлер көріп отырғандай материалдық және басқа әлеуметтік байлықтарды
өмір сүру деңгейінен төмен деңгейде тұтынады. Кедей болу дегеніміз адамның
тамақты тек физикалық өмір сүруді қамтамасыз ететіндей деңгейінде тұтынуы,
биологиялық қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алмауы. Яғни, адам
организм қанша қаласа сонша тамақ іше алмайды. Кедей болу деген – дұрыс,
жарасымды киіне алмау. Кедей болу деген – адам дұрыс баспанада тұра
алмайды. Кедей адам керекті білім мен мамандықты ала алмайд, белгілі бір
шығынды қажет ететіндіктен балаларына да қажетті білімді бере алмайды.
Кедей адамның мақсаты - өзіне, отбасына қажетті тамақ табу, оларды қалай
киіндіру, баспана тауып беру. Кедей адамның жеке меншігі де аз мөлшерде.
Меншігінің аздығы сонша, ол адамның күнделікті қажеттіліктерін өтеуге де
жетпейді. Ресей социологтары мен экономистері нарықты қатынастар
жағдайындағы тұрғындардың өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіштерін
жасады.
Кедейлікті анықтауда тікелей көрсеткіштер - ең төмен күнкөріс деңгейі
мен кедейлік шегі. Бұлар кедейліктің деңгейін анықтаудағы заңдастырылған
ресми көрсеткіштер. Қазақстан Республикасының 475-1 “Ең төмен көнкөріс
деңгейі туралы” Заңында берілген анықтамаға сәйкес, ең төмен күнкөріс
деңгейі дегеніміз – мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең
бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс. Оның мөлшерін статистика
жөніндегі өкілетті орын мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі
өкілетті орын ең қажетті емес тұтыну тауарлар мен көрсетілген қызметтерге
жұмсалатын шығындардың белгіленген үлесі қосылған ең төмен азық-тұлік
себетінің құнын негізге ала отырып шығарады. Қазақстан Республикасы бойынша
2003 жылы ең төмен күнкөріс деңгейі орта есеппен 5193 теңге көлемінде
белгіленді.
Ең төмен тұтыну себеті тауарлар мен көрсетілген қызметтердің заттай және
құн түріндегі ең төмен жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік себетінен,
азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын
шығындардан тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейі жыл сайын тұрмыс деңгейін
бағалау мен кедейлік шегін, әлеуметтік саясаттың бағыттарын анықтауға,
халықты әлеуметік қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, жалақының,
зейнетақының, жәрдемақының және өзге де төлемдердің белгіленетін ең төмен
мөлшерін негіздеуге арналған.
Ең төмен күнкөріс деңгейімен қатар, кедейлік шегі бар. Кедейлік шегі –
қоғамдағы экономикалық мүмкіндіктерге қарай белгіленетін, адамның ең төмен
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті кіріс шегі. Қазақстан
Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 63-інші
бұйрығына сәйкес, 2003 жылы кедейлік шегі ҚК-ның статистика жөніндегі
Агенттігінің есептеген ең төмен күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде
белгіленіп, 2077 теңгені құрады.
Кедейлікті жалпы сипаттаушы көрсеткіштер. Оған өмір сүру деңгейінің
критерийлері, өмір сүру құнының индексі, жан басына шаққандағы ұлттық табыс
кіреді.
1. Тұрғындардың табысы.
2. Тұрғындардың тұтынуы мен шығындары.
3. Тұрғындардың ақшалай жинақтары.
4. Мүлік пен тұрғын үй жинағы.
5. Тұрғындардың әлеуметтік жіктелуі.
6. Тұрғындардың аз қамтамасыз етілген топтары.
Тұрғындардың жағдайын өлшеу үшін әтүрлі түсініктер мен категориялар
қолданылады. Олардың кейбіреуін атап көрсетуге болады.
- Өмір сүру минимумы (кедейлік табалдырығы).
- Минималдық тұтыну бюджеті.
- Зейнетақының минималдық мөлшері.
- Минималдық жалақы мен зейнетаының сатып алу қабілеті.
- Кедейліктің коэффициенті (деңгейі)
- Табыстың жетіспеуі
- Кедейлік зонасы.
- Кедейліктің әлеуметтік портреті.
Абсолюттік кедейлік деңгейі негізгі товарлар мен қызметтердің
корзинасының құнын (бағасын) және отбасының табысын салыстыру арқылы
есептеледі. Салыстырмалы кедейлік тұрғындардың кедей бөлігі мен ауқатты
бөлігінің табыс деңгейлерін салыстыру арқылы анықталады. Бірақ та, кедейлік
деңгейін бағалаудың ешуақытта толық объективті бола алмайтынын ескеру
керек. Сондақтан да кедейлік шегін аз ғана көтеру не азайту тұрғындардың
едәуір бөлігінің кедейлер қатарына қосылуына, ал кедейлердің одан әрі
қайыршылануына алып келеді. Қазақсьан даму институты иен “Саясат”
журналының 2002 жылғы наурыз айында Алматы қаласының тұрғындары арасында
жүргізілген социологиялық зерттеулердің нәтижесінде респонденттер
кедейлікті анықтау критерилерін былай көрсетеді:
- адамдардың өзінің негізгі қажеттерін, атап айтқанда тамаққа, тұрғын
үйге, киімге, т. б. қажеттерін өтеуге қабілетсіз болуы – 67,8 пайыз;
- тұрақты жалақы мен тұрақты жұмыстың болмауы – 48,7 пайыз;
- Жалақы, зейнетақы және стипендиядан басқа қосымша табыстың болмауы –
40,9 пайыз;
- әлеуметтік көмекті қажет ететін топтардың (мүгедектердің, көп балалы
отбасыларының, жетімдердің) материалдық қорларға қол жеткізу
мүмкіндігінің шектеулігі - 38,3 пайыз;
- материалдық емес қорларға қол жеткізу мүмкіндігінің шектеулігі
(мәдени оқшаулау, мамандық пен білімді таңдаудағы шектеулер) – 28,7
пайыз;
- елдің ішінде және шет елдерде еркін жүріп-тұру мүмкіндігінің жоқтығы –
16,5 пайыз;
байлықты және мәртебені көрсететін мүліктерді, заттарды, құралдарды сатып
алу мүмкіндігінің болмауы – 13,0 пайыз. [6] Теориялық тұрғыдан алғанда
адамның материалдық жағдайының ең жақсы көрсеткіші адамның азық-түліктік
және білім мен денсаулық сияқты азық-түліктік емес товарлар мен
қызметтерді нақты тұтынуы.
Кедейлікті өлшеуде үш түрлі әдіс олданылады:
- табысты зерттеу;
- өмір сүру сапасын зерттеу;
- өмір сүру жағдайын зерттеу.
Әртүрлі елдердегі кедейліктің деңгейін зертттеуде Дүнижүзілік Банк
мынандай көрсеткіштерді қолданады:
- тұрғындардың саны;
- территория;
- тұрғындардың әрқайсысына бөлгендегі ВНП;
- инфляцияның орташа өсу деңгейі;
- болашақтағы тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы;
- ересек тұрғындардың сауаттылығы.
Кедейлікті өлшеу жолдарының бірі – тұтыну корзиналарын салыстыру. Бұл
әдісте абсолюттік кедейлік концепциясы пайдаланылады.
Кедейлікті өлшеудің екінші жолы – орта деңгейдегі экономикалық жағдаймен
салыстырғандағы кедейлік шегін анықтау. Бұл конценция бойынша адамның
материалдық жағдайы ортадан төмен болса ғана кедей деп есептеледі.
Қазіргі кезде дүние жүзінде кедейлікті анықтаудың мынадай әдістері
қолданылады:
- нормативтік – минималдық тұтынушылық бюджетті анықтау;
- статистикалық – кедейлер қатарына табысы төмен тұрғындардың 10-15
пайызы жатқызылады;
- стратификациялық – кедейлер қатарына өздерін-өзі жеткілікті мөлшерде
қамтамасыз ете алмайтын адамдар жатқызылады;
- эвристикалық – кедейлікті қоғамдық ой-пікірге не респонденттің өзінің
өмір сүру деңгейін жеткілікті не жеткіліксіз деп анықтайтын позийиясын
қарай сипаттайды;
- Экономикалық – кім кедей деген мәселе мемлекет тарапынан анықталады
және оларға деген көмек мемлекеттің мүмкіндігіне қарай шектеледі.
Кедейлікті өлшеуде жоғарыдағы көрсетілген көрсеткіштермен қатар,
әлеуметтік статистикада және ғылыми зерттеулерде тереңірек зерттеуге
мүмкіндік беретін келесі көрсеткіштерді де атап кетуге болады.
- Кедейлік деңгейі – ең төмен күнкөріс деңгейінен табысы төмен халықтың
сыбағалы үлесі;
- Табыс дефициті – кедей адамдардың табыстарының ең төмен күнкөріс
деңгейінің көлеміне дейін жетпейтін ақша саны;
- Төменгі жалақы аралығы – пайыз түрінде табыс дефицитінің көлемінің ең
төмен күнкөріс деңгейіне қатынасы;
- Кедейлік тереңдігінің коэффициенті – абыс дефицитінің санының
зерттелген отбасылардың жалпы санына қатынасы;
- Кедейліктің өткірлік коэффициенті – зерттелген отбасылардың ең төмен
күнкөріс деңгейіне сәйкессіздігі, бұл табыс дефицитінің квадратикалық
сомасының жалпы зерттелген отбасылар санымен қатынасының көрінісі;
- Кедейліктің синтетикалық индикаторлары.
№ 4 лекция. Кедейліктік түрлері.
Ғылыми әдебиетте кедейліктің келесі түрлері бөлініп көрсетіледі:
абсолюттік, салыстырмалы, қайыршылық, депривация, қуып жетуші кедейлік.
Абсолюттік кедейлік индивидтің өзінің табысымен тамаққа, баспанаға, киімге,
жылуға деген негізгі сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетсіздігін, болмаса
тек қана биологиялық өмір сүруін қамтамасыз ететін минималдық сұраныстарын
ғана қанағаттандыруға мүмкіндігі бар екенін сипаттайды. Абсолюттік
кедейліктің сандық көрсеткіші кедейлік табалдырығы болып есептеледі.
Абсолюттік кедейлік бірінші кезектегі кедейлікке жатады. Ұлыбританиядағы
кедейлікті алғашқы зерттеушілері Бут пен Раунтри кедейліктің осы түрінің
көп кездесетітін атап көрсеткен.
Салыстырмалы кедейлік адамның басқа адамдармен салыстырғандағы қаншалықты
кедей екенін зерттейді. Бұл жерде салыстырмалы кедейлік индивидтің
қоғамдағы кедей табына жатпайтын басқа таптар мен топтар иеленіп отырған
байлық пен молшылыққа қарағандағы кедейлік деңгейін көрсетеді. Бұл
сипаттаманың негізі бір әлеуметтік стратаны екінші әлеуметтік стратамен
салыстыру. Сонымен қатар кедейліктің бұл түрі адамның нақты бір өмір сүру
стандартына қарағандағы кедейлік деңгейін де көрсетеді. Салыстырмалы
кедейлік бұл адамның өзінің материалдық және әлеуметтік жағдайын және
мүмкіндіктерін субъективтік бағалауы, көруі. Яғни, салыстырмалы кедейлік
қоғамдағы барлық топтардың өмір сүру деңгейі көтерілген жағдайда да
сақталып қалады. Кедейліктің бұл түрі адамның табиғи сұраныстарымен ғана
емес, сонымен қатар қоғамның болашақта күтетін нормаларымен және
күтулерімен байланыстырады.
Дүние жүзінің әртүрлі елдеріндегі кедейліктің сипатттамасы әртүрлі.
Дамыған елдердегі кедейлер – осы елдердегі нормаларға, стандарттарға және
өмір сүру жағдайларына қатысты кедейлер. Кедейліктің бұл елдердегі деңгейі
осы елдердің өмір сүру жағдайларына қатысты өлшенеді. Бұл кедейліктің
салыстырмалы түрі.
Салыстырмалы кедейлік – нақты қоғамдағы не елдегі қабылданған өмір сүру
стандартын не қалыпты өмір сүру деңгейін сақтап тұрудың мүмкін болмауы.
Американдық кедейлер солардың өмір сүру нормаларына қатысты алғанда шынымен
де кедей тапқа жатады. Ал, дамушы не дамуы төмен елдерде американдық
қоғамның кедейлер деп аталатын бұл топтары кедей болмай шығады. Бірақ,
американдық болсын, африкандық болсын әрқайсысы өзінше кедей. Қай елде де
тұрғындардың көпшіліші қолдайтын кедейлік туралы құндылықтардың,
көзқарастардың, баға берулердің жиынтығы бар. Мысалы, кедейліктің
табалдырығы АҚШ-та жылына 100000 долларды құраса, Бангладеште жылдық
орташа табыс 120 доллардан, Бутанда 100 доллардан, Гаитиде 330 доллардан,
Малиде 130 доллардан аспайды. Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Өзбекстандағы
жылдық орташа табыс деңгейі осы көрсеткіштерге жақын.
Қамтамасыз етілмеу ретінде элементарлық физиологиялық және әлеуметтік
қажеттердің қанағаттандырылуы, бірақ, жоғары деңгейдегі қажеттіліктердің
орындалмауы жағдайындағы өмір сүру деңгейін есептейді. Адамдар тамаққа
деген қажеттіліктерін салыстырмалы түрде толық қанағаттандырады. Дегенмен,
олардың тамақ рационын толық дәрігерлік нормаларға сай келеді деп айта
алмаймыз. Олар өз деңгейінде болмаса да, демалуға да, киінуге де, емделуге
де көңіл бөле алады. Бірақ, бұл қажеттіліктің бәрі өте төмен деңгейде
өтеледі.
Кедейліктің төменгі түрі қайыршылық деген терминмен сипатталады.
Біреулердің бергендері не қайыр сұрау арқылы өмір сүруші адам қайыршы деп
есептеледі. Қайыршылықты кейде терең кедейлік деп те атайды. Қайыршылықты
абсолюттік кедейліктен ажырата білу керек. Кедейлер жалақыға, зейнетақыға,
қосымша төлемдерге өмір сүрсе, қайыршылар қатарына тұрақты қайыр сұрау
арқылы өмір сүретін адамдарды жатқызамыз. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда
қайыршылар қатарына өздерінің тек физикалық қажеттіліктерін, биологиялық
тіршілік етуін қанағаттандыруға ғана шамасы келетін адамдарды айтамыз.
Шетқалушылық кедейліктің бір түрі ретінде қарастырылады. Кедейліктің
бұл түрі адамның денсаулығына, көпбалалығына, маскүнемдігіне және т.б.
себептеріне байланысты материальдық және мәдени байлықтарға қолы жетпеуден
пайда болады. Әлеуметтік шетқалушылық түсінігі қарапайым адам құқықтарына
байланысты шектеулерге тап болып отырған және толық өмір салтын жүргізе
алмайтын тұрғындардың тобына қолданылады. Мысалы, балалар, зейнеткерлер,
мүгедектер және т. б.
Қуып жетуші кедейлік – бұл құбылыстың негізі материалдық және басқа
да құндылықтарды мәртебелі тұтынуда.
Шетелдік ғалымдар сонымен қатар алғашқы және екінші кезектегі кедейлікті те
бөліп көрсетеді. Алғашқы кезектегі кедейлік өздерінде бар қор мен күшті
максималды керегіне қарай үнемдеп пайдаланғанның және тиімді өмір салтын
ұйымдастырғанның өзінде кедейліктің шегінде қалып отырған отбасыларында
орын алады. Екінші кезектегі кедейлік қорларын тиімсіз пайдалануына
байланысты негізгі өмірлік қажеттерін өтей алмайтын отбасыларын сипаттайды.
Россия ғалымдары кедейліктің екі түрін ұсынады “тұрақты” және “жүзудегі”.
Е. Бреев пен Н. Римашевскаяның айтуынша кедейліктің тұрақты түрі
кедейлікті қайта жаңғыртады. Адамның материалдық қамтамасыз етілу
деңгейінің төмендігі денсаулықтың төмендеуіне, мамандану деңгейінің
біртіндеп төмендеуіне, мамандандық деңгейінің жетіспеуіне, ең соңында
адамдық қалыптан аыырылуыны алып келеді. Кедей ата-ананың балалары да
потенциалды кедейлер, яғни болашақта кедейлер табын толықтырады.
Кедейлердің аз бөлігі ғана өзінің ортасын тастап, жаңа жағдайға бейімделіге
күш-жігерін жұмсайды, жаңа бұрынғыға қарағанда сапалы өмір салтына ие
болады. Л. А. Гордон әлеуметтік және экономкалық кедейлікті бөліп
көрсетеді. Біріншісі әлсіз, екіншісі күшті жұмыскерлерге қатысты
қолданылады. Әлсіздердің кедейлігі бұл жұмыс істеуге қабілетсіз және жұмыс
істеу қабілеті төмен, ауыру, физикалық және психологиялық
тұрақсызадамдардың, сонымен қатар шамадан тыс салмақты көтеруге мәжбүр
жұмыскерлердің кедейлігі.
Күштілердің кедейлігі төтенше жағдайларда, яғни жұмыс істеуге қабілетті,
қалыпты өмір сүру стандартына сәйкес өмір сүруге қажетті табыс табуға
қабілетті адамдардың өзінің еңбегімен қазаігі өмірге сәкес өмір сүруге
жеткілікті табыс таба алмайындай болуының нәтижесінде қалыптасатын
кедейлік. Күштілердің кедейлігін экономкалық кедейлік ретінде көрсетуге
болады.[7]
Кедейшіліктің түрлерін төмендегідей бөлуге болады:
• жеке әлеуметтік-экономикалық топтар немесе аймақтармен
байланысты кедейшілік;
• жеке сәтсіздік жағдайлардан туындаған, жұмыссыздық, ауру
түріндегі дербес кедейшілік.
Өндірістік қатынас жағынан біршама дамыған мемлекеттерде арнайы
әлеуметтік-экономикалық топтарды қауымдастыратын тұрғын халықтың кедей
топтары өмір сүреді, олардың кедейшілік деңгейі ең төменгі күнкөріс
шамасымен анықталады. Кейбір дербес адамдар жекебасты жағдайларының
нәтежиесінде (мүгедектік, ауру себептері, ішімдік салдарынан) кедей болуы
мүмкін.
№5 лекция. Кедейлердің субмәдениеті
Кедейлер нақты субмәдениетпен сипатталады. Оларда қоршаған нақтылықты
дұрыс қабылдауға қажетті сапалар қалыптаспаған. Кедейлер нақтылықты кері
бағалауға, пессимизмге және түңілуге бейім. Шет қалу мен депривация
кедейлердің ерекшелігін көрсетеді. Денсаулыққа, көпбалалылыққа,
маскүнемдікке, нашақорлыққа байланысты материалдық және мәдени
құндылықтарға қол жетпеуі адамды шет қалуға алып келеді. Қалыпты өмір
сүруге қажетті жағдайлардың жетіспеуі адамның күнделікті құқықтарының
шектелуіне және қалыпты өмір салтын сақтай алмауына алып келеді. Сонымен,
кедейлік адамның түңілуі мен үмітінің үзілуі жағдайының нәтижесі болып
есептеледі. Қажетті білімнің, мамандықтың болмауы, материалды
мүмкіндіктеріне байланысты рухани құндылықтар мен бұқаралық ақпарат
құралдарының және мәдениетке қатысты ақпараттары-ды қолдана алмауы адамның
мәдени артта қалуына алып келеді. Кедейлер әлеуметтік-мәдени деңгейі
жағынан артта қалған адамдар. Социологтар кедейліктің субмәдениетін
көрсететеін белгілер қатарына төмендегі көрсеткіштерді жатқызады:
- экономикалық және әлеуметтік тәуелдік;
- рольдік мінез-құлықтың анық моделдерінің болмауы;
- қоғамға жат мінез-құлық;
- өмірлік жоспардың және өзіне деген сенімнің болмауы;
- отбасы ішіндегі қатынастырдығы қақтығыстардың жоғарғы деңгейі;
- отбасындағы әйелдің жетекші роль атқаруы;
- ерте жыныстық қатынас;
- физикалық күшке табыну. .[7]
Кедейлік сонымен қатар билік, статус, мәртебе сиқты саяси
атрибуттармен байланысты. Кедейлер табы тұрғындардың басқа топтарына
қарағанда саясаттан алыс тұр. Кедейлер биліктен тыс болғанымен,
тұрғындардың дені материалдық өмір сүру деңгейіне тәуелсіз барлық заңдық
құқықтарға ие қазіргі елдерде кедейлер қоғамның құқықтық және саяси
өмірінде белгілі роль атқарады. Саясаткерлер кедейлерді тұрғындардың
негізгі бөлігі ретінде билікке жету және саяси реформаларды жүзеге асыру
үшін пайдаланылады.
Қазақстан даму институты мен “Саясат” журналының 2002 жылғы наурыз айында
Алматы қаласының тұрғындары арасында жүргізілген социологиялық
зерттеулердің барысында респондентердің көпшілігі кедейлікті Қазақстан
мемлекеттіндегі ірі мәселелердің бірі ретінде санаса да, өздерін кедейлер
қатарына жатқызғандардың саны – 37,4 пайыз. Олардың ішінде 28,7 пайызы
өздерінің жағдайын орташа өмір сүру деңгейінен төмен деп бағалайды.
Респонденттердің тек 8,7 пайызы ғана өздерінің жағдайын кедейлік шегінен
төмен деп бағалайды. ). [8]
№6 лекция. Кедейлердің құрылымы
Кедейлердің әлеуметтік құрылымында өзгерістер пайда болды. Кедейлер
табы қазіргі кезде жеке басты аналармен, көп балалы аналармен,
зейнеткерлермен, мүгедектермен ғана емес, еңбекке жарамды адамдармен де
толығуда. Қазіргі кезеңдегі кедейлер қатарында келесі топтар бар:
- еңбекке жарамсыз кедейлер;
- еңбекке жарамды кедейлер;
- әрекет етуші кедейлер;
- әрекет етпейтін кедейлер;
- дәстүрлі кедейлер;
- жаңа кедейлер.
Дәстүрлі кедейлер тобына дүние жүзінде мына топтарды жатқызады:
- зейнеткерлер;
- мүгедектер;
- көп балалы отбасы;
- солдаттардың жесірлері;
- кішкентай балалары бар жас отбасылары;
- жетім балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар;
- қашқындардың отбасы.
Жаңа кедейлер тобына ресми жұмыссыздар, жалақысы өте төмен бюджеттік
саланың өкілдері, ауыл тұрғындарының басым көпшілігі, еріксіз демалыстағы
жұмыскерлер, тұрғындардың жаңа нарықтық жағдайға бейімделе алмаған бөлігі,
артта қалған қалалардың және экологиялық қолайсыз аймақтардың тұрғындары,
оралмандардың экономикалық тәуелсіздік пен жағдайға жете алмаған бір
бөлігі, таяу шет елдерден келген босқындар мен қайыр сұраушылар және т. б.
жатады.
Қ. Мұхтарова Қазақстандағы кедейлердің кейбір ерекшеліктерін атап
көрсетеді.
Біріншіден, көптеген адамдардың кедейленуінің себебі жалақының және де
басқа да төлемдердің уақытында берілмеуі, қосымша жинақтың болмауы.
Екіншіден, Қазақстандағы кедейлер өзінің сапалық құрамымен
ерекшеленеді. Олардың қатары маманданған жұмысшылармен, білімді
мамандармен, интеллигенция өкілдерімен, яғни сапалы жұмыскерлермен
толығуда. Олардың көбі тұрғындардың негізінен дені сау және еңбекке
жарамды бөлігі. [9]
Кедейлердің сапалық құрылымының өзгеруіне кедейлікке жақын тұрғындардың
табыс деңгейінің одан әрі төмендеуі де әсер етеді. Бұл кедейліктен
қайыршылыққа көшу процесін жеделдетеді. .
Кедейлер өмір сүру деңгейіне, табысы мен шығынына және басқа да
критерилеріне қарай әртүрлі қабаттар мен топтарға бөлінеді. Материалдық
жағынан қамтамасыз етілмеген топқа жататын кедейлер және өте кедейлер,
кедейлердің ең төменгі тобы бар. Бұл топқа қайыршылар мен өте мүқтаждық
көруші адамдар жатады. Бұл топты андер тапқа жатқызуға болады.
Андертап – бұл қоғамдағы тапқа жатпайтын маскүнемдер мен нашақорлар
сияқты адамдық кейіптен айрылған топтары құрайтын әлеуметтік топтар
иерархиясының ең төменінен орын алған тап. Андертап тұрғындардың кедей
бөлігі және оның оғамда пайда болуы әлеуметтік құрылымның дамуына,
тұрғындардың әлеуметтік-адамгершілік жағдайына кері әсер етеді.
Қазақстанда андертапқа жатқызуға болатын бомждар тобы бар. Бомж дегеніміз
тұрақты баспанасы жоқ, өмір сүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндей
табыс көзі мүлде жоқ және қылмысқа жақын адам. Бомж сөзссіз ең кедей топқа
жатады. Басқа да топтарды атауға болады. Мысылы, жезөкшелер, болмаса оларға
жақын топтар. Олар өзінің денесін сатумен айналысады. Кейбір деректерге
қарағанда жезөкшелердің кейбірулері ақша жинау мүмкіндігіне ие бола алса
да, олардың көбі кедейлер. Кедейлік, мұқтаждық әйелдердің кейбіреулерін
жезөкшелікпен айналысуға итермелейді.
Қазақстанның қазіргі әлеуметтік құрылымында бірнеше топтарды бөліп
көрсетуге болады:
1. табыс деңгейі төмен және материалдық жағдайы нашар адамдар;
2. кәсіби дайындығының ескіруіне не жеткіліксіздігіне, сауаттылық
деңгейінің төмендігіне, тұрған елді мекеніне байланысты, сонымен бірге
экономикалық қайта құрулардың нәтижесінде еңбек нарығынан тыс қалған
не шығарылып тастаған адамдар.
3. Табыстың кемуі мен шығынның үнемі өсуіне алып келетін күтімді қажет
ететін кәрі адамдары не ауыру адамдары бар отбасылары және балаларын
өзі тәрбиелеуші жалғыз басты аналар
4.Өмір сүру салтына байланысты проблемалары бар адамдар. Кедейлердің бұл
тобына еңбек еткісі келмейтіндер, мінез-құлқында жағымсыз қылықтары
барлар, ерік-жігері әлсіздер, тәуекелден қорқушылар және т. б. жатады.
№7 лекция. Дамуы әртүрлі елдердегі кедейлік
Қазіргі дүние жүзінде кедейлік орын алып отыр. Біріншіден, дүние жүзі
кедей және бай елдерге бөлінге. Дамыған елдердің 20 пайыз байлары бүкіл
планетаның байлығының 80 пайызын иеленуде. Ал, дамушы және кедей елдердің
80 пайызы планета байлығының 20 пайызын ғанга иеленуде. Екіншіден, дүние
жүзі елдерінің барлығында кедейлер бар. Көптеген елдерде
Кедейлер тұрғындардың жартысын не үштен бірін құрайды. Дамушы елдер
негізінен кедей елдерге жатады. Бұл елдердің әлеуметтік құрылымын негізін
кедей тап құрайтын пирамида түрінде көрсетуге болады. Кедейлер АҚШ, Канада,
Жапония, Германия, Скандинавия сияты елдерде бар. Дегенмен, бұл елдерде
кедейлер деңгейі өте аз мөлшерді құрайды. Мысалы, Швеция, Дания, Норвегия,
Швейцария, Голландия сияты елдерде тұрғындардың кедейлік деңгейі барлық
тұрғындардың 5-тен 15 пайызына дейін ауытқиды. АҚШ, Жапония, Англия,
Франция, Германия сиқты елдерде кедейлік деңгейі 7 пайыз бен 20 пайыз
аралығын қамтиды. Африка, Азия елдерінде кедейлік деңгейі өте жоғары. Бұл
елдердің ішінде миллиардтан астам тұрғындары бар Қытай, Индия сияқты елдер
бар. Бұл екі ел экономикалық, технологиялық қатынастары жағынан бір-біріне
ұқсамайтын елдер. Дегенмен, бұл екі елде де кедейлік деңгейі біршама.
Индия халқының жартысына жуығы кедейлік шекарасында өмір сүреді. ОАР –ынан
басқа Африка континентінің тұрғындарының басым көпшілігі кедейлер болып
табылады. Әсіресе Тропикалық Африка елдерінде кедейлік мәселесі өзекті
мәселеге айналуда.
Кеңес Одағы құлағаннан кейін еркіндік пен тәуелсіздік алған елдерде
кедейлік өсе түсуде. Бұл кедейлік проблемасы сол кездегі қоғамда болмады
деген сөз емес. Кедейлік әлеуметтік құбылыс ретінде барлық елдерде
кездеседі. Бірақ, сол елдің даму деңгейіне байланысты ерекшеленеді.
Кеңестік дәуірдегі кедейлік те белгілі бір дәрежеде болғанымен, өзекті
проблема ретінде қарастырылмаған. Кеңестік өкімет тұсында барлық еңбек
жасындағы тұрғындарды жұмыспен қамту әртүрлі топтағы көмекті керек ететін
адамдарға мемлекет тапапынан әртүрлі төлемақылардың болуы кедейліктің сол
кездегі сипатына әсерін тигізді. Кеңес өкіметі кезінде кедейлік жойылды
деген саясатқа байланысты бұл процесті зерттеу оқтатылып, “кедейлер”
ұғымының орнына “жағдайы төмен адамдар” ұғымы қолданылды. Кеңес Одағы да
тұрғындарының едәуір бөлігі кедейлік жағдайында болған елдердің қатарына
жатты. Кеңестік мемлекет ыдырағаннан кейін бұл кеңістікте кедейлк тереңдеп,
кеңейе түсті. Посткеңестік аймақтағы елдерде ескі экономикалық және саяси
жүйенің күйреуіне байланысты экономикалық, саяси және әлеуметтік
дағдарыстар басталды. Жаңа экономикалық механизмдердің бірден қарқын алып
кете алмауы шаруашылықтың күйреуіне, жұмыссыздыққа және басқа күрделі
жағдайлардың қалыптасуына алып келді.
Индустриалдық дамыған елдерде кедейлер қатарына жалақысы төмен
жұмыстағы жұмыссыздар не жартылай жұмыспен қамтылған адамдар, ауырулар,
жұмыс істеуге қабілетсіздер, көп балалы отбасыларының мүшелері не бір ғана
ата-анадан тұратын отбасылары, кәрі адамдар кіреді. Кедейлік таптық және
гендерлік қатынастардың көрсеткіші ретінде есептеле отырып, индустриалдық
қоғамда ол мемлекеттер арасындағы теңсіз экономикалық қатынастардың
индикаторы ретінде қарастырылады. “Үшінші елдердегі” кедейлік дамыған
елдердегі байлық жинумен тікелей байланысты. Дамыған елдерде ондаған жылдар
бойы кедейлікпен күрес шаралары жүзеге асырып жатса, дамушы елдерде бұндай
бағдарламалар енді-енді енгізілуде.
Ал кедей табына келетін болсақ дамыған елдерде олардың саны аса
көп емес. Мысалы, Швейцария, Дания, Норвегия сияқты елдерде олардың саны
5-7 пайыздан аспайды екен. Кедейшіліктің бұл елдердегі сипаты ерекшелеу.
Олардағы кедейшілік артта қалған, не жаңадан даму жолына түскен
елдермен салыстырғанда өзгешелеу. Мысалы, ол елдердегі кедей деп
саналатын топтар тұрмыс жағынан алғанда, басқа елдердің орта табынан
кем болмауы мүмкін. Бірақ та кедейшіліктің аты кедейшілік. Бай, орта,
кедей дегенде әр ел өзіндік өлшемімен белгілейді, өзіндік материалдық
тұрмыстан шығады.
Бірақ та дамыған елдерде сол елдердегі кедейшіліктің өзіндік көрінісі
бар. Кедейлікті жеңу процесі дамыған елдерде қарқынды жүріп
отырады, осыған байланысты кедейлердің үнемі саны азаяды. Бұл
елдердегі кедейлердің көпшілігі жұмыссыздар және жалақысы төмендеу
қызметтегі адамдар. Бірақ та ол топтарға әлеуметтік- экономикалық
жәрдем көлемді түрде көрсетілуде. Түрлі әлеуметтік жәрдемақылар,
зейнетақылар, қайырымдылық жәрдемдер мемлекет, қоғамдық ұйымдар,
фирма, компаниялар тарапынан осы топтарға жеткізіліп тұрады екен.
Дамыған елдердің бәрінде де азды-көпті азғындаған топтар бар.
Ондай топтарды белгілі тапқа жатқызудың өзі де қиыншылыққа түседі.
Негізінде олар кедей, жарлы адамдар тобы. Қайыр сұраушылар, панасы жоқ
болғандықтан көшеде жататындар, ұрылар, жетім балалар, қаңғып жүрген
адамдар, т. б. Бұларды біздің елде бомждар дейді, ал социологияда
андеркласс деп атайды. Осы андеркласс өте бай елдердің өзінде де
бар екендігі айқын. Дені сау адам кедейлікке ұмтылады деп тұжырымдай
алмаймыз. Дегенмен, кедейлік қоғамның дамуының нақты кезеңінде адамдардың
теңдігі деп тұжырымдаған идеологиялар мен саяси режимдер болды. Мысалы,
Қазан революциясы кезінде, 20-30 жылдары Кеңес Одағында коммунистік
идеология мен саясат кедейлердің мәртебесін көтерді. Кедейлерді сауатсыз
және меңгерген мамандықтары болмаса да жауапты қызметтерге тағайындалды.
Тіпті кейбір адамдар өздерінің пролетариат екеніне, кедей шаруалар
қатарынан шыққанына мақтаныш етті. Тек Кеңес Одағында ғана емес, басқа да
дүние жүзі елдерінің кейбіреулерінде кедейлік философиясы насихатталды.
Мысалы, Қытайда, Кубада, Солтүстік Кореяда, Солтүстік Вьетнамда және т. б.
елдерде. Үндістандағы кейбір касталарда және Тропиктік Африкада кедейлік
қалыпты жағдай ретінде қабылданады, адамдар осы жағдайдан шығуға
талпынбайды да. Бірақ, бұндай касталық философия кастаның дініне, әдет-
ғұрыптарына, байланысты. Кедейлік философиясы кедейлікті әлеуметтік құбылыс
ретінде философиялық талдауға бағытталса, өмір сүруге құқығы бар. Егерде
бұндай философия кедейлікті қоғамның дамуының заңды, қалыпты жағдайы деп
есептесе, онымен келісу қиын Ия, кедейлік қоғамның әлеуметтік ауыруы,
нақтылық. Кедейлік философиясында жер шарының миллиондаған адамының өмірін
алып кететін, адамдарды әртүрлі қиындықтар мен зәбірге ұшырататын
кедейліктен адамзатты қалай құтқару туралы сөз болуы керек. Кедей адам
әлеуметтік жағынан қор болған адам. Ол материалдық, әлеуметтік, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz