Сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартын кешенді түрде зерттеу


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Магистрлік диссертациялық зерттеу егеменді Қазақстанда нарықтың қалыптасу және даму жағдайында сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартының құқықтық мәселелерін зерттеуге арналған. Жұмыста сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастардың түсінігі мен мазмұны ашылған, осы қатынастардың субъектілері мен объектілерін анықтаудың тұжырымдамалық мәселелері талданған, берілген қатынастардың субъектілерінің құқықтық жағдайларының ерекшеліктері анықталған, сақтандыру саласындағы құқықтық қатынастарының негізгі қағидаларына сипаттама берілген. Зерттеу нәтижесінде қолданыстағы заңнама және оны қолдануды жетілдіруге байланысты теориялық тұжырымдар мен ұсыныстар жасалынды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңі және бастаған реформаларды тереңдетуге бағытталып қабылданған стартегиялық құжаттар елдің ішкі қорын және өзінің инвестициялық мүмкіндіктерін пайдалануды көздейді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму үшін маңызды салаларының бірі болып қазіргі күнде сақтандыру табылады.

Біздің елімізде көптеген онжылдықтар бойы сақтандыру мемлекеттік монополия негізінде дамыды, және сақтандыру мәселелері бір күшті орталықтандырылған ұйымның (КСРО Мемсақтандыру) қызметінің жағдайларына қатысты дамыды. Сондықтан, көпжылдық мемлекеттік монополия және жоспарлы экономикадан кейін, тәуелсіздік алған соң, Қазақстанның алдында экономиканың негізгі салаларын дамытумен қатар халықтың мүдделерен, меншіктің барлық нысандарының ұйымдасуын, және мемлекеттің мүдделерін қорғайтын ұлттық сақтандыру нарығын дамыту қажеттілігі пайда болды.

Ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастырудың алғашқы кезеңі Қазақстанның жеке өзіндік мемлекет ретінде қалыптасуының қиын жағдайларында болды. Осы жылдар ішінде сақтандыру ұйымдары сақтандыру қызметін жүзеге асыру саласында тәжірибе жинады.

Қазіргі кезде сақтандыру нарығын дамыту қоғам мен мемлекеттің алдына қойылған міндеттерінің бірі болып табылады.

«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты » атты Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігінің алдына жаңа міндеттер қойды: мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы керек.

«Бізге жеке сектордағы да, сонымен бірге, мемлекеттік сектордағы да жүйелік тәуекелдерді басқаруды дамыта түсу қажет. Үкімет, ҚБА және Ұлттық банк тәуекелдерді басқарудың икемді де сенімді жүйесін құруы керек». Осы міндетті шешуде сақтандыру қызметі де өз орнын алатыны байқалады.

Бірақ қоғам, көптеген кәсіпорындардың (ұйымдар, мекемелер) басқарушылары, жеке кәсіпкерлер, және де әртүрлі билік пен басқару органдарының өкілдері сақтандыру немесе оның жеке түрлерінің рөлін, сонымен қатар сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік реттеу қажеттілігі мен маңызын қажетті деңгейде бағаламайды. Нәтижесінде нарық жағдайында сақтандыруды дамыту ойына күмән тудыртады, ал сақтандыру көптеген дамыған нарықтық мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік өмірінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

Экономиканы нарыққа бағыттау, Республиканың саяси және экономикалық тәуелсіздігі, халықаралық қатынастардың дамуы сақтандырудың орны, рөлі мен сипатына жаңа көзқараспен қарауды мәжбүрледі. 1992-1995 жж. елдің сақтандыру нарығындағы ретсіздіктен кейін кейінгі жылдары сақтандыруды дамыту қажеттілігі туындады. Қазақстанның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың пікірінше, «сақтандыру бизнесі арнайы реттеуді талап етпейтін қызмет туралы ойдан арылу қажет. Сақтандыру ұйымдары - банктер, брокерлік компаниялар және зейнетақыны басқару ұйымдары сияқты қаржылық делдалдар және солар сияқты мемлекеттік реттеу объектісі болулары тиіс» [1] .

Сондықтан, стратегиялық мақсаттарды белгілеген кезде, біз азаматтан бастап мемлекеттің мүдделерімен аяқтап өміріміздің барлық жағдайын қамтитындай барлық қол жетімді шараларды қолдана отырып әртүрлі келеңсіз жағдайлардан бір уақытта сақтандырылуымыз қажет. Яғни, «объективті заңдылықтары бар нарықтың билігі кезінде тәуекел орын алады, демек сақтандыру қызметінің қажеттілігі туындайды».

Сақтандырудың өзекті мәселелері нақтырақ Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың VI Қазақстан қаржыгерлер конгресінде сөйлеген сөзінде айтылған (Астана қ., 15 қараша 2006 жыл) . Ол, «қаржылық сектор құрылған күш, кәсіптілік және батылдылық төмендемеу керек. Құрылғандарға сүйене отырып, біз ары қарай стратегиялық мақсатымызға жылжуымыз қажет - Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кіруі» деп атап өтті.

Ол, отандық қаржы секторының дамытудың негізгі міндеттерінің бірі ретінде сақтандыру нарығын кеңейтуді көрсетеді. «Сақтандыру нарығы үлкен әлеуетке ие халықтың сақтандыру ұйымдарына деген сенімін, сонымен қатар сақтандыру қатынастарының субъектілерінің сақтандыру мәдениетін арттыру қажет. Міндетті сақтандыру жүйесі жетілдіруді талап етеді. Халықтың әлеуметтік қорғану құралы ретінде өмірді сақтандыруды дамыту қажет» [1] .

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2014 жыл 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауында да «ауыл өндірушілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандырудың тиімді жүйесін құру және міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн» деп атап өткен болатын [2] .

Көріп отырғанымыздай, сақтандыру мәселелері өзектілігін жоғалтпайды.

Бүгінде сақтандыру пайда табу мақсатында капиталы мен өз күшін салатын негізгі сала ретінде кәсіпкерлерді қызықтырады. Екінші жағынан, сақтандыру халықтың әртүрлі топтарын қызықтырады - әртүрлі апаттардан, болжауға келмейтін қоғамдық құбылыстардан болатын зиянның орнын толтыруға, өз коммерциялық қызметінің сәтсіздіктері, коммерция бойынша контрагенттік міндеттемелерді орындамау, банктердің дәрменсіздігі кезінде салымдарды жоғалтпауға кепіл беретін жүйе ретінде әртүрлі тауар өндірушілер, тұтынушылар, шаруаларды да қызықтырады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Сақтандыру құқығы ғылымындағы ғалымдарымыздың ғылыми ізденістегі жеткен жетістігін бағалай отырып, сонымен бірге оның нарықтық жолындағы көптеген теориялық мәселелері айтарлықтай зерттеліп, шешімін таппағандықтан сақтандыру құқығы әлі де ғылыми зерттеу жұмыстарының табандылықпен жүргізіле беруін талап ететіндігін мойындауымыз қажет.

Қазақстандық ғалым-заңгерлердің сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартының құқықтық негіздері әртүрлі қырларынан ашуға негіз болған көптеген құнды ғылыми еңбектері бар. Олардың ішінен сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастарынының түсінігі, объектілері мен субъектілері, қағидалары, қайта сақтандырудың түсінігі мен түрлеріне байланысты Ю. Г. Басин, В. А. Белов, В. В. Байбак, Бремер, М. И. Брагинский, Д. А. Братусь, М. Винавер, Е. Б. Осипов, И. А. Покровский, Б. В. Покровский, В. В. Почуйкин, Ф. Релельсбергер, В. Ровный, Ф. К. Савиньи, М. К. Сулейменов, Н. Г. Сарсенов, М. К. Сулейменов, Е. А. Суханов, В. И. Сенчищев, Н. Г. Сарсенов, Самонд, В. С. Толстой, Б. Хаскельберг, З. М. Черниловский, Л. А. Чеговадзе, Б. Б. Черепахин, Г. Ф. Шершеневич, Е. Е. Шевченко, Л. Эннекцерус Дүсіпов, Н. Б. Батырбаев, С. Т. Мұстафаев, Б. А. Жұмаділов және т. б. ерекше атауға болады.

Диссертациялық зерттеудің объектісі болып Қазақстанда нарықтың қалыптасуы мен дамуы жағдайында сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартының құқықтық негіздері болып табылады.

Зерттеудің пәні болып Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартын құқықтық реттеу тетігі табылады.

Диссертациялық зерттеудің мақсаты. Сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартын кешенді түрде зерттеу, осы саладағы заңнаманы жетілдіру және оны қолдану тәжірибесіне байланысты тұжырымдамалық негіздер, теориялық ережелер, тұжырымдар, тәжірибелік ұсыныстар дайындау және негіздеу.

Диссертацияда зерттеудің мақсатына негізделген міндеттер қойылады. Қойылған мақсатқа сәйкес ғылыми зерттеудің міндеттерін мыналар құрайды:

- сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастарынының құқықтық табиғатын талдау, заңдылықтарын және нарық жағдайында олардың ерекшеліктерін анықтау;

- сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастарынының қағидаларының жүйесін талдау;

- Сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартының түсінігі мен түрлерін анықтау және мазмұнын ашу;

- Қайта сақтандырудың цессиядан, ретроцессиядан айырмашылығына жалпы сипаттама беру.

Зерттеудің әдістемелік негіздері. Зерттеу пәнін кешенді зерттеу негізінде, зерттеу танымның жалпы ғылымдық әдістері, қоғам мен табиғаттың ара-қатынасының тұжырымдамасына сүйенді, қисынды-заңдылық, құрылымдық-функционалдық және салымтырмалы-құқықтық әдістері қолданылды.

Зерттеудің теориялық негіздері. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау жолында ғылыми зерттеудің әдістемелік негізін жалпы диалектикалық танымдық әдістермен қатар, заңи логикалық, жүйелік, тарихи, салыстырмалы, әлеуметтік ғылыми әдістер қолданылды.

Магистрлік диссертациялық зерттеудің қайнар көздерін Қазақстан Республикасының Конституциясы, ұлттық және шетел сақтандыру заңнамасы, басқа құқық салаларының нормалары, сақтандыру қатынастарын реттеуде қолданылатын халықарарлық шарттар мен келісімдер құрайды.

Магистрлік диссертацияның ғылыми жаңалығы. Магистрлік диссертациялық зерттеуде ғылыми жаңалығы зерттеудің мақсаты және міндеттерімен тығыз байланысты. Ұсынылып отырған жұмыс Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартының құқықтық негіздеріне арналған кешенді түрде алғаш рет зерттелген еңбек болып табылады.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар. Жүргізілген зерттеу негізінде қорғауға мынадай ережелер мен тұжырымдар ұсынылады:

- сақтандыру саласындағы мемлекеттік ретеудiң рөлi мен мағынасын айкындау кажет;

- әлеуметтiк, медициналық және экологиялық салаларда міндетті мемлекеттiк сақтандыруды енгiзудiң делелдемесiн айқындау және олардың нормативтiк-құқықтық базасын казiргi заман талаптарына сай болатындай етiп құру қажет;

- сақтандыру және кайта сақтандыру ұйымдарының каржылық орнықгылығын және төлем қабiлеттiлiгiн қамсыздандыру, ұйымдық құқықтық нысандарын, жарғылық капиталдары мен өз қаражаттарының ең аз мөлшерiн калыптастыруды заң жүзiнде көздеу, сақтандыру қызметiн жүзеге асырушыларды лицензиялау, сақтандыру ұйымдары мен басқа да катысушыларына мiндеттi пруденциалдық және өзге де нормативтер мен лимиттердi белгiлеу, инспекциялау, сақтандыру кадағалауын жүзеге асыру, санкциялар қолдану мемлекеттік ыкпал ету шаралары ретiнде қарастырылды;

- сақтандыру қатынастарының және сақтандыру құқықтық қатынастарының өздерiне тән белгiлерi мен ұғымдары жаңадан калыптастырылды;

- «Сақтандыру қьгзметi туралы» Қазақстан Республикасы заңының қабылданылуына байланысты жүзеге асыру шаралары мен механизмдерi заң жүзінде айқындалмаған міндеттi сақтандыру түрлерi бойынша Ұлттық Банк пен басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қатысуымен әзiрленiлетiн заң жобаларын жасауға кажетті ұсыныстар берiлді;

- сақтандыру құқықтық қатынастары сақтандыру резервтерiн қалыптастыруға және пайдалануға байланысты экономикалық сақтандыру қатынастарын, сондай-ақ сақтандыру iсiн ұйымдастырып, дамытуға байланысты ұйымдастырушы сақтандыру қатынастарын құқықтық реттеу нәтижесiнде туындайды деп тұжырымдалған;

- сақтандыру саласында туындайтын шарттарға негiзделген сақтандыру қатынастарын азаматтық құқық нормалары реттесе, ал мемлекеттiк - өктем талаптарға негiзделген қаржылық- сақтандыру қатынастарын қаржылық құқық нормаларын реттейдi;

- сақтандыру құқықтық қатынастары Ұлттық Банктің Сақтандыруды қадағалау департаментi мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары - сақтандырушылардың арасындағы лицензия беруге, сақтандыру резервтерiн қалыптастыру және орналастыру ережелерiн белгiлеуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық көрсеткiштерi мен есеп беру нысандарын белгiлеуге, сақтандыруды тоқтатып қоюға немесе шектеуге, сондай-ақ лицензияны қайтарып алуға байланысты туындайтын қатынастар.

Зерттеудің эмпирикалық негізі . Зерттеу мәліметтерінің жинақталуы зерттеу жүргізу, мемлекеттік органдарының тәжірибелік қызметін, сот тәжірибесінің статистикалық мәліметтерін зерттеу барысында жүргізілді.

Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасында дайындалды.

Зерттеу нәтижесінің негізін қалаушы басты ғылыми тұжырымдар мен тәжірибелік ұсыныстары әртүрлі ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, ғылыми хабарламаларда баяндалды. Магистрлік диссертацияның зерттеу бағыты бойынша жасалған тұжырымдар магистрдің Ғылым, білім және инновация: Жастардың ғылыми шығармашылығы атты ғылыми жинақта, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің хабаршысында көрініс тапты.

Дисертацияның құрылымы мен көлемi Магистрлік диссертация көлемі 80 бетті құрайды. Магистрлік диссертацияның құрылымы зерттеудің негізгі мақсат міндеттеріне сай. кіріспеден, сегіз бөлімшені қамтитын екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастардың түсінігі және жалпы сипаттамасы

«Сақтандыру» деген сөз "сақтан" не «үрей» деген сөзден шыққан. А. И. Худяковтың пікірінше, «сақтандыру термині «үрей» деген сөзден пайда болды. Кез келген саналы адам өзінің тіршілік жағдайлары мен шарттарының нашарлауынан қорқады (өмір жағдайының, өндіріс шарттарының және т. б. ) және өзінің келешектегі қамын ойлай барынша өзін қауіпсіздендіруге ұмтылады (сақтандырады) » [3, 7 б. ] .

Сонымен қатар, «сақтандыру» деген сөз (сақтандыру, сақтандырылу) қандай болмасын істе кейде сүйеу мағынасында қолданылады, қай кезде де сәттіліктің кепілдіктері және т. б. Қазіргі уақытта осы терминді барлық жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау құралы ретіндегі мағынада жиірек қолданылады.

Сақтандырудың алғашқы түрлері ерте заманда пайда болды. Қазіргі уақыттағы қайнар көздерге сүйенсек, сақтандыру сипаты бар келісімдер құл иеленушілік қоғамда да кездескен. Бұл келісімдер жылжымайтын мүлікке, саудаға, қарыз шарттарына, сонымен қатар теңізде кеме жүзуде кездеседі. Келісімдердің ең басты мәні болып, теңіз кемелері және теңіз жүктерін тасуға байланысты мүмкін болатын зиянның тәуекелін осы келісімдерге мүдделі тұлғалар арасындағы бөлу. Сақтандырудың ең ертедегі ережелерінің бірі Талмуд кітаптарыда баяндалған. Егер бір малшының малы жоғалып кетсе, Талмуд басқа малшыларға жоғалған малдың орнына тек мал беруге бұйрық берді, бірақ не болса да ақша емес. Сол кезде негізгі қағидалар қаланған болатын: сақтандыру - тәуекелден сақтану, ол еш жағдайда байытуға қызмет ете алмайды.

Сақтандыру пайда бола бастаған кезінде, бастапқы түрлерінің негізінде өзара міндеттемелермен қамтамасыз етілетін өзара ұжымдық көмек болды [4, 23 б. ] .

Төңкеріске дейінгі азаматтық құқық оқулықтарында сақтандыру шарты ретінде бір тұлға - «сақтандырушы» басқа тұлғадан - «сақтанушы» өз тәукеліне мүлікті қабылдайды, яғни жазатайым оқиғадан мүлік жойылған жағдайда төлеуге міндеттенуіне байланысты шарт ретінде анықтама берген.

Экономиканың дамуымен мүліктік мүдделердің артуынан сақтандыру ұйымдарының саны өсті, олардың шаруашылықтың басқада салаларына салымдары және айналымдағы капиталы өсті. XVIII ғ. 60-жылдары басында Батыста 100 түрілі мүліктік және жеке сақтандырудың түрлері болды. Сақтандыру дамып экономиканың қажеттіліктеріне толық жауап берді және адамның барлық қызмет саласында сақтандыру жылдам тарады. Сақтандырудың түрлері мен әдістері уақыт қажеттілігіне қарай өзгеріп отырды. Мысалы, 1706 ж. өмірді сақтандыратын бірінші қоғам құрылған болатын, ал XVII-XIX ғғ. сақтандыру қызметтерінің жаңа түрлері пайда болды, оларға малдарды сақтандыру, бұзу арқылы ұрлықтан, қаржылық шығындардан, жазатайым оқиғалардан және сақтандырудың басқа түрлері.

Ресей империясының құрамына кірген Қазақстан аумағында сақтандыру жеткілікті деңгейде дамыған жоқ. Жергілікті қазақ халқының өмір салты мен шаруашылығы (көшпенді және жартылай көшпенді мал шаруашылығы), экономиканың және өндіріс күштерінің төмен деңгейде дамуы сақтандыруды кең тарауына жағдай жасамады. Егер сақтандыру келісім-шарттары жасалса да, ол тек қана Ресеймен шекараға шектесті ірі қалаларда (Орынборда, Оралда, Атырауда және т. б. ) және жер шаруашылығымен айналысатын аймақтарында жасалды.

Қазақстан халқының күнделікті өмірінде және экономикасына сақтандырудың нақты енуі төңкерістен кейінгі кезеңде орын алды.

Кең мағынада «сақтандыру» кез келген нәрсенің жағымсыз садарынан қорғануды білдіреді. Осы мағынада сақтандыру адамның өзімен пайда болды және табиғаттың, сонымен қатар барлық тірі жанның ажырамас бөлігі ретінде пайда болды. Сақтандырудың алғышарттары болмыс, адамдардың арасындағы қарым-қатынастар негіздерінде қаланған. Адам өмірі мен денсаулығы, оған тиесілі мүліктің тағдыры бұлтартпас оқиғаларға тәуелді болады. Соңғылардың салдарына адамның қызметімен байланысты материалдық объектілер ұшырайды.

Осы арада сақтандырудың жаңа түрі пайда болды «өзін-өзі сақтандыру» немесе «дербес сақтандыру» олардың мәні адам ойда болмаған жағдайлар мен оқиғалардың өндірістегі кідірістің алдын алу үшін материалдық және ақша қаражаттары құралдардың қорларын құратындығында. А. И. Худяковтың пікірінше, «өзін-өзі сақтандыру деп тұлғаның өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуі үшін дербес шаралар қабылдайтындығын түсінеміз. Осы сақтандыруда тұлға өзін өзі сақтандырушы болып табылады. Аталған сақтандыру белгілі бір зардаптың, қандай болмасын зиянды оқиғаның нәтижесінде (келтірілген зардаптың орнын толтыру мақсатында) жағымсыз салдарын жою үшін қажет арнайы («сақтандырушы») табиғи және ақшалай қорларды жинауды білдіреді [3, 8 б. ] .

Сонымен қатар әр түрлі «өзара сақтандырулар» пайда болды, яғни қандай да болмасын қасіреттен бірнеше адамдар тобының бірін біріне көмек көрсету туралы келісімдері, өзара жәрдем кассасын құру арқылы. Осылай сақтандырудың екінші түрі пайда болды, оны қазіргі уақытта «өзін сақтандыру» деп атайды.

Ағылшын тілінде «сақтандыру» термині «сенімділік» деген сөзден туындаған, қандай да бір нәрсенің тағдырдына байланысты ұайымдамау сияқты түсіндіруге де болады, біреуден көмек алатынына үміттенуі. Сонымен, күнделікті тәжірибеде сақтандыру ісінде «тәуекел» ұғымы әр түрлі құбылыстардың белгілеуі үшін қолданылады, оған: сақтандыру оқиғасының туындауының мүмкіндігі, сақтандырудың объектісі мен сақтандырушының жауаптылығы [5, 19 б. ] .

Бұл фактіге М. Б. Смирнова назар аударады: «сақтандыру» қысқаша тұжырымдамасы келесідей түсінктерімен қызықтырады. Барлық европалық тілдерде «сақтандыру» термині «қамтамасыз ету» мағынасын білдіреді (неміс тілінде Versicherung және Assekuranz; француз тілінде assurance; ағылшынша assurance және insurance; итальян тілінде assicurazione; испан тілінде seguridad және т. б. ) . Кейбір латын түбірін қолданбайтын тілдерде де орын алады («securus»), мысалы, поляк тілінде - ubezpieszenie.

Демек, бізге айқыны, бірнеше ғасыр бойы сақтандыру жүйе ретінде, ең алдымен тәуекелдің әртүрінен халықтың мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Бұдан, сақтандыру тәуекелдердің превенциясы бойынша ең басты институты болып табылады» [6, 8 б. ] .

Сақтандыру инвестициялық әлеуетті жоғарлатады және ұлттың жай күйі мен байлығы арттыруға мүмкіндік береді [7, 3 б. ] .

Сақтандыру қазіргі таңда өмірдің әр түрлі аясында жиі кездесетін, түрлі жағдайлардың жағымсыз салдарынан азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерін қорғаудың бір тәсілі. А. В. Серебровскидің айтуы бойынша: «Тәуекелді барынша азайту шаруашылық қызметтің иесі - адамның болашаққа сенімділікпен қарауына мүмкіндік береді. Осылайша сақтандыру моральдық мағынаға ие: ол адамның белсенділігін арттырады [8, 434 б. ] .

Адамдар өздерінің жылжитын және жылжымайтын мүліктерін өрттен, селден, опат болуынан барынша сақтауға тырысады. Кәсіпкерліктің дамуы бизнес бойынша серіктердің сенімсіздігі, нарықтың өзгеруі, контрагенттердің дәрменсіздігі және т. б. жағдайлардың нәтижесінде зардаптардың пайда болу тәуекелінің дәрежесінің артуына әкелді. Бұл өз кезегінде сақтандырудың дамуына себебін тигізді. Уақыт өте осы қажеттіліктер азаймайды, керісінше азаматтардың мүліктік жағдайының өсуіне байланысты өзектілігі артады.

Бірте-бірте сақтандыру кәсіби айналысатын адамдар мен ұйымдарды бөле отырып, қоғамдық өндірісте қызмет етудің арнайы саласына айналды. Осыдан келе сақтандыру қызметін құқықтық реттеу қажеттілігі пайда болды.

Сақтандыруды дамыту мемлекеттік бағдарламасында заманауи және тұрақты ұлттық сақтандыру нарығын құру көрсетілген. Бұндай сақтандыру нарығы мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық субъектілердің мүдделерін қорғайтын құрал болуы керек. Сонымен қатар, тиімді сақтандыру жүйесін құру мемлекеттің әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі болу керек [9] .

Бағдарламаға сәйкес, сақтандыру саласы адамның өмірінің барлық жақтарын қамтиды, өндіріс және әлеуметтік-экономикалық қызметі. Сақтандырудың дәстүрлі-өтем ақылығынан басқа да қызметі көрсетілген. Қазіргі таңда сақтандыру жинақтаушы-сақтаушы қызметін жүзеге асырады.

Сақтандырудың маңыздылығын көрсететін бірнеше факторлар бар. Ол мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен мөлшеріне тәуелсіз қоғам мен ұйымдардың әртүрлі мүдделерін қорғауға қосымша мүмкіндік береді. Табиғи және техногенді апаттар салдарын жою ауыртпалығы мемлекеттік бюджетке түседі және ол өз шегінде объективті шектеулі болады. Сонымен қатар, сақтандыру тетігін қолдану кәсіпкерлік қызметтің дамуын жетелдетуге, пайдаланылатын өндіріс технологияларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Сақтандыру жүйесі республиканың экономикасының сенімді және тұрақты дамуына, халықтың әлеуметтік қорғалуын, азаматтардың және шаруашылық субъектілердің мүліктерін сақтандыруды жоғарылатуға жағдай жасау керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастар қағидаларының жүйесі
Азаматтық құқықтағы міндеттеме ұғымы
Сақтандыру құқықтық қатынастардың жалпы сипаттамасы
Үлестік құрылысқа қатысу институты
Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету әдістері мен нысандары
Банктің несие саясаты
Сақтандыру мәселелерінің заңнамалық регламенттелуі
Банктік несиенің қайтарымдылығын камтамасыз ету жолдарын жетілдіру
Акшалай талапты беріп қаржыландыру шартының жалпы ережелері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАРЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz