САҚ ӨНЕРІ
Кіріспе
Еуразия құрлығында өмір сүрген сақ (скиф) тайпалары археологиялық
деректер бойынша б.з.б.VІІІ-І ғ.ғ. Оңтүстік Сібір, Орта Азия, Батыс
Түркістаннан бастап Балхаш, Алтай, Памирге дейін жерлерді мекендеген. Олар
ежелгі өркениетті мемлекеттер - Грек, Қытай, Парсылықтармен мәдени, саяси -
экономикалық байланыста болды. Сондықтан сақтар (скиф) туралы тарихи
деректер гректер мен римдіктерде (Геродот, Хэрил Самосский, Ктесия,
Страбон, Аррион, Птоломей) Бехистун сына жазуларында қытай деректерінде
және үнді халқының әдеби ескерткіштерінде ("Рамаяне", "Махабхарате")
кездеседі. Грек тарихшылары сақтарды өз деректерінде "азиялық скифтер" деп
атаса, ал парсылықтар "сақтар", үнділер "шакья" деп атаған.
Орта Азия, Сібірден бастап Қара теңіз жағалауына дейін өмір сүрген сақ
(скиф) тайпаларының тарихы бүгінгі күні өз деңгейінде зерттелген жоқ.
Берілген оқу құралында этнографиялық материалдарга әтноинтерпретациялық
талдау жасалды. Кітапқа енген көне ескерткіштер Таулы Алтайдағы Улаған өзен
өңіріндегі Пазырық обаларынан табылған. М.П.Грязнов (1929) пен
С.И.Руденконың (1947-49) қазба жұмыстары кезінде табылған көне
ескерткіштері қамтылды. Археологтардың тапқан материалдық заттары сақтардың
(скиф) салт-дәстүрі мен тұрмыс- тіршілігіне толық сипаттама бере алмады,
сондықтан ежелгі грек тарихшысы Геродоттың деректері пайдаланылды.
Геродоттың шығармалары б.з.б. V ғ.ғ. бұрын жазылғандықтан бізге огаштау
исседон, массагет, андрофаг тайпаларының салт-дәстүрлеріндегі өзіндік
ерекшеліктер жазылган. Сондай-ак, Геродот шығармасындары кейіпкерлер мифтік
дүниетанымнан туған тұлгалар болуы да мүмкін. Соған қарамастан грек
гұламасының шығармасында көшпелілерге қатысты құнды мағлұматтар көп. Сақ
(скиф) мәселесін зерттеген ғалымдардың барлыгы Геродоттың тарихи
деректеріне сілтеме жасады. Ежелгі антикалық кезеңде өмір сүрген
көшпелілердің тарихы Геродоттың еңбегінің IV-ші томында кең қамтылған.
Геродот сармат, аргипей тайпаларының тілдеріне қатысты сипаттама береді.
Скиф тілі туралы болжамдар болмаса нақты деректер жоқ. Егер аитикалық
авторлардың шығармаларына сүйенсек бір этникалық топты құрайтын әр тайпаның
тілдерінде өзіндік ерекшеліктері болған. Сақ ( скиф) тайпалары б.з.б I ғ.
этникалық жағынан туыстас тайпаларды біріктіріп өркениетті мемелекет
құрады. Сақ (скиф) патшасы Атей б.з.б. 339ж. сақ (скиф) тайпаларын
біріктіріп Александр Македонскийге қарсы жорыққа шыққан. Сақтар (скиф)
б.з.б.VII ғ.ғ. Кимирейліктермен соғысып жеңіске жетті. Ал, б.з.б. VII f.f.
70 жылдарында олар Үндістан, Сирия, Палестинаны жаулап алады.
1. САҚ ӨНЕРІ-ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ АРХЕТИПІ.
Ресей ғалымдарының жүргізген археологиялық жұмыстарының сақ.,
мәдениетінің б.з.б. VIII-I ғ.ғ.. өте жоғары болғанын дүние жүзіне
дәлелдеді. В.В.Радлов 1865 жылы Алтайдағы Қатан өзенінің бойындағы Қатанды
қорғанында қазба жұмыстары кезінде көптеген құнды дүниелер тапты. Алтайдағы
үлкен Улаган әзен әңіріндегі Пазырық шатқалында сақ (скиф) кезеңдерінен
қалған әр түрлі көлемдегі бес обаны 1929 жылы М.П.Грязнов, ал 1947-49
жылдары С.И.Руденко зерттеген. Археологтардың қазба жұмыстары кезінде
табылған материалдық заттар сақтар туралы толық мағлұмат бере алмады.
Олардың қоғамдағы дәстурлері мен наным- сенімдерін, сондай-ақ ділін, тілін
ежелгі антикалық авторлар жазып кеткен. Темір кезеңінде өмір сүрген сақ
(скиф) тайпалары туралы жазылган ежелгі грек антикалық авторлардың тарихи
деректерін екі топқа бөліп қарастыруға болады:
I. Ежелгі грек антика тарихпшыларының деректері Геродот (б.з.б. V f.),
Ксенфонт (б.з.б VI - V f.f.), Птолмей (б.з.б II f.)
ІІ.Ахеменидтердің сына (ежелгі парсылықтар) жазулары. _ Сақ (сакиф)
тайпаларына қатысты Геродоттың "История из девяти книг" деген шығармасының
IV томы скифтерге арналған. Геродоттың еңбектерінде сақтар (скиф) мен
қазақтардың арасындағы тарихи-мәдени сабақтастык, берілген. Ежелгі автор
негізінен сақтардың (скиф) қоғамдагы салт-дәстүрі мен ежелгі діни
дүниетанымын баяндаса, ал Ктесий еңбектерінде сақтардың (скиф) өәкери
жорығы мен Мидия, Парсы елдерімен саяси қарым - қатынасы жазылган.
С.И.Руденко:" сақтар (скиф) өз территориясында ерекше кешпелі тұрмыс -
салтын қалыптастырды"- дейді. Еуразия құрлығында өмір сүрген әртүрлі
этникалық тайпалардың құрамында европалық және моңғол типтес нәсілдер сақ
(скиф) көшпелілердің біртұтас идеологиясы мен мәдениетін қалыптастырды.
Геродот көшпелілер өмір сүрген жерлердің сақ - номад, сақ- егінші, сақ-
аңшы топтарының еншісінде болғанын айтады. Ол сондай- ақ сақтарды
кәсіпшілігіне қарай Батыста сақ - номадттар, ал Шығыста сак, - егіншілер
өмір сүрген деп бөлген.
Сақ (скиф) тайпалары өмір сүрген жерлер өте құнарлы. Египетте қанша
каналдар болса, көшпелілердің жерлерінде де сонша өзендер ағады. Олар:
Истр, Тирас, Гипанис, Борисфен, Павтикап, Гипакирис, Герр, Танаис. Ежелгі
адамдар өзен-көлдердін, жағалауындағы құнарлы жерлерде қоныс тепкен.
Сақтардың (скиф) үй құрылыстары туралы деректер өте аз. Таулы Алтай
өңірінде салынған қорғандардың ішкі құрылысы ғалымдардың пайымдауынша
сақтардың үйлерінің ежелгі нұсқасы болуы мүмкін. Ауқатты сақтардың үйлері
ағаштан, ал шөл далада өмір сүрген сақтардың ғимараттары қыштан салынған.
Еуропа сақтар (скиф) қоршалған қамалдардың ішіне үйлер мен мал ұстайтын
қораларды бірге салған. Көшпелі тайпалар ежелден тұрмыс -тіршілігне ыңғайлы
киіз үйлер мен киізбен жабылган арба үйлерде өмір сүрген. Мұндай үй Еуропа
мен Орта Азия сақтары үшін олардың көшіп - қонуына өте қолайлы болған.
Сақ (скиф) кезеңінде көшпелілер Орта Азия, Тянь-Шаньнің шығысы мен
моңғолия даласынан бастап, Қытайдың Солтүстігіндегі Ордосқа дейінгі аймақты
алып жатты. Орта Азия, Солтүстік Қара теңіз, Орталық және Батыс Алтайда,
Минусинскі, Ордоста археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған көне
ескерткіштердің ұқсастықтарын М.И.Артамонов қытай тарихи деректеріне
сүйеніп, бұл тайшалардың этникалық түптамыры бір деп тұжырым-дайды.
Археологияда бұл кезең "скиф мәдениеті" немесе "скиф - сібір мәдениеті" деп
аталып кеткен.Бұл мәдениетпен қатар сақтарға (скиф) туыстас ирандық
тайпалар да өмір сүрген. Топономиктердің деректерінде ирандық тайпаларға
қатысты географиялық атаулар Оңтүстік Сібірден бастап Енисейге б.з. дейін
сақталган. Ал, В.Бартольд: "Орта Азияда арий тайпалары өмір сүрген деп
жорамалдағанымен, бұл тайпалар жергілікті тұрғындар ма, әлде басқа жерден
ауып келгендер ме ? - деген сұраққа нақты жауап жок,"- дейді.
Көшпелілердің мәдениеті мен тарихының қалыптасуына Ұлы держава
идеологиясының кері әсері тиді. Г.Е.Грум-Грижмайло Орта Азияда ақ нәсілді
тайпалардың тұрғанын дәлелдеу үшін жиырма бес жыл ғылыми зерттеулер
жүргізді. Оның пікірінше: "Орта Азияда жирен шашты, бастары сопақ, ұзын
бойлы болып келген динлин европалық нәсілі өмір сүрген " - дейді. Ол
динлиндерді (тиглич) ежелгі угрофин тайпасына жатқызады. Олар Саяно -
Алтай, Гоби жерін мекендеген, сондай - ак, Солтүстік Қытайды жаулап алып,
Чжоу әулетін құрды деген пікір бар. Қаңлы мен үйсіндер б.з.б III ғасырдың
орта шеніне дейін Қытайдың Солтүстігінде мекендеген Орта Азида этносаяси
топтардың бірігуінен пайда болған ежелгі тайпалар. Олардың, орталығы Іле
өзенінің Оңтүстігінде Ақсу қалашығы. Г.Е.Грум - Грижмайло "ақ еуропалық
нәсілді" бір тайпаның бойынан ғана емес, ол жеке тайпа көсемінің бойынан да
табуға тырысқан. Ғалым б.з. ХШ ғасырда өмір сүрген бойы биік, батыр
тұлғалы, сақал қойған, ақ құба Шыңғысханды динлиндердің соңғы ұрпағына
жатқызады.
Сак, (сқиф) қоғамына еуропалық, моңғол нәсідді адамдар аралас өмір
сүрген. Олардың қоғамында патриархальды тап болғанына қарамастан сақ
әйелдері еркектер мен қатар аң аулап, соғыс жорықтарына қатынасып, елін
жаудан қорғаған. Жауынгер әйелдердің; соғыс жорықтарына қатысуы
архерлогиялық қазба жұмыстары кезінде делелденді, олар қорғандарда соғыс
қару-жарақтары мен бірге жерлеген. Көшпелі өмір сүрген сақтардың негізгі
кәсібі малшаруашылығы болғандықтан оларга үнемі кең алқап, құнарлы жерлер
қажет болған. Осындай жерлер үшін сақ тайпаларының арасында жиі қақтығыстар
болган.Тайпалардың бір-бірінің малдарын айдап кетуі дәстүрге айналған десек
те болды. Мұндай қарақшылық ерекеттер қазақ даласында кейінгі ғасырларда да
сақталған. Барымта - бір тайпа, екінші тайпаның малын айдап кету сақ
кезендерінде пайда болған" - дейді С.И.Руденко. Барымта қазақтарда кеңес
үкіметі орнағанға дейін сақталған. Мындаған мал ұстаған бай - шонжарлар
мен ру арасындағы келіспеушілік кезінде бір-бірінің малын айдап кетіп
отырған.
Сақтар темірден гөрі алтын, күміс, қоланы көп қолданған. Қорғандарда
темір заттардын, кездеспеуі, сақтар темірден жасалған заттарды мүлдем
қолданбады деп үзілді-кесілді пікір айтуға болмайды. Темірден сақтар
негізінен қару-жарақтар жасаған.
Сақ (скиф) кезеңдерін зерттеген ғалымдар жергілікті ерекшеліктеріне
қарай бірнеше кезеңге бөліп қарастырады.
М. М.П.Грязнов Таулы Алтай қорғандарын б.з.б VІІІ ғ.ғ., Пазырық-б.з.б.Ү-
ІІІ ғ.ғ., Шібе б.з.б.ІІ ғ.ғ.
II. С.В.Кисилев Маиемер кезеңі: ерте б.з.б VII -VI ғ.ғ.; көне б.з.б.Ү-IV
f.f., б.з.б.Ш-І г.г. Пазырық қорғандары.
С.В Кисилев Таулы Алтай мәдениетінде ерекше бөліп көрсеткен кезеңі -
Маиемер. Ол сол кезеңінің айрықша белгілері:
1. Ер - тұрман жасаудағы өзіндік тәсілдер;
2. Қоладан жасалған айнаның бейнелеу мәнері;
3. Қорғанда темірден жасалған бұйымның кездеспеуі.
Мұнда "қорғандарда темірден жасалган бұйымдар кездеспейді"- деген
С.В.Кисилевтің пікіріне күмән келтіруге болады. Сақ шеберлері
қаружарақтарды темірден жасаған. Сақ обаларының ғасырлар бойы тоналғанын
ескерсек, ең алдымен темірден жасалған қару -жарақтар қолды болғ ан деп
айтуга болады.
Ғалым С.И. Руденконың пікірінше скиф-сармат немесе сармат мәдениеті
археологиялық деректер бойынша б.з.б. VIII- I ғ.ғ. деп белгілейді.
Сондықтан М.П.Грязнов келтірген белгілерді С.И.Руденко темір дәуірінің ерте
кезеңдеріне сай келеді деп пікір айтады. Ал, С.В.Кисилев Пазырық
қорғанындағы гұн-сармат кезеңдерін моңгол жеріндегі Ноин - ула мен
салыстырмалы түрде қарастырган деп қарсы пікір айтады. Пазырық, ғұн-сармат
кезендерін, Ноин - ула, моңғол кезеңдерімен салыстыра отырып, мынандай
ортақ белгілерді С.В.Кисилев келтіреді:
І.Таулы Алтайда орналасқан Пазырық қорғандары мен моңғол жеріндегі Ноин
- ула қорғандарының ұқсас белгілерінің бірі жерлеу рәсімі, ал айырмашылығы
Пазырық қабірінде мәйітпен бірге жылқылардың көмілуі;
Киімдерінің сыртқы пішінінің ұқсастығы;
Тұскиіз, сырмақ, кілемдердің жасалу тәсілдері мен оған бейне-
ленетін ою-өрнек элементтерінің ұқсастығы;
Құрбандық табақтарының бірдей болуы;
5.Жерлеу рәсімінде бұрымдарды қиып , оны мәйітпен қатар көмуі.
Сақ ою-өрнек элементтерінің көшпелілердің бәріне ортақтығын Забайкалядагы
гұн қорғандарындағы Дэрестуискиден табылған жәдігерлер дәлелдей түседі.
Ал, Минусинскідегі Таштық жерлеу рәсімі алтайлықтармен ұқсас жақтарымен
қатар өзгешеліктері де кездеседі:
І.Таштық жерлеу рәсімінде мәйіттің бетіне оюланған маскіні кигізуі;
2.Ағаштан ойып жасалған ожауға ұқсас ыдыстар;
3. Аттың басын егіз мәнерде бейнелеу;
Мәйіттің басына (мидың алынып тасталуы) трепанация жасау;
2. Сақ дәстүріндегі рәміздік ұғымдар.
Сақ қоргандарының ішінде мәйітке маскі кигізу тек Таштық обасында
табылған. Оюланған маскіні мәйіттің бетіне кигізіп жерлеу
ежелгі адамдардың түсінігінде оның құдаймен тілдесуіне мүмкіндік
береді деп ұққан. Мүсіндерді егіз мәнермен жасау барлық аймақтарда
кездеседі. Адамның басына (мидың алынып тасталуы)трепанация
жасауды да сақтардың(скиф) жерлеу рәсімімен байланыстыруға болады.
Таулы Алтай өңіріндегі Пазырық қорғанында жерленген еркектер
мен әйелдердің шаштары тықырланып алып тасталған. Шаш еркек-
тердің желке тұсында, ал әйелдердің төбесінде қалдырылған. Алтайлықтардың
шашты тықырлап алып тастау дәстүрі жерлеу рәсіміне
қатысты болған. Мұндай құбылысты бальзамдау кезінде бастан миды
алып тастаумен байланыстыруға болады. Олардың тірі кезінде шаш-
тарының ұзын болатындығын дәлелдейтін шашты жинайттаушылар обалардан
табылды. Н.Я.Бичурин: "Уханьдықтар бастары жеңілдеу үшін шаштарын
"тықырлап алып тастайды, ал олардың әйелдері күйеуге шығардың алдында
шаштарын өсіріп, екіге бөлінген бұрымының үстінен бас киім киген" - дейді.
Н.Я.Бичуриннің тарихи деректеріде сақ әйелдерінің шаштары ұзын болатындығы
жазылған. Ал, әйелдер жерленген қорғандарда кесілген ұзын бұрымдар
табылган. Таулы Алтай, Таштық, Ноин-ула обаларынан табылған заттарға
этноинтерпретация жасап олардың ұқсастықтары мен қатар өзгешеліктерін
қарастырған болатынбыз. Кең аймақты иемденген сақтардың (скиф) қолөнер,
бейнелеу өнері мен салт дәстүрлерінде ұқсастың жағы басымдау. Сарматтардың
дәстүрлері мен қолөнер саласындағы айырмашылықьар:
І.Новочеркаскі тәжі (диадемасы) және кумістен жасалған
ыдыстардың жасалу мәнері;
2.Қола айвалар;
З.Тастан жасалған құрабандық ыдыстар;
4. Зергерлік бұйымдардагы полихром әдісі.
Қол айналар, құрбандық ыдыстар барлық сақтарда (скиф) кездеседі, ал
өзгешелік олардың жасалу мәнерінде. Сарматтардың зергерлік бұйымдарын өрлеу
полихром тәсілі, соларға ғана тән мәнер. Батыс Казақстандықтар зергерлік
бұйымдарды әрлдеуде полихром тәсілін қазірде қолданады.
Таулы Алтай, Минусинскі, сарматтардың мәдениетінде ортақ мәнермен қатар,
айырмашылықтар да кездеседі. Алтыннан, қоладан жасалған бұйымдарды
әшекейлеуде "аңстилі", киім үлгілерінің ұқсастығы. Ортақ дәстүр мен
қолөнердің ұқсастығына қарамастан, әр тайпаның өзіндік ерекше тұстары бар.
Қорғандарда жерленген жылқылардың бәрінің жалы мен құйрығы қырқылған. Аттың
жалындағы қылының ұзындыгын 25 см қалдырылған. Мұндай гұрып алтайлықтарда
ғана емес сол кезеңнің садақтыларының арасында кең тараған. Алтайлықтарда
жерленген жылқылардың құйрықтарының түйіп байлаган немесе бұрым қылып өру
дәстүрі болған. Пазырық қорғанында жерленген аттардың жартысының құйрықтары
бір рет байланып, қалғандарының құйрықтары бұрым болып өрілген. Бұл гұрып
алтайлықтарға ғана тән. Ал, монғол жеріндегі Ноин-Ула қорғанында бұрымды
бөлек кесіп, мәйітпен бірге жерлеген. Бұл рәсім басқа сақ тайпаларында
кездеспейді. Мұндай дәстүрді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz