Сақтандыру. Сақтандыру шарты



Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Сақтандыру
803-бап. Сақтандыру шарты
1. Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын
төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы Усақтандыру жағдайы
басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру
сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға)
сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.
2. Сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік
негізінде сақтандыру жүзеге асырылады.
804-бап. Осы Кодекспен реттелетін сақтандыру қатынастары Сақтандырушылар
мен сақтанушылар арасындағы қатынастар, сондай-ақ олардың сақтандыру шартын
жасау және оны орындау процесі кезінде туындайтын сақтандырылғандармен және
пайда алушылармен қатынастары осы Кодекспен реттеледі.
805-бап. Сақтандыру нысандары
1. Сақтандыру нысандары:
1) міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;
2) сақтандыру объектісі бойынша -жеке және мүліктік;
3) сақтандыру төлемін жүзеге асыру негіздері бойынша жинақтаушы және
жинақтаушы емес болып табылады.
2. Сақтандыру қызметін лицензиялау мақсатында заң актілерінде өзгеше жіктеу
көзделуі мүмкін.
806-бап. Міндетті және ерікті сақтандыру
1. Міндетті сақтандыру - заң актілері талаптарына орай жүзеге асырылатын
сақтандыру.
2. Міндетті сақтандырудың түрлері, тәртібі мен талаптары заң актілерімен
белгіленеді.
3. Өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндетін азаматқа заң
актілерімен де, шартпен де жүктеуге болмайды.
Міндетті сақтандыру сақтанушының есебінен жүзеге асырылады.
4. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырудың осы түрін реттейтін
заң актілерінде жазылған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға
міңдетті.
5. Міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрін жүзеге асыруға
лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады. Мұндай шартты жасасу жоғарыда
аталған сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.
6. Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын
сақтандыру.
Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың
келісімі бойынша белгіленеді.

807-бап. Сақтандыру объектісі
1. Заңды тұлғаның немесе азаматтың кез келген мүддесі сақтандыру объектісі
бола алады.
Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру объектісі сақтандырудың
осы түрін реттейтін заң актілерімен айқындалады.
2. Сақтанушының құқыққа қайшы мүдделері сақтандыруға жатпайды.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген мүдделер объектісі болатын сақтандыру
шарттары жарамсыз болып табылады.

808-бап. Міндетті сақтандыру туралы ережелердің бұзылу зардабы
1. Заң актілеріне сәйкес пайдасына міндетті сақтандыру жүзеге асырылуы тиіс
болған адам, егер оның сақтандырылмағандығы белгілі болса, осы міндет
жүктелген тұлғадан оны сот тәртібімен талап етуге құқылы.
2. Егер сақтандыру міндеті жүктелген тұлға оны жүзеге асырмаса немесе
сақтандыру шартын заң актілерінде көзделгенмен салыстырғанда
сақтандырылғандардың жағдайын нашарлататындай жағдайда жасаған болса, бұл
тұлға сақтандыру жағдайы басталған кезде дұрыс сақтандыру кезінде
сақтандыру төлемі қандай талаптарда жүзеге асырылатын болса,
сақтандырылғандардың алдында сондай талаптарда жауапты болады.
3. Заң актілерімен сақтанушы болу міндеті жүктелген тұлға осы Кодекстің 806-
бабының 5-тармағына сәйкес сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті, алайда
одан жалтаратын сақтандырушыны заң актілерінде көзделген талаптарда
сақтандыру шартын жасауға мәжбүр етуді сот тәртібімен талап етуге құқылы.
4. Сақтанушы ретінде оны жүзеге асыруға міндетті тұлғалардың, сондай-ақ
сақтандырушы ретінде іс-қимыл жасауға міндетті сақтандыру ұйымының
сақтандырудан жалтаруы заң актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп
соқтырады.

809-бап. Жеке және мүліктік сақтандыру
1. Азаматтың өмірін, денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін және жеке басына
байланысты өзге де мүдделерін сақтандыру жеке сақтандыруға жатады.
Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-ақ шартта аталған
басқа (сақтандырылған) адам сақтандырылған болуы мүмкін.
2.Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер мен азаматтық құқықтық жауаптылықты
қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру мүліктік сақтандыруға
жатады.
3. Мүлікті сақтандыру кезінде мүліктің жоғалуы (жойылуы) тәуекелі,
жетіспеуі немесе бүлінуі және осы Кодекстің 115-бабында көзделген өзге де
мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
4. Сақтанушының немесе пайда алушының мүліктерді сақтандыруға мүддесі
болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
5. Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір
адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін
жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер
бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін
сақтандырады.
809 -1- бап. Жинақтаушы сақтандыру
1.Мына негіздемелердің кез келгені бойынша: сақтандыру шартында белгіленген
кезең аяқталғанда не қайсысының бұрын туындауына байланысты сақтандыру
жағдайы туған кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру
жинақтаушы сақтандыру болып табылады.

2.Сақтандыру жағдайы туған кезде ғана сақтандыру төлемін жүзеге асыру
көздейтін сақтандыру жинақтаушы емес сақтандыру болып табылады.
3. Аннуитет шарты - сақтандырушыны шартта белгіленген мерзім ішінде пайда
алушының пайдасына мерзімді төлемдер түрінде сақтандыру төлемін жүзеге
асыруға міндетті ететін сақтандыру шарты.
4. Жинақтаушы сақтандыру шарттары тек қана жеке сақтандыру бойынша жасалуы
мүмкін.
5. Аннуитет шарты жинақтаушы сақтандыру шарттарына жатады.
810-бап. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
1. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде
іс-қимыл жасайтын келісім-шарт жасасушы агенттерінің өз міндеттемелерін
бұзуынан болғай кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге
байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған
залалдар тәуекелі, соның ішінде: күтілген кірісті алмай қалу тәуекелі
сақтандырылады.
2. Кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру шарты бойынша тек сол сақтанушыны
кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.
Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді
сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алу шының) пайдасына жасалған
шарт жарамсыз болады.
811-бап. Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты
сақтандыру
1. Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру
кезінде, сақтанушының өз жауаптылығы да осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін
болатый" өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылығы сақтандырылған
тұлға сақтандыру шартында аталуы тиіс. Егер бұл тұлға шартта аталмаған
болса, онда сақтанушының өз жауаптылығы сақтандырылған болып есептеледі.
2. Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру
шарты зиян келтірілуі мүмкін, бұл жағдайда пайда алушы ретінде іс-қимыл
жасайтын тұлғаның пайдасына жасалған болып есептеледі.
812-бап. Шартбойынша азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру
1. Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру
кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін
Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.
2. Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта
оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық-құқықтық жағынан
жауапты болуға тиістарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы
ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып
есептеледі.
813-бап. Сақтанушы
1. Сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға.
2. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады.
3. Сақтанушы сақтандырудың ерікті де, міндетті де нысандары бойынша
сақтандырушыны таңдап алуға ерікті.
814-6ап. Сақтандырушы
Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы
пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға
(пайда алушыға) шартта айқындапған соманың (сақтандыру сомасының) шегінде
сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға.
Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға ғана сақтандырушы бола алады.
815-бап. Сақтандырылған адам
1. Сақтандырылған адам - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылған адам
болып табылады.
2. Міндетті сақтандыру туралы заң актілерімен сақтанушыға үшінші тұлғаны
сақтандыруды жүзеге асыру міндеті жүктелуі мүмкін. Өз еркімен сақтандыру
кезінде сақтанушы үшінші тұлғаны сақтандыру шартында сақтандырылған адам
ретінде айқындай алады. Бұл жағдайларда сақтандырылған адамның жеке басы
және соған байланысты оның мүдделері сақтандырылған адамды жеке сақтандыру)
не сақтандырылған адамның мүлкі және мүліктік мүдделері (сақтандырылған
адамның мүліктік сақтандырылуы) сақтандыру объектісі болады.
Мүлікті сақтандыру кезінде сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған
адам бұл мүліктің сақталуына мүдделі болуға тиіс.
3. Егер шарттың талаптары бойынша сақтанушы болып табылмайтын
сақтандырылған адамға белгілі бір міндеттер жүктелген болса, сақтанушы осы
шартты жасасуға сақтандырылған адамның келісімін алуы тиіс.
Міндетті сақтандыру кезінде, сондай-ақ топтастырып иесізден дірілген
сақтандыру кезінде, шартжасасу үшін оның өзі сақтандырылған адам ретінде
көрінетін үшінші адамның келісімі талап етілмейді.
Өз еркімен сақтандыру кезінде адамдардың оның жеке басын немесе мүлкін
сақтандыру жөніндегі қарсылығы шарт жасасудың мүмкін еместігіне, ал егер ол
жасалып қойған болса - шарттың бұзылуына әкеп соғады.
4. Сақтанушыға үшінші тұлғаны сақтандыру міндеті жүктелген жағдайда,
аталған тұлға сақтанушыдан бұл міндеттің орындалуы туралы есеп талап етуге,
ал заң актілерінде көзделген жағдайларда оның сақтандырылған адам болып
табылатындығын дәлелдейтін құжатты алуға құқылы.
Сақтанушы үшінші адамды сақтандыру жөніндегі өз міндетін орындамаған
немесе дұрыс орындамаған жағдайда, соңғысы осы Кодекстің 808-бабының 1 және
2-тармақтарында кезделген шарапарды қолдануға құқылы.
5. Кәмелетке толмаған азамат сақтандырылған болып табылатын жағдайда оның
құқықтары осы Кодекстің 22-24-баптарында көзделген тәртіппен іске
асырылады.
6. Сақтандырылған адамның пайдасына шарт жасасу, сақтанушыны осы шарт
бойынша міндеттерді орындаудан босатпайды.
Үшінші адамды сақтандыру сақтанушының есебінен жүзеге асырылады.
7. Сақтандырылған адам шартқа сәйкес өзіне тиесілі сақтандыру төлемін
алудан бастартқан жағдайда сақтандыру төлемін алу құқығы сақтанушыға
кешеді.
8. Сақтанушы болып табылмайтын, оған қатысты мұндай жағдайды көздемейтін
жеке басты сақтандыру шарты жасалған сақтандырылған адам қайтыс болған
жағдайда, егер заң актілеріңде немесе шартта сақтандырылған адамды ауыстыру
көзделмесе, бұл шарт тоқтатылуға жатады.
Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы сақтандыру шартында көзделген
сақтандыру жағдайы болса, бұл шартонда кезделген тапаптармен орындалады.
Сақтанушы болып табылмайтын, оған қатысты мүліктік сақтандыру шарты
жасалған сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, сақтандырылған адамның
құкықтары мен міндеттері сақтанушының келісуімен, егер заң актілерінде
немесе шартта өзгеше кезделмесе, сол мүліктің және сақтандырылған адамның
мүліктік құқықтарының мұрагерлеріне ауысады.
Егер сақтанушы қайтыс болған сақтандырылған адамды ауыстыруға
келіспесе не мұрагерлер оның сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен
міндеттерін қабылдауға келіспесе, бұл шарт тоқтатылуға жатады.
9. Үшінші адамның (сақтандырылған адамның) пайдасына жасалған сақтандыру
шартына осы Кодекстің 391- бабының осы бап ережелеріне қайшы келмейтін
бөлігіндегі ережелері қолданылады.

816-бап. Пайда алушы
1.Пайда алушы - сақтандыру шартына немесе міндетті сақтандыру туралы заң
актілеріне сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға.
Заңды тұлға да, азаматта пайда алушы бола алады.
Пайда алушы жеке де, мүліктікте сақтандыру бойынша тағайындала алады.
Сақтандырудың міндетті түрі бойынша пайда алушы сақтандырудың осы түрін
реттейтін заң актілерімен айқындалады, ерікті түрі бойынша оны сақтанушы
тағайындайды.
2.Егер міндетгі сақтандыру туралы заң акгілерінде немесе өз еркімен
сақтандыру туралы шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы пайда алушы болып
табылады.
Егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, пайда алушы
сақтандырылған адам болуы тиіс не ол сақтандырылған адамның жазбаша
келісімі бойынша тағайындалады.
Егер пайда алушы сақтандыру шартында көрсетілмесе, ол сақтандырылған адам
деп ұйғарылады.
3.Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша бір мезгілде
сақтандырылған адам болып табылуға тиіс сақтанушы ғана пайда алушы бола
алады (осы Кодекстің 810-бабы).
Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде (осы Кодекстің 811
және 812-баптары), сақтандыру шартымен сақтанушының өзі не басқа тұлға
пайда алушы деп аталса не ол мүлде көрсетілмесе де, сақтанушы олардың
алдында жауапты болатын тұлғалар пайда алушылар деп танылады.
4. 4 тармақалынып тасталды-Қазақстан Республикасының 2000.12.18 N128
Заңымен.
5. Сақтандырылған адам бір мезгілде пайда алушы болып табылатын жағдайда
соңғысына осы Кодекстің 815-бабында көзделген ережелер қолданылады.
6. Сақтандырылған адам болып саналмайтын пайда алушы қайтыс болған жағдайда
не ол пайда алушының құқықтарынан бастартса, соңғысының құқығы сақтанушыға
ауысады.
Сақтандырылған болып табылатын пайда алушы қайтыс болған жағдайда осы
Кодекстің 815-бабының 8-тармағында көзделген зардап туындайды.
7. Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы, сақтандыру шартында көзделген
жағдай болып табылса, онда бұл сақтандырылған адам сақтанушы болмаған күнде
де, болған күнде де, бірақ шартта пайда алушы көрсетілмесе, сақтандырылған
адамның мұрагерлері пайда алушылар деп танылады.
8.Сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушы тікелей сақтандырушыға
сақтандыру шартында көзделген сақтаңдыру төлемін төлеу туралы талап қоюға
құқылы.
9. Пайда алушының пайдасына шарт жасасу сақтанушыны осы шарт бойынша
міндеттерді орындаудан босатпайды.

817-бап. Сақтандыру жағдайы
1. Сақтандыру жағдайы - басталған бойда сақтандыру шарты сақтандыру төлемін
жүзеге асыруды көздейтін оқиға.
2. Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайының түрлері міндетті
сақтандыру туралы заң актілерімен, ал өз еркімен сақтандыру бойынша
-тараптардың келісімімен белгіленеді.
3. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуі мүмкін оқиғаларды
қоспағанда, сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын оқиға, оның
басталуының ықтимал және кездейсоқ белгілеріне ие болуы тиіс.
4.Сақтандыру жағдайының басталғандығын, сондай-ақ ол келтірген зияндарды
дәлелдеу сақтанушының міндетіне жатады.
818-бап. Сақтандыру сыйлық ақылары
1. Сақтандыру сыйлық ақысы - сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға)
сақтандыру немесе аннуитет шартында көзделген мөлшерде сақтандыру төлемін
жүргізу міндеттемесін қабылдағаны үшін сақтанушы сақтандырушыға төлеуге
міндетті ақша сомасы.
Сақтандырушы сақтанушыдан алған сақтандыру сыйлықақылары оған меншік
құқығымен тиесілі болады.
2.Сақтандыру сыйлық ақыларының мөлшері шартпен белгіленеді. Сақтандырудың
міндетті түрлері кезінде олар заңдарда белгіленген мөлшерден артық бола
алмайды.
Сақтандыру сыйлық ақыларын төлеудің тәртібі мен мерзімдері шартпен
белгіленеді. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша олар заңдармен
белгіленуі мүмкін.
3. Тараптар сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлық
ақыларының мөлшерін айқындау кезінде, сақтандыру объектісі мен сақтандыру
тәуекелінің сипатын ескере отырып, сақтандыру сомасы өлшемінен өндірілетін
сақтандыру сыйлықақысының ставкасын белгілейтін сақтандырушы әзірлеген
сақтандыру тарифін қолдана алады.
4.Шартта сақтандыру сыйлықақысын мерзімдік сақтандыру жарналары түрінде
бөліп-бөліп төлеу көзделуі мүмкін.
5.Егер сақтандыру шартында сақтандыру төлемін бөліп-беліп төлеу көзделген
болса, шартты мерзімінен бұрын бұзуды қоса алғанда, шартта кезекті
сақтандыру жарналарын белгіленген уақытта төлемеудің зардабы айқындалуы
мүмкін.
6. Егер сақтандыру жағдайы енгізу мерзімі өтіп кеткен белгілі бір
сақтандыру жарнасын төлеуден бұрын басталған болса, сақтандырушы сақтандыру
төлемінің мөлшарін айқындау кезінде мерзімі өтіп кеткен сақтандыру
жарнасының сомасын есепке алуға құқылы.

819-бап Сақтандыру сомасы
1. Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектілері сақтандырылған адам
және сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтандырушы
жауаптылығының шекті көлемін тандыру жағдайы басталған кездегі
сақтандырушы жауаптылығының шекті көлемін білдіретін ақша сомасы.
2. Сақтандыру сомасының мөлшері шартпен белгіленеді. Сақтандырудың
міндетті түрлері кезінде олар заң актілерінде берілген мөлшерден кем
болмауы керек.
3. Мүлікті сақтандыру кезінде сақтандыру сомасы шарт жасалған кездегі
оның нақты құнынан (сақтандыру құнынан) артық бола алмайды.
Кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру кезінде сақтанушы кәсіпкерлік
қызметтен сақтандыру жағдайын басталғанда күткендегідей шегуі мүмкін
залалдар сақтандыру құны деп есептеледі.
4. Тараптап, оны сақтанушы қасақана жаңылыстырғанын сақтандырушы
дәлелдеген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру шартында белгіленген
мүлік құнына талас тудыра алмайды. Егер сақтандыру шартында белгіленген
сақтандыру сомасы сақтандыру құнынан артық болса, ол сақтандыру
сомасының шарт жасалған кезіндегі сақтандыру құнынан артылған бөлігінде
жарамсыз болып табылады.

1. Сақтарына жауап беругетиіс. Бұл жағдайда сақтандырушы сақтандырудың
негізгі шарты бойынша қайта сақгаңдьіру шартында сақганушы болып
еоептеледі.
4. Қайта сақтаңдыруды ұйымдастыру үшін қайта сақгаңдырушылар бірлескен
қызмет туралы шарттың негізіңде жай серікгестікке (қайта сақтандыру
пулдары) біріге алады.
5. Екі немесе бірнеше қайта сақгандыру шарттарын біртіңдеп жасауға жол
беріледі.
825-бап. Сақтандыру шартының нысаны
1. Сақтандыру шарты жазбаша нысанда:
1) тараптар бір құжат жасауы;
2) сақтанушыны бір жақгы төртіпте (бірігу шарты) сақгандырушы әзірлеген
үлгілік шарттарға (сақтандыру ережелеріне) қосу;
3) сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру куәлігін полисін беруі жолымен;
4) тараптардың шарт жасауға өз еркімен келіскендігін және оның барлық
елеулі талагттары бойынша (осы Кодекстің 152 және 393-баптары) келісімге
қол жеткізгендігін құжатпен растауға мүмкіндік беретін өзге де әдіспен
жасапады.
2. Жазбаша шарттың нысанын сақгандырушы айқындайды не ол тараптардың
келісімімен айқындалады.
3. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп
соқгырады.
825-1-бап. Сақтандыру ережелері
1. Сақтандыру ережелерін сақгандырушы сақгандырудың әрбір түрі үшін жеке-
жеке жасайды және олар сақгандырудың тиісті түрін жүзеге асыру құқығына
лицен-зия берген кезде уәкілетті мемлекеттік органмен келісілуге тиіс.
2. Сақтандыру ережелерінде:
1) сақтандыру объектілерініңтізбесі;
2) сақтандыру сомасын анықгау тәртібі;
3) сақтандыру тәуекелдері;
4) сақтандыру жағдайларынан алып тастау және сақгандыруды шектеу;
5) сақгандыру шартының қолданылу мерзімі мен орны;
6) сақтандыру шартын жасасу тәртібі;
7) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
8) сақтанушының сақтандыру жағдайы туған кездегі іс-әрекеті;
9) сақтандыру жағдайының туғандығын және шығын мелшерін растайтын қужаттар
тізбесі;
10) сақтандыру төлемін жүзеге асырудыңтәртібі мен шарттары;
11) сақтандыру төлемі немесе сақтандыру (■елемін жасаудан бас тарту туралы
шешімді қабылдаудың мерзімі;
12) сақтандыру шартын тоқгату талаптары;
13) дауларды шешу тәртібі;
14) сақгандыру тарифтері және олардың экономикалық негіздемелері;
15) ерекше талаптар болуға тиіс.
3. Егер у.сынылған сақтандыру ережелері Қазақстан Республикасының заңдары-
на қайшы келсе және осы баптыңталаптарына сай болмаса, уәкілетгі
мемлекеттік орган лицензия беруден бастартуға құқылы.
4. Сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы келісім бойынша сақтандыру
ережелерінің негізінде сақтандыру шартын жасасу кезінде анықталатын қосымша
талаптарды кездейтін сақтандыру шарттары жасалуы мүмкін. Сол қосымша талап-
тар үш реттен астам қайталанған жағдайда сақгандырушы сақтандырудың белгілі
бір түрі бойынша ережелерді заңдарда белгіленген тәртіппен өзгертуге
міндетті.
220
5. Сақгандыру ережелеріне өзгерістер енгізілген жағдайда саідандырушы осы
езгерістерді кёлісу үшін уәкілетті мемлекеттік органға ұсынуға тиіс.
826-бап. Сақтандыру шартының мазмұны
1. Сақгандыру шартында мыналар болуы тиіс:
1) сақгандырушының атауы, орналасқан жері және банетік^кі^штері;__
2) сақтанушының (егер ол жеке адам болса) тегі, атыГәкесІнТң атьПе"гер бар
болса) және турған жері немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы,
орнапасқан жері және банктік реквизиттері;
3) сақтандыру объектісін көрсету;
4) сақгандыру жағдайын көрсету;
5) саі^гандыру сомасы мен сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі мен
мерзімдері;
6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, оларды телеудіңтәртібі мен
мерзімдері;
7) шарттың жасалу күні және қолданылу мерзімі;
8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, саідандырылған адам
мен пайда алушы туралы көрсету;
9) шарттың (сақтандыру полисінің) номері, сериясы;
10) шарттың талаптарына өзгерістер енгізу"жағдайла"рьі мен тәртібі;
11) сатып алу сомасын (жинақгаушы сақгандыру үшін) телеудің шарты және
оның мөлшері.
2. Тараптардың келісімі бойынша шартқа өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.'
3. Егер сақтандыру шартында заң актілерінде көзделгендермен салыстырғанда
сақганушының жағдайын нашарлататындай талаптар болса, осы заң актісімен
белгіленген ережелер қолданылады.
4. Егер қайта сақгандыру шартында өзгеше кезделмесе, қайта сақтандырушының
қайта сақгандыру шарты бойынша жауаптылық кезеңі сақтандырушының сақтанды-
ру шарты бойынша міндеттемесі қайта сақтандыруға берілген сақтандыру шарты
бойынша жауаптылық кезеңіне сәйкес келуге тиіс.
5. Сақтандыру шартында керсетілуге тиіс талаптардың толық болмағаны үшін
сақтандырушы жауапты болады. Оның жекелеген талаптарының толық болмауы
салдарынан сақтандыру шарты бойынша дау туындаған жағдайда дау сақтану
шының пайдасына шешіледі. Осы тармаі^тыңталаптары қайта сақтандыру
шарттарына қол-данылмайды.
826-1-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша
сақтандыру сыйлықақысын төлеудің мерзімін ұзарту
1. Жинақгаушы сақтандыру шартында белгіленген мерзімде сақтандыру жарна-сын
(бірінші жарнадан басқасын) алмаған сақтандырушы сақтанушыны сакгандыру
жарнасын төлеу қажеттігі туралы хабардар етуге міндетті.
2. Хабарламада:
1) сақтандыру жарнасын төлейтін кезең (сақтандыру сыйлықақысының мерзімін
ұзарту кезеңі);
2) сақтандыру жарнасын төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімпұлдың
мөлшері;
3) сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының мерзімін ұзарту кезеңі ішінде
сактандыру жарнасы төленбеген жағдайда шарттың қолданылуын біржақгы
тәртіппен тоқтату құқығы болуға тиіс.
3. Сақтандыру сыйлықақысының мерзімін узарту кезеңі 30 күнтізбелік күннен
кем болмауға тиіс.
4. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының
221мерзімін ұзарту кезеңінде сақгандыру жағдайы бастапған кезде
сақгаңдырушы бере-шек сомасын ұстай отырып, сақгандыру телемін жүзеге
асыруға міндетті.
5. Сактандыру жарнасын төлеу қажеттігі туралы хабарлама сақганушыға оның
жіберілгенін растауға мүмкіндік беретін тәсілмен жіберіледі.
826-2-бап. Жинақгаушы сақгандыру шартыныңқолданылуын қалпына келтіру
1. Егер жинақтаушы сақгандыру шартының қолданылуы сақганушының сақган-дыру
жарнасын твлемеуі негізінде тоқгатыла тұрса немесе тоқтатылса, сақганушы:
1) жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы тоқтатылған кезде алынған
сатып алу сомасын;
2) мерзімі өтіп кеткен сақтандыру жарналарын;
3) сақтандыру жарналарын осы Кодекстің 353-бабында көзделген мөлшерде
төлеудің мерзімін еткізіп алғаны үшін есімпұлды телеген кезде сақгандырушы
шарт-тың қолданылуын қалпына келтіруге міндетті.
2. Сақтанушы шарттың қолданылуы тоқтатылған немесе шарттараптарының ез
міндеттемелерін орындауын токгата тұрған күннен бастап бір жыл ішінде
жинақтау-шы сакгандыру шартының қолданылуын қалпына келтіруге қу.қылы.
3. Сақгандырушы жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуын қалпына
келтірген кезде сақтандырылған адамның денсаулықжағдайына медициналықсарап-
тама жүргізуге құқылы.
Сақгандырылған адамның денсаулықжағдайы айтарлыідай нашарлаған жағдайда
сақтандырушы сактандыру төлемінің және (немесе) сақгандыру сыйлықақысының
мөлшерін қайта есептеуге құқылы. Сақтанушы шарттың қолданылуын жаңа
талаптар-мен қалпына келтіруден бастартқан жағдайда шартты қалпына
келтіруге болмайды.
826-3-бап. Бас полисті ресімдеу жолымен шартбойынша сақтандыру
1. Сақтанушының сақгандырушымен келісімі бойынша біртекті мүліктің (тауар-
лардың, жүктердің және т.с.с.) әр түрлі топтамаларын ұқсас жағдайларда
белгілі бір мерзім ішінде жүйелі сақгандыру сактандырудың бір шарты - бас
полис негізінде, оны сақтанушыға беру жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Сақтанушы осы баптың 1-тармағында аталған шарттың күші қолданылатын
мүліктіңәрбір топтамасына қатысты мүндай шартта көзделген мәліметтерді
сақган-дырушыға ол көздеген мерзімде хабарлауға, ал егер ол көзделмесе, оны
алғаннан кейін дереу хабарлауға міндетті. Сақганушы, тіпті, мұндай
мәліметтерді алған кезде сақгандырушы етеуге тиісті шығынның болу
мүмкіндігі іске аспай қалса да, бұл міндеттен босатылмайды.
3. Сақтанушыныңталап етуімен сақтандырушы осы баптың 1-тармағында атал-ған
шарттың күші қолданылатын мүліктіңжекелеген топтамалары бойынша сақган-дыру
полистерін беруге міндетті.
Сақтандыру полисінің мазмұны бас полиске сәйкес келмеген жағдайда сақтанды-
ру полисіне басымдықберіледі.
827-бап. Сақтандыру шартыныңқолданылуы
1. Сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезден ба-
стап, ал оны бөліп-бөліп төлеу кезінде, егер шартта немесе міндетті
сақтандыру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, бірінші сақтандыру
жарнасы теленген кезден бастап күшіне енеді жәнетараптар үшін міндетті
болады.
2. Саіуандыру шарты, егер шартта немесе міндетті сақтандыру туралы заң
актілерінде өзгеше көзделмесе, алғашқы басталған сақтандыру жағдайы бойынша
сақтандыру төлемі жүзеге асырылған кезден бастап қолданылуын тоқгатады.
222
3. Сақгандырып қорғаудың қолданылу мерзімі, егер шартта немесе міндетті сақ-
тандыру туралы заң акгілерінде езгеше көзделмесе, шарттың қолданылу
мерзіміне дәл келеді.
, -
828-бап. Сақтандырушының міндеттері
1. Сактандырушы:
1) сактандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру шартында немесе заң
актілерінде белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру
төлемін жүргізуге;
1-1) сақтанушыны сақгандыру ережелерімен таныстыруға;
2) сақтанушыға (сақтандырылған адам) сақгандыру жағдайы кезінде олардың
залалдарды азайту үшін жұмсаған шығындарын етеуге;
3) сақгандыру құпиясын қамтамасыз етуге міндетті.
2. Сақтандыру және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру шарты жайында
Сақтандыру шарты туралы ақпарат
Сақтандыру шартының ұғымы элементтері мен мазмұны
Сақтандыру шартын жасаудың тәртібін
САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ, ҚОЛДАНЫЛУЫ
Сақтандыру нысандары
Сақтандыру шарты туралы
Ұлттық сақтандыру рыногының қалыптасуы
Сақтандыру шартының жекелеген түрлері
Сақтандыру шартының түрлерін жіктеу және Ресейдің азаматтық құқығындағы сақтандыру міндеттемелерінің түрі
Пәндер