Сақтар (скифтер), массагеттер, дактар (даилар), исседондар, аримаспылар
Тақырып: Сақтар (скифтер), массагеттер, дактар (даилар), исседондар,
аримаспылар
Жоспары:
1.Сақ тайпалық одағы
2. Сарматтар бірлестігінің этногенезі туралы мәселенің тарихнамасы
3. Сақ тайпаларының қоныстары, шаруашылығы, тұрмысы мен қоғамдық құрылысы
4.Сақтардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы
Мақсаты: Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының шығу тегі және олардың
мекендеген аймағы, қоғамдық құрылысы жайлы туралы толық түсінік беру.
1.Сақ тайпалық одағы.Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен
сарматтар билік құрған дәуірді тарихта ерте темір ғасыры, ерте
көшпенділер дәуірі немесе скифтер дәуірі деп атайды.
Б.з.б. I мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың
тарихында және шаруашылық өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер болды. Бұл
өзгерістер темірден жасалған құралдарды пайданала бастауымен байланысты
болды. Қоғамда мүлік теңсіздігі-топтардың шығуына негіз болды. Сондықтан
қоғамда болып жатқан әлеуметтік жіктелу процесі, әлеуметтік топтар
арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын күшті дүниеге әкелді, ол күш
— мемлекет.Қазақстан территориясында алғашқы мемлекеттік бірлістіктер
б.з.б. I мыңжылдықта пайда болды. Олар: сақ, үйсін, қаңлы, ғұн.
Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған
тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге
қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін
мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан
территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп
атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды азиялық
скифтер деп атаған. Осымен қатар Герадот өзінің Тарих деп аталатын
еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде Сақ деп
аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол
одақтар: массагеттер, даилер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар,
аримаспылар т.б.
Герадоттың айтуынша: Сақтар-скиф тайпалары, бастарына тік тұратын,
төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ,
қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған.
Парсы жазбаларында сақтарды (1 Дарийдің Бехистун жазбасы, Сузінің,
Ксеркстің Дәвтер туралы жазба). Құдіретті еркектер, Иран жазбаларында
(Авеста) Жүйрік атты турлар деп атаған. Сактарда негізінен, әскери
қоғам болды. Сақ тайпалары үш топқа бөлінген:
1)Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін,
Сырдарьяның орта ағысын мекендеген
2)Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің солтүстігінен,
Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария өзендерінің төменгі ағысын
мекендеген.
3)Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб анғарын мекендеген.
2.Сарматтар бірлестігінің этногенезі туралы мәселенің тарихнамасы
Археологиялық деректемелерге қарағанда, б.з.б. ҮІІ-ІҮ ғасырлада
Қазақстанның батыс аймақ далаларын мәдениеті мен этникалық жағынан туыс
тайпалар - аростар мен роксаландар мекендеген. Тарихи зерттеу жұмыстары
олардың сармат тайпалары екендігін дәлелдеп отыр. "Сармат" этнонимі ежелгі
деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап
сарматтардың Скифияны жаулауы басталды Бұл сарматтар Аралдың оңтүстігіндегі
тайпалармен туыс болған. Сондай-ақ олардың савроматтармен этникалық
туыстығы да күмән тудырмайды. Сарматтардың бір тайпасы - роксоландар б.з. 1-
ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан. Б.з.б. ІІІ ғасырдан бастап
сарматтар Қара теңіз жағалауындағы скифтерге қарсы жаулап алу соғыстарын
жүргізеді. Олар Скифияның едәуір бөлігін басып алып, жеңілгендердің бірінде
қалдырмай қырып-жойып отырған. Сөйтіп, елдіңбасым бөлігін шөлге
айналдырған. Сарматтардың басты бір тайпасы - роксоландар б.з.б. I
ғасырында Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан. Олардың ізімен
аландар жүріп отырған.
Сарматтар өздері басып алған жерлердегі халықтардының саяси өміріне
белсене қатысқан. Мысалы, б.з.б. 2-ші ғасырдың соңғы кезінде Понтия патшасы
Митридатпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылады. Б.з.б.I ғасырда
Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.б. 49-шы
жылы римдіктер мен сарматтар тайпасы бірлесіп, Боспор патшасының
одақтастары сирактарды жеңеді. Басқа тайпаларға қарағанда жорыққа кешірек
шыққан аландар Қара теңіздің солтүстік өңіріне дейін жетеді. Кейінірек олар
ғүндарға қосылып, Испаниядан барып шығады. Жалпы атауы сарматтар деп
аталатын қандас-туыс бұл тайпалар одағы Оралдың оңтүстік өңірінен шыққан
болатын.
Б.з.б. IV ғасырдың бас кезінде сарматтар Доннан Ембіге дейінгі жерлерді
алып жатқан. Ал кейінгі сарматтар Орал өңірі мен Еділ бойын, Дон өңірі
аймақтарын қамтып, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа
түгел тарайды. Уақыты жағынан бұл б.з. ІІ-ІҮ ғ. кезеңі. Кейінгі сарматтар
көптеген бұрынғы салт-дәстүрлерді сақтап, оны одан ары жалғастыра түседі.
Өлген кісілердің қалың көпшілігі іші көмкерілген тар қабырларға жерленетін
болған.
Археологиялық зерттеулер, сондай-ақ Оңтүстік Орал сармат тайпаларының Орта
Азия халықтарымен және солар арқылы Таяу шығыс елдерімен бірнеше ғасырлар
бойы мәдени-шаруашылық байланыстары болғандығын да көрсетеді. Сарматтар өте
ұзақ уақыт бойы, яғни б.з. IV ғасырдың аяғындағы ғүндар шапқыншылығына
дейін, сол заманның халықаралық оқиғаларына белсене қатынасып түрған.
Кейінірек олар Закавказьенің, Шығыс Еуропаның,Қазақстанның және Орта
Азияның көптеген тайпалары мен халықтарының құрамына енген.
3.Сақ тайпаларының қоныстары, шаруашылығы, тұрмысы мен қоғамдық
құрылысы Ғылымда сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы туралы деректер көп
емес. Бәлкім, көшім-қонымы көп тұрмыс салтына лайықты тұрғын жайдың тігіліп-
жығылатын үлгісі — киіз үй сол кезде-ақ шыққан болуы ықтимал. Аңызға
айналған аргиппейлерді сипаттай келіп, Геродот былай деп жазды: Олардың
әрқайсысы ағаштың астында өмір сүреді. Қыста ағаш кез келген сәтте тығыз ақ
киізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырылады. Кешпелі тұрғын жайдың
бұдан кейінгі эволюциясы барысында киіз үйдің құрылымы кемелдене түсті,
бірақ оны жасаудың принципі б. з. б. I мыңжылдықтың өзінде-ақ белгілі
болған еді.Геродот пен Гиппократтың хабарл айтынындай, мал өсіретін
тайпалардың кәші-қонды тұрғын үйлерімен бірге, көшпелілерде барынша кеңінен
тараған төрт және алты доңғалақты арбаларға орнатылған киіз үйлер де болды;
жартылай көшпелілер мен отырықшы малшылар оларды жыл маусымдарында
пайдаланды. Қазақстан аумағының оңтүстік, шығыс және солтүстік аудандарында
тұрақты тұрғын үйлер: оңтүстікте — шикі кірпіштен, солтүстікте және шығыста
— боренелерден салынған үйлер болғаны мәлім.
Археологиялық деректер бойынша, қола дәуірінде даланы мекендеушілер
күмбез тәрізді кима шатыры бар жертөле түріндегі тұрғын жайлар салды.
Төбесі ағашпен деңгелете жабылған мұндай үйлер Қазақстанда, Орта
Азияда және Ресейдің оңтүстігінде табылды. Бұғылы өңірінен (Орталық
Қазақстан), Шағалалы өзенінің бойынан (Солтүстік Қазақстан) табылған соңғы
андроновтық кезендегі жер үстіндегі тұрғын жайлар киіз үйдің одан да гөрі
жақын ертедегі үлгісі болып табылады. Төбесі шатырланып және дөңгелете
жабылған бұл ағаш кұрылыстар киіз үйге ғажап ұқсайды. Көшелі сәулет
өнерінің бастамасы нақ осы киіз үй тәріздес тұрғын жай болған. Орманды
аймақ көшпелілерінің киіз үй тәріздес кұрылыстарының бастапқы түрі тебесі
шошақ күрке, ал далалық аймакта дөңгелете шатыр шығарылған жартылай жертөле
болды.
Сақтар, негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының үш түрі
болды:
1)Көшпелі мал шаруашылығы. Батыс және Орталық Қазақстанда өріс алды. Жылдың
суық мезгілін көшпелі сақтар құм жоталарының баурайына орналасқан
қыстауларға немесе ірілі-уақыты өзендер жағасында өткізді. Олар бір жерде
ұзақ отырып қалмай, мал жайымен келесі қыстауға, қолайлы жайылымдарға қарай
орын ауыстырып отырды.
2)Жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын сақтар малды қыстатып
шығаратын тұрақты қоралар салды. Олар жыл сайын малдарын осы қора-жайларға
айдап әкеліп отырды. Шаруашылық кәсібінің бұл түрі орманды дала оңірінде
және биік таулы жерлерде кең тарады. Мұндай жерлер Тянь-Шань және Алтай
тауларының баурайы, Жетісу, Шығыс Қазақстан аймағы болды. Қыстау маңындағы
жерлерде тары, арпа, бидай өсірді. Пішен дайындалып, малды қолда ұстаудың
мүмкіндігі туды. Енді сақтар қыстауларда ұзақ уақыт тұру үшін ағаштан,
тастан жылы тұрғын үй салатын болды.
3)Сақтарда шаруашылықтаң үшінші түрі- Отырықшы егін және мал шаруашылығы–
Оңтүстік Қазақстанда, Сырдарья, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойында, табиғи
су қорлары мол жайылымдары көп жерлерде кеңінен тарады. Бұл жерлерде
суғармалы және тәлімі егіншілік басым болды.Сақтарда мал шаруашылығының,
негізігі бағыты қой өсіру еді. Олар қылшық жүнді қойлармен қатар, биязы
жүнді қойда өсірді.
Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады.
Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа көсемдерін оның барлық
мүшелері сайлайтын болған. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы
істер халық (вече) жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан.
Қоғамның осындай саяси үйымын Ф. Энегельс әскери демократия деп атады.
Себебі ол кезде соғыстың мәні зор еді. Соғыс тайпа үшін жайылымдық жер мен
мал тартып алудың және өздерін сыртқы жаудан қорғап отырудың құралы
болды.Көсемдер әскер басы болды да, билік жүргізді. Олар тайпаны қару-
жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ол өз тайпасы атынан бітім немесе
келісім жасады. Патшалар (көсемдер) рулар мен тайпаларға жайылымдарды,
көшіп қонатын жерлерді бөліп берді; ол жерлерді пайдалану тәртібін
белгіледі. Жер үшін таласарды шешіп, рулар мен тайпалар арасында қарулы
қақтығыстар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz