Үйсін ескерткіштерінен табылған еңбек құралдар
Жоспар.
І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
І- тарау. Сақтардың
шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
ІІ – тарау. Үйсін ескерткіштерінен табылған еңбек
құралдар ... ... ... ... 10
ІІІ – тарау. Қаңлы тайпаларының
шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...27
Кіріспе.
Б.з.б. бір мың жылдықта Қазақстан жерінде тұрған ежелгі тайпалар
темірден заттар жасауды игеріп, қуатты тайпа одақтар құрған. Қолына көп мал
жинаған ірі бай отбасылары қонысын әрдайым ауыстырып, өзен бойларына ғана
емес, сонымен қатар дала және шөлейт жерлерді, Тянь-Шаньның биік таулы
бөліктерін бірте-бірте игере бастаған. Жұрт темірді пайдасына жаратып, атқа
ауыздық салуды үйренген, сөйтіп, атты алысқа қатынайтын аса маңызды көлікке
айналдырған ірі бай-феодалдар қоғамдағы ықпалды күшке айнала берді. Олар
көшіп-қонуға қолайлы жеңіл киіз үйді тұрмысқа жайлы тұрақты тұрғын үйге
айналдырған. Алыстан көздеп ататын садақ, ұшы үш қырлы жебе, ақинак қысқа
семсер қорғанудың және шабуылдың сенімді құралы болды. Мал және жайылым
үшін талас-тартыстардан, соғыстардан әскер басшылары байыды. Әскер
басшыларының және батырлардың ролі артып, соғыссыз уақытта олар малдарын
көбейтіп, байып, халықты биледі. Бұл кезде ел басқару жұмыстарын тежеп
отыратын ақсақалдардың кеңесі болған. Тонаушылық соғыстардың жиіленуі
бірнеше тайпалардың бірігуін қажет етті. Сөйтіп, тайпалық одақтар құрылды.
Оларды көсемдер басқарды.
Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары Орталық
Азияның түкпірінен келген еді. Б. 3. дейінгі II г. 160 ж. шамасында
үйсіндердің бір бөлгі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды,
сөйтіп қолбасшы гуньмо (Күн баг — Күн бегі) деп аталатын иеліктің негізін
салды.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың батыс
шекарасы Шу мен Талас арқылы өтеді дағы, Қаңлылармен (Кангуй) шектеседі.
Шығысында хүндармен ортақ шекара болды, ал оңтүстігінде олардың иелігі
Ферғанамен (Дуанмен) ұштасып жатты.
Үйсіндердің астанасы Чигучен (Қызылалқап қаласы) Ыстық көлдің жағасына
орналасты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.
І- тарау. Сақтардың шаруашылығы
Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-шы жылдар аяғында грек
тарихшысы Геродоттың "Тарих" деп аталатын еңбегінде және басқада көл
жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия
мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер
одағы болғаны айтылады. Бұл одақ массагеттер, каспийшілер, есседондар,
кейініректе аландар, сарматтардан тұрған. Персия патшасы I Дарийдің
Накширустамдағы Персополға жақын тас жазуларында сақ тайпалары үш топқа:
сақ-хаумаваргаларға хаома сусынын дайындайтын сақтар, сақ-
тиграхаудаларға төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар, сақ-
парадарайандарға теңіздің арғы бетіндегі сақтар бөлінеді делінген.
Бірінші топтағы сақтар Ферғана жерін мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта
аймағы және Жетісу жерін жайлап, үшіншілері - еуропалық скифтер немесе Арал
теңізі және Сырдарияның арғы бетіне орналасқан.
Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тік тұратын
төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ,
қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер бол-ған.
Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тоңға Афрасиаб болған деген
деректер бар. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден
зат жасай білсе де, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы
аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған.
Сақтардың аңдарды өрнектеумен дүние жүзіне әйгілі болған даналық өнері
жалпы адамзаттың даму процесіне елеулі әсерін тигізді.
Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып,
әйелдер ерекше жағдайда болған. Мәселен, олардың көсемдерінің бірі - тамаша
сұлу, әрі жігерлі, елге әйгілі патша ханум Зарина ел билеп, қалаларды
салуға және әскери жорықтарға өзі қатысқан.
Персия мемлекетінің патшасы Кир - Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529
жж. соғысқан кезде - сақтармен одақ жасасып, олардан әжептеуір көмек алғап.
Кейін Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындыруды ұйғарады. Сөйтіп,
Мидия патшалығын жеңгеннен кейін, Кирдің әскерлері сақтардың жеріне басып
кіреді. Сақтар парсылардың басқыншылық әрекетіне қарсы қайсарлықпен
қарсылық көрсетеді. Кирдің әсксрлері өздерінің жеңісін тойлап жатқан кезде,
сақтардың жауынгерлері тұтқиылдан лап қойып, парсыларды қырып салады. Осы
шайқаста олар Кирдің өзін де өлтіреді. Осыған байланысты Геродот
жазбаларында мынадай аңыз бар: парсыларды жеңгеннен кейін сақтардың әйел
патшасы Томирис: "Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын" деп үлкен
торсыққа толтырып қан құйғызып, оған Кирдің басын салдырады.
Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын I Дарий б.з.б. 521-486
жылдары жалғастырады. Жеке-жеке отырған сақ тайпаларын бір-бірден
бағындырған ол аз уақыт болса да, оларды басып алды. Сақ тайпаларының біраз
бөлігі оларға салық төледі және парсы патшасына жасаққа жігіттер беріп
тұрды. Тіпті сақтардың біразы парсы патшасының өлмейтін он мың деп аталатын
ұланының құрамына кіріп қызмет етті. Б.з.б. VI ғасырдың аяғы V ғасырдың
басында 500-449 жж. ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары
парсылар жағында болды. Мәселен, б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерлерінің
Марафон жеріндегі болған соғыста сақтар парсылар жағында болып, гректерге
қарсы соғысты.
Б.з.б. IV ғасырдып 30-шы жылдарында македониялық гректер Александр
Македонский басшылығымен соңғы Ахеменид, III Дарий Кодоманның әскерлерін
талқандап, Орта Азияға баса көктеп кірді. Олар Маракандты Самаркандты
алып, Сырдарияға бет алды. Сырдария бойына бекініп алу үшін кішігірім
"Александр Крайный" немесе "Шеткі Александр" деген қала салдырды.
Александр Македонскийдің басқыншылық әрекетіне қарсы көшпелі Сақ
тайпалары асқан ерлікпен, табан тіресе соғысты, кескілескен ұрыстарда
қатапультпен қаруланған гректер оқтың күшімен сақтарды кейін шегіндірді.
Соғыста сақтар мыңдаған адамынан айрылды. Гректер сақтардың біраз жерін
басып алды. Бірақ Александр Македонскийдің әскерлері сақтардың жерінде кеп
тұра алмады. Ыстық күн, жолсыз шөл дала, ержүрек сақтардың тынымсыз
шабуылы, Александр Македонскийдің сырқаттанып қалуы гректерді қашуға мәжбүр
етті. Олар Сыр бойындағы "Шеткі Александрді" тастап, Самарқанд каласына
шегінді. Сөйтіп, Сырдария сыртындағы Сақ тайпалары грек басқыншылы-ғына
қарсы күресте өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
Александр Македоиский б.з.б. 323 жылы сүзектен қайтыс болды. Ол
өлгеннен кейін, оның ұлан-байтақ империясы ыдырай бастады. Өйткені ол берік
экономикалық және саяси байланыс бірлігі жоқ әр түрлі тайпалар мен
халықтардан құрылған мемлекет еді.
Сақ тайпалары көшпелі және жартылай мал шаруашылығымен айналысты. Оның
себебі, біріншіден, бұл тұста климат жағдайы өзгеріп, құрғақшылық болып,
күн ысып, өзен, көл сулары тартылып, шөп шықпайтын шөлейт жер-лер пайда
бола бастаған еді. Екіншіден, бұл жерлер бұрынғы теңіздің табаны
болғандықтан, оның біраз бөлігі құнарсыз, сусыз, сортаң болып келді. Мұндай
жерлерге өсімдік, шөп шықпайды, егін егуге де жағдай болмады. Сондықтан бұл
жердегі адамдар мал өсірумен шұғылданып, оны өзінің тұрақты кәсібіне
айналдырды. Малдың жайылымына қарай олар көшіп-қонып жүрді.
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысу далалы және шөлді жерлерді
мекендейтін тайпалардың өміріндегі ірі жетістік еді, мұның өзі алғашқы
қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын ілгері бастырған қадам. Мал өсіруге
маманданған адам еңбегі неғұрлым өнімді бола түсті де ет, май, тері, жүн
т.б. өнімдерді көп өндіруге мүмкіндік берді. Мал шаруашылығы өнімдері
неғұрлым көп өндірілген сайын олардың құны артып, мал өсірушілер мен
егіншілер арасындағы айырбастың дамуына жағдай жасады.
Сақтардың мал шаруашылығынын негізгі бағыты қой өсіру еді. Оның еті мен
сүті ғана емес, сонымен бірге киіз басу, арқан есу үшін жүні де іске асты.
Б.з.б. I мың жылдыктың орта шеніндегі грек авторы Харил сақ тайпаларын
қойшылар тайпасы деп атаған. Сақтардың тұрмысында жылқы да үлкен рөл
атқарады, өйткені ол мінсе – көлік, жесе -тамақ, ішсе - сүті сусын қымыз.
Сақтардың заманында жылжымалы арба да болған. Гип-пократ скифтердің
тұрмысын суреттей келіп, былай деп корсетеді: "Арбалар өте шағын, төрт
доңғалақты. Басқа бір алты доңғалақты арбалар киізбен жабылатын үйге ұқсас
екі және үш қабат киіз жабылған арбалар жасалып, олар жаңбыр мен желден
пана болды... бұл арбаларда балаларымен әйелдер отырып, ал ерлер қашанда ат
үстінде жүретін. Онтүстік Қазақстан жеріндегі Сырдария аңғары, Арыс, Келес
т.б. өзендер бойы сақ тайпалары егіншілікпен де айналысқан. Олар тары,
арпа, бидай еккен. Кейбір жерлерде Сырдария суармалы егін шаруашылығы
дамыған.
Сақ тайпалары мал шаруашылығы мен егіншіліктен баска аңшылық пен балық
аулау кәсіптерімен де шұғылданған. Олар тау теке, арқар, қабан, бұғы,
бұлан, дуадақ аулайтын. Жартастағы суреттер таулы-далалық тайпалардың аңды
салт атпен қоршап аулайтыны бейнеленген.
Б.з.б. I мың жылдықтың орта шенінде, яғии сақ заманында өндірістің
мамандандырылған түрлері болды. Бұлар руданы өндіру және өңдеу, темір
ұсталығы, темірді құю және зергерлік істер еді. Бірақ сақтардың қол өнер
кәсібі әлі жетілмеген болатын.
Б.з.б. I мың жылдыктың басында Қазақстан жерінің ежелгі тайпалары қызыл
және қоңыр темір тасты, магнитті, темір жылтыры сияқты тез балқитын
рудаларды жақсы білген. Мұны Қарқаралы қаласына жақын Суықбұлақ қоныс
жұртын қазу кезінде табылған оңды сұрыпталған темір ру-дасының үйіндісіне
қарап білуге болады. Орталык Қазақстан мен Жетісу обаларынан б.з.б. УІІ-УІ
ғасырларда темірден соғылған заттар - темір қанжарлар, пышақтар, жүген
әшекейлері табылған.
Ежелгі Қазакстанда мыс-қалайы өндіру басым болды. Сақ заманында кен ісі
мен руданы алғашқы өңдеу техникасы Андронов дәуірімен салыстырғанда едәуір
ілгеріледі. Сақ шеберлері, әсіресе, қола құю ісінде елеулі табыстарға
жеткен.
Шаруашылықтың жаңа түрлері өздеріне лайықты еңбек құралдарын жасауды
қажет етті. Осыған байланысты ертедегі шеберлер ат тұрманын, қару-жарақ,
ауыздық жасауды үйреніп, соғыс құралдарын, қару-жарақтарды, жебенің
ұштарын, қысқа семсерлер (ақинақ), қанжар, ұзын семсерлер, найза, түрлі
балталар жасады.
Металл оңдеумен бірге қолөнердің тұрмыстық ыдыс-аяқ жасау, тас қашау,
сүйек ою, тері илеу, жіп иіру және тоқымашылықтың түрлері де болды.
Темірден пышақ, металдан ыдыс, темір ілгектер, қашаулар, т.б. заттар жаса-
лынды.
Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Батыс Еуропа халықтары мен тығыз
байланыс жасап тұрды. Бұл жөніндегі қазылған ескі молалардан табылған
заттар сақтардың өмірі туралы көптеген мағлұматтар береді. Сақтардың
әлеуметтік қоғамы жөнінде айтқанда, олардың басты үш топқа бөлінгенін
көрсетуге болады. Біріншісі - әскери топтар, екіншілері - ауқатты бай
топтар, діни адамдар, жрецтер, үшіншілері - жай қатардағы сақтар, бұлар -
кедейлер, оларға соқа және екі өгіз тән.
Сақтардың молалары кең, биік болған.Сондай молалардың бірі 1969 жылы
қазіргі Алматы облысы, Есік қаласының жанынан табылды. Б.з.б. V ғасырда
бой көтерген бұл қорған ағаштан қиылған, биіктігі 7 метр, оның ішінде
жерленген бай жас сақ жауынгерінің барлық киімі алтынмен қапталған. Оның
басындағы телпегінен бастап аяқ киіміне дейін атты, жолбарысты, тау ешкіні,
құстарды бейнелейтін 4 мың алтын алқа қадалған. Мұны "Алтын адам" деп
атайды. Ол - сол кездегі сақ тайпаларының тұрмысы мен мәдениетінің қандай
болғандығын көрсетеді. Сақ мәдениетіне тән басты көркемдік сала - аң
стилі өнері. Сақтар тастарға ойып, қашап жануарлар бейнелерін қалдырған.
Сақтардын аң стилі өнерінде арыстан, самұрық, бұғы, қошқар, түйе, барыс,
жолбарыс, бүркіт сияқты тағы және жергілікті үй жануарларын бейнелеу ерекше
орын алған. Бұл сақтардың өмірінде, тұрмы-сында, киген киімдерінде кеңінен
көрініс тапқан. Олардың аң стилі өнерінің қалдықтары археологиялық
зерттеулердің барысында Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып отыр.Басқа
халықтар сияқты сақ тайпаларыда табиғаттың тылсым күштеріне - күнге,
найзағайға, күннің күркіреуіне, жел-дауылға табынған. Өйткені бұл
құбылыстар оларға құдай бейнесі секілденіп көрінген. Сақтардың түсінігі
бойынша құдайлар, қанатты тұлпарлар, ат-самұрықтар және тағы да басқа
қиялдан туған жануарлар бейнесінде елестеген. Сондықтан бұл образдар сақ
тайпаларының ауыз әдебиеті мен мифологиясында кеңінен көрініс тапқан.
Сақтардың сенім-нанымы бойынша әлемдегі тәртіп, үйлесім, ондағы болып
жатқан барлық нәрселердің ұйымдастырушылары - Митра, Баруна, Индира секілді
құдайлар деп түсінген.
ІІ Тарау. Үйсін ескерткішетірінен табылған еңбек құралдар

Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі кінәз Чжанцянь
Үйсіндер иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мын жауынгер шығара
алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған 30 мың
атты нөкері және оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет
қалдырған.
Деректерде б.,з.Ш - ғасырына дейін із қалдырған үйсіндердің саяси тарихы
олардың Қытаймен байланысы болғанын, елшілік қарым-қатынас жасағанын,
үйсіндердің гуньмолары-билері қытай ханшаларына үйленіп отырғанын
баяндайды.
Үйсіндердің этникалық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған.
Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс иран тайпаларынан шыққан десе, екінші
біреулері үйсіндер — түрктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген деп
есептейді. Бірақ, қалай болса да, әйтеуір казақтың ең ірі таипаларының бірі
үйсін деп аталады.
Археологиялық ескерткіштері. Жетісу жерінде үйсіндердің ондаған обаларына
қазу жұмыстары жүргізілген және олардың мекен жайлары зерттелген.
Үйсіндердің қорымдары тау сілемдеріне, таулы алқаптар мен өзен
жағалауларына орналасқан. Әдетте олар өзен бойын қуалай созылып жататын
обалар тізбегі болып табылады.
Обалардың көпшілігі диаметрі 6—20 және биіктігі 0,5—1,5 м топырақ, тас
қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Үйсін
қорымдарында өзгелерімен салыстыра қарағанда, тым үлкен, диаметрі 50—80 м
және биіктігі 8—12 м обалар кездеседі. Сондай обалардан — тіпті таланып-
тоналғандарының өзінен — археологтар алтыннан жасалған көптеген
әшекейлеріді — киім қапсырмаларын, алтын сырғалар мен қола айналарды, ағаш
қобдишаларды тауып алып келеді.
Қорымдардың ертедегі бір шоғыры б. з. дейінгі III—II ғғ. жатады. Олар —
Қапшағай III, Өтеген III, Қызыл еспе, Кызыл ауыз III, Қызыл Қайнар. Оларға
ортақ сипат— қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайыссында 5—6-дан
обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланып істелген.
Зерттеушілер мерзімін б.з. бұрынғы I г. — б. з. I ғ. деп шамалайтын,
келесі (орта) кезеңге — Өтеген I, II. Тайғақ I, Қарлақ I, Алтын Емел,
Қаратума, Талғар, Ақтас қорымдары жатады. Бұл кезенде үйсін қорымдары
жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқаны анықталған.
Ақырғы мерзімі II—III ғг. деп саналатын үшінші кезеңге Қапшағай II, Шолақ-
Жиде I, II, Гүр Қора II, Қалқан IV қорымдары жатады.
Бұлардағы барша обалар мүлде жүйесіз жасалған, тізбектер атымен жоқ.
Қабырлар жерден, лақатты болып қазылған, үстері ағашпен бастырылып
жабылмаған.
Үйсіндердің мекен еткен жерлері.Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан,
Қырғыз Алатауының сілеміндегі Луговое ауылы маңынан табылған. Қазу жұмысын
жүргізгенге дейін ол қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен
сыланған тұрғын үйлер жәдігерін жасырып жатқан төбе болатын. Үй ортасында
ас пісіретін жер ошағы маздап тұратын. Үлкен көзелер сынығының көптігіне,
дәнүккіш тастар мен кетпендердің жиі кездесетініне қарағанда, осынау
мекенжайдың халқы үй іргесіндегі мал шаруашылығына қоса егіншілікпен
айналысқан тәрізді.
Тән-шәннің таулы аудандарында үйсіндердің мекендері көптеген шатқалдардан
кездесті. Солардың бірі Ақтас, Кеген қыстағына жақын жердегі Құрайлы
өзенінің бойында. Оларадан бес тұрғын үй мен қоражайлар қалдықтары аршылып
ашылды, олардың қабырғалары таспен қаланыпты. Кыстақ қасынан ежелгі
егістіктер табылды, олар өзеннен тартылған арықтармен суарылыпты.
Үйсіндер шаруашылығы. Қытай бастаухаттары Үйсіндерді көшпелілер ретінде
сипаттаған. Оларда үйсіндер егіншілікпен де, бау-бақша өсірумен де
айналыспайды тек оты мол, суы мол жерлерге мал-жанымен бірге көшеді де
жүреді — деп жазылған.
Расында да мал шаруашылығы үйсіндердің өмір-тіршілігініде шешуші рол
атқарған .Жетісудың табиғи жағдайы Мойынқұм мен Балқаш жерін қоныс еткен
қыстаулардан бойлық бағдарымен жұріп отырып, жаз күндері мал қоңданып,
қысқы мерзімге әзірлену әлденіп алатын, тау бастарындағы шөбі шүйгін
шалғынды жайлауларға көшіп баруына қолайлы болған. Бұл аймақта жайлау мен
қыстау аралары онша қашық емес -30-100 шақырым шамасында болады. Сол
себепті де үйсіндер ұзақ уақыт қыстаулары мен жайлауларында, әсіресе көктем
мен күзгі жайылымдарында отырып қалады екен. Олар осы арадан тұрақты үйлер
салып, оның қасынан егін егіп, бау-бақша өсіретін болған. Үйсіндердің
отырықшы болып, егіншілікпен айналысқанының бір дәйекті дәлелі"— олар-дың
тұрақты тұрын үйлері, қора-жайлары, саздан көптеп жасалған ауыр аяқ-
табақтары, дәнүккіштері, тас кетпендер мен әртүрлі . дақылдар қалдықтары
бар мекен жайларының болуы.
Археологиялық материалдарға қарағанда, үйсіндер тарихының ертедегі
кезеңінен кейінгі кезеңіне жақындаған сайын егіншілік рөлі артып отырған.
Ендеше үйсіндер шаруашылығы кешенді малшаруашылықты егіншілік болған.
Үйсіндер жылқы, қой, ешкі,сиыр, түйе және басқа малды өсірген. Үйсін
байларының табындарында 500-ге тарта жылқы болғаны деректерден белгілі.
Оларда жылқының әртүрлі тұқымы болған, оның ішінде асыл тұқымды арғымақтар
да болған деседі. Үйсіннің Теңлік обасынан табылған алтын қаптырмада
шоқтығы биік айғыр мінген салт кісі бейнелен-
ген.Дәулетті-текті кісілер киімдерін жібек пен биязы жүн маталардан
тіктіреді, ал қарапайым қалың жұрт киім-кешектерін түрпідей қылшықты жүн
маталарынан, былғары мен қой терісінен тіктіріп киінеді екен. Жібекті
Қытайдан жүрдек аттарға айырбастап алатын болған немесе тарту-таралғы және
салық ретінде алып отырған.
Аяқ-табақты қыруар көп етіп дайындаған, оны әйелдер саздан жасаған, ал
еркектер қайыңнан шағын стол-табақтар, зерендер, қымыз құятын ожаулар ойып
жасайтын болған.
Үйсіндер мыс, қорғасын, қалайы, алтын кенді орындарын пайдаланған, темірді
балқытып, одан пышақ пен қанжарлар, семсерлер, жебе ұштарын жасаған. Түрлі
түсті тастардан, асыл металдардан моншақтар мен сырғалар, киім-кешек
әшекейлерін істеп шығарған.
Үйсін қоғамы біртектес болмаған, онда байлары — тайпа мен ру
дәулеттілері, жасауылдар мен абыздар және қатардағы бұқара-малшылар мен
егіншілер болған.Үйсіндер арасында жеке меншіктің өскеніне обаларын қазған
кезде табылған, сазбалшықтан, тастан жасалған мөрлер айқын дәлел бола
алады. Үйсіннің кейбір әскер-басылары мен аса көрнекті шенеуніктерінің
қолында алтын мен мыс мөрлері-болғаны туралы жазба деректер айғақтайды.
Жеке меншік тек малға ғана емес, жер-суға да тараған. Деректерде қоғамның
жоғарғы жігінде қызмет жүйесінің кеңейіп кеткені айтылады. Үйсіндер
қоғамында қауымның азат мүшелерімен бірге. Құлдар да болған, олар негізінен
соғыс тұтқындарынан кұралады екен.
Үйсін қоғамындағы әлеумелтік айырмашылықтар археология материалдарынан
айқын байқалады.Үйсін обалары өздерінің көлемі жағынан үш топқа бөлінеді:
диаметрі 80 м, биіктігі 15 м дейін жететін үлкен обалар; диаметрі 15 және
биіктігі 2 м дейін жететін орташа обалар; диамерті 10м, биіктігі 1 м дейін
жететін ең көп кездесетін кішкентай обалар. Қазба жұмысы жүргізілген
кездері.
Ол қабыры таланбаған болса, үлкен обалардан археологтар көптеген алтын
әшекейлерді, қару-жарақты. Саздан жасалған аяқ-табақтарды тапқан. Мысалы,
Тенлік обасындағы қабырден киімге тағылған алтын қаптырмалар алтын
сырғалар, алтынмен қапталған темір түйреуіш, қола айна табылған.Ал,
кішкентай обалардағы қабырда бір-екі балшықтан жасалған көзе тұрады,
мәйіттің қаңқасымен қатар темір пышақтар жатады. Мұнда қойылған кісілер бір
кезде қола сырғалар мен қола моншақтар салып жүрген. Хош, сонымен жазба
деректер де, археологиялық материал да үйсіндер қоғамының даму барысында
мемлекеттік деңгейге жеткенінен хабар береді.
Меншік қатынастары. Бұдан бұрын атап өтілгеніндей, көшпелі мал
шаруашылығына көшу қоғамның өндіргіш күштері дамуында ілгері басқан қадам
болды. Осы негізде малға жеке меншік қалыптасты, қауымдық, тай-палык және
рулық жайылымдарды тайпаның үстем топтарының озбырлық-пен иемденіп алу
процесі жеделдеп, тайпааралық айырбас өрістеді.
Сол кездің өзінде-ақ әлі аз болса да рулық-тайпалык аксүйектердің қоғамның
үстем тобы болғаны даусыз. Археологиялық материадцардың көрсетіп
отырғанындай, рулық зираттарда құрылымының алыптығымен және жерлеу
рәсімінің байлығымен қайран қалдыратын ақсүйектер зираттарының табылуы
кездейсок ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz