Ажырасу мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау
Ғылыми әдебиеттерде сәтсіз құрылған отбасы туралы классификациялар әлі жоқ. Сәтсіз құрылған некелік жұптарды конфликтілі, кризистік және проблемді деп бөліп көрсетуге болады.
Конфликтілі ерлі-зайыптылар жұбы деп арасында болатын қызығушылықтары мен қажеттіліктері үнемі қақтығысқа түсіп, жағымсыз, өте күшті эмоционалды күй тудыратын жұптарды айтады. Дегенмен, ерлі-зайыптылар жұбы некені күшейтіп, ұстап тұратын басқа факторлардың арқасында ұзақ уақытқа сақталуы мүмкін, сонымен қатар, мұндай жағдай бір-біріне жолбермеушілік пен компромистік шешімдерге келудің көмегі арқылы да болады.
Кризистік ерлі-зайыптылар жұбы деп жұбайлардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің қарама-қайшылығы ерекше сипатта болып, отбасының маңызды деп саналатын өмірлік іс-әрекет сарасын да қамтиды. Мұндай некеде жұбайлар бір-бірімен татуласпайтын, тіпті бір-біріне деген қарым-қатынаста дұшпандық позицияда болуларына дейін барады. Бұл кезде олар бір-біріне жол бермеушілікке және компромистік шешімдерге келуге де келіспейді. Кризистік некелік жұптарға құлдырауға жақын қалған немесе құлдырап кеткен отбасылардың барлығын жатқызуға болады.
Проблемді ерлі-зайыптылар жұбы деп өмір жолдарындағы ерекше қиындықтағы жағдайлар пайда болып, некенің тұрақтылығына соққы әкелетін (мысалы, баспананың болмауы, жұбайлардың біреуінің ауыр немесе ұзақ мерзімді ауруға шалдығуы, отбасын қамтамасыз етуге қажетті қаражаттың жоқтығы, қылмыс жасап бас бостандығынан ұзақ мерзімге айырылу және тағы басқа сияқты болатын өмірлік жағдайлар) мәселелер.
Некенің тұрақтылығы немесе тұрақсыздығын жұбайлардың тұлғалық және эмоционалды-психологиялық қажеттіліктерінің қанағаттануы арқылы қарастырады. Өйткені, некенің тұрақтылығы тек материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар, эмоционалды-психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға да байланысты болады. Отбасын құрған жұбайлар көп жағдайда өздерінің ұзақ уақытқа созылған конфликтілерін ажырасу арқылы шешеді [ 13, 111 – 118 б ].
Қазіргі жағдайда бұл мәселе өте өзекті болып отыр, себебі көптеген мемлекеттерде ажырасу саны күн өткен сайын өсіп келеді.
Осының дәлелі ретінде мынандай статистикалық мәліметтерді келтіруге болады: 1999 жылдары Қазақстанда бір мың адамға 6,3 некелесу және 3,7 ажырасу жағдайы тіркелген. Сонымен қатар 25-40 жас аралығындағы некелесулер соңы ажырасумен аяқталып,осыған қоса бұл отбасылардың көпшілігінде жасөспірім шақтағы балалары болатыны анықталған.Авторлардың көпшілігі отбасының бұзылуын және ажырасуын жасөспірімдерге кері әсер тигізетіндігі жайлы айтады. Осы ажырасуға негіз болатын және де ажырасқаннан кейін әсер ететін көптеген факторларды есепке алу қажет: ажырасудың себептері балаың отбасынан

Ажырасу конфликтілі жағдайлардың бір шешімі ретінде
Ғылыми әдебиеттерде сәтсіз құрылған отбасы туралы классификациялар
әлі жоқ. Сәтсіз құрылған некелік жұптарды конфликтілі, кризистік және
проблемді деп бөліп көрсетуге болады.
Конфликтілі ерлі-зайыптылар жұбы деп арасында болатын
қызығушылықтары мен қажеттіліктері үнемі қақтығысқа түсіп, жағымсыз, өте
күшті эмоционалды күй тудыратын жұптарды айтады. Дегенмен, ерлі-зайыптылар
жұбы некені күшейтіп, ұстап тұратын басқа факторлардың арқасында ұзақ
уақытқа сақталуы мүмкін, сонымен қатар, мұндай жағдай бір-біріне
жолбермеушілік пен компромистік шешімдерге келудің көмегі арқылы да болады.
Кризистік ерлі-зайыптылар жұбы деп жұбайлардың қызығушылықтары мен
қажеттіліктерінің қарама-қайшылығы ерекше сипатта болып, отбасының маңызды
деп саналатын өмірлік іс-әрекет сарасын да қамтиды. Мұндай некеде жұбайлар
бір-бірімен татуласпайтын, тіпті бір-біріне деген қарым-қатынаста дұшпандық
позицияда болуларына дейін барады. Бұл кезде олар бір-біріне жол
бермеушілікке және компромистік шешімдерге келуге де келіспейді. Кризистік
некелік жұптарға құлдырауға жақын қалған немесе құлдырап кеткен
отбасылардың барлығын жатқызуға болады.
Проблемді ерлі-зайыптылар жұбы деп өмір жолдарындағы ерекше
қиындықтағы жағдайлар пайда болып, некенің тұрақтылығына соққы әкелетін
(мысалы, баспананың болмауы, жұбайлардың біреуінің ауыр немесе ұзақ
мерзімді ауруға шалдығуы, отбасын қамтамасыз етуге қажетті қаражаттың
жоқтығы, қылмыс жасап бас бостандығынан ұзақ мерзімге айырылу және тағы
басқа сияқты болатын өмірлік жағдайлар) мәселелер.
Некенің тұрақтылығы немесе тұрақсыздығын жұбайлардың тұлғалық және
эмоционалды-психологиялық қажеттіліктерінің қанағаттануы арқылы
қарастырады. Өйткені, некенің тұрақтылығы тек материалдық қажеттіліктерін
қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар, эмоционалды-психологиялық
қажеттіліктерін қанағаттандыруға да байланысты болады. Отбасын құрған
жұбайлар көп жағдайда өздерінің ұзақ уақытқа созылған конфликтілерін
ажырасу арқылы шешеді [ 13, 111 – 118 б ].
Қазіргі жағдайда бұл мәселе өте өзекті болып отыр, себебі
көптеген мемлекеттерде ажырасу саны күн өткен сайын өсіп келеді.
Осының дәлелі ретінде мынандай статистикалық мәліметтерді
келтіруге болады: 1999 жылдары Қазақстанда бір мың адамға 6,3 некелесу
және 3,7 ажырасу жағдайы тіркелген. Сонымен қатар 25-40 жас аралығындағы
некелесулер соңы ажырасумен аяқталып,осыған қоса бұл отбасылардың
көпшілігінде жасөспірім шақтағы балалары болатыны анықталған.Авторлардың
көпшілігі отбасының бұзылуын және ажырасуын жасөспірімдерге кері әсер
тигізетіндігі жайлы айтады. Осы ажырасуға негіз болатын және де
ажырасқаннан кейін әсер ететін көптеген факторларды есепке алу қажет:
ажырасудың себептері балаың отбасынан ата-анасының біреуінің кетуіне
қаншалықты дайын болғандығы, нақты жағдайдағы ата-ананың мінез-құлқы,
ажырасу жағдайынан кейінгі жасөспірімдердің бейімделуі және т.б.факторлар.
Ең алдымен мына жағдайларды ескеру қажет:
- жасөспірімдердің ата-анасының ажырасуына көрсеткен эмоционалды
реакциялары;
- отбасындағы ажырасу жағдайына бейімделу кезінде пайда болған
проблемалар;
- ажырасудың жасөспірімнің болашағына, тұлғалық дамуына тигізетін әсері.
С.С.Седельников бойынша, ажырасу жағдайында адам ішкі
психологиялық әлеміндегі тұрақсыздығымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан да,
мысалы, қарым-қатынас формасында, белсенді іс-әрекет барысында да
тұрақсыздық көрсетеді. Отбасының құлдырауы моральдық-психологиялық және
әлеуметтік ұстанымдарының тек қана ішкі жағдайда субъектінің жекедара
өмірінде ғана емес сонымен бірге өзі өмір сүретін микроортада да
қалыптасуына алып келеді.
Көптеген жұмыстардың ішінде ең жақсы қорытылған еңбек – ажырасқан
әйелдер мен балаларының проблемалары туралы жазылған Гельмут Фигдордың
еңбегі. Г.Фигдордың ойы бойынша, ажырасудан кейінгі дағдарыстың ұлғайып
кетуіне екі себеп бар: яғни, біріншіден, ол ажырасудың салдарынан болатын
баладағы әртүрлі жағдайларда өзіне жауапкершілік ала алмауы, екіншісі –
баламен қалған әкесінің немесе анасының дағдарысы.
Ажырасқан әйелдер мен ер адамдардың көпшілігі біраз уақыт өткеннен
кейін қайтадан отбасын құруды шешеді (кейбір мәліметтер бойынша 83% ер
адамдар және 76% әйелдер). Екінші рет отбасын құрғанда олар өз қарым-
қатынасын қадірлей біледі, өз міндеттерін жақсы орындайды, барлық нәрсеге
салмақпен қарайды.
1.2 Отбасындағы ажырасудың негізгі себептері мен даму динамикасы
Отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауы және ерлі-зайыптылар арасындағы
конфликтілердің болуы әсіресе ажырасу статистикасынан анық байқалады.
Ажырасу – бұл отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауының, ұрыс-керіс,
жиналған ашу-ыза, реніш және келеңсіздіктердің ұзақ уақытқа созылуының
мәресі.
Психологтар мен әлеуметтанушылар алдында тұрған үлкен мәселе нақты
неке жұптарының құлдырауының бірлік фактісі емес, ажырасу жағдайының
әлеуметтік мәселелері мен отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауына әкелетін
жағдайлардың жиынтығын қарастыру болып табылады. Мысалы, ажырасу саны 1980-
ші жылдармен салыстырғанда 1996 – шы жылдары 4,6 есе өсті, бұл неке-
отбасылық қарым-қатынаста маңызды өзгерістердің болғандығын көрсетеді. Бұл
өзгерістер, ең алдымен, маңызды әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен
байланысты: қоғамдық өндірісте әйелдердің жоғары деңгейде орын алуы,
әйелдердің білім деңгейлерінің күрт көтерілуі, әйелдердің аналық және
өндірістік фукцияларының арасында қарама-қайшылық жүйелерінің пайда болуы.
Ажырасу мәселесінде оның географиясы да өте маңызды. Біршама жоғары
деңгей көршілес Украина және Белорусия елдерінде деп көрсетілсе, Орта Азия
мен Кавказ елдерінде ажырасу деңгейі бұлармен салыстырғанда 2 – 3 есе
төмен. Әйтсе де, бұған мәдени-тарихи және этнографиялық ерекшеліктер,
сақталған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, отбасында патриархалдықтың
кейбір элементтерінің болуы және т.б. себеп болады.
Ажырасу динамикасын қарастырудағы маңызды тағы бір нәрсе - ол ауыл
тұрғындарының арасында ажырасу, қала тұрғындарымен салыстырғанда, 2 – 3 есе
төмен болуы.Бұл жерде басқа да статистикалық заңдылықты ескеру керек:
тұрғындардың есеппен 1000 адамына ажырасу саны қалалардың көлемінің өсуіне
байланысты болады.
70-ші жылдардың басында демографтар мен әлеуметтанушылар ажырасудың
мотивтерін талдауды бастаған болатын. Мұндай зерттеулерді әр түрлі
қалалардың зеттеушілері жүргізді (Л.В. Чуйко – Киев, В.Д. Чечот –
Ленинград, В.Т. Колокольников – Минск) және т.б Олар ажырасудың мотивтері
мен себептерінің түрлі классификацияларын ұсынды, олар өте көп, бірақ ең
маңыздыларына тоқталып өткенді жөн санаймыз.
Ең алғашқы ажырасудың мотивтері мен себептерінің классификациясын
ұсынған Н.Я. Соловьева болды. Ол мынандай себептер: 1. ерлі-зайыптылардың
біреуінің ауруы; 2. баланың болмауы; 3. мәжбүрлі айырылысу; 4. өгей
балалардың болуы; 5. физикалық күш көрсету; 6. көзге шөп салу, басқа
отбасының болуы; 7. маскүнемдік; 8. мінездердің сай келмеуі; 9. екі жақ ата-
аналарының араласуы; 10. басқа біреуді жақсы көріп қалу; 11. дін,
әлеуметтік жағдайлардың сәйкессіздігі және т.б.
Көріп тұрғандай, классификация отбасылық өмірдің сыни жағдайларының
көптеген жақтарын қамтиды. Бұлардың барлығы шын мәнінде өмірде бар және
некені бұзуға себебін тигізеді.
Н.Г. Юркевич ажырасудың мотивтері мен себептерінің біршама басқаша
классификациясын ұсынды: 1. ерлі-зайыптылардың мінездерінің сәйкессіздігі;
2. жұбайлар сенімдерінің бұзылуы; 3. ата-анаға деген қарым-қатынастың нашар
болуы; 4. маскүнемдік; 5. некеге махаббатсыз түсу немесе жеңілтектік күйде
болу арқылы некеге түсу; 6. жұбайлардың біреуінің бас бостандығынан 3 жыл
немесе одан көп ұзақ уақытқа айырылуы. Сонымен, Н.Г. Юркевич Н.Я.
Соловьеваның классификациясын толықтырғанын байқаймыз.
Ажырасу мотивтерінің жаңа аспектілері Н.В. Колокольниковтың
классификациясында байқалады: 1. маскүнемдік; 2. мінездерінің
сәйкессіздігі; 3. басқа адамға көз салу; 4. некеге жеңілтектікпен отыру; 5.
ұзақуақыттық бөлектенушілік (объективті себептерге байланысты); 6.
қатыгездік; 7. бас бостандығынан 3 жыл және одан да көп жылға айырылуы; 8.
физикалық және жан ауруларына шалдығу; 9. ата-аналардың және басқа
туысқандардың араласуы; 11. әйелдің бала көтере алмауы; 12. басқа да
себептер.
Көрініп тұрғандай, бұл классификация алдыңғы екеуін толықтырады. Осыдан
келіп, ғылыми тұрғыдан ажырасу жағдайының жаңа аспектілері және ажырасу
мотивтерінің көлемі кеңейе беретіндігін байқауға болады.
Ажырасу жағдайы мотивтерінің әртүрлілігіне байланысты бұл мәселе
бойынша мотивтерді объктивті емес, субъективті түрде талқылау қажет
етіледі. Ажырасушы жұптардың ажырасуының субъективті мотивтері әрқашан әр
түрлі болады. Мұндай мотивтер арқылы некені бұзушылардың шынайы себептерін
талдау қиынға түседі. Кей кездері шынайы мотивтер басқалармен ауысуы
мүмкін. Мысалы, күйеуі әйелінің отбасында лидер болуын қаламаса, сотта ол
ажырасудың себебі әйелінің нашар адам, өзінің үй шаруасын дұрыс
атқармайтындығымен түсіндіруі мүмкін.Сол үшін шынайы себепті анықтау
ажырасу процесінің материалын зерттеу кезінде қиындық туғызады.
Ажырасу туралы шешім - әйел мен ерінің өмірлеріндегі маңызды оқиға.
Бұған ұзақ уақыттық мотивация процесінің жүруі кіреді. Бұл - тұлғалық
қажеттіліктер мен қызығушылықтар, көзқарастар, құндылықтық бағдарлары
жағынан қалыптасқан көзқарас бойынша жан-жақты қарастырылып қабылданған
шешім. Бұл - мінез-құлықтың өте күрделі формасы, оның шартты атауы ажырасу
мінез-құлқы.
Ажырасу процесі мотивтерінің ар жағында біз есепке алмайтын басқа да
себептер мен мотивтер жатуы мүмкін. Мысалы, мінездеріміз сәйкес келмейді
деген стереотипті ойлау. Егер жұбайлар бірнеше жылдар бойы бірге тұрып,
арман-тілектерін сәйкестендірген болса, мінезіміз сәйкес келмеді деген
себеп туындамауы қажет.
1.3 Ажырасу жағдайының жасөспірімнің эмоционалды-тұлғалық сферасына
әсері
Отбасындағы ажырасу жағдайы тек ерлі-зайыптылардың ғана эмоционалды-
тұлғалық сферасына әсер етіп қоймай, сонымен қатар,олардың
балаларының,әсіресе,жасөспірімдік шақтағы балаларының эмоционалды-тұлғалық
сферасының бұзылуын да қамтиды. Бұл жерде біз жасөспірімнің ата-анасы
ажырасуын қалай қабылдайтынын, қандай реакциялар болатындығын немесе бұл
жағдайда балада қандай күйзелістер туындайтынын түсінгіміз келеді. Бірақ
ажырасуды қайғыру кезеңінде нені түсінуіміз керек, және бұл қайғыру басқа
қайғылармен салыстырғанда қандай? деген мәселе туындайды. Бала үшін
ажырасудың заң түріндегі актісінің ешқандай жанама ролі жоқ, яғни оның ата-
анасы заңды түрде некеде ме, жоқ әлде заңсыз түрде ме - ол оған маңызды
емес. Бірақ кей кезде ата-анасы заңды түрде некелескен болса да, заңды
түрде ажырасу отбасылық қарым-қатынаста тек қосымша рольде болуы мүмкін.
Мысалы, ажырасудан кейін де ата-аналар кейбір кезде әрі қарай да жалғасымды
түрде бірге тұра береді.
Сонымен, біз мынадай ой түйініне келеміз, ата-аналардың ажырасуын
міндетті түрде ажырасудың психологиялық моменті деп белгілеу қажет.
Себебі, көптеген ажырасуларға ата-ананың ұзақ уақыттық конфликтілері түрткі
болуы мүмкін деген дәлел жиі кездеседі. Ата-ананың ұзақ уақыттық
конфликтілері кезінде олар бірнеше рет ажырасып, қайта қосылуы мүмкін.
Ата-ананың осындай уақытша ажырасулары әрбір баланың өмірінде
маңызды роль атқарады. Ажырасудың ұзақтығы ажырасу жағдайын қайғырудың
критериі болып табылады. Мысалы, кейбір балалар өзінің анасын немесе әкесін
бір ай немес бір жыл бойы асыға күтеді. Олар мұңаяды, бірақ, дегенмен,
денсаулықтары сау қалпында болады. Ал кейбір балалар ажырасқанның
ертеңінде-ақ бірден өзгеріп, мүлдем басқа болып кетеді,яғни бұл баланың
ажырасуды қалай түсінетіндігіне байланысты: әкесі немесе анасы мәңгіге
кетіп бара ма, жоқ әлде қайтадан қайтып келе ме деген ойлардың мазалауы.
Ажырасу басқа барлық айырулардың түрінен (ата-ананың біреуінің өлімін
қоспағанда) несімен ерекшеленеді; бұл дегеніміз соңғы шешім бе, қайтып
келместік немесе үйреншікті жағдайлардың өзгерісі ме; әдетте, бұл жағдай
балаға анасы мен әкесі ажырасады деп жариялауды естіген кезде пайда
болады, яғни балаға әкесі (немесе шешесі) мәңгіге кетіп барады, әкесі
немесе шешесі олармен енді қайтып тұрмайды, және т.б. деп айтқан уақытта
туындайды. Бұл жағдай ажырасушылықты-жоғалтып алушылыққа айналдырады [ 12,
37 – 57 б ]
Балаға өзінің аффектілерін көрсетуге мүмкіндік беру, ұзақ әңгімелесу
кезінде анық қайғысын бөлісу және онымен қорқыныштары жайлы сөйлесу,
коалиция жасауға тырыспау, яғни басқа ата-ананы кінәламау, осыған
байланысты болған конфликтілерді балаға жүктемеу – бұлардың барлығы бала
үшін күрделі жағдайда ата-аналардың көрсететін көмектерінің алғашқы
қадамдары болып табылады.
Бала үшін ажырасу жағдайының маңыздылығын бағаламауға әкелетін ата-
ананың күнә сезімі оларды иллюзияға сенуге немес баласы үшін ажырасу
ешқандай қорқыныш тудыратын оқиға бола қоймас дегенге үміттеніп, осы
себептерге байланысты ата – аналар баланың жан айқайын байқамайды немес
оларды көрсетуге кедергі келтіреді. Мұндай ата-аналардың жағдайын ажырасу
арқылы келтірген ауырлықты өз жауапкершілігіне алғысы келмейтіндігімен
түсіндіруге болады.
Жауапкершілікті өзіне ала алмау, өтірік айту, жасыру, күнәні басқа
адамға жабу тек ажырасудан кейінгі алғашқы көмекке ғана кедергі келтіріп
қоймай, көптеген балалардың психикалық жағдайларының нашарлауының екі
негізгі себептерінің бірі болып табылады. Баланың ажырасуға деген
реакцияларын ата-аналар дұрыс түсінбей, олар баланың кризистік жағдайдан
шығуына мүмкіндік бермейді. Ата-аналар баланың мінез-құлқы, жан айқайы
ажырасумен байланысты екендігін түсінбейді. Баланың мінез – құлқындағы
өзгерістерді ата-ананың сындары мен кінәлаушыларының өзара байланысты
екендігін де түсінбейді. Бала көмекке сенгеннің орнына, одан сайын өзін
жалғыз сезініп, ажырасу жағдайына тән аффектілер мен қорқыныштар одан сайын
күшейе түседі. Нәтижесінде, ата-анамен конфликтіге апаратын мінез – құлық
ата – ананың жан қуатын, ескермеушілер мен сындардың жұмсауын талап етеді.
Әр жыл сайын ажырасудың әсерінен толық емес отбасының санына 700 мың
отбасы қосылып отырады, ең ауыры, бала ата – анасының біреуінде
тәрбиеленеді, ажырасу баланың психикалық дамуына кері әсерін тигізеді.
Толық емес отбасы – бұл толық емес, үзілді – кесілді байланыстағы,
дәстүрлі қарым – қатынас жүйесі жоқ кіші топ: ана - әке, әке – бала, ана –
балалары, бала – ата - әже. Толық емес отбасында психологиялық климат
бұзылады, оған тән нәрсе шеттетілу, қоғамнан тыс қалу. Көбінесе толық емес
отбасы - ананың бір немес одан да көп балалармен болуы. Мұндай отбасында
ана өзіне тән емес көптеген қызметтерді атқаруға мәжбүр болады, сонымен
қатар толық емес отбасында балалар біржақты феминистік тәрбие алады.
Вильям Сатирдің айтуы бойынша, толық емес отбасындағы бала тұтастай ер
адамды және тұтастай әйел адамды елестете алмайды және түсіне алмайды.
Баламен қалған ата – ана үшін екінші жоқ анасы немес әкесі туралы
негативті, яғни, жағымсыз ой қалыптастыру қиын емес. Балаларымен қалған
әйел балада барлық еркектер сондай жаман деген ойдың қалыптасуына барынша
күш салуы мүмкін. Осыны естіген ұл бала әрең дегенде ер адам болу жақсы
емес дегеніне сенеді, сол себептен ол өзінің де жақсы емес екендігіне күмән
туындайды.
Екінші рет тұрмыс құрған анасы мен тұратын ұл балаларда жалғыз
басты анасымен тұратын балалармен салыстырғанда үрей аз болады, әлеуметтік
жүріс-тұрысы бағытталған және танымдық мүмкіндіктерін көп көрсететіндігі
анықталған.
Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, қайта некелесуде ең алдымен, алдыңғы
отбасынан келген балалармен қарым-қатынастың қалыптасу мәселесі тұрады.
Жасөспірімдік кезеңде балалар өгей әкенің немесе өгей шешенің болуына әрең,
қиындықпен үйренеді. Сондықтан да қайта некелесуде алғашқы жылдар стресске
толы болады.
Балалар толық емес отбасында өскендіктен, олар ер мен әйелдің
арасындағы қарым-қатынастың толық үлгісін елестете алмайды. Педагогтар
жүргізген зерттеу материалдары көрсеткендей, жасөспірімдердің оқу үлгерімі
көбінесе отбасылық қарым-қатынас, отбасының тұрақтылығы немесе дұрыс
ұйымдаспауына тәуелді болады. Шын мәнінде де, толық отбасында баланың мінез-
құлқын бақылау сапалы түрде болады. Көп жағдайларда кәмелетке толмаған заң
бұзушылардың арасындағылардың көбін толық емес отбасынан шыққан
жасөспірімдер құрайды.
Криминология аумағымен заң психологиясының мамандарының
көрсеткіштері бойынша, жағымсыз отбасылық орта көп жағдайда жасөспірімнің
қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсер етіп оны әлеуметке қарсы әрекеттер
жасауға итермелейді [ 12, 229 – 335 б.].
Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің көбі бақытты жұп құруға өте
тырысады және өз ата-анасының қателіктерін қайталамауға, әуелі балаларына
қатысты ата – насының жіберген қателіктерін өз балаларына қайталамауға
үлкен талпыныстар жасайды.
Жоғарыда айтылғандай, ата – аналардың ажырасуы жасөспірімнің өз жеке
отбасыларына әсері жоғары болады. Сонымен қатар, ажырасудан отбасындағы
жасөспірімдер өз қатарластарына қарағанда ертерек үйленіп, өзіне жетіспеген
эмоционалды жылулықты өзі қалыптастыруға, өз сәйкестілігін табуға тырысады.
Алайда мұндай ерте некелесулер көп жағдайда ажырасуға алып келеді.
Ата-ананың ажырасуы жасөспірімнің құндылық бағыттарының қалыптасуына
да әсерін тигізеді. Зерттеулер нәтижесінде 18 – 19 жастағы ата – анасы
ажырасқан студент жастардың өмірлік құндылықтар иерархиясы – эмоционалды
жақындылық, шынайы махаббат, бақытты отбасылық өмір және т.б. деген өмірлік
құндылықтарды құраса, ал толық отбасындағы студенттер жоғарыдағылармен
қоса, өз мүмкіндіктерін, қабілеттіліктерін максималды түрде пайдалана білу,
яғни өзін - өзі жетілдіру, дамыту құндылықтарын да маңызды деп санауды жөн
көрген [ 4, 45 -60 б.].
Сонымен қатар, көптеген зеттеулердің нәтижесі бойынша – ажырасу
фактісі емес, ажырасудан кейінгі қалыптасқан қарым-қатынастың сипаты
маңызды деп санайды. Отбасындағы ажырасу жағдайының жасөспірімнің
эмоционалды-тұлғалық сферасына әсерін көптеген ғалымдар зерттей келіп,
ажырасқаннан кейінгі екінші жылдың аяғында жасөспірім мінез-құлқы
ажыраспаған, бірақ үнемі, жиі конфликтіде болатын ата-аналардың балаларымен
салыстырғанда агрессивтілігі әлдеқайда төмен екендігі анықталған.
Осы айтылғандардың барлығын ескере келіп, жалпы тұлғаның бейімделу
мәселсіне тоқталуды жөн көріп отырмыз. Адам тағдыры көбінесе оның бейімделу
деңгейімен анықталады- бұл дегеніміз, өмірде болатын әртүрлі жағдайларға
бейімделу, туа пайда болған және өмір сүру барысында қалыптасқан
қабілеттердің болуы. Зерттеушілердің айтулары бойынша, бейімделу деңгейі
тәрбиелеу, оқыту, өмір бейнесі мен жағдайының әсерінен жоғарылап немесе
төмендейтіндігін көрсеткен.
Бейімделудің ең ауқымды түрі- психологиялық бейімделу. Психолгиялық
бейімделу бұл тұлғаның ішкі әлемінің әлеуметтік және әлеуметтік-
психологиялық орта талаптарына адамдардың әлеуметтік функцияларын орындау
қызығуларына байланысты қоғамдық өмірдің мазмұнына жақындай түсу процесі.
Бұл тұлғаның іс-әрекеті мен өмірінің ішкі және сыртқы жағдайларының
үйлесімділігі, оның әлеуметтік және табиғи ортаны белсенді меңгеруінен
көруге болады.
Американдық ғалым У.Джеймс және оның ізбасарлары (Р.Лазарус,
И.Гаккер, Л.Фестингер және т.б.) бейімделу мәселесін кеңінен қарастырған
болатын. Бұл бағыттың өкілдері тұлға бейімделуінің қайнар көзін жеке
адамның тәжірибесі, дайындық деңгейінің бар болуы және іс-әрекет пен өмір
жағдайларының нақты талаптарының арасындағы байланыстардың болуы деп
қарастырады.
Батыстық психологияның психоаналитикалық бағыттарының өкілдері
(З.Фрейд, Э.Берн,А.Адлер, Э.Эриксон және т.б.) тұлғаның бейімделуінің
қайнар көзі ретінде адамның қажеттіліктерінің оның қызығушылықтарына,
қоршаған ортаның нормативті талаптарына, әл-Фарабилеуметтік нормалары мен
ережелеріне сай келмеуінің нәтижесінде пайда болатын конфликтілер деп
санайды.
Ал позитивистер өкілі (А.Бандура, А.Маслоу, Г.Олпорт және т.б.)
тұлғаның бейімделуінің қайнар көзін негізін әлеуметтік кедергілер (тек
нормативтік сипатта ғана емес) құрайтын қоршаған ортамен болатын
конфликтілер деп есептейді. Олардың айтуынша, бұлар тұлғаның өзіндік даму
процесін қиындатады.
Бейімделудің келесі бір түрі- ол әлеуметтік бейімделу. Әлеуметтік
бейімделу теориясын алғашқылардың бірі болып орыс әлеуметтанушысы
А.А.Богданов өңдеп шығарды. Оның айтуынша, әлеуметтік бейімделу биологиялық
бейімделуден ешқандай артықшылығы жоқ, сондықтан ол адамдардың кәсіби іс-
әрекет және кәсіби міндеттрімен тығыз байланыстырады.
Сонымен, әлеуметтік бейімделу- бұл әлеуметтік-рөлдік байланыс пен
қарым-қатынасқа ену нәтижесінде тұлғаның әлеуметтік нормаларды, ережелерді,
құндылықтарды, әлеуметтік тәжірибені, әлеуметтік қарым-қатынас пен
әрекеттерді меңгеруі.
Тұлғаның әлеуметтік бейімделуі екі деңгейде жүзеге асырылады:
- өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық деңгейінде- тұлғаның
әртүрлі әлеуметтік-психолгиялық рөлдерді орындауы кезінде пайда болған
тұлғаның қоғамдық-психологиялық байланысы мен қарым-қатынас жүйесіндегі
байланыстың болуы. Сондықтан, тұлғаның әлуметтік-психологиялық
бейімделуін жеке бөліп көрсетеді;
- тұлғаның кәсіби, танымдық және басқа іс-әрекеттік байланысы мен қарым-
қатынасы бір жүйеде қарастырылады.
Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық бейімделуі- бұл оның блгілі бір
әлеуметтік-психологиялық статусты иемдену және қандай да бір әлеуметтік-
психологиялық рөлдік функцияларды меңгеру процесі.
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу процесі кезінде тұлға өмір мен іс-
әрекеттің ішкі және сыртқы жағдайларының арасындағы үйлесімділікке
жетуге ұмтылады. Ол неғұрлым жүзеге асқан сайын тұлғаның бейімделуі
жоғарылай түседі. Толық бейімделу кезінде қандай да бір жағдайларда
адамның қоршаған орта жағдайлары мен оның іс-әрекетінен берілген
психикалық іс-әрекет адекваттылығы жүзеге асырылады.
Тұлғаның бейімделуі мынандай болуы мүмкін:
- ішкі, бұл тұлғаның өмір сүру ортасы мен іс-әрекетінің тасымалдануы
кезінде оның функционалды құрылымы түрінде көрнеді. Мұндай жағдайда
тұлғаның сыртқы мінез-құлық формалары да, іс-әрекеті де сыртқы орта
күтімдеріне және сырттан келетін талаптарға сәйкестеніп өзгереді;
- сыртқы (мінез-құлықтық, ыңғайланушылық), бұл кезде тұлғада іштей
мазмұнды өзгрістер болмайды және ол өз-өзін, өзінің өзбеттілігін
сақтайды;
- аралас, бұл кезде тұлға қоршаған ортаға біртіндеп іштей икемденіп,
өзгере бастайды. Оның құндылықтары, нормалары да біртіндеп өзгеріп,
мінез-құлықтық бейімделулер болады, бірақ өзінің Мені мен өзбеттілігін
сақтайды.
Бейімделу мәселесін өте жақсы қарастырған психологтардың бірі
Э.Фроммның айтуынша, адам өзіне қажетсіз, жағымсыз әлеуметтік
құбылыстарға да бейімделе алады, мысалы құлдыққа, диктатураға және т.б.
Бірақ бұл бейімделу адамға зардап әкелу арқылы өтеді- тұлғаның моральдық
және интеллектуалды қасиеттерінің деформациялануы, эмоционалды
бұзылыстардың болуы акыр соңында қоршаған ортаның өзгеруне әкеледі,
себеб, адам өз табиғатын өзгерте алмайды. Э.Фромм адамда болатын
бейімделу процесінің перманенттілігі идеясын ұсынған болатын. Бұл идея
бойынша, тұлғаның дезадаптациясының позитивтілігі тұлға дамуының қайнар
көзі деп есептеген. Осылайша,тұлғаның бейімделе алмауы Э.Фромм бойынша
оның өмір сүруіне сай келмейтін жағдайлардан қашып құтылмайтындығымен
түсіндіреді. Бұл ойлар өз қолдауын А.В.Петровский мен
В.А.Петровскийлардың зерттеулерінде тапты.
Дезадаптация патологиялық және патологиялық емес сипатта болуы
мүмкін. Патологиялық дезадаптация психикалық және физилологиялық
функциялардың, мінез-құлықтың тасымалдануына, тұлғаның қоршаған ортамен
және өз-өзімен конфликтіге түсуіне, ең күрделісі, суицидке (өз-өзіне
қол жұмсау) дейін әкеп соғады.
Жоғарыда аталғандардың барлығын жүйелей келіп, бейімделудің
психологиялық және әлеуметтік-психологиялық мәселелерін қарастыру
адамдардың қиын, сыни жағдайларда бейімделу процесін жан-жақты талдауға
мол мүмкіндіктер береді. Сол себепті, адам өміріндегі қиын да келеңсіз
жағдайлардың бірі болып есептелетін ажырасу кезіндегі бейімделу
мәселесі, оның ішінде, ажырасу жағдайына жасөспірімдердің бейімделулерін
қарастырмас бұрын, алдымен адамда жалпы бейімделу процесі қалай
өтетіндігіне шолу жасауды жөн көрдік.
Осы айтылғандардың барлығын негізге ала отырып, жасөспірімдердің
ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық мәселелерін қарастырайық.
Бұл мәселені талдау кезінде біз жасөспірімнің тек бейімделу мәселесін
ғана емес, сонымен қатар оның отбасындағы болған ажырасу жағдайына
бейімделуі кезінде көрсететін реакцияларын, соның салдарынан болатын
жасөспірім тұлғасындағы мінез-құлықтық, эмоционалды-психологиялық және
әлеуметтік ортаға бейімделуіндегі өзгерістерді ашып қарастырамыз.
1.4 Жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық
мәселелері
Ата-анасының ажырасу жағдайына әсіресе жасөспірімдердің жанама
реакциялары көп жағдайда өте күшті болады. Жасөспірімдердің өздерінің
бағалаулары бойынша, стресс тудыратын өмірлік мәселелер ішінде ата-анасының
ажырасуы (ата-аналардың, туған аға-әпкесінің, жақын достарынан айырылудан)
кейінгі төртінші орында тұр. Ажырасу жағдайына байланысты жасөспірімдерде
ең көп кездестін рекациялар:
- Болған жағдайды терістеу, сенбеуге тырысады. Жасөспірім өзін ата –
анасының арасында ешқандай шиеленістер жоқ деп сендіруге тырысады.
Олардың түсіндіргенін тыңдағысы да келмейді, ата-анасының әлі де болса
қайта ойланып, қосылып қалар деген үмітпен өмір сүреді. Көпшілік
балалар өзінің ата – анасы қайтадан қосылады деген үмітпен өмір
сүрулеріне байланысты мынандай мәліметтр келтіруге болады: 5 – 7
жастағы балаларда 65,7 % болса, жасөспірімдік кезде ол көрсеткіш
азаяды, дегенмен де 16% - ды құрайды.
- Үрей, қорқыныш, болашағына деген сенімсіздік, жасөспірімнің әлемді
эгоцентрлік қабылдауы ретінде оны ең алдымен, жеке өмірінде болуы
мүмкін өзгерістер қобалжытады. Сонымен қатар, тұратын жерінде, оқу
орнында, материалдық жағдайда болатын ауысулар да алаңдатып, қобалжулар
туғызады.Осыған қоса, жасөспірімдер өз қатарластарынан отбасылық
мәселелері үшін ұялу сияқты қиындықтар туындайды[ 5, 190 – 195 б.].
Жасөспірімнің ажырасу жағдайына деген реакциясының психологиялық
бейнесін құру үшін оның мінез-құлқын немесе симптомдарын ескеру қажет.
Мінез-құлық ерекшеліктері қайғыру реакциясы ішінде аффект түрінде болуы
мүмкін, бірақ олар сонымен қатар ерекше қорғану механизмдері және бейсаналы
құмарлық арасындағы конфликтілерден тұратын күрделі невротикалық
жағдайларды бейнелеуі мүмкін. Бірақ маңызды деп есептелетін жағдай, ол
ерекше аффектілер немесе психикалық конфликтілер ешбір жағдайда сырттан
көрініс таппауы керек, өйткені оларды үлкен адамдар қалыпсыздық
симптомдары ретінде қабылдайды.
Жер бетінде біз өте қатты жақсы көретін адам егер бізді аяқ астынан
ешқандай ескертусіз тастап кетсе, не болатынын елестету өте қиын. Бірақ
көптеген ата – аналар бала үшін бұл жағдайдың қаншалықты маңызды екендігін
түсіне бермейді. Үйден кеткен әкесі тек үй ошағын, әйелін, балаларын ғана
тастап қоймайды, балалары да тек ата – аналарының ажырасуын қайғырып қана
қоймай, оған қоса, өзінің әкесінен мен (немесе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz