САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ӨМІР САЛТЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

ӨМІР САЛТЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ

Әр адам тұқымдық сапасы, өзін қоршаған орта бойынша (табиғи, техногендік және әлеуметтік) ерекше; ол өзінің ұмтылыстары мен мүмкіндіктері бойынша да ешкімге ұқсамайды, сондықтан оның өмірлік мұраттары мен оны жүзеге асыру жолдары да ерекше.

Салауатты өмір салты - бұл әрбір жеке адамның тіршілігі мен ұзақ өмір сүруінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін тәртібі мен дағдысының жеке жүйесі.

Бүкіл Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысында (ДДҰ, 7. 04. 48 ж. ) жеке денсаулық түсінігі «тек ауру мен кемістіктің жоқтығымен ғана емес, толық тән саулығы, рухани және әдеуметтік игіліктін күйі» ретінде берілген.

Бірқатар өзге анықтамалар да бар, алайда олардың барлығында денсаулық бағаланатын төмендегі тұрақты өлшемдер мазмұндалған:

- аурудың жоқтығы;

- организмнің қалыпты жұмысы;

- толық тәндік, рухани, ақыл-ой және әлеуметтік игілік;

- қоршаған орта өзгерісіне бейімделу қабылеті «табиғат-адам» жүйесінде организмнің тепе-теңдігі (организмнің тұрақты күйін сипаттайтын тұрақты өлшемдердің болуы: дене температурасы, қанның қалыбы) ;

- толыққанды еңбек ету, адамдармен тіл табысу қабілеті;

- шығармашылыққа ұмтылу.

Шынайы денсаулық түсінігінің негізгі мәні осындай. Әрбір адам осындай денсаулықты иелену үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіс.

Адам денсаулығының басты құрайтын көздері оның рухани және тәндік жағдайы болып табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен жеке адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді және адамның рухани саулығының ажырамас бөлігі болып табылады.

Жан саулығы - бұл біздің ақыл-ойдың, тәніміздің, денеміздің саулығы.

Ақыл-ой - бұл қоршаған әлем мен өзіңді тану қабілеті, бұл болған оқиғалар мен құбылыстарды талдау, өз өміріңе негізгі ықпал ететін аса ықтимал окиғаларды болжау, қойылған міндеттерді шешуге, өз мүдделеріңді, өміріңді және шынайы қоршаған ортаның саулығын қорғауға бағытталған үлгі (бағдарлама) жасай білу.

Парасат жоғары болған сайын оқиғалар дұрыс болжанады. Өзіңнің өмір сүру жоспарын нақтырақ, жүйкесі төзімді, тән саулығыңның деңгейі жоғары болып келеді.

Тән саулығы - бұл дененің әзірленген бағдарламаны жүзеге асыру және болжанбаған тосын және төтенше жағдайлардан қаймықпай шыға білу қабілеті.

Жан және тән саулығы адамның жалпы жеке денсаулығының ажырамас бөлігі болғандықтан ұдайы үйлесімді бірлікте болуға тиіс. Тән саулығы жан аулығына ықпал етеді және рухани бақылау тән саулығын сақтау үшін қажетті шарттарды жасайды.

Жан саулығы - ойлау жүйесімен, қоршаған ортаны танумен және оған бейімделумен қамтамасыз етеді; бұл арқылы біз қоршаған ортаға немесе белгілі бір адамға, затқа, білім саласына, принципке қатысты өз орнымызды анықтаймыз немесе сезінеміз. Жан саулығына өз-өзіңмен, туысқандарыңмен, достарыңмен және қоғаммен жарасымдықта болу, окиғаларды болжай және кескіндей білу және өз іс-әрекеттерінің бағдарламасын жасай білуі арқылы қол жетеді. Белгілі бір денгейде жан саулығына сенім үлкен демеу болады. Не нәрсе болсын сену - ар-ожданның ісі.

Тон саулығы белсенді қозғалыспен, нәрлі тамақпен, организмді шынықтырумен және тазартумен, ой және дене еңбегін үйлестіре білумен, уақытпен және дем ала білумен, арақ-шараптан, темекіден және есірткіден бойды аулақ салумен жетіліп отырады.

Өзің үшін салауатты өмір сүрудің жеке жүйесін құра отырып жеке гигиена, ой және дене еңбегінің арасындағы қарым қатынас, денешынықтыру, тамақтану мәдениеті, демалыс режимі, арақ-шараптан, темекіден, есірткіден біржола безіну, дұрыс жыныстық қатынас жасай білу сияқты тіршіліктің барлық бағыттарын ескеру қажет.

Жан саулығы мен тән саулығы бір-бірімен түрақты жарасымдық бірлігінде болуға тиіс, өйткені бұл адаммен жеке саулығының ажырамас бөлігі. Тән саулығы рухани өмірге әсер етеді, рухани бақылау денсаулықты қолдау үшін қажетті тәртіпті береді.

Бірқатар ғалымдар жеке денсаулықтың күйін анықтайтын төрт факторды бөліп көрсетеді. Факторлардың маңызының шамамен бөлінісі мынадай;

- биологиялык факторлар (тұқым кұалаушылық) - 20 пайыз;

- қоршаған орта (табиғи, техногендік, әлеуметтік), экология - 20 пайыз;

- жеке өмір салты, адамның дағдылары мен мінез құлқы, шағын әлеуметтік орта - 50 пайыз;

- денсаулық қызметі - 10 пайыз.

Сонымен қатар салауатты өмір салтына ықпал ететін мынадай жәйттер бар:

1. Шынайы табиғи ортаның тәуекелдік факторлары:

- күннің белсенділігі;

- жердің магниттік және йондық қабатының толқуы - жердің электромагнитті өрісі кернеуінің артуы;

- метеорологиялық жағдайының өзгерісі;

- атмосфералық қысымның, температураның, ауа ылғалдылығының ауытқуы.

2. Антропогендік (яғни адам жасаған), техногендік ортаның тәуекелдік факторлары, экологиялық тепе-теңдікгің бұзылуы.

3. Урбанизацияға байланысты тәуекелдік факторлары (қалалар мен қала халқынын өсуі) :

- микроклимат өзгерісі;

- қалалар табиғи ортасының ластануы;

- халықтың көші-кон белсенділігінің артуы;

- жүйке тоздыратын күйге алып келетін өмір қарқыны мен мазасыздықтың өсуі;

- «психологиялық» ластанудың ықпалы (әртүрлі секталар) .

- Өндірістік ортаға байланыстьы тәуекелдік факторлары:

- шу;

- діріл;

- температура режимінің бұзылуы;

- радиация;

- зиянды химиялық заттар;

- жүйке-көңіл күй жүктемесі;

- жұмыстың бір ізді ырғағы, түнгі жұмыс ырғағы.

4. Шағын-әлеуметтік (тұрмыстық) ортаның тәуекелдік факторлары:

- ақша кірісінің төмен деңгейі;

- қолайсыз тұрмыс (нашар коммуналдық-тұрмыстық жағдай, жайлы жағдайдың жоқтығы, жеке пәтердің болмауы) ;

- әлеуметтік агрессия (жалпы мәденисттің, саудадағы, көліктегі, тұрмыстық кәсіпорындардағы қызмет мәдениетінің төмендігі, ұжымда өзара түсіністіктің болмауы;

5. Генетикалық-тәуекелдік факторлары:

- әртүрлі аурулардың тұқым қуалау арқылы сақталуы.

6. Өмір салтына байланысты тәуекелдік факторлары:

- темекі шегу;

- арақ-шарапқа әуес болу;

- нашақорлық;

- тиімсіз тамақтану (тоя тамақ ішпеу, тамақты асыра ішу, сәндік диетадарды ұстану, жүйесіз тамақтану яғни майдың холестериннің көп болуы, витаминдер мен микроэлементтердің талшылығы) ;

- жүріп-тұруы аз өмір салты;

- дәрі-дәрмектерді өз бетінше ішу, өзін-өзі емдеу;

- болмашы себептерге бола жүйкені тоздыру;

- бір ізді, бір сарынды өмір, мүдделердің, санаткерлік сабақтың болмауы, жалқаулық салдарынан өмірдің қызықсыздығы;

- еңбек пен демалыстың қисынсыз режимі (дұрыс ұйықтамау, мерзімі бойынша ұйкы тапшылығы) ;

- жалғыздық;

- жыныстық сауатсыздық, кері жыныстағы адаммен дұрыс қатынас жасай алмау;

- жақын адамдармен самарқау, дөрекі қатынастар.

Салауатты өмір салтының жеке жүйесін құрайтындар: жеке гигиена, ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы катынас, коршағандармен тиімді өзара байланыс, өзіңмен келісімге келу, дене шынықтыру, тамақтану мәдениеті, еңбек және демалыс режимі, ішімдікті, темекі мен есірткіні толық теріске шығару, дұрыс жынныстық қатынас.

Адам ежелден бері қоршаған табиғи ортаны өз мұқтажын қанағаттандыруға арналған ресурстар көзі деп қарап келді. Бұл жағдайда табиғаттан алған ресурстардың көшілігі оған қалдық түрінде қайтарылады, бұл биосфераның сондай-ақ адамның өмір сүруіне қауіп төндіреді.

Адам өз өмірінде орасан зор көлемде қалдықтарды қалдырады. Пайдаланылатын табиғи ресурстардың екі паызы ғана қоғамдық пайдалы өнімді, ал 98 пайызы қалдықты құрайды.

Адам қызметі нәтижесінде атмосфера, топырақ, табиғи су ұдайы ластанады, ал бұл өз кезегінде адамның денсаулығына кері әсер етеді.

Қоршаған органың бұзылуы қазірдің өзінде адам денсаулығы мен оның генетикалық қорына теріс ықпал етуде.

Мысалы, мутагенез - қоршаған ортаның ықпалымен гендердің өзгеруі. Бұл процесс алғашқы тұрғыда заңды жәйт, алайда қоршаған орта тез ластанған жағдайда ол табиғи механизмдер бақылауынан шығады. Әсіресе үлкен қалаларда экологиялық ахаулдың ұдайы нашарлауы адамға көптеген мутагендерді - зауыттан шыққан қалдықтар, ауылшаруашылығы өнімдеріндегі лестицидтерді, радиоактивтік ластануды, шуды, тосын жағдайды және көптеген өзге қолайсыз заттарды ұсынады. Олар организмнің қорғау күштеріне жағымсыз әсер етіп, оның әртурлі ауруларға қарсылығын әлсіретеді.

Бүкілдүниежузілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) денсалық сақтау саласындағы арнайы БҰҰ ұйымы, оны құру туралы шешім 1946 ақпанда БҰҰ Ассмблеясында қабылданды. 1948 ж. 7. 04 ДДҰ жарғысы қабылдаңды. Бұл күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні болып атап өтінеді. ДДҰ мақсаты барлық халықтардың денсаулыктың ықтимал жоғары деңгейіне жетуіне күш жұмсау болып табылады. ДДҰ маңызды міндеті барлық халыққа бірдей алғашқы медициналық-сантиарлық көмекті ұйымдастыру болып табылады.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек емдеумен қатар емдеу- сауықтыру және санитарлық шаралардың тұтас жиынынан тұрады және мыналарды қамтиды:

- денсаулық сақтаудың аса маңызды мәселелері және оларды шешудің әдістері бойынша санитарлық ағарту, нәрді тамақпен, сапалы сумен қамтамасыз етуге және негізгі санитарлық шараларды жүргізуге жәрдемдесу;

- ана мен баланың денсаулығын қорғау, оның ішінде отбасын жоспарлау (яғни отбасыдағы бала санын, тууды реттеу), негізгі жұқпалы ауруларға қарсы егу жүргізу;

- індетті аурулардан сақтандыру (сол аймақта тараған) және олармен күрес;

- таралған ауруларды жәпе жарақаттарды тиісінше емдеу;

- негізгі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

ДДҰ қазіргі уақытта біздің республикамызда кеңінен қолдау тапқан адам ауруларының алдын алу принциін ұсынды. Ол көптеген адамдардағы созылмалы тән емес аурулардың астарында біріңғай тәуекелдік факторларының жатқандығына негізделген. Атап айтқанда артық салмақ, гиподинамия (қозғалу белсенділігінің шектелуі), қан қысымының көтерілуі, жаман әдеттер мен өзге де көптеген жәйіттер.

Сөйтіп, белгілі тәуекелдік факторларының организмге ықпалын болдырмайтын немесе азайтатын салауатгы өмір салтын ұйымдастыра отыра, біз өзімізді тек жүрек-тамыр және ісік ауруларынан ғана емес сонымен қатар, асқазан, шек жолындағы зат алмасуынан, кант диабетінен, шеміршектің қабынуынан болатын аурулардан сақтаймыз.

Денсаулық пен еңбек қабілеттілігін қолдау үшін адам белглі тамақ, нәрлендіргіш заттарды - белокті, майды, көмір қышқылын, витаминді, минералдық тұзды таңдауға мәжбүр.

Белоктар - организмдегі әрбір клетканың құрамына кіреді. Олар хайуанаттар мен өсімдіктерде болады.

Май - организмдегі энергия қорының негізгі күші және әрбір клетканың қажетті құрамдас бөлігі.

Көмір қышқылы - өсімдік тектес негізгі азық-түлік түрінде болады, ол жармаларда крахмал түрінде немесе бір бөлігі гликогенге айналатын әр түрлі қант түрінде кездеседі.

Витаминдер - организм тіршілігі үшін аса қажет. Оның жетіспеушілігі бір қатар аурулардың дамуына алып келеді.

А витамині ұлпаның өсуіне, калпына келуіне ықпал етеді. Ол сары майда, хайуанаттар мен балықтың бауырында жұмыртқаның сарысында кездеседі.

В 1 витамииі (тиамин) белоктың, көмір қышқылының және майдың алмасуыпа қатысады, жараның жазылуына ықпал етеді.

А 3 витамині (РР, никотині қышқылы) көмір қышқылының, белоктың алмасуына оң ықпал етеді, қанның түзілуін күшейтеді, асқазанның тұз қышқылын бөлуін реттейді, аллергияны әлсіретеді.

С витамины жұқпалы ауруларуа қарсы организмнің қорғаныс қүшін нығайтады, аллергияны әлсіретеді.

Минералды заттар (тұздар) барлық азық-түлікте кездеседі. Оганизмнің аталған тамақ заттарындағы мұқтаждығы, оның жасына, қоңдылығына, жылдың маусымына, атқарған жұмысына байланысты.

Ересек адамның орташа тәуліктік қажеттілік үшін 100 г белок, 75-100 г май, 400-500 г көміртегі қажет.

Тамақты белгілі бір уақытта ішіп үйрену керектігін айрықша есте ұстау керек. Үш-төрт рет тамақ ішу аса пайдалы. Оны мынадай заңдық қарым- қатынаспен көрсетуге болады таңертеңгі ас - күндізгі бөліктің 30-35 пайызы, түскі дәм - 40-50 пайызы, кешкі дәм - 20-25 пайызы. Жақсы ұйықтау үшін кешкі дәмді ұйықтардан 1, 5 сағат бұрын ішкен жөн. 16-13 жастағылар үшін 8, 5-9 сағат ұйықтаған жақсы.

Дұрыс күн тәртібі (еңбек және демалыс режимі) организм денсаулығын сақтау, сыртқы ортаның жағымсыз факторларына оның енбек қабілетін арттыру үшін маңызды алғышарт болып табылады.

Атмосфераның негізгі ластану көздерінен отын-энергетика кешені, көлік кәсіпорындары, өнеркәсіп кәсіпорындары жатады.

Табиғи ортаны ауыр металлдармен ластауы аса қатерлі. Қорғасын, кадмий, сынап, мыс, никель, цинк, бром, өнеркәсіп орталықтары ауасының тұрақты бөлшектері болып табылады. Атмосферадағы қорғасынның шамамен 98 пайызы ауаға автомобилььдердің пайдаланған газдары арқылы шығады.

Топырақты негізгі ластаушы қатарында металлдар мен олардың қосылыстары радиоактивтелінген элементтер, сондай-ақ ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштар мен пестицидтер бар. Олардың улы қасиеттері бар, көпшілігі топырақта жинақталады және адам организміне, теріге және кілегейлі қабықтарға тыныс алу жолдары, асқазан- ішек жолдары арқылы өтеді. Топырақтың мырышпен ластануы құрамына мырыш кіретін суперфосфатты тыңайтқыштарды қолдану нәтижесінде кейін терден шығатын өнеркәсіп щаңы арқылы өтеді.

Су бетін негізгі ластайтындар мұнай және мұнай өнімдері. Олар шөгу, мұнай өндіру, тасымалдау, отын және өнеркәсіп шикізаты ретінде ұқсату мен пайдалану аудандарында мұнайдың табиғи жолдары арқылы шығады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және оқушылардың салауатты өмір салты
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруды теориялық тұрғылар
Валеологиялық білім беру
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың сынып жетекшінің іс-әрекеті
Студенттері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасы
Салауатты өмір салтының гигиенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz