Салауатты өмір сүру- тіршілік көзі


Салауатты өмір сүру- тіршілік көзі
1998 жылы қазан айында қабылданған «Халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі» мемлекеттік бағдарламаның 4-тарауында «Аурудың алдын алу дегеніміз-таза су мен кенеулі асты пайдалануды, тазарту жүйелерінің болуын, қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін объектілерді қысқартуды басқа да қауіпті факторларды төмендету жөніндегі осыған ұқсас шараларды білдіреді. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымызды дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткелерді, темекі мен іщімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған»- деп сипаттама береді.
Осыған орай Ф. Энгельстің «еңбектің арқасында нағыз айуандық жағдайдан шыға алатын жалғыз ғана жануар бар, ол -адам. Адамның әдеттегі тіршілігі дегеніміз-оның сана- сезіміне сәйкес келетін және оның өзі жасап алатын тиісті жағдай болып табылады» -деген тұжырым еске түседі.
Күнделікті тіршілікте кез-келген адам саналы түрде ұзақ өмір сүруі ен алдымен қоғамның әлеуметтік -саяси құрылысына байланысты болып келеді.
Бүгінгі таңдағы техникалық прогресстің даму қарқыны болашақта адам баласының өзін- өзі жоюға әкеле жатқан негізгі күштің рөлін атқаруда. Осыған орай адам баласының жүйке жүйесінің тозуының өзі осының басты себебі болып отыр.
Демек, жүйке жүйесінің ауруларының алдын алмайынша қаншалықты салауатты өмір сүрүге ұмтылғанымен, адамның ұзақ жасамайтын айдан айқын дүние болса керек.
Бұның бірінші себебі, техникалық прогрестің даму жүйесі ең әуелі жанады дене өмір сүріп отырған табиғат ортасында толық апатты ахуал туғызады.
Екінші себебі- адам жеке бас денсаулығының саналы түрде дұрыс қалыптасуын ойламайды.
Үшінші себебі- бұл салада өкімет тарапынан халықтың денсаулығын сақтау бағытында жасалып жатқан іс- шаралар бүгінгі өмір талабын қанағаттандыра алмай отыр.
Адам өмірі қысқа емес Солай десек те, адамзат қоршаған ортаның, яғни, табиғат құбылысының толық бұзылуы ең әуелі оның жүйке жүйесін тоздырады.
Денсаулық болу үшін төрт бірдей шарт қажет: 1) қол еңбнгі, 2) жүйелі тамақту, 3) салмақтыны тұрақтылығы, 4) шынығу. Осы көрсетілген шарттардың негізінде демалыс уақытын дұрыс пайдалану нәтижесінде дені сау өмір сүру.
Бұдан кейінгі жағдайда организмді босаңсыта отырып білу де - өз алдына бір қасиет. Оған қоса мінез құлықтың және жүйке жүйесінің дұрыс болуының да өзіндік әсері бар.
Адам баласының даму жүйесі өте баяу. Біз ойланарлық биология, психология, медицина жүйесінде әлі түсініксіз ғажайып мәселелер көп. Айталық, жандылардың барлығының денесі клеткалардан тұрады.
Клетканың басты құрылыс материалы белок (ақуыз) болса, барлық тірі организмдердің қызмет және құрылымы бірдей болуында. Клетка барлық тірі организмдерге тән тіршілік қасиеттерін сақтайды. Сондай -ақ, клетка алмасу, өсу, көбею, қозғалу, сыртқы ортаның әсерлерін сезіну, тітіркену міндеттерін атқарады.
Біздің жоғарыда адам денесінің құрылысына қысқаша мағұлмат беруіміздің себебі, кімде -кім болмасын өзінің организмінің құрылысын және атқаратын қызметін білуі керек. Демек, сонда ғана адам өзінің денсаулығының күнделікті тіршілікте қандай деңгейде екенін біледі. Осы жүйеден кейін ғана адам саналы түрде салауатты өмір сүрудегі сауаттылығы осы негізде жүреді.
Сайып келгенде қалың бұқараның салауатты өмір сүрудегі сауатсыздығы және бүгінгі қалыптасқан тіршіліктің қолайсыз жағдайлары өмірдің талап тілегін қанағаттандырмайды.
Адамның ата -тегі әлсіз емес. Жарық дүниеге шыр етіп түскеннен бастап, табиғи жағдайда өмір сүруге бейімделеді. Бұл ең әуелі дененің шексіз қозғалысынан басталады. Өсіп келе жатқан нәрестенің днесаулығын дұрыс қалыптастыру ең алдымен бала организмінің дамуындағы негізгі ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс. Сөйтіп, сол өзгешеліктер мен ерекшеліктерге сәйкес режим керек. Өйткені, мектеп жасындағы балалардың өсіп, дамып келе жатқан организмі ересек адам организмінен өзгеше екендігі белгілі. Баланы жастан дегендей-ақ, салауатты өмір сүру тәрбиесінің негізгі мектеп жасына дейінгі мекеме орындарында жоспарлы түрде жүргізілуі керек. Бірақ, өкінішке орай, білім беру жүйесінің бұл буынында салауатты өмір сүруге тәрбиелеу жұмысы жоқтың қасы десек, артық емес.
Біздің ойымызша, бұның негізгі себебі, өз кезінде сол педагогтардың салауатты өмірге жеке мән бермегендіктен болар.
Оқушы жастардың өз денсаулығына жеке басының ісі ретінде ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық игілік ретінде салауатты өмір сүруге тәрбиелеудің маңызы зор. Бұл шараны бірден-бір іске асыратын мектеп мұғалімі болғандықтан, жоғарғы оқу орындарының қабырғасынан білім алып бару керек. Ол үшін салауатты өмір сүру курсын тек педагогикалық оқу орындарында ғана емес, республика көлемінде барлық жоғарғы және орта арнаулы курс ретінде оқытылу керек.
Бұдан шығатын қорытынды- табиғаттың бізге сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, тіршілік режимін бұзбай жүрсек қай-қайсымыз болсақ та ұзақ өмір сүре алар едік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz